Жаңа уағыз. толық нұсқа. ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы ᴴᴰ

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 6 сен 2024
  • ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы ᴴᴰ
    Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
    Тұран даласына асыл дініміз Ислам келгеннен бастап, қазақ халқы Ханафи мәзһабын ұстанып келеді. Ханафи мәзһабының негізін қалаушы Имам Ағзам һижраның 80 жылында (миләди 699 ж.) Ирактың Куфа қаласында дүниеге келіп, 150 жылы (миләди 767 ж.) Бағдат қаласында көз жұмған. Толық аты-жөні - Нұғман ибн Сәбит, ұлты парсы. Өз ғасырының ірі ғалымы болғандықтан оны - «имам Ағзам» (ең үлкен имам) деп атаған.
    Имам Әбу Ханифаның әкесі Сәбит туралы деректер аз сақталған. Ол бала күнінде өзінің әкесі, яғни имам Әбу Ханифаның атасымен бірге мұсылмандар әміршісі, әрі діни ұстазы хазіреті Әли ибн Әбу Талибпен (Алла оған разы болсын) кездесу бақытына ие болады. Сонда мұсылмандар әміршісі Сәбитке және оның ұрпақтарына аса жоғары Алла Тағаладан береке тілеп, дұға жасаған болатын.
    Ғалымның Әбу Ханифа деп аталу себебіне бірнеше деректер келтіріледі.
    Әбу Ханифа - «Ханиф» ислам дініне шынайы беріліп, соның жолымен жүрген, яғни «Діннің әкесі» деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар «ханиф» сөзі парсыларда сол кезде сия сауыттың аты болған екен. Имам Ағзам сол кезде сия сауытын жанынан бір елі тастамайтын еді. Кейбір деректерде имам Әбу Ханифаның «Ханифа» атты қызы болған. Соның құрметіне Ханифаның әкесі делінген мағынада «Әбу Ханифа» деп аталғандығы айтылады.
    Имам Ағзам Әбу Ханифаның өзін ілімге арнауы, өмірін ілім үйренумен және оны басқаларға үйретіп, шәкірт тәрбиелеумен өткізуі, осы жолдағы шынайы ниеті мен қажырлы еңбегі ол кісінің Ислам тарихында есімі алтын әріптермен жазылуына себеп болды. Имам Шафиғи (Алла оны рақымына алсын) Әбу Ханифа жайында «Адамдар фиқһ ғылымында Әбу Ханифаға қарыздар. Кімде-кім Әбу Ханифаның кітаптарын оқымаса, ғылымға бойламағаны және фиқһ ғалымы болмағаны», - дейді.
    Имам Ағзамның фиқһқа қатысты көзқарастары шәкірттерінің жинақтаған фиқһи кітаптарының ішінде келтірілген. Ал сенімге қатысты көзқарастары мынадай Фиқһу әл-әкбар, Фиқһу әл-әбсат, Әл-алим уәл-мутааллим, әл-Уәсия сияқты бөлек кітап ретінде бізге жеткен.

Комментарии • 56