Жүректі қалай тазартамыз? Қабылбек Әліпбайұлы. Аманаттың түрлері

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 5 окт 2024
  • Асыл дініміздегі аманаттың түрлері
    Жүректі қалай тазартамыз?
    Қабылбек Әліпбайұлы
    Аманат сөзінің асыл дінімізде алар орны ерекше. Осы бір ғана сөз адамның Алламен қандай байланыста екенін, оның ақыреттегі есеп-қисаптан қаншалықты қорқатынын көрсетеді. Аманат дегенде бірден қиянат сөзі еске түседі. «Аманатқа қиянат жүрмейді» деген халық даналығы да бар. Бұл туралы қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: «Біз аманатты көктерге, жерге және тауларға ұсындық. Олар мұны қабылдаудан бас тартты, (жауапкершілігінен) қорықты. Оны адам қабыл алды. Шынында, ол - өте залым әрі надан», - дейді («Ахзаб» сүресі, 72-аят). Осы жерде адамның қабыл алған аманатының ауырлығы және оны орындау өте қиын екендігі меңзелген. Асыл дініміздегі аманттың түрлеріне хадистер арқылы тоқталып өтейік:

Комментарии • 121