"БЕЛЕС" жеке көрме МӘЛІК ӨСКЕНБАЙ мүсін, графика

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 7 сен 2024
  • Қазақ бейнелеу өнерінде өзіндік орны бар Қазақстанға белгілі мүсінші, Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің ұлағатты ұстазы, айтулы қылқалам шебері Өскенбай Мәлік Әуесханұлының «БЕЛЕС» атты жеке шығармашылық көрмесі өтуде. Көрме Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің 85 жылдығына және Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының 90 жылдығына арналып отыр.
    Мүсінші өз жұмыстарында қазақ болмысын іздеуде реалистік, сонымен қатар абстракты бағытта тас, ағаш, қола, кыш материалдарын қолдана отырып, пластикалық шешімдер таба білген.
    Көрмеге Халықаралық, Республикалық көрмелерде өзінің ерекше қолтаңбасымен танылып жүрген дарынды суретшінің 30 шақты мүсіндері және 41 графикалық жұмыстары қойылып отыр.
    Талантты суретшінің теңдессіз туындыларын өске¬лең ұрпаққа жеткізуді мақсат етіп отырған көрмеден қылқалам шеберінің тарих пен халық тағдырына арналған құнды мұраларын көре аламыз.
    Ендеше видео шолуымызды бастаймыз
    Құрметті көрермендер видеобейне ұнаса астындағы қоңыраушаны белгілеп, лайк басып кетуді ұмытпаңыз. Арнаға жазылып кетуңізді ұсынамын!

Комментарии •