Төрткүл дүние көз тіккен Астана саммиті

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 5 июл 2024
  • Жаһан назарын Астана төріне бұрған Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аяқталды. Бұған дейін сарапшылар маңызды басқосуда күтпеген ұсыныстар, жаңа келісімдер болуы мүмкін екенін болжаған. Расымен де келісімдердің тақырып аясы ұлғайып, қатысушылар қауіпсіздік пен экономикалық байланыстар сынды дәстүрлі тақырыптардан жасанды интеллект қаупіне дейін ойысқанын көрдік.
    Жалпы, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында 25 құжатқа қол қойылыпты. Оның ішінде Астана декларациясы, терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша 2025-2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын бекіту, ескірткіге қарсы стратегия, энергетика саласындағы 2030 жылға дейінгі стратегия сынды маңызды құжаттар бар. Бұған қоса Ұйымның Шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылды. Ұйым серіктестері саналатын халықаралық ұйымдардың қатары көбейді, инвестициялар жөніндегі арнайы жұмыс тобының қызметі қайта жанданды. Бастысы - ұйымға Беларусь елі қосылып, ауқымы одан әрі артты. Саммитке жаңа мүшені қоса алғанда, 10 мемлекет - Қазақстан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Пәкістан, Өзбекстан, Беларусь қатысты. 10 мемлекет сыртында Түркия, Моңғолия, Қатар, БАӘ, Әзербайжан және Түрікменстан басшылары да мейман ретінде келді. БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриштің қатысуын да үлкен жетістікке балауға болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне келген мәртебелі меймандардың әрқайсысын жеке қарсы алды.
    Саммитті шолып шығар болсақ, ұйым ең маңызды 3 бағытқа басымдық бергенін байқаймыз: қауіпсіздік, экономика және түрлі салалар бойынша жаһандық үдерістерге ілесу мәселесі.
    ШЫҰ саммиті басталмай тұрғанда-ақ батыс сарапшылары Астанадағы басқосудан көп нәрсе күтетінін аңғартқандай еді. Себебі Қазақстан тарапы бейбітшілікке үндеу арқылы жаһанда ушыққан геосаяси мәселелерді шешуге шақыратыны айтылды. Дәл сол болжам тура келгендей, ауқымды жиында ең көп қозғалған мәселе - саясаттағы ушыққан проблемалардың алдын алып, бейбітшілікке құрылған қауіпсіздік жайы болды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұны бірінші кезекке шығарған еді.
    «Қазіргі күрделі ахуал - негізінен халықаралық қатынастар жүйесіндегі дағдарыс салдары» деп атап өткен еді ол.
    Бұл тұста БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштың «Алпауыт державалар бір-біріне қарсы болған кезде, Қазақстан сияқты елдер өте маңызды рөл атқарады» деген сөзін түртіп қойсақ болғандай.
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан ШЫҰ төрағасы ретінде барлық мақсат-міндетті толығымен орындады.
    Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитін қорытындылаған ұйым бас хатшысы Чжан Мин де осындай пікірде. Ол Қазақстан төрағалығы барынша мазмұнды әрі қызықты болды деп мәлімдеді.
    Telegram Qaz - t.me/QazAqparat_kz
    Telegram Rus - t.me/kazinform_news
    Instagram - / @kazinform_kz
    Instagram - / @kazinform
    Facebook - / @Kazinform
    Facebook - / @Казинформ
    Jibek Joly online: jjtv.kz/kk/live
    Cайт - kaz.inform.kz/
    #kazinform #қазақпарат #Жаңалықтар

Комментарии • 2