Сабақты зерттеу: Теориядан тәжірибеге

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 20 янв 2025

Комментарии • 124

  • @bekpanova_bagila
    @bekpanova_bagila Год назад +2

    Жібек Сатыбалдықызы, подкаст көңілімізден шықты,қызықты сұхбат болды.
    Жаңа сұхбат алаңында
    өз тәжірибесіндегі қиындықты зерттеумен айналысатын кез келген мұғалім көкейіндегі сұраққа жауап алды деп ойлаймын. Зерттеу -тәжірибені жақсарту деп түсінемін.Баланың біліміндегі қиындықты зерттеп,өз тәжірибесімен бөліскен мұғалімдердің үзбей көретін,асыға күтетін хабарына айналуына тілектеспін. Тақырып төңірегіндегі инсайт мен үшін жаңалық болды👌Болашақта зерттеп, талдап,тұжырымдап мақала жазатын,
    тәжірибесімен бөлісетін мұғалімдерге подкаст қолжетімді болса,нұр үстіне нұр болар еді.

  • @МайраАуесбаева
    @МайраАуесбаева Год назад +2

    Сабақты зерттеу туралы талқылау өте жақсы түсіндіріп айттыңыздар. Оразалы Сұлтанбек әріптесім айтқандай ұстаз өз-өзіне сұрақ қойып, өзіндік рефлексивті күнделік жазып отырса, күнделікті сабақтағы олқылықтармен жұмыс жасай алады, ұстаз өз тәжірибесін жетілдіреді, кәсіби шеберлігі дамытады, оқушылардың оқу сапасын арттырады. Біздің мектепте сабақты зерттеу үдерісінде оқушылардың білім сапасының арттыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану моделі құру алға қойылды. Қиындықтар да туындап жатыр, әр түрлі пән мұғалімдері болғандықтан сабақ кестесінің сәйкес келмеуі. Алдағы уақытта оны оқу ісінің орынбасары икемді сабақ кестесін құруды айтып өтті. Маған да сындарлы кері байланыс болу керегі ұнады Сұлтанбек әріптесім айтқандай, сонда ғана ұстаз өз тәжірибесіне өзгеріс енгізе алады. Рахмет сіздерге өте ауқымды, тұжырымды пікірлеріңізге, инсайттарыңызға, ұсыныстарыңызға!!! Шығармашылықтарыңыз шыңдала берсін!!! Табысты оқу болсын!!! Еңбектеріңіз жемісті болсын!!! 🔥🔥🔥 ,

  • @БалкенжеГабдуллина

    Кызжибек Сатыбалдыкызы, оте билимди, керемет тренер. 👍💐

  • @АлтынайКаиржанова-щ4х

    Тренеріміз Ақерке Алданышқызы мен Сұлтанбек әріптес іс-әрекеттегі зерттеуде мұғалімнің кәсіби дамуы мен оқушылардың оқу сапасын жақсарту арасындағы байланысты дамыту мақсатында жасалған тәжірибелер туралы өте жақсы талдау жасап , тыңдарманға жүйелі жеткізді. Еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін.

  • @ЖанарМахсут
    @ЖанарМахсут Год назад +4

    Ақерке Алданышқызы, Қызжібек Сатыбалдықызы жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілеймін. Сабақты зерттеу қазіргі кезде мұғалімдер үшін өте маңызды. Осы подкастта көп ақпараттар бердіңіздер, үлкен рақмет. Сабақты зерттеп бастап жүрген ұстаздарға көмекші құрал, өзімде тыңдап өз тәжірибемде қолдануға ақпараттар алдым🤝. Өзім математика, информатика, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін кіріктірілген сабақтар арқылы сабақты зерттеуді пән мұғалімдері болып тәжірибе жасаудамыз.

  • @АйгульДинбаева
    @АйгульДинбаева Год назад +2

    Жібек Сатыбалдыкызы,өтіп жатқан подкаст такырыбы өзекті деп білем,себебі мәселе сол зерттеуді жүргізіп отырған мұғалімнің құзіреттілігіне өте көп байланысты,мұғалім жан жакты болса,оқушыдағы сенім мен табандылык сапаға апарары анык.

  • @ЖулдызОмирзак-н7ф
    @ЖулдызОмирзак-н7ф Год назад +2

    Тамаша кездесу , маңызды ақпарат алдық. Сабақты зерттеуді әліде болса толық түсіне бермейтін әріптестер көп. Үлкен қолдау болады деп ойлаймын. Істеріңізге сәттәлік.

  • @umutmakenova9840
    @umutmakenova9840 Год назад +5

    Ақерке Алданышқызы, Астана қаласының, 70мектеп -лицейінің бастауыш сынып ұжымының атынан үлкен алғысымды айтамын сізге. Біздің тәжрибемізге енгізуге сіздің тарапыңыздан көрсетілген тренерлік көмегіңізге үлкен рақмет. Жаңа оқу жылында да сізден әдістемелік көмек күтеміз

  • @АйкынЖаксылыкова
    @АйкынЖаксылыкова Год назад +2

    Тағы бір біліктілікті арттыру курсынан өткендей әсер алдым. Қызжібек апай, керемет бастама, сәттілік тілеймін!

  • @Aibekovpen_birge
    @Aibekovpen_birge Год назад +1

    👍🏻
    Қызжібек Сатыбалдықызы жұмысыңызда шығармашылық табыс тілеймін. Өз жұмысыңыздың хас маманысыз👍🏻👍🏻👍🏻

  • @АйганымАйганым-п3х

    Қызжібек Сатыбалқызы мықты маман, тек қана алға өрлей беріңіз!

  • @aigerim911l
    @aigerim911l Год назад +7

    Қызжібек Сатыбалдықызы сабақты зерттеу туралы подкаст керемет шыққан. Сабақты қалай зерттеу керектігінін нақты қадамдары көрсетілген.

  • @ГулжанарОмарова
    @ГулжанарОмарова Год назад +1

    Өте пайдалы сұхбат болды. Мектептегі практик мұғалімдерге берер пайдасы мол. Жібек Сатыбалдықының сұрақ қоюы, тақырыпты ашуы өте тамаша. Сәттілік! Осындай сұхбаттар жиі болып тұрса.

  • @жайнамуратбай-ы8т
    @жайнамуратбай-ы8т Год назад +5

    Қызжібек Сатыпалдықызы мықты тренер екен сол қырынан танып жүргенбіз,бұл бастамаңызда жақсы екен.Жұмысыңыз алға баса берсін!

  • @m.scofild89
    @m.scofild89 Год назад +9

    Қызжібек Сатыбалдықызы 🔥🔥🔥

  • @ГалияНурпейсова-г3щ

    Қызжібек Сатыбалдықызы керемет ұстаз, күшті түсіндіреді. ❤

  • @РозаНабуова
    @РозаНабуова Год назад +1

    Керемет! Жібек қажетті мол мағлұмат алуға мүмкіндік жасадыңыз, Сәттілік!!"

  • @РайханКадирова-и7ь

    Жібек сатыбалдықызы, керемет көптен күткен ана тілімізде әдістемелік ғылыми негізде қозғалыс болғанына өте қуаныштымын.Аудармадан шаршаған ұстаздарға өз тілімізде майын тамызып зерттеудің жілігін шағып берген сіздерге рахмееет!

  • @ГалияБоранбаева-в5щ

    Сабақты зерттеуді тәжірибеге енгізетін зерттеуші мұғалімдер қатары көбейе берсін. Қызжіібек Сатыбалдықызы, әрбір жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілеймін

  • @ГалияБегентаева-ф4э

    Жібек ханым, сәттілік. Сізден аларым көп. Бұл подкасттан менің ұққаным- менің ойымша- сабақты зерттеу- оқудағы кедергілердің себебін анықтау.

  • @НурмаханбетАбдраманов

    Қызжібек Сатыбалдықызы керемет

  • @АсияКалманбаева-л2ц

    Керемет сұхбаттасу болды. Мен де сіздермен бірге пікірлескендей болдым. Біздің зерттеу тобымызда да жас мамандар өте белсенді. Оқушыларға өте ұнайды зерттеу сабақтары. Тиімді түрде, өз тәжірибемізден сабақ ала отырып зерттеуді дамытудамыз. Мектептің, мұғалімнің, оқушының дамуына жол ашуда тиімді зерттеулеріміз.

  • @znanarkurmanalieva618
    @znanarkurmanalieva618 Год назад +1

    Өте мазмұнды, маңызды, құнды подкаст, соңына дейін ерекше ықыласпен тыңдадым. Жібек Сатыбалдықызына алғысым шексіз! Кейбір ойланып жүрген сауалдарыма, қажетті жауаптарды таптым. 67 мектептегі конференцияға қатыстым, бастауыш сынып математика сабағы, мен үшін инсайт болды деп айтар едім, Оралдық әріптесіміздің сабақты зерттеу барысында барлық сыныпты бақылап тұрып, арнайы сызған картасы. Ол картада әр баланың сабаққа қаншалықты қатысқаны, пән мұғалімінің нешінші нөмірдегі балаға қандай қолдау білдіргені және оның нәтижесі қалай болғанын есептеп отырғаны, соңында балалардың бағалау парағындағы қойған өзін-өзі бағалауының сәйкес келуі. Маған керемет ұнаған болатын. Бұл жерде картаның жәй ғана сызба емес, бүкіл сыныптағы оқу үдерісін сипаттап тұрғандығы.
    Біздің мектебімізде қандай модельдер бар деген сауалға, әдістемелік пән бірлестігіндегі сабақты зерттеудің жүргізілуі, үнемі назардан тыс қалдырмайтын ұбт дайындығы барысындағы нәтижеге бағытталған сабақты зерттеу, сыныптардың бейімделуін бақылауға бағытталған түрі бар. Алдағы оқу жылына бірлескен ауқымды деңгейде жүргізу, оқу-тәрбие процесін байланыстыра зерттеу туралы жоспарымыз бар, мектепішілік бақылау жоспарына сәйкесті.
    Бейне сұқбаттан алған әсерімнің ерекшелігі сонша, біршама ой жаздырды.✍✍✍ Сіздерге көп рақмет! ✊✊✊

  • @ГульмираМустафаева-щ9н

    Жібек Сатыбалдықызы қазақ тіліндегі подкастыңыз керемет болды. Көптеген пайдалы мағлұматтар алдым, алдағы уақытта осы Lesson Study мектепте іс тәжірибемізге енгізу жоспары бар. Рахмет еңбегіңіз жана берсін, тағы да мұғалімдерге пайдалы болатын кітаптарыңыз шыға берсін

  • @English_teacher_Gunya
    @English_teacher_Gunya Год назад +4

    Кыздибек Сатыбалдыкызы оте керемет устаз 😊❤

  • @МеруертНұрланқызы-о5ч

    Көп рақмет Қызжібек Сатыбалдықызы , өте мықты подкаст, сабақты зерттеу қазір өте өзекті мәселенің бірі❤❤❤❤, курстар болса осы тақырыпқа байланысты қатысар едім….

  • @АйгулОтетлеу
    @АйгулОтетлеу Год назад

    Өте құнды, мазмұнды, маңызды подкаст болды. Жібек Сатыбалдықызына алғыс айтамын және шығармашылық табыс тілеймін.

  • @АидаБисенова-и6е
    @АидаБисенова-и6е Год назад +2

    Мағыналы түсінікті подкаст өзекті тақырып,рақмет Жібек Сатыбалдықызы

  • @АлмагулБуйрашиева

    Керемет ақпарат алдым.Жібек Сатыбалдықызының жұмысына сәттілік !

  • @УлжанБатырханқызы

    Тамаша! Сабақты зерттеу оқушының табысқа жететінін дәлелдеп отыр. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін!

  • @АйзадаАбдижаппарова

    Ақерке Алданышқызы 👍👍👍 өз саласының шебері, мықты тренер!

  • @orkadumanbekovna8177
    @orkadumanbekovna8177 Год назад

    Құнды, мазмұнды подкаст. Өзекті мәселе жайында кең ақпаратты қамтиды. Қызжібек Сатыбалдықызы, сізге рақмет!

  • @СалтанатКенебаева-э2ф

    Акерке Алданышкызы, Султанбек оз тажирибелеримен болискендеринизге коп рахмет. Бираз коржыныма ис- тажирибе алдым.

  • @perizatdaribay5956
    @perizatdaribay5956 Год назад +7

    Мағыналы, түсінікті, қызықты

  • @dfdg5798
    @dfdg5798 Год назад +3

    Енді ғана бастағалы жүр едім, керемет көмек болды. Сіздерге алғысым шексіз. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін 👍👍👍

  • @ЖаннаОмарова-л1т
    @ЖаннаОмарова-л1т Год назад +1

    Өте керемет сұхбат болды.Сабақты зерттеуде маңызды ақпарат алдық.Теория мен практиканы ұштастыруда үлкен көмегі болды.ПШО тренерлеріне Алғысым шексіз.

  • @Назгул-т3к
    @Назгул-т3к Год назад +2

    Сабақты зерттеу табысты оқудың кепілі 👍👍

  • @ТурсынкулСейдинова

    Керемет! Сапалы білімге қол жеткізу үшін зерттеудің алар орны ерекше. Оқушының қажеттілігін ескере отырып, олқылықтармен жүйелі жұмыс жүргізу. Мұғалімдердің шабыттары да арта түседі.

  • @Жадыра-з4н
    @Жадыра-з4н Год назад +2

    Жібек жарайсың!!!Біздің мақтанышымыз!!!Ары қарайда осылай дами бер!!!Алдағы жобаларыңа сәттілік тілеймін!!!!👏👏👏👏👏👏

  • @Jetisunetzhasurpaq
    @Jetisunetzhasurpaq 5 месяцев назад

    Керемет 👍 сабақ - оқытудың негізгі формасы, ал оны зерттеу тиімді нәтижеге алып келеді.

  • @БакытжамалКалдубек

    Теориямен қатар түрлі әдістер де меңгердік. Рахмет

  • @Гулзада-с9д
    @Гулзада-с9д Год назад +1

    Қажетті, құнды мәліметтер үшін көп рақмет! Практикада туындаған сұрақтарға жауаптар алдым.
    Жібек Сатыбалдықызы, әрдайым алғысқа бөленіп, биіктен көріне беріңіз!

  • @АйгульБекбаева-н4ъ

    Подкаста өзекті мәселе бойынша айтылғаны жақсы көмек болды, рахмет

  • @hakkerkz9761
    @hakkerkz9761 Год назад +3

    Керемет, қазіргі кездегі өзекті мәселе, толық мағлұмат бар.

  • @БайдаулетАуталип-л1з

    Акерке карындасым жарайсын.жумысыннан толагай табыс тылеймын

  • @БакытжамалКалдубек

    Қызжібек апайға үлкен рахмет.

  • @symbatkassymkhan
    @symbatkassymkhan Год назад +4

    Сабақты зерттеу үдерісі бойынша құнды ақпараттар алдым 🤩

  • @Әдеби-талдауЭССЕ
    @Әдеби-талдауЭССЕ Год назад +3

    Сабақты зерттеу туралы кезекті подкаст жүйелі, керекті болды. Тәжірибеге бағытталған сұхбатта ұйымдастырушылар өз тәжірибесінгде болған тиімді ойларымен бөлісті. Сабақты зерттеу модельдері туралы да айтылды. Тәжірибеде көбірек пәндік модельдер сыналды деп ойлаймын. Өз тәжірибемде қазақ тілі сабағында оқушылардың жазылым дағдысын дамыту мәселесімен зерттеу сабақтарын өткізіп көрдік. Мысалы, жинақы мәтін жазу дағыдысын алайық.( 7-сынып) Жинақы мәтін жазуда оқушылар нақты ақпаратты табуда және сөздер мен сөз тіркестерін синониммен ауыстыруда қиналады. Осы қиындықты еңсеру үшін оқушыға берілген мәтінде нақты ақпарат санын айту, нәтижесін дұрыс жауаппен салыстыру маңыздылығына көз жеткіздік. Сонымен қатар мәтіндегі тірек сөздердің синонимін алдын ала беру, оқушыларға тапқызып алу уақытты ұтымды пайдалануға көмектеседі. Мәтін түрлерінің ішінде пайымдау мәтінінің нақты ақпаратын табу қиындық тудыратындығы байқалды, сондықтан дағдыланғанша әңгімелеу, сипаттау, талқылау мәтіндерін берген дұрыс. Біз осы шешімдерге сабақтарды зерттеу арқылы келдік. Міне, осылай әр ұстаз өз тәжірибесінде болып жатқан қиындықтарды өзі шеше алады. Осы кезеңдерде бірігіп жоспарлау мен іске асырудың және осы жолда көшбасшының, бір-бірінің көмегінің маңызды деп ойлаймын. Осы подкаста сабақты зерттеуді тиімді іске асырудың нақты жолдары көрсетілді. Ұйымдастырушы әріптестерге көп рақмет айтамын!

    • @КызжибекАбдраманова
      @КызжибекАбдраманова Год назад

      Сабақты зерттеу тәжірибедегі қиындықтар мен кедергілердің себебін анықтауға, шешуге ықтималы көп. Сондықтан ары қарай зерттеуді жалғастырып, табысты оқу ортасын құра беріңіз.

  • @Mansur2017
    @Mansur2017 Год назад +1

    Керемет! ПШО тренерлері іс тәжірибені теориямен нәтижелі байланыс орнатады. Нағыз өзекті мәселе, өте пайдалы ақпарат 👍👍Сіздерге көп рақмет! Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Шығармашылық табыс

  • @АйганымАйганым-п3х

    Өте пайдалы ақпарат, еңбектеріңіз жана берсін!!!

  • @ТұрсынбекЖұпарбаев-х2у

    Керемет кушти биіктен көріне беріңіздер.Жібек апайға шығармашылық табыс тілеймін!

  • @ШынарСмагулова-э5к

    Қызжібек Сатыбалдықызы сіз өз ісі маманының шеберісіз ! Сіз өткізген курстан өте жоғарғы деңгейде әсер алдым!

  • @НуртазинаАйнагульСапарбековна7

    Пайдалы кеңестеріңіз үшін үлкен рақмет! Еңбектеріңізге табыс тілеймін!

  • @МайгульТегинбаева-д7и

    Салеметсіздер ме, рахмет! Ойымдағы жүрген сұрақтың жауабын алдым.

  • @Gulzat_1989
    @Gulzat_1989 Год назад

    Өзіме керемет мағлұматтар алдым. Алғысымыз шексіз!

  • @nurbeksatybaldyiev3204
    @nurbeksatybaldyiev3204 Год назад +2

    Пайдалы ақпарат бергендеріңізге көп рахмет!!!

  • @АсемМахадиева
    @АсемМахадиева Год назад +5

    Подкастың зерттеумен айналысатын ұстаздар үшін берері мол екен, сабақты зерттеудің оқушы және ұстазға қатысты игілікті жақтары қамтылды, жаңа подкаст күтеміз.

  • @АльфияБайзакова-х1в

    Керемет біздің тренер Ақерке Алданыш

  • @teacherresearcher3213
    @teacherresearcher3213 Год назад +3

    ПШО тренерлері Қызжібек және Ақерке ханымдарға керемет подкаст үшін үлкен рақмет!

  • @БекболатХамзаұлы-ж6б

    Жақсы мәселе қаралдв.

  • @ОмароваБибигул-ф2к

    Акерке Алданыш кызы өте жаксы, сабақты жажрибели мамандар ғана зерттей алатыныны сенем.

  • @ЖаннурАсипова
    @ЖаннурАсипова Год назад +2

    Өзекті тақырып көтергендеріңіз үшін рахмет. Осындай зерттеу жұмысымен айналысу үшін, сынып жетекшілікті қатар алып жүру қиындық туғызады-ау.

    • @КызжибекАбдраманова
      @КызжибекАбдраманова Год назад

      меніңше сынып жетекшісіне осындай зерттеулер оқушыларды тереңірек тануға көмектеседі

  • @Game-e5p9k
    @Game-e5p9k Год назад +1

    Жұмыстарыңыз алға баса берсін! Өте жақсы подкас екен!

  • @АманайАманай-н2и
    @АманайАманай-н2и Год назад +3

    Керемет, біршама ақпарат алдым.

  • @АйгулЖади-э6я
    @АйгулЖади-э6я Год назад +2

    Керемет подкаст!👍👍👍

  • @алиякеулимжай
    @алиякеулимжай Год назад +1

    Саламатсыз ба,Қызжібек?!
    Өте құнды дүние,құныға тыңдадым.Өзіміздің жүргізіп жүрген зерттеу сабақтарымызбен салыстырып,бағытымыздың дұрыстығына қуандым.Десек те ауыл мектебіндегі кейбір мәселелердің сабақты зерттеу барысында өзіндік өрнегі,һәм ерекшелігі болатыны рас қой.Жалпы осы зерттеу сабақтарының өз мәнінде,сауатты жүргізілсе оқушы үшін де,мұғалімдердің кәсіби өсуі,тәжірибе жинауы үшін де өте тиімді әдіс екенін түсіндім.Әрине іс-тәжірибеде жасап көрген адам ғана жақсы түсінеді деп ойлаймын.Сізге көп рахмет!Алда да осындай құнды еңбектеріңізбен бөлісіп отырсаңыз қуанар едім!

    • @КызжибекАбдраманова
      @КызжибекАбдраманова Год назад

      Әрине, сізбен келісемін. Әр мектептің, әр зерттеудің өзіндік ерекшеліктері болады. Бастысы, сапалы жүргізу.

  • @СұңғатМешітбай
    @СұңғатМешітбай Год назад

    Керемет! Пайдалы ақпарат алдық.

  • @feruzamoldashova5825
    @feruzamoldashova5825 Год назад +1

    Өз іс-тәжірибелеріңізбен бөліскендеріңіз үшін көп рақмет👍

  • @ГульмираБозбаева

    Еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін. 40 мектеп-лицейі

  • @АйгульНурхасимова

    Керемет өткен подкатс болды. ❤

  • @ИндираСмаева-н9л

    Пайдалы кеңестеріңіз үшін сіздерген көп рахмет!

  • @gulsara2393
    @gulsara2393 Год назад

    Саламатсыздар ма керемет жақсы материалдар берілді.

  • @УлбосынБайтогаева

    Керемет! Сіздерге алғысым шексіз. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!

  • @ГулбарамАбдукаримова

    Қызжібек Сатыбалдықызы өте білімді тренер екенінің дәлелі - бүгінгі подкаст. Сабақты зерттеуді үш метафорамен байланыстыра бастағаны елең етер қызығушылық тудырды. 67 мектеп-гимназиясының зерттеу жұмыстары, Сұлтанбек әріптестің сөз саптаулары , тәжірибелерімен бөлісулері жақсы әсер қалдырды. Жаңа инсайттар алдық, мәселен, басқа аудиторияда отырып зерттеу.

  • @ГулнарБаймуратова-щ6ч

    Керемет.Көп көмек болды

  • @ИндираОнласбекова

    Пайдалы кеңестеріңіз үшін көп рахмет.

  • @СайраМасакбаева-д7г

    Сабақты зерттеу туралы әңгіме, өте әсерлі болды) Әріптестеріме көп рахмет айтамын! LS қорапшасын қалай алуға болады) Тапсырыс беру керек пе

  • @erboljienbek1503
    @erboljienbek1503 Год назад +1

    Ақерке Алданышқызы керемет тренер

  • @БикенХамит-ф1у
    @БикенХамит-ф1у Год назад +1

    Акерке Алданышкызы керемет тренер

  • @rymgulbatyrhanova3345
    @rymgulbatyrhanova3345 Год назад

    Өте пайдалы ақпарат айтылды. Көп рахмет.😍👏👏👏 Еңбектеріңізге жеміс тілеймін.👍

  • @Асеке.өз.білгеніңмен.бөліс

    Ақерке Алданышқызы 👍👍👍🇰🇿

  • @Era_2407
    @Era_2407 Год назад

    Керемет!

  • @g.musaevaa
    @g.musaevaa Год назад

    Керемет 👍👍👍

  • @kyzgaldakabdrasheva5284
    @kyzgaldakabdrasheva5284 Год назад +2

    Осы подкаста сабақты зерттеудің біраз қыр - сыры айтылды. Сабақты зерттеудің негізгі өнімі-мұғалім қалай оқытуды кәсіби тұрғыда меңгеруге мүмкіндік алуы, ал оқушы өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыра алуы деген пікірлер жаңа жоспар құруға қамшылады, кәсіби қоржынымызды тың идеялармен толықтырды.

  • @АйгеримМамбетбаева-ъ4г

    Оте керемет Подкатс.рахмет

  • @leokz9408
    @leokz9408 Год назад

    Пайдалық ақпарат бергендеріңізге рақмет

  • @КалдыгулШарипбаева

    Керемет!

  • @ТамашаНукенова-ш2и

    Ақерке Алданышқызы мықты тренер!

  • @ZhanserikA
    @ZhanserikA Год назад

    Ко́бы́рек о́ты́ны́ш!

  • @АльфияБайзакова-х1в

    Тамаша Акерке Алданышкызы топ топ падам падам

  • @Roza7777
    @Roza7777 Год назад

    Керемет сұхбат болды, рақмет

  • @abdrakhmanova_indira4871
    @abdrakhmanova_indira4871 Год назад

    Керемет сұхбат🎉Тамаша подкаст🎉

  • @mayrakalniyazova-394
    @mayrakalniyazova-394 Год назад

    Керемет. ПШО тренерлері қай уақытта да, қай кезде де іс-тәжірибені теориямен тамаша байланыстырады. Сөйтіп, педагогтерге әдістемелік көмек көрсетеді. 👍

  • @ИндираТагиева-м5ц

    Рахмет!!! Көп сұрақтарға жауап алдым

  • @zhainarzhiyengalieva713
    @zhainarzhiyengalieva713 Год назад

    Мықты мықты мамандар

  • @ЛязатТолеубекова-э5ы

    Тамаша👏👏👏

  • @МейрамгүлНүсүпбек

    Сәлеметсіздер ме? Lesson Study мектепке 2017 жылы енгізілген. Оқушыны зерттеу арқылы білім сапасын арттыруға құрылған зерттеудің тәжірибесі бар. Өткен оқу жылында мұғалімнің тәжірибесін зерттеуді қолға алдық. Подкасттан үш нәрсеге көңіл бөлуді түсіндім:
    1. Зерттеудің басқа түрлерін де қолға алу
    2. Зерттеуде нақтылық, фактіге сүйену немесе транскрипция , бақылаудағы нақты іс-әрекет
    3. Зерттеудегі инсайт және жинақтау (Зерттеу қорапшасы)
    Көп рақмет.

  • @AidanaShakhizat
    @AidanaShakhizat Год назад +3

    👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻

  • @МигЯ
    @МигЯ Год назад +2

    Зерттеу дағдыларын мұғалімдер университет кезінде немесе колледж, курстар арқылы дамытып, жеке әр сабақтарында инсайт, рефлексивті түрде жүргізсе жақсы болар еді. Сабақ кезінде Топ мұғплімдерімен жұмыстанбай, өзі жеке жұмыстанса🌪️бір мұғалімді сыни дос ретінде конструктивті фидбак, коммент айтуға сабаққа шақырып тұрса; топ мұғалімдердің уақытын алмай, оқушылардыңда көңілін алмас еді. Әр мұғалім, әр оқушы әр түрлі, бәрін бір критерии, бір рамкаға салуда, біреу интроверт, біреу экстроверт, мизонтроп, т.б. Зерттеу дағдыларын мұғалімдерге тренингтер арқылы, жиналып жиналыс-талқылау жүргізу арқылы лесн стадиді дамытуға болады. Сабақтарымыз өз ктп бойынша жеке мұғалім жеке кеңістіктегі оқушылар, еркін эмоцияда жалғаса берсін😉

  • @ЖаңагүлҚорғанбаева

    Подкаст керемет өтті ,өте тәжірибелі мұғалімдер Лессон стади қорапшаны қалай алуға болады?