ЕУРО-2024 кім топ жарады?

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 16 июн 2024
  • 14 маусымда футбол жанкүйерлері асыға күткен Еуропа чемпионаты басталады. 1 айға созылатын жарысқа 24 команда қатысады. Олар 6 топқа бөлінген. Плей-офф сатысына әр топта бірінші, екінші орын алған командалар және үшінші орын алғандардың арасынан үздік 4 құрама шығады.
    Биылғы ЕУРО Германияда өтіп жатыр. Бір қызығы, Германия чемпионатқа арнап жаңа стадион салмаған екен. Инфрақұрылымы дайын, заманауи стадиондары жетіп артылатын ел үшін мұндай деңгейдегі жарысты қабылдау аса қиынға соқпас, дегенмен қазір ең басты мәселе - қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып отыр. Германияның барлық қалаларында шеттен келген жанкүйерлерді аса сақтықпен тексереді, соның кесірінен емін-еркін жүріп-тұру қиынға соғатыны анық. Тіпті Германия шетелден 350 полицейді көмекке арнайы алдыртыпты. Турнирде 51 матч өткізіледі, олар елдің 10 стадионында ойналады.
    Енді жарыстың фавориттеріне келетін болсақ, сарапшылар мен букмекерлердің пікірінше, чемпиондық атақты қанжығасына байлауға басты үміткер - Англия құрамасы. Футбол отаны саналатын ағылшындар 1966 жылы әлем біріншілігінде топ жарды демесеңіз, құрлықтық жарыста жеңіп көрген жоқ. Биыл оларға басты қарсылас Франция құрамасы болмақ. Котировкалар бойынша үшінші орында жарыс қожайындары Германия құрамасы. Ал Португалия, Испания және қазіргі Еуропа чемпиондары Италия құрамаларының жеңіске жетуге мүмкіндігі азырақ деп есептеледі.
    Мамандар турнирге қатысатын ең қымбат футболшыларды да анықтады. Transfermarkt сайты жариялаған тізімде бірінші орынды Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем және Франция шабуылшысы Килиан Мбаппе өзара бөлісіп тұр. Олардың құны - 180 миллион еуро. Екеуі де ендігі футбол маусымын Реал Мадридте өткізетінін еске сала кетейік.
    Фил Фоден (Англия) - 150 млн, Букайо Сака (Англия) 140, Флориан Вирц (Германия) 130 миллион еуроға бағаланған.
    Одан кейінгі орындарды 120 млн тұратын Джамал Мусиала (Германия), Деклан Райс (Англия), Родри (Испания), сондай-ақ 100 миллион еуроға бағаланған француз жартылай қорғаушылары Эдуардо Камавинга мен Орельен Чуамени және Англия құрамысының капитаны Харри Кейн өзара бөлісіп тұр.
    Енді кімнің асығы алшасынан түсетінін тура бір айдан кейін білеміз. Еуропа чемпионатының финалы 14 шілде күні Берлиндегі Олимпиадалық стадионда өтеді.
    Telegram Qaz - t.me/QazAqparat_kz
    Telegram Rus - t.me/kazinform_news
    Instagram - / @kazinform_kz
    Instagram - / @kazinform
    Facebook - / @Kazinform
    Facebook - / @Казинформ
    Jibek Joly online: jjtv.kz/kk/live
    Cайт - kaz.inform.kz/
    #kazinform #қазақпарат #Жаңалықтар

Комментарии •