9 ақпан Мұқағали Мақатаев туған күн. Сен менің жанарымның ішіндесің... (поэзия сүйер оқырманға)

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 16 окт 2024
  • Сен мына - жанарымның ішіндесің,
    Жанардың білесің ғой кішірмесін.
    Ішіне жанарыңның сақта меңі,
    Біреулер көлеңкесін түсірмесін!
    Сен менің - мына тылсым кеудемдесің,
    Білесің, кеудеме ешкім тең келмесін.
    Кеудеңе-зынданыңа салып сақта,
    Біреулер көкпар қылып өңгермесін!
    Сен мына - менің алып басымдасың,
    Білесің, ешкім де оны басынбасын.
    Сен мені өз басыңмен бірге қорға,
    Біреулер зұлымдығын асырмасын!
    Сен - менің миымдасың!
    Білесің, миым жатқа бұйырмасын. .
    Миыңның бір жеріне жасыр мені,
    Қиылсын өмір солай… Қиылғасын!!!
    МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ

Комментарии • 1