v s mobiАхмет Байтұрсынұлының түрмеде отырып Файзулла ишанға жазған ең соңғы хаты

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 6 сен 2024

Комментарии • 37

  • @user-pn2qw1ei7e
    @user-pn2qw1ei7e 2 года назад +27

    Әр қазақ тыңдауы қажет!

  • @user-lb8ws3mf9g
    @user-lb8ws3mf9g 2 года назад +20

    Шіркін жастар тындаса екен осы сөздерді елім жерім деп ойлайтын боламеді әсіресе әскери жастар

    • @aikunkasym5428
      @aikunkasym5428 Год назад +1

      Тыңдап жатырмыз!

    • @nabiseidaliev4987
      @nabiseidaliev4987 Год назад

      Айналайын! жастарғой осы өлеңді көтермелеп шығарған)

  • @Balymvideo
    @Balymvideo 2 года назад +18

    Қашанда болсын әділдік қымбат,
    Партияға менде болғанмын солдат.
    Қатемді түзеп, анықтап жолды,
    Ильичтен тұңғыш алғанмын мандат…
    Жасымда мынау алпыстан асқан,
    Нұртайып беттен ажарым қашқан.
    Отырмын мең-зең айып қабатып,
    Туған халқыма атанып дұшпан.
    Сырқырап жан-тән,сыздайды жүрек,
    Еленбей әсте елге еткен еңбек.
    Еңсеңді басып, есіңді алған,
    Ашылар қашан бұл қара түнек.
    Соңымнан ерген қуатты бір лек,
    Үркердей шоғыр келеатқан түйдек.
    Міржақып, Сәкен, Мағжан мен Мұхтар,
    Болса екен аман,-деп тілек тілеп.
    Атырам таңды, батырам күнді,
    Бар шығар жандар менен де мұңды.
    Қаншама азар берсе де даттап,
    Мойындамадым тағылған мінді.
    Сезеді жүрек… ажалым жақын,
    Өлмейді босқа азамат ақын.
    Өзіңе досым аманат жырым,
    Бұл жазған тегі ең соңғы хатым.
    Отанға сенем, халқыма сенем,
    Айтыңдар менен ұрпаққа сәлем.
    Жеткізер түбі еліме байтақ,
    Атымды менің ақсұңқар өлең.
    Ауысар ұрпақ ,алмасар жылдар,
    Уақыт пен біздің жалғасар жырлар.
    Жойылмас елге еткен еңбек,
    Егерде ұрпақ табылса құндар.
    Келеді алысып ақ пенен қара,
    Қайғымен қуаныш, бақ пенен нала.
    Ежелден бері етуде осылай.
    Жаға жыртысып, шындық пен жала.
    Жеңеді түбі әділет бірақ .
    Болады анық жауап пен сұрақ .
    Ашылса көзі басынан тұнып,
    Мұхитқа айналар жылға мен бұлақ.

  • @01bbbs
    @01bbbs 11 месяцев назад +4

    Файзолла досым, аса қымбатты,
    Мұң менен азап жаныма батты.
    Өтпелі дәуір - өкініш уы…
    Асау өзендей толқыны қатты…
    Өзіңе аян өмірім, ісім ,
    Көрдім ғой бейнет туған ел үшін.
    Жабылған нақақ жаланы ойласам,
    Өзегім күйіп, өртенеді ішім .
    Ойсоқты болып қатты ғой басым,
    Көзімнен көл боп ақты ғой жасым,
    Сергелдең кешіп, сарғайып санам,
    Төбемнен тура түсті ғой жасын.
    Көбейген шақта сақалдың ағы,
    Кетті ғой тайып ағаңның бағы.
    Темір құрсаулы түрмеге мынау
    Төртінші рет мен қамалдым тағы.
    Ана сүтімен ақындық дарып,
    Жыр жазып едім, отырмын налып.
    «Халық жауы» боп қасірет шеккен.
    Бүгінде енді менде бір ғаріп .
    Езіліп жүрек, егіліп жүйе…
    Өзіне-өзі бола алмай ие.
    Енесі өлген ботадай боздап
    Өкінесің көп өзегің күйе.
    Дамылдап бір сәт табалмай тағат,
    Кеттім деп япыр-ау, қай жерден ағат.
    Түсесің ойға иір де шиыр…
    Елестеп көзге мақсат пен мұрат.
    Жегенім - желім, ішкенім - ірің,
    Түсінер түбі халқым бір-пірім,
    Басты кінә боп тағылды-ау маған,
    Сүйгенім туған ұлтымның тілін.
    Болама сұмдық дәл мұнан өткен,
    Сталин заңы шықты ғой шектен.
    Жауапты орында безбүйрек жандар,
    Аяуды білмес мейрімсіз неткен.
    Тегінде бәрін алған ғой таңдап,
    Қол қойдырады азаптап, зорлап,
    Сенбейді айтқан сөзіңе адал,
    Мазақ қылады табалап, қорлап.
    Ильич кетті ерте сөніп,
    Жаңа заманды орнатып беріп,
    Бүгінгі мынау ойранды ой-хой,
    Оралып қайта көрсе ғой келіп.
    Көрсе ғой шіркін,Ильичтің өзі,
    Тартылар еді-ау әрістің төзі.
    Тұнжырап тұрған «мұртты көсем»,
    Қылды ғой әбден халықты мезі.
    Серпіліп сонда ашылар тұман,
    Тыйылар жөнсіз күдік пен күмән.
    Кесапат күндер келмеске кетіп,
    Туады анық нұрлы бір заман.
    Қашанда болсын әділдік қымбат,
    Партияға менде болғанмын солдат.
    Қатемді түзеп, анықтап жолды,
    Ильичтен тұңғыш алғанмын мандат…
    Жасымда мынау алпыстан асқан,
    Нұртайып беттен ажарым қашқан.
    Отырмын мең-зең айып қабатып,
    Туған халқыма атаныпдұшпан.
    Сырқырап жан-тән,сыздайды жүрек,
    Еленбей әсте елге еткен еңбек.
    Еңсеңді басып, есіңді алған,
    Ашылар қашан бұл қара түнек.
    Соңымнан ерген қуатты бір лек,
    Үркердей шоғыр келеатқан түйдек.
    Міржақып, Сәкен, Мағжан мен Мұхтар,
    Болса екен аман,-деп тілек тілеп.
    Атырам таңды, батырдым күнді,
    Бар шығар жандар менен де мұңды.
    Қаншама азар берсе де даттап,
    Мойындамадым тағылған мінді.
    Сезеді жүрек… ажалым жақын,
    Өлмейді босқа азамат ақын.
    Өзіңе досым аманат жырым,
    Бұл жазған тегі ең соңғы хатым.
    Отанға сенем, халқыма сенем,
    Айтыңдар менен ұрпаққа сәлем.
    Жеткізер түбі еліме байтақ,
    Атымды менің ақсұңқар өлең.
    Ауысар ұрпақ ,алмасар жылдар,
    Уақыт пен біздің жалғасар жырлар.
    Жойылмас елге еткен еңбек,
    Егерде ұрпақ табылса сынар.
    Келеді алысып ақ пенен қара,
    Қайғымен қуаныш, бақ пенен нала.
    Ежелден бері етуде осылай.
    Жаға жыртысып, шындық пен жала.
    Жеңеді түбі әділет бірақ .
    Болады анық жауап пен сұрақ .
    Ашылса көзі басынан тұнып,
    Мұхитқа айналар жылға мен бұлақ.
    Танбаған бір сәт сүюден халқын,
    Садуақасов Смағұл марқұм.
    Голощекин мен Сталин бізді.
    Түйыққа тіреп,-деп өтті әр күн.
    Ұғар ма айтшы ғалымды надан,
    Қажытты бізді қан шеңгел заман.
    Жатырмын тілеп, Бейімбет, Сәкен,
    Мағжан мен Мұхтар болса деп аман.
    Шәкәрім - ағам, Жүсіпбек - інім,
    Біреуі - айым, біреуі - күнім…
    Секілді еді-ау. Опат боп кетті,
    Сүюден танбай халқы мен елін.
    Ұстаймын менде солардың жолын,
    Ажал мен апат-оңым мен солым.
    Болса егер қатем, кеше гөр елім,
    Күткенім енді менің де өлім.
    Сағынтты мені сүйікті мекен,
    Түсіме кірді апам мен көкем ,
    18 жылға сотталған еді-ау,
    Патшаға қарсы күрескен әкем.
    Мерзімін өтеп, қайтқанда елге,
    Қарсы алдық шығып, жазира белге.
    «Ақкелім саған жеттім бе шын»-деп,
    Топырақты сүйді жата қап жерге.
    Меніде шырмап сағыныш сондай,
    «Ақ көлді » ойлап құмарым қанбай,
    Отырмын достым,ертеңім маған,
    Сыйлайды екен тағдырды қандай.
    «Ақ көлде »шіркін көзімді жұмсам,
    Бір төмпешік болып сол жерде қалсам,
    Арманым жоқ қой қабірімді сонда,
    Құшақтап тұрса май қара жусан.
    Қазақ емес, біз ежелден қырғыз,
    Аталып солай, жазылған елміз.
    Сен келіп оны қазақ деп жаздың,
    Дейсің оқуды қазақша жүргіз.
    Халықпыз күншіл, бірлігі осал,
    Білімсіз, ойсыз, тірлігі нашар.
    Ру-ру боп шуылдап жүрміз,
    Ұлт болмасақ, береке нашар.
    Ойладың жаулық Советке әр күн,
    Мысалдар жазып, дүркін де дүркін.
    Әліппе жасап, «Тіл құрал» қылдың,
    Зорлап кіргізіп араптың ғарпін .
    Бітеді ертең дәмі мен тұзың,
    Бүгіннен бастап тірліктен безін.
    Орысқа үйлендің, себебін айтсақ,
    Жеккөресің сен қазақтың қызын.
    Өтірік пе айтшы осының бәрі,
    Болмайды енді қулығың дәрі.
    «Халық жауысың» бетін бояған,
    Өмір сүрмейсің сен мұнан әрі».
    Осылай деп бір қанқұйлы қазақ ,
    Басыма менің төндірді тозақ.
    Дедім мен оған білгеніңді істе,
    Сендерге енді бола алман мазақ.
    Сүрдік қой өмір қолайсыз шақта,
    Тасталдық жанған қып-қызыл шоққа
    Бір кезде саған аманат қылған,
    Мұрамды жеткіз келер ұрпаққа.
    Елу жыл өтер, немесе ғасыр,
    Айығар сонда бүгінгі тасыр.
    Тексеру болар тарихқа түгел,
    Талқыға түсер жасық пен асыл.
    Сенемін досым, өлген мен өзім,
    Ұрпаққа жетіп, өлмейді сөзім.
    Ақиқат таңы атады анық,
    Осыған менің жетеді көзім .

  • @user-sw9kr8sn4y
    @user-sw9kr8sn4y Месяц назад

    Қайран бабаларымыз😢😢

  • @sayakhat8821
    @sayakhat8821 Год назад +4

    иште ауылына деген катты сагынышы болган 😢😢😢 арманда кеткен киси😢

  • @kdkdkdkkdkxkkdkdkd835
    @kdkdkdkkdkxkkdkdkd835 Год назад +4

    Ахмет атамыздын зарыгой. Каксатып зар жылатып тастагангой аталарымызды. Журеги жылап кеткен екенгой😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢

  • @user-gm7jc3wj8z
    @user-gm7jc3wj8z 2 года назад +3

    Калын елим Казагым тектиликпен имандылыкпен омир сурейик

  • @user-vb6qi3hk6i
    @user-vb6qi3hk6i Год назад +2

    Қазақ қа жетер ер қайда 🐺🧬🇰🇿

  • @user-yr2du3tq3q
    @user-yr2du3tq3q 11 месяцев назад

    😢

  • @user-is9lg8jp5h
    @user-is9lg8jp5h Год назад +1

    Абзал Алпысов. Торғайлық жігіт. Айбек Қалиевтің сыныптасы

  • @user-xo5bf9ju8q
    @user-xo5bf9ju8q Год назад

    Амангелді Сейтханның орындауы мынадан жақсы шыққан

  • @user-px5ss9nn2y
    @user-px5ss9nn2y Год назад +1

    Ия ар казактын баласы тындауга миндетти казагым жерим деп ениреп журген биздин ата бабаларымыз казактын азатыгы ушин кан кешкен

  • @user-zt7qe3cf3o
    @user-zt7qe3cf3o 2 года назад +2

    Жылатат,халкым деп шырылдап киналып дуниядан азапталып откен бабаларымызгой.Алаш партиясын курган нагыз азаматтар.

  • @tt-oe9fe
    @tt-oe9fe 2 года назад +1

    Зор рахмет

  • @Balymvideo
    @Balymvideo 2 года назад +4

    Танбаған бір сәт сүюден халқын,
    Садуақасов Смағұл марқұм.
    Голощекин мен Сталин бізді.
    Түйыққа тіреп,-деп өтті әр күн.
    Ұғар ма айтшы ғалымды надан,
    Қажытты бізді қан шеңгел заман.
    Жатырмын тілеп, Бейімбет, Сәкен,
    Мағжан мен Мұхтар болса деп аман.
    Шәкәрім - ағам, Жүсіпбек - інім,
    Біреуі - айым, біреуі - күнім…
    Секілді еді-ау. Опат боп кетті,
    Сүюден танбай халқы мен елін.
    Ұстаймын менде солардың жолын,
    Ажал мен апат-оңым мен солым.
    Болса егер қатем, кеше гөр елім,
    Күткенім енді менің де өлім.
    Сағынтты мені сүйікті мекен,
    Түсіме кірді апам мен көкем ,
    18 жылға сотталған еді-ау,
    Патшаға қарсы күрескен әкем.
    Мерзімін өтеп, қайтқанда елге,
    Қарсы алдық шығып, жазира белге.
    «Ақкөлім саған жеттім бе шын»-деп,
    Топырақты сүйді жата қап жерге.
    Меніде шырмап сағыныш сондай,
    Ақкөлді ойлап құмарым қанбай,
    Отырмын достым,ертеңім маған,
    Сыйлайды екен тағдырды қандай.
    Ақкөлде шіркін көзімді жұмсам,
    Бір төмпешік болып сол жерде қалсам,
    Арманым жоқ қой қабірімді сонда,
    Құшақтап тұрса май қара жусан.
    Халықпыз күншіл, бірлігі осал,
    Білімсіз, ойсыз, тірлігі нашар.
    Ру-ру боп шуылдап жүрміз,
    Ұлт болмасақ, береке нашар.
    «Қазақ емес, біз ежелден қырғыз,
    Аталып солай, жазылған елміз.
    Сен келіп оны қазақ деп жаздың,
    Дейсің оқуды қазақша жүргіз.
    Ойладың жаулық Советке әр күн,
    Мысалдар жазып, дүркін де дүркін.
    Әліппе жасап, «Тіл құрал» қылдың,
    Зорлап кіргізіп арабтың ғарпін .
    Бітеді ертең дәмің мен тұзың,
    Бүгіннен бастап тірліктен безін.
    Орысқа үйлендің, себебін айтсақ,
    Жеккөресің сен қазақтың қызын.
    Өтірік пе айтшы осының бәрі,
    Болмайды енді қулығың дәрі.
    «Халық жауысың» бетін бояған,
    Өмір сүрмейсің сен мұнан әрі».
    Осылай деп бір қанқұйлы қазақ ,
    Басыма менің төндірді тозақ.
    Дедім мен оған білгеніңді істе,
    Сендерге енді бола алман мазақ.
    Сүрдік қой өмір қолайсыз шақта,
    Тасталдық жанған қып-қызыл шоққа
    Бір кезде саған аманат қылған,
    Мұрамды жеткіз келер ұрпаққа.
    Елу жыл өтер, немесе ғасыр...

  • @user-bm471
    @user-bm471 Год назад +1

    😭😭😭😭

  • @Balymvideo
    @Balymvideo 2 года назад +21

    Қан шеңгел
    (Ахмет Байтұрсынов атамыздың түрмеде жазған соңғы хаты)
    Файзолла досым, аса қымбатты,
    Мұң менен азап жаныма батты.
    Өтпелі дәуір - өкініш уы…
    Асау өзендей толқыны қатты…
    Өзіңе аян өмірім, ісім ,
    Көрдім ғой бейнет туған ел үшін.
    Жабылған нақақ жаланы ойласам,
    Өзегім күйіп, өртенеді ішім .
    Ойсоқты болып қатты ғой басым,
    Көзімнен көл боп ақты ғой жасым,
    Сергелдең кешіп, сарғайып санам,
    Төбемнен тура түсті ғой жасын.
    Көбейген шақта сақалдың ағы,
    Кетті ғой тайып ағаңның бағы.
    Темір құрсаулы түрмеге мынау
    Төртінші рет мен қамалдым тағы.
    Ана сүтімен ақындық дарып,
    Жыр жазып едім, отырмын налып.
    «Халық жауы» боп қасірет шеккен.
    Бүгінде енді менде бір ғаріп .
    Езіліп жүрек, егіліп жүйе…
    Өзіне-өзі бола алмай ие.
    Енесі өлген ботадай боздап
    Өкінесің кеп өзегің күйіп.
    Дамылдап бір сәт табалмай тағат,
    Кеттім деп япыр-ау, қай жерден ағат.
    Түсесің ойға иір де шиыр…
    Елестеп көзге мақсат пен мұрат.
    Жегенім - желім, ішкенім - ірің,
    Түсінер түбі халқым бір-пірім,
    Басты кінә боп тағылды-ау маған,
    Сүйгенім туған ұлтымның тілін.
    Болама сұмдық дәл мұнан өткен,
    Сталин заңы шықты ғой шектен.
    Жауапты орында безбүйрек жандар,
    Аяуды білмес мейрімсіз неткен.
    Тегінде бәрін алған ғой таңдап,
    Қол қойдырады азаптап, зорлап,
    Сенбейді айтқан сөзіңе адал,
    Мазақ қылады табалап, қорлап.
    Ильич кетті тым ерте сөніп,
    Жаңа заманды орнатып беріп,
    Бүгінгі мынау ойранды ой-хой,
    Оралып қайта көрсе ғой келіп.
    Көрсе ғой шіркін, Ильичтің өзі,
    Тартылар еді-ау әр істің тезі.
    Тұнжырап тұрған «мұртты көсем»,
    Қылды ғой әбден халықты мезі.
    Серпіліп сонда ашылар тұман,
    Тыйылар жөнсіз күдік пен күмән.
    Кесапат күндер келмеске кетіп,
    Туады анық нұрлы бір заман.

  • @user-km6fm6ef7c
    @user-km6fm6ef7c Год назад

    Қазаққа керек сөз екен

  • @NarimanSeitov
    @NarimanSeitov Год назад

    🤲

  • @invoker552
    @invoker552 Год назад +2

    Орындаган кым?

  • @ermahanermahan523
    @ermahanermahan523 Год назад +1

    Тәуелсіз алдық ақындарымыз не болып барады елге үлгі деген ақындарымыз осы кісіден үлгі алса!

  • @berikboltoilybekuly8137
    @berikboltoilybekuly8137 2 года назад

    😥😥😥

  • @user-hg7lf9lo8j
    @user-hg7lf9lo8j Год назад +1

    Әр зиялымды түрмеде шіріткен орыстарды ешқашан кешірмеймін. 300 жыл кеткен өшім бар орыста. Өлсем қолым жағаңда кетсе арманым жоқ еді.

  • @user-zb8cr3cx8w
    @user-zb8cr3cx8w 2 года назад +1

    Ахмет атам жасашы мәнгі
    Рух бердін маған мәнгі болып
    Өзінсін арлан бабамсын

  • @user-td7bl3xt2o
    @user-td7bl3xt2o 10 месяцев назад

    Ашылар мынау кара тунек

  • @user-vb6qi3hk6i
    @user-vb6qi3hk6i Год назад

    Кім орындап тұр?

  • @berikboltoilybekuly8137
    @berikboltoilybekuly8137 2 года назад +1

    Барлық тауқымет, қазақтың басынан өткен қайғы қасірет баяндалған екен... қайран бабалар

  • @user-jr1zt4ue8l
    @user-jr1zt4ue8l Год назад

    Орындаған кім?

  • @user-zz9fb9co4g
    @user-zz9fb9co4g Год назад

    Кеширш бзди урпагын сздин аманатынзды актамай жатыр

  • @user-kz1rk7ug8h
    @user-kz1rk7ug8h Год назад

    🥹🥹😭

  • @asekekopeev1336
    @asekekopeev1336 Год назад

    Сөз жоқ