Поззия, мен сені неге аңсаймын? Ғашықтық дертімді өзіңмен емдеймін... әрине осындай жүректен шыққан керемет жырлар болса, оны жүрекке жеткізіп керемет қып оқу... өнерің өрге жүзсін!
Ғашық адамда ақыл ~ шамалы, Кінәлі ~ менмін... ақталма, күнім. Мереке болып жатырса дағы, Көңілсіз шығар Ақтауда бүгін?! Ақтауда бүгін той болса дағы, Сезімің сенің серпіле қоймас. Керемет күйлер ойналса дағы, Көңліңнің күйі шертіле қоймас. Төбемнен түлен тоқпақтағандай, Қырсығып, неге ұрысып қалдық? Бұлқынды жүрек тоқтап қалардай, Бұлшық еттері тырысып барлық. Біз кеше ғана... бірге емес пе ек, Танертең бүгін қалғам ба жалғыз?! Бақытты, тәтті күндер елестеп, Үйлену тойын армандағанбыз... Бақыттың дәмін сезініп едім, Басым айналып сол түні, жаным. Аққудай билеп сезімім менің, Каспийдей тулап, толқыды қаным! Биылғы жылы үйленсек деп ек, Қосылып бірге күн көрсек деп ек, Өмір сүруді үйренсек деп ек, Өлетін болсақ, бірге өлсек деп ек... Осының бәрі арман ба сонда? Арманның бәрі жалған ба сонда? Аман жүр, айнам, қайда болсаң да, Басқамен енді армандасаң да! Білмеймін, босқа көңілді алдай ма, Жалғыздығымды сезіндім жаңа. Орындала ма, орындалмай ма, Армандап өтем өзіңді ғана?! Армандағаным - осы ма менің?! Басымнан безіп, бағым ұшқандай. Жайымды ұқсаң, шошынар едің, Жаңаөзендегі жарылыстардай... Арманым ~ алыс жақтарда қалды, Ғашығым жүрген Ақтауда қалды, Неге сондағы арманның бәрі, Телефондағы хаттарда қалды... Жүрекке батты-ау жұбатпағаның, Не үшін сонда ұнатпағаның?! Жанымды менің жылатпа, жаным, Бір тамшы жастай құлап барамын... Телефондағы суреттеріңе, Телміріп тұрмын көзімді алмай! Алдай салуға... ми жетпеді ме, Аяп қалдым ба сөзімді, Алла-ай?! Ешқашан енді мені күтпейсің, Жыламайсың да, өкініп кейде?! «Сүйгенім сені ~ өтірік» дейсің, Сенбеймін ондай өтіріктерге! Жауапсыз қалған сұрақ көп әлі, Армандап талай таң атқан еді, Армандарымнан ұят болады, Өтінем, жерге қаратпа мені?! Еркелеші сен ~ жалғыз қайыңдай, Жапырағымды жайдым емендей. Тәттісің кейде «балдыздарымдай», Қаттысың кейде «қайны енемдей». Жетпей тұр сені мақтауға тілім, Ізіңе әрбір гүл егер едім. Құдіретім жетсе, Ақтауға бүгін Бір вагон гүл сап жіберер едім. Өзіңе арнап махаббатымды, Өзіңе арнап шығарғам өлең . Атыңмен бірге атап атымды, Әдемі аңыз қылам ба деп ем?! Ақылдасайық, ашу басайық, Сарғайып күтіп, сағынбау үшін! Екеуміз бүгін татуласайық, Жанымыз ертең ауырмау үшін! Әкел маңдайды, бір сүйейінші, Кешірім сұрап, керегі бар ма? Өзіңнен туар ұл тілейінші, Қалғанын өзі береді Алла! Көңілденгенде ~ арайлы жүзі, Көмекейінен төгілген әні. Атаға тартқан Адайдың қызы ~ Апама «қатқан» келін болады! Жүрегім сендей жанды іздеп еді, Шын сүйсең егер, шыда, қарағым! Менің қолымнан жалғыз келері ~ Бақытты әйел қыла аламын! Білмеп ем кімді жыр етерімді, Қаншама қыз бар әлемде мынау?! Бәрінен артық қыз екеніңді, Махаббатыңмен дәлелдедің-ау?! Таңды да мынау атырдым зорға-ай, Әй, осы менің төзімсіздігім. Алғашқы және ақырғы болғай, Өзіңсіз, Күнім ~ көңілсіз күнім... Көңілсіз шығар Ақтауда бүгін, Мереке болып жатырса дағы?! ...Кінәлі ~ менмін... ақталма, күнім, Ғашық адамда ақыл ~ шамалы...
Оте адемi кыз, Жаксы окитын едi поэзияны , аттен барин алып тастапты ютубтан да, инстаграммнан да, таппай калдым, кезинде турганда барлык поэзиялары, улгерип жазып та алмаппын. Кайдан тапсак болады екен ендi?!
сағындырған жігіттік шағым-ай.шшс өтіп баратқан өмір.
Меңтай қыз сіздің жаңа өлеңдеріңізді сағындыққой.
аай романтик кездеріміз_ай,алдай салуға ми жетпеген.
Маңғыстау қызына атты өлеңді, өте мықты етіп оқыдыңыз!🌹🌹🌹
Карндасымыз сизге сатилик
Өнерің -өрге жүзсін.....Сұлу қызым...
Өте керемет жақсы 👍дауысың тамаша. 🌹🌷🙌🙋♀️😘👏
👰🤵💋💋💗💗💘💘💘💘🌹🌹🌹🌹🌹
Керемет айтылған Әдемі Қыз 🤨😊
Казактын акылды жарына адал кыздары коп болсын
Ой, кызым оте тамаша! Бакытты бол!
Шлягер 👍👍👍
Керемет алланың нұры жаусын қарындасым
Өте керемет оқиды. Таза, нəп-нəзік. Менде көп күттім. Оқыған өлеңдерінің бəрін қайта жинақтап салыңыздаршы сіздерден өтініш.
сізге поэзия тыңдаған ұнайма
@@Қазақпоэзиясы-т7р қалған видеоларын қайдан көрсек болады
Поззия, мен сені неге аңсаймын? Ғашықтық дертімді өзіңмен емдеймін... әрине осындай жүректен шыққан керемет жырлар болса, оны жүрекке жеткізіп керемет қып оқу... өнерің өрге жүзсін!
Керемет!!!
Шын айтасыз.
Осы қыздың каналын таппай қалдым, өте керемет еді видеолары
Менде
Тұрмысқа шығып, өшіріп тастапты😢
🔥🔥🔥🔥
Ғашық адамда ақыл ~ шамалы,
Кінәлі ~ менмін... ақталма, күнім.
Мереке болып жатырса дағы,
Көңілсіз шығар Ақтауда бүгін?!
Ақтауда бүгін той болса дағы,
Сезімің сенің серпіле қоймас.
Керемет күйлер ойналса дағы,
Көңліңнің күйі шертіле қоймас.
Төбемнен түлен тоқпақтағандай,
Қырсығып, неге ұрысып қалдық?
Бұлқынды жүрек тоқтап қалардай,
Бұлшық еттері тырысып барлық.
Біз кеше ғана... бірге емес пе ек,
Танертең бүгін қалғам ба жалғыз?!
Бақытты, тәтті күндер елестеп,
Үйлену тойын армандағанбыз...
Бақыттың дәмін сезініп едім,
Басым айналып сол түні, жаным.
Аққудай билеп сезімім менің,
Каспийдей тулап, толқыды қаным!
Биылғы жылы үйленсек деп ек,
Қосылып бірге күн көрсек деп ек,
Өмір сүруді үйренсек деп ек,
Өлетін болсақ, бірге өлсек деп ек...
Осының бәрі арман ба сонда?
Арманның бәрі жалған ба сонда?
Аман жүр, айнам, қайда болсаң да,
Басқамен енді армандасаң да!
Білмеймін, босқа көңілді алдай ма,
Жалғыздығымды сезіндім жаңа.
Орындала ма, орындалмай ма,
Армандап өтем өзіңді ғана?!
Армандағаным - осы ма менің?!
Басымнан безіп, бағым ұшқандай.
Жайымды ұқсаң, шошынар едің,
Жаңаөзендегі жарылыстардай...
Арманым ~ алыс жақтарда қалды,
Ғашығым жүрген Ақтауда қалды,
Неге сондағы арманның бәрі,
Телефондағы хаттарда қалды...
Жүрекке батты-ау жұбатпағаның,
Не үшін сонда ұнатпағаның?!
Жанымды менің жылатпа, жаным,
Бір тамшы жастай құлап барамын...
Телефондағы суреттеріңе,
Телміріп тұрмын көзімді алмай!
Алдай салуға... ми жетпеді ме,
Аяп қалдым ба сөзімді, Алла-ай?!
Ешқашан енді мені күтпейсің,
Жыламайсың да, өкініп кейде?!
«Сүйгенім сені ~ өтірік» дейсің,
Сенбеймін ондай өтіріктерге!
Жауапсыз қалған сұрақ көп әлі,
Армандап талай таң атқан еді,
Армандарымнан ұят болады,
Өтінем, жерге қаратпа мені?!
Еркелеші сен ~ жалғыз қайыңдай,
Жапырағымды жайдым емендей.
Тәттісің кейде «балдыздарымдай»,
Қаттысың кейде «қайны енемдей».
Жетпей тұр сені мақтауға тілім,
Ізіңе әрбір гүл егер едім.
Құдіретім жетсе, Ақтауға бүгін
Бір вагон гүл сап жіберер едім.
Өзіңе арнап махаббатымды,
Өзіңе арнап шығарғам өлең .
Атыңмен бірге атап атымды,
Әдемі аңыз қылам ба деп ем?!
Ақылдасайық, ашу басайық,
Сарғайып күтіп, сағынбау үшін!
Екеуміз бүгін татуласайық,
Жанымыз ертең ауырмау үшін!
Әкел маңдайды, бір сүйейінші,
Кешірім сұрап, керегі бар ма?
Өзіңнен туар ұл тілейінші,
Қалғанын өзі береді Алла!
Көңілденгенде ~ арайлы жүзі,
Көмекейінен төгілген әні.
Атаға тартқан Адайдың қызы ~
Апама «қатқан» келін болады!
Жүрегім сендей жанды іздеп еді,
Шын сүйсең егер, шыда, қарағым!
Менің қолымнан жалғыз келері ~
Бақытты әйел қыла аламын!
Білмеп ем кімді жыр етерімді,
Қаншама қыз бар әлемде мынау?!
Бәрінен артық қыз екеніңді,
Махаббатыңмен дәлелдедің-ау?!
Таңды да мынау атырдым зорға-ай,
Әй, осы менің төзімсіздігім.
Алғашқы және ақырғы болғай,
Өзіңсіз, Күнім ~ көңілсіз күнім...
Көңілсіз шығар Ақтауда бүгін,
Мереке болып жатырса дағы?!
...Кінәлі ~ менмін... ақталма, күнім,
Ғашық адамда ақыл ~ шамалы...
Керемет
Ғашық адамда ақылда мида болмайды ғой.
Журекке жакын өлең назик таза
Отә қәрәмәт😢😢😢
Калган өлеңдеріңізді шыгарыңыздаршы..сагындык шынымен..катты естигимиз келеді..
Өтә қәрәмәт қаңша ірәт тыңдасамда жәтмәйді бақты бол қарыңдас
бұл тәтті қыз тұрмысқа шыққансон барлық видеоларын алып тастады ютубтан
Жаным болшы, жаным!
Өте тамаша оқисыз!!! Сөз жоқ!
Тамаша!!!
Дауысынды сагыныппын коршинин кызы бахтынды алла ашсын
Аты кім?
Тұрмысқа шыққан жоқ па әлі?
👍👍👏👏
❤❤❤❤❤
👍👍👍👍👍👍
Қайдан таптыңдар Көршінің қызын . мен сағыныппын осы қыздің даусын өлеңдерін.
Оте адемi кыз, Жаксы окитын едi поэзияны , аттен барин алып тастапты ютубтан да, инстаграммнан да, таппай калдым, кезинде турганда барлык поэзиялары, улгерип жазып та алмаппын. Кайдан тапсак болады екен ендi?!
Меруерт шыгаршы жана өлеңдер
Инстаңызды қалай тапсақ болады сіздің
Мына өлеңді күнде тыңдаим қызда өлеңде адемі
Окыган барлык олендерин жинак кылып шыгарса тамаша болар еди.
ООО таптымау. Аты жони Ким? Кунде издеимин
Менде кооопп издедим
@МЕҢТАЙ АБДУХАФИЗ каналынызды коссаныз
осы өлеңді бірінші оқығаның менде сақтаулы
Күрсінбеші деген поэзиясын тауып беріңізші
,😄
Бул осы" казак жігіт ер едіңғой сабырлы "деген барғой соны окитын кызба??
Даусы қандай әдемі әуені де нашар емес әуенің атын айтып жіберіндер өтніш
Қайрат Нұртас Махаббат түні
КарындассизМукагалидынолениго
Бір күнде 100 рет тыңдадым
Тагы баска олендери сизде бар мекен? Болса салынызшы отiнiш ?!
Көршінің қызы және Тағы басқа поэзиялар кутемин
Көршінің қызы және Тағы басқа поэзиялар ия, шыкты
Сезимдеиди кайта ойятыгой кызай
Коптен жок еди осы карындасымыз
Дәл сендей әйелім болса арман жоқ
Ұйқас жоққой
Бул кыз турмыска шыққан жок
Телефоны бар ма?
Көркемсің күнім, дегенмен не айтып отқаныңды (әлде жатқаныңды) өзің ұқпайсың
Керемет