Это видео недоступно.
Сожалеем об этом.

Бахатов Өлмесбек - GRADUATION PARTY | 9 - Мектеп | 2023 | 2005тер

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 8 июл 2024
  • Шәкірт әр кез бағамдар,
    Ұлағатын ұғып мың.
    Ата - анаңдай алаңдар
    Жетекшісі сыныптың.
    Ақылымен қыр астым,
    Еңбегі анық білінді.
    Намысы үшін кластың
    Бізбен бірге жүгірді.
    Соны бойға мұра ғып,
    Тәрбиеге иландық.
    Сізбен бірге қуанып,
    Сәтсіздікке қиналдық.
    Қиындыққа бол дайын,
    Дейсіз жолға қосар да.
    Еңбегіңіз әрдайым
    Жана берсін қашанда!
    #бахатовөлмесбек #өлмесбек #baxatovolmesbek
    ‪@БахатовӨлмесбек‬

Комментарии • 15

  • @user-wx9oo6jq7l
    @user-wx9oo6jq7l Месяц назад +3

    👍👍👍👍👍👍👍❤❤❤❤❤❤

  • @olmesbek_bahatov
    @olmesbek_bahatov  Месяц назад +2

    Рақмет Сізге, Мектеп!
    Рақмет Сізге, Ұстаз!
    Түлек ата - анасының алғыс тілегі
    Құрметті ұстаздар, түлектер және ата - аналар, ең алдымен барлығыңызды да бүгінгі мерекелі күнмен құттықтап қоюға рұқсат етіңіздер!

  • @user-fr6oy7to9n
    @user-fr6oy7to9n 15 дней назад

    😊😊😊❤

  • @user-go5sz2mi9n
    @user-go5sz2mi9n Месяц назад +2

    Білімнің жинай білсек бүгін нәрін,
    Ұстаздың еңбегі деп ұғынғаным.
    Алғашқы ұстаз, бір сіздің арқаңызда,
    Бұл күнде шарлай алсақ білім бағын.
    Орнығып сізден үлгі санаға нық,
    Сол тәлім бойдан жолын табады анық.
    Қандай бір құрметке де лайықсыз,
    Жатса егер еңбегіңіз бағаланып.
    Бүлдіршін тәрбиесі - табысыңыз,
    Бүгін де қарыздармыз бәрі үшін біз.
    Шәкірттен алғыс алып қашанда да,
    Жемісті бола берсін әр ісіңіз!

  • @user-nd4xs7do2z
    @user-nd4xs7do2z Месяц назад +2

    Білімдік бар биікке шығар саты.
    Ең алғаш басталады осы адамнан,
    Сүйеді сондықтан жақын, жаты...
    Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді,
    Сыйлайды міңгі бақи беріп төрін.

  • @user-kw9ed9xr9w
    @user-kw9ed9xr9w Месяц назад +2

    Мектеп - білім айдынындағы үлкен кеме. Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - МҰҒАЛІМ. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер ең жарқын естеліктер
    Түлекке тілек

  • @Mo-23-1
    @Mo-23-1 Месяц назад +2

    Құрметті түлектер! Сендер біздің балаларымызсыңдар. Қазақта "айналайын" деген қасиетті де мағынаға толы жақсы сөз бар. Осынау ғажайып сөздің ішінде адами жүректің барлық ізгілігі мен мейірімі шүпілдеп тұнып тұрғандай.
    Бүгінгі қуанышты сәтте де өздеріңді оқытқан Ана мектептерің өз шәкірттеріне - түлектеріне дәл осындай мейіріммен қарап тұрған секілді.
    Енді ол өзінің қасиетті қоңырауын Сендер үшін ғана соңғы рет соқпақ. Бұл - өздерің үшін қағылар ең соңғы мектеп қоңырауы. Осы сезімге лайық болып өмір сүріңдер. Сәт - сапар!

  • @ibragimshamsiyev_
    @ibragimshamsiyev_ Месяц назад

    Malades :)

  • @БахатовӨлмесбек
    @БахатовӨлмесбек Месяц назад +3

    Мінеки, араға жылдар легін салып, кеше ғана бүлдіршін болып мектеп табалдырығын аттаған біздің ұл - қыздарымызды жүйрік уақыт түлек етіп ұясынан ұшырғалы отыр. Мектеп қашанда жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен руханиятқа толы ойдың, таным мен тәрбиелі істердің ордасы болған. Біздің перзенттеріміз де осында өткізген оқушылық өмірлерінде осындай ұлағатты істердің ұшқынын бойына сіңірді, тәлімімен жүрегін суарды, байыпты бағдарын бағыт етіп ұстанды, білім көкжиегін бойына дарытты. Біз әр сәт, әр жылдар сайын олардың бойындағы осынау өміршең өзгерістерді байқап, олармен бірге қуандық, бірге мақтандық. Енді оларды өздерінің асыл ұясы - мектебі түлек етіп ұшырғалы отырған күннің де куәсі болдық, бойымызды тағы да ата - ана ретінде мақтаныш сезімі кернеп отыр. Бұл үшін мектеп анаға мың алғыс!

  • @9-мектеп
    @9-мектеп Месяц назад +3

    Біз, бүгінгі ата - аналар, бір кезде өзіміз де шәкірт болдық. Өмір жолымыздың әрбір сәтінде білім алған ыстық ұямыз бен ардақты ұстаздарымыз туралы өз отбасымызда отырып, әрдайым да сыр ғып бөліскен едік. Енді біздің балаларымыз да өздерінің ата - аналары жүріп өткен нақ осы қасиетті де, дәстүрлі жолдың жалғастырушысы болмақ. Олар да өздерінің алдағы өмір жолында осынау алтын ұясы мен қадірлі ұстаздары жөнінде сан мәрте сағынышқа және мақтанышқа толы сезіммен естеріне алатын болады. Біз осыған сенеміз.

  • @bahatovolmasbekcover
    @bahatovolmasbekcover Месяц назад +2

    Армысыздар ардақты ата - аналар, қонақтар, ұстаздар, оқушылар 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен

  • @dombra05
    @dombra05 Месяц назад +4

    «Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер - жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.

  • @OlmesbekBaxatov
    @OlmesbekBaxatov Месяц назад +3

    Ұстаз деген - жарық күні ғаламның,
    Ұстаз деген - анасы ол адамның.
    Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
    Сен де одан адам болып жаралдың.
    Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
    Бар әлемге еңбегімен еленген.
    Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
    Ол да бірге қуанышқа кенелген.
    Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
    Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
    Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
    Ол өзіңнің орындалған арманың.
    Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
    Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
    Ұстаз деген - ұлылардың ұлысы,
    Қасиеті бас иелік мәңгілік!

  • @BahatovOlmesbek
    @BahatovOlmesbek Месяц назад +3

    Мектеп - білім айдынындағы үлкен кеме. Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - МҰҒАЛІМ. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі шаттыққа толы кездер. Дәл осы кездер ең жарқын естеліктер
    Түлекке тілек