Бахатов Өлмесбек - Фаризаға Автор:(Мұқағали Мақатаев ақын) Mood Video.

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 9 сен 2024
  • #бахатовөлмесбек #өлмесбек #baxatovolmesbek
    ‪@БахатовӨлмесбек‬
    Фариза.
    Фаризажан, Фариза-қыз,
    Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
    Біріміз бірімізден арылармыз,
    Ақыры шыдай-шыдай жалығармыз.
    Сен мені білесің бе, білесің бе?
    Жаралмаған жан екем күресуге.
    Жылай жүріп, өтірік күлесің де,
    Жүресің де қоясың, жүресің де.
    Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,
    Тастағысы келеді күресінге.
    Фаризажан, сен соны білесің бе?...
    Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
    ...Серіппесі үзіліп тұр садағым.
    Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
    Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.
    Фариза, Фаризажан, Фариза-қыз,
    Бірімізден біріміз арылармыз.
    Том-том болып дүкенде тұрмасақ та,
    Шаң басқан архивтен табылармыз...
    #МұқағалиМақатаев
    Орындаушы: #БахатовӨлмесбек.
    11.02.2023.
    ©БахатовӨлмесбек
    ®БахатовӨлмесбек

Комментарии • 25