«ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІ-2024» «Қауіпсіздік сабағы»

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 1 окт 2024
  • Шымкент қаласы №69 жалпы орта білім беретін мектебінде 9"В" сынып жетекшісі Г.Ботабаева 19.09.2024ж күні "Қауіпсіздік сағаты" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
    Мақсаты:
    🔖 «Буллинг» тақырыбын кеңірек ашу;
    🔖 Қауіпсіздіктің түрлеріне тоқталу;
    🔖 Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.
    Міндеттері:
    🔖KiVa бағдарламасымен таныстыру;
    🔖«Буллинг» тақырыбына қатысты тапсырмалар орындау;
    🔖Қауіпсіздіктің түрлеріне тоқталу;
    🔖Сынып ұжымын сыйластыққа тәрбиелеу.
    Сабақ басы "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" туралы ақпарат беруден басталды. Мектебімізде осы оқу жылында пилоттық жобада іске асырылып жатқан, әлемдегі озық тәжірибе - финдік KiVa бағдарламасы жүргізіліп жатқандықтан, 1-ші кезеңде осы жоба бойынша қысқаша түсінік қалыптастырылып, таныстырылды. 2-ші кезең "Буллингтен қорған" айдарымен топтық жұмыстар жасалды. Сынып төрт топтан және топ көшбасшыларынан тұрды. Топ аттары қауіпсіздікке байланысты "Сақтық сарбаздары", "Алғыр алдын алушылар", "Тосынға тосқауыл", "Қырағылар" деп аталды. Төрт топтың екеуіне ауызша тапсырма, екеуіне жазбаша тапсырма берілді.
    1.Буллинг туралы пікірсайыс. Мақсаты: Оқушыларды өз ойларын еркін айтуға, тақырыпты терең түсінуге үйрету.
    Тапсырма: Оқушылар екі топқа бөлініп, бір топ буллингтің әсері туралы пікір айтса, екінші топ буллингпен қалай күресу керектігі туралы ой бөлісті. Әр топ өз пікірін дәлелдермен қорғады. Келесі екі топқа интертақтаға жазбаша орындалатын тапсырма берілді.
    2. «Көңілсіздік тізбегі» және «Көмек тізбегі»
    Мақсаты: Буллинг кезінде адамның жағдайын түсінуге және көмек берудің маңыздылығын көрсету.Тапсырма: Екі түрлі тізбек жасалды. Бір тізбек - буллинг кезіндегі көңіл-күйді сипаттаса, екінші тізбек - көмек беру арқылы жағымды атмосфера жасаудың, көмек беру, көмек алу сезімдерін көрсету.
    Келесі кезең қауіпсіздіктің түрлері бойынша практикалық жұмыс жасау. Атап айтқанда, жол қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік, буллинг және кибербуллинг. Оқушылар тақырыптарды таңдап алып, сол жерде презентация дайындады. Дайындалған презентацияны экранда қорғады. Оқушылар заманауи үлгіде жасалған презентацияларымен көптеген ақпараттарды қамтып, тақырыпты аша білді, тіл байлықтарымен ойларын жеткізе білді.
    Сабақ соңында әр топтан өз пікірлері және сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.
    "Бірлескен шеңбер ұраны" айдарымен оқушылар шеңбер жасап тұрды. Тақтайшадағы қауіпсіздік, татулық, достықтың белгісі ретінде жасалған логотипті бір-біріне "Татулық, достық, сенімділік, мейірім, адалдық" сынды әдемі сөздермен ұсынды. Сабақ өте қызықты, өнімді, пайдалы ақпараттарға толы болып өтті. Оқушылар өздерінің бұрынғы білімдерін жаңа ақпараттармен толықтырып, жаңа бағдарламамен де танысып шықты.
    Бірлігі жарасқан бұл сыныпта қауіпсіздік тақырыбында үнемі жұмыс жүргізілетіндіктен, тәрбие сағаты оңай әрі қызықты болды.
    Шәкірттеріміз білімді де саналы, білім-ғылымға ашық, бір отбасының баласындай бауырмал, мейірімді болып өсе берсін! Талаптарына нұр жаусын!

Комментарии • 3