Мұнайгаз компанияларындағы ғылым, білім және әлеуметтік жобалар (НИОКР, обучение, социалка)

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 30 сен 2024
  • Бүгінгі подкастта мұнайгаз компанияларының ҒЗТҚЖ (НИОКР), білім және оқыту, сондай-ақ әлеуметтік саладағы жобалары туралы сөз қозғаймыз. Компаниялар аталған бағыттар бойынша қанша қаражат жұмсайды? Мемлекеттік қолдау және қадағалау механизмдері қандай? Соңғы өзгерістер бойынша қалай жұмыс жасалады? Әлемдік тәжірибе және отандық компаниялардың ерекшеліктері. Бұл бағыттардағы қызмет үшін басты кедергілер мен дамуға қажетті факторлар талқыланды.
    Түсірілім қонағы:
    Нұрлан Жұмағұлов - Мұнайгаз саласының сарапшысы, Energy Monitor қоғамдық қорының директоры, Energy Monitor Telegram арнасының авторы
    Подкаст жүргізушісі:
    Абзал Нарымбетов - Бизнес-аналитик, Energy Analytics Telegram арнасының және Energy Podcast RUclips арнасының авторы
    02:45 Нұрлан Жұмағұловпен танысу және подкаст тақырыбы туралы
    03:55 Мұнайгаз және уран өндіруші компаниялардағы оқыту
    07:16 Соңғы өзгерістер - мұнайгаз компаниялары әлеуметтік жағдайы төмен балалардың біліміне қаражат жұмсайды
    08:32 Компаниялар көмек беру үшін студенттер тізімін қайдан алады?
    08:58 Білім-оқыту саласына бөлінген қаражат қалай қадағаланады?
    11:21 "Қашаған", "Қарашығанақ", "Теңіз" жобаларының ерекшелігі
    12:40 ҒЗТҚЖ (НИОКР) қаражат бөлу
    13:48 Қазақстан Норвегия тәжірибиесіне сүйенеді
    16:57 Shell компаниясының тәжірибесі - Қазақстандағы ғылымды дамытудың жол картасы
    18:45 Ғылыми техникалық кеңес (НТЦ) және оның жұмысы
    21:45 ПИТ Алатау, TechGarden туралы
    22:43 ҒЗТҚЖ-ға (НИОКР) бағыт бойынша тендер жасау болады
    23:28 Мұнайгаз кәсіпорындарының әлеуметтік жобалары - тарихы және қазіргі өзгерістер
    25:18 Ірі компаниялардың әлеуметтік жобаларға жұмсаған қаражаты
    27:03 Басқа компаниялардың үлесі қандай?
    28:24 Жергілікті қоғам бұл жұмыстарға разы ма?
    30:32 Жобаның қажеттілігін тиімді анықтау немесе өңірлермен ақылдасу маңызы
    33:07 Ғылыми жұмыстарға бөлінген қаражат бойынша дүниежүзілік статистика
    34:45 Ғылым қоры туралы
    37:05 Мұнайгаз компанияларының коммерциализациядағы негізгі кедергілері қандай?
    41:06 Аталған үш бағытты (НИОКР, оқыту, әлеуметтік сала) қалай дамытуға болады?

Комментарии • 8

  • @ГульмираОспанова-ф7ь
    @ГульмираОспанова-ф7ь 7 месяцев назад +1

    Ірі компаниялар тәжіобиеден өтуге студенттерді көптеп қабылдаса жақсы болатын еді. ТШО өзінде жұмыс жасайтын қызметкерлердің балаларын, таныс-тамырмен қабылдайды

  • @assylbekdokessov3604
    @assylbekdokessov3604 7 месяцев назад +2

    Абеке өте маңызды ақпараттарды біліп жатырмыз, рақмет!

  • @ApritonDautov
    @ApritonDautov 18 дней назад

    ҒЗТКЖ академиялық ғылым емес, ғылымның қолданбалы бөлігі. ҒЗТКЖ белгілі бір кен орнының мәселелерін шешу үшін қажет, мұнда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық институттардың күш-жігері мұнай өндіруді арттыру мәселелерін шешеді. Енді бұл ақша НТС-ке түседі және олар бұл ҒЗТКЖ бұл компанияға қажет пе, жоқ па, солар шешеді?! Менің ойымша, бұл дұрыс емес: даладағы жағдайды білмейтін адамдар өздеріне не қажет және не қажет емес екенін шешеді (?!).

  • @ApritonDautov
    @ApritonDautov 18 дней назад

    Әбеке, мен сіздің подкастыңызды жаңа ғана көрдім. Ол алты ай бұрын шыққан екен! Өкінішке орай, мен бұл подкастты жіберіп алдым. Сіз өте маңызды тақырыпты көтердіңіз - ҒЗТКЖ. Бірақ, өкінішке орай, бұл біржақты көзқарас. Менің ойымша, жер қойнауын пайдаланушылардың өкілдері де, ғылыми-зерттеу жобаларының өкілдері де болуы керек. Нұрланмен келісетін жерім, көптеген мұнай компанияларының басшылары ҒЗТКЖ дегенді білмейді.

  • @Kikbay
    @Kikbay 7 месяцев назад +2

    Өте маңызды мәселе. Ұқақ жылдардан бері дүдәмәл болып келді, осылай ешкім ашып айтуға талпынбаған.
    Қолдауға лайық!

  • @daniyarmaukenov7408
    @daniyarmaukenov7408 7 месяцев назад +1

    Өте пайдалы ақпарат, толық қазақша болғаны қуантады. Дегенмен аз адам көрген екен. Орысша субтитрлар да болса дұрыс болар ма еді.

  • @Аппақтаптазатәптәттімөпмөлдір

    Өте тамаша тақырыптар талқыланды. Бұл тақырыптар расыменде ашық айтылып, халықты хабардар ету керек.
    Ұсынысым Абзал, егер мүмкіншілік болса подкасттан алынған пайдалы инфоларды сипаттама етіп жазып кетсеңіздер видео астына. Және де көптеген қарапайым халық біле бермейтін мүмкіншіліктерді жазып және сол жөнінде қайда хабарласуға болатынын да меңзеп өтіп кетсеңіздер. Рахмет
    Алғысым шексіз.