Отырар ауданында ағын судың тапшылығы басталып, егістік кеш егілетін түрі бар

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 28 апр 2024
  • БІЗДІҢ RUclips АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Түркістан облысы Отырар ауданында биыл егістік тым кеш егілетін түрі бар. Диқандар бұған ағын судың тапшылығы себеп деп отыр. Жылда «Қазсушар» мекемесінің мамандары қара суға қарық қыламыз дегені биыл тіпті, созбаққа салынып, сәуірді аяқтады. Маңайында Сырдария мен Көксарай су реттегіші бар аудан халқы қазір тамшы суға зәру болып отырмыз деп ашынады.
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    МАҚСАТ ЖАҚСЫБАЙҰЛЫ, тілші:
    - Отырар ауданындағы алқаптарда дәл қазір көктемгі дала жұмыстары қайнап жатуы тиіс еді. Бірақ судың жоқтығынан шаруалар әзірге егістік еге алмай отыр. Дәл мына жерде, мәселен, қауын егілуі тиіс еді. Бірақ тіршілік көзінің тапшылығанан диқандар жұмыссыз қалған.
    Диқандар гектар-гектар жерін жыртып тастағаны болмаса, әлі күнге тұқым сеппеген. Себебі су керек. Көксарай мен Сырдарияның ортасында отырған Отырар ауданы ағын суға жарымай отыр. Әсіресе, Шеңгелді жұрты тіршілік көзінен таршылық тартуда.
    ШАХАРИЗАДА ӘЛІБЕК, Шеңгелді ауылының тұрғыны:
    - Осы жерде дариядан шығатын 3 түрлі канал бар. Ешқайсында су ақпайды. Тек қана мотормен. Моторға деп елден жинайды, 5-10 теңгесінен. Соны 2-3 ай моторды оталдырады. Сөйтіп, жоңышқасын, қауын-қарбызын егіп алады. Сосын кейін болды, су жоқ, дариядан су шықпайды бізге.
    Ағын судың тапшылығын тартқан диқандар егістіктің науқаны өтіп бара жатыр деп алаңдаулы. Ал алқаптың басына тіршілік көзін жеткізетін су сорғылар әлі күнге дайын емес екен.
    ХАМИТ АДАСХАНОВ, Шеңгелді ауылының тұрғыны:
    - Су жоқ. Өйткені запчасть жоқ. Мынаған запчасть табуымыз керек. Біреуінің гильзасы жарамайды, біреуінің кличаткасы жарамайды. Ойбай, қарық қыламыз дейді. Ол қай уақытта болады ол. Ол шілде айында болса бізге оның керегі не егін егіп.
    Шаруалар соңғы кезде шығынның еселеп көбейгенін жасырмайды. Бір су сорғының жұмысы үшін диқандар алғашқы суаруда 4-5 млн теңге жұмсайды екен. Бұл шығын тек электр энергиясы үшін. Алқапты ағын сумен қамтитын үлкен атызды «Қазсушар» мекемесі механикалық тазалаудан өткерген. Бірақ 3 шақырымдық каналдан су қашып кететін 300 шақты жырымы бар деп ашулы жұрт. Ал аудандағы ағын суға жауапты мамандар тіршілік көзін ауылға жеткізуге әлі асығар емес.
    МҮБАРАК РАЕВ, «ҚАЗСУШАР» РМК Түркістан филиалы Отырар аудандық бөлімшесінің басшысы:
    - Насостарға ремонт жасалып жатыр. Оған қосалқы бөлшектер порталда қаралып тұр. Ертең алынып келінеді. Сосын іске қосып, ары қарай жұмыс жалғасады. Насостың қосалқы бөлшектері мемлекеттік сатып алу порталындағы тәртіппен болады. Ол екі айдай сол порталда тұр. Осы жақын арада біреу әкеп береді насостың қосалқы бөлшектерін.
    Жұрттан жылу жинағанмен, әлеуметті ағын сумен жарыта алмаған «Қазсушар» мекемесінің мамандары мамыр айында да тамшы суға қарық қыла қоятынына ауыл халқы күмәнмен қарайды
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии • 1

  • @user-bi5ny2qo6j
    @user-bi5ny2qo6j 21 день назад +1

    Моторға керек бөлшекті енді іздестіріп жатыр ма. Ол бөлшек келем дегенше жаз бітеді ғой. Жауаптыларды жазалау керек.