Отырар ауданында шіркей қаптап, халықты азаптауға көшті

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 23 апр 2024
  • БІЗДІҢ RUclips АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Түркістан облысында шіркей қаптады. Сырдария мен Көксарай су реттегішінің маңайын жағалай қоныстанған ауыл халқы жәндіктің азабын ерте көктемнен бастап тартып отыр. Тұла бойын тұмшалап күн кешіп жүрген жұртшылық жылда қайтаналатын қиындықтан арылмайтын болдық деп ашулы. Қомақты қаржы бөлдіріп, тегіс дәрілеп тастадық деп есеп берген шенеуніктердің әрекетінен титтей де нәтиже көрмедік деп отыр.
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бүгінгі шығарылымда:
    Күн жылынса Отырар ауданындағы барлық ауылдар шіркейдің азабын тартады. Бет-аузын бүркемей көпшілік көшеге шыға алмайды. Таңмен таласа құжынап шыға келетін қанаттылар қас қарайғанша қарашаның құтын қашырады. Тұрғындардың қорадағы малы да көпке ұзамай көтерем болып қалған.
    БЕЙСЕНКҮЛ ЖҮСІПОВА, Шеңгелді ауылының тұрғыны:
    - Міне көзімізді шағып, бұл шаққан кезде ертең күзде жара болады. Бізде лейшманиоз дейді оны. Өзіміз жаңағы оқытамыз, шоқытамыз, йод жағамыз, тотияйын құямыз, әйтеуір 6 ай, 3 ай дегенде өзі мерзімі болады. Сол кезде жазылады.
    ШАХАРИЗАДА ӘЛІБЕК, Шеңгелді ауылының тұрғыны:
    - Мал дегенің қазір жайылмайды, мына тұмсығына кіреді, көзіне кіреді. Ең ар жағы тауық бар ма, далаға жайылмайды ғой, былай аяқтарымен бетін тырнап тұрады. Қойларың анау көлеңке іздеп жүр, сиыр жатыр үйде пышылдап. Ауырып, сырқап, күзде өлейін деп шығады. Оны сүт бер дейміз, қайдан береді азаннан-кешке шейін жайылмаса.
    Соңғы 10 жылдан бері жылда қаптайтын шіркейге қарсы тұруға жауаптылардың қауқары жетпей жүргеніне қараша қайран қалып отыр. Айтуларынша, сапасыз дәрі, салғырт өңдеу, ғылыми көңіл бөлмеудің кесірі ауылдағы әлеуметке оңбай тиіп отыр.
    ХАМИТ АДАСХАНОВ, Шеңгелді ауылының тұрғыны:
    - Былтыр Уазикпен аралап, ауылда шашқан, әр-әр жерден. Ол тек 5-6 метрге ғана жетеді шашқаны. Ол ары шаша алмайды. Енді оны ауадан шашса, самолетпен, вертолетпен. Былтыр да самолетпен шашамыз деген, бір кешкентай бір ойыншық вертолет әкелген, онысы не өзі ұша алмайды, не дәрі көтере алмайды.
    Ауылдағы мал мен жанды азаптаған шіркей тіпті, жаңа шыққан көкті те, көкөніс сабақтарын да жеп қойған. Әсіресе, егілген жоңышқа жапырақтарын жапыра бас салған.
    МАҚСАТ ЖАҚСЫБАЙҰЛЫ, тілші:
    - Шеңгелді ауылында шіркейден қорғану үшін бет-ауызды тұмшалап, қолға осылай шүберек жауып жүрмеске басқа амал жоқ. Себебі ауылда шіркей тым көбейіп кеткен. Оның көбейгендігі соншалықты санаулы сәттің өзінде көзіңді торлап алады. Ауылдағы ағайын үшін арнайы киімдер де қымбаттап кетіпті. Сондықтан әлеумет осылай қарапайым түрде қорғануға мәжбүр болып отыр.
    Түркістан облысында бақандай 100-ден астам ауыл шеңгелдіктердің күйін кешіп отыр. Сыр бойы мен Көксарай су реттегішінің маңайындағы 7 ауданда ахуал осы. Бұл аумақтарда шіркейдің 8 түрі тараған. Олармен күресуге энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасы 655 млн. теңге бөліп, химиялық өңдеу жұмыстарын наурыз айында бастаған. Одан түпкілікті нәтиже шықпасын білдік дейді аудан шенеуніктері.
    САТТАР НӘЛІБАЙ, Отырар ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:
    - Өткен наурыз, сәуір айларында әлеуметтік желіден де белгілі, жұмыстар атқарылған. Сала мамандарының негізіне сәйкес, бұны түпкілікті жою мүмкін емес деген анықтама берген. Бірақ азайтуға жұмыстар атқарылуда деп ақпарат берді.
    Ғалымдар адамға зиянды шіркейлердің ұяшықтарын анықтап, олардың енді ғана тарайтынын айтып отыр. Сондықтан дәрілеу жұмыстары шілде айына дейін жүргізілетін болады дейді мамандар.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии • 32

  • @user-hj2fo4xt1b
    @user-hj2fo4xt1b Месяц назад +6

    Ғалымдар көмекке келу керек қой

  • @user-kc6nu7cb6y
    @user-kc6nu7cb6y Месяц назад +4

    Алла жеңілдік берсін🤔🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿⚖️🔭🌎🔭

  • @nurlanutepkaliev8647
    @nurlanutepkaliev8647 Месяц назад +4

    Алла азап жиберип жатыр елге.

  • @tahanov9631
    @tahanov9631 Месяц назад

    Алланын азабы келiпжатыр

  • @karapayimkompazytor
    @karapayimkompazytor Месяц назад +4

    Тауқ барма тауық ,аяқтарымен қолдарымен бетін битііп дейма,оны сүт бер дейміз қаяғынан берет 😂😂😂😂

  • @abdy_kayir73
    @abdy_kayir73 Месяц назад

    Дертти берген Алла ☝️шипасында береди сабыр кылындар

  • @KurtubaewDauren
    @KurtubaewDauren Месяц назад +2

    Одбк аскерин шакырып аткызу керек ширкейлерди

  • @user-gl4dy1kb4o
    @user-gl4dy1kb4o Месяц назад +4

    Бөлінген шіркеидің акшасын жеп койган😂

  • @user-zy3mw5ij5n
    @user-zy3mw5ij5n Месяц назад +2

    Кытаидан келген адеи истелип жатыр границаны ашты кытаиын да орысында оиына келгенд жасап жатыр

  • @user-ue6sh1md9l
    @user-ue6sh1md9l Месяц назад +2

    Бийшара мына жигит куйгенинен ойыншык вертолёт дейдау 🤣🤣🤣🤣🤣🤣🤣,я ози ушалмайт дейма

  • @user-df3km4ws3h
    @user-df3km4ws3h Месяц назад +1

    Қытаидың әкелген

  • @user-kc6nu7cb6y
    @user-kc6nu7cb6y Месяц назад +2

    Бәсе былтыр Бәйдібек ауд да көбейіп кеткен масасы

    • @user-vw6gw9xv8b
      @user-vw6gw9xv8b Месяц назад

      Акша болнеды облыс акмы коса жеп кояады ойлап жаткан ешкым жок

  • @user-sp3wx7uz3d
    @user-sp3wx7uz3d Месяц назад

    Біздің билк шіріп бітті енді сасып жатыр көгергені қалды соны күту қалды сосын дамимыз

  • @joldasbekduisenov1154
    @joldasbekduisenov1154 Месяц назад +1

    Суга дари жиберсе олед

  • @shhsshsh8468
    @shhsshsh8468 Месяц назад

    Шеи елдерде ширкей мен Калай күресіп жатыр екен

  • @user-kn4oe3lu3u
    @user-kn4oe3lu3u Месяц назад

    Шіркей толтырады арам қатырады.жұмыстары ғой міндеттері.

  • @user-os6ut9ol5m
    @user-os6ut9ol5m Месяц назад +1

    650млн болынды гой?

  • @user-cv4xq7uy9x
    @user-cv4xq7uy9x Месяц назад

    Кайдагы ширкей бизде суык

  • @zarifapazlieva
    @zarifapazlieva Месяц назад

    Ауланы таза устау керек маса сондай нарселер таза жерге жоламайди кай жер лас болса сол жерге барадыгой адамдар оздеры бары жерны субботник жарыялап оздеры озен жагаларины уй аулани тазалау керек дары себген мен оздеры тазалыкты устамаса бунингда пайдасы жок деп ойлаймын

  • @user-jx3qc7qt5i
    @user-jx3qc7qt5i Месяц назад

    Аударған ақшаны бөліп алады ғой

  • @user-jx3qc7qt5i
    @user-jx3qc7qt5i Месяц назад

    Обалдағай.

  • @user-pi6ei3dr7g
    @user-pi6ei3dr7g Месяц назад +1

    Ширкеудин тарайтын жери суда, кандай водоём бар, сол жерде личинкаларымен кобейеди

    • @user-pi6ei3dr7g
      @user-pi6ei3dr7g Месяц назад

      Ширкей*

    • @user-gn5xm9nd3g
      @user-gn5xm9nd3g Месяц назад

      Шіркейге қарсы дәріні өтірік шашады басшылар өтірік айтады ақшасын жеп қойады ау

  • @user-kc6nu7cb6y
    @user-kc6nu7cb6y Месяц назад

    😢😢😢🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🥲🥲🥲

  • @user-bo4bh5bc9d
    @user-bo4bh5bc9d Месяц назад

    Қанша жыл өттіғой тозақ қой бұл сыртқа шыға алмайсың Түпкілікті нәтиже шықпайтынын білген соң сәуір айында бөлінген 655 млн ақшаны мамыр айына дейін жеп бітіргенғой