Бөгенбай батырды жоқтау

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 8 сен 2024
  • Бұқар жыраудың Бөгенбайды жоқтауы
    Батырың өтті - Бөгенбай!
    Қазақтың ханы Абылай,
    Абылай ханым, бұл қалай?
    Ақиықты аспанға
    Ұшпастай ғып торлады.
    Құлағанға ұқсайды
    Қазақтың қамал-қорғаны.
    Қайғырмаңыз, ханзадам,
    Айтпасыма болмады,
    Батырың өтті - Бөгенбай!
    Қиядан қиқу төгілсе,
    Аттың басын тартпаған,
    Қисапсыз қол көрінсе,
    Қорқып жаудан қайтпаған,
    Қазақ деген халқынан,
    Батыр шыққан даңқынан,
    Қарсыласқан асылдар
    Қорғасындай балқыған,
    Батырың өтті - Бөгенбай!
    Бұтақты мүйіз бұғысы
    Саласында жайылған,
    Мылтық атқан мергені
    Киігін қойдай қайырған,
    Құланы құлындай тулаған,
    Түлкісі иттей шулаған,
    Қыс қыстайтын жерінді
    Аң етімен тау қылған,
    Батырың өтті - Бөгенбай!
    Асу салған тас бұзып,
    Тарбағатай белінен.
    Қол қондырған қос тігіп,
    Бөрлі деген көлінен.
    Қалмақты шапқан шулатып,
    Қоныс қылған найманға
    Бәрін қуып жерінен.
    Батырың өтті - Бөгенбай!
    Қаракерей Қабанбай,
    Қанжығалы Бөгенбай,
    Қаз дауысты Қазыбек,
    Шақшақұлы Жәнібек -
    Ормандай көп Орта жүз,
    Сондан шыққан төрт тірек.
    Тұғыр болған сол еді
    Сіздей төре сұңқарға.
    Бәйгелі жерде бақ болған
    Сіздей жүйрік тұлпарға.
    Қайғырмаңыз, ханзадам,
    Келмей тұр аузым айтарға,
    Батырың өтті - Бөгенбай!
    Еңбек қылған ел үшін,
    Жауда кеткен кек үшін,
    Қазақтың абырой-арына
    Сарп қылған бар күшін,
    Қайыры болсын халқыңа,
    Сабыр қыл, ойла келмесін,
    Қарияң келіп жылап тұр
    Еңбегі сіңген ер үшін,
    Батырың өтті - Бөгенбай!

Комментарии • 22

  • @user-jq8et7cm3y
    @user-jq8et7cm3y 2 года назад +17

    Бөгенбай сияқты бауырларымыз көп болса екен!!!!!!!!!!!!
    Керемет орындау

  • @user-tn4ho3gz2u
    @user-tn4ho3gz2u 2 года назад +7

    АССАЛЯҮМАҒАЛЕЙКУМ КЕРЕМЕТ ҚАНЖЫҒАЛЫ БӨГЕҢБАЙ БАБАМЫЗ ЖАТҚАН ЖЕРІ ЖАРІҚ БОЛСЫҢ

  • @user-pz3ux6lq8e
    @user-pz3ux6lq8e 2 года назад +8

    Керемет орындау 👍

  • @user-xm2oe3he8m
    @user-xm2oe3he8m Год назад +5

    Жоқтауды әйел адам айтады, бұл естірту

  • @user-ue4nf8zo1w
    @user-ue4nf8zo1w 2 года назад +4

    👏👏👏👍👍👍👍🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @user-ef7ew7lb5w
    @user-ef7ew7lb5w Год назад +1

    Рахмет сізге Бөгенбай ата

  • @erasylgameskz6657
    @erasylgameskz6657 Год назад +3

    Keremet

  • @user-tw3ze7du9l
    @user-tw3ze7du9l Год назад +1

    Город Ақтау Маңғыстау 5живу 524кв Мыжыков Айтан Бердігалиев Салам всех братам👏👏👏👍👍👍👍

  • @user-gi6ob2qy7f
    @user-gi6ob2qy7f 2 месяца назад +1

    Ассалаумағалейкум! Қаракерей Қабанбай батырдың сүретін қойып қойыпты ғой.

  • @sirgelisaltanat9204
    @sirgelisaltanat9204 Год назад +2

    Жаны жай тапсын 🙏

  • @user-is1zh2sk6u
    @user-is1zh2sk6u 2 года назад +12

    Осы термені орындаған кім екен, даусы ғажап

    • @user-jq9zk2ud2w
      @user-jq9zk2ud2w 2 года назад +3

      Досхан Жолжақсынов

    • @user-ss6oj4bn6e
      @user-ss6oj4bn6e 2 года назад

      бекполат тилеуханов

    • @user-is1zh2sk6u
      @user-is1zh2sk6u 2 года назад +2

      @@user-ss6oj4bn6e ол емес. Ол мұндайларды айтпайды)

  • @user-ek4pm8db7c
    @user-ek4pm8db7c Год назад +2

    Атамыз деп айтса дурыс болат бауырым дейтин дей замандасын емес

  • @user-tw3ze7du9l
    @user-tw3ze7du9l Год назад +2

    Шоханова Гульназ Орынбаевнаға Тиеберсін Ата-бабаларымыздың рухына Маңғыстау-5тегі

  • @user-jt9jz7pw6g
    @user-jt9jz7pw6g Год назад +7

    Бұл жоқтау емес Батырдың қазасын Абылайханға естіртуі .Жоқтауды әйел адамдар айтады

  • @Danikows
    @Danikows Год назад

    естірту жоктау емес дузетиндер

  • @user-gi6ob2qy7f
    @user-gi6ob2qy7f 2 месяца назад +1

    Қарт Бөгенбай батыр ол Найман руының батыры 1:24 . Қанжығалы Бөгенбай батыр ол Арғын руының батыры. Көбісі шатастырып жатады екі батырды.

  • @user-oi2xr6bp7v
    @user-oi2xr6bp7v Год назад +1

    Алла рахымына алсын Бөгенбай бабамызды