Үмбетей Жырау. Бөгенбай қазасын Абылай ханға естірту

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 26 дек 2024

Комментарии • 183

  • @baygobek
    @baygobek  4 года назад +134

    Бөгенбай қазасын Абылай ханға естірту
    Ей, Абылай, Абылай,
    Абылай ханым, бұл қалай?
    Бұл қалайдан сескеніп,
    Сөзімді қойма тындамай.
    Талай істер басыңнан
    Өтіп еді-ау жасыңнан,
    Қиын, қызық әрбір жай.
    Жас күнінде, Абылай,
    Үргеніштен мұнда кеп,
    Сарыарқаны жерім деп,
    Қалың қазақ елім деп,
    Келмеп пе едің жаяулай?!
    Төле биді тапқанда,
    Күндіз түйе баққанда,
    Жалғызбын деп шошымай,
    Еш малшыға қосылмай,
    Қара жерге отырмай,
    Күпінді салып астыңа,
    Жең жастанып басыңа,
    Қол-аяғың төрт жақта,
    Жатушы едің сол шақта,
    Ұмыттың ба соны, Абылай!
    Жиырма жасың толғанда,
    Қалмақпен соғыс болғанда,
    Алғашқы бақты тапқанда,
    Шарыштың басын қаққанда,
    Қанжығаңа бас байлап,
    Жау қашты деп айғайлап,
    Абылайлап шапқанда...
    Ұмыттың ба соны, Абылай!
    Сол ерлікпен хан болдың,
    Әлем асқан жан болдың,
    Барша әлемге даң болдың,
    Ұмыттың ба соны, Абылай!
    Қалдан ханның әскері
    Іздеп сені әрі-бері,
    Қапыда ұстап алғанда,
    Алып барып Тәшкенде
    Көр зыңданға салғанда,
    Елің қараң қалғанда,
    Тоқсан жақсы үш жүзден
    Сені сұрай барғанда,
    Өлтірем деп Қалдан хан
    Орайына Шарыштың,
    Сөзіне қарсы сөз айтып,
    Жауаптастың, қарыстың.
    Қапияда тұтылдың,
    Қалмаққа бітеу жұтылдың,
    Шешендік жолын тұтындың,
    Үш ауыз сөзбен құтылдың,
    Ұмыттың ба соны, Абылай!
    Аруағыңа болысқан,
    Әділ билік қылысқан,
    Қашпаған қандай ұрыстан
    Керейде батыр Жәнібек,
    Қаз дауысты Қазыбек,
    Қу дауысты Құттыбай,
    Қаракерей Қабанбай,
    Қанжығалы Бөгенбай -
    Абылай, сенің тұсыңда
    Сол бесеуі болыпты-ай!
    Кейі батыр, кейі би,
    Тәңірім берген сондай сый,
    Ұмыттң ба соны, Абылай!
    Батыры ханға сай болды,
    Елің жайпақ бай болды,
    Қыс қыстауы тау болды,
    Жаз жайлауы көл болды,
    Салқын сары бел болды,
    Елге лайық ер болды,
    Сарыарқа деп таңданып,
    Өзге жұрт аңсар жай болды,
    Ұмыттың ба соны, Абылай!
    Айтқан сөзің ем еді,
    Жолынды теріс демеді,
    Қай бақытың кем еді,
    Ел қорғаны көп еді,
    Қалып па ең батыр таба алмай?
    Жауыңның қанын ағызған,
    Аузынан балды тамызған,
    Би мен батыр аз болып,
    Тасырқап па едің шаба алмай!?
    Анау бір жылы аттанған
    Әскерді қырғыз қырғанда,
    Басынан оба қылғанда,
    Ол хабарды ел біліп,
    Көп батырмен сен жүріп,
    Көзіңнің жасын көл қылып,
    Кысылған әскербасының
    Қасына барып тұрғанда,
    Ақбоз атты шалғанда,
    Мойныңа кісе салғанда,
    Баба түкті Шашты Әзиз,
    Содан бата алғанда,
    Тілеуің қабыл болғанын,
    Басыңа Қыдыр қонғанын,
    Ұмыттың ба соны, Абылай!
    Ұлы сәске болғанда
    Жасаған жақсы жол беріп,
    Жол бергенде мол беріп,
    Ойламаған бақ беріп,
    Қырғызды Тәңірім қақ бөліп,
    Садырбала бітем деп,
    Әтеке соғыс күтем деп,
    Бірі көнбей біріне,
    Садыр кетті бөлініп,
    Соғысудан түңіліп,
    Әтеке сынды жырықтың
    Қабырғасы сөгіліп,
    Шапқанда батыр төгіліп:
    Қаракерей Қабанбай,
    Қанжығалы Бөгенбай,
    Сары, Баян мен Сағынбай
    Қырмап па еді жауыңды,
    Қуантпап па еді қауымды,
    Ұмыттың ба соны, Абылай!
    Дүние кезек, Абылай!
    Қаласың әлі-ақ сен былай!
    Артыңдағы балаңа
    Табылар батыр тағы да-ай!
    Сондай ерлер көп тусын
    Деп тілей бер, а Құдай!
    Орта жүзде қатын көп,
    Туатын кейін батыр көп,
    Сол мұқатар жауды деп,
    Елестер көзге сағымдай.
    Ей, Абылай, Абылай,
    Сөзімді тыңда тағы да-ай!
    Өзіңнен біраз жасы үлкен,
    Дөмпеш таудай басы үлкен,
    Жасыңда болған сырласың,
    Үлкен де болса құрдасың,
    Сексеннен аса бергенде,
    Қайрылмас қаза келгенде,
    Батырың өлді - Бөгенбай!
    Иманын айтып өлерде,
    Иекке жаны келгенде,
    Сәлем айтты үш қайта,
    Кеттім деп сізді көре алмай.
    Батырды қолдан өткіздім,
    Сәлемін міне жеткіздім.
    Жыламай тында, Абылай!
    Жараға жақсы қасқарар,
    Ойбайлап жаман бас салар.
    Көріспей айтты демеңіз,
    Осы еді біздің келген жай.
    Көзіңнің жасын тыя көр,
    Жақсылық бата қыла көр.
    Тағы да талай бақ берсін,
    Балаңа алтын тақ берсін,
    Бөгенбайдай жас берсін,
    Өлшеусіз мал мен бас берсін!
    Бөгенбай сынды батырдың
    Береке берсін артына-ай,
    Сабыр берсін халқына-ай.
    Жасаған ие жар болып,
    Бейіште нұры шалқығай!

  • @БумынҚаған
    @БумынҚаған 3 года назад +55

    Жорықшы жырау Үмбетейдің бұл толғауы (естіртуі) көркемдігімен қоса мол тарихи мәлімет беруімен қымбат.

  • @МаяАхметченова
    @МаяАхметченова 3 года назад +39

    Рақмет осындай толғау салғаныңызға Ұлы бабаларымыздың рұһы қазақ елін қолдасын

  • @БумынҚаған
    @БумынҚаған 3 года назад +49

    Тамаша .Үмбетей жырау Бөгенбайдың қасында жүрген, көзін көргендердің бірі.

  • @babyai1262
    @babyai1262 3 года назад +58

    Қайран бабаларым-ай, жандарың пейіште болсын ин ша Алла

  • @oldaskamil963
    @oldaskamil963 4 месяца назад +6

    Қазағымның алтын адамдардың қоштасуы жүректі жылатады екен.
    Мамықтай жұмсақ болсын жатқан жерлері.

  • @СерікМуқатаев
    @СерікМуқатаев 2 года назад +37

    Қасиетті Бабалар ғои. Жандары жәннатта болсын!

  • @КайратСейлхан-с9ы
    @КайратСейлхан-с9ы 3 года назад +49

    Керемет. Жырауды Хан тындаган заман. Соз торкинин тусинген Бабаларымай. Жандарын Жаннатта болсын..

    • @ОралОрал-х4н
      @ОралОрал-х4н 2 года назад +1

      Әумин!

    • @steppetm6374
      @steppetm6374 Год назад

      Әмин 🤲

    • @МұратЖақсылықұлы
      @МұратЖақсылықұлы Год назад

      Қазыргілер тыңдамақ түгіл түсінбейдіде😂.....

    • @БақытТұрсынбек
      @БақытТұрсынбек 10 месяцев назад

      жәннәтіңе өзің бар, жабайы араптың жәлеп қатындарымен араққа тойып әмпи жәмпи болып жатасың жетісіп ешәкалла

  • @ГабдырахимУбайдуллаев

    Батыр аталарымыз жатқан жері жайлы болсын, жаны жәннатта болсын.

  • @Ақылбек-я2й
    @Ақылбек-я2й 2 месяца назад +3

    Алла осындай елім деп әділдік үшін күрескен бабаларымды.Я алла өзің рахметіңе бөли көр.

  • @nabiratazh22
    @nabiratazh22 Год назад +18

    Бір естірту жырында, Абылайдың бар өмірі мен қатар халқымыздың қанша тарихы жатыр, керемет!!!

  • @АкарысБакыткали-ч6х
    @АкарысБакыткали-ч6х 3 года назад +38

    Керемет. Тунып турган тарих. Биздин тарихымызды жок кылганда бизде ауыз адебиети бар екеннин байкамаган гой.Бари бир шыгып жатыр.

  • @УалиханКанбаев
    @УалиханКанбаев 2 года назад +21

    Ой, дүние ай, бұлар да кетті өмірден, Аллаһ алдынан жарылқасын, иманы жолдас болсын! Амин!

  • @ТолеубекЗайсанбаев
    @ТолеубекЗайсанбаев 2 года назад +23

    Осындай батырларымыз бен хандарымыздың жандары жаннатта болсын! Аруақтар қолдап, ешкімге жалтақтамайтын, шын тәуелсіз ел болайық

    • @ОралОрал-х4н
      @ОралОрал-х4н 2 года назад +3

      Әумин!

    • @ТұранБерішАбилказиев
      @ТұранБерішАбилказиев Год назад

      ТАҢІРІМ ТІЛЕУІҢДІ БЕРСІН ӨМІН ӨМІН ӨМІНДІМ.

    • @ТұранБерішАбилказиев
      @ТұранБерішАбилказиев Год назад

      ТАҢІРІМ ТІЛЕУІҢДІ БЕРСІН ӨМІН ӨМІН ӨМІНДІМ.

    • @kanat27.Muslim
      @kanat27.Muslim 4 месяца назад +1

      ​@@ТұранБерішАбилказиевәмин.. Аллаһу акбар.. Аллаһ қаласа бабалардан қалған жер бізге аманат. Аллаһкға иманымыз күшті және ата дініміз Исламды берік ұстанып өтеміз қияметке дейін ИншаАллаһ.. бір Құдай қолдасын елімізді.

  • @даниярд-ь5е
    @даниярд-ь5е 2 года назад +20

    Аллаһ Тағала рахым етсін ата бабаларымызды аминь!

  • @УлбалаЖамалбековна

    Батыр бабаларымыздын рухы жасай берсин.

  • @БумынҚаған
    @БумынҚаған 3 года назад +29

    Жорықшы жырау Үмбетей Бөгенбай қосынында болған.

  • @Seihun-darya87
    @Seihun-darya87 2 года назад +7

    Қазақ тарихындағы ең ақылды, жаужүрек, стратег батыр мен үшін

  • @sss2mi547
    @sss2mi547 4 года назад +35

    Осы қайғылы хабардан кейін Абылайда ауырып өмірден өтті

    • @МуктарБектурсын
      @МуктарБектурсын 2 года назад +1

      Қайдан білдің

    • @sss2mi547
      @sss2mi547 2 года назад +5

      @@МуктарБектурсын Ильяс Есенберлин көшпенділерде жазылған

  • @sauranalashiaiev7381
    @sauranalashiaiev7381 Год назад +7

    Қабанбай мен Бөгенбай Қазақтың сол замандағы ең мықты ең алып батырлары

  • @GggGgg-dn1zr
    @GggGgg-dn1zr 2 года назад +9

    Хандарымыз қайтып келсеғой шіркін

  • @Казаккызы-б5л
    @Казаккызы-б5л 2 года назад +19

    Касиетиннен айналайын Бабаларым.Жагатын торинде болыныздар

    • @ЕркинА
      @ЕркинА Год назад

      Абылай, Бөгенбай батырлардың қанша қатыны болғанын білесің ба? Бір елді шауып келгенде батырларға еркегін құл, сұлу қыздарын күң (наложница) қылып берген. Сенің кеуің, егер тұрмысқа шықпасаң болашақ кеуіңнің сенен басқа 7-8 қатыны болса келісесің ба?

  • @sauranalashiaiev7381
    @sauranalashiaiev7381 Год назад +8

    ЖАСА ЕР АЛАШ 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
    ЖАСА БАТЫР ҚАЗАҚ 🇰🇿🇰🇿🇰🇿

    • @Kaspi-z4u
      @Kaspi-z4u 3 месяца назад

      Алаш деген не манғолшама

  • @kualalumpur9505
    @kualalumpur9505 2 года назад +10

    Мәдениеті, сөз әдебі жоғары, сөздік қоры кең... естіртудің өзін қалай жеткізген.... сөз жоқ, керемет!

  • @Ақмырза-н1б
    @Ақмырза-н1б 2 года назад +11

    Сыр елінің махамымен жақсы шығыпты

  • @улбала-м6ш
    @улбала-м6ш 3 года назад +36

    Қайран батыр бабаларым , әруақтары қолдап демеп журсін!

  • @ОралОрал-х4н
    @ОралОрал-х4н 3 года назад +47

    Иманы саламат болсын, бабалардың!

    • @НурболКузембаев-г2з
      @НурболКузембаев-г2з 3 года назад +2

      Әмин

    • @СагилаТемирханова
      @СагилаТемирханова 2 года назад +1

      Орындаушы керемет Даусы терменің мазмұнын ашып қайғының реңін келістіріп тұр Əншінің атыжөнін жазу керекқой Өнер ің өрге бассын ƏНШІ қыз

    • @УлбалаЖамалбековна
      @УлбалаЖамалбековна Год назад

      ​@@СагилаТемирхановабул Кунсулу Турикпен деген сыр бойылык жыршы кыз ғой деймин, дауысы , мәнери уксайды.

  • @AMG966
    @AMG966 Год назад +12

    Абылай бабамыздың калай тауып, қызғыштай қорғап , хан тағына отырғызған біздің көреген бабалар

  • @СаулетБахиева
    @СаулетБахиева Год назад +4

    Қасиетті Қазағым ай. Қаралы хабардыда санамен жеткізе білген

  • @ШынгысТукеев
    @ШынгысТукеев 3 года назад +17

    Оте жаксы керемет

  • @alxbixna
    @alxbixna 4 года назад +25

    Сөзім жоқ. Керемет!!!

    • @ЕркинА
      @ЕркинА Год назад

      Абылай, Бөгенбай батырлардың қанша қатыны болғанын білесің ба? Бір елді шауып келгенде батырларға еркегін құл, сұлу қыздарын күң (наложница) қылып берген. Сенің кеуің, егер тұрмысқа шықпасаң болашақ кеуіңнің сенен басқа 7-8 қатыны болса келісесің ба?

  • @Seihun-darya87
    @Seihun-darya87 2 года назад +27

    Бөгенбай батыр қазақ тарихындағы ең мықты, әскери қабілетті батыр болып табылады

  • @ЖандосДжунисбеков-о8е

    Сөз жоқ Керемет

  • @taybatayba7071
    @taybatayba7071 2 года назад +5

    Я РАББЫМ АЛЛА Аруак колда

  • @mashkurjhusup2474
    @mashkurjhusup2474 2 года назад +16

    Абылай дай, Кабанбай дай, Богенбай дай, кайдасындар бабалар, камкор болган батырлар !

  • @АкмаржанМуратовна
    @АкмаржанМуратовна 3 года назад +17

    Керемет рахмет.

    • @ЕркинА
      @ЕркинА Год назад

      Абылай, Бөгенбай батырлардың қанша қатыны болғанын білесің ба? Бір елді шауып келгенде батырларға еркегін құл, сұлу қыздарын күң (наложница) қылып берген. Сенің кеуің, егер тұрмысқа шықпасаң болашақ кеуіңнің сенен басқа 7-8 қатыны болса келісесің ба?

  • @nberliner77
    @nberliner77 2 года назад +13

    Дала демократиясы осы ғой, ханға тікке сөйлейтін халық

  • @ЕркинАбдикаликов
    @ЕркинАбдикаликов 9 месяцев назад +2

    Керемет орындау болды

  • @zhnizhan657
    @zhnizhan657 2 года назад +4

    Қандай керемет айтылған !

  • @АктауАктау-о9ц
    @АктауАктау-о9ц 2 года назад +2

    Город Ақтау Маңғыстау 5живу 524кв Мыжыков Айтан Бердігалиев Салам всех братам👏👏👏👍👍👍👍

  • @sauranalashiaiev7381
    @sauranalashiaiev7381 Год назад +4

    Кара Керей Кабанбай
    канжыгалы Бөгенбай
    сары Баян мен Сағынбай
    кырмаппа еды кыргзыды ай
    умыттың соны Абьылай ...
    ослай айтылатын батыр Бөген жырында !

  • @amanelaman3616
    @amanelaman3616 3 года назад +8

    Қандай адамдар болған

  • @-aksh
    @-aksh 2 года назад +7

    Батырды қолдан өткиздим!!!

  • @Найманбай
    @Найманбай Год назад +3

    Керемет тереме

  • @kuatalkanov1869
    @kuatalkanov1869 2 года назад +8

    Абылайға зарболған заманай

  • @ЕРНҰР-ж4ч
    @ЕРНҰР-ж4ч Год назад +2

    Қайран бабаларымыздың аманатына еге бола алмадық қазіргі білекті жүректі дегендер ең ақыры əскерге баруға жарамайды бірақ өз елін қорқытқанға мəз

  • @ХасанДокашев-ц5к
    @ХасанДокашев-ц5к 4 года назад +11

    Хорошая песня

    • @СайранОспанов-т8п
      @СайранОспанов-т8п 4 года назад +6

      Ассалам’алейкум! Это произведение про батыра Богенбая, который в преклонном возрасте, сидя на седле. Исполнитель Умбетей жырау (сказитель) доносит чёрную весть Аблай хану.

    • @СайранОспанов-т8п
      @СайранОспанов-т8п 4 года назад +4

      Умер сидя на седле имею ввиду

  • @КунанбаевКайырбек

    Кандай керемет терме .Кунанбаев Кайырбек .

  • @sauranalashiaiev7381
    @sauranalashiaiev7381 Год назад +3

    ЗАЛЫМ КЫТАЙ ОЙРАТ КАЛМАК КИРГИЗ БУРТТАРДЫ ЖОЙГАН БАСЫ БАРДЫН БАСЫН АЛЫП БАСЫ ЖОКТЫ ТЕЗЕРЛЕТКЕН АЛЫП ХАН ЖАНЕ БАТЫР БӨГЕНБАЙ МЕН КАБАНБАЙ !!

  • @ДамешТогжуманова
    @ДамешТогжуманова 5 месяцев назад

    Ер. Адам! Айтканда, Кушти, Мыкты болушы еди! Казахтын! Сары Арканын! Макамымен!

  • @Бумын-ч9ц
    @Бумын-ч9ц 2 года назад +3

    Жайл қырғыны қырғыз тарихында ұлы трагедия саналады. Абылайдың ұлы қолбасшылары Бөгенбай мен Қабанбай Жайл қырғынына қатысқан. Жорықшы жырау Үмбетей де Бөгенбай батырдың қосынында болған. Ол да бұл қырғынды көзімен көрген. Бұл тарих.

  • @ДосымҚуатұлы
    @ДосымҚуатұлы 8 месяцев назад

    Тамаша жыр. Дегенмен, Үмебетей жырау Арқаның мақамымен айтқан болар. Сонымен де салып қойсаңыз...

  • @АлмазбекАрапов-д6ъ
    @АлмазбекАрапов-д6ъ 2 года назад +7

    Букар жырау :
    Абылай сен жети жасыңда
    Турумтайдай уул едиң,
    Аны да көрген жерим бар.
    Абылай он бес жасыңда
    Аркалык Абдулмамбеттин
    Төөсүн баккан кул едиң,
    Аны да көрген жерим бар.
    Абылай сен жыйырма жасыңда
    Атың жок сопол атмен жүргенсиң
    Аны да көрген жерим бар.

    • @sauranalashiaiev7381
      @sauranalashiaiev7381 Год назад

      оттамашы мал киргизы !
      ондай ырды сендер ойдан жашап алгасын ез йшак !
      Абылай барып 1 шауп барыңды бас йдырген сайда кыргыз калмай калаган тауган 20 жл тыглып хан оымрден кайтканда бырак тускесындер ез дер !

    • @sauranalashiaiev7381
      @sauranalashiaiev7381 Год назад

      7 жасында көрген ешкым жок ! 15 жасында түйе бағып журып жонгармен согсып ердене чарыш тайжны олтырген! чарш атакты ердене батыр хонтйжнын немеересы ал Абылай Аткты Салкам Жангыр ханның немеересы !!

    • @sauranalashiaiev7381
      @sauranalashiaiev7381 Год назад +1

      букар жыраудын нағыз жыры бар:
      бурт деген быр ит бар
      калмакка болған малайы
      быз шабсканда ойратпен
      балактан алган чи буттар

    • @Kaspi-z4u
      @Kaspi-z4u 3 месяца назад

      ​@@sauranalashiaiev7381абылай жонғар асылында баян ноян сардарлары

    • @nnn6879rc
      @nnn6879rc 3 месяца назад

      Орыстын баилаулы ити сен кыстырылмаиак коиш😂😂

  • @ТалгатШарязданов-х3о
    @ТалгатШарязданов-х3о 2 года назад +1

    Сізге бір сәлем

  • @НаурызНурымов
    @НаурызНурымов 6 месяцев назад +1

    Ой рахмет көзіме жас келді

  • @НұрбекШалғынбай
    @НұрбекШалғынбай 3 года назад +6

    👍👍👍

  • @ДияхинаДжавирова-я8ю
    @ДияхинаДжавирова-я8ю 3 года назад +19

    Кординдерме ханнын абыройы кандай казакка ал казирги каранын билигин карандар кара хан болса каныпезер болады деуши еди торе торелигин жасайды ал казирги торе емес кара каралыгын жасайды кореген Амир Темирдин ози 27 мемлекетти жауласада озин амирмин деген хан Шынгыстын тукымы болмагасын

    • @kazakh8362
      @kazakh8362 2 года назад

      Залым орыстар болмағаңда осы кезге дейін де төрелер басқаратын еді елді

    • @Kaspi-z4u
      @Kaspi-z4u 3 месяца назад

      Кет мангол

  • @УримбайЖанбурайев

    Қайраң бабаларай жандарың жанната болғай мен ойлаймын негізі нағыз қазақ солзаманда болғанау кәзіргілер қазақ смақтарау

  • @ГабиденЖумабеков
    @ГабиденЖумабеков 3 года назад +21

    Қайран батыр бабаларым жатқан жерлериниз жайлы болсың қолдап қуаттап демеп жатабериниздер.

  • @УсербайГенжимов
    @УсербайГенжимов 3 года назад +6

    Жаксы айткан маладес кыз март кыз екен

  • @erlansansyzbaev4528
    @erlansansyzbaev4528 2 года назад +1

    Не деген керемет естірту...

  • @metasana7367
    @metasana7367 3 года назад +12

    Батыры әрі жырауы ханына батырының бақи болғанын естіртті, Абылай қандай күйде болды екен а ?

    • @nvrhat
      @nvrhat 3 года назад +3

      Құдай сақтасын, бірақ досың өлсе қандай күйде боласын?

    • @максмакс-м2э2д
      @максмакс-м2э2д 3 года назад +1

      @@nvrhat әкесіңдей жаста болған адам, әкесіңдей көрді емес пе оны қайдағы дос

    • @СагингалиНурушев
      @СагингалиНурушев 3 года назад +4

      Осыдан кейин Абылай ауруга шалдыгып коп узамай дуние салыпты дейди олкездеги адамдар оте сауатты каглез келеди жыр басталганнан ол билип отырады тосын жагдай болганын алиптин артын кутеди барин ишине сактайды босансымайды халыктын алдында Халык алсиреп калады деп . Кенесары да жорыкта жургенде жаулары бесикте жаткан егиз улын олтреди естиртип барганда козине жас алмаган Бесикте жаткан шакалак халкымнан артык емес деп елине келген сон жагыз ози еки кун жок болып кеткен сонда балаларынын басына барып коз жасын кол еткен деседи . Абылайау Абылай болганыай бул калай мен кеткен сон Абылай артымда урпак калмайдай деген жоктауы бар содан халкы издеу салды сонда акылшысы ол балдарынын касында барып алып кайтындар деп еки уазирин жибереди .. еки бейтти кушактап батыр уйыктап жатыр деп еки козден аккан жас жерге синип жатыр деп айткан екен уазирлер . Ой шолак дунеай суйткен кенекем комилиейде калдау басын орыстар алып кетти етин кыргыздар асып жеди сорпасын балаларга ишкизип кенсарынын басын алып келип кмбей казакка бостандык жок айтканым айткан аллам кеширсин мени

    • @СагингалиНурушев
      @СагингалиНурушев 2 года назад +1

      За

  • @akarysmurat7477
    @akarysmurat7477 2 года назад +8

    Ей, Абылай, Абылай,
    Абылай ханым, бұл қалай?
    Бұл қалайдан сескеніп,
    Сөзімді қойма тындамай.
    Талай істер басыңнан
    Өтіп еді-ау жасыңнан,
    Қиын, қызық әрбір жай.
    Жас күнінде, Абылай,
    Үргеніштен мұнда кеп,
    Сарыарқаны жерім деп,
    Қалың қазақ елім деп,
    Келмеп пе едің жаяулай?!
    Төле биді тапқанда,
    Күндіз түйе баққанда,
    Жалғызбын деп шошымай,
    Еш малшыға қосылмай,
    Қара жерге отырмай,
    Күпінді салып астыңа,
    Жең жастанып басыңа,
    Қол-аяғың төрт жақта,
    Жатушы едің сол шақта,
    Ұмыттың ба соны, Абылай!
    Жиырма жасың толғанда,
    Қалмақпен соғыс болғанда,
    Алғашқы бақты тапқанда,
    Шарыштың басын қаққанда,
    Қанжығаңа бас байлап,
    Жау қашты деп айғайлап,
    Абылайлап шапқанда...
    Ұмыттың ба соны, Абылай!
    Сол ерлікпен хан болдың,
    Әлем асқан жан болдың,
    Барша әлемге даң болдың,
    Ұмыттың ба соны, Абылай!
    Қалдан ханның әскері
    Іздеп сені әрі-бері,
    Қапыда ұстап алғанда,
    Алып барып Тәшкенде
    Көр зыңданға салғанда,
    Елің қараң қалғанда,
    Тоқсан жақсы үш жүзден
    Сені сұрай барғанда,
    Өлтірем деп Қалдан хан
    Орайына Шарыштың,
    Сөзіне қарсы сөз айтып,
    Жауаптастың, қарыстың.
    Қапияда тұтылдың,
    Қалмаққа бітеу жұтылдың,
    Шешендік жолын тұтындың,
    Үш ауыз сөзбен құтылдың,
    Ұмыттың ба соны, Абылай!
    Аруағыңа болысқан,
    Әділ билік қылысқан,
    Қашпаған қандай ұрыстан
    Керейде батыр Жәнібек,
    Қаз дауысты Қазыбек,
    Қу дауысты Құттыбай,
    Қаракерей Қабанбай,
    Қанжығалы Бөгенбай -
    Абылай, сенің тұсыңда
    Сол бесеуі болыпты-ай!
    Кейі батыр, кейі би,
    Тәңірім берген сондай сый,
    Ұмыттң ба соны, Абылай!
    Батыры ханға сай болды,
    Елің жайпақ бай болды,
    Қыс қыстауы тау болды,
    Жаз жайлауы көл болды,
    Салқын сары бел болды,
    Елге лайық ер болды,
    Сарыарқа деп таңданып,
    Өзге жұрт аңсар жай болды,
    Ұмыттың ба соны, Абылай!
    Айтқан сөзің ем еді,
    Жолынды теріс демеді,
    Қай бақытың кем еді,
    Ел қорғаны көп еді,
    Қалып па ең батыр таба алмай?
    Жауыңның қанын ағызған,
    Аузынан балды тамызған,
    Би мен батыр аз болып,
    Тасырқап па едің шаба алмай!?
    Анау бір жылы аттанған
    Әскерді қырғыз қырғанда,
    Басынан оба қылғанда,
    Ол хабарды ел біліп,
    Көп батырмен сен жүріп,
    Көзіңнің жасын көл қылып,
    Кысылған әскербасының
    Қасына барып тұрғанда,
    Ақбоз атты шалғанда,
    Мойныңа кісе салғанда,
    Баба түкті Шашты Әзиз,
    Содан бата алғанда,
    Тілеуің қабыл болғанын,
    Басыңа Қыдыр қонғанын,
    Ұмыттың ба соны, Абылай!
    Ұлы сәске болғанда
    Жасаған жақсы жол беріп,
    Жол бергенде мол беріп,
    Ойламаған бақ беріп,
    Қырғызды Тәңірім қақ бөліп,
    Садырбала бітем деп,
    Әтеке соғыс күтем деп,
    Бірі көнбей біріне,
    Садыр кетті бөлініп,
    Соғысудан түңіліп,
    Әтеке сынды жырықтың
    Қабырғасы сөгіліп,
    Шапқанда батыр төгіліп:
    Қаракерей Қабанбай,
    Қанжығалы Бөгенбай,
    Сары, Баян мен Сағынбай
    Қырмап па еді жауыңды,
    Қуантпап па еді қауымды,
    Ұмыттың ба соны, Абылай!
    Дүние кезек, Абылай!
    Қаласың әлі-ақ сен былай!
    Артыңдағы балаңа
    Табылар батыр тағы да-ай!
    Сондай ерлер көп тусын
    Деп тілей бер, а Құдай!
    Орта жүзде қатын көп,
    Туатын кейін батыр көп,
    Сол мұқатар жауды деп,
    Елестер көзге сағымдай.
    Ей, Абылай, Абылай,
    Сөзімді тында тағы да-ай!
    Өзіңнен біраз жасы үлкен,
    Дөмпеш таудай басы үлкен,
    Жасыңда болған сырласың,
    Үлкен де болса құрдасың,
    Сексеннен аса бергенде,
    Қайрылмас қаза келгенде,
    Батырың өлді - Бөгенбай!
    Иманын айтып өлерде,
    Иекке жаны келгенде,
    Сәлем айтты үш қайта,
    Кеттім деп сізді көре алмай.
    Батырды қолдан өткіздім,
    Сәлемін міне жеткіздім.
    Жыламай тында, Абылай!
    Жараға жақсы қасқарар,
    Ойбайлап жаман бас салар.
    Көріспей айтты демеңіз,
    Осы еді біздің келген жай.
    Көзіңнің жасын тыя көр,
    Жақсылық бата қыла көр.
    Тағы да талай бақ берсін,
    Балаңа алтын тақ берсін,
    Бөгенбайдай жас берсін,
    Өлшеусіз мал мен бас берсін!
    Бөгенбай сынды батырдың
    Береке берсін артына-ай,
    Сабыр берсін халқына-ай.
    Жасаған ие жар болып,
    Бейіште нұры шалқығай!

  • @БекболатАбилдаев-е7ы

    Көзіме жас келіп отыр!

  • @РаушанБарлыбаева-о1у

    Богенбай мой предок в девятом колене.

  • @Auelbek-dk7vy
    @Auelbek-dk7vy 9 месяцев назад

    2024❤

  • @ЖасикМырзалиев
    @ЖасикМырзалиев 3 года назад +12

    Кайтадан Казакка хан сайлау керек канша нурланган султан болса да каранын баласы гой хан бола алмайды

    • @nvrhat
      @nvrhat 3 года назад +3

      Хан болса да, патша болса да бір отбасы билейді. Осы Нұрсұлтанның жүйесінен өтіп кетсек, бәрі жақсы болып республика болып 4 жылдан жаңа президент сайлап отырсақта ел жақсы болады

    • @СагингалиНурушев
      @СагингалиНурушев 3 года назад

      Оте дурыс айттын айналайын каранын урпагы болсын хан тукымы болсын Халык Ози тандап Сайласа ол халыкты тындайды ар облска султан тагайындап аудандардп киши султандар болса акылшы табылпды биздин Халык сауатты Оз акылын Ози биледи Оз жерин Ози коргай алады мен кой баккан адаммын менде билип отырмын халыкпен Калай жумыс жасауды аллам жар болсын

  • @ЗайгульКазыкешова
    @ЗайгульКазыкешова 3 месяца назад +2

    Табыннан шыктыма арғыннан шыкттыма барибир, өстіп бөлініп отырғанымызды көрсе көтімізді айыратын сияқтығо😅😅😅

  • @НурланАбиров-к9и
    @НурланАбиров-к9и 3 года назад +7

    Калмактар Дизлайк Койыпты

    • @qazaqtobet
      @qazaqtobet Год назад +1

      Кызгыздар 😁

  • @АбайАкбай-р9с
    @АбайАкбай-р9с 2 года назад

    💯💯💯💯

  • @qazarkereyt9631
    @qazarkereyt9631 3 года назад +9

    Жырды орындаған кім?

  • @oiynsalystyr5265
    @oiynsalystyr5265 4 года назад +5

    @baygobek , are you girl ?

  • @ЖанарысБакыткали
    @ЖанарысБакыткали Год назад +2

    Мына жырмен қоса , тілдің құдыретін кім түсінді.

  • @aqzoltaiagybai3197
    @aqzoltaiagybai3197 28 дней назад

    Мақам қалай аталады

  • @user-on888
    @user-on888 2 года назад +3

    Орындаушының есімі кім?

  • @КирТерен
    @КирТерен 3 года назад +3

    БОКЕНбай.

    • @myrzantolebialashqazaq5464
      @myrzantolebialashqazaq5464 3 года назад +3

      Бұл Қанжығалы Бөгенбай

    • @СагингалиНурушев
      @СагингалиНурушев 3 года назад

      Канжыгалы богенбай каракерей кабанбай шапырашты наурызбай уш батырым турганда казагымды жау алмас улы жузде Торе болган Толе би Каз дауысты Казыбек киши жузде айтеке уш биим турганда казагымды дау алмас деп букар жырау жырлаган

    • @КирТерен
      @КирТерен 2 года назад

      ​@@myrzantolebialashqazaq5464 Тусинегин анатилин туралы нол. Дурыс аты БоКенбай. БоКен деп кииктин еркегин айтады(Кейбирде Ак Бокен дейди. БоГен деген соз казакта жок. Сауатсыз Каранын бурмалап айтканы.. Ауели тилинди жатта, сосын мылжында.
      Тусиндир маган,"Боген" деге соз не мазмын былдидреди?. Сен сиякты шалалар адамнын динкесин куртады.

  • @СерикКистаубайев
    @СерикКистаубайев 2 года назад +1

    Руы Керейде батыр Жанибек! Керей хан жане Жанибек хан бир кезде болмаган Жанибек хан алтын орданын ханы Абылай ханнын атасы

    • @nurgalid5449
      @nurgalid5449 2 года назад

      Бұл жерде Жәнібек ханды айтып жатқан жоқ. Шақшақұлы Жәнібек батырды айтып отыр. Жәнібек хан ешқандай рудан шықпаған ғой. Ол төре ақсүйек Шыңғыс ұрпағын ғой. Не деп шатасып отсын сен?

    • @Нурлан-й7й2в
      @Нурлан-й7й2в 2 года назад

      @@nurgalid5449 Шақшақ Жәнібек емес. Керей ер-Жәнібек!

  • @РақымбекТ
    @РақымбекТ Год назад

    Бала кезімде бір ескі кітаптан төте жазудағы жазылған дәл осы нұсқасын оқып едім..кейін басқалардың өзгертіп айтып жүргенін(мұнда аты аталмаған батырларын қосып) естіп қалып жүрмін..Тархқа қяанат жасауға болмайдығой

  • @АкмаралНогайбаева-е5р

    Орындаушысы кім?

  • @КөкбөріҚизатұлы

    Орындаған кім екен?

  • @intelectintelect2082
    @intelectintelect2082 2 года назад

    Жыршынын аты кім екен

  • @АктауАктау-о9ц
    @АктауАктау-о9ц 2 года назад

    Шоханова Гульназ Орынбаевнаға Тиеберсін Ата-бабаларымыздың рухына Маңғыстау-5 тегі🕋🕋🕋

  • @sauranalashiaiev7381
    @sauranalashiaiev7381 Год назад +1

    казак ка жар астынан кастык кылагна орыс кытай калмак кыргзды кынатадй кырган Хас баһадүр бытыр бөген ер Ерасыл !!

  • @qazaqtobet
    @qazaqtobet Год назад

    Кызгызды ондырмай сабаганго...брак омир алма кезек немересын кыргыздар олтирды....

  • @КамалНажиманов
    @КамалНажиманов 4 года назад +7

    Оисаубол

  • @МухтарКазакстан
    @МухтарКазакстан 3 года назад +2

    Ыргагын келтире алмай отыргой. Созй жаксы. Ер адам айту керекко буны

    • @АлибекИдрисов-ю8щ
      @АлибекИдрисов-ю8щ Год назад

      Ер адамдар айта алмай турган шыгар.

    • @ДамешТогжуманова
      @ДамешТогжуманова 5 месяцев назад

      Иа Ер Адамдар! Сары Арканын! Макамымен,айткан жон! Мыкты, болар! Катындар, айткан Санин бузып, тур!😂

  • @taimovjolasbai1455
    @taimovjolasbai1455 2 года назад +1

    Әбілқаиырхан Абылаиханнан мың есе артық хан болыпты -оны жасырып аитпаиды -іздеп көр еңіздер болады

    • @sauranalashiaiev7381
      @sauranalashiaiev7381 Год назад

      ой мал быру аға быру йнсы 1745 жл өтсе Абылай 1781 отты ! несын салстрсын Абыла мен Нуралы тең бйлык кылган нуралын орстын иты болған

  • @koyshkaraBaizhuma9254
    @koyshkaraBaizhuma9254 3 года назад +1

    Бұл Үмбетай жыраудікі емес,Бұқар жыраудікі

    • @СагингалиНурушев
      @СагингалиНурушев 3 года назад

      Мумкин мумкин букар жырау толебидин акылшысы болды емеспе осындай осиеттерди урпакка жеткизип отырайык Арманда кетпеймиз замандастар

    • @ДуйсенБазилов
      @ДуйсенБазилов 3 года назад

      Ақтамьерді жырау найманнан Қабанбайдың қасында жүрген. Үмбетей жырау Бөгенбайдың қасында жүрген екеуі де Арғынның Қанжығалысы

    • @КуантканМектепбай
      @КуантканМектепбай 2 года назад

      Неге.Үмбетей жырау Бөгенбайдың жанында біраз жүрген

  • @kopekasarbay8388
    @kopekasarbay8388 3 месяца назад

    Бөгенбай қазасын Абылайға естірткен Үмбетей емес Бұқар жырау, тарихты бұрмалама.

  • @Жәке-й3е
    @Жәке-й3е 3 года назад +1

    Бұл жыр тарихи шындық емес шылғи өтірік .
    Абылай ханның өмір баяны мүлдем басқаша .
    Тарихты білп сөйлен .
    Болмаса артарыңды қысып жүрін .

    • @СагингалиНурушев
      @СагингалиНурушев 3 года назад +1

      Кешириниз жобасы дурыс Абылай хан Толе бидин ешкисин баккан жолбарысхан шейт Болган кезде сегиз жасында нагашысы атын билмедим кешириниз толеге акелип тапсырады тыгып уста осы бала болашакта хан тагына отырады деп жолбарыстын баласы касымханнын улы деп онсегизге кегенде шарыштын басын алады Жонгрлар Анда жургенде устап алып кетеди далада шилденин Кун асында шынжырлап устайды шарыштын айели кунде бетинн тукирип отеди касында он жасар кызы бар сонда Кыз абылайдын бетине тукирмейди козинин киыгымен карап отеди толеби абылайды алтын тас мусинге ауыстырып алады тас кудайга сонда Абылай тагы Бир затым бар ала кететин деп шарыштын кызын алып кетеди айели Зар ениреп калады куиеуимди олтирди кызымды тартып Алды деп казактар абылайдын биринши айели жонгар созимде жалган болса аллам кеширсин

    • @СагингалиНурушев
      @СагингалиНурушев 2 года назад

      @Куаныш Жумашев созинизди кайтып алғаныңыз жөн болар деп ойлаймын менин Ким екенимди билип кой....... Актобе де Шалкар деген ауыл бар маған карсы бок сөз айтпа бауырлар сол Шалкарды мекендеген ежелден тилеуменен кабак деген кауым бар тилеу атам батылардын дарасы Аты шыққан айт атамның баласы тилеу атам билеп тұрған кездери жыртылмаган кабактардын жағасы тыңдаңыздар созимди менин келеси кулли казак тилеу атама береси Түркістанда яссауйдын касында жатыр оның асыл сүйек денесі.мен боламын котибардын урпагы олда болған жигиттердин султаны Есетпенен Дарибайдай аулем бар Шалкаржактан ататугын нур таңым.Айгили каракулдай батыр атам алдына карсы келмес ешбир адам орыстардың ортасын как жарып бап Орынборда губернатордың басын алған.карадан хан болыпты калдыбайым созимнен жанылдырма бир кудайым озбекпенен казагымнын басын косып елине кызмет кылган ол әрдайым. Бабаларды жырға қосып шаттанам карсы шыккан калын жауға каптаган ели ушин шейт болган батырлар тилеу кабак аталармен мактанам........ Актобеден..... Сағынғали....тел .87054936147.......Куаныш мырза созинди кайтып ал котибардын аруағын козгама аузын кисайып кетеди

    • @СагингалиНурушев
      @СагингалиНурушев 2 года назад

      Тарихты билсендер маған жауап жазыңдар күтем барлығына жауап беруге дайынмын

  • @НуржанАлимбетов-ф5п
    @НуржанАлимбетов-ф5п 5 месяцев назад

    Ар барекелды

  • @user-jb7xj9vz8v
    @user-jb7xj9vz8v 2 года назад +2

    Жаксы терме. Бирак катынга бекер айткызган. Еркек адамнын даусымен айтылуы керек!

  • @user-jb7xj9vz8v
    @user-jb7xj9vz8v 2 года назад

    Еркек адамга айткызу керек. Катын лайыкты емес мундай толгпуга