Мансап қуып жүріп ата-ана болу бақытын кейінге шегеретіндер қатты көбейді

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 15 май 2024
  • БІЗДІҢ RUclips АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Елімізде ұрық сақтайтын клиникалардың қызметіне сұраныс артып келеді. Мәселен, бір ғана орталықтың өзіне айына 40-қа тарта отбасы өтішін түсіреді екен. Дені - мансап қуып жүріп ата-ана болу бақытын кейінге шегеретіндер дейді мамандар. Жасушаларды мұздату әдісінің қандай тиімді тұстары бар? Бағасы қанша? Әріптесім Диана Тұрлыбек толықтырсын.
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Алматыдағы 1 жыл бұрын ғана ашылған бұл экстракорпоралді орталықтың өзінде екі мың эмбрион құтыда сақтаулы тұр. Олар сұйық азотты, - 196 градус температурада тұрады. Сақтау мерзімі 200 жылға дейін барады дейді мамандар.
    ДИАНА ТҰРЛЫБЕК, тілші:
    - Ұрықты сақтау қызметіне әсіресе отбасын құруға асықпайтын 25 жасқа дейінгі жастар жиі жүгінеді екен. Тіпті, шетелде жүрген қандастарымыз Қазақстанға арнайы келеді дейді мамандар. Бұған елімізде экстракорпоралді ұрықтандыру құнының басқа мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда арзан болуы себеп.
    ӘЙГЕРІМ ДҮЙСЕНБАЕВА, РЕПРОДУКТОЛОГ ДӘРІГЕР:
    - Карьерамызды, белгілі бір жұмыстамын, профессор атағын иеленемін пока жүктілікті жоспарламаймын деген қыздар 35 жасқа дейін аналық ұрығын қатырып қояды. Шетелге қарағанда АҚШ-тан, Норвегиядан келеді ғой бізге , сол жақта мысалы өте қымбат.
    Репродуктологтардың айтуынша, жатырдан тыс ұрықтандыру кезінде бірнеше эмбрион пайда болады. Бірақ, оның бірі ғана әйелдің организміне салынып, қалғаны сақталады екен. Биоматериалды сақтау ақысы айына - 5 мың теңге.
    МИРАС НҰРМАНОВ, эмбриолог дәрігер:
    - Бұрынғы Эко бағдарламасына өткен жұптарға қарайтын болсаңыз оларда екіем немесе үшемдердің туылғанын байқайсыз. Себебі, ол кезде бізде қатыру технологиясы болған жоқ. Мысалға біз 5-6 клетка алып, одан 2-3 эмбрион шығатын болса,оларды сақтап қалуға бізде мүмкіндік болған жоқ. Пайда болған барлық эмбрионды әйел адамның организміне салып берген. Ал, қазір қатыру технологиясы пайда болғаннан бастап әйел адамға 1 эмбрионды тасымалдап, қалғанын сақтап қоя аламыз.
    Ал, Талдықорғандық Аккөңіл Қабылбекова ЭКО бағдарламасымен перзент сүйген аналардың бірі. Іңгәлаған сәби даусын есту үшін 1 миллион 200 мың теңге жұмсаған. Келер жылы тағы жасанды жолмен бала көтермек ойы бар. Дегенмен, ол елдегі қызметтің бағасы көптің қалтасын қағады дейді.
    АҚКӨҢІЛ ҚАБЫЛБЕКОВА, Талдықорған қаласының тұрғыны:
    - Барып салдырған кезімде,300 мыңнан асып кеткен 1 жылдық сақтау ақысы. Ол да қомақты ақша. Негізі,оңай емес, эмбриондар көп тұрып қалмасын немесе әйелдерге көмек болсын деп гранттар дайындайды. Соның өзі бізде ақылы ғой. Ол да кез келген әйелге берілмейді. Ол үшін сен 3-4 жыл күту керексің. Оған дейін сенің жасың келеді, эконың жасау уақыты аяқталады. 40-42-ге дейін жасауы мүмкін, одан кейін саған баласыз қалсаң да жасамайды мамандар.
    Статистикаға сүйенсек, елде 3 мың еркек пен 29 мыңға жуық әйел бедеулік есебінде тұр. 2021 жылдан бастап мемлекет басшысының бастамасымен «Аңсаған сәби» жобасы жүзеге асырылып келеді. Оның аясында елімізде жасанды жолмен ұрықтандыруға бөлінетін квота саны 7 мың. Десе де, ол қызмет түріне екінің бірі қолжеткізе алмайды. Тек бедеуліктің түрлі көрсеткіштері анықталған пациенттер ғана тегін ем ала алады.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии • 15

  • @galagala-fp5uz
    @galagala-fp5uz 18 дней назад +2

    Атам қазақ заманда естімегенді де естіп көретін болдық гой Алла сақтасын

  • @user-vi4jd4ij6g
    @user-vi4jd4ij6g 20 дней назад +9

    Инкубатор тауык сияакты алсиз бала паида боладыгои

    • @user-bg3qp1mv6w
      @user-bg3qp1mv6w 20 дней назад +1

      Ия дурыс екен Менин туысканым жасатты. Точно инкубатор

    • @user-wb3hd7fv3u
      @user-wb3hd7fv3u 20 дней назад +2

      Мен тегін және свежий қылып құйып беремін😂

  • @user-kc6nu7cb6y
    @user-kc6nu7cb6y 20 дней назад +3

    Қымбатқой🤔🇰🇿⚖️🇰🇿

  • @user-kc6nu7cb6y
    @user-kc6nu7cb6y 20 дней назад +2

    🤔🤔🤔🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿⚖️🇰🇿🤔🤔🤔🤔🤔🤔🤔🤔🤔

  • @user-oo4vz2we3f
    @user-oo4vz2we3f 14 дней назад

    Қымбат

  • @user-yn2hy8zx6z
    @user-yn2hy8zx6z 20 дней назад +2

    Озге улттыкын неге кабылдайды ертен ауысып кетып кащасы шыгадыгой руымыздын сактап кележатканымыз зая кетедыгой кабылдамасын озге улттардын тукымын

  • @BekSha
    @BekSha 19 дней назад +1

    Масқара ғой, ұятсыздар.
    Мына қатындар бастары істемейтін аурулар

  • @user-vi2tl6lx6g
    @user-vi2tl6lx6g 11 дней назад

    Акшасы барлар эко жасатады ақшасы жоқтар ше. Кезегі келем дегенше картаяды

  • @aktivaktiv-sg1zq
    @aktivaktiv-sg1zq 20 дней назад

    Өздеріңіз тұрмысқа шыққансыздар ма?

  • @user-mr5qy4ko7u
    @user-mr5qy4ko7u 20 дней назад +1

    Недеген надандық

  • @user-wj3mi1yf2w
    @user-wj3mi1yf2w 20 дней назад +1

    Құдай сақтасын ал,соны балаға айналдырғандар барма?өмірге келіп

  • @user-yn2hy8zx6z
    @user-yn2hy8zx6z 20 дней назад

    Быр мультик бар едыго жер жойылганда быр шардын ышынде тек такмак ышып кино коретын жумыстарды роботтар стейтын дал сондай адамдарга айналады болашагымыз солардан туылса 😂