Қ.Аманжолов " Дәриға сол қыз " орындаған Мұқият Асқар

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 15 сен 2024

Комментарии • 7

  • @СағатЗахан
    @СағатЗахан Год назад +1

    Керемет

  • @muhanusen8827
    @muhanusen8827 3 года назад

    Алға бөлем

  • @tunaserkhan7734
    @tunaserkhan7734 4 года назад +2

    Өңімде ме еді, түсімде ме еді,
    Көріп ем ғой бір армандай қызды...
    Бір нәзік сәуле күлімдеп еді,
    Сұрапыл соғыс соқты да бұзды.
    Сапырды дауыл, тебіренді теңіз,
    Тулады толқын,шайқалды шың-құз...
    Қып-қызыл өрттің ішінде жүрміз,
    Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?!
    II
    Оқ тиді келіп, қайратым кеміп,
    Барамын сөніп, келмейді өлгім!
    Тұрғандай сол қыз жаныма келіп,
    Талпына берді қайран жас көңілім!
    Барамын сөніп, барамын сөніп,
    Жұтар ма мені мына сұм соғыс?
    Арманым бар ма өлсем бір көріп,
    Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?!
    III
    «Келмейді өлгім, келмейді өлгім!
    Қайратым қайда, келші осындайда»,
    Дедім де тұрдым, жүгіре бердім,
    Қолымда найза шағылып айға.
    Жеңдік қой жауды, арман не, құрбым!
    Күркіреп күндей өтті ғой соғыс.
    Келемін қайтып, өлеңімді айтып...
    Қайда екен, қайда,дариға, сол қыз!
    I
    Өңімде ме еді, түсімде ме еді,
    Көріп ем ғой бір армандай қызды...
    Бір нәзік сәуле күлімдеп еді,
    Сұрапыл соғыс соқты да бұзды.
    Сапырды дауыл, тебіренді теңіз,
    Тулады толқын,шайқалды шың-құз...
    Қып-қызыл өрттің ішінде жүрміз,
    Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?!
    II
    Оқ тиді келіп, қайратым кеміп,
    Барамын сөніп, келмейді өлгім!
    Тұрғандай сол қыз жаныма келіп,
    Талпына берді қайран жас көңілім!
    Барамын сөніп, барамын сөніп,
    Жұтар ма мені мына сұм соғыс?
    Арманым бар ма өлсем бір көріп,
    Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз?!
    III
    «Келмейді өлгім, келмейді өлгім!
    Қайратым қайда, келші осындайда»,
    Дедім де тұрдым, жүгіре бердім,
    Қолымда найза шағылып айға.
    Жеңдік қой жауды, арман не, құрбым!
    Күркіреп күндей өтті ғой соғыс.
    Келемін қайтып, өлеңімді айтып...
    Қайда екен, қайда,дариға, сол қыз!

  • @beysenbeysenbay5986
    @beysenbeysenbay5986 5 лет назад

    Керемет орындау

  • @ИмяФамилия-н3ж7р
    @ИмяФамилия-н3ж7р 3 года назад +1

    Әуені тіпті мұндай емес кой Дариға сол қыз әнінің. Ең құрмаса нотаға салып айтпайсындар ма.

    • @Askar_Mukiyat
      @Askar_Mukiyat  3 года назад +1

      Қандай еді сіз білетін әуен маған салып жіберіңізші өтініш 87751347716 ватсап

    • @hadiwaaydjanova5350
      @hadiwaaydjanova5350 2 года назад

      Енді қандай еді, дұп дұрыс айтты ғой, мен қаншама естідім, бәрі бірдей осындай, керемет орындады Асқар бауырым, рахмет!