🇰🇿Дархан Зинекешов Бір көш кетіп барады көсемі көп

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 30 апр 2021
  • БІР КӨШ КЕТІП БАРАДЫ...
    Бір көш кетіп барады, көсемі көп,
    Тұлпары аз бұл көштің, есегі көп,
    Қанағатсыз, тойымсыз, пәс пенделер,
    Аларың көп қайтейін, есебің жоқ.
    Бір көш кетіп барады, батыры көп,
    Балтасы бар батырдың, ақылы жоқ,
    Мырзасынып біреулері мырс-мырс күліп,
    Мадақ айтқан қасында 'ақыны' көп.
    Бір көш кетіп барады, данасы жоқ,
    Ілескен жұрт артында панасы жоқ,
    Бір бай кетіп барады, кердең-кердең,
    Қатыны көп қасында баласы жоқ.
    Бір көш кетіп барады, жиғаны көп,
    Жұртқа тастап қалғанын симады деп,
    Ата-анасын зарлатып, еңіретіп,
    Ұрпақ кетіп барады иманы жоқ.
    Бір көш кетіп барады, түйесі көп,
    Мына көштің белгісіз иесі жоқ,
    Бір сөз кетіп барады, желмен ұшып,
    Киесі жоқ тыңдайтын, жүйесі жоқ.
    Бір көш кетіп барады, күймесі жоқ,
    Омырауы ашық қыздардың, түймесі жоқ.
    Сақалсыз шал, кемпірлер кимешексіз,
    Оймағы жоқ қолында, инесі жоқ.
    Бір көш кетіп барады, тілін білмей,
    Жаратқанын танымай, дінін білмей.
    Бір көш кетіп барады міне осылай,
    Бірін білсе өмірде, бірін білмей.
    Қолдаса деп бір Алла елімізді
    Қалған мұра бабадан жерімізді.
    Қасқыр намыс, қой мінез, қайран қазақ,
    Бірлікке төгейікші терімізді!
    Орындаған: Дархан Зинекешов🇰🇿

Комментарии • 232

  • @user-hn9gj3ho6t
    @user-hn9gj3ho6t Год назад +29

    Қазақтың мұңы мен намысын жеткізе білген өнеріңіз өз орнын таба берсін!
    Алла разы болсын , сізге!

  • @Alex-tr7fj
    @Alex-tr7fj Год назад +10

    Дареке мына термеңе көп рахмет! Бұны тыңдайтын, түсінетін қазақ болса, айтылған сөздер терең ойға қалдырады!

    • @user-nj8gv6ee9j
      @user-nj8gv6ee9j Год назад

      Керемет ! Аман болсын қазағымның өнері!

  • @user-ux1xe8lp5k
    @user-ux1xe8lp5k 2 года назад +25

    О́то́ ку́чту́у́ терме экен.Аманчылыкта бар болгула, казак туугандар!

  • @mergazykenzhebekov9202
    @mergazykenzhebekov9202 3 года назад +66

    Қошақан мен атың термеге көрік беріп нағыз қазақы болмысыңды толықтырып тұр.

  • @user-ix4fe5ic6j
    @user-ix4fe5ic6j 3 года назад +51

    Міне талант міне сері 👍👍👍Алла ғасыр жасауды нәсіп етсін ағасы

    • @darhanzinekeshov
      @darhanzinekeshov  2 года назад +2

      🙏🏻🤝🤝

    • @user-en8yy9uy5v
      @user-en8yy9uy5v 9 месяцев назад +1

      Домбраны харам деп айтқандар арам өлсін

  • @user-kt6zm9ln6f
    @user-kt6zm9ln6f Год назад +3

    ЖАСА ҚАЗАҚ
    ЖАС қазақ жас қазақ АҚ ҚАЗАҚ БОЛАЙЫҚ Нақ ҚАЗАҚ БОЛАЙЫҚ Нақ ҚАЗАҚ 🤲🤲👌♥️♥️♥️

  • @taskynkurmangali8711
    @taskynkurmangali8711 3 года назад +44

    Жылаттынгой кокетай!!!!!((( Битпесинши деп едим бул термениз, омирде сиз еш жамандык кормениз, казагымнын мунын жырлау токталып, коркейгенсон нурын жырлайм десениз..канаттанып кокке ушып желдей тулап есемиз, биз болашак жастары кайратты боп осемиз....Аллах Бир кез жеткизсин деп Сол кунге, казак халкы аминь деп бата етемиз

    • @darhanzinekeshov
      @darhanzinekeshov  2 года назад +1

      🙏🏻🤝🤝🤝ассалаумагаликум

  • @ernurkarin3893
    @ernurkarin3893 3 года назад +18

    Керемет ., дарындар ауылда жүр.Панаграмасыз таза дауыс..Қазырғы кездің жырауы ғой.

    • @darhanzinekeshov
      @darhanzinekeshov  2 года назад

      🙏🏻🤝🤝🤝

    • @jumajansayram1310
      @jumajansayram1310 9 месяцев назад

      Сенің қарапайымдылық өте маған жақын,бір туғанымды көріп отырғандай күй

  • @user-zn1ce4xd6s
    @user-zn1ce4xd6s Год назад +8

    Халықтың мұңын анық жеткіздің інім.Алла бағыңды ашсын!

  • @user-hh5kz4qi5u
    @user-hh5kz4qi5u 3 года назад +42

    Өркенің өссін, Аллаһ разы болсын, жарайсың.

    • @katyakusantayeva1857
      @katyakusantayeva1857 3 года назад +3

      Создери откир., тикендей журекке кадалыптур. Ракмет.

    • @user-xm1bk6hm2k
      @user-xm1bk6hm2k Месяц назад

      Қазекеңдердің қазіргі өмір сүріп жатқан заманды суреттеген терме!!!

  • @gulnarzhalmu476
    @gulnarzhalmu476 3 года назад +38

    Қандай керемет əн жарайсыз аллам қуат берсін сізге

  • @user-zp3db8th8d
    @user-zp3db8th8d 3 года назад +21

    Осы бауырымды қайта қайта тыңдаймын еш жалықпаймын. Керемет орындау. Жарайсың. ✊

  • @nurdinabdullaev4696
    @nurdinabdullaev4696 Год назад +9

    Абдан сонун керемет!! Кайран жаштыгым эсиие тушту Минскийден салем 🇰🇬

  • @Armani-ui2vd
    @Armani-ui2vd Год назад +14

    рахмет !!оркенiн оссiн алла омiр берсiн

  • @user-tt7zk3yl4o
    @user-tt7zk3yl4o Год назад +4

    Жарайсын БАУЫРЫМ оте КЕРЕМЕТ дауыс

  • @user-wm2ee1eo3q
    @user-wm2ee1eo3q 2 года назад +8

    Рахмет бауырым домбыра қолыңнан түспесін

  • @user-xr1tj5fp5f
    @user-xr1tj5fp5f 2 года назад +8

    Өте керемет,, Алла разы болсын

  • @user-iz9fd3xk3f
    @user-iz9fd3xk3f 2 года назад +10

    Керемет нағыз әнші

  • @user-jo4pb3bb1y
    @user-jo4pb3bb1y 3 года назад +20

    КЕРЕМЕТ
    КИЕЛІ ҚАЗАҒЫМ. АМАН БОЛСЫН

  • @janfelix455
    @janfelix455 3 года назад +34

    УАҚ руы, жауынгер руы!💪🇰🇿

    • @jazirakozahanova2542
      @jazirakozahanova2542 2 года назад +1

      Жасасын,Уақтарым❤😘

    • @user-mr9vy8wn6h
      @user-mr9vy8wn6h 2 года назад +2

      Уакпа не менын бауырм екенгой,басе журегым жакын тартып еды

  • @user-mr9vy8wn6h
    @user-mr9vy8wn6h 2 года назад +11

    Ешкандай бояамасыз панограмасыз табиги дауыс ,нагыз таланыт кандай тамаша орындау тоглып тур👍👍👍АЛЛА рыза болсын бауырым.

  • @slbek710
    @slbek710 5 месяцев назад +1

    Мне нагыз шынайын ан. Даланы тебирентип тур. Шулат алемнин бузып тыныштгын домбыранмен бауырым.

  • @user-md4ez7pj4t
    @user-md4ez7pj4t 3 года назад +12

    Жарайсың

  • @medetiuysupov606
    @medetiuysupov606 2 года назад +9

    Жарайсың бауырым Талдықорғанның жігіттерінен сәлем

  • @user-dl4ke8ki7l
    @user-dl4ke8ki7l 2 года назад +10

    Көзді жастан тиа алмадым👍🇰🇿

  • @kenzhebekaltay484
    @kenzhebekaltay484 3 года назад +29

    Әп-бәрекелді ағасы. Тағы термелеріңізді салып тұрыңыз

  • @user-lz7ql6sx9r
    @user-lz7ql6sx9r Месяц назад

    Не деген керемет орындау ! Тұлпары қасында, кең дала, дархан далада ән шырқап ! Тыңдайтын құлақ болса 😢😢😢

  • @maksmaksim990
    @maksmaksim990 Год назад +6

    Алла берген нағыз дарын.

  • @user-nw4dg4nl6y
    @user-nw4dg4nl6y 3 года назад +7

    Естіген құлақта не деген өнегелі сөздер, осыны ұғып, саралап, ойланатын кез келді ғой. Әттең-ай...

  • @ilyassultanov
    @ilyassultanov 2 года назад +7

    Не деген керемет орындау,керемет корыныс.аман бол бауырым

  • @user-ny1kf6jb4x
    @user-ny1kf6jb4x 2 года назад +9

    ЖАРАИСЫН БАУЫРЫМ !!!

  • @user-fm5yz5uq3m
    @user-fm5yz5uq3m Год назад +2

    Керемет

  • @abdullajanzakov206
    @abdullajanzakov206 3 года назад +14

    Жарайсың бауырым керемет терме айтып ютубқа салып тұр 🇰🇿🐪🐫🐫🐪🐪🐪🐫

  • @user-ui5kp2xw3d
    @user-ui5kp2xw3d Год назад +5

    Керемет, нағыз талант

  • @baht7193
    @baht7193 2 года назад +6

    Нағыз керемет ! Нағыз өз қазағымыз !
    Деніңе саулық !
    Ұнатпағандар !
    Бұл видеоға дизлайк басқандар ! бармақтарың сынсын

  • @user-tw3gm3yc3y
    @user-tw3gm3yc3y Месяц назад

    Керемет дауыс карапайым нагыз дауыс...,😢❤❤❤❤ташкенттен жалынды Салем,

  • @user-mt4du9km4i
    @user-mt4du9km4i 2 года назад +2

    Жарайсың бауырым.

  • @user-dl4ke8ki7l
    @user-dl4ke8ki7l 2 года назад +6

    УАҚ руы аз болсада жауынгер ☝️

  • @user-rq5yg8sc5e
    @user-rq5yg8sc5e Год назад +2

    Дәл қазіргі заманымызға айтылғандай!

  • @user-od1ik3gi8k
    @user-od1ik3gi8k 2 года назад +4

    Жылатады гой тумар. Нагыз талант.

  • @user-uo4fe8ws2n
    @user-uo4fe8ws2n Год назад +1

    Казактын. Сенде и. Батырлары
    Коп. Болса. Ширкын. Рахмет

  • @Seejsjz
    @Seejsjz 2 года назад +8

    Нағыз талант, тұнық дауыс

  • @user-lj6pq8sp1p
    @user-lj6pq8sp1p 3 года назад +8

    Домбыра тартқаның керемет даланың сарыны бар

  • @sanatsaduakasov2488
    @sanatsaduakasov2488 3 года назад +24

    Керемет нагыз талант екенсиз Алла Разы болсын сизге

  • @user-qv6te8sk8s
    @user-qv6te8sk8s Год назад +2

    Апырмай бауырым ай, жүректегі түйінді қозғадың ау. Қайран қазақ, естір құлақ болса айтудай айтылған екен. Ғұмыр жасың ұзақ болсын болсын бауырым.

  • @xiaomi5plus589
    @xiaomi5plus589 3 года назад +17

    Өзекті өртейтін шындық бар
    Шарасыз күйде калдык па

  • @rtu886
    @rtu886 Год назад +2

    Қара тасты қарс айырған асыл болат қанжардың жүзіндей- ау, қайран қазағымның мұңы, әні, сөзі, шері....!!!
    Арғын түгілі қалың қазақтың данасына айналған Абай атамыз осыны айтып, жырлап өтпеді ме?!

  • @user-rp8mm1cu4m
    @user-rp8mm1cu4m 2 года назад +2

    Мықты керемет күшті тыңдай бергің келеді

  • @user-un1qw1vt7n
    @user-un1qw1vt7n 2 года назад +6

    Бәрекелді
    Тұнық, әдемі даусыңыз бен қарадомбыран әнгымен жарасып тур, ауылда ән айтыңызшы домбраңмен, әсіресе табиғатта әдемі көрініс, жаныңызды атынызбен

  • @user-ss2tb9ne1g
    @user-ss2tb9ne1g 3 года назад +9

    Керемет жасай бер мен уктын жиени едим куанып отырмын

  • @zhannakaslin8919
    @zhannakaslin8919 3 года назад +9

    Керемет алла жар болсын

  • @user-bf7hz1lm8u
    @user-bf7hz1lm8u 3 года назад +6

    Тамаша ,кереметко.Даусыннан айналайын

  • @user-uc1ve4bv8s
    @user-uc1ve4bv8s Год назад

    Дархан інім өнерің рүстем болсын домбыраны оңды солды керемет тартасың екенсің даусың керемет

  • @user-rm1vd7kh1s
    @user-rm1vd7kh1s 3 года назад +10

    Керемет!

  • @user-kz6jv4ph3u
    @user-kz6jv4ph3u 2 года назад +9

    Жарайсың !!Сөзі не деген керемет ,адамға ой салатын.Нағашыларым уақ орта жүз ,шетінен әнші ,биші🙏👍

  • @qazaqnomad2849
    @qazaqnomad2849 3 года назад +6

    Көп жаса!

  • @user-ti9cp2hr6l
    @user-ti9cp2hr6l Год назад +1

    Өте керемет👍👍👍👍👍

  • @user-to3jc1bw7b
    @user-to3jc1bw7b 7 месяцев назад

    қозыға қарасам концертте отқандай жатырғой ең болмаса әншіні силап отырып тыңдаса боладығой😊!
    Алла жасыңды ұзақ қылсын бауырым!

  • @user-td5xr8cw5x
    @user-td5xr8cw5x Год назад +2

    Баланың жақсысы нагашыдан деушеді

  • @user-yg5tu1tw4g
    @user-yg5tu1tw4g 3 года назад +10

    керемет бауырым ✊

  • @user-fg1xm2cq2q
    @user-fg1xm2cq2q 2 года назад +1

    уақ туысқанларыңнан 🤝💪💪💪💪💪💪💪💪👍👍👍👍👍👍👍👍🤗

  • @user-cf2ih3dd7k
    @user-cf2ih3dd7k Год назад +1

    Қазағымның тума таланттары осылай жүр,Ал тамыр таныс фонаграммамен типа жұлдыз болып жүр.Даусың керемет екен Бауырым.

  • @user-de1wb8vi1w
    @user-de1wb8vi1w 2 года назад +4

    Тамаша, мықты орындау алла разы болсын бауырым

  • @user-yb4wf8gr5r
    @user-yb4wf8gr5r 3 года назад +14

    Сөз жоқ. Керемет

  • @nurlybekbeisengaliev4521
    @nurlybekbeisengaliev4521 2 года назад +2

    Гажап бауырым.Аллах гумыр берсин.

  • @user-mr4wu2fc3u
    @user-mr4wu2fc3u 2 года назад +1

    Казак нагыз сауболшы

  • @nejdumanli2556
    @nejdumanli2556 2 года назад +3

    Selamlar arkadas,
    It was really nice
    I’ve understand %70
    Enjoyed
    Thanks very much.

  • @user-db2qf6rt7q
    @user-db2qf6rt7q 2 года назад +1

    Өте тамаша жаса Қазақ 👍👍👍

  • @amanzholzhamansarin9640
    @amanzholzhamansarin9640 Месяц назад

    Дауысыңнан айналдым інім, АЛЛА ЖАР болсын.

  • @user-go9sk8qn2p
    @user-go9sk8qn2p 11 месяцев назад

    Тамаша. жаным бір сүйсінді-ау.ризамын бауырым.

  • @user-ej3ig8bh2q
    @user-ej3ig8bh2q Год назад +1

    Керемет орындалды

  • @madiartokkarin3452
    @madiartokkarin3452 3 года назад +4

    Дархан баурым жарайсн айт кабл болсн уак костанай аудан узунголь

  • @user-ho8po2lt8y
    @user-ho8po2lt8y 3 года назад +26

    Поёте классно и играете на домбре. Респект... Молодец, КАЗАХ!!!

  • @user-tk2cc7jl2q
    @user-tk2cc7jl2q Год назад

    Нағыз ер азаматтың образы! Жұбайыңыз қалай мақтаныш етсе де болатын шығар.

  • @timurkulymbetov4720
    @timurkulymbetov4720 3 года назад +6

    бауырым тек қана вперед

  • @user-kj5ew6pd7q
    @user-kj5ew6pd7q 2 года назад +3

    Барлық жақсылыққа лайықсың аға көп коп шығып тұрсаңыз.

  • @weyatturn4926
    @weyatturn4926 3 года назад +7

    Казирги заманның байсымактарына айтылған ән ғой.Еститин кулак болса

  • @user-pu3cg5je6d
    @user-pu3cg5je6d 2 года назад +4

    Әдемі 👍🤝

  • @user-gt3if3vg3b
    @user-gt3if3vg3b 6 месяцев назад

    Кошаканнын аяагы уйып калмасын.Байлап ели биреу устап отырган шыгар деп ойлайм.азилдеимго. Термеме олен димизбе жаксы,орындаушыда барынша жаксы орындауда. Бирак осыган озимизде тындаушыда амал етип жатканымыз 100%5 иа болмаса 4 % шыгар ка заманда.

  • @user-te1zd4jw3u
    @user-te1zd4jw3u Год назад

    керемет көрініс, нағыз ауылдың иісін шығардың

  • @user-qm5te1fr8v
    @user-qm5te1fr8v 2 года назад +1

    Жылаттыңау, жүрегімоуууу ауырды. Әкімдер, депуттатттар тыңдаса

  • @user-ne1dn3zr4d
    @user-ne1dn3zr4d 10 месяцев назад

    Керемет орындау жүрекке жетті

  • @user-nw9kp4ld7t
    @user-nw9kp4ld7t 3 года назад +8

    Керемет бауырым шырқай бер.

  • @user-th6uh7be5d
    @user-th6uh7be5d Год назад +2

    Алла разы болсын бауырым шынында да бір көш кетіп барады сен айтқандай,келешек қоркынышты болып тур, урпақтың жағдайы не болады,халықтан қорқатын ел басшылары,жалтақтаған,жумыссыз жастар ойланбайтын халықка жаны ашылмайтын басшылар қоркынышты...?Бул зарымызды кім тыңдайды...?

  • @user-be3zz8hn1u
    @user-be3zz8hn1u Год назад +1

    керемет аман бол сау бол братан

  • @user-wo5un6fl1t
    @user-wo5un6fl1t 10 месяцев назад

    Ой бәрекелді бар бол аман бол бауырым

  • @darhanzinekeshov
    @darhanzinekeshov  3 года назад +10

    Көп көп рақмет сіздерге де 🇰🇿

    • @user-vq9qh4wu3k
      @user-vq9qh4wu3k 3 года назад

      Ассалаумағалейкум бауырым. КЕРЕМЕТ

    • @user-yl2vw9bm5b
      @user-yl2vw9bm5b Год назад

      Өте тамаша табиғи дауыс екен өткенде Тоқтар осы өлеңнің дал дұлын шығарды көтін әр түрлі гүлдетіп .👍👍👍👍👍

  • @user-vb6kx6xf7q
    @user-vb6kx6xf7q 3 года назад +9

    Өте керемет бауырым!

  • @user-dl6zs4jk7t
    @user-dl6zs4jk7t 2 года назад +1

    Ас салам алейкум бауырым керемет айттың қолың дерт көрмесін

  • @user-vx1lg6pr2b
    @user-vx1lg6pr2b Год назад

    Жарайсың бауырым қазағым

  • @erbolatbekmagan2160
    @erbolatbekmagan2160 2 года назад +1

    Бәрекелді

  • @user-qm1hy9lb9q
    @user-qm1hy9lb9q Год назад

    Мыне азамат бәрекелді бауырым

  • @user-zs3gz5ex7v
    @user-zs3gz5ex7v 3 года назад +9

    Уағым,шуағым аман бол...

    • @jazirakozahanova2542
      @jazirakozahanova2542 2 года назад +2

      Уақтарым ,жасап ,жайнап ,өне беріңдер💋😘❤

    • @jazirakozahanova2542
      @jazirakozahanova2542 2 года назад

      Уағым, күншуақтарым😘❤

  • @user-gv6kf3fg7f
    @user-gv6kf3fg7f Год назад +1

    Ассалаумагалейкум осы Кытай казактары негизи таза казактарше коп жерден байкадым

    • @user-ov4jb7dw5g
      @user-ov4jb7dw5g Год назад +1

      Казакстаннын казагы Шалкардики

    • @user-no3bf8fb8b
      @user-no3bf8fb8b 2 месяца назад

      ​@@user-ov4jb7dw5gАқтөбенің Шалқар ауданынан ба?

  • @XandiyaShegebaeva-ly2uh
    @XandiyaShegebaeva-ly2uh Год назад

    Рахмет жараисан.каракалпакстаннан салем

  • @viktorreich8873
    @viktorreich8873 2 года назад +2

    Super.... 👍👍👍

  • @user-yb1ie6xi9o
    @user-yb1ie6xi9o Год назад

    Тоқтар Серіков жолда қалдырдың бауырым

  • @user-gz1um5xl1b
    @user-gz1um5xl1b 3 года назад +6

    Жарайсың бауырым аман бол.

  • @user-ki1oq3ef5n
    @user-ki1oq3ef5n 7 месяцев назад

    Жарайсын бауырым❤❤❤❤❤

  • @shakerbanumyrzakhanova6321
    @shakerbanumyrzakhanova6321 Год назад

    Керемет,керемет👆👍👍👍👏👏