Бір көш кетіп барады Бір көш кетіп барады, көсемі нұр, Тұлпары аз бұл көштің, есегі көп, Қанағатсыз, тойымсыз, пәс пенделер, Аларың көп қайейін, есебі жоқ. Бір көш кетіп барады, батыры көп, Балтасы бар қолында , ақылы жоқ, Мырзасынып біреулері мырс-мырс күліп, Мадақ айтқан қасында "ақыны" көп. Бір көш кетіп барады, дана жоқ, Ілескен жұрт артында панасы жоқ, Бір бай кетіп барады, кердең-кердең, Қатыны көп қасында баласы жоқ. Бір көш кетіп барады, жиғаны көп, Жұртқа тастап қалғанын симады деп, Ата-анасын зарлатып, еңіреткен, Ұрпақ кетіп барады иманы жоқ. Бір көш кетіп барады, түйесі көп, Белгісіз мына көштің иесі жоқ, Бір сөз кетіп барады, желмен ұшып, Киесі жоқ тыңдайтын, жүйесі жоқ. Бір көш кетіп барады, күмесі көп, Омырауы ашық қыздардың, түймесі жоқ. Сақалсыз шал, кемпірлер кимешексіз, Оймағы жоқ қолында, инесі жоқ. Бір көш кетіп барады, тілін білмей, Жаратқанын танымай, дінін білмей. Бір көш кетіп барады міне осылай, Бірін білсе жалғанда, бірін білмей. Қолдаса деп бір Алла елімізді, Бабадан қалған мұра жерімізді. Қасқыр намыс, қой мінез, қайран қазақ, Бірлікке төгейікші терімізді. Бөлісу:
Алла жар болсын, омиринде бакытты бол
Урпагын акылды, парасатты болсын
Бір көш кетіп барады
Бір көш кетіп барады, көсемі нұр,
Тұлпары аз бұл көштің, есегі көп,
Қанағатсыз, тойымсыз, пәс пенделер,
Аларың көп қайейін, есебі жоқ.
Бір көш кетіп барады, батыры көп,
Балтасы бар қолында , ақылы жоқ,
Мырзасынып біреулері мырс-мырс күліп,
Мадақ айтқан қасында "ақыны" көп.
Бір көш кетіп барады, дана жоқ,
Ілескен жұрт артында панасы жоқ,
Бір бай кетіп барады, кердең-кердең,
Қатыны көп қасында баласы жоқ.
Бір көш кетіп барады, жиғаны көп,
Жұртқа тастап қалғанын симады деп,
Ата-анасын зарлатып, еңіреткен,
Ұрпақ кетіп барады иманы жоқ.
Бір көш кетіп барады, түйесі көп,
Белгісіз мына көштің иесі жоқ,
Бір сөз кетіп барады, желмен ұшып,
Киесі жоқ тыңдайтын, жүйесі жоқ.
Бір көш кетіп барады, күмесі көп,
Омырауы ашық қыздардың, түймесі жоқ.
Сақалсыз шал, кемпірлер кимешексіз,
Оймағы жоқ қолында, инесі жоқ.
Бір көш кетіп барады, тілін білмей,
Жаратқанын танымай, дінін білмей.
Бір көш кетіп барады міне осылай,
Бірін білсе жалғанда, бірін білмей.
Қолдаса деп бір Алла елімізді,
Бабадан қалған мұра жерімізді.
Қасқыр намыс, қой мінез, қайран қазақ,
Бірлікке төгейікші терімізді.
Бөлісу:
Керемет, халқымның қазіргі хәлі осы ғой. Амалым жоқ...
Ай бәрекелде жасай бер✊✊✊
Красавчик токтар брат
Халқымның қазіргі халін жырға қосыпсыз. Жырлайтын хәл, жылайтын хәл мына хәліміз.
Токтар осы бетиннен токтама ✊
Мықты ✊️
Жаным агам керемет
Алла раз болсын! Тохтару
Рас!🔥🔥🔥
Ассалаумағалейкум агалар!
Маргулан ага ма отырган?
Мен де ұқсаттым
Ия
Тоқтар - мықты жансыз!
Керемет ән Тоқтар туралы ештеңе айталмаймын
Маргулан тындап болгасын ал енди Дженнифер Лопес пен Шакира билеп берсин дима
🎉🎉
😢😢😢 Қасқыр намыс, қой мінез
Сорлы қазақ... мына сайлаулан кейін, сорлы болмағанда КІМ БОЛДЫҚ???
Термеге гитараны қоспандаршы домбыраны ң үнін бұзады
Гитарадағы жігіт өлтірді қалай келтірдің братааааан
👆
Қайран алаш арстандары, зарың өтіп барады мына қазағыңа. . . .
Анау гитарамен әбден жағалаласып нервқа тиді бұзау .
Гитара кедергі жасаганы ай. Тыныш отыра алмайтын адам екен
Жаса!
Токтар
Сүелектер
Аланда айтпагасын тыгылып далада айтады коркак нуршегертке НурТузиктер
Біздің әншілер циркке арналған
Айтып жүр ғой.Әнші осылай деткізеді халыққа,сөзімен,әнімен