Омар Жәлелұлы: Қазақ есін жинау үшін Абайды оқу керек!

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 30 окт 2022
  • #Абай #Жидебай #ДинараСатжан #ОмарЖалел
    Өмірінің соңғы 12 жылын Абай Жидебайда өткізді.
    Абайдың үйіне бару менің арманым болған. Жай бір өзім саяхаттап емес, арнайы абайтанушы ғалыммен.
    Омар Жәлелұлы 35 жыл бойы Абайды зерттеп келеді.
    Абай туралы бәрін біледі: отбасын, тұрмысын, ойын, күн тәртібін, қызығушылығын, уайымын, шығармашылығын, өмірлік ұстанымын.
    Омар Жәлелұлы айтқандай:
    “Қазақ есін жинау үшін Абайды оқу керек”!
    Осы сілтеме бойынша сіз Жидебайдағы Абай үйін көре аласыз👇
    my.treedis.com/tour/abai
    00:01:46 Еркежан
    00:01:57 Қыстау
    00:02:48 Үй өзгермеген
    00:03:05 19 ғасыр
    00:03:19 Абай тыныштық тапқан
    00:04:15 Абайдың үйі
    00:05:19 Абайды 35 жыл зертеп жүрмін
    00:06:21 Әскерде "Абай жолын" оқып, жыладым
    00:07:40 Адамның махаббаты оянса
    00:09:38 Абайдың құпиясы, жұмбағы
    00:10:10 Абай өзінің жүрегінің көзін аша білген
    00:11:19 Жүрек таза болу керек
    00:13:00 Конфуций
    00:13:50 Байлық
    00:15:16 Ғылым
    00:16:19 Қара сөздер
    00:18:39 Еркежан жағдай жасап қойған
    00:21:36 Орыс тілі
    00:24:43 Абай орыс тілді 4 ай оқыды
    00:29:37 Қара сөздер - бизнес
    00:31:27 Мен жарлы емеспін, мен зарлымын
    00:31:31 Абайдың трагедиясы неде?
    00:35:30 Абайдың балалары
    00:39:25 Абай 17 жасында әке болады
    00:40:15 Мағауия Абайұлы
    00:46:03 Мен Құнекеңді жылап отырып жаздым
    00:48:00 Шошала
    00:58:51 Абай өнерді жақсы көрген
    01:00:15 Ницше
    01:00:58 Қолы ашық болған
    01:02:11 Абай әрі би ғой
    01:03:09 Абайдың ұстазы
    01:07:47 Шәкәрім
    01:13:28 Абай дәулетті болды
    01:15:47 Тони Роббинс
    01:20:20 Өзбекәлі Жәнібеков
    01:20:45 Қазақ есін жинау үшін Абайды оқу керек

Комментарии • 1,2 тыс.

  • @user-he4nh6ww5b
    @user-he4nh6ww5b 11 месяцев назад +15

    РАҚЫМ ЕТ Омар Жәлел❤Динара Сатжан
    Қазақтың баға жетпес Абайын айтып миымызға құйған ❤

  • @user-gn6yy4th2f
    @user-gn6yy4th2f Год назад +810

    Мен қазақ тілінің мұғалімімін. Бұндай сұхбаттар қазақ еліне өте керек. Динара, қазақ тілінің дамуына үлкен үлес қосып жатырсыз. Мың алғыс❤

    • @user-lr4ye7hn8s
      @user-lr4ye7hn8s Год назад +11

      Маған қазақ тілінен мұғалімі керек, сізбен мессенджер арқылы қалай сөйлесуге болады?

    • @ddqazaqqizi4660
      @ddqazaqqizi4660 Год назад +11

      Мектепте он жыл оқығанда ешқандай мұғалім осылай түсіндірмейтін. Жаттап алып айтып берсең болды 5 қойып бере салатын.
      Босқа кеткен уақыт - ай !

    • @user-zf3ue3cr6o
      @user-zf3ue3cr6o Год назад +1

      Дурыс айтасыз ❤

    • @anel5789
      @anel5789 Год назад +10

      @@ddqazaqqizi4660 дұп-дұрыс айттыңыз. Әр пәнді оқытушы өз саласын баланы қызықтыра отырып, оқытқанда қалай болар еді. 45 минут әдебиет пәнін осылай өткізсе, балалар ұғымтал зерек қой қағып алушы еді.

    • @user-gp9gg7di1t
      @user-gp9gg7di1t Год назад +2

      Какраз

  • @auyl_village
    @auyl_village Год назад +8

    Динара ханым Омар Жәлелұлымен керемет сұхбат болды. Рақмет!

  • @asselabilbaky4280
    @asselabilbaky4280 Год назад +81

    Керемет Абай атамыздың үйінің өзінен алынған сұқбат ерекше ыстық көрінеді. Америкадан баршанызға салем. Қазақтан мықты ақылды ел жоқ!!!

  • @user-fe5xx9np9t
    @user-fe5xx9np9t Год назад +73

    Омар сияқты білімді, елін, тілін жан-тәнімен сүйетін, Абайын құрметтейтін азаматымыз бар, тәубе, осындай қазақтың ұлдары көп болсын! Омар Жәлелұлы аман болыңыз, қазақтың маңдайына біткен біртуар ұлы! Динара сізге сәттілік тілеймін!

  • @user-wo4fe3xc4k
    @user-wo4fe3xc4k Год назад +102

    Керемет Динара, Дұрыс бағытқа жол алдыңыз! Қазақша сөйле! Недеген әдемі өз тілімізде сұхбат.

  • @shyngysserikbaev7142
    @shyngysserikbaev7142 Год назад +79

    Өте жақсы сұқбат болды. Динара ханым кәзіргі жастарға осындай рухани ақпараттар қажет. Керек уақытта, керек дүниені көрсетіп жатқаныңызға мың алғыс 👌🇰🇿

  • @azhartalantkyzy
    @azhartalantkyzy Год назад +55

    2 рет қайталап көрген ең құнды сұхбат болды! Өзім Семейденмін, Абайдың шығармашылығын 6-сыныптан ерекше сүйіп оқимын.
    Көңілім толып, ойымды жинақтап, денем түршігіп керемет сезімде отырмын. Ризамын Сіздерге!
    Осы сұхбатты әр қазақ көріп, ой түйсе екен…

  • @meirambekw
    @meirambekw Год назад +49

    Абай атамызға махаббатым артып кеттіғой. Рақмет сізге және Омар ағаға👍👍

  • @aimanomarbekova3955
    @aimanomarbekova3955 Год назад +32

    Абайды таныған, зеріттеген Омар мырзаның өзін тану, түсіне білу керек.

  • @kamilakokabi2780
    @kamilakokabi2780 Год назад +253

    Абайды таныған қазақтар көбейе берсін🌺🌺🌺

    • @zhannaaskarova957
      @zhannaaskarova957 Год назад +5

      Аумин 😇

    • @jandeveloper
      @jandeveloper Год назад +3

      Ол үшін адам дініміз Исламды тану керек. Мен де бұрын Абай атамызды түсінбейтін едім, дінге келіп көзім шайдай ашылды, Абай атамызды түсіндім.

    • @user-ug9sj1yo3w
      @user-ug9sj1yo3w Год назад +3

      Аумин 🤲❤️

    • @user-sn1ro4kc2r
      @user-sn1ro4kc2r Год назад +1

      Аитканын,, келсын, Аумин,

  • @user-cx5ix2wt6n
    @user-cx5ix2wt6n Год назад +21

    Алла, Омар ағаны екі дүниеде бақытқа кенелтсін! Бəрекелді!

  • @user-il8bi9eg3o
    @user-il8bi9eg3o 7 месяцев назад +1

    БССМИЛЛА РАХМАН РАХИМ АЛЛАНЫҢ МЕЙІРІМІ ШАПАҒАТЫНА БӨЛЕНІҢІЗДЕР , РАХМЕТ ОМАР ЖӘЛЕЛ АҒАЙ ДҰРЫС БӘРЕКЕЛДІ , АҚЫСЫЗ ЕМ ЖАСАЙТЫН АҚ АНА РУХАНИЯТ ЕМДЕУ ОРТАСЫНА ТҮС ЖҮЙЕСІМЕН БАРҒАНМЫН ЗЕИНЙКАМАЛ ҚАРЖЫМБАЙ ҚЫЗЫ АҚ АНА РУХАНИЯТЫНА БАРУ КЕРЕКПІЗ , ӨЗДІГІҢІЗДЕН , БАЙЫРҒЫ , ӨЗІҢІЗГЕ ОРАЛА АЛМАСАҢЫЗ , РАХМЕТ АҒАЙ РАХМЕТ РАХАТЫН ӘЛЕММЕН БІР КӨРГЕНГЕ ЖАЗСЫН ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫЛЫҒЫН

  • @nazekazholserikova4668
    @nazekazholserikova4668 Год назад +113

    Омар ағаның әр сөзінің құндылығы жоғары😍
    ТТБ сұхбаты өте күшті❤

  • @NAUKENN
    @NAUKENN Год назад +89

    Біраз көзімізді ашқандай. Үлкен рахмет сіздерге.

  • @dinadina1407
    @dinadina1407 Год назад +53

    Адамды сүй, Алланың хикметін сез. Не қызық бар өмірде одан асқан🌹 Омар ағамызды тыңдай бергің келеді ғой шіркін. Динара, үлкен рахмет арнайы аяғымыз баспаған, көз көрмеген Жидебайға барып интервью алып таспа ға түсірген еңбек үшін 🌹

  • @user-cp5bu5rm2m
    @user-cp5bu5rm2m Год назад +16

    Абайды түсіну үшін тек жүрекпен оқу керек.Қазаққа Абайды берген АЛЛАҒА МЫҢ АЛҒЫС!!!

  • @aimanomarbekova3955
    @aimanomarbekova3955 Год назад +72

    Омар ағамыздың білімділігіне ризамын

  • @zh5679
    @zh5679 Год назад +73

    Осындай қазақтын бір туар азаматы аман болсын!Омар аға рақмет,көзімді ашып жұмғанша өткен сұхбат!

  • @zhaksygulbatyrbai7293
    @zhaksygulbatyrbai7293 Год назад +107

    Омар Жалелді тыңдаған сайын ғылымға деген көкірек көзің ашылады.

    • @user-xl9gj2fl1c
      @user-xl9gj2fl1c Год назад +2

      Динара таң қалды-ау... біз сияқты

  • @Madina_Dzhu
    @Madina_Dzhu Год назад +19

    Абайды аз танитын жастарға Абайтанудың заманауи әрі өте түсінікті презентациясын жасадыңыз, Динара ханым. Сіз де, Омар мырза да керемет жансыздар 😍👍👍👍

  • @user-ks9xd2fy4o
    @user-ks9xd2fy4o Год назад +390

    1 сағаттық сұқбат 1 минуттай өтіп кетті. Мектеп, жоғары оқу орындарында Абайтану пәнін оқытса ұлтымызға, тілімізге, тәрбиемізге үлкен пайдасы тиер еді. Омар Жәлелұлы білімді, шешен, терең ойлы ұлтқа жаны ашитын азамат, Сізге рахмет!

    • @user-pf5in1zi3t
      @user-pf5in1zi3t Год назад +15

      Келісемін өте дұрыс Абайтану деп мектепте кіргіссе болады

    • @makpaldinislam
      @makpaldinislam Год назад +12

      Мектеп, университеттерде Абайтану пәні оқытылады

    • @nurzhanorakbaev6611
      @nurzhanorakbaev6611 Год назад +13

      Жалпы иектепте Абай атамызды оқытады
      Бірақ барлық тақырыбын емес
      Тек ТабиғатМахаббат деген тақырыптарын оқытады
      Алланы жырлаған жырларын қара сөздерін оқытпайды.
      Ең өкініштісі де осы!

    • @user-gh5cw8bv5r
      @user-gh5cw8bv5r Год назад +8

      Астанада мектепте абайтану пәні бар, 1-сыныптан

    • @user-yf6xh2kt8p
      @user-yf6xh2kt8p Год назад +7

      Йя менде қосыламын Мектепте Абай тану пәнінен сабақ оқытылса жақсы болар еді Жастарға бір кірпіш қалар ма еді жастарда

  • @jimjim1474
    @jimjim1474 Год назад +52

    Омар Казактын текті Білім иесі.

  • @maxatamreyev6602
    @maxatamreyev6602 Год назад +49

    Динара ханым Омар мырзаның сөзін бөле бермей, әбден ойын аяғына дейін ашылып айта алуына мүмкіндік бергеніңізге үлкен рақмет. Керемет сұхбат болды. Абай атамызды танитын кең пейілді қазағымыз көп болғай

    • @user-ne2gs3hx7r
      @user-ne2gs3hx7r Год назад +4

      Өте жақсы уағыз болды бізге, Омар Жәлел ғалым, Динара қызымыз Алла разы болсын сіздерге, Абай атамыз бір аунап түскен шығар, сіздердің айтқаныңызды тыңдар құлақ болса, ұғар жүрек болса, барлық қазақ бақытты болар еді...

  • @user-nc7lg2mn4t
    @user-nc7lg2mn4t Год назад +57

    Сөңында көзіме жас келді. Шынымен, жылататын сұхбат. Мен баяғыны көрген әже-аталарымды көрдім. Олар байлық, мүлік жинамады, адамды сыйлайтын. Біздің балдарымыз не көріп жатыр, тик-ток, ютуб. Қандай тәрбие беріп жүрміз. Алдымыз не болады. 🥺

  • @canera_dulugu1109
    @canera_dulugu1109 Год назад +29

    Рақатанып көріп отырмын 😍😍😍😍 сауатты, сөздік қоры мол сұқбаттарды іздеп отырамын.

  • @assemsiezbayeva1337
    @assemsiezbayeva1337 Год назад +82

    Миым жарылып кете жаздады, неше мәрте тыңдап қортумкерек сұхбат шығыпты❤

  • @pianomanyak
    @pianomanyak Год назад +58

    Омар ағамыз соңында жылап кеткен сияқты болды маған. Қазақтың нағыз қамын ойлайтын осы кісі, сондықтан да шығар қазіргі қазақтың жағдайын, сана-сезімін біле тұра көзіне жас келгені 😢🙏

  • @user-qb3ew3oz3h
    @user-qb3ew3oz3h Год назад +170

    Орыстың тілі білім тілі болды сол ғасырда, бірақ орыспен келгеннің бəрін мəдениет деп түсініп, қазақи асыл маржанымыздан айрылып қала жаздадық! Рахмет сіздерге!

    • @semey_life8061
      @semey_life8061 Год назад +7

      дұрыс батыстың технологиялары,жетістік тері керек,бірақ күнә ларынан азғындық тарынан аулақ болу керек

    • @user-jt2zv6hd7d
      @user-jt2zv6hd7d Год назад +7

      Неге осы қазағымыз той жасау мен байлығымен мақтанады одан да біліммен уйретумен неге жарыспайды ?

    • @Didar-er6bi
      @Didar-er6bi Год назад +1

      @@semey_life8061 сен айтып жатқан азғындық ол батыстың мәдениеті емес!

  • @WoRteXforyou
    @WoRteXforyou Год назад +19

    Мя Динара тағы да Омар ағамен сұхбат керек..өте рухани құңды сұхбат болды рахмет үлкен👍🥰

  • @user-qf5or8lv9p
    @user-qf5or8lv9p Год назад +7

    Аллаға мың рахым Омар атты. ұл бергенге, құлақ құрышын қандырар сөзіне сізге саулық Бергей, ал Динара қызымызға мың Рахмет өзі де әсте әсте қазақи болайын деп келеді, осындай сұхбат ұйымдастырғанына , Омар інім де көсле шапты ,қазағым сіңір де қимыл қыл

  • @aidanatleubek
    @aidanatleubek Год назад +256

    Абайды оқымай жүргеніме өте қатты ұялып кеттім. Омар ағаның Абайға деген махаббатын көріп, көзіме жас келді😢Аға жасап жатқан еңбегіңіз орасан зор🤲

    • @Kiiii642
      @Kiiii642 Год назад +5

      Ұялма. Ештеңе етпейді

    • @user-pz2tb8ws4s
      @user-pz2tb8ws4s Год назад +5

      Қой шырағым..Ұялмай,жыламай ақ жүрміз ғой..

    • @user-vs5pi1xp7l
      @user-vs5pi1xp7l Год назад

      Жылап кеттим

    • @sanzharkaliyev2423
      @sanzharkaliyev2423 Год назад

      ​@@Kiiii642a

    • @user-eb9xn3dj6n
      @user-eb9xn3dj6n 8 месяцев назад

      Сахарадан су ағызған қайран Абай

  • @user-sg4xv9lz5i
    @user-sg4xv9lz5i Год назад +74

    Динара сиздин ен уздик сухбатыныз осы болдыау,жаным рахаттанды ,керемет🙏🙏🙏

    • @user-ol7we1hn3u
      @user-ol7we1hn3u Год назад +3

      Жақсы субхат болды, канбай қалдым. 😊 Алi де бiр жалғасын табатын субхат болғанда болар едi. Әлі айтылатын жайттар коп едi. Абайдан тiке ұрпақ калмаган сияқты. Алматыда қайтқан Макеннин бир сұхбатын тындаганда менен кеин ешким жоқ деген едi. Омар мырзаға көп рахмет, өресі жоғары жiгiт екен!

  • @abdrassilovaa
    @abdrassilovaa Год назад +157

    Омар Жалелұлы және Динара Сатжан, көп рақмет сіздерге! Қызығып тыңдадым. 👍👏

  • @Ainurio
    @Ainurio Год назад +17

    Мәәә, кәдімгідей құлағым сүйсінді ғой, қалай әдемі сөйлеп, ойын қазақ тілінде күшті жеткізеді. Өте мәнді, пайдалы, әдемі әңгіме болды. Сұхбатбатқа үлкен РАХМЕТ ❤ . Тыңдай бергім келеді ғой. Өзім Аягөздің тумасымын, мектеп бітіре салысымен Алматыға кетіп, кейін көшіп кеттік. Бірақ мектепте 11 жыл бойы, осы Омар Жәлелұлы сияқты ұстаздарымыздың айтқандары, үйретіп, миымызға құйғандары, өмір бойы, әрқашан көмектеседі. Өмір инструкциясы ғой

  • @ShalkarAkhanov
    @ShalkarAkhanov Год назад +36

    Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос. 🇰🇿

  • @user-nx9dh1gv4o
    @user-nx9dh1gv4o Год назад +58

    Сұқбат өте керемет болды. Тағы да осындай сұқбат болса екен, ұзағырақ. Рақмет Сізге Омар мырза, Динара ханым 🥰❤. Алла разы болсын сіздерге 🤲🏻♥

    • @user-kl1gf7th6q
      @user-kl1gf7th6q Год назад +3

      Омар мырза, сәл ертерек білмегеніме өкінем, қазақтарды оятуға керемет еңбек істеп жүрсіз, мен де ерер ем, тек память нашарлап қалған сияқты

  • @user-cq8nv5nl3v
    @user-cq8nv5nl3v Год назад +85

    Қазіргі қазақтың бағына туған Омар ағам, ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын 🤲 Динара ханым Сізге мың алғыс 🙏🙏🙏 . Сұхбаттың керемет болғаны сонша бір сағаттың қалай өтіп кеткенін байқамадым👍👍👍👏👏💖

    • @user-js4yg2oy5r
      @user-js4yg2oy5r Год назад +5

      Иә, келісемін, керемет сұхбат. Динара ханым өте орынды жақсы сұрақтар қойды. Омар ағамен осы тақырыпты ашып, баяндап бергеніңізге мың алғыс. 🔥🔥🔥

    • @user-eg2qo4kx8l
      @user-eg2qo4kx8l Год назад

      Бәрі дұрыс қой! Бірақ Динара қызға табылмай қалған көйлегі құрығыр!.... Жылтыраған тылтиған шалбардан гөрі тым болмаса юбка да табылмағаны көңілге кірбің түсіреді!🥺

  • @user-wj1rs3ht1q
    @user-wj1rs3ht1q Год назад +4

    Керемет !!! Қазақты көшбасшы ұлт болдыртудағы бір қанаты осы Абай ! Сол күнге жетейік Әлем аузын ашсын , жастарымызды бар мүмкіндікпен біліммен сусындандырайық!

  • @user-yl3xb3gj7i
    @user-yl3xb3gj7i Год назад +44

    30 минутта жыладым😢. Даналарымыз жетерлік. Рас, Абай орыс бол деген жоқ, тіл уйрен деді. Біздің біраз қазекеңдер орыс боп кетті. Қазір шет елдер ашық, бүкіл әлемді зерттей аласың. Отаныңды жоғалтудың бір жолы ол ана тіліңді жоғалту!!!

  • @korolevaniti
    @korolevaniti Год назад +35

    Омар ұстазды тындау керемет, ал Абайды айтқанда шіркін ,жүректің, өзін білмеген жаның ашатындай. Динара ханым рахмет! Керемет сұхбат болды.

  • @danaotegen8843
    @danaotegen8843 Год назад +49

    Сұхбат👏🏻 Жанның рахаты! Бәрін егжей-тегжей, бар жанын салып, ұлы Абайдың өзінің, шығармашылығының кереметтілігін көрсетіп берген Омар Мырзаға және осы сұхбатты ұйымдастырған, осы тақырыпты қозғаған Динара Сатжан, сіздерге мың алғыс!

  • @shynarshyrynbekova2985
    @shynarshyrynbekova2985 Год назад +27

    Неткен керемет, ғибратты әңгіме- сұхбат болды!!! Омар ағамызға Алла разы болсын! Көп инсайттар болды. Ағамыз өзінің ютуб каналын ашып, өскелең ұрпаққа ұстаздық етіп, білімге, ғылымға шақырып, Абай атамыздың жолын қуса, игілік іс болар еді... Сізге қарап бой түзеп, қолына кітап алып Абайды оқитын жас ұл-қыздар көбейсін! Өзін іздеп жүрген жас жігіттерге "ер" мінезді азамат болуға түрткі болыңыз.

  • @user-qb3ew3oz3h
    @user-qb3ew3oz3h Год назад +31

    Абайтану сабағын ашу қажет мектептерде! Неше жылдар бойы Сара Назарбаеваның Өзінтану сабағына қанша мемлекеттік ақша жұмсадық! Шіркін Абайым- ай!
    Андай тамаша сұхбат болды!!!

    • @user-oy7dc1pw8z
      @user-oy7dc1pw8z Год назад

      Өте дұрыс, қосыламын мектепте Абай тану сабағын оқытсса деген арманым. Ағамыз аман болсын, Алла разы болсын.

    • @abdirei6139
      @abdirei6139 Год назад

      Неге балаларға осындай сабақтар өткізбейді, өте өкінішті

    • @user-io6wj9so3i
      @user-io6wj9so3i Год назад +1

      Мектептерде Абайтану курсы оқытылады. Бірақ Абайды Омар ағамыздай түсініп, өзгеге түсіндіреді алатындай ұстаздар кемшін. Жоқтың қасы

  • @bagdattursinbaeva9129
    @bagdattursinbaeva9129 Год назад +19

    Динара ханым керемет сұхбат, өте ұнады, осы сұхбаттан кейін Абайды оқып тануға қызығушылық артты, рақмет!

  • @user-mv5cu1pi2p
    @user-mv5cu1pi2p Год назад +236

    Өзім рахаттанып,тамсанып отырып тыңдап шығып, танитын адамдарға,оқушыларыма ұсындым...Өзіміз білетін мәліметтерді жаңғыртып, көркем тілмен өрнектеп жеткізе білетін Омар мырзаның біліміне еріксіз тәнті боласыз...Мың алғыс сіздерге!

  • @user-ue9je3fs6t
    @user-ue9je3fs6t Год назад +26

    Шексіз рахмет, Динара! Қазаққа керегі осындай әңгімелер, жасына да, ересегіне де, тіпті кәрісіне де! Омар ағаның айтары көп қой, тыңдай беруге болады. 👏👏👏👏👏

  • @user-ig7lh4bm9z
    @user-ig7lh4bm9z Год назад +10

    Динара қарындасымызға рахмет, мен ойлаушы едім орыс тілді ме деп.... , бірақ ұлтжандылығын сезуші едім. Осындай патриот қыздарымыз, қарындастарымыз көп болсын! Динара білімді, көзі ашық, көкірек сарайы ашық, сұрақты орынымен қоя білетін, жаңашыл журналист.

  • @user-gk5un1ns1b
    @user-gk5un1ns1b Год назад +6

    Абайдай асылды халыққа əсерлі, мəнерлі етіп жеткізіп жүрген Омар мырза аман жүріңіз. Өте тамаша сұхбат болды.

  • @user-qo8ll1bz3g
    @user-qo8ll1bz3g Год назад +65

    Осындай сұхпаттарды теледидардан неге прайм тайымда көрсетпеске? Үш сағатты қалаулымға құртқанша!! ДИНАРА РАҚМЕТ!

    • @ProNiKiTak
      @ProNiKiTak Год назад +1

      Өсындай сұхбатты қөрген қазақбіздің билікке сынаушы көзбен қарайды деп көрсетпейді. Хабар болсын, Астанатағы барлык теледидар меншікті, олигархтар меншігіңде.

    • @user-xi2oc2ci5f
      @user-xi2oc2ci5f Год назад +1

      Оларга Абаи емес акша керек кои
      Шоулар акша табады

  • @user-fz4lw1uo4j
    @user-fz4lw1uo4j Год назад +31

    Рухтың ақысын беретін интервью болды.Тіліміздің тазалығы мен тереңдігі,әрі өткірлігі.Біз білімді,дана халықпыз.Өздігімізді ақырындап алып,танып келе жатырмыз.Көзі ашық,көкірегі ояу халық боламыз деген үміттемін.Ол үшін әр қазақ өзінен бастап оқып білім алуы керек.Сұқпат топ⬆️

    • @OljasAkpasov
      @OljasAkpasov Год назад

      Дурыс айтасыз. Инстаграм болама. Кітап жайлы обзор жүргізесізбе?

  • @user-xl7sc6ck5g
    @user-xl7sc6ck5g Год назад +31

    Қанша тыңдасаң сонша көкірек көзі ашылып жатыр. Рахмет Омар Жәлел Мырза.

  • @aimanomarbekova3955
    @aimanomarbekova3955 Год назад +22

    Керемет сұхбат, табжылмай отырып 1,5сағат тыңдадым

  • @kamillasaparbekovna2525
    @kamillasaparbekovna2525 Год назад +10

    Бұл сұхбатты әр бір Қазақ көру керек

  • @user-yy4yq4hd9s
    @user-yy4yq4hd9s Год назад +23

    Қайран Қазағым мың өліп мың тірілген осындай мықты ағаларымыз аман болсын АЛЛА қаласа Қазақтың рухани даму кезеңі басталды

  • @user-cb5lf5hn6v
    @user-cb5lf5hn6v Год назад +11

    Шын мәнінде кімнің қандай текті ұрпаққа теңесе... Сол таза жанды бізге тәңірім сыйлаған сый екен Абай бабамыз... Бұл білім бар жерде береке дарысын ... Еліміздің етегі мен рухани байлығы түгелденіп... Бірлігін берсін жастарға... Таң атқанға тыңдай беретін тарих болып тұрғой...Динара ханымға шексіз рахмет... Омар бақытымызға тәңіріміздің рәсімі түссін... Денсаулық берсін... Керемет айтылған ақылды жалғастыра берші... Өсіп өніп рахат өмір нәсіп етсін тәңірім... Ойдағы жүрген армандары орындалсын жарығым... 🤲🤲🤲❤❤❤👍👍👍

  • @Aibyn80
    @Aibyn80 Год назад +32

    Керемет құнды түсірілім болыпты, рақмет Динара. Елге жасап жүрген еңбегің ұмытылмасын. Еңбегіңнің жемісін көр.👍👍👍

  • @user-sg4xv9lz5i
    @user-sg4xv9lz5i Год назад +54

    Динара жаным кандай керемет сухбат алдын,Омар мырзага улкен рахмет🙏Енбектериниз жана берсин,казагымыздын рухы котерилсин🙏

  • @user-xs8wr4wo9c
    @user-xs8wr4wo9c Год назад +42

    Алла разы болсын сіздерге. Жылап отырып тыңдадым😭 Қазақ шөлде қалған жолаушыдай рухани шөлдеп қалған. Жаным раххаттанып па, әлде төкеріліп жатыр ма🤔 жылаймын- күлемін жынды адам сияқты. Эмоциямды жеткізе алмай отырмын. Абай атамыз оян деп шырылдап келе жатқанына 2ғасыр болыпты біз әле дел-сал болып ұйқылы-ояу жүрміз. Дәл қазір кей бір психологтар шықты адамды құр қиялдауға үйретіп гипноздап жатқан. Алла қайырлы қылсын 🤲

  • @Azambekqyzy
    @Azambekqyzy Год назад +21

    16шы минут, қаншама пайдалы ақпарат ❤️📚📕 Екі қайтара тыңдау қажет. Рақмет үлкен сұқбатқа 😍❤️

  • @user-tm3rw7ru9u
    @user-tm3rw7ru9u Год назад +5

    Динар ханым қазақша сұхбаттар көп болсын.

  • @zhulduz5979
    @zhulduz5979 Год назад +24

    Құнарлы әңгіме! 👏👏👏

  • @user-tc2sd9pi3e
    @user-tc2sd9pi3e Год назад +25

    Омар аға аман жүріңіз!!!

  • @canera_dulugu1109
    @canera_dulugu1109 Год назад +26

    Керемет сұқбат болды. Абайды тану - қазақты тану. Омар аға ерекше ойлайтын кісі ғо 🙏

    • @sultanalmas6144
      @sultanalmas6144 Год назад

      Турикке турмыска шыгып Абай туралы жазып отсын ба уялмай

  • @user-zg9hl6kf8x
    @user-zg9hl6kf8x Год назад +30

    Омар аға қазіргі заманның нағыз қазақ

  • @bagilasaylaubayeva4232
    @bagilasaylaubayeva4232 Год назад +18

    Қазақты мінезді қылған, бірлікте ұстаған оның керемет ауызекі тілінің қасиеті болғанын енді ұғып жүрміз!

  • @user-by3zw5ex5f
    @user-by3zw5ex5f Год назад +19

    Қандай маңызды сұхбат! Сүйсініп тыңдадым. Көп рахмет 🌸

  • @erlansamshiev6270
    @erlansamshiev6270 Год назад +25

    Ассалаумагалеикум, сіздерге көп рахмет Алла разы болсын, жаным рахаттанды осы сұхбатты тыңдап, бәріміздің арманымыз Абаи атамыздың туған жеріне бару ,бүкіл жастар оқыса келешегіміз жарқын болар еді

  • @user-go6hn9jo5g
    @user-go6hn9jo5g Год назад +18

    Керемет сұхбат болды . Сізге рахмет Динара ханым , Омар ағадан сұхбат алғаныңыз.

  • @user-bp8eg8wp2n
    @user-bp8eg8wp2n Год назад +20

    Омар Мырза барекелди жарайсыз, Динара керемеееет сухбат . Сиздерге касиби саттилик тилеймиз.

  • @rusdimitri560
    @rusdimitri560 Год назад +59

    Жылап тұрып тыңдадым каншалыкты адамі құндылықтарды жоғалттық ҚАЗАҒЫМ ҚАЛЫН ЕЛІМ!!!!

  • @janarcapan2930
    @janarcapan2930 Год назад +9

    Өте пайдалы сұхбат болды біз үшін, шет жерде жүрген қандастарыңыз ретінде үлкен алғыс айтамыз!!!
    Осындай сұхбаттардың жалғасын күтеміз!!!

  • @user-zs1ge8sg6l
    @user-zs1ge8sg6l Год назад +22

    Керемет, тамаша! Рухани сұхбат! Сүйсініп тыңдап отырмын!

  • @hadishagezer6909
    @hadishagezer6909 Год назад +15

    Динара сұхбат өте тамаша нағыз ойланытын ой түйетін сұхбат улкен рахмет! Сізге бар жақсылықты тілеймін 🤲👍

  • @user-ho9mf4sx3i
    @user-ho9mf4sx3i Год назад +2

    Динараға қандай білімді, мәдениетті, сұрақтары, байсалдылығы, Динарамызды бүгін басқа жағынан таныдым. Қатты ризамын. Үлкен рахмет. Абай тану сабағын мектеп программасына қосуға ат салыссаңыз Динара өте жақсы болар еді, Омар Жәлелге қосылып

  • @rabilazhanatbek6108
    @rabilazhanatbek6108 Год назад +23

    Мекетепке дін білімін қүран кітапті тез арада кіргізу керек үрпақты дәстүрмен сақтап қалу керек

  • @aissman8516
    @aissman8516 Год назад +17

    Тамаша сұхбат болды
    Омар мырза
    Өзіңің пәнін зерттеұші ретінде жақсы біледі
    Рахмет

  • @user-gq7ev1sc7j
    @user-gq7ev1sc7j Год назад +14

    Қандай керемет! Бала кезімдеАбай жолын оқығанмын, тағы да оқимын деп шештім

  • @balama_taraz
    @balama_taraz Год назад +13

    Омар ағаны сағаттап тыңдай бергің келеді, өзіміздің кім екенімізді әлі де білмейді екенбіз ғой, рухани сусындап қалдым, үлкееен рахмет сіздерге

  • @zhaksygulbatyrbai7293
    @zhaksygulbatyrbai7293 Год назад +5

    Динара,сен өте салмақты филолог ғалым мен сұқбат жасадың сол арқылы өзіңде салмақ қостың. Рахмет.

  • @user-gq8rv6pi1d
    @user-gq8rv6pi1d Год назад +17

    Еңбектеріңіз жемісті болсын!!!

  • @yernarbaimakashev2460
    @yernarbaimakashev2460 Год назад +39

    Динара, сізге алғысым шексіз, керемет сұхбаттар ана тілімізде жасап жүрсіз. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз.

    • @user-bg9dq8se3j
      @user-bg9dq8se3j Год назад +1

      Жаным солОмаржан көп жаса.

    • @user-bg9dq8se3j
      @user-bg9dq8se3j Год назад +1

      Омар жан озин қандай басын жомартсын ба. Абай какимнин бар жолын хадис н бәрін билип оқыған жасын.

    • @user-bg9dq8se3j
      @user-bg9dq8se3j Год назад +1

      Байсын

  • @user-ty6ch1ol4v
    @user-ty6ch1ol4v Год назад +8

    Денем дірілдеп тұрып тыңдадымғой Динара ханым сізге мың алғыс❤😘😘😘😘😘😘😘😘😘😘😘😘👍🫰👏💆‍♂️

  • @zhazira_rabbanikyzy
    @zhazira_rabbanikyzy Год назад +7

    Жылап отырып тыңдап отырмын. Рухани сұхбат💙💙💙💙

  • @nurlushka
    @nurlushka Год назад +54

    Интервьюларыңыздан әрдайым өте көп мотивация, білім алам😍 Ең қатты қызығып, ең көп қарайтыным сіздің интервьюларыңыз❤️Алла ісіңізге берекесін берсін🤲🏻❤️🥰😘

  • @user-zg9hl6kf8x
    @user-zg9hl6kf8x Год назад +17

    Рақмет сізге Динара ханым осы сұхбат үшін

  • @user-mc2rp4ed1m
    @user-mc2rp4ed1m Год назад +7

    Керемет сұхбат! Мен орыс мектебінде оқып жүріп,4-сыныпта қолыма “Абай жолын”алдым. Жасыма қарамай оқып шықтым. Омар аға айтпақшы,менің де басым ауырып кетті. Шама шарқыма қарай түсініп,кей жерін мүлдем түсінбедім. Қайта 7-сыныпта оқып шықтым. Осы кезден бастап Абайдың ұлылығын,даралығын түсіндім.

  • @user-ot2yg2dc6b
    @user-ot2yg2dc6b Год назад +14

    “Ізденсен Қазақ, Алла өзі ашып берер жолыңды…” Омар ағамыз - жасайберіңіз!!!
    Динара ханым сұқпат керемет болды👍🏽👍🏽👍🏽 Орамал кийіп, ұзын көлек кийгенде…, сізден артық сізден сулу жан болмаушеді…

  • @user-qh7nh6fl4w
    @user-qh7nh6fl4w Год назад +65

    Абай Құнанбаев қазақтың үлкен бағы

  • @DuGal2023
    @DuGal2023 Год назад +16

    Міне идеологияның бір тамыры, рахмет сұхбат өте керемет болған екен Динара ханым!!!

  • @ziaulhak997
    @ziaulhak997 Год назад +5

    Динара Сатжанға өте ризамын!👏🏻 Мен ойлағам бұл кісі жеңіл тақырыптарды ғана қозғайтын журналист екен деп! Бұл сұхбатыңыз көңілімізден шықты! Керемет!👍🇰🇿

  • @user-dj3td5sy3d
    @user-dj3td5sy3d Год назад +18

    Керемет, мәні мағынасы мол, ойлануға арналған сұхбат болды. Омар ағамызға, Динара ханымға Көп РАХМЕТ! ❤

  • @perizatkozhakhmetova8656
    @perizatkozhakhmetova8656 Год назад +68

    Керемет сұхбат,Омар мырзаға мол рахмет,құлактын құрышың тілімен,біліменен қандырды 👏🏻👏🏻👏🏻

  • @user-zn7el6mx3h
    @user-zn7el6mx3h Год назад +17

    Тоқтамаңыз , Динара ханым!😍

  • @user-hi2ok3sb6v
    @user-hi2ok3sb6v Год назад +20

    Динара ханым! Сизге улкен рахмет! Омар аганы сухбатка шакырганынызга, сонау Жидебайга барып сухбатынызды тусиргенинизге, оте дурыс шешим Жидебайга барып тусиргениниз. Озинизде керемет конил куй, акпарат алганыныз, озинизге де унаганы коринип тур! Омар агамызды тындасан козине жас келеди! Алла разы болсын Сизге Ага! Жуз жасаныз! Билиминиз, жазбаларыныз, ой толгауларыныз урпактан урпакка жете берсин!

  • @user-mm8we6ib6w
    @user-mm8we6ib6w Год назад +9

    Омар аға зор денсаулық тілеймін!

  • @Sapargalee
    @Sapargalee Год назад +37

    Омар ағамызды қанша тындасамда тамсанудан жалығар емеспін

  • @user-ry5sp5ct7k
    @user-ry5sp5ct7k Год назад +16

    Сұхбатты көрмей тұрып,лайк басып,бірінші рет коментарий жазып отырмын😅Еңбегіңіз үшін рахмет👍🏼

  • @aktivsentr4252
    @aktivsentr4252 Год назад +7

    Бауырым Аллах разы болсын екеуінеде, пайғамбарымыз буткул умбетке шырылдаса, Абай казак ушин шырылдап еки дүниелік азық калдырды,Аллах ол кисини ата анасын кеширсин

  • @user-jo6jt2qm7h
    @user-jo6jt2qm7h Год назад +6

    Алла разы болсын сіздерге. Қазақ үшін көзге жас келеді