Алматыда қыркүйектен бастап кейбір коммуналдық қызметтің бағасы өседі

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 12 сен 2024
  • БІЗДІҢ RUclips АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Алматыда су, жарық және жылуға төленетін қызметтің құны талқыланды. Қыркүйектен бастап кейбір коммуналдық қызметтің бағасы өседі. Мәселен, жарық екі теңгеге қымбаттаса, судың бағасына төрт теңге қосылады. Оған құбырлар мен негізгі жабдықтардың тозуы себеп дейді мамандар. Дегенмен, қала әкімдігі халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек ретінде өтемақы төлеуді жоспарлап отыр.
    Бұған дейін жарықтың 1 киловаттына 8,87 теңгеден төлеп келген алматылықтар енді 11,4 теңгеден өтейді. Ал судың тарифі 4 теңгеге өседі. Мәселен, бұдан бұрын азаматтар 29,23 теңге төлеп келсе, енді 33,16 теңге санап беретін болады.
    Тарифтердің өсуіне қаладағы құбырлар мен желілердің тозуы себеп екен. Сондықтан мамандар бағаны өсіре отырып одан түскен ақшаға ескірген жабдықтарды жаңартпақ. Бұл инженерлік желілерде болатын апатты азайтып, қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
    ӘСЕЛ БӨДЕНЕЕВА, ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитеті алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы:
    Атап өткеніміздей, бағаның өсуі қаладағы тозған желілер мен жабдықтарды жаңартып, апатты азайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде қалада құбырлар мен желілердің 50 пайызы тозған. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары қолданыстағы тарифпен қарастырылған көлемде жүргізілуде.
    Ал қала әкімдігі бағаның өсуіне байланысты халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға 2 954 теңге көлемінде өтемақы төлемек.
    БАУЫРЖАН ЖАУБАСОВ, Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:
    - 2023 жылдың 1 шілдесінен 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізіліп келді. Осы төлемақы 14 мың осал топтағы азаматтарға берілді. Жалпылама айтар болсақ, 2023 жылы 316 мың осал топтағы азаматтар болса, ал биылдың өзінде 16 мың азаматқа ұлғайған. Енді егер біз осы өтемақыны тағы жүргізер болсақ былтырғы өтемақы алғандар қайта құжат жинамайды олар бізде базада бар. Оларды тексеріп, кейін ақша автоматты түрде беріледі.
    Қалған 16 мың адам өтемақыны алу үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне барып өтініш бере алады. Бастысы қалада тіркеуде тұрғандығы жайлы анықтама қағазы болуы керек. Тарифтің өсуіне байланысты берілетін өтемақы былтыр басталған. Бүгінге дейін халықтың әлеуметтік осал тобына жататын 140 мыңнан астам адам 5,7 млрд теңге алған.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/c...
    TikTok - www.tiktok.com...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии •