Деректі фильм "Көзімді жұмсам да көрем сені"
HTML-код
- Опубликовано: 5 фев 2025
- Бұл деректі фильм Алаш сыйлығының лауреаты, белгілі ақын, публицист Әлібек Қаңтарбаевтың шығармашылық жолы мен өмірлік құндылықтарына арналған. Ол ешқайда көшпей, ғұмырын Өскемен қаласында өткізіп, осы қаланың қара шаңырағында өмір сүрді.
Ақынның жырлары - адалдық пен шынайы сезімге толы, ал өмірі - махаббат пен берік отбасының үлгісі. Оның ең үлкен тірегі әрі шабыт көзі - өмірлік жары Гүлжан апай болды. “Көзімді жұмсам да көрем сені” - ақын жүрегінен туған шығарма ғана емес, махаббат жайлы оқулық, адалдық пен сенімнің символы.
Фильмде оның әдебиетке және публицистикаға қосқан үлесі, рухани әлемі баяндалады. Замандастары мен әріптестері естеліктерімен бөлісіп, ақын шығармашылығы мен өмірінің терең мәнін ашады. Бұл - тек бір адамның тағдыры ғана емес, сүйіспеншілікке, адалдыққа арналған тағылымды туынды.
#КөзімдіЖұмсамДаКөремСені
#ӘлібекҚаңтарбаев
#МахаббатЖайлыОқулық
#АдалдықПенШынайылық
#ӨскеменҚараШаңырақ
#ПоэзияЖәнеПублицистика
#МәңгілікМахаббат
#ҚазақӘдебиеті
#ШынайыСезім
#РуханиҚұндылықтар
#ШҚО
#ШҚОӘкімдігі
Керемет жазылған , бүл жерде адамзаттын өміріндегі ен керемет сезімі махаббат. Махаббатқа ешқандай сезім бәрә бәр келмейді. Бүл туындыны окығанда әлбетте бәр өмірін көз алдынан көлбеп өтіп, жастық шаққа да ораласын, күнделікті кірбің өмір мәселесі де, бір сөзбен айтқанда бұл туынды таптырмас Керемет нәрсе, әлбетте осындай шығармашылық көп болса екен дейміз, каламынан осындай жалынды шығарма, махаббатты канаттандыратын, және оқырманға көтеріңкі көніл -күй сыйлаған ағамыз ға Мын да бір алғыс. СаидШариф
Керемет ! Өте сыйлаймыз, өте білімді, жақсы адам! Өскеменнің әдемі табиғатында құдалық өткен, сонда танысып, дәмдес болғанбыз....
Әлібек Қаңтарбаев - ақиқатты ту еткен нар тұлға. Ол шындықтың сөзін айта алатын, әділдікті бәрінен жоғары қоятын, өткір ойымен, батыл пікірлерімен дараланған азамат. Оның әрбір сөзі - ақиқаттың айнасы, әрбір жазғаны - елдің мүддесіне арналды.
Осындай қайратты, рухы биік тұлғалар ғана нағыз ақсақал атануға лайық. Әлібек ағамыз - даналықтың, шыншылдықтың, әділдіктің символы. Сіздей ардақты жанның амандығын тілейміз! Ұлттың ұйытқысы болып, жастарға жол көрсетіп, ортамызда аман-есен жүруіңізге тілектеспіз!
Ізгі тілекпен, EDB Media орталығы.
Өте керемет сізге зор ден саулвқ тілеймін құда аман болыңыз
Әлібек ағамыз жасай берсін! Алла ұзақ ғұмыр берсін! Біз Әлібек ағамызды мақтамаймыз, біз ол кісімен мақтанамыз!
Алибек ағаның, ЖІГЕРЛІ сөздері, өсиеті, ЖҰБАЙЫНА ТАЗА, ШЫНАЙЫ, МӘҢГІЛІК махаббаты - өсіп келе жатқан жас ұрпақтарға үлгі.
Алибек Қалиұлы ШЫҒЫСТЫҢ ҮЛГІ ТҰТАР АЗАМАТЫ,
ТҰЛҒА ДЕП АЙТСАМ ДА АРТЫҚ ЕМЕС.
Деректі фильмнің қойылымы сәтті, сапалы шыққан!!
Керемет туынды! Мәңгілік махаббат деген осы болса керек. Талай жанға үлгі болар өмір қағидасы
Жұбайыда өте сұлу, әдемі....жаны жәннатта болсын...😊
Өте керемет, әсерлі, адамды тәрбиелейтін, рухани байытатын, алға қарай жетелейтін, мағыналы деректі фильм екен. Әл ағамыз мықты ғой, аман болыңыз. Фильмді түсірген жігіттерге көп рахмет, Дәулет, Бейбіт жарайсыңдар, тек алға ✊
Ақсақалға Алла ұзақ ғұмыр берсін. Өте әсерлі шыққан туынды. Алла разы болсын бауырлар✊
Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаев - қазақтың белгілі ақыны, жазушысы және журналисті.
Әлібек Қаңтарбаев - Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі.
Қоғамдық қызметі де айтарлықтай: Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Сондай-ақ, Катонқарағай ауданы мен Өскемен қаласының құрметті азаматы атақтарына ие.
Әлібек Қаңтарбаевтың еңбектері мен қоғамдық қызметі үшін көптеген марапаттары бар, соның ішінде Шығыс Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасы сыйлығының лауреаты атағы (2007), «Тіл жанашыры - 2009» төсбелгісі және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекелік медалі бар.
2022 жылы 75 жасқа толған мерейтойында, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жазушыға пәтер кілтін табыстады. Міне осының барлығы Әлібек ағамыздың туа біткен дарыны деп білемін. Әлібек ағамыздың сөз саптауы өте керемет, жас ұрпаққа үлгі болып келеді. Шығыс Қазақстанда Әлібек ағамыздай нар тұлға саусақпен санарлық ғана деп ойлаймын. Аман болыңыз Әлібек аға!
Шынайы махаббат ерлі зайыпты сыйлығы керемет әсер қалдырды 🎉
Өте керемет жұмыс! Әлібек Қаңтарбаев ағамыздың еңбектерін дәріптеу - болашақ ұрпаққа үлкен өнеге. Фильм әсерлі әрі жан-жақты түсірілген. Осындай деректі жобалар көп бола берсін! Фильмді әсерлі әдемі жеткізген автор идеясына, жалпы еңбек еткен ұжымға рахмет✊✊✊
Әлібек ағамыздың әр сөзі қандай әсерлі.Сізге зор денсаулық тілеймін.Шабытыңыз таусылмасын!Керемет!
Өте құнды шығарылым! 🤝
Шынымен керемет махаббат сезімі,, оны өз басынан өткізген адам сезінеді. Әркімге берілмеген жүрегімен тербелмеген сыр жұмбақ...
Керемет жасалған жұмыс екен. Әлібек ағамыздың осы «Көзімді жұмсам да көрем сені деген кітабын оқыдым🤗әйел адамына деген құрметті керемет сипаттап жазған, үлкен құрмет силастық үлгі алуға болады... Оқыған жанға ✍️📚🙏 БҮГІНГІ КҮН ЕРТЕҢГІ ТАРИХ қой Жарайсыңдар EDB🎬🎥🫂
Керемет қысқа нұсқа жақсыістелген дүние!
КӨЗІМДІ ЖҰМСАМДА КӨРЕМ СЕНІ жазған шығармасы керемет жазылған әр адамда сондай жүрегінде шығаралмаған шығарма бар , осы көркем фильмді көргенде саяхатқа жол бастайсың бұл жерде өмірге деген бағытты өзіміздің тілімізге табиғатымызға терең ой салған . Махаббатқа берік елу жыл бірге отағасып Ағамыздың жеңгемізге жазған хаттарын елу жыл сақтап сезімдеріне өтте мықтты қазіргі жастарымызға ой салатын қандай сезім , ол тілге келетін болса мықтты тіл байлығын халыққа жеткізе білген шығармасымен ,, өзінің туған Топқайн ауылнда дүние есігін ашып табиғатын тамашалаған осындай Ағаларымыз азайып барат сол үшін артқы ұрпақтар тәлім тәрбие алар деп ойлаймын керемет осындай өз жерін табиғатын сүреттеп мағаналы жаңалықтарды халық арасында көбрек жүргісе нур үстіне нұр болар еді .Осындай Ағаларымыз аман есен жүрсін жазушыларымыз көп болсын .
👍❤️
Әсерлі дүнин
Деректі фильм өте әсерлі екен👍Шығармашылығыңыз шабытты, толағай табыстарға толы бола берсін! Бүгінгі жастарға тәрбиелік мәні де зор. Шынайы маббаттың нағыз үлгісін көруге болады. Гүлжан апайымыздың жатқан жері жайлы, орны жұмақтың төрінен болсын!
Шындықтың жолында шырылдап жүрген, тілім деп тілініп жүрген, қазақтың қара нары, жанашыры, керемет жан- Әлібек аға, ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын! Сізді де, сіздің қаламыңыздан шыққан әр жазбаңызды жақсы көреміз
Керемет. Тәрбиелік тағылымдық мәні зор деректі фильм түсіріліпті. Жазушы Әлібек Қаңтарбаев ағамыздың өнегелі өмір жолы жастарға үлгі
Махаббатың мәңгілік құдіретін, адалдық пен сағыныштың тереңдігін бейнелеген әсерлі туынды. Еңбегіңіз еліне берсін!
Өте тамаша әзірленген. Кейінгіге үлгі боларлықтай Әлағаңның еңбегі зор ғой. 👍🇰🇿
Әлібек ағаның "Көзімді жұмсам да көрем сені" шығармасын оқып отырып терең сезімге бөленесің. Автор махаббат, сағыныш, адам жанының нәзік иірімдерін суреттей отырып, оқырманын ойлануға, өткенді еске алуға жетелейді. Рахмет сізге! Өте әсерлі шыққан.
Осы бір керемет шығарма талайлардың тағдырын тоғыстырған махаббат туралы екен.
Дәулет бауырым, Бейбіт бауырым сіздерге сәттілік тілеймін, шабыттарың шарықтай берсін...
Әлі есімде сабағын өте қызықты өткізетұғын Сымбатты әртіс сияқты болатын
Жігіттер жақсы дүние түсіріпті,ертең естелік боп қалатын...
Әлібек ағамыздың ғұмыр дариясы ұзақ болғай!
Әлеке сенің әр туындыларыңды оқып жүремін, керемет жасалған мәнінде мағынасы махаббаттың туындысы ғой, өмірі мазмұнды кісінің, шығармасыда мазмұнды , денің сау ғұмырың ұзақ болсын!!!
EDB түсірілім орталығына көп рақмет! Деректі қысқа метражды фильмдері керемет. Бүгінгі күн ертеңгі тарих👏👏👏
Әлібек ағаны сонау 83 жылдан бері жақсы білемін.Содан бері аға мен бауырдай болып араласып кеттік. Ағаның табиғаты ерекше жаратылған керемет тұлға.
Осы фильм қазіргі жастарға баға жетпес құнды тәрбие деп білемін. Керемет туынды.
Аға деніңізге саулық, бақыт тілеймін.
Керемет!!! Нағашымның ғұмыры ұзақ болсын! 👏👏👏
Өте жақсы түсірілген дүние!
Керемет. Әлібек ағаның өнегелі өмір жолы, жастарға ой салып, жүректі тебірентеді.
Тәрбиелік мәні өте зор!
Әлібек аға еңбегіңіз жемісті болсын, сізді қолдаймын және сізге тілекшімін! Алған әсерді тіл мен айтып жеткізу мүмкін емес!
Әлібек Қаңтарбаев тығыз араласқан адамым емес. Бірақ жазған дүниелері арқылы қаламгерлік қарымын тәп-тәуір білемін деп ойлаймын. Оқырманға алдымен әсер ететіні - оның қаламының ұшындағы дірілдеген сезім ұшқындары, көбікті ада көркем сөздер. Мына деректі фильм арқылы қаламгер замандасымыздың жан дүниесін жете түсінгендей болдым. Осы фильмді жасаушыларға көп рақмет.
Әлібек ағамыз Асқар тауымыз! Керемет түсірілім!!! Құрметті ағатай, аман болыңыз!!!🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉❤❤❤
Керемет жумыс!Жастарга сабак!
Керемет тамаша жасалған жұмыс .Махаббатқа адал сағыныш тереңдңгңн бейнелеген әсерлі туындаған
Керемет!
ӨНЕРІҢ ӨРГЕ БАССЫН!❤
EDB компаниясы жақсы шығарылымдар түсіріп жатыр рахмет
Керемет Әлібек аға маған 5 сыныпта сабақ берген менің ұстазым мен өзім 35 жыл ұстаздық етіп келем Әлібек ағаны мақтан етем
Оқу керек екен,фильм керемет!
Керемет! Нағыз махаббат❤
Әлібек Қаңтарбаевтың өмірі мен шығармашылығы шынайы әрі әсерлі баяндалыпты. Ағамыз туған жері Өскеменнен алыстамай, адалдық пен сүйіспеншілікке толы ғұмыр кешіп жатыр. Фильмде қаламгердің жары Гүлжан апайға деген махаббаты, әдебиетке қосқан үлесі, өмірлік ұстанымдары айқын көрсетілген. Замандастарының естеліктері арқылы оның тұлғасы тереңірек ашылады. Жүрекке жылы, мәні терең, көруге тұрарлық туынды.
🖐☺️✨️🙏
Өте әсерлі ❤ Жасай беріңіз Әлібек аға!
Керемет!
Ескірмейтін махаббат❤ ❤ Ғұмырлы болыңыз, нағашы!
Керемет сәттілік Дәуке бауырым
Керемет туынды, керемет түсірілім!
Керемет,өз қолыңызбен ұсынған "Көзімді жұмсамда көрем сені"кітабын біреу алып, бермей жүр 😢😊😢😢
Нағашым аман болыңыз,қаламыңыз мұқалмасын,ұзақ ғұмыр тілейміз!!!
Керемет. Әсерлі❤
Өте керемет , еңбегің жемісті болсын жаным бауырым ❤ ұжымына сәттілік, әлі де биіктерден көретінімізге сенімдімін алға, алға🫶👍🇰🇿
Әлібек ағамыздың өз қолынан "Көзімді жұмсам да көрем сені..." деген жұбайы Гүлжанға арнаған кітабын өз қолынан алғам. Бұл кереметтей асыл сезімнің күәгерлері, осы кітапты оқи отырып Әлібек ағаны қайта танығандай болдым. Отбасындағы қиыншылықтар, төзімділік, адами сезімді шынайы әңгіме ете отырып кейінгілерге өнеге боларлық дүние қалдырған. Әлібек ағамыз жалпы Шығыс өңіріндегі әдеби ортамыздың тірегі, ақылшысы ғой
Керемет👍🏻👍🏻👍🏻
Өте әсерлі шыққан фильм екен👍 Әлібек аға аман болыңыз!
керемет кино😍
👍👍👍👍
Осындай адамдар туралы деректі фильмдер тарихтың бір кірпіші
Звук шипит на 10:30 и далее
Шындықтың жолында шырылдап жүрген, тілім деп тілініп жүрген, қазақтың қара нары, жанашыры, керемет жан- Әлібек аға, ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын! Сізді де, сіздің қаламыңыздан шыққан әр жазбаңызды жақсы көреміз