Бөлелер шашуы - Бауыр керек (Мадина, Азиза, Нұрайла)

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 12 апр 2022
  • Ақниет💍🦢🕊Ботагөз
    25.03.2022
    Үйлену тойы!
    Бауырларымыздың амандығын тілейікші! Бауыр керек өмірде сыйласатын, сырласатын, мұңайғанда еңсеңді көтеретін, қуанғанда сенімен бірге күліп шаттанатын, қиындықта сен үшін қол созатын, сынаққа да сен үшін қарсы тұрып, Бауырым деп сен үшін арланатын! Ақниетімнің, әулетіміздің қуанышы, ата-анамның асыға күткен үлкен қуанышы, жан бауырымның бір басы екеу болып, Алланың қалауымен шаңырақ көтеру тойында бауырымның , бауырларымыздың орны біз үшін бір төбе екендігін жеткізгіміз келді. Ең әуелі Алланың, ата-анамның, бауырларымның қолдауымен ән жүректен жүрекке жетті деген ойдамыз. Әнді орындап тұрып бауырымның қуанышында Бихан тәтешімді еске алып бір жылап алдым. Ақниетімнің тойында қуанып тұрсам да, ішімде, жүрегімде Тәтешімнің де тойымызда болғанында ғой деген сағыныш сезімім жүрегімде кернеп тұрды. Тәтеу😭😭соңғы сөйлескеніңізде тойды 22-нен кейін қылғандарыңда үлгеретін едім деп едіңізғой,😭😭, 22-сі бұйырса қайтамын дедіңіз, тәтеу неге олай бізді тастап кеттіңіз😢😢😢Барған соң бұйырса келіннің қолынан жақсылап шәй ішемін деп едіңізғой, тәтеу тойды кейінге шегердік бірақ келмедіңіз, Тәтеу жатқан жеріңіз жұмақтың төрінен болсын🙏🤲 Қайғы мен қуаныш қатар жүретініне , Алланың ісіне еш дәрменіміз жоқ екеніне, Алладан ешбіріміз күшті емес екенімізге көз тағы да көз жеткіздік.
    Қайғы мен қуаныш қатар жүреді екен деп жатырмын ғой, сөзімді қорытындай келе, Ақниетіме барлық жақсы игі тілектерді тілегім келеді.🙏🤲🥳😘Жан бауырым құсың құтты болсын! Бақытты болыңдар! Бақыттарың баянды болсын жандарым!

Комментарии • 21

  • @gulnazzharbusinova5243
    @gulnazzharbusinova5243 Год назад +7

    Бауыр керек өмірде сырласатын,
    Сыйласатын өзінше үн қосатын.
    Сынаққа да сен үшін қарсы тұрып,
    Бағындырып белесті қырда асатын.
    Бауыр керек өмірде жанға жақын,
    Тек жақсылық жасауға қамданатын.
    Сыртыңнан жамандаса біреу сені ,
    Алданбай сөздерінен арланатын .
    Бауыр деген-бір әлем ауыл бөлек,
    Бауырларсыз жүгіңде ауыр демек.
    Әр Бауырдың амандығын тілейік,
    өмірде Әр адамға бауыр керек...
    Бауыр деген-бір әлем ауыл бөлек,
    Бауырларсыз жүгіңде ауыр демек.
    Әр Бауырдың амандығын тілейік,
    өмірде Әр адамға бауыр керек...
    Бауыр керек сырыңды ақтаратын ,
    Қуансаң бірге күліп шаттанатын .
    Мұңайсаң көтеріп ап бір еңсеңді ,
    Әрқашан сенңменен мақтанатын .
    Бауыр деген-бір әлем ауыл бөлек,
    Бауырларсыз жүгіңде ауыр демек.
    Әр Бауырдың амандығын тілейік,
    өмірде Әр адамға бауыр керек...
    Бауыр деген-бір әлем ауыл бөлек,
    Бауырларсыз жүгіңде ауыр демек.
    Әр Бауырдың амандығын тілейік,
    өмірде Әр адамға бауыр керек...

  • @user-sh6nd9pf6g
    @user-sh6nd9pf6g 2 года назад +4

    Бауырдың орны болек кой бауырымды сагындым катты катты

  • @user-st6ut5um6r
    @user-st6ut5um6r Год назад +2

    Керемет 🥰

  • @moldirahanova7829
    @moldirahanova7829 10 месяцев назад

    Бауырым аман болсын ❤😊

  • @maxfuzasarshaeva
    @maxfuzasarshaeva 2 месяца назад

    Пародия айта жак едім тастап бере аласызба😊

  • @user-dz1kx6lo8h
    @user-dz1kx6lo8h 2 года назад +3

    Молодцы бөлелері күшті тарту істепті

  • @user-jl3tr9yq7u
    @user-jl3tr9yq7u 2 года назад +3

    Өте керемет айтылған ән !!!

  • @user-ti2qj8il3d
    @user-ti2qj8il3d Месяц назад

    дайын плюс барма срочно???

  • @nuraylaerimbetova2480
    @nuraylaerimbetova2480 2 года назад +2

    ❤️❤️❤️

  • @mollynuri4590
    @mollynuri4590 Год назад +1

    Осы андериниз керек болып тур сатасызба

  • @user-ky6lf7jh7v
    @user-ky6lf7jh7v 2 года назад +1

    😊😊😊

  • @user-ix6il3qd3w
    @user-ix6il3qd3w 11 месяцев назад +1

    Кайтам болган бауырымды сагындым… баска бауырларыма калай айтам…

  • @marryme_taraz
    @marryme_taraz Год назад +2

    Маган осы оленді жибересізба отініш апкемнің туылган куни келе жатыр еді❤️❤️❤️

    • @sim_ba.
      @sim_ba. Год назад

      жибердима сизге

    • @user-dt7uq5uv5i
      @user-dt7uq5uv5i 8 месяцев назад

      @@sim_ba. мағанда вацаппен осы записьті жибере аласызба музыканы

  • @user-hg9dz3up3r
    @user-hg9dz3up3r Год назад

    Осы музиканы жіберіңізші өтініш тойда айтпақшы едік

  • @user-oo4sj1jn3s
    @user-oo4sj1jn3s 7 месяцев назад

    Осы өздеріңіз айтқан музыканы сатасыз ба керек болып тұр өтініш