Шығыс Қазақстанда құқықтық тәртіп сақшыларының қатарын жас қызметкерлер толықтырды

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 7 сен 2024
  • Бүгін Полиция департаментінде бірқатар кадрлық тағайындаулар өткізілді.
    Тағайындалған 56 полиция қызметкерінің ішінен Қарағанды академиясының 8 түлегі полиция лейтенанты арнайы шенін және ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбековтан алғашқы қызметтік куәліктерін алды.
    -Мен үшін қызықты сәт болды, бүгін мен бірінші қызметтік куәлігімді және полиция лейтенанты шенін алдым. Тергеу бөлімінің тергеушісі лауазымына тағайындалдым. Мен бұл атақты мақтанышпен және абыроймен алып жүремін, - деп атап өтті академия түлегі, полиция лейтенанты Дана Бақтиярова. Айта кетейік, жас қызметкер Барымбек Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясын үздік бітірген.
    Жас полицейлер үлкен іріктеуден өтті.
    Жас офицерлердің бойында адамдармен тіл табыса білу, әдептілік, төзімділік сияқты жақсы қасиеттердің бәрі бар, сондай-ақ олар заңдарды жақсы біледі, дене шынықтыру дайындығы да жоғары.
    - Мен жас қызметкерлер адал қызмет атқарып, аға буынның жауынгерлік істері мен даңқты дәстүрлерін жалғастырып, полиция қызметінің беделін көтеретініне сенімдімін - деп атап өтті Ерлан Омарбеков.
    Сондай-ақ ішкі істер органдары қатарында адал еңбек еткен полиция капитаны Ерназ Түкібаев зейнеркелік демалысқа шықты.
    - Ішкі істер органдарында 20 жылдан астам жұмыс істедім. Зейнеткерлікке шығу - бұл өмірдің кезекті бір белесі, жылдар бойы жинаған қызметтік, кәсіби, өмірлік мол тәжірибені бүгінгі жас ұрпаққа мұра ету- біздің алдымызда тұрған үлкен міндет, - дейді Ерназ Түкібаев.
    ШҚО бас полицейі ардагерге қызмет еткен жылдары мен жұмысы үшін алғыс білдірді.
    Жаңадан тағайындалған қызметкерлерге жаңа лауазымдағы негізгі міндеттер жеткізілді.
    В Восточном Казахстане ряды стражей правопорядка пополнили молодые сотрудники
    Сегодня в Департаменте полиции провели ряд кадровых назначений.
    Из 56 назначенных сотрудников полиции 8 выпускников Карагандинской академии получили специальные звания лейтенант полиции и первые служебные удостоверения лично от начальника ДП ВКО генерал-майора полиции Ерлана Омарбекова.
    - Это был волнующий момент, сегодня я получила свое первое служебное удостоверение и звание лейтенанта полиции. Назначена на должность следователя следственного отдела. Буду с гордостью и достоинством носить данное звание, - отметила выпускница академии, лейтенант полиции Дана Бахтиярова.Стоит отметить, что молодая сотрудница окончила Карагандинскую академию МВД РК им. Баримбека Бейсенова с отличием.
    Молодые полицейские прошли серьезный отбор. Коммуникабельность, порядочность, выносливость, отличное знание законов, физическая подготовка - всеми этими качествами обладают молодые офицеры.
    - Я уверен, что новоиспеченные сотрудники будут достойно нести службу, продолжать ратные дела и славные традиции своих предшественников, поднимая престиж полицейской службы- отметил, Ерлан Омарбеков.
    Так же в этот день капитана полиции Ерназа Тукибаева проводили на заслуженный отдых.
    - В органах внутренних дел проработал более 20 лет. Выход на пенсию - это очередной этап жизни, когда понимаешь, что проделана большая работа, и сейчас настало время, когда накопленный опыт необходимо передавать молодым сотрудникам, - говорит Ерназ Тукибаев.
    Главный полицейский ВКО выразил ветерану благодарность за годы службы и работу.
    Вновь назначенным сотрудникам были доведены основные задачи на новых должностях.

Комментарии •