ТАБАҚ ТАРТУ | BIR OI | KARAKAT ABDEN

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 15 окт 2024
  • Достар, сіздерге әрдайым пайдалы, мағыналы дүниелерді ұсынғым келеді.
    "Бір ой" атты авторлық жобамның жаңа бөлімі де осы мақсатпен жарық көрді.
    Жаңа бөлімнің мазмұны ерекше, практикалық сипаты басым. Анам екеуміз қазақтың көнеден келе жатқан дәстүрі - табақ тарту туралы сөз қозғаймыз.
    Шын мәнінде, бұл қонақжай халқымыздың дархан болмысын танытатын ерекше дәстүр.
    Бас табақ, орта табақ, аяқ табақ, құда табақ, күйеу табақ, қыз табақ, қос табақ, сый табақ, ерулік табақ т.б. Байқап қарасақ, тіпті табақ атауында да қаншама мән жатыр. Бірақ оның бәрін өскелең ұрпаққа үйретіп, көрсетіп жүрміз бе?
    Жас қыз-келіншектер табаққа салынған әр жіліктің, әр сүйектің ретін, мәнін біле ме?
    Сондай-ақ қазір бұл дәстүрдің жөн-жоралғысын білмейтін қазақтардың саны артып келеді. Оны тіпті ескіліктің белгісі деп те есептейтіндер аз емес.
    Сондықтан "Бір ой" жобасының жаңа бөлімін тамашалауға кеңес беремін

Комментарии • 43