Арманым арманда кетті. Асқар Жұмаділдаев | «Алғашқы»
HTML-код
- Опубликовано: 5 фев 2025
- Кейіпкердің өміріне бойлайтын, көрерменнің де көңілін ойлайтын «Алғашқы» жобасының қымбатты қонағы - академик, мемлекеттің сыйлықтың иегері, Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, қоғам қайраткері, профессор Асқар Жұмаділдаев.
Бүгінгі сұхбатта Асқар Жұмаділдаев ішіндегі сырын ақтарыла айтып, өткен күндерін еске алды.
👇👇👇 КАНАЛҒА ТІРКЕЛ / ПОДПИШИСЬ НА КАНАЛ: www.youtube.co... 👇👇👇
АРНАМЫЗДЫҢ ҮЗДІК ЖОБАЛАРЫ / ТОПОВЫЕ ПРОЕКТЫ КАНАЛА:
«Келінжан 4» телехикаясы: • «КЕЛІНЖАН 4» телехикая...
«COVER SHOW» ойын-сауық бағдарламасы: • COVER SHOW
Айтыс. «Асыл домбыра»: • Айтыс. «Асыл домбыра»
БІЗДІҢ ПАРАҚШАЛАРЫМЫЗҒА ЖАЗЫЛ:
Facebook: / habartv.telearnasy
Instagram: ...
***
Біздің сайт - khabar.kz
#АсқарЖұмаділдаев #алғашқы #АманТасыған #академик #профессор #қоғамқайраткері
Жақсы бағдарлама.Асқар Жұмаділдаевті шақырғаны өте дұрыс.Ерекше адам.
Осы Асқар ағаны қатты жақсы көрем, біліміне, біліктілігіне қайранмын. Қарындасы мен алғашқы жұбайының өмірден өткеніне қатты қайғырғаны көрініп тұр, егіліп кетті, мен де жыладым, осындай атағы жер жарған, данышпан ағаның өксіп отырғаны, жүрегінің қаншалықты мейрімді болғаны үшін жанарым жасқа толды, жаным ашыды . Аман болыңыз , аға!
Қазақтың бағына туылған дара тұлғаның өмірі жайлы керемет бағдарлама болды.Адам қанша жасқа келсе де, қандай ортада өмір сүрсе де ата-ананы айтқанда балаша сезімді басынан өткерді. Әкеге деген сағыныш, сүйікті жарына деген сағыныш ыстық көз жасымен сыртқа шықты. Сырттай қатал көрінетін жанның да жүрегінің нәзік екенін көрдік.Қосылып жыладық, сүйіндік әдемі әсер алдым.Аман болсын, елдің бағына туылған сырдың сары баласы.
Осындай бағдарлама дайындаған Аман балама шығармашылық табыс тілеймін.
Көп ізденеді,әдемі жүргізеді.
Осы бағдарламаның жарыққа шығуына ат салысқан барлық осы саланың мамандарының рахмет.
Иә,керемет бағдарлама болды.
Қандай жан-жақты Адам. Мықты адам. Сман болыңыз❤
Асқар аға 100жасаңыз. Аман жүріңіз. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз. Бақытты ғұмырлы болыңыздар.
Керемет! Асқар аға, қанша шыңға шықсаңызда, бала жүрек, бала көңіліңізбен жүректерге жететін сұқбатыңызға мың да рақмет! Аман, мықты журналист!
Бұл өмірде не болмайды?
Жақсы жағы да,қиындығы да болады екен.Тағдырдың сынағына шыдап,қиындыққа сынбай,бір өзі қыздарын бағып-қағып,тәрбиелеп,ЖОО- ын бітіртіп,үлкен өмірге дайындап,ұядан ұшырып жіберді.Шүкір,өз күндерін көріп кетті🙏🙏🙏
Біздің кішкентай кезімізде Асқар өте қатал болатын,бірақ біз одан жаман болған жоқпыз🙏
Көп сөйлемейтін, ешқашан дауыс көтермеген,қолы қалт етсе,кітап оқитын,өте ақылды,сабырлы,өте мейірімді әкеміздің берген тәрбиесіне бәріміз ризамыз❤❤❤
Өсіңкірегеннен кейін әкеміз тізгінді үлкен ұлы Асқарға берді.
Біз оның соңынан ілесіп,жетегіне бағынып,оның ізімен жүріп өстік.
Әрине ең әуелі Аллаға сансыз шүкір,сонан кейін ата анамызға,ағамызға рахметімізді айтып жүреміз.
Менің оқушыларым кейде,Апаайй,сіз Асқар ағаңызға ұқсайсыз десе,мен мәзбін.
Әсіресе сабақ түсіндіргенде сөйлеу мәнерлеріңіз ұқсайды дейді.
Сосын Апаайй,біз Сізді қатаалл деп жүрсек,ағаңыз сізден де қатал екен ғой деп келеді Вузға барғанда.
Мен оларға,аа,қаалаай екен деп күлемін,бірақ ештеңе етпейді,қаталдықтың да пайдасы бар,за то (стержень)діңгектерің мықты болады,ағаларыңды тыңдап,көп нәрсені үйреніп алыңдар деп оларды жігерлендіріп қоямын.
Ал енді ағама тілерім:
ең бастысы денсаулығың мықты болсын,жасың ұзақ болып,ел алдындағы абыройың асқақтай берсін,әлі де алар асуларың көп болсын🙏🙏🙏
Үкіметіміздің саған тапсырған аманатын абыроймен атқарып,Ғылым Академиясының жұмысын алға көтеретініңе сенімдімін.
Алла,сені тіл көзден сақтасын,сен де бір қарапайым отбасынан шыққан қазақтың бір Алтын тұлғасы болып жүре бер.
Сен біздің отбасымыздың мақтанышысың❤🥰🙏
❤
Керемет Ерекше есте қаларлық сұхбат болды Аман журналистке рахмет мобил.тел.ға қазақша сипағыш деген атау берді
Асқар аға бүгінгі күннің аңыз адамы, керемет! Тамаша сұхбат
Міне нағыз сұхбат қайдағы болмай қалған әшілерді дәріптегенше Асқар ағамыз сияқты ғалымдарды және жаңа бір сөзінде айтып кетті қанша жыл ғылымға еңбегі еткен ақсақалдар үйсіз жүр деп сол кісілерді көтеру керек.
Аман жүр асқар.ботам.қазақтың.бір.туар.азаматысың.жастарды.үйретіп.ғылым.жолына.түсіріуге.ынталандыра.берші.еңбегіңнің.жемісін көресің.ізбасарларыңнан.аман.болшы.қарағым.әже.
Аман Тасығанға мың рахмет,тақырыпты ашқаны үшін,тарамдап, жер көкті шарлап ,керек дүниесін тауып алғаны үшін,ізденісі үшін,бағдарламаны жүргізу мәнері үшін.Нағыз өз ісінің маманы деп білемін.Әр бағдарламасын көрген сайын, таң қалатыным, кейіпкер таңдауында. Ал Асқар ағаның,,ойбай,,деген бір ауыз сөзінің өзінен,ауылдың иісі аңқып тұр,керемет аңыз адам,сөзім жоқ,бірге қуанып, бірге көзге жас алып,бірге мұңайып отырдым.Иә,біздің елде,,қолда бардың қадырын білмейді" деп ойлаймын, бұл кісінің берері көп, тек жұмыс істеуіне жағдай барынша жасалса, тірі кезінде түсіне білсек, қадырлей білсек.Керемет шығарылым, керемет .Жүз жасаңыз!!!
Л4зз🎉юя
АЛЛА Тағала жарылқасын баршамызды
Осы Аскар ага дай улы адамдарды архивте сактау керек
Асқар сияқты адал адамгершилиги артық елдин азаматтары туралы жии шыгарса нұр устине нур болар еди.
🎉😢😮😅😊❤😂🎉😢😮😅😊😅😮😢🎉😂❤😂🎉😢😮😅😊😅😮🎉😢🎉😂😂❤🎉😮😢😂🎉😅😮🎉😂🎉❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤
ерекше адамгой, осындай тулгаларымыз коп болсын❤
Мықты ТҰЛҒА! Қайталанбас, Қазақстанның болашағы болар жастарға берері мол, терең!
Аман керемет жүргізесіз тақыоыптарды.
Бір киүо көргендей болдым
Асқар ағамызда шынайлық ,боямасыз айтады екен.
Туысымен ,жарын айтқанда көз жасына қосылып егілгенім ай!
Ғажап!
Өмір көші бір кітап .
Бір басына бар дарынды үйіп берген.
Сіз осы заманың жақсы формуласыз,телефон ұстамайтын.
Жалғыз дұрыс бағдарлама! Жарайсың Аман Тасыған! Қалаулым, Астарлы ақиқат, Көреміз ғой, т.б. оңбай кеткен бағдарламалар жеткілікті. Олардың бәрі ойдан шығарылған өсек, өтірік әңгімелер. Олар адамдарды рухани азғындауға әкеледі.
Не деген керемет адам.Бағдарламаның авторына рахмет.
Аңыз адам, мықты денсаулық тілеймін!🎉
Ерекше, аңыз адам ғой Асекең. Керемет бағдарлама. Журналист те мықты.
Керемет әңгімелесу болды! Тектілік, білім, адалдық, мінез, жанның нәзіктігі..... бір адамның бойында. Алға, қазақтар!
Осындай керемет Адамдарды дүниеге әкелген Аналар даңқы өшпесін ❤
Асқар аға өте жүрегі жұмсақ қарапайым адам екен.аман жүріңіз.жылаған жерде менде жылап көрдім.Басыңыз аман болсын.Аман Тасыған сізге де көп рахмет.еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер.
Аман аға, рақмет! Сондай керемет шығарылым болды👏🏻 Тамаша әсер алдым. Жылап алдым
Керемет рухани тәлім алатындай сұхбат болды.
Нағыз қазақи адам!
Өте керемет сұхбат екен!! Ағаның сегіз қыры мен бір қырын ұтымды ашқан бағдарлама болыпты!!! Аманның өте керемет өткізген сұхбаты болыпты!!! Ағаның қарапайымдылығы мен шынайылығы адамды ойландырады. Жүз жасаңыз аға, халқым деп, Қазақстанның болашағы үшін шапқылап жүре беріңіз.
Асқар ағамызбен болған сұқпатқа.Рахмет расыменде жыладық, күлдік, сағыныштың сан түрлілігіне көз жеткіздік.
Жаса беріңіз! Тасыған өмірде....
Тамаша сұхбат, керемет кездесу болды.Аман баурыма рахмет. Журналистік істерің алға жүре берсін.
Оте керемет карапайым агамыз,соншама атак данкы бола турып кышыпейыл узак омыр сурыныз Жумадылда ага,Аман осындай галымдарды шакырганы дурыс ❤❤❤
Кездесу мен қоштасудың арасын
Жалғастырып жатады екен сағыныш!!
Керемет сұхбат болды Асқар ағамен, сізбен бірге қуанып, жылап, сағынып, барлық қазақ азаматтары сізден үлгі алса
Асқар аға айтқандай өмірім сағынышпен өтті деп, ия әсіресе бақилық болған ата анаға деген сағынышты қалай басуға болар екен, қабар басталғаннан аяғына дейін көзден жас тиылмай қойды, кездесу мен қоштасудың арасын
Жалғастырып жатады екен сағыныш! - деп жазғаным сол, рас екен адам баласының өмірі сағынышпен өтеді екен, бірақ өмір жалғасады, тірі адам тірлігін жасайды екен, Асқар ағамыздай ұлы тұлғалар жасай берсін
Ғалымның туысқандық мейірімділігі,сағынышы.көзіне жас алуының өзі ғажап .Әкесінен аумайды екен.Менің әкемнің өңі де осындай еді.Ұзақ ғұмыр отбасына бақыт тіледім Алладан.
Ерекше,аңыз адам,өте білімді мың жасасын,жүргізушіге де көп рахмет,сөйлеу мәнері ұнайды
Асқар Аға көп жасаңыз. Құдай Сізге күш-қуат берсін! Әттең ҚАЗАҚТЫҢ СІЗ сияқты азаматтары көп болғанда. Еліміз халқымыз ешкімге ЖЕМ болмайтын еді. Аман Тасыған Тоқаевпен туралы болып жатқан әңгімені бекер бөліп тастадың. Сосын ағамызды Вальс билетпей БАТА АЛУЫҢ керек еді.
Аман Тасыған, дүние тұрғанша тұр. Асқар ағаны шақырғаныңа мың рақмет.
Асқар Жумадылдаев, Қазақтың бірегей азаматы, аман-есен болыңыз.
Керемет кездесу.Асқар ағамен бірге жылап бірге күлдім. Әдемі әсер алдым. Рахмет.
Аман коп рахмет, оте дурыс Аскар агамен сухбат, осындай ел ушын кызмет етып жаткан агалар апайларды танып былу керек кой, тамаша жылап та алдык маган унады
Аман, осындай мықты математик, ғалым, қазақи ұстанымы өте жоғары және тамаша әке, бала, жар адаммен болған сұқбат керемет болды. Әлі де қазақ қоғамына берері мол Асқар ағамызға мықты денсаулық тілеймін. Нағыз аңыз адам.
Керемет жылы кездесу.Шынайы жауап.Сұқбат сонысыменде мәнді болды.Ағамыз қазақтың маңдайына біткен дара тұлғасы.Бағалайық,құрметтейік.
Аман, айналайын саған шығармашылық табыс тілейміз.Сенің мықты журналист екеніңді ағамызда бағалап жатыр.Бұл үлкен жетістік!
9 мектеп - интернат туралы ағамыз айтып қалды.Сенде бір кездері сол мектепте ( қазір басқаша аталады) оқып едің.Бізде сендер сияқты шәкірттерімізбен мақтанамыз.
Аман Тасыған мың рахмет.Қандай білімді ,қарапайым.
Қайталанбас тұлға.Барында қадірін білсек жақсы болар еді.
Арман-тілегін орындап.Əлі де ғылымға берері көп ау
Керемет азамат,өміріміз ұзақ болсын ,дара тұлға
Сізге басымды иемін
Бағдарлама өте керемет болды. Асқар аға сияқты ұлы тұлғаны шақырып,керемет сұқбат жасадың.Сол үшін мың рахмет! Келешек ұрпаққа берер ғибраты мол,Асқар аға 100 жасасын!
Кушти хабар болды Аганын ангимесин тындадык Кушти болды
Өте шынайы, әсерлі, жақсы демалыс
Керемет шығарылым болды Аман алғысым сізге Ерекше,Асқар ағамыз жылатты да қуантты да Рахмет
Керемет сұхбат! Нағыз академик, өте білімді, елінің мақтанышы, сегіз қырлы бір сырлы Азамат.
Зор денсаулық, жемісті бағалы еңбек, ұзақ бақытты өмір нәсіп етсін.
Ғажап сұқбат болды. Соңына дейін тапжылмай көрдім, арасында жылап та алдым.
Талайдан бері жүрегімді ешнәрсе қозғамап еді.
Журналистке рақмет!
Асекеңе амандық, деніне саулық,барлық жақсылықты тілеймін.
Өте керемет, әсерлі, сезім сағыныш, өткіз сөздер батыл айтылды, боздап отырар болсам кім жұмыс жасар, ит жоқ та шошқа үреді жүргені мың академик бірақ біреуі іс жасамайды амал жоқтықтан жүрмін деді...
Асқар ағамызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр жас тіледім. Қазақтың бағына туған асыл азамат👍👍👍
Қандай керемет АНАСЫ 👍
Арман Тасыған!Үлкен рахмет!Өте беріліп көрген 1-ші хабарым!Бірге жылап,бірге қуанып отырдым!
Не деген қарапайымдылық!
Ерекше шыгарылым, рахмет сыздерге,бырге кулдык, бырге жыладык,Аскар аға айткандай Аман аға мыкты жургызушы 👍.
Ең керемет бағдарлама болды бұл😢🫰❤️🥰🔥🔥 Таңғы 6:34-те көзден жас ағып қарап отырмын. Асқар аға - аңғал, бала сияқты таза, жаны мен жүрегі кірлемеген нағыз АДАМ ғой. Жүз жасаса екен, жүзден асса екен🤲
Арман Тасыған ең жоғарғы дәрежедегі мықты Жүргізүші, мықты адаммен сұхбат жүргізді.Осындай кездесүлерін асыға күтеміз ,еңбегің алға бассын.
көңіл бөліп оқығаныңыз үшін , алғысвмды білдіремін.
Аңыз адам, шынайы әңгіме, Асқар ағамен бірге күлдік, жыладық, толқыдық😢 Бағдарлама ұжымына рахмет!
Бірнеше рет тыңдадым, өте тамаша шығарылым, рухани күш берді, Асқар аға мен Аман ініме алғысым шексіз👍👍😘😘
Керемет бағдарлама, Аманның сұрақтары да , жүргізу шеберлігі де тамаша, осындай еліміздің біртуар Азаматтарымен сұқпаттасу -болашақ жастарға үлгі🤲👏👍😘🙏
Керемет бағдарлама!Асқар ағаны көріп қуанып қалдым.Ақын Тұманбай Молдағалиев менің сүйікті ақыным.Көп өлеңдерін оқыдым "Құралайым ақ Құрашым"-деп жырлайтын.
Композитор Ержан Белғозиев та Тұманбай ағаның күйеу баласы екен ғой.Бағдарламаны көріп отырып жылап та алдым.Аман Тасыған керемет журналист.Бәріңіз де аман болыңыз.Бұл бағдаламаны асыға күтіп қараймын.Рахмет Аман Тасығанға осындай бағдарлама үшін.
Осы аңыз адам менің жерлесім, бір мектептенбіз...керемет адам, қазақтың мақтанышы 👍✊
Керемет, 100 жасаңыз, қазақтың маңдайына біткен ұлы тұлға!!!
Керемет бағдарлама. Асқар Жұмаділдаев аңыз адам, бағдарлама барысында осы адаммен бірге қуанып, бірге көзіме жас алып отырдым..
Көңілден шығатын бірден бір бағдарлама
Рахмет,керемет кездесу болды,Аскар ага ,Аман болыныз,жургузуши керемет,Рахмет,Отсылай агаларды жастарга корсетип,улги устайык,жаксылык коп Болсын,Аман болайык.
Аман болыңыз Асқар аға, өзіңізбен бірге жылап, бірге күлдім. Ия, мәңгілік сағыныш кетпейді көкейдегі, Мәрия екеумізді Мәскеуден келген бір сапарыңызда сол кездегі Пушкин кітапханасына ертіп апарып, таныстырып оқырман билетін алып беріп едіңіз...
Жүз жасаңыз АҒА!
Кеш жарық бугінгі қонағыңызбен керемет сұхбат болды. Қазақтың нағыз жанашыры,недеген патриоттық сезім Асқар ағамызда. Осындай ұлы тұлғалардан жастар өнеге,білім алу керек.
Кандай таза, нурлы адамдар, букил жануясы, Алла еки дүниеде бакытты етсин
Өте қарапайым адам , қазір қарапайым адамдар сиреп кетті ғой таң қалатын болдық , тамаша сұхбат болды керемет кейіпкер Аман Тасыған жарайсың 👍👏👏😊
Керемет сұхбат! Академик Асқар Жұмаділдаев ағамызға денсаулық тілеймін.
Керемет.жан дүниеңді тербеген сүқбат
Жүргізушіге көп рахмет!!!! Бағдарламаларыңызда, қонақтарыңызда, тамаша!!!!
Тамаша шығарылым болды👍🏻🔥😍тек әнші-әртістерді емес, ғалымдарды көтеретін кез келді
Керемет сөз жоқ бір жылап бір куанып мәзбіз құрдасым мықты журналистсің еңбегің өрге жүзсін
Керемет.Аман бауырым рахмет.Асқар Жұмаділдаев Аңыз Тұлға ғой.
Өте керемет сұхбат болды❤ Асқар қазағымның маңдайына біткен ерекше мінезімен, болмысымен , ақыл парасатымен азамат қой. Айналайын Ағамыз жүз жасаса екен, Алладан тілейміз. Аман балам өркенің өссін, әрбір кейіпкерің , әрбір шығарылымың көңіл тойдарады, бір жасап қалдым, бар болшы айналайын. Көп рахмет сағанда, шынайы болмысымен ағынан жарылып бізді де тебіренткен Асқар ағамызға да бас иеміз. Талғардан апаң
Керемет сұхбат. Осындай ғалым адамдарды көбірек шақырыңыздар. Ғалымдарды халық тану, білу керек.
Бағдарламаларыңызға ұзақ ғұмыр тілеймін!!!
Керемет бағдарлама болды. Ерекше әсер алдым.
Асқар аға, жүз жиырма жыл жасаныз! Аман баламызға көп рахмет осындай кейіпкермен кездесу өткізгеніне!
Барыңды бағала деген.
Нар тұлғалы ,еліміздің мақтаныштары , ұрпаққа үлгі ,өнеге.
Мың жасаңыздар 🎉
Рақмет 🎉🎉🎉
Аман саған мың алғыс! Асқар сияқты білімді мықты азаматтармен сұқбат жүргізіп отырғаныңа ,өте үлгі аларлықтай кездесу болды
Аңыз Адам. Керемет бағдарлама. Құндылығы жоғары бейне. Рахмет 🎉
Алғашқының төрінде отырған Асқар Жұмаділдаев біздің жерлесіміз , мақтанамыз .Жерлесіміздің керемет біліміне бас иеміз Аман інім сізге үлкен рахмет Жүрегімізді қатты тербеді
Жақсы бағдарлама!
Керемет асыл тұлға.Бірге жылап, бірге күлдім.Ерекше сезімге бөлендім.
Өте керемет сұқбат болды, көзіме кәдімгідей жас келіп, ырза болып қарап отырдым, сондай әсерлі өтті❤❤❤
Ғалым, оқымысты, ойшыл адаммен болған сұқбат қандай тамаша!
Өте керемет бағдарлама, бүгінгі қонақ Асқар аға қандай керемет, шынайы. Қазақ елінің мақтанышы !
Өте керемет сұхбат! Асқар ағамызды өте жақсы сыйлаймын, сонау тоқырау кезеңнен бері қазағымның жанашыры, бір үлкен тұлға біз ұшін. Меніңде әкем математик болған, әкемді көргендей болдым, өйткені өз ісіне адал адам.Мың жасаңыз Асқар аға! Аман сен керемет журналиссыз тіл көзден екеуіңізді Алла сақтасын!!! Бийіктен көрініңіздер!!!
Өте жақсы бағдарлама
Асқар аға осы заманның ең күшті адамы деп түсінеміз ауырмаңыз кейінгі жастарға үлгісі.
Керемет кейіпкер, керемет жүргізуші. Тіпті берілген уақыт аз болып қалғандай, тыңдай бергім келді. Өмір жасыңыз ұзақ болсын!
Ия менде бітіп қалмағай деп қарап отырдым.😢
Қазақтың иісі аңқып, жуманның исі бұрқырап тұр. Даланың қазағы..
Тәрбиесі көп бағдарлама, мықты журналист, әйтпесе қазір түк пайдасыз бағдарламалар көбейіп кеткені қынжылтады, осындай тағылымды бағдарламаларыңыз көп болсын! Асқар аға да мықты, ерекше тұлға, осындай ақылды, тәлім алатын дана тұлғаларды көп шақырсаңыздар
Аман бауырым, мықтысың ғой. Оны тағы да іздемпаздығыңмен, жан-жақтылығыңмен, шеберлігіңмен көрсеттің. Жарайсың!
“Алғашқы” бағдарламысын үнемі көремін. Бүгін Асқар ағамыздың өмірімен, сырымен таныстық. Асқар аға тарихта аты қалатын, ерекше адам. Қазағымда атақты математиктің болғаны қатты қуантады. аға, жүз жасаңыз! Келешек ұрпаққа береріңіз көп болсын!🤲
Асеке,аман болыңыз!
Қазақтың Асекеңдей жігіттері көп болсын
Мықты❤❤❤❤❤❤❤
Керемет әңгіме болды, Аман аман бол, осындай дара кісілерді ьізге таңыстырған үшін.
Керемет сұхбат👍! Кейіпкермен бірге күліп, бірге жыладық. Асқар Жұмаділдаев- тума талант, дарын иесі. Ісі табысты болсын, осындай адал жандар көбейе берсін! Вальсті математика тілімен түсіндіретін бір адам болмағаны ма? Аман Тасығанға мың алғыс! 👏👏👏 "Алғашқының" әр шығарылымын асыға күтетін болдық.
Керемет 👍 сұхбат болды, өзіме түртіп алатын сүбелі сөздер көп екен!
Аман Тасыған өте білімді журналист!
Қандай керемет ағалар, сөздің майын тамызып❤ Осындай сәттерде қазақ болғанымды шын жүректен мақтан тұтам❤❤❤ қайғысына ортақтасып жылап та алдық, даналығына тамсанып отырмын, ақылдылығы бір төбе, жанының байлығы ерекше керемет адам екен🎉🎉🎉
Асқар аға керемет қарапайым осы қарапайымдылығынан ауылдың қасиеті байқалады,менде жылап алдым қосылып ..аман болыңыз ағатай бир туар ағамыз💯жасаңызшы Аман Тасыған сызге Алла жар болсын жақсы журналист🙏
Қандай керемет, рахмет, сізге, осындай керемет тұлғаларды таныстырғаныңызға. Нағыз жұлдыз осы кісілер ғой.
Аман айналайын,рахмет,қандай сұхбат,керемет.