Түсті металл мен қара темір экспортына шектеу қою - жан баққан елге соққы емес пе?

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 14 апр 2022
  • Түрлі-түсті металл мен қара темірді шет елге шығаруға шектеу қойылады дегенді естіген Жамбыл облысындағы кәсіпкерлер қарсылықтарын білдірді. Темір-терсек теріп, кесіп, тиеп жан баққан ел металл қалдықтарын экспорттау тоқтатылса, мүлде табыссыз қалып, банкрот боламыз деп уайымдап отыр.
    Сөздерінше, шенеуніктер «мемлекеттен онсыз да қыруар қаржы алып отырған ірі кәсіпорындарға қосымша қолдау көрсетеміз» деп шағын кәсіп иелерін біржолата құрдымға жібермек. Ал шектеу енгізген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мұндай қадамға барғаннан басқа амалы қалмапты.
    Шоқан Тұрғанов металл қалдықтарын қабылдап, сұрыптап Ресей, Өзбекстан, Пәкістанға экспорттап келген. Қол астында 50-ге жуық жұмысшысы бар. Айтуынша, салықтан жалтарған немесе қызметкерлерінің жалақысын кешіктерген кезі жоқ. Қазір әр жұмысшы кемі 250, ал көбі 350 мың теңге көлемінде айлық алады екен. Бірақ мұның бәрі бір-ақ сәтте көрген түстей өте шығуы мүмкін дейді кәсіпкер. Себебі министрлік темір-терсекті шет елге шығаруға шектеу қоя бастаған. Оны отандық өнеркәсіпті қолдау деп түсіндіріпті. Яғни, зауыттарда шикізат жоқ екен. Ал кәсіпкердің темірді отандық компанияларға өткізгісі келмейді. Өйткені, бағасы арзан, ал жеткізу қымбат.
    ШОҚАН ТҰРҒАНОВ, кәсіпкер:
    - Мысалы көмір болсын, цемент болсын, басқа бір бұйымдар, ағаш бұйымдарын жіберсең Қарағандыға оның тарифі 350 мың-300 мың теңгемен барады да. Ал бір вагон темір 1 миллионнан асып кетеді. Тариф өте жоғары. Темірге сондай тариф қойып тастаған. Сөйтіп, бізге әкеліңдер дейді. Апарғанмен олар уақытылы ақшасын бермейді.
    Кәсіпкер темір қалдықтарын тасымалдау әсіресе, соңғы екі-үш жылда қиындап кетті дейді. Сөзінше, шенеуніктер ыңғайына қарай, қаласа шектеу қояды, сосын ай өтпей шектеуді қайта алып тастайды. Ал мұндай жағдайлар бизнесіне теріс әсер етіпті. Яғни, кәсібі тұралап, жұмысшылары үйде отырып қалады екен.
    Министрлік өкілдері отандық зауыттарға шикізат жетпей жатқанын растады. Сондықтан темір-терсекті шет елге шығаруға уақытша шектеу қоюға тура келіпті. Айтуларынша, күні кеше министрлік пен шикізат өндіретін кәсіпорын және металлургиялық компаниялардың арасында үш жақты ұзақ мерзімді келісімшарт жасалған. Соған сәйкес, темір-терсектің көлемі, сапасы, жеткізілген тауар ақысының уақытылы төленуі, бәрі-бәрі қамтылған деді Жанат Игісінов.
    ЖАНАТ ИГІСІНОВ, ҚР ИИДМ басқарма басшысы:
    - Біз темір-терсек қабылдайтын бекеттер жабылмайды деп ойлаймыз. Себебі елімізде металл қалдықтарын алатын кәсіпкерлер көп. Сондай-ақ, министрлік нормативті-құқықтық актіні қабылдар кезде кез келген транспортпен түрлі-түсті металлды және елімізде өңдеуге келмейтін қоспасы бар болатты жөнелтуге қатысты мәселеге баса назар аударады.
    Кәсіпкерлер отандық өнеркәсіпті қолдауға қарсы емеспіз дейді. Бірақ билік өкілдері де кішігірім бизнесмендердің пікірімен санасса деп тілейді. Яғни, ең алдымен шектеуді алып тастау қажет. Болмаса, алпауыт компаниялар тасымалдау құнын арзандатып, темір бағасын көтеріп берсін деп талап қойды.
    Нұрболат Жаңабекұлы, Дәулетбай Нұрмахан
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    RUclips - / @informburo31kanal
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informburo31
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
    #қараТемір #экспорт #кәсіпкерлік

Комментарии • 77

  • @user-pl2wl4ip5o
    @user-pl2wl4ip5o 2 года назад +23

    Тоқтату керек темірд сыртқа стақанша іште қалдырып өзімізде өңдеу керек бәрі өтірік жылама береді көп асап жаман үйренген сол темірді өзімізде өңдеп ішкі қажеті толтырып артығын сыртқа сатса болат

    • @user-eu1bg9kq1x
      @user-eu1bg9kq1x 2 года назад +1

      Саткызбау керек сыртка.осы темирди сыртка шыгарганнан металл багасы шарыктап кетти.бир еки жумысшынын жагдаиы ушин букил елге кауип тондируге болмаиды.осылар сыртка металл сатканнан квадраттар,трубалар кымбатынан келди.

  • @aiaru_kenalieva
    @aiaru_kenalieva 2 года назад +16

    Дұрыс өзімізде өндіру керек,өзіміз нормально бағаға принимать ету керек

    • @user-fr1oy3sh4p
      @user-fr1oy3sh4p 2 года назад

      Айтқанға оңай оны жүзеге асыра алатын үкімет болса

  • @zhangeldimyrzahanov2035
    @zhangeldimyrzahanov2035 2 года назад +5

    Сол темірді өзімізде өңдеп Қазақстанның экономикасын көтеру керек.

  • @naimanmarat6291
    @naimanmarat6291 2 года назад +9

    Дұрыс тоқтатсын өзімізге керек

  • @user-ig6eq8gl2u
    @user-ig6eq8gl2u 2 года назад +7

    Колдаймын шыгармау керек

  • @user-kc9wx7yj2r
    @user-kc9wx7yj2r 2 года назад +13

    Дурыс жабылсын барлыгы метал калмады ертен катынымызды откызермыз токтамаса

  • @jaxjax6927
    @jaxjax6927 2 года назад +9

    Сол металлдан бирдеме ондирип шыгаратын завод шыгару керекго.

  • @user-py1xk4es7e
    @user-py1xk4es7e 2 года назад +8

    Озымызде калу керек шикызатты откызбей буйымдай жасау керек

  • @user-vg6xr7xg2o
    @user-vg6xr7xg2o 2 года назад +13

    Котин кысып отсын
    Окимет дурыс истеиди
    Казакстаннын заты озимизде калсын.
    200 рабочи аш калады деп. Халыкка зат калмау керек пе.

    • @elnurusen9698
      @elnurusen9698 2 года назад

      Дурыс оте дуырыс содан. Темыр қыматап жатыр

    • @user-eu1bg9kq1x
      @user-eu1bg9kq1x 2 года назад +4

      @@user-di5hx6bq1l сол шириген темирди сыртка жиберген саиын озимизге аспандагы багамен келип тур сол жаксыма?металь деген ширкиннин багасы аспанда тур.я оны туракты устаитын бир адам жок.бир ,еки адамнын аилыгы ушин букил елге кауип тондируге болмаиды.онсызда сататын нарсенин барин саттындарго.енди металл багасы туссин

    • @user-di5hx6bq1l
      @user-di5hx6bq1l 2 года назад +1

      @@user-eu1bg9kq1x Таксистская сплетня

    • @user-ls9tc8is8u
      @user-ls9tc8is8u 2 года назад +1

      @@user-di5hx6bq1l Сен кәсіпкерлерге сенбе олар өмір бойы жылай береді. Халықты олар ешқашан ойламайды қашан көрдің оларға ақша жеткенін?

  • @gulmiraasubek8576
    @gulmiraasubek8576 2 года назад +2

    Әрине шектеу қою керек!!!!!!!

  • @user-zd8lh5io3m
    @user-zd8lh5io3m 2 года назад +8

    Дұрыс, метал келешекте алтынға тең болып қалады! Қандай кәсіпкер? Ұрылар десеңдер болады!

  • @user-bj3bj2uj7q
    @user-bj3bj2uj7q 2 года назад

    Сол қаратемірлерді өз қазақстанда ерітіп өндіруге болмайма? Өз казақстандағы темір терсекті қабылдайтын мекемелерді жөндеу керек,қарапайым жұмысшылар уақытында жалақыларын алып,тапшылақ көрмеу керек.лайк

  • @nursulutlemisova8463
    @nursulutlemisova8463 2 года назад +2

    Не завод не фабрика жок кашангы ала сумка аркалайды екенбыз Казакстан

  • @user-ck7he6mo7s
    @user-ck7he6mo7s 2 года назад +2

    барлық металды шет елге жібергенді доғарып өз елімізде пайдалану керек Халықтың қамын ойлаған бизнессмендер өзімізде заводтар ашсын.Металдар онсызда туралап жатқан экономиканы көтеретін бірлен бір байлық.

  • @sultanazizxanov6367
    @sultanazizxanov6367 2 года назад +3

    Коррупция шірітеді елді

  • @user-pq5jq8iw4n
    @user-pq5jq8iw4n 2 года назад +2

    Бул бизнес емес, елдин таза онимин шетелге откизу. Токтату керек

  • @user-wr8so8id1q
    @user-wr8so8id1q 2 года назад +1

    Дурыс Темир терсек озимизде онделу керек шет елге Темир терсек шыгарылмау керек

  • @user-yc4ig7kr5v
    @user-yc4ig7kr5v 2 года назад +3

    Дұрыс шектеу қойып , өзімізде өңдеу керек.

  • @tv4pin142
    @tv4pin142 2 года назад +1

    дурыс урпак колдансын темирди озимиздин колдан келмеи Ди ине шыгаруда

  • @user-pt2zp6cw4m
    @user-pt2zp6cw4m 2 года назад +6

    Дұрысқой шектегені 50адамға жұмыс табылады шетелге сатпайақ өз елімізге сатсын

    • @adaikorpe5692
      @adaikorpe5692 2 года назад

      Тек 50 адам болса гой,мындаган адам жур гой айналысып темирмен!

    • @adaikorpe5692
      @adaikorpe5692 2 года назад

      Жагдайларын істесе шетелге сатпайды гой

  • @user-hj2fo4xt1b
    @user-hj2fo4xt1b 2 года назад

    Өз елімізді ойлау керек қой бір ұтымды жолын бірігіп табу керек

  • @zhanuzakelubaev6447
    @zhanuzakelubaev6447 2 года назад +2

    Тіміртау не бітіреді темірді қабылдамай?????

  • @Hhtjjggjdkhfgiodgidigdidtktdyg
    @Hhtjjggjdkhfgiodgidigdidtktdyg 2 года назад +1

    Қорықпай ақ қойсын. Металдан өнім жасап сатсада болады. Мысалы қасық, шанышқы, шелек, кастроль, қазан, шипр, шеге, решотка, арматура, ворота, қайшы, ара, т. Б

  • @user-tv6pk9dq7e
    @user-tv6pk9dq7e 2 года назад

    Дурыс 👍👍моланын басындагы темирге дейин алып кетип еди. Дурыс болыпты.сол темирди кытайлар алып ондеп озимизге кайта кымбат сатады.баска бизнестин козин тапсын темир сататындар..

  • @user-fg3is4ff6z
    @user-fg3is4ff6z 2 года назад +3

    Метал сеичас дорогой!

  • @user-mn8sm4br1p
    @user-mn8sm4br1p 2 года назад +1

    Елдің өзінде өңдеу керек шет елге шықпасын

  • @erbolaterbolat1757
    @erbolaterbolat1757 2 года назад +1

    Өзіміз де өңдеген дұрыс, болашақ ұрпағымыз үшін

  • @user-eh3bv3jq6e
    @user-eh3bv3jq6e 2 года назад +1

    Бастары істемейді біздің шенеуліктердің мүлде істемейді кім сайлады кім ол орындарға отырғызды

  • @kanatbatyrbek5556
    @kanatbatyrbek5556 2 года назад +1

    Металды шығармай не істейді оны өңдейтін темір забот болмаса

  • @user-nu3ws3yq5p
    @user-nu3ws3yq5p Год назад

    дурыс шектеу қоиыу керек

  • @kanatjulduzbekov5818
    @kanatjulduzbekov5818 2 года назад +2

    Жанат игисинов москвада Турган жоксын гой,дубара казак казакша солейтин уакыт болды гой,70 жыл орыстын айтканын истедик,30 жыл назарбаевтын коп ултты елмиз дегенин истедик,енди Жана Казакстанда Жана казак тилинде сойлесейши,уакыт жетти гой,АНА тилим дейтин,президент Пен укимет неге Зан шыгармайды казак тилин менгермегендер мемлекеттик кызметте истемеиди десе 3 кунде уйренер еди жогарлы лауазымды кызметкерлер

  • @timurkurbanbaev1866
    @timurkurbanbaev1866 2 года назад +1

    сырткааа кетпесинн

  • @user-nj7fw7fs2e
    @user-nj7fw7fs2e 2 года назад +3

    ЗАПРЕТ КОЙЮ КЕРЕК ОРЫСТАРДЫ БАЙЫТЫП ЖАТЫРСЫНДАР.

    • @qazaqqazaq395
      @qazaqqazaq395 2 года назад

      Орыс бізден өткен қайыршы Қытай деп айт қытаай...

    • @user-nj7fw7fs2e
      @user-nj7fw7fs2e 2 года назад

      @@qazaqqazaq395 кытайга итакта шыгармайды темрды.

    • @qazaqqazaq395
      @qazaqqazaq395 2 года назад

      @@user-nj7fw7fs2e
      Қытайға кетіп жатқан металл сынықтары тиелген эшелондарды есептемегенде дейсіңғой, что ж сенің ойың да дұрыс.

  • @user-rq3yc7tu3l
    @user-rq3yc7tu3l 2 года назад +1

    Токтатылсын

  • @user-pv2mp3os3g
    @user-pv2mp3os3g 2 года назад +1

    Көшеден темір жинайтындар күнде 90..100 мын пайда табады елден 10 мыңға алса 110 мынға өткізеді

  • @bugin9520
    @bugin9520 2 года назад +2

    ТАУБА ДЕГЕН ЖОҚ ХАЛЫҚ ЕКЕН , БҰЛ .

  • @batimayeshbayeva1213
    @batimayeshbayeva1213 2 года назад

    Кытай ға және басқа елдерге.темір қалдықтарын жібергенше.өзімізде өңделетін.болса жақсы болар еді .бызден алған темірді қымбатқа өзімізше.сатады..

  • @user-ge7wv7uv2g
    @user-ge7wv7uv2g 2 года назад

    Рабочий жалақысы 250-350мың дейма😅😅😅😅

  • @satoshkartoshka
    @satoshkartoshka 2 года назад

    Казахстан да мыс Темир шығаратын зауыт касипкелердин шет елге кетпей елге жеткизип сосын шығарсың акшасы жок кунин зорға корип жүрген халыктын калтасына карамай

  • @user-oh8ws3yh2o
    @user-oh8ws3yh2o 2 года назад +1

    Темирдин багасы тусип кеткени осыдан екенго. Басе 100 тг ден 50 тг ге бир ак тустигой

  • @oskar3648
    @oskar3648 2 года назад +1

    Семирип болган шыгарсындар ? Темир сататындар кутырган . Кудайда барин кориптургой

  • @dikokz3767
    @dikokz3767 2 года назад

    Дурыс келсемиз

  • @user-vy8yb1gp2s
    @user-vy8yb1gp2s 2 года назад

    Шектеу қою дұрыс осымен по крупному орыстар айналысады улкен базаларда темір жолмен перевал бар содан өздерінің керек жарақ өзі кесетін өзі турайтын крандары современыи бар солармен күндіз түні ресеиге тиеп жөнелтіп жатыр кілең орыстар 2001жылдан бастап менің көргенім оның алдында не болды қаншама металл кетті тек тонаушылық

  • @bireuekeuov3062
    @bireuekeuov3062 2 года назад

    Килограмм 200 тенге болса, менде жинап бастаймын, колыма металлоискатель устап алып

  • @ABTOKZ
    @ABTOKZ 2 года назад

    Бары мангылык емес. Барынын белгылы быр уакыты бар. Ар ыстын быр кайыры бар. Арты жаксы болады.

  • @user-nj9vm6cw8t
    @user-nj9vm6cw8t 2 года назад

    Бул бизнес емес зияндыккои

  • @user-bv1ph7rn3r
    @user-bv1ph7rn3r 2 года назад

    Шахта казбай дурус кайта ондеген дурус 50ак Адам тазалыкка барындар

  • @user-sw8gp1gm3u
    @user-sw8gp1gm3u 2 года назад

    Металды өңдесін шағын завод салсын өкімет

  • @azamatyerassyluly2010
    @azamatyerassyluly2010 2 года назад

    Жаңа оянды ма?

  • @user-xt6qh4ki7q
    @user-xt6qh4ki7q 2 года назад

    Дұрыс шығармасын. Ақшасы барлар өндіріп үйренсін

  • @user-dg5pn9ts9b
    @user-dg5pn9ts9b 2 года назад

    Дұрыс шет елге шығаруды қажеті жок

  • @satoshkartoshka
    @satoshkartoshka 2 года назад +2

    Бир докейдин зауаты бар соған керек болып тургой

  • @user-lv4ix1tv4w
    @user-lv4ix1tv4w 2 года назад

    Өзбекстан курлы болмадык кой бизден Өзбекстан сатып алса

  • @user-og8uv3vx1o
    @user-og8uv3vx1o 2 года назад

    Кара металмен биздин казакстанда армяндар айналысып байып алган абден байып озимиздин казактарды кара жумыска жумсап оздери рахаттанып неше этаж уйдеринде жатады осы армяндарды казакстаннан куып шыгу керек олар орыстардын созин сойлейтин арам опасыз халык департация жасау керек

  • @user-nj9vm6cw8t
    @user-nj9vm6cw8t 2 года назад

    Еи тук калдырмадындаргои коисандаршы темир шет елге тасыгандарынды

  • @qazaqqazaq395
    @qazaqqazaq395 2 года назад

    😂😂😂... ондай металлдар жоққой неңе тиым салып жатырсыңдар, киімдердегі, шалбар курткалардағы, металл замок - құлыптарды металл ретінде Қытай асыруға тиым салмасаңдар... 😂😂😂Тараздағы металл әскери арсеналдардан (жарылыстар) алынған металл сынықтарығой

  • @user-er4xs5pd9l
    @user-er4xs5pd9l 2 года назад

    Неге орысша сөилеиді қазақша білмеиді ме осындаилар қазақ тілін құртатындар қазақ тілді білмесе жұмыстан шығару керек

  • @user-tc5ew5pn4k
    @user-tc5ew5pn4k 2 года назад

    Дұрыс шешім елде сонда не қалады арматура шеттен тасиды үи қымбат өзімізге керекемеспе тоқталсын🛇🛇🚩🚲🚵🚴

  • @user-cm1mw2nq3f
    @user-cm1mw2nq3f 2 года назад

    Темир астык Пен секер емес кой

    • @user-eu1bg9kq1x
      @user-eu1bg9kq1x 2 года назад

      Астык болмаса да темирдин багасы аспандап кетти через чур.биз копеекке жиберемиз олар акесинин кунын сураиды даиын онимге.мине саган темир.темир багасын кор базардан