Диана Скатова, Мұрат Есжан: «Міржақып. Оян, қазақ!» (Айқап подкаст #2)

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 29 сен 2024

Комментарии • 275

  • @AIQAPODCAST
    @AIQAPODCAST  Год назад +7

    Достар, лайк саны 1000-ға жетсе, уақытынан бұрын 3-ші бөлімді жүктеймін🙌Қонақ - Ерболат Беделхан.

  • @danas2849
    @danas2849 Год назад +14

    Оян, қазақ киносынан кейін, Міржақып Дулатовқа қатысты барлық видеоларды қарап жатырмын. Мұрат Есжанға үлкен рахмет, тарихымызды ұмыттырмай осындай туынды жасағанына.

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге көп рақмет! Арнамызға жазылып қойыңыз🙌

  • @МолдирКалманова-б6ю

    Ассалаумағалейкум Мұрат Есжан аға. Мен сіз түсірген "Оян қазақ" киносын көрдім. Ол кино мені білімге құштарлығымды арттырды. Сіздің қолыңыздан келсе Әлихан Бөкейхан туралы фильм түсірсеңіз.

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге рақмет! Мұрат мырзаға жеткіземіз🤗

  • @maigulsagindik4852
    @maigulsagindik4852 Год назад +13

    "Оян қазақты" көріп шықтым. Шыққан кезде. Алған әсерім күшті. Мұрат мырзаға, бүкіл командаға үлкеееен рахмет❤❤❤

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге рақмет!

  • @aksakkulan9227
    @aksakkulan9227 11 месяцев назад +3

    1. Фильм тамшда түсірілген! Бағасы- 5!!!! 2. Жүргізушінің Тұрғаншин жайлы сұрағы ұнаған жоқ.Енді қалай түсіру керек, сатқындар, екіжүзділер жайлы. Сондай да сұрақ болады екен! 3. Сұмдық! Қазақтың аштық жайлы әңгімесін күліп. жайраңдап отырып, қалжыңдап, отырып әңгімелеп отырсыздар! Сұмдық!

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  10 месяцев назад

      Пікіріңізге рақмет!

  • @kambarkhamituly5031
    @kambarkhamituly5031 Год назад +6

    Қалаулымның жүргізушісі, ұлт жайлы айтқанда өтімділігі аз екен. Ызаланып күлесің…

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      🙌

    • @АргусФилч-й3х
      @АргусФилч-й3х Год назад +1

      Өз ойымды айта кетсем. Жүргізуші қалаулымды жүргізген үшін, өмір бойы басқа тақырыпта жүргізуге болмайды деген пікір дұрыс емес сияқты

    • @kambarkhamituly5031
      @kambarkhamituly5031 Год назад +3

      @@АргусФилч-й3х дұрыс айтасыз, бірақ Қалаулым қарап тұрсаң ұлтың құнын түсіретін бағдарлама сияқты, ұлт жайлы айтса айта берсін өтімділігі аз болып көрінеді дегенім. Парадокс

  • @Ароаепмо
    @Ароаепмо Год назад +4

    Расында бұл тарихи сериалды көргеннен кейін құр отыра беру мүмкін емес. Өз басым Міржақып Дулатұлын одан әрі тану үшін Алаш зиялысының қызы Гүлнар апамыздың "Шындық шырағы" атты кітабын оқыдым. Кітапта Гүлнар апа туыстарының әңгімелеуімен өз әкесінің балалық шағынан бастап, қиын да қилы өмір жолына дейінгі ғұмырын бұрмаламай баяндайды. Міржақып туралы көп қызық ақпараттарды осы шығармадан білдім. Және бүгін ғана Міржақыптың ең алғашқы романы Бақытсыз Жамалды оқып шықтым. Негізі киноны бір ай бұрын көргем, бірақ атмосферасынан әлі шыға алмай жүрмін. Өзім оқушы бола тұра кейде "өзге жастар неге тарихи тұлғаларға аса қызығушылық танытпайды екен" деп ойлап қоям. Бірақ әрине әркімнің өз қалауы))

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге рақмет!

    • @VictoriaUteulinova
      @VictoriaUteulinova Год назад

      Зейінің ашылсын! Сіздей оқушылар көп болсын! Сериалды мектептегі барлық таныстарыңызға көруге кеңес бере жүріңіз! Жастар осындай туындыларды көріп өсуі керек. Бос сөз, бос әңгімені азайтып, білімге, ғылымға көбірек назар аударса екен жастар.

    • @ФаризаАбдибаева-к7у
      @ФаризаАбдибаева-к7у 11 месяцев назад

      Менде тура осы сезимде журмин. Қолым калт етсе Міржақыпты зерттеп кетемін. Бізге дұрыс дәріптелмеген гой,мен өзім сол Торғайда туып өссемде құнды ақпарды білмедім.

  • @nurgazin.adilet
    @nurgazin.adilet Год назад +6

    Мұрат Есжанның ойлары қызық екен👍👏 Подкаст үшін рахмет! 💚💚🇰🇿🇰🇿
    Диана Скатова керек емес сияқты, интервьюер мен респондент ғана болса дұрыс болар еді (субьективті пікірім)

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізне рақмет🙌Диана осы подкасттың авторларының бірі.

  • @nazym4452
    @nazym4452 Год назад +4

    Подкастты орыс тілінде тыңдайтын едім, себебі өзіме қажет ақпараттар қазақ азаматтарының орыс тілінде жүргізетін подкасттарында ашылады. Негізі, “Алаш”, аштық, “Желтоқсан оқиғасы”, “Қанды Қаңтар”, “кім кінәлі?”-деген сияқты бейнелер ютубта орыс тілді, ұлты орыс азаматтар ашып жатты осы күнге дейін. Мен үшін оны тыңдау, түсіну қиын емес, Солтүстік Қазақстанда тұратын адам ретінде. Осы жақта 1990-жылдары 95% азаматтар орыс халқы болған, үй ішімде әкем жақтан барлығы Солтүстік Қазақстанда туған, орыс мектебінде оқыған. Бірақ, қазақ тілді материал, қазақ тілді подкаст, қазақ тілді жобалар жоғарыға жіберілетін, фотосын инстаграмм парақшаға сала салатын, “галочка” үшін болғандай, осы күнге дейін. Көпке топырақ шашудан аулақпын. Бірақ, 11-сынып оқушысы ретінде менің айтарым-жалғыз подкаст, менің журфак-ты таңдап жатқаныма өкіндірмеген. Себебі, “адамдар мені естігендерін қалаймын”. Өзгеріс бір маған керек емес, тұтас елге қажет.
    Алмас Маратұлы, қазақ тілді сапалы білім үшін рахмет!

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад +1

      Пікіріңізге көп рақмет! Шын қуаныштымын🤗 Болашақта сәттілік тілеймін! Бәлкім бізге қонақ болып қаларсыз🤗

  • @abdulla3556
    @abdulla3556 Год назад +5

    Осындай жастарға арналған қазақша контент үшін рақмет!

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Көп рақмет! Арнаға жазылып қойыңыз🤗

  • @ШынгысханКудайбергенов-п8ю

    Осы подкасттар неге теледидардан көрсетпейді? Диана жүргізетін бағдарламаға қарағанда…

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад +1

      Пікіріңізге рақмет! Арнамызға жазылып қойыңыз🙌

  • @КУННУРАйтбаева-п3л

    Міржақыпты көрдім, ұнады, Міржақыпты нақты адам ретінде қабылдадым. Симпатия пайда болды, жағымды әсер берді

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге рақмет. Арнаға жазылып қойыңыз🤗

  • @nursultan_aben
    @nursultan_aben Год назад +5

    Ортадағы жігіт неге сіз жүргізуші ретінде шақырған қонақтың сөзін тыңдамайсыз. Өз ойыңызды, қонақ боп келген Мұрат Есжанның сөзін бөле бересіз. Өтініш келесі жолы қонаққа сұрақ қойып, қонақтың жауабын тыңдасақ. Сіз өз ойыңыһды сізді шақырғанда айтсаңыз.

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад +1

      Пікіріңізге рақмет. Бірақ бұл подкаст қой, сұқбат емес.

    • @nursultan_aben
      @nursultan_aben Год назад +3

      @@AIQAPODCAST мен сияқты Мұрат Есжан не дейді екен деп үңіліп тыңдайтындар бар, бірақ шыны сізді көп тыңдадық өкінішке орай

  • @ПеризатТорарова
    @ПеризатТорарова Год назад +6

    Қайырлы кеш!Сериалыңыз көп қаралым жиналсын режиссёр мырза)))Бұндай сериал болсын,фильм болсын өте қажет дүние деп санаймын.Себебі айта кетсем,қазіргі кезде бәріміз білетіндей барлығымыз осы смартфон мен теледидардын құлдары болып қалғанбыз.Бұны мойындау керек.Осындай тарихты танытатын,мықты ата-бабаларымызды зерттеу жұмыстары балаларымызға да өзімізге де қажет.Тым болмаса осыны түсіне алатын адамдарға бұл бір ақпарат болады.Менің ойымша керісінше 90ыншы жылдары тәрбиеге көңіл бөліңген,керісінше қазіргі кезде тәрбие жағы ақсандап тұр.Біз бұны байқамаймыз,тек біздің заман өткенде ғана түсініп,көзіміз жетеді.Саясатқа араласпаймын деген мүмкін емес,барлығымыз бір саясат деген қазанның ішінде қайнап жатырмыз ғой негізі.Өміріміздің басым бөлігі саясатқа бағынышты.Сериал туралы басталып,саясат жаққа әңгіме бұрылып кетті)))Әрине,бәріміз сондай жеңіл дүние іздейміз.Күлкілі сериал көрсек мәз боламыз.Негізі соған жұмсалған қымбат уақытымызды пайдалы затты қарап,өмірімізді қалай жақсарта алатынымызды ойлап,оянуымыз керек-ау.Смартфонның қазіргі актуалдылығын барынша пайдамызға асырайық қазағым❤Біздің өмір үшін күрескен ата-бабамыздың еңбегің далаға кетірмей,балаларымыздың өмірін ойлауымыз керектігі хақ.Мықты адамдар біздерден де шықсын,бала тәрбиесіне және біліміне барынша күш жұмсауымыз барлығымыздың міндетіміз.Және де айта кетейін дегенім тәрбие,білімнен бөлек дің жағынан ақсандамауымыз да керек деп ойлаймын.Бұның бәрі жеке өз ойым.Осындай бағбарламалар көбінен болсын.Айтпақшы,айтып отырған сериал менің ютубымның бастапқы бетіңде барыңа өте қуаныштымын🫶🏻Сериалды қарауға уақыт табамын🙋🏻‍♀️

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге, ойыңызға көп рақмет! Сіздің ойыңызбен толықтай келісемін. Дұрыс айтасыз. Арнаға жазылып қойыңыз🤗

  • @temir_serikbayev
    @temir_serikbayev Год назад +4

    2 шыгарылымда коптеген акылды ойлар айтылды, бырак конактар ноунейм болгасын каралым жиналмай жатырганы окынышты. Халыкка сол баягы кым кыммен журып жатыр жеген ангыме кызык алы. Окынышты)

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге рақмет!

  • @ganimarselevich
    @ganimarselevich Год назад +3

    «Қазақстанды қазақ басқара алмайды» деген кім?
    Алаштанушы ғалым, жазушы Тұрсын Жұртбай 2010 жылы «Айқын» газетіне берген бір сұхбатында қуғын-сүргіннің құрбаны болған қазақтың арда азаматтары Рысқұлов пен Сейфуллин жайында былай депті:
    «…Сол кездегі ащы шындықты неге мәймөңкелемей бетке айтпасқа? Бар кінәні Голощекинге үйіп-төгеміз. «Сол келді де құртты» - десеміз. Егер, тарихқа әділ баға бергіміз келсе,
    1924-25 жылдары «Қазақстанды қазақ басқара алмайды», деп Сталинге хат жазған Тұрар Рысқұлов пен Сәкен Сейфуллинді неге айтпаймыз? Аттарын неге атамаймыз?
    Біреуінің 37 бет, екіншісінің 47 бет хаты бар. Екеуі де Сталинның қабылдауында болғандар.
    Содан, екі жарым айдан кейін Сталин Голощекинді Қазақстанға жіберді емес пе?
    Рысқұлов Мәскеуге кетті, Сейфуллин халық комиссарлар кеңесінің төрағасы қызметіне алынды. Міне, тапқан пайдалары. Осыны біле тұра біз неге бәрін «Қу жақтан» көреміз. Ол бұл жаққа сұранып келген жоқ қой. Өзіміз ғой, «қазақты қазақ басқара алмайды» деп өзге ұлттың өкілін шақыртқан. Осыған неге қазір баға бермейміз? Ойбай, Смағұл Сәдуақасов қарсы болды деседі. Смағұл соған қарсы болды.
    Ол:
    «Қазақстанды басқара алатын қазақтар бар. Қазақстанға өнеркәсіп салу керек. Біз жүнді неге Қазақстанда қырқып, Өзбекстанда жудырып, Ресейдің Иванов қаласында тоқытамыз? Неге осының бәрін бір жерде істетпейміз. Бүйте берсек, шикізаттың республикасы болып қаламыз ғой»,
    - деп сол кездің өзінде Сәдуақасов шырылдады емес пе?
    Сондай-ақ, ол «оқу-ағартуды, мемлекеттік тіл - қазақ тілінен бастауға тиіспіз», - деді.
    Сол үшін жергіліктендіру деген заң қабылдатты.
    Ойбай, бұл ұлтшыл дестік. Оған қарсы күрес басталды. Осының бәрін талдап, қысқасы бұлақтың басын ашуға тиіспіз ғой?
    Екінші, «Алашордашылар ұсталсын, тәркілеуге бөгетін тигізеді, мойынсерікке қарсы көтеріліс бастайды. Осы науқан тездетілсін», деп «Ақжол» газетін жаптырған кімдер? Тағы манағы екеуі.
    Мұның бәрі архивтерде қаттаулы тұр. Көзі жетпегендер, маған сенбесе архивке барып, сөрені ақтарып, таныссын.
    1927 жылғы тәркілеуде қазақ халқы үлкен күйзеліске ұшырады. Мәскеуден арнайы сапармен Қазақстанға келіп, коллективизация тездетілсін деп, комиссия құрып, басқарып, баяндама жасаған кім? Айтшы кім? Елтай Ерназаров секілді адамдарды жан-жаққа аттандырып, тәркілеуді жеделдеттірген, иісі қазақтың малын ортаға салуға үгіттеттірген кім? Тағы сол Рысқұлов.
    Иә сол жолы ол теміржол құрылысын бастады. Сөз жоқ, ұлы тірлік. Теміржол еліміздің дамуы үшін үлкен рөл атқарды. Мұны мойындаймыз. Бірақ әлгіндей істерін қалай ақтап алуға болады?
    Ал 1932 жылы Исаев екінші хатшы, сонымен қатар Құлымбетов пен Құрамысовтар мемлекетті ұстап отырды. Шаруашылықтың бәрі солардың қолында. Бірақ аштан қырылғандар есіктерінің алдында үйіліп жатты. Комсомолдар өліктерді күн-түн демей жинап әкетіп жатты. Оны Голощекин де, өзгелер де біліп отырды. Бір шара қолдануға болар еді ғой? Бір жыл емес, халықтың аштан қынадай түсіп жатқанына екінші жылға аяқ басты. Сонда деймін ғой, мемлекет не істеп отыр? Көрсоқыр ма сонша! Жағдай солай бола тұрса да, оны мойындағысы келмеген Құрамысов былай дейді: «Халық жаулары, яғни алашордашылар (ол кезде барлық алашордашылар түрмеге түскен, атылатыны атылып, қалғаны айдауда еді), халық шаруашылығында күйзеліс бар дейді. Бұл сол алашордашылардың шығарған өтірігі. Біз қажет болса, революция үшін барлық қазақ халқын құрбанға шалуға даярмыз» - деп баяндама жасаған.
    Мұны айтқызып отырған кім? Әрине, дәл осы сөзді Мәскеу айтқызған жоқ. Қазақтардың өздері айтып отыр. Қазір солардың аттары аспандап тұр. Көшелер берілген».
    Айгүл Еркінбекқызы

  • @ЖанараАманова-ч2з
    @ЖанараАманова-ч2з Год назад +30

    Диана сен алдымен жастарды мазак кылуыңды доғарсай, каншама жастарды мазак етіп жүрсіңдер сценарилеріңмен, сені ешкім всерьез кабылдагысы келмейді

  • @shaxizatamankul5404
    @shaxizatamankul5404 Год назад +4

    Оян Қазақ өте әсерлі және жүрегіңді езіп жылап алдым. 2 рет көріп шықтым. Жыламай көру мүмкін емес. Рахмет сіздерге. Әр бір ат салысқан азамат пен азаматшаларға Рахмет.

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге рақмет🙌Біздің арнаға жазылып қойыңыз🙌

  • @almabek_ibraiymov
    @almabek_ibraiymov Год назад +4

    Подкаст көңілімнен шықты. Сауатты түрде жасалған. Алайда, Америкада метро салып жатқанда, Алаш арыстары сауат ашуға жұмыс істеді деген пікір көңілімнен шықпады. Себебі, әр мемлекеттің өз жолы бар. Егер де біздің ел де біраз уақыт отар болмағанда, Америкамен қатар метро салатын едік.

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад +3

      Пікіріңізге рақмет. Америкамен қатар метро салуымыз мүмкін емес еді. Отар болмай тұрғанның өзінде біз батыстан білім мен ғылымнан әлдеқайда артта тұрдық.

  • @katiraiskakova2956
    @katiraiskakova2956 Год назад +3

    54:25 ЖОҚ інім,қателесесің, өздерің тақырып қылып отырған Алаштықтардың басым бөлігінің әр қайсысы кем дегенде төрт тілде ,одан арғысы 5-6 тіл білген ,сөйте тұра өз ана тілімізді бірінші орынға қойып,қазақ әліпбиін құрастырған.Орыс көрші екен деп орысша сөйлей беруіміз керек шығар дегенің үлкен қате,өз тілімізде толық ауыспай жастарымызда ұлтқа деген жанашырлық,елге деген намысшылдық жойылады, Алашшылар содан қорықты

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге рақмет!

  • @ЛаураМукашева-п4й
    @ЛаураМукашева-п4й Год назад +3

    Бір мезгіл болсын ойымызды басқа нәрсеге аударып тынығып қалдық 👍🏻 Ерке мен Райм алдымыздан шыға беріп шаршап кеткенде😅
    Подкаст тоқтамасын! Қаралым саны көп болсын!!

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге рақмет🙌🤗

  • @katiraiskakova2956
    @katiraiskakova2956 Год назад +3

    55:00Менің ойымды ,менің істегенімді істеген екенсің,Мұрат.Менің жұмысыма байланысты бес жылда бір тест тапсыруым керек еді,сол тесті әріптестерім пара беріп ,үлкен сомма беріп алып отырды,ал мен керісінше ешқашан бір тиынсыз оқитын жерін оқып,жаттау керек болса жаттап,:"Ой,қанша оқысаң да ақшасыз өте алмайсың,,дегендеріне қарамай өтіп жүрдім.Онымен мен ақшамды ғана шығындамай,ақшасыз да ,өз күшіңмен өте алуға болатынын өзіме және өзгелерге дәлелдегім келді.Ең қызығы менімен бірге тест тапсырған бір адамның ақша беріп тұрып өте алмай,менің өткеніме көзі жетіп,менің дайындаған конспектілерім арқылы белгілі бір уақыттан кейін қайта тапсырып өткені,тағы бір қызығы басқаларының маған ,менен кейін өткен екеуіміздің ақшасыз өткенімізге сенбегені

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге көп рақмет! Осы адалдығыңыздаү таймаңыз!

  • @ЕрболТажибай
    @ЕрболТажибай Год назад +3

    Білімді көкірегі ояу көзі ашық тұлға деп айтуға келетін жанды шақырыпсың подкастқа.
    Мен сериалды көрдім керемет туынды сериалдан соң бұл туындының авторының ой өрісін, пікірін тыңдау, екі есе ерекше сезім қалдырды 👍🏼

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге рақмет! Арнаға жазылып қойыңыз🤗🙌

  • @Oqyclub
    @Oqyclub Год назад +4

    Диана с@кпей түсре бер. Ит үреді - кереуен көшеді. Өз ісіңді жаса и все✊

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад +1

      Пікіріңізге рақмет!

  • @КенесарыҚасымұлы-с9ч

    Керемет, режисер бауырымыздың көкірегі ояу, көзі ашық адам екен. Тағы осындай тарихи кинолар көп түсіре берсін!!!

  • @ЖанайдарСагынгали

    Мұрат Есжан секілді өз саласының майталмандарымен сұхбаттар көбейсе екен!!

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге рақмет🙌Арнаға жазылып қойыңыз🤗🙌

  • @elitas376
    @elitas376 Год назад +3

    Ахмет.ұлт ұстазы,Оян қазақ, көрген сериялдарымның ішіндегі ұнағаны болған шығар қайта қайта көремін жалықпай,тарихты білдім рақмет! керемет еңбек🌹!

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге рақмет! Арнаға жазылып қойыңыз)

  • @МырзагалиКуренбаев-я4д
    @МырзагалиКуренбаев-я4д 9 месяцев назад +1

    Жарайсын Мурат казакта акылды жастар бар екен коп Рахмет. Очнындвр казактар!!!

  • @moldirasanova6014
    @moldirasanova6014 Год назад +3

    Диананы жамандап жатқардарды түсінбеймін. Диананың білімі жетеді кез-келген адаммен сұхбат жүргізуге. Алдымен өздерің сондай болып алыңдар, ұнамаса қарамай-ақ қойыңдар, өздерің көресіңдер сол бағдарламаны, демек өздеріңнің миларың одан жоғары сұхбат, бағдарламаларды қорытпайды, саналарың жетпейді, сондай дешевый жеңіл-желпі нәрселерді қарайсыңдар! Диананың мамандығы журналист, ол өз маманының шебері және сол мамандығы бойынша жұмыс істеп жатыр...

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге рақмет! Ризашылығымызды білдіреміз! Қолдауыңызға рахмет!

  • @фанвир
    @фанвир Год назад +3

    Подкаст ортасында реклама тығып жіберген қалай кетті жусанға

  • @АйлинИскакова-й5у
    @АйлинИскакова-й5у Год назад +3

    Неге осы негативті көп жазамыз. Мен осыдан позитив көріп тұрмын. Мысалы мен қалаулым көрмеймін бірақ Диана Скатованы былай кішкене білемін. Диана Скатова жастардың программасын жүргізген соң жастардың аудиториясындағы адам , ал бұл кісі Міржақып туралы сериялды көріп, насихаттап отырған сияқты, осы бағдармадан кейін сериялдың просмотры көбеймесіне кім кепіл?!

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад +1

      Пікіріңізге көп рақмет! Ризашылығымызды білдіреміз🤗

  • @aiasha.t
    @aiasha.t Год назад +2

    Мектеп оқушысымын. 2 шығарылымын көп күттім. Керемет жұмыс. Айтылып жатқан әңгімелер, талдаулар, пікірталастар қазіргі қоғамға, әсіресе жастарға керек дүние. Осындай маңызы бар тақырыптарды талдап, желідегі ағылып жатқан келеңсіз видеолардың арасынан қазақтың сапалы контенті шығып жатқанына қуанамын. Ағамызғада Алашордалықтар жайлы сериал түсіргені үшін мың алғыс!

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге көп рақмет! Сізге алда сәттілік тілмеймін!

  • @ДарханМухалиев
    @ДарханМухалиев Год назад +3

    Алдағы уақытта Мұрат Есжанды қайта шақыру керек. Негізі айтары көп

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Тағы туындылары шығып жатса міндетті түрде шақырамыз🤗

  • @akmergen.madina
    @akmergen.madina Год назад +2

    осы уақытқа дейін қаншама подкастты көрдім, бірақ «Айқап» сиақты мені қатты қызығушылығымды оятып, үлкен әсер қалдыра алмаған.
    Жұмыстарыңызға береке берсін! Дами беріңіздер! Біз де сіздермен дамимыз!✨

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге көп рақмет! Ұнағанына қуаныштымыз🤗 Арнаға жазылып қойыңыз🤗

  • @БотагөзАбатова
    @БотагөзАбатова Год назад +3

    Динара Болат пен Перизат Мырзахметті шақырсаңыздар. Керемет подкаст. Еңбектеріңіз еселене берсің!

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Кеңесіңізге, қолдауыңызға рақмет!

  • @УмитайТлеумаганбетова

    Сериалды көрмесемде тақырып қызықты болды, басында ойлап едім түсініксіз болатын шығар деп бірақта бәрі түсінікті болды 😊😊
    3 інші шығарылымды асыға күтемін 😘

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге көп рақмет! Арнаға жазылып қойыңыз🙌🤗

  • @НурсаулеЕлемесова-ч3ь

    Өте керемет подкаст болды. Дами беріңіздер! 👍👍

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Көп рақмет! Арнаға жазылып қойыңыз🙌

  • @ДарханМухалиев
    @ДарханМухалиев Год назад +3

    Қонақ ашыла алмады. Дегенмен түсінетін адамға жақсы ой тастады.

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге көп рақмет🤗

  • @abay_sh
    @abay_sh Год назад +2

    Керемет подкаст, Мұрат Есжан мен барлық сол сериалдарды түсіруге ат салысқандарға мың алғыс. Маған ұнамағаны жүргізуші жап-жас жігіттің өзін басқалардан өте биік ұстағаны. Сөздері ұнамады, "оята алмай жүрміз ғой" - оята алмайтындай не істедің? сен басқаны оятатындай не құдіретің бар? "Сол сериалға деңгейі жететіндер көрді" - мен өзім көрдім әрине, бірақ қандай да бір себептермен көре алмай жүрген азаматтардан деңгейің жоғары екеніне қаншалықты сенімдісің?

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад +1

      Пікіріңізге рақмет!

  • @maigulsagindik4852
    @maigulsagindik4852 Год назад +2

    Мен "Қалаулым", соған ұқсайтындарды қолдамаймын. Алайда Диана сол ортадан шығып, сериалды көргені, әсерленгені маған ұнады. Сен қалаулымнансың деп шетке теппей, қайта жақсы жаққа тартқан дұрыс болар.

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Дұрыс айтасыз. Пікіріңізге рақмет!

  • @keremet-v2y
    @keremet-v2y Год назад +2

    Міржақып. Оян қазақ. Керемет фильм. Әрбір қазақ көруі керек!

  • @Dauletbek_0mir3aku1y
    @Dauletbek_0mir3aku1y Год назад +2

    Жақсы бастама, керемет подкаст, тек жүргізуші бала қонаққа дұрыс сұрақтар қоя алмады, режисермен саясат жайлы айтып, қонақтың сферасынан ауытқып кетті. Қонақ ашыла алмады! Келесіде соны ескерсеңіздер, қонақты мазаламай, оған сөз молынан беріп, өзін ашуға, ішіндегі толғаныстарын шығаруға мүмкіндік беріңіздер.

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад +1

      Пікіріңізге рақмет. Ескеретін боламыз🤗

  • @medetkz16
    @medetkz16 Год назад +3

    Жақсы , мағыналы болды. Тағы күтем

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге рақмет! Арнаға жазылып қойыңыз🤗

  • @5five539
    @5five539 Год назад +2

    Ұлт ұстазын қарап болдым өте пайдалы , қатты ұнады жалпы айтқанда сол уақыттағы тарих жайлы көзімді ашты ! Енді Ояе қазақты қараймын !!!

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге рақмет! Біздің Арнаға жазылып қойыңыз🙌🤗

  • @bagdatamangazyuly478
    @bagdatamangazyuly478 Год назад +2

    Киноңыз керемет түсірілген👍👍👍🇰🇿🇰🇿🇰🇿

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Толық келісемін🙌

  • @ДастанКашкынбай
    @ДастанКашкынбай Год назад +2

    Диана осындай жерлерге келуин керек негизи калаулымнан калау тауып болган шыгарсыз деген ойдамын

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге рақмет🤗

  • @serikovva_a3770
    @serikovva_a3770 Год назад +2

    Міндетті турде караймын сериалды

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Қуанышты боламыз🙌 Сосын ойыңызды жаза кетіңіз🤗

  • @Aklbek-n9z
    @Aklbek-n9z Год назад +2

    Диана қызым тіл байлығың ,ой саптауың өте күшті.Аман жүр.

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге көп рақмет! Арнаға жазылып қойыңыз)

  • @bedellbekova
    @bedellbekova Год назад +1

    Керемет!!!
    Осындай подкасттар көбейе берсін!
    Алмас сізге рақмет! Осындай Керемет жобаларыңыз көп болсын!

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге көп рақмет! Арнаға жазылып қойыңыз🙌

  • @katiraiskakova2956
    @katiraiskakova2956 Год назад +2

    Елдос Тоқтарбайды да шақыру керек еді

  • @dariyadanegulova2958
    @dariyadanegulova2958 Год назад +1

    Қонақ сөйлетпедіңіздер, ашылмады, Жүргізуші өзі сөйлеп өзі қойды!

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге рақмет! Бұл подкаст қой) Сұқбат емес)

  • @ЕржанЗейнелгабденулы-ы3б

    Осы сұхбатты өте көп күттім. Жалпы қазақша контентке қосқан үлесіңіз үшін рахмет. Өзімдегі рухани қалауымды кішкене болса жапқандаймын. Тағы да басқа интеллектуал адамдарды шақырсаңыздар деймін. Бастаған жатқан подкастарыңыз ұзағынан болсын, шабыт тілеймін.

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге көп рақмет! Алдағы уақытта да спикерлерді мұқият таңдайтын боламыз🤗

  • @nurdaulettazabek8485
    @nurdaulettazabek8485 Год назад +2

    Тоқтап қалмаңыздар. Дами беріңіздер!

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Қолдауыңызға рақмет🤗

  • @БекболатБуданов
    @БекболатБуданов 8 месяцев назад +1

    Рахмет❤

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  8 месяцев назад

      Сізге рахмет!

  • @НұргүлЖетесқызы
    @НұргүлЖетесқызы Год назад +2

    Кинолары сапалы керемет түсіреді

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге рақмет!

  • @РауанЖасболатов
    @РауанЖасболатов Год назад +1

    Жігіттер рахмет, осындай адамдарды көп шақыру керек...✊✊✊

  • @ЭльмираАдырбекова-й5ц

    Сериал тамаша! Оқушыларымыз көрiп жүр, тiптi орыс тiлдi болса да.

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Ия сериал өте сәтті шыққан🤗

  • @aidynong
    @aidynong Год назад +1

    Сұқбат ұнады,әрі қарай шығарылымдарыңыз көбейе берсін

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге рақмет! Арнаға жазылып қойыңыз🤗

  • @АлтынгулКожакелди

    Мә пайдалы сұхбат болды ше🤩 осыдан кейін Міржақып Дулатұлының киносын қарап шығам міндетті түрде + Ахметтің киносында көру керек
    Алаш зиялыларына арнап кино шығарғандарыңызға мың рахмет ❤️ бұйырса көшпенділер секілді тарихта ойып тұрып орын алатын кино боларына сенемін🤍
    Подкаст үшін рахмет 🥰

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге көп рақмет🤗

  • @ҚаламқасҚаби
    @ҚаламқасҚаби Год назад +1

    Тыңдап отырып,өзімнің қаншалықты тар көлемде ойлағанымды түсініп отырмын)) шығарылымдарыныз тоқтамай шыға берсін,сәттілік тілеймін🙌🏻

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Көп рақмет. Бірге дамиық! Арнаға жазылып қойыңыз🤗

  • @КуралайМенлимурзаева-ц2е

    Өте жақсы подкаст👍
    Күтеміз тағы

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Көп рақмет! Арнамызға жазылып қойыңыз🙌 келесі апта шығады 4-ші бөлім)

  • @КуралайМенлимурзаева-ц2е

    Өте жақсы подкаст👍
    Күтеміз тағы

  • @serikovva_a3770
    @serikovva_a3770 Год назад +1

    Маган бурында сынылым осы Оян казак фильмын коруымды сурап кандай эмоция алганын айтып коруымды отынгены есыме тусып кетты ол кездеры былмим әйтеуір айтылган жерде калды бырак казыр осы подкаст ты тындап отырып коруге шабыттанып карагым келып даже кормей жатып патриоттық сезым тасып махаббатым ашылып турлы нейрондар оянып жатыр😅оте жаксы выпуск болды🎉алдынгы 1 выпуск айта алмайм оте кушты мына уйыктап жаткан миды орнынан козгады десем де болады шынында оте керемет подкаст осындай ойлы айтары бар галым адамдарды коптеп шакырыныздаршы заманаули😅керемет подкаст тек дами берыныздер🎉

  • @5five539
    @5five539 Год назад +2

    Өте пайдалы подкаст дами беріңіздер !!!

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікііңізге рақмет! Арнаға жазылып қойыңыз🤗

  • @Berik_Qudaibergenuly
    @Berik_Qudaibergenuly Год назад +1

    Әңгімені көріп қана қоймай статустарыңызға бөлісіп кетіңіздер тарала берсін

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Көп рақмет қолдауңызға🤗🙌

  • @imangaliergali1150
    @imangaliergali1150 Год назад +2

    Алмас Диана әпкеңізбе?

  • @talapova_nur
    @talapova_nur Год назад +1

    Қызықты шығарылым, көп рақмет! Мұрат Ағайдан тағы да пайдалы әңгімелер күтеміз🙌

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікірізгет көп рақмет!

  • @meyrkhanamangeldyev4869
    @meyrkhanamangeldyev4869 Год назад +2

    Тамаша сұхбат!

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге рақмет!

  • @ain07
    @ain07 Год назад +1

    Тыңдап бастадым және 13 минутқа келгенде алдымен сериалды көріп алайын деп шештім. Сәл ғана тыңдап сіздерді "міндетті түрде көруім керек екен" деп отырмын. Қайтып ораламын мен)))

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Күтеміз🤗

    • @ain07
      @ain07 Год назад

      Сериалдың 2-3 бөлімін ғана көрдім, арнайы уақыт бөле алмай кеттім, отырып, қабатына басқа ешнәрсе араластырмай қарайтындай... содан үлкен экранға шыққанын естіп барып көріп осы подкаст бар еді ғой деп қайта келдім. Бұйырса көпке ұзатпай алдымен "Ахмет. Ұлт ұстазы" мен содан кейін "Міржақып. Оян қазақ" екеуін көруім керек екен. Ал әзірге подкастты қарайын. Рақмет!

  • @МолдирШиразова
    @МолдирШиразова Год назад +1

    Керемет әсер алдым өте қатты жыладым әсерінен шыға алмай калдым

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Ия сериал өте әсерлі шыққан)

  • @АкботаЕрмекбай-е8ш

    өте көп пайдалы ақпараттарды білдім, сериалдан алған әсер өте күшті

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге рақмет! Арнаға жазылып қойыңыз🤗

  • @СЕРЖАНҚалыйулы
    @СЕРЖАНҚалыйулы Год назад +2

    кмнен не сурауды былукерек қой 😨

  • @吾拉安女
    @吾拉安女 Год назад +1

    бағдарламаларыңыз жалғаса берсін күтеміз басқада жақсы сұхбаттарды.

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Көп рақмет! Арнаға жазылып қойыңыз☺️🙌

  • @assel_shines
    @assel_shines Год назад +1

    Шынымен "Оян, қазақ" үшін ерекше алғыс!

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге рақмет!

  • @АзатОспан-ж5е
    @АзатОспан-ж5е Год назад +1

    Анықтаманы жарты күнде алғаның адам санының аздығынан. Себебі басқалары пара беріп алған, сіз бара беріп алғансыз😀😀😀👍

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге рақмет! Арнамызға жазылып қойыңыз🙌

  • @edikedik1585
    @edikedik1585 Год назад +1

    Молодцы 👏 Творческих успехов 😊 Дай «АЛЛАХ!» в нашей стране больше таких Умных Ребят!

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Көп рақмет🤗 Әумин🙏

  • @ЧайзадаЧинтемирова

    Тамаша сұхбат болды! Рахмет сіздерге.

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге рақмет! Арнаға жазылып қойыңыз🤗

  • @ЖексенбайКосумханов-н9н

    Спортшыларды да шақырсаңыздар,тренерлерді де еңбегі көп адамдарды

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікірлеріңізге рақмет! Ескереміз! Арнаға жазылып қойыңыз🤗

  • @galapablo3031
    @galapablo3031 Год назад +2

    Өте керемет👍🏻🇰🇿

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Көп рақмет🙌Арнаға жазылып қойыңыз🤗🙌

  • @TAUGA_SHYGAIYQ
    @TAUGA_SHYGAIYQ Год назад +1

    Әсерлі подкаст болды, көп рахмет)))

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге көп рақмет!

  • @kuralay3231
    @kuralay3231 Год назад +1

    Керемет! Осындай сұхбаттар көп болсын!😍👍👏

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге рақмет! Арнаға жазылып қойыңыз🤗

  • @АлашАзаматы
    @АлашАзаматы Год назад +1

    Мржақып қатарлы 9 Алашордалық адамдар Қытайға Шәуешек қаласына барғанын ол жақта қызыр төре Таңғыт би лер дің Алашорда ға қаржылық қолдау көрсеткенін неге айтбадыңыз сол үшін қызыр төренің мал мүлкі тәркіленіп 1937 жылы қамауға алынған Таңғыт би 1951 жылы Алашордашыл деп қытай жағынан атылып кетті 80 жасқа келіп сол Шәуешекке барғанын қолдау көрсеткенің кинода көрсету керек еді

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Пікіріңізге рақмет🙌

    • @ganimarselevich
      @ganimarselevich Год назад

      Төрелер тек қара бастарын ойлады

  • @ДарханСагидуллин
    @ДарханСагидуллин Год назад +2

    Алмасжан, дами бер!

  • @bek9118
    @bek9118 Год назад +2

    Калаулымды корип корип Міржақып туралы фильмді көреді дейсің бе Диана! Лучше жап калаулымды акша акша деп жугірмей өтірік акылгөй болмай

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      негативтің не керегі бар? Өмірді жеңіл сүрсеңізші)

    • @bek9118
      @bek9118 Год назад +1

      @@AIQAPODCAST маселе жаксы өмір суруде емес сол жаксы өмірді бүлдіретіндерде өтірік акыл айтып былай шыкканда баскаша іс жасап ой белааа🤦🏻‍♂️🤦🏻‍♂️🤦🏻‍♂️🤦🏻‍♂️🤦🏻‍♂️

    • @ЖанараАманова-ч2з
      @ЖанараАманова-ч2з Год назад

      @@bek9118 дәл айттыныз, жастардың миын улап отырганында ісі бар ма өзінің, енді мына жакка шығып көсем болып отырганы күлкілі екен

  • @АлашАзаматы
    @АлашАзаматы Год назад +1

    Бірінші тикток тан көріп алып сосын жазып іздеп таптым

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Қуаныштымыз🙌 Арнаға жазылып қойыңыз🤗

  • @ТансулуТлеуберген-о4щ

    👍🏻👍🏻👍🏻

  • @uaisova.03
    @uaisova.03 Год назад +1

    Миллиондап каралым жинала берсин, саттилик, пайдасы тисин жастарга!

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Айтқаныңыз келсін🙌

  • @bommie1005
    @bommie1005 Год назад +1

    Сериалдан кейін, қызығып интервьюды көрейін деп едім, мынау ведущий бала нервқа тиді ғой 🥲 Қоятын сонша 100500 сұрақ тұрған да сериал туралы, қонаққа қызық емес боп тұрған тақырыптарды қозғай берді :(

    • @bommie1005
      @bommie1005 Год назад +1

      Ауыр да болса айтайын, ер баланы ауыстырып басқаны табу немесе қыздың өзі жүргізе берсе де болады жалпы 🙌

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Бұл сұхбат емес қой)

  • @islambek1979
    @islambek1979 Год назад +1

    Екі сериалды да көрдім. Керемет шықты

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад +1

      Қуаныштымыз🙌 Жақындарыңызға таратсаңыз жақсы болар еді🤗

  • @Tarihtaqalsyn
    @Tarihtaqalsyn Год назад +1

    Рахмет! Керемет пайдалы сұхбат болды!

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Көп рақмет! Арнаға жазылып қойыңыз🤗

  • @qyrbalasy8356
    @qyrbalasy8356 Год назад +2

    Супер!!!

  • @dilnazzhumabekova4468
    @dilnazzhumabekova4468 Год назад +1

    Арасына рекламаны мыкты тыкты👌

  • @neoqazaq
    @neoqazaq Год назад +2

    👍👍

  • @jasulanmadenyet
    @jasulanmadenyet Год назад +2

    👏👏

  • @gassyrlanmuratbek4527
    @gassyrlanmuratbek4527 Год назад +1

    Жусан банкке реклама жасап кеткені үйлеспей кетті!

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад +1

      Jusan Invest болмаса, бұл подкасттың ары қарай жалғасуы да неғайбыл) Әлде өзіңіз демеуші боласыз ба?)

    • @yedil_myrza
      @yedil_myrza Год назад +3

      @@AIQAPODCAST менің ойымша, жарнаманы қонақ отырғанда айтқаны, қонақтын алдында неуважительно сияқты. Жарнаманы жеке кесіп қонақсыз айту керек, куджи жасайтын сияқты. Қонақ ол жарнамадан еш ақша алмайды ғой. Кішкене этикалық тұрғыда үлеспейді

  • @uaisova.03
    @uaisova.03 Год назад +1

    Подкатс деген не екенин билмейтин мен гана ма? 🤣🤔😁

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      😃🤗 Бізге жазылыңыз🤗

  • @ШолпанДуйсенбина
    @ШолпанДуйсенбина Год назад +1

    Керемет тек алға жарайсың

  • @5five539
    @5five539 Год назад +1

    Осындай подкасттар көп болсын

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      Қолдауыңызға рақмет🙌🤗

  • @ЖасканатЖагыпар
    @ЖасканатЖагыпар Год назад +1

    Жарнама құтты болсын!

  • @saygerimm
    @saygerimm Год назад +1

    Подкаст өте керемет🔥

    • @AIQAPODCAST
      @AIQAPODCAST  Год назад

      пікіріңізге рақмет!