[KZ] paiN Gaming vs Team Liquid | Intel Extreme Masters Cologne 2024: Плей-Ин | Bo3

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 22 окт 2024

Комментарии • 13

  • @madiyar.zhasulanuly
    @madiyar.zhasulanuly 2 месяца назад

    Ассалаумағалейкум баршаңа!
    Бүгінде сапалы ойындар, және керемет стрим болды! Ал ``АҢЫЗ`` деген атқа лайық мен үшін ол Eternal Fire командасының ойыншысы XANTARES. Менің құрдасым, бұл ойынға 10 жылдан астам өмірін арнаған түрік жігіті. Кезінде “XANTARESPEEK” деп көбісі тег қойып алатын кездер есімде. Яғни, бұл жігіттің көпшіліктің көңілінен шыққанын дәлелдейді. Көптеген ойыншылар осы жігіттің ойынын қайталап, еліктеген болатын. Соған дәлел былтыр FORZE командасының ойыншысы болған Евгений «r3salt» Фролов (қазір Aurora Gaming тің ойыншысы) ерекше мақтап, өзінің сол деңгейге жетуінің басты себебі сол XANTARES - тің ойынын қайталап, үйренгенін атап өткен. Қысқасы, осындай ерекше ойынымен көзге түскен, басқаны жігірлендіре алатын адамдар аңыз деген лайық деп санаймын. Бүгінгі FALCONS пен кездесуге сөз жоқ енді! Dust тағы ойын соңына дейін интригада ұстады бәрімізді.

  • @СултанАБылла
    @СултанАБылла 2 месяца назад

    Аңыз демекші, hobbit ағамыздың кс үшін үлесін ұмытып бара жатрмыз. Мейджор чемпионы болғанын бөлек алғанның өзінде, жаңа гамбит кейіннен к9 составында Широ Аксиль сиякты жаңа жүлдыздарды тәрбиелеп шықты ғой. Кем дегенде қазақ кс тарихында нағыз аңыз тұлға

  • @DelFAN7102
    @DelFAN7102 2 месяца назад

    Мен үшін нағыз аңыз - тек аңыз ойыншы ғана емес, әр әрекеттерін өнер туындысына айналдыра алатын Маркус 'Delpan' Ларссон. Оның ойын алаңындағы шеберлігі мен стратегиясы шахмат тақтасындағы ұлы шеберлерінің ойынын секілді7 Мұнда әр қадам ұсақ-түйекке дейін ойластырылған. Оның ерекше ойын стилі мен шиеленісті шайқастары, керемет жеңістерге айналған сәттері оны киберспорттың шведтер елінен шыққан шынайы аңызына айналдырды.

  • @strikegamingkz
    @strikegamingkz 2 месяца назад +1

    Мен аңыз деп ойлайтын тек бір адам бар.Ол - s1mple.
    Оған 4 себеп бар.
    Ойынды түсінуі.
    s1mple - тамаша снайпер және мықты аимер, бірақ бұл Simple-ді ең жақсы ететін нәрсе емес.CS ойынында реакция және атыса білу маңызды нәрсе болып табылады, бірақ ойынды түсіну әлдеқайда маңызды.Симпл өзінің бүкіл мансабында снайпер рөлінде ойнады.Және бұл ең қиын,маңызды рөлдердің бірі,өйткені ол төзімділікті және тактика мен карталарды жақсы білуді талап етеді.Симпл ойыншылардың артына жасырынып келіп, оларды пышақтап өлтіргенде, көптеген ойыншылар тіпті таңғалмайды.BIG командасының ойыншысы gob b Симпл туралы -"Ол әр раундта қалай жеңу керектігін түсінеді.Ол қалай атысуды, қалай қозғалу керектігін түсінеді.Ол өзін қашан құрбан еьуді біледі.Осы нәрселер оны жақсы етеді."
    Өзіне деген сенімділігі
    s1mple - нағыз сенімді ойыншы.Кейбіреулер бұл нәрсені кәсіпқой ойыншы үшін кемшілік деп санайды,бірақ Симплдың жағдайында бұл оның пайдасына.Пышақпен өлтіру, флэшсіз шығу, күтпеген асығыс - оның сенімділігінің арқасында.Симпл ешқашан тәуекелге барудан қорықпайды және өзінің ең жақсы ойыншы екенін біледі.Сондықтан ол жеңістерге қатты қуанады және жеңілістерге алаңдайды.Ол өзінің қадірін біледі.
    Командаластарының көмегі
    Шынында да,Natus Vincere ойыны Симпл үшін құрылғандай.Барлық ойыншылар Симплға ең жақсы оружиені беруге тырысады және снайпер болуына көмектесу үшін барлық мүмкіндікті жасайды.Сонымен қатар, команда моральдық жағынан көмектеседі.
    Симпл өзіне сәйкес келмейтін ойыншыларға қаншалықты қысым жасайтынын біз көрдік.Бұл жағдай GuardiaNмен және Zeusпен болды.Симплға оған көмектесетін және ойынға барын салатын төрт ойыншы қажет - сонда біз оның тамаша ойынын көре аламыз.
    s1mple-дың жеңіске деген ұмтылысы
    Команда өте көп ақша тауып,бірақ,екінші орын алса,Симпл ешқашан қанағаттанбайды.Ол әр турнирде, әр ойында және әр раундта жеңіске жету үшін ойнайды.Симпл тіпті өзін толықтай күнін матчтар мен FPL-ге арнайды, демалуға мүмкіндік бермейді.Ол әрқашан жеңіске жетуге тырысатын,тиммейттеріне не істеу керектігін түсіндіретін,бұны оның стримдарынан көруге болады.
    Жеңіске деген ұмтылыс тек CS-та ғана емес, өмірде де мақсатқа жетудің негізгі формуласы болып табылады.
    Симплдың аңыз екенін дәлелдедім деген ойдамын.

  • @gntvzh
    @gntvzh 2 месяца назад

    Аңыз адамды алыстан іздеп керегі жоқ. Өзіміздің Қазақстаннан шыққан Даурен “Adren” Кыстаубаевті нағыз аңыз адам десем қате болмас. Қазақ киберспортының атасы. Тек СНГ елдерінде емес бүкіл Контр страйк әлемінде өзінің ерекше орны бар абыройы бар нағыз аңыз🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @lone_investor
    @lone_investor 2 месяца назад

    Counter-Strike ойынының аты аңызға айналған ойыншыларының бірі - Александр "s1mple" Костылев. Ол украиналық кәсіби ойыншы және әлемдегі ең мықты CS:GO ойыншыларының бірі болып саналады.
    Неге S1mple, себебі S1mple-дың көрсеткен ойындарымен нәтижелерін жақын арада ешкім қайталай алмайды деп ойлаймын, мажорды бірде бір жеңіліссіз жеңу деген екінің бірі жасай алмайтын іс, team liquid-те ойнап жүргенде өзінің ойының картаға таңба етіп басып кеткен әлемдегі нөмері бірінші AWP ойыншысы

  • @lone_investor
    @lone_investor 2 месяца назад

    Қазақстандық контр-страйк ойыншыларының ішінде ең үздіктерінің бірі - Абай "HObbit" Хасенов.
    Жалпы Қазақ елінің атағын осы ойында танытып жүрген ағамызды қазақ елінің аңыз ойыншысы деп атамасқа болмас.
    Неге HObbit себебі, Cloud9-тың ең маңызды шешуші матчтарында үздік ойын көрсеткен, қазақтан шыққан тұңғыш мейджор чемпионы өзінің эйстерімен әлемді өзіне қаратқан ойыншы.
    Қазақ үшін аңыз ойыншы HObbit.

  • @Baha6562
    @Baha6562 2 месяца назад +1

    ЕҢ СҮЙІКТІ КИБЕРСПОРТСМЕНІМ СИМПЛ,ОЛ ҚАЗАҚТАР СИЯҚТЫ КАРЕРЬАСЫН АЯҚТАҒАННАН КЕЙН КУРС САТУМЕН АЙНАЛЫСЫП КЕТТІ😂😂😂😂😂

  • @qaraygan
    @qaraygan 2 месяца назад

    Кімнің аты аңызға айналды деген сұраққа «s1mple» деп жауап берсек қателеспейміз. neo, scream, markeloff және т.б. ойыншылар танымал әрі мықты болғанымен, мұқым киберспортқа да, интернетке де аты тараған киберспортшы - симпл ғой. Олександрды контр страйк ойнайтын адамдар ғана емес, басқа ойын ойнайтын я мүлде ойынға қатысы жоқ адамдар да таниды. Танымалдығы қоя тұршы, скилл жағынан да бірінші орында тұрған адам ғой. Қанша мвп, евп алып, бірталай ойыншының қорқынышы һәм кумирі атанды, сірә. 2021 жылы тобымен бірге мажордың быт-шытын шығарған енді... ешкімнің қолынан келмеген дүние ғой, мажорды бір де карта жеңілмей ұту деген. Ақыры Костылев мырзаны жүз пайыз аңызға айналған тұлға әрі ойыншы деуге болады. Тезірек демалысынан қайтып келіп, өнерін жаһанға таныта берсін.