Шалдың көз жасы. Тұяк

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 29 сен 2024
  • Тұяқ
    Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА
    (Әңгіме)
    Мырзаш шал жерге жарық түскен бойда қоңыр таяғын қолына ұстап, үйреншікті жолға шықты. Жол болғанда, сүт пісірім уа¬қытта жетіп баратын қысқа жол да емес, ау¬данның нақ орталығы. Жүйіткіген кө¬ліктің өзі де кем дегенде, екі сағатыңды ұр-лайды. Соны біле тұра, ауыл мен ау¬дан¬ның арасына қатынап тұратын Бо¬ран-байдың болттары шиқылдаған, ескі сұр ав¬тобусына емге отырған емес. Төрт бұ-рыш¬ты темірдің ішінде теңселгенше, жол-жөнекей көліктермен діттеген жеріне жыл¬дамырақ жеткенді жөн санайды. Кі¬шігірім қалаға ұқсаған ауданда тұратын қос жүгермегіне жетуге асығады. Көңілін шөл¬деткен, жүрегін сағыныштан сыз¬дат¬қан титтей жиендерін аңсағанда, біле¬гіне қанат байлап ұшуға бар. Бірақ амал не? Кейде көршілері: «Сақалды басыңмен бі¬реудің баласына үздігесің де жүресің. Қыз-дан өрбіген бала саған бала болып жа¬рытпас», - деп жан-жарасын қанатып қоя¬ды. Мұндайда құйқасы шымыр етсе де, «осы күні жұрттың көбі қыз-күйеуінен кө¬рінген боталарын аспандағы айға теңеп, не¬мерелеп үздікпей ме. Олардың қасында ме-нікі айып па. Жатжұртқа бұйырғанмен, қыз бала өріс қой. Қайта, өрісім ұзарып, көңі¬лім толғанын күндейсіңдер ме», - деп кем¬сеңдеп, сырт айналады. Ақ қырау бас¬қан мұртын сипап қойып, тәмпік танау тен¬тектерін қайтадан көруге асығады.
    Мінекей, сол үйреншікті әдетіне басып, жайдақ жолды бетке алып, көнелеу сұр бешпеттің етегін жаздың ыстық желі¬не жел¬пілдетіп кетіп барады. Жел тұрмақ, ас-пан жерге төңкеріліп түсердей аптап ыс¬тықты да елер емес. Төбесіндегі тықы¬рай-ған мақпал көк тақиясын анда-санда аңы¬зақ жел желпіп қояды. Мана ауылдан шық¬қан бойда көк шөптің тасасынан кү¬тіп алып, балағына оратылып жарыса жө¬¬-нелген қаңбақ шөпке дейін денесі қау¬сырап, иығы бүкірейіп, кеудесі ішіне кір¬ген Мырзашқа миығынан мысқылдай қа¬р¬айтындай.
    «Ей, қаңбақ шөп, қаңбақ шөп?! Сен құ¬сап, басым ауған жаққа уайым-қайғысыз до-малап бара жатыр деймісің?! Өз тұяғы¬нан тірісінде қайыр көрмеген, маңдайының соры бес батпан мына мен пақырың, өзге¬нің тұяғына өзегім үзіліп барады. Өзегім ғана емес, жүрегім суырылып, бауырым іріп барады! Ұлымның соңында титтей бір тентек қалса ғой, шіркін, дәл қазір қасым¬да еліктің лағындай тепеңдеп жүрер ме еді. Ортекедей ойнақтар ма еді. Қайтейін?! Осы шалға ылғи менімен ұзақ жолда жары¬сып не көрінді? Одан да пештің түбінде мамық көрпеге оранып, кемпірімен сүт қатқан шәйін ішіп, терлеп-тепшіп жатпай ма дейтін шығарсың. Кәрілік деген қақ¬бастан басқа жаныма жөнді серік таппа¬ғалы төрт қабырғаға телміруден жалықтым. Қу моладан безіп, ойдан-қырдан, даладан пана іздейтін күйге жеттім. Ешкім есігінен сығалап қарамайтын тас үйден торықтым. Құдай! маған бір түйір тұяқты беруін беріп еді-ау. Бірақ қызығына қандырмай, қасі¬ретін көрсетті. Қайғысына қайықтай ба¬тыр¬ды. Арада қанша жылдар зымырап өт¬се де, запыран жұтқан кездерім артта қал¬са да сол қасіреттен арыла алар емеспін. Жиырма бірдегі жалғызымды қапияда неге әкеттің деп, шашын жұлып жылаған шешесін де осы қайғы жалмады. Енді міне, анау қыр басындағы бейітте тірісінде талай күйіктің уын ішкен шеше де жатыр, жас¬тықтың буымен адасқан жалғыз ұл да жа-тыр бастарын түйістіріп. Екеуінің жер жас¬танып, топырақ жамылғандарына бі¬раз жылдың жүзі болды. Күрсіндіріп көк¬тем мен күңіреніп күз өтті. Содан бері ізім¬ді жалғар жалғыз тұяқ та жоқ, қасыма іле¬сіп, серік болар сыңар да жоқ.
    / @san_turli_tagdir
    Құрметті менің сүйікті тыңдармандарым Арнама Тіркеліп қолдап кетініздер лүпіл басып пікір жазып қазақша каналдың дамуына үлес қоса отырыңыздар #аудиокітап әсерлі әңгімелер жинағы

Комментарии • 1