Тоқалдың балаларын баққан бәйбіше

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 21 сен 2024
  • #аудиокітап #болғаноқиға #әсерліәңгіме КӨЗГЕ ЖАС АЛЫП ОТЫРЫП ОҚИТЫН ШЫНАЙЫ ӘҢГІМЕ
    Түс ауа егістікке су салып келген Сүлеймен бел жазып алайын деп төсекке жантая кетті. Шаршағаны білініп тұр, сілесі қатып, ұйқыға шомды. Түскі асын ішкесін аздап көз шырымын алатын әдеті болса да, күндегідей емес, осы жолы ұйқысы қатты болды.
    Құдай қосқан қосағының ұйқысын бұзып алмайын деді ме, Керімбала үйге кірмеді. Үй артына жиналған тезектен бір қап тезек әкеліп, қазанның астына от жақты. Іштей күбірлеп, бірдеңені айтып жүр. Бірақ оны өзінен басқа ешкім естімейді. Үйдің бар шаруасын өзі атқарса да, үстіне кір жуытпайтын өте кірпияз. Аққұба келген бойшаң. Сұлулығын бет-жүзінен байқауға болады. Жасы шамалап қалса да сыны кетпеген. Көрші-қолаң тұрмақ, ауылдағы ағайын бетіне тіке сөйлей алмайды. Мінезі де жоқ емес. Тәкаппарлығы бірбасына жетіп-артылады. Өсек-аяңға жоқ, бірақ кесіп айтады. Сонысынан ба, бірді-екілі замандасы болмаса көп ешкім жуықтай қоймайды. Кейде көңілі жадырап, шешіле сөйлеп, тісінің астынан зілді әзілін айтып қалатын кезі де кездеседі. Бірақ ондай әрекеті сирек. Көбінесе іште бір мұң бар. Мұңмен жалғыз өзі арпалысып, күн кешіп келеді. Бүгін де жадырамады, мұңайып жүріп қазандықтың астына от жақты. Күндегіндей емес, самал жоқ, үп еткен жел болса оттықтың астындағы қызыл шоқты лаулатып әкетер еді. Бүгін бықсыды да қойды.
    / @san_turli_tagdir
    - «Қараң қалғыр, мына от тұтана ма? Кеше жиналған тезек емес, қырық жылғы малдың жапасы, саусылдап кеуіп қалған. Сүлейменнің ошағы тұтан», - деп оттың астын үрлеп-үрлеп жіберді.
    Қызарған шоқ бір лап етті де түтіндеп өзіне қарай кері қайтты. Көк түтін бетін жауып, көзін ашытып барады. Ащы түтін танауымен қоса тамағын қауып, көзін жасауратып жіберді. Жаулығының ұшымен сүртіп тұрғанда қызыл жалын жылтыңдап, қаланған тезектің арасынан сиырдың тіліндей әр тезекті бір жалап, от тұтана бастады. Ошақтың басында отырып Керімбала көзінің жасын сүрте берді. Басында түтіннен шыққанымен бұл жолы шынайы ыстық жас беттегі әжімдердің арасымен тарам-тарам болып арнаға түскен судай жылжып, жаулығының ұшына тамды. Қыз күні есіне түсті ме, қалың ойға шомылып, ыстық жалынға қарап, үнсіз отыра берді.
    Бұл әңмеде видеоның басындағы обложкадағы суретке қатысы жоқ
    Ришад ТҰРҒАНБАЙ
    #аудиокітап #болғаноқиға #әңгімелержинағы әсерл іәңгіме

Комментарии • 9

  • @МеруертЕрмуханова-ы9л

    Балаларына мың алғыс

  • @КалампырМолдакулвына

    Бири кем дуние балларын мейрленип маукын да баса алмай кеткен Орыншанын омири аянышты . Керим бала атына заты сай болмаганы окиништи . Бир уйди жанга толтырган Орыншанын орны болек екенин Керим бала тусинбеди .

  • @СандикызАшимова
    @СандикызАшимова 13 дней назад +14

    Керімбалаң аюан екен тас жүрек

    • @БахытАлимбаева-у3ы
      @БахытАлимбаева-у3ы 3 дня назад

      Ол эаман баска малмен кошип журген калын кол керек бирнеше сел бала туат ко мне мал банк бул заманда тамак Бир басын асырау киын думыс жок мал жок уйленеди осдан ажырасады

  • @МеруертЕрмуханова-ы9л

    😢😢😢😢😢😢😢

  • @БатишАтабай
    @БатишАтабай 9 дней назад

    Кемпір бала таба ма😮. Автор әңгіменің мәтініне мән беруі тиіс!!!

  • @БахытАлимбаева-у3ы

    Катын десе не бар мадениет карапаим калы кта кайдан балаларын асырау киналып жур карны ток адам мадентнт деп сызысын еара калыкты тусинеме

  • @БатишАтабай
    @БатишАтабай 9 дней назад

    Қатын дегеннен кемпір деген мәдениетті болар деп ойлады ма екен авторымыз.