Феминизм қазақ қоғамына қауіпті ме? Неге? ток-шоуы

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 12 мар 2021
  • 8 наурыз халықаралық әйелдер күнінде феминистік топтардың ұйымдастыруымен Алматыда «Әр әйел - менің жалғызым» деген атаумен акция өтті. Шеру мен басталып митингпен аяқталған осы шарадан кейін қоғамның пікірі екіге бөлінген. Бір жақ әйелдер проблемасы өте өзекті мәселе десе, екінші тарап феминизмнің түпкі көздеген мақсаты қазақ дәстүріне жат, бұның арты азғындыққа апарады деген ой білдіріп феминистік ұстанымға ашық наразылықтарын білдіруде. Біз феминизм тақырыбын бұрын да талқылаған едік, алайда ел ішіндегі резонанс бізге бұл тақырыпқа қайтадан оралуымызға түрткі болып отыр.
    Бұл контент Америка халқының көмегі арқасында Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын "Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы" аясында дайындалды. «Неге?» жобасының ұжымы контент мазмұнына тікелей жауапты және жобада айтылған ақпарат USAID-тың немесе Америка Құрама Штаттары үкіметінің немесе Internews пікіріне сай келмеуі мүмкін.
    USAID әлемдік жетекші халықаралық даму агенттігі және тұрақты дамуға қол жеткізу катализаторы болып табылады. USAID АҚШ ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экономикалық өркендеуді арттыру бойынша жұмыс атқарады, америкалықтардың жомартығын көрсетеді әрі тұрақты дамуға үлес қосады.
    Жүргізуші: Ерқанат Көпжасар
    / erkanat_kopjasar
    Жоба жетекшісі: Жанна Рахимжанова
    / zhannarahimzhan
    Бас редактор: Болат Мүрсәлім
    / bolat.mursalim
    Сценарист: Алмас Маратұлы
    / maratu1y
    Режиссер: Олжас Смагулов
    Монтаж: Абай Таурбаев
    / abaytaurbayev
    Звук: Айдын Ділдебай
    / dildi_
    #НЕГЕ #феминизм #ЛГБТ #Ерқанат_Көпжасар

Комментарии •