Әлмырза Ноғайбаев. Сәкен Сейфуллин Ақсақ киік. Тамаша 1983 жыл.

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 16 мар 2020

Комментарии • 104

  • @user-nh8uj1ol1s
    @user-nh8uj1ol1s Месяц назад +3

    Бұл өлеңде таза табиғат, қазақтың болмысы, тарих тұңып тұрғои керемет орындау Қарағандыдан сәлем

  • @user-vb5jh3jw1m
    @user-vb5jh3jw1m 2 года назад +17

    1975 жылдары жас кезімде бір кииікти қуып машинамен бастырып алдым Торғай облысы болатын , Бауыздайын деп қасына келгенде ? кииіктің көзі мөлдіреп маған қарап жатты , МЕН САҒАН НЕ ІСТЕДІМ .СОНШАМА МЕНІ ӨЛТІРЕТІН , деп мен өзім ішімнен түсіндім . Содан бері кииікті аң ретінде аулауға атуды мүлде доғардым . Содан кеиін 1979 жылы қыз балам туғанда , атын Құралай деп кииіктің баласының атын қойдым . Сонымен Ақсақ Кииік деген өлеңді өте сүйініш пен тыңдаймын .

  • @kzbarrier6250
    @kzbarrier6250 10 месяцев назад +3

    Қазырғілердің көбі ұялмаған әнші боладының кебін киіп жүргендерғой.бұрын даусы осындай болмаса ән айтқызбайдығой.

  • @serikakhmetov1544
    @serikakhmetov1544 4 года назад +33

    Мың алғыс ағажан!!! Осы термені бала кезден тыңдап өстім.

    • @user-cu3ct9ox4k
      @user-cu3ct9ox4k 4 года назад +1

      Менде

    • @user-wt3md4lg6l
      @user-wt3md4lg6l 3 года назад

      СССР кезіндегі қазақ қыз-жігіттердің бәрі сүйіп тыңдайтын әні еді. той, вечерлерде домбырамен айтатын едік. Әлмырза Ноғайбаев деп есітетін едік, ал келбетін енді көрдім. Осы видеоны ютубқа жүктеген адамға мың алғыс

  • @user-mf8yz9vl5g
    @user-mf8yz9vl5g 4 года назад +55

    Тыңдаушы да ,ел де ырза,
    Мен де ырза, сен де ырза.
    Ерекше әнші, сазгер де -
    Ноғайбаев Әлмырза!

  • @user-gr5zj1ed2p
    @user-gr5zj1ed2p 3 года назад +37

    Осы әнді баяғыдан естип келемиз, қазирги әншилер неге осылай айта алмайды? Адамның денеси шымырлайды. Әлекең жеріне жеткізіп айтады ау шіркін

    • @user-oi6kx2et7r
      @user-oi6kx2et7r 10 месяцев назад +2

      Қазір шегірткелер көбеиіп кетті.трылдап жазда фонограммамен ақша жинаитын

  • @user-xy8gb8fr5j
    @user-xy8gb8fr5j 2 года назад +23

    22.10.21.Әлмырза ағаны ақсақ кик әнін сағынып тыңдағандар комментари, жазып кетіңіздер. Қазіргі заманда бәрі болсада, Жанымыз, жүрегіміз баяғы СССР-ды аңсайды. шіркін балалық балдаурен. 🚵‍♂️🤼‍♂️🤼‍♀️🚴‍♂️🚴‍♀️🏊‍♀️🏊‍♂️🏇🏇⛹️‍♂️⛹️‍♀️⛹️‍♂️

    • @maratamandikov4692
      @maratamandikov4692 Год назад +3

      Олаи қателеспеңіз СССР ді емес просто алыста қалған қаита оралмас балалық ,жастық шақты аңсаимыз,уаиым қаиғысыз қасыңда аса қымбат жаныңа жақын əке шешең бар кез.

    • @user-xt9it4yd6r
      @user-xt9it4yd6r Месяц назад

      Орыстар гана СССР ди ансайма десем казактарда бар екен гой ол кездери адамнын ниетинин ози тузу бир бирине ыкыласы керемет еди гой Элмырза аганын олендерин тындап остип,эр уйде кассетасы болатын

  • @user-yy2vn9js2k
    @user-yy2vn9js2k 9 месяцев назад +3

    Әкем марқұм жақсы көруші еді осы ақсақ киікті' иманды болсын

  • @user-ui7vj4dw5g
    @user-ui7vj4dw5g 2 года назад +22

    Қайта қайта тыңдаймын,тамаша ән,қайран Сакен атамыздың жатқан жері жайлы болсын. Орындаушыға бөлек рахмет!

  • @user-cu3ct9ox4k
    @user-cu3ct9ox4k 4 года назад +27

    Әлмырза ағамыз керемет айтып өтті👍👍👍🔥

  • @user-uy7ow6bf6c
    @user-uy7ow6bf6c Год назад +4

    2022жылшилдеайыкииктизандытурдеатугаруксатберди
    Казахтар
    Айналдырган1миллионкииктиазайтыпжеримизкейееме
    Кииктинатыайтыптур
    Киели
    Елик

  • @user-uf7uy5iu6e
    @user-uf7uy5iu6e 3 года назад +16

    Миллион рет тыңдасам да тыңдай бергім келеді.Дəл осылай ешкім орындай алмайтын шығар

    • @user-wt3md4lg6l
      @user-wt3md4lg6l 3 года назад +2

      Басқалар да күшті орындайды, бірақ Әлмырза Ноғайбаев ағамыздың дауысы ерекше, жүрегіміздің төрінен орын алып, сақталып қалған.

  • @user-ut7iu4cg6e
    @user-ut7iu4cg6e 7 месяцев назад +3

    Өте керемет мықты әнші ағамыз.

  • @user-tk8bn9ue5j
    @user-tk8bn9ue5j 11 месяцев назад +4

    Бұл әнді әркімдер айтады бірақ Әлмырза ағамыздың даусы ерекше тұла бойыңды шымырлатады керемет дауыс жасай беріңіз Әлеке

    • @drzz00
      @drzz00 11 месяцев назад

      Батыстың, сырдың, Ақтөбенің сарынымен айтып отыр, әдемі👍 Арқа жақтың мақамымен айтса мұндай әдемі болмас еді.

  • @pinkpower7235
    @pinkpower7235 4 года назад +17

    Керемет! Керемет! Керемет, керемет! Керемет! Керемет!

  • @user-zc2bl2nb7h
    @user-zc2bl2nb7h 2 года назад +7

    Осындай ән тыңдаған қазақ болса, оу-киікті атқан адам оңбасын екі дүниеде. 😭

  • @user-ux3bh2xb1i
    @user-ux3bh2xb1i Год назад +4

    Жараисын алмырза ага мен сызды сексенушншы жылдан беры блемн

  • @user-md7sv2or6e
    @user-md7sv2or6e 5 месяцев назад +1

    Рахмет қазақтың термесі жасасын аман жүр керемет айттың.

  • @user-gj8yy9vc4y
    @user-gj8yy9vc4y 3 года назад +29

    Көзге жас алып тыңдадық😢 Аллаһым, даламыздың еркелері - киіктеріміз аман болса екен.... Киікті атқан жауыздар анасын да қыйналмай атады

  • @user-yd3vz4pl7i
    @user-yd3vz4pl7i Месяц назад +2

    Жырдын аянышты тариыхына, алмырза агамыздын дауысы жан кыргызып тур гой.айтушым сен болганда тындаушын мен болайын, алмырза ага.

  • @user-do9dq3iu9c
    @user-do9dq3iu9c Год назад +10

    Балалық кезімдегі терме еді.көзіме жас келдіғой

  • @audis4735
    @audis4735 Год назад +3

    Ой бәрекелді! Әзер таптым гой, бала кезде касетадан тыңдап жатып уктап калар едік,

  • @user-xv4lh7rf9r
    @user-xv4lh7rf9r 3 года назад +8

    ОИ ШІРКІН БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМ ЕСІМЕ ТҮСІП КЕТТІ ЕРІКСІЗ КӨЗІМЕ ЖАС КЕЛДІ КАИРАН АУЫЛЫМ ЫРГЫЗ ТОРҒАЙ ЖЕРІ КӨК ЖИЕК ДЕГЕН ЖАИЫК КӨЛ БАР ЕДІ СОЛ КӨЛДІҢ АРҒЫ БЕТІНЕ АҚ БӨКЕНДЕР СУҒА КЕЛЕТІН 80 ШЫ ЖЫЛДАРЫ ЕДІ

  • @user-bt7ep1ft6d
    @user-bt7ep1ft6d 2 года назад +7

    Қандай әсерлі мағыналы жануарды анмен суреттеген аянышты көзге жас келеді

  • @user-ql3ws1ze9h
    @user-ql3ws1ze9h 4 года назад +23

    Бəрекелді керемет орындау 👍 сау бол аға шын 💖-тен.🙋

  • @user-yz5sp4ld3q
    @user-yz5sp4ld3q 10 месяцев назад +2

    Ия сыр еркесы казактын алга устар жыршысы А.Ногайбаев ерекше тулга,ал анды журектен журекке жеткызе быледы,тусынген адамга бул оте кушты тенеу,осылай жеткызе былетын жырауларымыз кобейе берсын,Алмырза агамызга мын рахмет жай тындау мумкын емес. Аа втарда осал кысы емес.Каналга коп рахмет

  • @user-gv1ll5vc8d
    @user-gv1ll5vc8d 2 года назад +9

    Керемет ән. Керемет дауыс. 100 жасаңыз Әлмырза аға

  • @user-fk3vg2cf1u
    @user-fk3vg2cf1u 2 года назад +5

    Керемет

  • @janatumiralieva4103
    @janatumiralieva4103 4 года назад +22

    Керемет дауыс тыңдаған жаның кіреді кішкентай кезімде осы ағамен бірге өлең айтып едім

    • @aishona_mm
      @aishona_mm 3 года назад

      Біз бүгін осы мәтіңді өттік

  • @user-ol9mc6hx2u
    @user-ol9mc6hx2u 3 года назад +16

    Жас кезімде құмда қой бағып жүргенде жалғыз жүрген бөкеннің текесін атып, жаралап едім. Соған қазір қандай өкінемін. Аңшылық құмарлығым жоқ. Жас кездегі білместігім ғой деймін.

  • @user-js5rh1sj3l
    @user-js5rh1sj3l 2 года назад +6

    Бұрындары осы термені осы кісінің аитуында көп тыңдаитынбыз.Даусы ерекше қаиталанбаитын тұлгалар.

  • @Jan59092
    @Jan59092 2 года назад +6

    Керемет орындау. Осы әнді Сәбит Оразбаев ағамыз орындаушы еді.

  • @user-ex1mk5hd9h
    @user-ex1mk5hd9h Год назад +5

    Әдемі айтылған ән👍👍👍

  • @kasimizbasarov3014
    @kasimizbasarov3014 3 года назад +13

    Бала кезімнен өте жақсы көретін өлеңім.Әлмырза аға мың жасаңыз. Жүректі қатты тебірентеді.Бұл әнді сізге ұқсап ешкім де орындай алмас.Керемет дауыс,орындаушылық шеберлік айтуға сөз жетпейді.

  • @user-de5kl3wy3l
    @user-de5kl3wy3l Год назад +6

    Осы оленды Алмырза агадай ешкыим орындай алмайды ага омырыныз узак болсын алланын Нуры жаусын

  • @user-df2bj6pm7q
    @user-df2bj6pm7q 5 месяцев назад +2

    Баяғы бала кезімде қайта-қайта тыңдаушы едік. Қатплеспесем, 1980жылдар. Керемет!👍🔥🤲

  • @shyrynkengebekova8138
    @shyrynkengebekova8138 2 года назад +6

    білә киіктер жүретін жерге оқпандар қазып қоиса киік қуатын паида қорлар сотсыз жазасын алар еді егер мен ПРЕЗИДЕНТ болсам жемқор үкіметті халық алдында бассыз қалдырар едім😂😁қалжың кешірім сұраимын жемқорлар 😒😣

  • @user-vk1bg3gd6m
    @user-vk1bg3gd6m 4 года назад +30

    Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
    Бетпақ - шөл, ойлы-қырлы панасы бар.
    Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп-өнген
    Жәндіктің киік деген баласы бар.
    Бетпақта қысы-жазы ел болмайды,
    Ел-жайлау, өзен яки көл болмайды.
    Бұтасы қу баялыш, қара жусан,
    Көгала бетегелі бел болмайды.
    Бетпақтың көлденеңі сегіз көштік,
    Сайланып қыс ішінде талай көштік.
    Азамат, ат пен айғыр, атан ғана
    Шыдар деп қоста отырып, талай дестік.
    Бетпақта елсіз-көлсіз өсіп-өнген,
    Жалғыз-ақ құлан, киік шөлге көнген.
    Қазақтың малдарындай қыбырласып,
    Әр ойдан топ-топ болып жусап өрген.
    Жалғыз-ақ ел жылында көшіп өтер,
    Асығып қар суымен "несіп етер".
    Қаптасып, көшкен елмен дамыл алмай,
    Мергендер аң ауласып кәсіп етер.
    Мергендер дамыл алмай киікті атқан,
    Ауылды қан сасытып топырлатқан.
    Киікті ойлай ма екен таусылар деп,
    Азайып бірте-бірте келе жатқан!..
    Бетпақтың көкпек, жусан, шөбі сұйық,
    Сол шөпті қорек қылған байғұс киік.
    Таңы - аппақ, екі көзі мөлдір қара,
    Тигендей емес адам көзі қиып.
    Киікті қазақ және дейді бөкен,
    Бетпақты бұл бейшара қылған мекен.
    Бөкенді атып мерген өлтіргенде,
    Жазасыз жан өлді деп ойлай ма екен?
    Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
    Өзге аңға жануарды тең көрмедім.
    Көздері мөлдіреген ақбөкенді
    Адамның баласынан кем көрмедім.
    Қап-қара екі көзі мөлдіреген,
    Әдемі екі танау желбіреген.
    Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,
    Жел түрткен жусаннан да селдіреген.
    Азайды соңғы кезде байғұс бөкен,
    Мың-мыңнан баяғыда өреді екен.
    Бұл күнде келе жатқан жолаушыға,
    Кез келеді анда-санда саяқ-некен.
    Кей қазақ әдет қылған киік атып,
    Мүйізін пайда қылып, шетке сатып.
    Сандалған бір киікке ұшырастым,
    Бір жылы Бетпақ шөлде келе жатып.
    Бетпақта келе жатты ақсақ киік,
    Сандалып қаңғырақтап басын иіп.
    Пана іздеп шыбын жанға сүйретіліп,
    Мергеннің кеудесіне оғы тиіп.
    Тамады қара жерге аққан қаны,
    Қиналып ентігеді шыбын жаны.
    Боялып ақ денесі қызыл қанға,
    Келеді әлі кетіп жығылғалы.
    Қиырсыз, Бетпақ дала... қураған шөл...
    Жалғыз-ақ сырғандайды қоңылтақ жел.
    Меңіреу... тірі жан жоқ... жып-жылмағай.
    Ел қайда? Ел алыста - шулаған ел!
    Сандалып келе жатты ақсақ киік,
    Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып...
    Ақбөкен сахаранын бота көзі,
    Атты екен қандай мерген көзі қиып?
    Келеді қаңғылақтап жалғыз өзі,
    Тілі жоқ, құр жүректе айтар сөзі.
    Шағады шыбын жанның қиналғанын
    Жалғыз-ақ мөлдіреген екі көзі.
    Жапанда еш сая жоқ шыбын жанға,
    Моншақтап жерге тамған қызыл қанға.
    Жапанда басын сүйер тірі жан жоқ,
    Әл кетіп сорлы киік жығылғанда!..
    Бота көз сахарада қына терген,
    Кім екен жапан түзде сені көрген?
    Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау,
    Дәл көздеп жүрегіңе атқан мерген!

    • @user-wj6kh9zt3c
      @user-wj6kh9zt3c 3 года назад +9

      Алла разы болсын керемет

    • @user-vv3tp6dh8y
      @user-vv3tp6dh8y 3 года назад +6

      бала кезімізде үлкендерден тыңдаушы едік, ал қазыр осы комментке жазғаныңмен өзіміз кішкентайларымызға əндетіп айтып беріп отырмыз. АЛЛА разы болсын.

    • @user-gy3nz9fq9c
      @user-gy3nz9fq9c 2 года назад

      Рахмет Алла разы болсын

  • @user-og9qp1wv6x
    @user-og9qp1wv6x Год назад +3

    Балалық шағым есіме түсіп кеттім.Апамын🤝😊

  • @nembus7734
    @nembus7734 3 года назад +10

    Не деген дауыс тамаша орындау ешкім осылай орындай алмайды керемет, 👍

  • @user-xv4lh7rf9r
    @user-xv4lh7rf9r 3 года назад +10

    Қазіргі заманда ақ бөкенді атып жүрген оңбаған адамдардың осы әнді көріп тыңдаса екен жақында жаңалықтардан тағы кикті атып мүйізін шетке сатып жүрген адамдар тағы ұсталды. Осы ән бұдан 35 жыл бұрын айтылған еді. Енді өзіңіз ойлай беріңіз бұл бейшара қаз

  • @user-vj1pr2it2b
    @user-vj1pr2it2b 3 года назад +18

    Әлмырза аға мың жасаңыз. Міне жүрекпен айтты деген осы. Имансүсіппен Сакен аталарымыздың қасында саят құрғандай керемет жырладыңыз.

  • @user-ww4dq8sj2f
    @user-ww4dq8sj2f 8 месяцев назад +3

    Тен калганы осы кийк кайран казагым ЖезьКийктен айырма Сен

  • @user-ou6hp3pv1x
    @user-ou6hp3pv1x Год назад +3

    Иманды болсын Әлмырза

    • @user-tb8re1vb2k
      @user-tb8re1vb2k Год назад +1

      Ол кісі - менің әкем тірі. Ғұмырлы болсын

    • @user-kj2sb8kb1d
      @user-kj2sb8kb1d 3 месяца назад

      Әлмырза әкеміз тірі Аллаға шүкір

  • @BagirKaz
    @BagirKaz 2 года назад +9

    Рахмет осы кісілерге.

  • @user-ks7fx6hz9r
    @user-ks7fx6hz9r Год назад +6

    Казирги аншилер кайдан айтады уинде отырып жазып аладыда сакынага шыгып отирик олен айтады

  • @user-ux3bh2xb1i
    @user-ux3bh2xb1i Год назад +4

    Сызжетпыс бесншы жылы Алматы облысында Жамбыл ауданында дегерес денег аулга Кызылорда дан келып кансерт коидыныздар сыз среда мухитдеген жгыттын карындасна шыгарган анын аитыныз Сол Анды книг ешкмде орндамады

  • @user-uw2vs1jv1m
    @user-uw2vs1jv1m 7 месяцев назад +3

    Рақмет

  • @tuletayshalamanova2324
    @tuletayshalamanova2324 Год назад +6

    Қандай аянышты жануардың мұңы. Мейірімді болайықшы

  • @nembus7734
    @nembus7734 3 года назад +7

    Көзге жас келеді

  • @user-vh1kn7ll6t
    @user-vh1kn7ll6t 2 года назад +5

    Өте керемет.Рахмет сізге.

  • @user-br2xt7py5d
    @user-br2xt7py5d Год назад +5

    Тамаша орындалған

  • @user-ps9gz8bw2i
    @user-ps9gz8bw2i 4 года назад +18

    Жарайсыз агасы,сиздеи айткан ешким жок деп айтсам жанылмаймын

  • @user-xv4lh7rf9r
    @user-xv4lh7rf9r 3 года назад +10

    Әлмырза аға оразаныз мүбәрак болсын АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН СІЗГЕ. АМАН БОЛЫҢЫЗ АҒАТАЙ. СІЗДІ КӨРСЕМ ӘКЕМ МАРҚҰМ ЕСІМЕ ТҮСЕДІ ИМАНДЫ БОЛСЫН ӘКЕТАЙЫМ. ҚАЙРАН БАЛАЛЫҚ ШАҚ.. 👍👍👍❤️😘😘😘🤗🤗🤗

  • @user-gv1ll5vc8d
    @user-gv1ll5vc8d 2 года назад +14

    Бала кезімде осы әнді жиі тыңдайтынбыз, кассетада бар еді. Бүгін кенеттен осы әнді тыңдағым келіп, іздесем бар екен. Үлкен рахмет. 50 ге келген кезімде көзімнің жасын бір сүртіп алдым.

  • @balziradyuzelbayeva3034
    @balziradyuzelbayeva3034 2 года назад +5

    Керемет!

  • @user-pb7ko2id7p
    @user-pb7ko2id7p 6 месяцев назад +1

    Атаңа рақымет Әлеке

  • @user-mv3sz1zk9s
    @user-mv3sz1zk9s Месяц назад +1

    Керемет Тамаша

  • @adfhhdfghn2254
    @adfhhdfghn2254 3 года назад +15

    Очень люблю слушать игру на.домбре, но что. .бы и пели. Это чудо. Которое уносит ветер в вольные степи.

  • @user-to4vs7hd1n
    @user-to4vs7hd1n 4 года назад +10

    Әп бәрекелді бал кезімізден сізді тыңдап өстік жасайбер пәлі

  • @user-rg8tn5kf8l
    @user-rg8tn5kf8l 3 года назад +16

    Кезіңде пластинкасын күнде тыңдаимын ризамыз

  • @user-ro3si7nn4y
    @user-ro3si7nn4y 3 года назад +6

    😭😭

  • @berikboltoilybekuly8137
    @berikboltoilybekuly8137 Год назад +4

    👏👏👏👏

  • @kulawdosimova7265
    @kulawdosimova7265 2 года назад +6

    Қандай керемет шынайы дауыс десеңші! Сізге шынайы алғысымды білдіремін!

  • @user-ci6wd8fk1j
    @user-ci6wd8fk1j 9 месяцев назад +1

    Менің әкем әлі күнге айтады осы әнді

  • @user-tm2uo9lp3s
    @user-tm2uo9lp3s 2 года назад +4

    Керемет 🙏🙏🙏

  • @user-fq4lw1tc6o
    @user-fq4lw1tc6o 4 года назад +8

    ой жаса Əоеке

  • @user-ce8dm5of5v
    @user-ce8dm5of5v 3 года назад +6

    Өте керемет жаксы

  • @user-dk2sy4qc4l
    @user-dk2sy4qc4l 3 года назад +5

    Керемет!👌👌👌👌👌

  • @user-fq4lw1tc6o
    @user-fq4lw1tc6o 4 года назад +10

    ой пəле Алеке
    кайран жастык

  • @yerzayan
    @yerzayan 10 месяцев назад +1

    ол кезде халықтың өнерге деген ықыласы бөлек қазіргі жастар тыңдамайды ғо осындайды

  • @maltesantim3516
    @maltesantim3516 Год назад +3

    Ассаламагалейкум баршиназга менин акены маркум термене жаксы курген

  • @user-bm7ub7em3b
    @user-bm7ub7em3b Год назад +2

    Тамаша🤗💞😅

  • @user-nl2lj4jo9l
    @user-nl2lj4jo9l 3 года назад +5

    Шиелінің Мактанышы

  • @user-ex1mk5hd9h
    @user-ex1mk5hd9h Год назад +2

    👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏

  • @serikt6472
    @serikt6472 8 месяцев назад

    Ау де жерлесим! Шиели 🔥🔥🔥

  • @user-xr2js9qv7p
    @user-xr2js9qv7p Год назад +2

    Козге жас алып тындадым табигаттын ак бокени гой сулу ангой киели ан без берекетсиз атуга кймайтын ан

  • @gulsaraturdimuratova2350
    @gulsaraturdimuratova2350 5 месяцев назад

    Студент кезимде россияда журип пластинкасын алып еситуши едик оте адеми орындалган

  • @user-gi1de3cy8s
    @user-gi1de3cy8s Месяц назад

    Мына залда отырған көрермендер кйіктің шын қасиетін сезіндаұ көпке дейін қол соқты

  • @unitedwestand48
    @unitedwestand48 2 года назад +3

    Мазмұны Бэмби, нағыз қазақтың Бэмбиі.

  • @user-tm5qr6ew6k
    @user-tm5qr6ew6k 8 месяцев назад

    Суук алемде суук жулдыздар анам каякта каякта ак кулар ...келеди коктем карды жутып келеди ботен отирик кулип сен жоксын анам аспанда тырналар неге жылайды ...ким мени жуатады ким мени сагынады ..

  • @user-xt9it4yd6r
    @user-xt9it4yd6r Месяц назад

    Кассетаны кайта кайта койып тындаущы едик не деген дауыс шымырлатып дененди бир ерекше куйге болейди

  • @user-wb6po3zz5l
    @user-wb6po3zz5l 2 месяца назад

    Рас аитат қазіргі əншілер айтпайт айталмайтта
    Қазіргілер ақ көйлек қызыл деп көйлектің бəрін айтып шықты
    Енді түрсиді айтпаса ұят болсада айтайын расқой өңшең жеңіл өлеңдер өздері жазып өздері айта салат кантроль жоқ шіріген

  • @ErmekMahamechin
    @ErmekMahamechin 3 месяца назад

    .

  • @user-wj6kh9zt3c
    @user-wj6kh9zt3c 3 года назад +7

    Керемет

  • @user-ud9br1ty5p
    @user-ud9br1ty5p 3 года назад +7

    Керемет