Жанибек Карменов "Озге емес, озим айтам..."

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 23 фев 2015

Комментарии • 520

  • @user-in9yj6bq5d
    @user-in9yj6bq5d 2 года назад +67

    Қазақтың ұлы әншісі
    Қайран Жәке жаныңыз жанната болсын!!!

  • @gojoedits2492
    @gojoedits2492 Год назад +28

    Жәнібек Кәрменов Қазақ тарихында аңыз болып қалған ғажап әнші. Рухың, әруағың Шахкерім ұлыңды қолдап, қорғап жүрсін. Жатқан жерің жайлы, жаның жәннатта болсын, замандасым!

  • @user-dc9og4fr3e
    @user-dc9og4fr3e Год назад +2

    Кайран Касым агамызай ай кйын заманда осындай ошпейтин мура калдырады урпагына дуниеге келер а ли талай Касым деп озим туралы орындаган Жанибек агамыз сондай керемет орындады иманы жолдас болсын

  • @boss32skim13
    @boss32skim13 5 лет назад +120

    Аға жатқан жерің жайлы болсын, иманың бұйырсын! ! ! Асыл азаматтарымыздың бəрінің аруағының рухына бағыштадым, ия Аллам тілегімді қабыл ете гөр !

  • @user-oc3el8jm5f
    @user-oc3el8jm5f 2 года назад +20

    Қайран Жəнібек!Өзің мен əніңді даусыңды керемет жақсы көремін адамға шуақ сыйлаған жан едің. Бүкіл қазақ сені сүйіп тыңдайды Өмірден ерте кеткенің өзегімді өртейді.Осы жолдарды жылап отырып жаздым. Сен еліңмен біргесің!

  • @user-rw9rf7vm9h
    @user-rw9rf7vm9h Год назад +7

    Керееемет!!! . Не деген орырдау!!!Жүректі қозғайды!!

  • @user-ll4nk4wx1m
    @user-ll4nk4wx1m 2 года назад +71

    Е, мың жылда өмірге, бірақ рет келетін тұлға лар ғой шіркін. Ел жұртым, қазағым аман болса, ананың құрсағынан туар әлі де Жәнібектей дарабоз әнші!

  • @user-xp3nb3sb8k
    @user-xp3nb3sb8k Год назад +13

    Жәнібек бауырым! Жүрек қылын шерткен әсерлі де, әсем үніңіз мені де үлкен ойға қалдырып, жан дүниемді өзіне баурап әкетті. Бұл-дара тұлға, талант иесіне деген зор құрмет болса керек. Ендеше, сізге деген ақ тілегім, бұдан былай да қос қанаты талмайтын қыран құстай, ән асуларына шарықтай беріңіз!

  • @user-ir9jg7ss7s
    @user-ir9jg7ss7s 2 года назад +20

    Осындай әнші дүниеге келген туған жері,керемет деп есептеуіміз керек.

  • @user-yz4vp9lv7o
    @user-yz4vp9lv7o Год назад +19

    Жатқан жерің жаилы,жаның жумақта болсын, шығыстың жарқ жұлдызы еді

  • @user-cw3bj3ci8u
    @user-cw3bj3ci8u Год назад +4

    Шах керимнің әкесіной иманды болғыр

  • @mechtamarket2421
    @mechtamarket2421 2 года назад +85

    Абай ауданының тумасы, Жүсіпбек Елебековтың шәкірті Жәнібек Карменов ғажап бір тума азамат еді, балаларына ұзақ та бақыты өмір тілеймін.

    • @user-yz8fh4gf2o
      @user-yz8fh4gf2o 2 года назад +3

      Жатқан жері жайлы болсын бір ғасырда бір тауар адам ғой

    • @user-sq7uq8wq2z
      @user-sq7uq8wq2z 8 месяцев назад +1

      Ия, Хабиба Елебекова"Ән Қанаты"кітәбінда айтқан

    • @amantayainabekova6816
      @amantayainabekova6816 26 дней назад

      Қайталанбвс адам ғой, қазақтың бір туар азаматы, талант, дарын иесі . Сөз жоқ. Алла бәр талантты берген екен. Ғұмыры қысқа., өкінішті. Ұрпағы көп жасасын.

  • @berikboltoilybekuly8137
    @berikboltoilybekuly8137 2 года назад +7

    Көрермені де әртісі де мәдениетті, әр сөзіне мән беріп ойланып отыр.

  • @karlygashmukhambetova8371
    @karlygashmukhambetova8371 3 года назад +76

    Жәнібек Карменовтің орындауына ешкім жетпейді.

    • @user-ih4ch1kh6w
      @user-ih4ch1kh6w 2 года назад +4

      Қосылам тамаша орындаған

    • @nurtit
      @nurtit Год назад +2

      Қосылам

  • @user-qc4hp8wi4h
    @user-qc4hp8wi4h 2 года назад +5

    Не деген керемет дауыс. Аттен жетпединиз.

  • @batyrbekbekpeisov3240
    @batyrbekbekpeisov3240 2 года назад +38

    Айналайын қазағымның дауысы ай, айналып шыңға ғажайып бір әлемге енесің қайталанбайтын...

    • @user-ys3jh5ho7c
      @user-ys3jh5ho7c Год назад +2

      Жатқан жерің жарық.топырағың торқа болсын.жаның жаннатта болсын!

  • @barakobama5583
    @barakobama5583 4 года назад +30

    Не деген керемет дауыс, осы видеоны коргенiме куаныштымын жане бакыттымын! Бугiн 30 рет тындадым, алi 1000 рет тындаймын!!!

  • @atabaiziaden3434
    @atabaiziaden3434 5 лет назад +37

    Жәнібек аға, Күншығыс Сарырқаның ақсұңқары, баға жетпес өнер иесі. Осы өленді ешкім осылай айта алмас.

  • @user-gv3sf2oi2o
    @user-gv3sf2oi2o Год назад +3

    Иманды болсын!

  • @supergold9964
    @supergold9964 4 года назад +60

    Бұл кездегі қазақ элитасының деңгейі дәл қазіргіден 1000-есе мықты еді.
    Жүрегі таза ұлт жанды от еді. Айналасынан халық жылу сезетін.
    Ал қазіргілерден ызғар еседі.

    • @user-fc1ik7lq9b
      @user-fc1ik7lq9b 4 года назад

      Рамазан.старшина

    • @user-fc1ik7lq9b
      @user-fc1ik7lq9b 4 года назад

      Рамазан.стамгазиев

    • @user-le8hs1wv1y
      @user-le8hs1wv1y 2 года назад +1

      Өте өте күшті мына өлеңды жаттап айтсам ше нағыз қазақ екенін көрсеты

    • @user-le8hs1wv1y
      @user-le8hs1wv1y 2 года назад

      😘🥰😍🤩😍😘

    • @user-le8hs1wv1y
      @user-le8hs1wv1y 2 года назад +1

      Мынау өлең менің жүрегімді ауыртты күшті өлең өлең емес жыр екен

  • @ysupbaevmahmut9210
    @ysupbaevmahmut9210 2 года назад +33

    Нағыз қазақтың тыңдайтын өлеңі тұнып тұрған тәрбие ғой

  • @amankeyldatka5058
    @amankeyldatka5058 9 месяцев назад +4

    Өзге емес , өзім айтам өз жайымда,
    Жүрегім жалын атқан сөз дайында.
    Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,
    Тербетіп, тулатып бір қозғайын да...
    Аманжол - Рахымжанның Қасымымын,
    Мен қалған бір атаның ғасырымын.
    Біреуге жұртта қалған жасығымын,
    Біреуге аспандағы асылымын.
    Шарлаған жолым жатыр жер бетінде,
    Көрінер көлеңкесі келбетімде,
    Қай жерде үзіледі қайран сапар,
    Түйін боп өмірімнің бір шетінде.
    Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап,
    Жоғалып жер бетінен сүрлеу-соқпақ.
    Немесе бастармын ба екінші өмір,
    Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап.
    Дүние, жалт-жұлт еткен кең мекенім,
    Көре алмай көп жеріңді мен кетемін.
    Арпалыс ала құйын заманалар
    Арбасып тұрып алды, мен не етемін.
    Өмір жоқ түскен жерде бір арнаға,
    Көп күттім, көп тіледім құмарлана.
    Қайтейін, жетер емес қысқа өмірім,
    Алыстан көрінгенмен мұнарлана.
    Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ,
    Қараймын елесіңе мен таңырқап.
    Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде,
    Көрпемді мен жатармын қырда қымтап.
    Жүзінде кәрі жердің әжімі көп,
    Ізімді табарсыңдар әзер іздеп.
    Оқырсың сонда мүмкін бұл жырымды,
    «Досың да,туысың да біздерміз» деп.
    Ризамын туғаныма адам болып,
    Өкінбен қаламын деп бір күн солып.
    Адамзат сапарының мейманымыз,
    Бір мезет жер бетіне кетер соғып.
    Екі көз - екі жұлдыз маңдайдағы ,
    Көруші ең құбылысты қай - қайдағы.
    Япырмай,сен де бір күн сөнермісің,
    Қап - қара түнек болып маңайдағы.
    Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,
    Өкінем ұқсата алмай келемін деп,
    Күніне жүз ойланып, мың толғанам,
    Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.
    Барым да, бақытым да осы өлеңім,
    Жақыным , жүрегімнің досы өлеңім.
    Өмірге келгенім жоқ бостан - босқа,
    Мен қайтып , босқа жасап , босқа өлемін.
    Гүрілдеп жалын атқан кеудем - көрік,
    Сөз соғам құлашымды еркін керіп.
    Суарып шынықтырам күйге малып,
    Болсын деп әрі әдемі, әрі берік.
    Құя алман үгітілген балшық өлең,
    Көңілімде көл жасаман тамшыменен.
    Серінің семсеріндей сертке таққан
    Өлеңнің өткірін бір алшы менен.
    Ежелден ерке бұлан Қасым едім,
    Бұлқына тасып едім, басып едім.
    Жүзім - жаз , көңілім - көктем кең пейілді,
    Жақсының жүрегіне ғашық едім.
    Сөзім жыр, лебізім - күй ерке едім,
    Өз жерім, өз елімде еркеледім.
    Өмірдің алтын сарай аспанына
    Қиялым қақты қанат ерте менің.
    Кең жайдым құлашымды дүниеге,
    Білдім мен қайғыра да ,сүйіне де.
    Әйтеуір әрі - сәрі болғаным жоқ,
    Ұқтым мен, көңілімнің күйі неде...
    Аяған жүрегім жоқ жолдасымнан,
    Сый көрді не бір сараң мол Қасымнан
    Жолдастың жүзін қайта алдым жинап,
    Айрылсам ала көңіл он досымнан.
    Қасыммын, сол баяғы бір қасыммын,
    Бақытын ойламаймын құр басымның.
    Тымырсық түнек болсаң - дұшпаныңмын,
    Ақ көңіл адал болсаң - сырласыңмын.
    Боламын ақын Қасым әлі де мен,
    Өлеңін бөбегіндей әлдилеген.
    Қанатын қағып жылдам келер жылдар,
    Бәрін де қарсы аламын ән - күйменен.
    Бір күні от өмірім қалса өшіп,
    Қайран ел, туған жерден кетпес көшіп.
    Торқадай жамылып ап топырағын,
    Жатармын өз жерімде бір төмпешік.
    Дариға, о дариға,шіркін дәурен,
    Басымнан таярмысың бір күн дәурен.
    Жалт беріп жоғалар ма нажағадай ,
    Жүзіңде шалқып тұрған күлкім,дәурен.
    Тоқтамас өмірімнің сағатындай,
    Жүрегім енді қанша соғар тынбай.
    Тыншыр ма ақтық рет бір таопынып,
    Мерт болған балапанның қанатындай.
    Түсірген ой сәулесін шар тарапқа,
    Ақылдың алтын оты сөнген шақта.
    Бұл күнде саңқылдаған сұңқар үнім.
    Кетерсің судай сіңіп табиғатқа.
    Сондықтан ап кел бері домбырамды,
    Кеудеме күй қанаттықондыр әнді.
    Берейін өмірімнен өлең жасап,
    Шашайын оңды - солды сол мұрамды.
    Дүниеге келер әлі талай Қасым,
    Олар да бұл Қасымды бір байқасын.
    Өртке тиген дауылдай өлеңімді
    Қасымның өзі емес деп кім айтасың!

  • @asanovameruert5680
    @asanovameruert5680 2 года назад +3

    Жәнібек Кәрменов. Бұрын атын ғана естігенім болмаса ән айтқанын енді ғана естіп не деген дүлдүл әнші еді деген ойда жүрмін. Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыз ғой. Қасым Аманжолов өте мықты ақын екен. Сөз жоқ. Өкінгенмен не пайда? Өмірден өтіп кеткесін. Артының қайырын берсін. Келешек ұрпағымыз аман болсын. Қазағым жасай берсін. Мәңгілік.

  • @user-xq6wo3fo1y
    @user-xq6wo3fo1y 2 года назад +8

    Қазір осындай дауыс жоққой .Марқұм жатқан жері жайлы болсын .Артта қалған балаларының жастары ұзақ дендері сау болсын .Жас кетті ғой ! 🤲😪

  • @user-io6zw6xi7j
    @user-io6zw6xi7j 4 года назад +71

    Жәнібек Карменов деген ұлы әншіғой.. Әр Қазақ қызының құрсағына осындай ұл бітсе екен....

    • @user-yf6ir7rr6f
      @user-yf6ir7rr6f 4 года назад +4

      Шахкерім осы кісінің баласы гой.Қалаулымның редакторы.

    • @user-gs1oh1gk6w
      @user-gs1oh1gk6w 2 года назад

      @@user-yf6ir7rr6f ххххххххххххххххххх хх

    • @user-np4xm2lk5y
      @user-np4xm2lk5y 2 года назад +1

      @@user-yf6ir7rr6f Жанибектей Тулганын баласы сондай Арзан Дуние Жасаганы ОТЕ Окиништи

    • @user-me5gz5sy5s
      @user-me5gz5sy5s 2 года назад +1

      @@user-np4xm2lk5y Қазір заман ағымы сондай боп тұр ғой

    • @user-wc5yr2dr7e
      @user-wc5yr2dr7e 11 месяцев назад

      ​@@user-gs1oh1gk6wГыды гыды хи гыды гыды гыды гыды гыды хххххххх

  • @SaiatJaisanbaev-jn8dk
    @SaiatJaisanbaev-jn8dk Год назад +1

    Мын Рахмет осындай журегимди тебиреткеике алгыс

  • @user-lt7bw4vg1k
    @user-lt7bw4vg1k Год назад +3

    Қәзіргі қазақтардан жақсығой, бірақ мына концертте отырған қазақ ата, апа, аға аналарымызды көріп бір басқаша күй кешесің байсалдылылық, көрегенділік, даналық байқалады

  • @user-xd4kh9ky6d
    @user-xd4kh9ky6d 2 года назад +4

    Ғажап өте керемет алла иман берсін

  • @dunyakurbanova7834
    @dunyakurbanova7834 2 года назад +3

    Керемет мундай қазақтың бауырлары азгой

  • @dikafast338
    @dikafast338 2 года назад +20

    Какая боль, тоска в голосе👍😢

  • @user-fs5jm2mg3e
    @user-fs5jm2mg3e 5 лет назад +147

    Марқұм Қасым Аманжолов😢😞
    Сөздері сүйектен өтеді. Көңілді тебірентіп, адамды жылатады.

    • @user-mc7uk1sf3n
      @user-mc7uk1sf3n 2 года назад +2

      Толықтай келісемін

    • @user-zf8yc4pk4u
      @user-zf8yc4pk4u Год назад

      ШІРКІН, ӨМІРАЙ ИМАНДЫ БОЛСЫН ЖӘНІБЕК. ӨТЕ ЖАС КЕТТІ. ЕГЕРДЕ... ЖӘНІБЕК ДӘЛ ҚАЗІР ТІРІ БОЛҒАНДА ҒОЙ МЫНА ҚАЗІРГІ ӘНШІМІН-ДЕП ЖҮРГЕН« ШЕГІРТКЕЛЕР» НЕ БЕТІН АЙТАР ЕДІ. ПОНАГРАММАСЫЗ ӨЛЕҢ АЙТА АЛМАЙТЫН ӘНШІ СЫМАҚТАР «АСПАН МЕН ЖЕР» СИЯҚТЫ БОЛАР ЕДІ.

    • @user-lm5vr2iz2p
      @user-lm5vr2iz2p Год назад +1

      Қасым атамызды көрмесек те, қазір осы өлеңнен кейін сағыныштан көңіл босайды екен

  • @user-jo2iq5pc2g
    @user-jo2iq5pc2g 6 лет назад +80

    "... Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,
    Өкінем ұқсата алмай келемін деп..." - терең ой салатын жолдар.

    • @user-ny5on1pb7j
      @user-ny5on1pb7j 4 года назад +9

      Осы әнді тыңдаған сайын көнілім бұзылады.қандай қиын кезде ақын өмір сүрген.Науқас жетіспеушілік бәрі қосылған. Кәзіргі уақыт жақсы ғой. Қасым ағадай шыншыл адал адамдар аз ғой. Алды пейіш болсын.

    • @olzhasnurmagambetov725
      @olzhasnurmagambetov725 2 года назад

      Кыскаша магынасын айтып берсениз осы жолдардын

  • @user-ns1ej9yk4z
    @user-ns1ej9yk4z Год назад +2

    Міне бүгін ұрпақтарың жүр ең жеркенішті ең жексұрын хабарларда

  • @yernurmadeniet3439
    @yernurmadeniet3439 2 года назад +3

    Жәнібек Ағамыздың термелерінен жаның рахаттанады. Домбыраның шертуі қандай шіркін мағыналы

  • @user-vc2eu1yq1v
    @user-vc2eu1yq1v 4 года назад +4

    Шіркін Жәнібек жүрегі қазақ әніде қазақ жасайбер қазақ әндері.

  • @atabayziyaden6167
    @atabayziyaden6167 7 лет назад +55

    Қайран Жәнібек аға! Міне нағыз Қасым әнінің орындаушысы! Ерлан бауырдың орындауы жақсы, бірақ - басқаша.

  • @rustemumirkhanov3421
    @rustemumirkhanov3421 5 лет назад +203

    Қазақтың иісі аңқып тұр ғой шіркін! Керемет орындау!

    • @user-pd9ot3hs8e
      @user-pd9ot3hs8e 4 года назад +7

      Rustem Umirkhanov па ширкин соз тапканга колка жок...Жарайсын бауырым

    • @daddyfreeman6054
      @daddyfreeman6054 2 года назад +4

      А Ерекше дауыс

    • @daddyfreeman6054
      @daddyfreeman6054 2 года назад +5

      " Бермесең , бермей ақ қой баспанамды , Сонда да тастамаймын Астанамды . Өлеңнің отын жағып жылытамын , Өзімді , Қатынымды , Жас Баламды "
      Талай қазақ ақындары осылай қиналды ғой , Тоқырау жылдарында

    • @user-gw2sg7sv8i
      @user-gw2sg7sv8i 2 года назад +1

      🙏🙏🤲👊👍☝️

    • @user-et8iz4jd9t
      @user-et8iz4jd9t 2 года назад +4

      Қандай дуыс жатқан жерің жарық иманды болсын.

  • @user-sr7wu6ty9j
    @user-sr7wu6ty9j 6 лет назад +49

    Әттең ағекем келер ұрпақ қадіріңді білсе ғой...

  • @akosikulkaeva3298
    @akosikulkaeva3298 2 года назад +2

    Ширкиннин дауысы кандай керемет.

  • @user-bf5rt6cz8o
    @user-bf5rt6cz8o 4 года назад +4

    Таудан аккан саркырамадай тап таза нагыз жанды дауыс.Жанибек кез келген анди айтпаушы еди.Осы видеоны тусирип алган адамга 1000 алгыс.Касым мен бирге озин де айтып тургандай - ау, ширкин.Жандарын жаннатта болсын!!!

  • @user-dt2bw5oi4n
    @user-dt2bw5oi4n 7 лет назад +64

    недеген керемет өлең. мағынасы күшті!.... қазағымның сөздері өтте керемет қой негізі.

  • @albertbrudnyi834
    @albertbrudnyi834 9 лет назад +67

    Не деген дауыс , не деген олен !!!!

  • @user-we5bl7bm5z
    @user-we5bl7bm5z Год назад +1

    Ага жанатана болшы кабир азабынан сактасын Алла сизди рухты олен

  • @atabayziyaden6167
    @atabayziyaden6167 6 лет назад +64

    Бұны Жәнібек ағадай бәрібір ешкім айтпайды. Болашақта да айтпайды. Жастар ренжімесіе!

    • @batirkhanareba6355
      @batirkhanareba6355 4 года назад

      Жанібек агамызды 91ма 92сол жылы монголияга келіп кансертін қойган мен жақсы білем

    • @mokamuratbekova25
      @mokamuratbekova25 4 года назад +1

      Казир Динислам Жайлаубаев агамыз жаксы орындап жур!

    • @ProffesorYates
      @ProffesorYates 3 года назад

      Неге сондай ойдасыз?

  • @aruzhanaman1550
    @aruzhanaman1550 7 лет назад +56

    Не деген казакы жанга шуак силайтын ан. Биринши рет естуим. Оте тамаша дауыс.

  • @user-qs8wq4kj5j
    @user-qs8wq4kj5j 4 года назад +59

    Əттең Жəнібек əкесіне баласы Шахкерім тартпапты . Өте өкінішті .

    • @hhhsdytrr5059
      @hhhsdytrr5059 4 года назад +3

      Ия солай

    • @user-hi8je4lh8n
      @user-hi8je4lh8n 4 года назад +6

      Анадан ала да кулада туады дегенгой кайтейiн аттен-ау 😥

    • @qazaqpatrioty4951
      @qazaqpatrioty4951 4 года назад +5

      АСЫЛДЫҢ ТҰЯҒЫ ҒОЙ ,
      ШАХКЕРІМ АМАН БОЛСЫН !

    • @user-mc8bt3ih8p
      @user-mc8bt3ih8p 2 года назад +2

      Ақсуатта туылған ба? Карменова Гулбаран жиені еді әкемнің. Жолдасым аузынан тастаиайтын бір таңға әнін тыңдадым деп. Өзі де әнді жақсы айтушы еді домбырамен. Танаш Касенов Күршім ауданы Үшбұлақ тумасы. Жаныңыз жаннатта болғай. Керемет екен шында да ашық дауыс. Шәкәрім ді калаулымнан көріп қарның ашады екен. Тадантты азамат басқа тірлік жоқ па деп.

    • @user-mc8bt3ih8p
      @user-mc8bt3ih8p 2 года назад +2

      Құмыр берсін Шахкерымге.

  • @rystysakenova2381
    @rystysakenova2381 Год назад +1

    Дұрыс бұнда еш кім қайталай алмайды. Жатқан жері жарық болсын 🤲

  • @user-xk7dt5rv9s
    @user-xk7dt5rv9s 4 года назад +16

    Шах керым, папа кандай онерлы Адам болган, шыркын акеге тартып ул туса, аке жолын куса кандай тамаша болар еды....

  • @asiyabaidauletova8458
    @asiyabaidauletova8458 5 лет назад +37

    Қайран ағалар ай жаны да ары да таза...

  • @user-is7jp6jd1u
    @user-is7jp6jd1u 6 месяцев назад +2

    Керемет иманды болсын

  • @user-wb2fc1hi4z
    @user-wb2fc1hi4z 4 месяца назад +1

    Керемет ан жаксы Адам олендер керемет❤

  • @user-it1qq3iq3j
    @user-it1qq3iq3j 3 года назад +2

    Қайран Қазағым қашан өз дүниңе шомылып өз ата бабаң салған сара жолына қайтасың. Тәңірім жар болсын.

    • @user-yp7ng9dv6x
      @user-yp7ng9dv6x 3 года назад

      Балабақшаларды қазақ тіліне ауыстыру керек

  • @qalibaimaganbetov6538
    @qalibaimaganbetov6538 2 года назад +2

    Жаныбек тин даусы кандай керемет ширкин нагыз журекк е жеткизип айтады аттен ай омирден ерте кетти

  • @user-yf6ir7rr6f
    @user-yf6ir7rr6f 4 года назад +11

    Керемет кісі еді .Шахкерімнін әкесі.

  • @user-jw3ux8cg8f
    @user-jw3ux8cg8f 4 года назад +11

    Әр быр сөзынде үлкен мағанасы. 🤘Керемет орындау. Журегым тербеледы есыткенде.

  • @user-fi9hr4sm6z
    @user-fi9hr4sm6z 7 лет назад +48

    Қазақ елімнің қырандары аман болсын.

  • @user-jn2dv9qf7c
    @user-jn2dv9qf7c 6 лет назад +114

    Жəнібек атамның дауысы қандай керемет

    • @maxabbatorimbaeva3683
      @maxabbatorimbaeva3683 4 года назад +1

      Шахкеримнин акесигой

    • @Nesheturli
      @Nesheturli 4 года назад +3

      @@maxabbatorimbaeva3683 Әкесі қандай адам еді?! Әр әнімен халықтың жүрегіне дұрыс сезім, санасына дұрыс тәрбие орнатып, ойын оятқан ескінің мықтыларының бірі еді. Ал бүгінгі баласының "Қалаулым" жобасындағы тірлігі дұрыс емес деп есептеймін, мүлдем ұнамайды

    • @imfair1329
      @imfair1329 4 года назад +3

      Керемет гажап шындык,жылагым келеди осы оленди естип,жастайымнан тебиренип тындайым ,манги олен......

    • @user-tz2xx5ew4y
      @user-tz2xx5ew4y 3 года назад

      @@Nesheturli Бұл ойыңыз, көпшілік қауымның көкейінде. Үмітсіз шайтан. Жақсылық жастардан шығатынына сеніміміз зор болсын.

    • @user-qm4pq9ki6c
      @user-qm4pq9ki6c 3 года назад

      СРОСИБО ЧТО НАШЛА ХОТЬ ОТ ДУШИ ПОСЛУШАЮ

  • @user-lo6ld1ns8p
    @user-lo6ld1ns8p 2 года назад +1

    Каиран азамат дауысы кандаи керемет жаткан жерин жаилы болсын.

  • @user-sm3nf6xv6f
    @user-sm3nf6xv6f 3 года назад +4

    Керемет!! Эң мыкты аткаруу👍👍👍

  • @user-oj2bs5ix1s
    @user-oj2bs5ix1s 7 лет назад +30

    Казак ели аман болсын!!!

  • @user-wv8ej1iz6h
    @user-wv8ej1iz6h Год назад +1

    Алла рахым етсін

  • @user-dz7ud7gk6e
    @user-dz7ud7gk6e 7 лет назад +50

    Иманды болсын . Керемет жақсы əнші еді ...

    • @user-pd3pc2ch2c
      @user-pd3pc2ch2c 4 года назад +2

      Керемет ән құлақтың құрышын қандыратын! Иманды бол !Дауысыңа басымды иемін..

  • @user-jq2tx6mx1o
    @user-jq2tx6mx1o 4 месяца назад +1

    Ғажап орындау, Жәнібек аға!

  • @eldar846
    @eldar846 2 года назад +2

    Салем ташкентен.каиталанбас онер

  • @user-zc3qz8fl5j
    @user-zc3qz8fl5j 4 года назад +2

    Кандай тамаша дауыс. Журегынды тебырентеды.

  • @bayankasymjanova1724
    @bayankasymjanova1724 6 лет назад +15

    Керемет осы оленди естиген сайын балалык.шагым есиме туседи маркум акем айтатын домбырамен дауысы Жан тебирентеди

  • @user-nv3yq1nk6r
    @user-nv3yq1nk6r 2 года назад +2

    Аллахым жар болып мыкты ул кыздар дуниге келер али ак

  • @user-jd4td2mc1j
    @user-jd4td2mc1j 3 года назад +11

    Қайран ағамыз керемет анші еді ...

  • @user-yq2lg6mr4x
    @user-yq2lg6mr4x Год назад +2

    Керемет!

  • @user-su3jv3jw4u
    @user-su3jv3jw4u 5 лет назад +4

    Не деген ғажап дауыс.!Жәнібектің қысқа ғұмыры өкінішті.Аз ақ ғұмырында артына әдемі қалды.Пах жалған ай!!

  • @user-uh1sz9zz8w
    @user-uh1sz9zz8w 6 лет назад +62

    Дауылдай өртке тиген өлеңімді
    Қасымның өзі емес деп кім айтады
    Паһ шіркін батырым, есіл ерім! Қалай қалай саптайсың сөзіңді!

    • @user-uh1sz9zz8w
      @user-uh1sz9zz8w 6 лет назад +5

      Сасық алкаш қаңғыбас отансыздар қос-қостап пəтер алғанда Алматыдан, біздің Қасым ағаларымыз соғыстан соң баспанасыз жүрген ғой Алматыда. Əділетсіз заман, сайқал система қай ғасырда болсаң да.

    • @user-rv1jt3qe2q
      @user-rv1jt3qe2q 3 года назад

      7

  • @user-cx2sf1ru1y
    @user-cx2sf1ru1y 2 года назад +1

    Керемет казактын жигти

  • @nurgaliqurbaniyazov6992
    @nurgaliqurbaniyazov6992 2 года назад +1

    Кандай жанга жагымды дауыс! Ар бир сози толык айтылган же суйектен отетин етип орындашан

  • @user-ps5ym3wf8k
    @user-ps5ym3wf8k 6 лет назад +42

    Алла осы кiciлерге разы болсын. Келер урпак. Артына карамасан болашагын булынгыр болады деушед бурынгылар. осындай агаларды умытпандар дуга етiп журiндер.

    • @user-ti4zp6qo4g
      @user-ti4zp6qo4g 3 года назад

      Керемет орындау,кандай терен ой салады,создери журекте калады,оте тамаша,дауыс керемет

    • @user-gi3dh7dn5y
      @user-gi3dh7dn5y 2 года назад

      Дастарханымыздан дәм бұйыртып
      Әдемі өлеңін тыңдап едік!

    • @user-np6ro2xh7i
      @user-np6ro2xh7i Год назад

      Осы жакен жузекеннин баласы емеспе дауысы катты уксаиды

  • @user-qc9pj3hw8d
    @user-qc9pj3hw8d 2 года назад +1

    Иманды болсын

  • @user-eq7je5cz5g
    @user-eq7je5cz5g 6 лет назад +141

    Қайран Қасым ақын-ай!
    Ғайыптан, көрден тіріліп шыға қалсаң,
    Егемендік алғандымызға ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де басынан бағы тайып, өз жерінде өгей баланың күйін кешкен қазақ тілінің қазіргі халін көріп, көрге қайта ұмтылар ма ең!
    Бодандықта болған Кеңес заманында Кремльді кінәладық, қазір кімді кінәлаймыз!?
    Тіпті, сол заманның өзінде Қазақ ССР болдық, жалпақ шешей Қазақстан емес!
    Ал қазір, екі тізгін бір шылбыр өз уысымызда, бас билігіміз өз ырқымызда болған заманда Ана тіліміз неге босағада жәутеңдеп жүреді!?
    Қайранда болған Қазақ тілі-ай!

    • @user-tb6gd7oi3f
      @user-tb6gd7oi3f 6 лет назад +11

      Атилла Садуакасов нағыз қазақша ойлайтын қазақ екенсің

    • @user-ih8bz3el1n
      @user-ih8bz3el1n 6 лет назад +5

      Атын қызық екен Атилла, ким қойған атынды , көкрек сарайын ашық екен

    • @user-fo2jc5me4j
      @user-fo2jc5me4j 6 лет назад +7

      Атилла Садуакасов құлдық заман өткенімен, құлдық сана қалып қойды. Билік сол бір олқы тұсты құртқаның орнынына, қолпаштауда.

    • @KOKO-mn3er
      @KOKO-mn3er 5 лет назад

      Жылдын оныші айын. оку керек

    • @KOKO-mn3er
      @KOKO-mn3er 5 лет назад +1

      Жанбек аған кермет

  • @user-or9we8jf1f
    @user-or9we8jf1f 5 лет назад +18

    Даусыңнан айналайын Жəнібек атау

  • @user-qx1np1eu4y
    @user-qx1np1eu4y 3 года назад +2

    Керемет

  • @user-ll8qk1ey1z
    @user-ll8qk1ey1z Год назад

    Шркинай осындайда дауыс жерде калдау Алла иман берсин Жанибек аға

  • @user-dc6sl7dn1t
    @user-dc6sl7dn1t 2 года назад +2

    Жайлы болсын жатқан жері. Керемет орындау Шахкерімге көңіл айтамын арты қайырлы болсын

  • @janibekkamaev4066
    @janibekkamaev4066 5 лет назад +11

    Ассалаумагалейкум бауырлар!! Па-шіркін, Тамаша!!!!

  • @user-ss8ej2zu6l
    @user-ss8ej2zu6l 2 года назад +2

    Керемет аитқан жәнібек аға таза дауыс домбырасының үні қандаи кәзіргі әншілер былай аита алмайды

  • @user-sh4wl3lb9d
    @user-sh4wl3lb9d 5 лет назад +16

    Сіздей дауыс туармекен шіркін.

  • @aibolbeisenbekov6432
    @aibolbeisenbekov6432 4 года назад +3

    калайша дизлайк басады осындай казактын нагыз казактары отыр ширкин

  • @imfair1329
    @imfair1329 4 года назад +5

    Ағайдың осы өлең адамның жанын тебирентеди, жастайымнан жаксы корип,тыңдаймын,казырги жастарға улги болсын,әрдайым көрсету кажет,бир туар Азамат ,жылап отырмын

  • @albertbrudnyi834
    @albertbrudnyi834 9 лет назад +49

    Жанибек ага , сизди умытпаймыз !

  • @user-nk2br1le6p
    @user-nk2br1le6p 2 года назад +1

    Жақсы адамның ғұмыры да қысқа бар болса əлі талай дүние əкелер еді топырағы торқа болсын артын да қалған ұрпағы жүз жасасын.

  • @zuleikhamardanova888
    @zuleikhamardanova888 3 года назад +2

    Жәнібек ағамыздың дауысы қайталанбас

  • @user-ly3bb9ql9c
    @user-ly3bb9ql9c 4 года назад +9

    Өзім туралы
    Өзге емес , өзім айтам өз жайымда,
    Жүрегім жалын атқан сөз дайында.
    Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,
    Тербетіп, тулатып бір қозғайын да…
    Аманжол - Рахымжанның Қасымымын,
    Мен қалған бір атаның ғасырымын.
    Біреуге жұртта қалған жасығымын,
    Біреуге аспандағы асылымын.
    Шарлаған жолым жатыр жер бетінде,
    Көрінер көлеңкесі келбетімде,
    Қай жерде үзіледі қайран сапар,
    Түйін боп өмірімнің бір шетінде.
    Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап,
    Жоғалып жер бетінен сүрлеу-соқпақ.
    Немесе бастармын ба екінші өмір,
    Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап.
    Дүние, жалт-жұлт еткен кең мекенім,
    Көре алмай көп жеріңді мен кетемін.
    Арпалыс ала құйын заманалар
    Арбасып тұрып алды, мен не етемін.
    Өмір жоқ түскен жерде бір арнаға,
    Көп күттім, көп тіледім құмарлана.
    Қайтейін, жетер емес қысқа өмірім,
    Алыстан көрінгенмен мұнарлана.
    Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ,
    Қараймын елесіңе мен таңырқап.
    Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде,
    Көрпемді мен жатармын қырда қымтап.
    Жүзінде кәрі жердің әжімі көп,
    Ізімді табарсыңдар әзер іздеп.
    Оқырсың сонда мүмкін бұл жырымды,
    «Досың да,туысың да біздерміз» деп.
    Ризамын туғаныма адам болып,
    Өкінбен қаламын деп бір күн солып.
    Адамзат сапарының мейманымыз,
    Бір мезет жер бетіне кетер соғып.
    Екі көз - екі жұлдыз маңдайдағы ,
    Көруші ең құбылысты қай - қайдағы.
    Япырмай,сен де бір күн сөнермісің,
    Қап - қара түнек болып маңайдағы.
    Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,
    Өкінем ұқсата алмай келемін деп,
    Күніне жүз ойланып, мың толғанам,
    Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.
    Барым да, бақытым да осы өлеңім,
    Жақыным , жүрегімнің досы өлеңім.
    Өмірге келгенім жоқ бостан - босқа,
    Мен қайтып , босқа жасап , босқа өлемін.
    Гүрілдеп жалын атқан кеудем - көрік,
    Сөз соғам құлашымды еркін керіп.
    Суарып шынықтырам күйге малып,
    Болсын деп әрі әдемі, әрі берік.
    Құя алман үгітілген балшық өлең,
    Көңілімде көл жасаман тамшыменен.
    Серінің семсеріндей сертке таққан
    Өлеңнің өткірін бір алшы менен.
    Ежелден ерке бұлан Қасым едім,
    Бұлқына тасып едім, басып едім.
    Жүзім - жаз , көңілім - көктем кең пейілді,
    Жақсының жүрегіне ғашық едім.
    Сөзім жыр, лебізім - күй ерке едім,
    Өз жерім, өз елімде еркеледім.
    Өмірдің алтын сарай аспанына
    Қиялым қақты қанат ерте менің.
    Кең жайдым құлашымды дүниеге,
    Білдім мен қайғыра да ,сүйіне де.
    Әйтеуір әрі - сәрі болғаным жоқ,
    Ұқтым мен, көңілімнің күйі неде…
    Аяған жүрегім жоқ жолдасымнан,
    Сый көрді не бір сараң мол Қасымнан
    Жолдастың жүзін қайта алдым жинап,
    Айрылсам ала көңіл он досымнан.
    Қасыммын, сол баяғы бір қасыммын,
    Бақытын ойламаймын құр басымның.
    Тымырсық түнек болсаң - дұшпаныңмын,
    Ақ көңіл адал болсаң - сырласыңмын.
    Боламын ақын Қасым әлі де мен,
    Өлеңін бөбегіндей әлдилеген.
    Қанатын қағып жылдам келер жылдар,
    Бәрін де қарсы аламын ән - күйменен.
    Бір күні от өмірім қалса өшіп,
    Қайран ел, туған жерден кетпес көшіп.
    Торқадай жамылып ап топырағын,
    Жатармын өз жерімде бір төмпешік.
    Дариға, о дариға,шіркін дәурен,
    Басымнан таярмысың бір күн дәурен.
    Жалт беріп жоғалар ма нажағадай ,
    Жүзіңде шалқып тұрған күлкім,дәурен.
    Тоқтамас өмірімнің сағатындай,
    Жүрегім енді қанша соғар тынбай.
    Тыншыр ма ақтық рет бір таопынып,
    Мерт болған балапанның қанатындай.
    Түсірген ой сәулесін шар тарапқа,
    Ақылдың алтын оты сөнген шақта.
    Бұл күнде саңқылдаған сұңқар үнім.
    Кетерсің судай сіңіп табиғатқа.
    Сондықтан ап кел бері домбырамды,
    Кеудеме күй қанаттықондыр әнді.
    Берейін өмірімнен өлең жасап,
    Шашайын оңды - солды сол мұрамды.
    Дүниеге келер әлі талай Қасым,
    Олар да бұл Қасымды бір байқасын.
    Өртке тиген дауылдай өлеңімді
    Қасымның өзі емес деп кім айтасың!

  • @user-zh8vp4ji1q
    @user-zh8vp4ji1q 2 года назад

    Осындаи асыл адамның баласы жеңгетаи брлғаны өкінішті өте өкінішті аитар сөз жоқ

  • @user-ky1jv8xc8o
    @user-ky1jv8xc8o 2 года назад +1

    эх ширкин десиш ким корип отыр 11.10.2021.

  • @cabitahmad4784
    @cabitahmad4784 8 лет назад +70

    шынайы.таза.құдай берген жандүниесімен əн салған.қазір бұндай нағыз əншілер жоқтың қасы өкінішті

    • @nurzhanzhumagulov1315
      @nurzhanzhumagulov1315 5 лет назад

      Cabit Ahmad осы кiсiнiн орындауында менде каналда термелер бар кiрiнiз, тамашаланыз, комментарии калдырыныз!

    • @abusaid11
      @abusaid11 4 года назад

      Әнші емес, ақын ғо, Қасым деген.

  • @user-yb8xz5cx8d
    @user-yb8xz5cx8d 2 года назад +1

    Керемет ән !!Жәнібек Кәрменовтай орындайтын әнші жоқ шығар Әттең Шахкәрім әкесіне ұксамаған Өкінішті

  • @user-rw9rf7vm9h
    @user-rw9rf7vm9h Год назад

    Кереееемет!!! Қайран азаматттарай!!! Не деген орындау!!!! Жүректі тебірентеді!

  • @user-bn8qm2hu4p
    @user-bn8qm2hu4p 3 года назад +2

    Керемет əн недген дауыс

  • @user-vo7th7qw3b
    @user-vo7th7qw3b 4 года назад +21

    Уккан сайын уккун келет, Казак бир боорлорум менин.

    • @user-me3ru6vo1t
      @user-me3ru6vo1t 4 года назад +1

      Жәнібек аға жайыңыз жаннатта болсын. Не деген керемет дауыс. Жанды дауыс.

  • @user-nv3fj9ij7e
    @user-nv3fj9ij7e 4 года назад +10

    Иманды болсын топырагы торка болсын кандай дауыс журекке жететин

    • @user-zd3mh7lr7w
      @user-zd3mh7lr7w 2 года назад

      Иманды бол ағажан, сағынышты

  • @arailymomarova4733
    @arailymomarova4733 8 лет назад +88

    Ширкин-аи осындаи агалар болса гои бари

  • @user-uj2xw7pz2q
    @user-uj2xw7pz2q 8 лет назад +52

    Керемет сөз жоқ! міңе өлен міңе орындау. көзге жас келет !!

    • @user-so7ky3ir6j
      @user-so7ky3ir6j 4 года назад +1

      Қалаулымға қызмет жасап жүр осы кісінің артындағы тұяғы ӨКІНІШТІ

    • @user-pr6qi5ys1u
      @user-pr6qi5ys1u 2 года назад

      Қасым мен Жәнібек ғасырда бір келетін тұлғалар ғой. Қандай керемет.

  • @user-jq2tx6mx1o
    @user-jq2tx6mx1o 5 месяцев назад +2

    Жәнібек Кәрменов, Мәдениет Ешекеев Тұрсынғазы Рахимов дауыстары ерекше әнші ағаларымыз ! Асыл , тума талант иелері еді.