Скоринг деген не?

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 28 авг 2024
  • 21.07.2021ж
    бастап Отбасы банк жүйесіне Скоринг жүйесі енгізіледі.

    Скоринг бұл автоматтандырылған, Сіздің ипотекалық өтінішіңізге оң шешім беру немесе өтінішті қабылдамау (отказ беру) бойынша сандық, балдық жүйе болмақ.

    Естеріңізде болса Отбасы банкінде предквалификация(алдын ала мақұлдау) яғни сіздің табыс қанша млн жетеді соны анықтау жүйесі бар. Енді бұған қоса Скоринг жүйесі енгізілді.

    Скоринг деген бұл не?

    Бұл ақылды робот десем артық айтпағаным.

    Скорингтік баллдық көрсеткіші дегеніміз - клиенттің несиені төлеу қабілеті, бірақ сандық(цифр)түрде көрсетілген.

    Скорингті енгізу - қаржылық нарықты дамыту агенттігінің талабы.

    Скорингтік процесске қандай алгоритм кіретін сұраққа келеттін болсақ бұл құпия.

    Дегенменде өз тәжірибеме сүйенсем, келесі критерийлерді қамтуы мүмкін:
    1. Білім
    2. Тұрмыстық жағдай
    3. Активтер
    4. Кешіктіріп төленген несие
    5. Микроқаржылық ұйымнан несие алдыңыз ба жоқ па, бұл ақпарат барлық банктер үшін маңызды болады.

    Өйткені клиент тұрақты түрде микронесиелер алса, яғни оның табысы күн көру үшін жеткіліксіз дегенді білдіреді. Ескерту сондықтан бет алды микро ұйымдардан кредит алудың қажеті жоқ. Бұл сіз үшін минус.

    6. Басқа банктерден несие алу өтінішінінен банктер бас тартқан жағдай болды, ма болмады ма.
    7. Клиенттің шопингке арналған зайымдар алып тұрады ма, қаншалықты жиі алады.
    8. Жұмыс тәжірибесі
    9. Лауазым

    Әрі қарай, жүйе әр сұрақ бойынша балл береді. Жақсы балл алған өтініштер банктің жауапты бөліміне жіберіледі(яғни ипотекаға өтініш қабылданады)

    Балл жинамаған өтініштер скорингтік модельдің методикасына сәйкес қайта қайтарылады. Яғни ипотекаға өтініш қабылданбайды...

    Бұл барлық бағдарламаларға, өтініштерге қатысты айтылған дүние. Қосымша ақпарат болса айтамын...

    Әр ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛСЫН!

    8-707 662 81 86(ватсап) жеке консультация номері.
    Консултация ақылы!

Комментарии • 42