Овсяное молочко. Сұлы сүт
HTML-код
- Опубликовано: 8 ноя 2024
- Сұлы сүтін қалай дайындайды
Жарты литр сұлы сүтін дайындау үшін 500 мл. су, 30 грамм сұлы дәні, 6 құрма қажет. Алдымен сұлы дәнін жақсылап жуып алады. Жуылған дәнді ыдысқа салып, 1:3 көрсеткіш көлемінде су құяды. Басқа ыдысқа құрманы салып, түні бойы бетін жауып қояды.
Таңертең сұлының суын төгіп, дәнді тағы да жақсылап жуады. Ал құрмаға араластырылған қоймалжың сұйыққа 500 мл. деңгейіне жеткенше тағы да су құяды. Осыдан кейін сол сұйыққа сұлы дәнін салып, оны езіп араластырады. Жақсылап араластырған кезде түсі қоңырқай қоймалжың сұйық пайда болады.
Бұдан кейін дайын болған қоймалжың сұйықты сүтке ұқсату үшін оны матадан өткізіп сүзу қажет. Сүзу үшін қалың матаны немесе бірнеше қабат дәкені пайдалауға болады. Сүзгіден өткізге соң пайдаланылған матаны қатты сығып, пайдалы сұйықтың бір тамшысын қалдырмай ыдысқа құяды. Міне, енді сұлы сүті дайын деп санауға болады. #Пайдалы #Ақпарат
/ @krebaeva93