ТАҚЫРЫП ӘЙЕЛДЕРІМ ТУРАЛЫ. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ (әсерлі әңгіме)

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 10 авг 2023
  • ТАҚЫРЫП ӘЙЕЛДЕРІМ ТУРАЛЫ. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ (әсерлі әңгіме)
    материал madeniet.kz сайтынан алынды
    ғибратты әңгімелер жинағы, ғибратты оқиғалар, ғибратты сөздер, ғибратты оқиға, ғибратты әңгімелер байларға берілмеген нығмет, ғибратты әңгіме, ғибратты әңгімелер, қызықты әңгімелер, әңгімелер, ғибрат деген не, болған оқиға, ғибрат әңгімелер, ғибрат сөздер, ғибрат создер, қазақша әңгімелер, аудио кітап, қазақша әңгімелер жинағы, әңгімелер жинағы, ғибрат әңгіме, әңгіме, ғибратты сөз, қазақша әңгіме, қорқынышты оқиға, әсерлі әңгіме, қуат, куат, АУДИОКІТАП

Комментарии • 265

  • @user-kc1kv8xv2t
    @user-kc1kv8xv2t 8 месяцев назад +43

    Қазағымның біртуар ұлы Бауыржан ата жаның жәннәтта болсын!

  • @bilenkabdulov5979
    @bilenkabdulov5979 3 месяца назад +19

    Мен Ози Бауыржан атамыздын бул ангимесин биринши рет естип отырмын.Бауыржан атымызды сонгы урпактар Келин Зейнеп анамыз аркылы биледи.Бирак кай керемет тулганын болмасын озиндик омир тарихында кишкене кейкилжиндер болады

  • @user-ji3yt7if4p
    @user-ji3yt7if4p 10 месяцев назад +66

    БАУЫРЖАН АТА ! СІЗДІ АЛЛАҺ ТАҒАЛА БІЛІП , БІЛМЕГЕНІҢІЗДІ КЕШІРІП !, РАҺЫМЫНА БӨЛЕП , ЖАНЫҢЫЗДЫ ЖӘННӘТТІҢ ТӨРІНЕН ЕТСІН !!! СІЗДІ БАТЫР ЕТКЕН ЖАРАТҚАН ИЕМІЗДІҢ ӨЗІ ҒОЙ ! ,
    АЛЛАҺ ТАҒАЛАМЫЗ СІЗГЕ РЗА БОЛСЫН ! , СІЗДЕЙ БАТЫР ҰЛДАРДЫ ҚАЗАҚҚА КӨП ЕТІП БЕРСІН АЛЛА ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ !! ,
    ЖАТҚАН ЖЕРІҢІЗ ЖӘЙЛІ , ТОПРАҒЫҢЫЗ ТОРҚА БОЛСЫН !! 🤲🤝

  • @user-qk8jw2ov2q
    @user-qk8jw2ov2q 6 месяцев назад +39

    Бауыржан бір ғасырда бір туар батыр əділ тұлға.

  • @aizhamalaizhamal9934
    @aizhamalaizhamal9934 9 месяцев назад +31

    Батыр атамыздың жаткан жері жайлы болсын иманды болсын казак халкы өз батырын жаксы көреді артык сөз айтаалмайды батыр адам бұл дүниеге бірак рет келеді сондыктан Бауыржан ата казактың бір туар батыры иманды болсын халкын желепжебеп жатсын

  • @nurgizazhaksybayeva316
    @nurgizazhaksybayeva316 9 месяцев назад +30

    Бауыржан Момышұлы - нағыз батыр адам.
    Жатқан жері жайлы болсын.
    Әр адам өзінің қателігін түсіне , оны мойындай білудің өзі батырлық.
    Менің әкем де айтушы еді, бұл өмірде 100% пайызды "бақытты адам" болмайды деп, батыр атамызға Бір Жаратушы барлық бақты берседе, әйелден бағы жанбапты.
    Бірақ, келіні Зейнеп Ахметқызы нағыз бүкіл қазақ халқының "Құрметті келіні". Қазақтың батыр ұлын кәртайған шағында еркелетіп баққан, адамгершілігі мол адам.
    Зейнеп апамыз ұрпағымен бақытты болсын!

  • @user-su5bw9fv4w
    @user-su5bw9fv4w 10 месяцев назад +61

    Шындық айту, Шындық жазу, ол да. Батырлық. Бауыржан Ата Жаныныз ЖӘНАТТА БОЛСЫН 🤲

  • @user-so6tj3ij4n
    @user-so6tj3ij4n 10 месяцев назад +79

    Бауыржан Атамыздың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын, ОЛ КІСІ ТАРИХ, АРТЫҚ ӘҢГІМЕ АЙТУДЫҢ КЕРЕГІ ЖОҚ ДЕП ОЙЛАЙМЫН!

    • @user-tf5is9bi5u
      @user-tf5is9bi5u 10 месяцев назад +8

      ДҰРЫС АЙТАСЫЗ!БАУЫРЖАН АТАМЫЗ ҚАЗАҚ ЕЛІ ТАРИХЫНДА ҚАЛҒАН АДАМ!О ДҮНИЕЛІК БОЛҒАН АДАМ ЖАЙЫНДА НЕБІР ЖАҒЫМСЫЗ ƏҢГІМЕЛЕР ЖАЗЫП ӨЗ АБЫРОЙЫЗДЫ КӨТЕРЕ АЛМАЙСЫЗ.АУЫР СӨЗДЕР(АТАНЫҢ АТЫМЕН ЖАЗЫП ОТЫРСЫЗ)ОЛ! КҮНƏ! ҚАЗАҚТА! О ДҮНИЕЛІК БОЛҒАН АДАМДАР ЖАЙЫНДА ЖАМАН СӨЗДЕР АЙТУҒА ДА ЖАЗУҒАДА БОЛМАЙДЫ,ЕСКЕРЕ ОТЫРЫҢЫЗ!

    • @user-qk2sr6pp6z
      @user-qk2sr6pp6z 10 месяцев назад +2

      Бауыржан атаңда не құның бар

    • @anyzdar.kz.1
      @anyzdar.kz.1 9 месяцев назад +3

      Дұрыс айтасыз

    • @user-ep9nh2uz9v
      @user-ep9nh2uz9v 9 месяцев назад +3

      Өмірден өткендердіңде.өмір сүріп жүргендердіңде өткенін қазбалап керегі не. Қанша әйел алады.болмаса өмір бақи әйел алмай өтеме әркімнің өз өмірі. Таң қалам біреудің өміріне сонша сұғанақтанатындарға. Мына заман өсек айтып жүретін кезба. Оданда қара көз қазақтың ұрпақтарының жақсы.жарық.ештеңеден тарықпай.үйсіз күйсіз.тоқ болып жақсы нәрсеге талпынуғв шақыратын кез.

  • @user-gy6uk5lh3n
    @user-gy6uk5lh3n 9 месяцев назад +36

    Кандай тамаша адамболған,
    Бірак әйел жағыган жолы болмапты, Бауыржан Момышулы, жаніңыз жәннатта болсын, жаткан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торкалы, иманды болыңыз, нағыз еркек болыпсыз, сондай тамашасыз🙏🤲👍

  • @user-qk8jw2ov2q
    @user-qk8jw2ov2q 6 месяцев назад +25

    Тəртіп бар жерде Адамдар құл болмайды. Дəл қəзір бізде тəртіп жоқ.

  • @panuraarunap8289
    @panuraarunap8289 10 месяцев назад +65

    Рахмет сізге Бауыржан ата.
    Жар тандаудан қателескенің айтып, өкініпті. Ол туралы өзі ғана біледі. Бірақ халық силаймыз атаны. Бала кезімізде Моя семья кітәбін оқып танысқанбыз

  • @user-xe6pt9vu4l
    @user-xe6pt9vu4l 10 месяцев назад +46

    Жаткан жери жайлы болсын!
    Иманды болсын!
    Амин!

  • @user-uf3es6mi6y
    @user-uf3es6mi6y 10 месяцев назад +98

    Бауыржан ақсақал иманды болыңыз! Бұрын-соңды бұл әңгімені естімеппін.

    • @user-hk8gk4ip1s
      @user-hk8gk4ip1s 10 месяцев назад +7

      Негізгі бұл әңгімені естіген едім,кішкентай кезімде- әкеммен!. Бауыржан Момышұлы атамыз айтқан екен деген:-" сыртта батырмын, үйімде қатыныма үшін- пол жуатын трияпкамын деген екен.." сол сөзі ақиқат ащы шындық екен ғой...Қаһарман атамыздың...!.

    • @user-xk8ze3cs1f
      @user-xk8ze3cs1f 10 месяцев назад +1

    • @user-gg8zq2wl6m
      @user-gg8zq2wl6m 7 месяцев назад +5

      Бауыржан ата жатқан жеріңіз жайлы болсын

    • @user-sr8wq6zh7d
      @user-sr8wq6zh7d 3 месяца назад

      ❤.

    • @user-sr8wq6zh7d
      @user-sr8wq6zh7d 3 месяца назад

      .

  • @user-qk9sj8bt7h
    @user-qk9sj8bt7h 10 месяцев назад +28

    Иманды болсын атамыз

  • @user-pd9jp1jk7e
    @user-pd9jp1jk7e 3 месяца назад +15

    Жаны жәннатта болсын атамыздың

  • @user-bq1eh1ig7z
    @user-bq1eh1ig7z 3 месяца назад +31

    Дааа сізді түсінетін бірінші әйеліңіз ғана екен

    • @user-wx6hh8rf9y
      @user-wx6hh8rf9y 2 месяца назад +2

      Сол әйелдің қадіріне жететін ақылы болмағаны өкінішті.

  • @user-wg2zx7eq3m
    @user-wg2zx7eq3m 10 месяцев назад +81

    Бауыржан ағаның талғамы жоғары кірпияз өзінің талғамынан шықпаған шығар әйелдер. Серінің серілігі болады. Шындығын айтып отыр. Оның несі айып. Қазаққа біткен батыр ағамыз жүрегінің түгі бар бәрі орынды.

    • @user-wg2zx7eq3m
      @user-wg2zx7eq3m 10 месяцев назад +11

      Жатқан жері жайлы топрағы торқа жаны жанатта болсын.

    • @user-vw3iv8qi5k
      @user-vw3iv8qi5k 10 месяцев назад +5

      Батыр болса зина(ойнас)жасай берсе болады деп кім айтты? Сол зинасының зардабын көріпті ғой.

    • @kalijanauelbekov-xb3jn
      @kalijanauelbekov-xb3jn 10 месяцев назад

      ​@@user-vw3iv8qi5k19:39 .

    • @kalijanauelbekov-xb3jn
      @kalijanauelbekov-xb3jn 10 месяцев назад

      ​@@user-vw3iv8qi5k19:39

    • @user-tk2by8ne7k
      @user-tk2by8ne7k 10 месяцев назад +7

      Журегинин туги бар . Намысын колдайтын , найзагай минези бар , аскан психолог , билимди жане оз кадирин , улт кадирин билетин тулга , мын жылда бир келетин жарык жулдыз .

  • @user-pz8ee1ou4c
    @user-pz8ee1ou4c 10 месяцев назад +72

    БАТЫР БАУЫРЖАН АТАМЫЗ,ИМАНДЫ БОЛСЫН! ЖАНЫ ЖАННАТТА БОЛСЫН!
    КӘЗІРГІ ЗАМАНДА,КЕРЕК ЕДІҢІЗ,
    БИЛІКТІ ТЫРҚЫРАТЫП ҚУАТЫН!
    ЕМІН БЕРЕТІН! АРУАҒЫҢЫЗ ЕЛІМІЗДІ ҚОЛДАСЫН!БИЛІК КЕТСІН! АУМИН.

    • @user-od6ee1sm9h
      @user-od6ee1sm9h 10 месяцев назад +9

      Бул.катынды.женген.еркек.барма.озы

    • @AminaAbdullina-qb5xi
      @AminaAbdullina-qb5xi 10 месяцев назад

      Ъ

    • @shokan3145
      @shokan3145 9 месяцев назад

      ​@@user-od6ee1sm9h бар да болганда , балким осы Зан емес .

    • @user-fo6og6fi6w
      @user-fo6og6fi6w 7 месяцев назад +1

      Сенде бир катыннан корлык корген жан болдын гой.
      Катынды женген еркектер оте коп,омир бойы еркегимизди силап келе жатырмын,56жыл.

  • @user-bl3pr2ky4z
    @user-bl3pr2ky4z 10 месяцев назад +63

    Қазақтың үлкен апалары Бауыржан атамыз айтқандай текті болған Бірінші жар,екінші бала шаға ,үшінші үйдің ұйытқысы жақсы жар бола білген Бәукеңе осы жағы көңілінен толағай екен
    .

    • @user-bl3pr2ky4z
      @user-bl3pr2ky4z 10 месяцев назад +7

      Екі үш күннен тағы қарап отырмын әліде үлгі бола білетін адамдар жеткілікті.ШҮКІР

    • @user-fk3sy3ws5g
      @user-fk3sy3ws5g 10 месяцев назад +6

      ❤❤❤ әр

    • @anyzdar.kz.1
      @anyzdar.kz.1 9 месяцев назад +1

      👏🏻👏🏻

  • @user-vi2ws4bd7r
    @user-vi2ws4bd7r 10 месяцев назад +21

    Әйел ана деген ,сол Ана балаларына,жарына адал болу керекқой, өмірдін бакыты Анаға байланысты деген.Еркек бас болса,әйел мойын деген бәрі ,Ананын тәрбиесіне байланысты.

  • @user-xh8hf3sc8m
    @user-xh8hf3sc8m 4 месяца назад +19

    Ия, Бауыржан Момышұлы, Комдив, Батыр, Ұлы Тұлға❤🙏👍🏻

  • @user-qm9qm2mq6q
    @user-qm9qm2mq6q 10 месяцев назад +44

    Батырда батыл шыншыл Қаиран Баукең жаның сөзсіз жанатта болғаи 🎉🎉🎉

  • @user-lx4sm5eh8f
    @user-lx4sm5eh8f 10 месяцев назад +41

    Тағлымды тәрбие ұлағаты,түсінген жанға .👍👍👍

    • @anyzdar.kz.1
      @anyzdar.kz.1 9 месяцев назад +2

      👍🏻👍🏻👍🏻

  • @user-qk3qw3cu8l
    @user-qk3qw3cu8l 10 месяцев назад +26

    Баука атанын , ушкан уя , китабын жас кезимнен колыма тусире алмай келем, . Баукенин акылы, кайсарлыгы ширкин барлык казак жигиттерине дарып, барлык биздин казак жигиттери баукен сиякты оссе гой ,ия атамыздын жаткан жери жайлы болсын

    • @BNZ777
      @BNZ777 10 месяцев назад +1

      Аудио кітап бар ғой ютубта

    • @user-qk3qw3cu8l
      @user-qk3qw3cu8l 10 месяцев назад +1

      @@BNZ777 этупты ашуды онша тусинбеймин гой, айтеуир тел устаганым болмаса, ком жаза алам , оки алам

    • @yerkebulanzhanibekov1414
      @yerkebulanzhanibekov1414 9 месяцев назад +1

      Қазір ол Ұшқан ұя кітабы кітап дүкендерінде бар, тапсырып беріп алсаңыз болады, инстаграмнан қарасаңыз болады

    • @shokan3145
      @shokan3145 9 месяцев назад

      Мысалга мен Баукен аганы сыйлайм мактан тутам , бирак мен Ол кисидей бола алмайм да болгым келмейди . Мен Ол мен баска адамга еликтеп омиримди бос откизгеним келмейди .

    • @user-tk2by8ne7k
      @user-tk2by8ne7k 2 месяца назад

      ​@@shokan3145 адам еліктеп өмір сүрмейді тәрбие алады . Себебі әр адамның тағдыры , өмірдің жүгі әр түрлі болады .

  • @lotus870
    @lotus870 10 месяцев назад +24

    керемет Бауржан Момшулы,тарихта мын жылда туатын БАТЫР атамыз,иманды болсын,бярын жазып кеткены кандай дурс болган,окып блп отрмыз🤲🤲❤️❤️🇰🇿🇰🇿Almaty KZ

  • @user-vf6uw6ru1p
    @user-vf6uw6ru1p 10 месяцев назад +14

    Бауыржан атамыздың көңілінен шыққан тек қана келіні Зейнеп апамыз деп ойлаймын.

  • @user-ml1nm6vp4n
    @user-ml1nm6vp4n 5 месяцев назад +16

    Ең бастысы сол қатындарды асраймын деп, қымбат шуба алтын, үй алып беріп өкіметті қалықты тонап елдің қарғысына қалған жоқ

  • @sholpaniskakova7811
    @sholpaniskakova7811 2 месяца назад +2

    Батыр Бауыржан атамыздың Жаны Жәннаттан болсын🤲🤲🤲🙏🙏🙏

  • @laikkairullaeva6872
    @laikkairullaeva6872 9 месяцев назад +10

    Не болсада Атаны жақсы коремін жаны жаннатта болсын иманы жолдасы болсын жаны Атамыз мангі тірі

  • @user-rt2qt3oy4s
    @user-rt2qt3oy4s 10 месяцев назад +64

    Дұрыс айтады Баукең жаны жанатта болсын қазір 50 процент әйелдер сондай басымыздан өтіп отыр осыны дұрыстап жібере беріңіз мумкін тусінер қатындар

  • @user-ol3xv1nt5s
    @user-ol3xv1nt5s 6 месяцев назад +9

    Жаны жанатта болсын.Ғасырда бір туар қазақтың маңдайына біткен.

  • @user-uq3ey2ro6h
    @user-uq3ey2ro6h 10 месяцев назад +60

    Мың жылда бір туатын тұлға ғой Баукең атамыз.

    • @anyzdar.kz.1
      @anyzdar.kz.1 9 месяцев назад +1

      👍🏻👍🏻👍🏻

  • @user-kc1kv8xv2t
    @user-kc1kv8xv2t 10 месяцев назад +15

    Аталардың бәрі Бауыржан атадай болсыншы

  • @user-ny2du1nt3q
    @user-ny2du1nt3q 10 месяцев назад +20

    ДАРА АТАМЫЗДЫҢ ЖАТҚАН ЖЕРІ ЖАРЫҚ БОЛСЫН ҰЛЫ ТҰЛҒА ҚАСИЕТТІ ЖАН

  • @user-bh1eb9kd9w
    @user-bh1eb9kd9w 3 месяца назад +3

    Шынында да да от басылык омыры озы аиткандаи шым шытырык болыпты ,от басылык омыр суруды де уирену керек ,ол ушын коп былым психология ,талым тарбие болганда гана дурыс семья болады Не аитуга болады пенде болган сон озынде де де кателыктер болган шыгар бырак кездескен аиелдерде ои сана
    Тек кана материаны ансау гана болган секылды Жаны жанатта болсын иаркумнын !

  • @galaaitugan88
    @galaaitugan88 Месяц назад

    Рахмет сізге, маған ұнады. Бауыржан атамыз туралы аз ақпарат біледі екенмін.

  • @user-ik8go4ez9x
    @user-ik8go4ez9x 9 месяцев назад +6

    Алла бір адамға бәрін бірдей бермейді ғой,ол кісінің жары болу оңай емес еді ғой. Ерекше адам ғой.

  • @user-gj2dk2vv3z
    @user-gj2dk2vv3z 3 месяца назад +8

    Атамыздың жаны жаннаттаболсын.
    Батыр десе батыр сондада атақты тірі кезінде бермеді. Көрдіңдерме қандай залымдық. Еңбегін халқы біледі. Елін аздырып, жерін сатып ұрлаған жемқорларға тірі кезінде ескерткіш жасап атақ беріп жатыр. Жиркенішті!!!

  • @zoyadaribaeva7059
    @zoyadaribaeva7059 10 месяцев назад +24

    Еркектің бағы әйелде-дегендей әйелден бағы шаппаған екен.Өте өкінішті,тек жылтырағандарға құмар болған сияқты ғой.

    • @nurlanaa1591
      @nurlanaa1591 4 месяца назад +1

      дәл тауып айтыңыз

    • @user-dr2rc8pr4h
      @user-dr2rc8pr4h 3 месяца назад +1

      За нами Москва,ни шагу назад деп ,қанша солдатты атып тастады екен.

  • @user-qk1mw4qo8z
    @user-qk1mw4qo8z 9 месяцев назад +7

    Шындық қаншалық ащы болсада Бауыржан атамыздың жатқан жери жаннаттен болсын авторға айтарым жалғасын кутемиз әйелдердің неше турин кездестинген екен ғой бар ғой сондайларыда

  • @user-ku5id2eg4b
    @user-ku5id2eg4b 3 месяца назад +2

    Батыр Атамыз керемет Аңыз Тұлға соған байланысты тірлігі үлкен,Қазіргі жастар үлгі алса екен,

  • @user-db4hn6nn1m
    @user-db4hn6nn1m 10 месяцев назад +28

    👍👍👍керемет даусыңыз тамаша аитарыңыз көбеие берсін

  • @user-ds1vt5vj9h
    @user-ds1vt5vj9h 10 месяцев назад +11

    Әзілхан Нұршайықовтың "Ақиқат пен аңыз" роман-диалогын оқуға кеңес беремін.

  • @gulsaraerejepbaeva8949
    @gulsaraerejepbaeva8949 2 месяца назад +2

    Елге қайтып өз бірінші әйеліне қосылып таза өмір сүруі керек еді

  • @user-rn7wf5rk8l
    @user-rn7wf5rk8l 9 месяцев назад +7

    Жатқан жері жұмсақ болсын . Тағыда оқи бергің келеді.

  • @zhaksygulbatyrbai7293
    @zhaksygulbatyrbai7293 3 месяца назад +4

    Қай тұлға болсада ,жүз пайыз жан жақты болмайды ғой,әйтеуір бір жағы ақсап тұрады ,сол үшін да ішке үңілудін қажетті жоқ, бірінші Алланың жаратылысы, екінші табиғый болмыс.Ұмытылмайтын қайсар тұлға Баукең.

  • @gk7826
    @gk7826 10 месяцев назад +24

    Идеальный адам жоқ өмірде, болуы мүмкін емес, өйткені пенде

  • @nurai4291
    @nurai4291 10 месяцев назад +17

    Жарықтық екі тілді араластырып сөйлеудің шебері болған екен...

    • @user-ns1xz6fw5d
      @user-ns1xz6fw5d 3 месяца назад

      НЕ ҮШІН ЕКІ ТІЛДЕ СӨЙЛЕЙДІ. БІР ТІЛДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ КЕРЕК ҚОЙ.

  • @anarbayambaeva
    @anarbayambaeva 9 месяцев назад +11

    Маркум экем созин Бауыржан Момышулы - деп бастайтын еди. Баукенди улги тутатын, 50 жылдары лекциясына катыскан, Баукендi корген. Узын бойлы, коныр дауысты, козинен от ушкындаган, сымбатты жигит агасы деп сипаттайтын... "Герой бермеди гой", бир окиниш болатын

  • @user-pi9md1xf7u
    @user-pi9md1xf7u 10 месяцев назад +11

    Ол кісі орысшағада өте жетік болған және сөз арасына орысша қосып сөйлеу әдетітін неменеге сөгіп отырсың әркім өз жөнін жөндеп алсын

  • @jakojamba9227
    @jakojamba9227 10 месяцев назад +40

    Бірінші әйелін бекер тастаған..

    • @bulat7961
      @bulat7961 9 месяцев назад +1

      Совет заманы гой

  • @user-uc7ne6dc8v
    @user-uc7ne6dc8v 10 месяцев назад +16

    Я,бір кем дүние...айдың да екі жағы бар.

  • @user-ds1vt5vj9h
    @user-ds1vt5vj9h 10 месяцев назад +25

    Бұл әңгімені қайдан тауып алдыңыз,автор?Бауыржан атамыздың 1947-жылы туған қызы бар деп естігенбіз бұрын."Мінезімнен әйелдеріме жақпадым.Ал,маған жаққан әйелім (соңғы жолдасы Кәмаш апай) маңдайыма сыймады деп айтқанын бір жерден оқып едім.

  • @user-sl5gl2hs8e
    @user-sl5gl2hs8e 9 месяцев назад +4

    Ұшқан ұя кітабын түсініп оқысаң өте тамаша кітап.

  • @user-fm2tf8ju1p
    @user-fm2tf8ju1p 10 месяцев назад +15

    Текті абадан ағаларымызды құртқан сол жүз грамм ащы суғой, сол шайтан суды ішкен ер азамат өзін бақылаудан жоғалтвп алады, сосын кез келген жымиған келіншекке көңілі ауып, қамқорлыққа алып қоюы мүмкін, ал абадан ер азамат өзіне жаратушы нәсіп еткен жарымен қосылған соң, сол жұбымен өмірінің соңына дейін бірге болып, измена жасамайды ешқашан.

  • @user-mo1rj1bi7l
    @user-mo1rj1bi7l 10 месяцев назад +16

    Елдин бари жаман ози гана жаксы баласына мейирими жок деп айелдерди киналайды ал ози ше тастәп кете берген Оны тусину ушин олардын да жанын тусину керек шыгар

  • @eldaraerisdauletova8161
    @eldaraerisdauletova8161 10 месяцев назад +11

    Мыкты👍Тагы болса осынбай узинд лерден! Рахмет!!!

  • @user-ne9qq8fw7n
    @user-ne9qq8fw7n 2 месяца назад

    Атамыздың Құдай қосқан бірінші жарын бағалай алмағаны өкінішті...

  • @Zhomart88888
    @Zhomart88888 9 месяцев назад +17

    Қатындармен жолы болмаған мен ғанама десем ,Бауке атамызда бар екен. Бауке біз біргеміз 😀✊️

  • @user-yr3tz7ki3d
    @user-yr3tz7ki3d 10 месяцев назад +7

    Рахмет саған осыны оқып шығарғаныңа

  • @drcorall2166
    @drcorall2166 10 месяцев назад +18

    Бауыржан ағамыз адамнан артық емеспін мен де тағдырдың таңдауындағы , құдайдың жаратқан жанымын тек мінезім бар , ол да болса тағдырды өзім таңдаймын деп тұзу сызықты анда- санда болса да қисық бастым дегені болған ғой.
    Адамды онда да еркекті аса дұрыс етіп ұстайтын әйел, ант ұрған сұмырайға жататын біреу болмаса.
    Көп әйелдер дүние байлық, атақ пен даңқты көтере алмай сый мен сыйластықты, орны мен үйлестіктің, ар мен ұяттың, жөні мен жүгенсіздіктің түр сипатын тани алмайды.
    Еркек те әйел де қара басын ғана ойламай жан-жақты ойлана білуі керек.
    Ең бастысы адагершілікті өн бойына жақсы сіңірген болсын!
    Жақсы көру ол аздық етеді, іс әрекетің, жақсылығың жақсы болсын!!!

  • @user-qk8jw2ov2q
    @user-qk8jw2ov2q 10 месяцев назад +30

    ТƏРТІП БАР ЖЕРДЕ АДАМДАР ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ БОЛСЫН. АЛ ДƏЛ КƏЗІР БІЗДЕ ТƏРТІП ЖОҚ.

  • @user-hz9gb8td2d
    @user-hz9gb8td2d 3 месяца назад +4

    Бұл әңгімені бұрыннан білемін, қазақтың небір асыл азаматтары қатынға жарымаған… қайран Бауке…

    • @user-wx6hh8rf9y
      @user-wx6hh8rf9y 2 месяца назад +1

      Әйелдің қадірін білмеген еркек.Бірінші әйелін аты жоқ,жөні жоқ көңілім қалды деп тастап кетті,сосын Құдай көрсетті тірісінде,неше түрлі қатындарды.Мықты әскери қолбасшы шығар,бірақ жақсы адам деп айта алмаймын,өте дөрекі,әйел,баласын адамға санамаған,ақылсыз адам болған екен ғо.Сенің кім екенің өміріңнің соңында белгілі болады,соны көп адам білмейді.

  • @zoyadaribaeva7059
    @zoyadaribaeva7059 10 месяцев назад +16

    Бұның бәрі шындық,Бауыржан атамыз туралы көп оқығанмын,келіні Зейнеп Ахметованың кітабында да бар біраз фактілер.Әйелден бағы жанбаған адам.

  • @user-cs2gr9gp3y
    @user-cs2gr9gp3y 9 месяцев назад +6

    Батыр ата ол сол заманның бір туар тұлғасы. Қате кімде жоқ. Бауыржан атадай болу қайда, иманды болсын. Желеп жебеп жатыр ол қасиетімен.

  • @user-di2ym9ib5n
    @user-di2ym9ib5n 10 месяцев назад +18

    Түк ұқсам бұйырмасын,барлық әйелдері,балалары жаман,өзі кім сонда!?Бұл жазбаны шығармау керек еді.

    • @rusus896
      @rusus896 10 месяцев назад +3

      Неге? Как есть, без прикрас, без политеса. Ақты - ақ, қараны - қара деп отыр. Өзін ақтап отырған жоқ. Ағынан жарылып отыр. Жалпы, идеал адам көрмеппін бұл дүниеде. Әке-шешем 65 жыл отау құрып, 4 балалы болды. О дүниеге араларына 6-ақ күн салып кетті, "қол ұстасып". Екеуін де қатты сыйладық, жақсы адам болды деп ауыз толтырып айта аламын. Кең, жомарт жандар еді, адамгершілік жолынан таймаған. Дегенмен, тіпті олар да өздерін идеал санамаған. Өздеріне сын көзбен қарап өтті, кемшіліктерін айтып отыратын. Өмірлерінде болған "әттең" мен "әттегенайларын" бізге айтып отыратын... Оларға қарап, "ұлдарыңның іші-сыртындағысын білгенде, айнып кетер ме едіңіз" деп ойлайтынмын...

    • @user-tk2by8ne7k
      @user-tk2by8ne7k 10 месяцев назад +1

      Онын тагдыры бир арнага симайтын тулга . Халык ушин канша мура калдырып кетти .

    • @klaraaimagambetova353
      @klaraaimagambetova353 3 месяца назад +1

      Я поняла одно - очень тяжелый был человек!
      Идеальных людей не бывает в природе. Но, казах был великий!!!
      Топырағы торқа, жатқан жері жай болсын!!!!

  • @user-pz9ez1nx2u
    @user-pz9ez1nx2u 10 месяцев назад +5

    Дұрыс керемет👍🏻👍🏻👍🏻

  • @user-fs2pi8hl7n
    @user-fs2pi8hl7n 10 месяцев назад +36

    Сонда қалай,Баукең атамыз кез келгенмен жата берген бе,...бетіне күле қарағанның...

    • @Dauke102
      @Dauke102 10 месяцев назад +6

      Тұқым алғысы келгендер көп болған. Бұл кісі батыр ғой.

    • @user-pz8ee1ou4c
      @user-pz8ee1ou4c 10 месяцев назад

      Саған не шаруа?? Өзіңе қарап ал!
      Атамвзлың тырнағыда тұрмайс
      ын! Тағдыры солай болған дағы!
      Өсектеуге дайынсындар!

  • @user-dj4us9ri9s
    @user-dj4us9ri9s 2 месяца назад +1

    Тәнірім өзі камкор болсын

  • @user-sl1rt6vy3w
    @user-sl1rt6vy3w 10 месяцев назад +7

    Шындыққа үйлеспейтін сияқты. Елге әйгілі батыр адам өйтіп әйелдермен көп салғыласа бермесе керек!

  • @kuralaibektemirova1590
    @kuralaibektemirova1590 10 месяцев назад +12

    Бауыржан ағамызда қанша әйел, қанша бала болған.

    • @user-fo6og6fi6w
      @user-fo6og6fi6w 10 месяцев назад +3

      Бакытжан мен орыс кызы,кыз 47жылгы,москвпда турды

    • @aliyabandaeva3775
      @aliyabandaeva3775 10 месяцев назад +3

      @@user-fo6og6fi6wорыс емес цыған қызы деді ғой.

    • @aliyabandaeva3775
      @aliyabandaeva3775 10 месяцев назад +3

      Қанша бала болғанын ,Бауыржан ата мен бір Алла біледі.

    • @user-di8yw5nc2h
      @user-di8yw5nc2h 8 месяцев назад

      Шолпаны Бахытжаннан улкен сияқты, жазатайым ерте шетінеген

  • @N3101SN-yb9jo
    @N3101SN-yb9jo 9 месяцев назад +5

    Аксакалдын кателеспесем Нуршайковка берген сухбаты бар еды " мен канша катын алдым каншауын жбердым онда шаруаларын болмасын мен бары быр ешкымге тыс жарып айтпаймын" деген (Акикат пен Аңыз).
    Ал енды бул кысынын әр айткан окигасы мен ангмелерын докмунтизировать етылып айтады. Мундагы авторға айтатыным сыздын бул материялыныз жаксы екен және бул каншалыкты рас әңгіме кыскасы әскери адам болғандыктан докиметизорвать етылген акпарат па әлде алып кашпа әңгіме ма бул соны сурагым келылып отыр. Егер ешкандай дәлел жок болса онда бул видионы ошыруынызды сураймын. Батырдың жаксы атына жаман дак калганын калмаймыз. Тыры кезінде козыне тыке карап айта алмай, омырден озғанда жазылған журналистердын дезинформациясы деп былем өз басым!

  • @user-ry2ww1fn7z
    @user-ry2ww1fn7z 9 месяцев назад +4

    Қатыннан салмаған екен атамызға.Әттегене-ай.
    Пендешілігін.жасырмай айта білу де ерлік қой.Дегенмен жалғыз ұлды жарытып беріпті.Соған шүкір

  • @user-ip9cm9je7z
    @user-ip9cm9je7z 10 месяцев назад +6

    Минези оте катал конилижумсак Адам болган ондай Адам айелдин кадирине жетеалмайды Жибектитутеалмаган Жун етеди

  • @Daulet..400
    @Daulet..400 10 месяцев назад +17

    Керемет жеткіздің бауырым. Жалғасын күтемін. Бұл қатындарды түсіну қиын ғой. Жалғыз Бауке емес, Дана адамдардың бәрі солай деді емес па

  • @user-or7ig5ew5v
    @user-or7ig5ew5v 10 месяцев назад +21

    Жалғасы барма?
    Өте жақсы

  • @user-ey3mm7vx1n
    @user-ey3mm7vx1n 10 месяцев назад +6

    Сонымен неше айель алды Бауржанын агамыз.1 казак кызы екиншиси орыс.тагы орыс.4 си казак сосын тагы кимди алды.шатасып жатырмын.

  • @user-mg3in7de1p
    @user-mg3in7de1p 10 месяцев назад +17

    Сонда Бақытжан мен қалай араласқан.бірінші әйелі қайда болған. 19:39

    • @user-yy2mv9qb6u
      @user-yy2mv9qb6u 10 месяцев назад +3

      Бақытжанның әйелінің Зейнептің бір кітабі бар, өте қызық , соны оқыңыз.

    • @user-tc5yk7ph3r
      @user-tc5yk7ph3r 10 месяцев назад +2

      З.Ахметова апамыздын Шуакты кундер китабы.

  • @user-mv5qm1xn5t
    @user-mv5qm1xn5t 3 месяца назад +3

    Түкке түсінсем бұйырмасын, оқып отырған не оқып отырғанын түсіне ме екен

  • @user-me4sj2dd7t
    @user-me4sj2dd7t 3 месяца назад +2

    сонда Бауырдан ата неше әйелге уйленген,Бакытжаннан баска балалары кайда казир

  • @user-uv4fy1wv2t
    @user-uv4fy1wv2t 9 месяцев назад +1

    Еаыр екен гой атамыз.

  • @user-cw2lz1zd3f
    @user-cw2lz1zd3f 2 месяца назад +3

    чото пропало уважение к нему ,разонравился !

  • @user-qg8ck2gt9v
    @user-qg8ck2gt9v 2 месяца назад +2

    Не түсіндік не айтып отыр

  • @SamsungGalaxy-sk1vp
    @SamsungGalaxy-sk1vp 2 месяца назад

    Сиган қызда Баукең де мықты болған екен. Біреуі бір түнде екіқабат қылған екен, екіншісі бір түнде ұстап қалып екіқабат болған.

  • @user-jj8rc4su8z
    @user-jj8rc4su8z 9 месяцев назад +2

    Бауыржан атада не шаруалың бар ,неше қатын алсада жарасып тұр емеспе. Ол кісінің өнегелі істерін ,батырлығын нағыз адами қасиеттерін қазақ біткен үлгі тұту керек. Атамыздың иманы жолдас болсын. Мазасын алмаңдар.

  • @user-ir9es6su5f
    @user-ir9es6su5f 10 месяцев назад +11

    Омирини сонгы жаксы болмапты.

  • @gulnarkurmanbaeva5823
    @gulnarkurmanbaeva5823 10 месяцев назад +15

    Автор отирик ангиме косып жиберди Б Момышулы китабин барин окыганмын

    • @aidarturebayev
      @aidarturebayev  10 месяцев назад

      автор мен емес

    • @gulnarkurmanbaeva5823
      @gulnarkurmanbaeva5823 10 месяцев назад +4

      @@aidarturebayev онда шыгарманыз

    • @sarymsaq
      @sarymsaq 9 месяцев назад

      ​@@gulnarkurmanbaeva5823Момышұлының өз жазбасы ғой, ойдан шығарған емес. Өмірінде не болғанын өзінен басқа кім білед

  • @user-kw4oq6ff5i
    @user-kw4oq6ff5i 10 месяцев назад +16

    Қазақ бесбармақ демейді бұл Бауыржанның сөзі емес

  • @user-nr9of9jw8b
    @user-nr9of9jw8b 10 месяцев назад +7

    Неге анайы сөздер көп, осынша ақылды, дана кісі осылай сөйлемейтін шығар

  • @user-mg3in7de1p
    @user-mg3in7de1p 10 месяцев назад +19

    Баласы Бақытжан мен қалай араласқан.бірінші ейелі қайда болған.не кінәсі бар ол әйелдің.

    • @altinaybaibosinova5246
      @altinaybaibosinova5246 10 месяцев назад +10

      Ол соғыста жүргенде Жамал апа туралы бір "классик жазушы" қастандықпен анонимді хат жазып арасына от салғаны туралы, кейін бейітіне барып "Кеш мені, Жамал!..",- деп еңірегені келіні Зейнептің кітабында айтылған.

  • @user-ns9bh6wq1v
    @user-ns9bh6wq1v 3 месяца назад +1

    Даңқты батыр!

  • @user-lw1of1ec9x
    @user-lw1of1ec9x 10 месяцев назад +7

    Ертек па мынау?
    Мултиктен жақсы екен , ертек болсада

  • @user-fs2pi8hl7n
    @user-fs2pi8hl7n 10 месяцев назад +21

    Моральдық тәртіп өзінде болмаған ғой

    • @user-bt3zo3wp7j
      @user-bt3zo3wp7j 10 месяцев назад +1

      Любой адамның әйтеуір бір кемшілігі болады, идеальный адам жоқ бұл өмірде

  • @user-ss7go9xr8t
    @user-ss7go9xr8t 2 месяца назад

    Аузыңа Келгенді Оттамасай !!!!!. Бесбармақ деген Жоқ !!!!.

  • @user-cp3yo3li5g
    @user-cp3yo3li5g 2 месяца назад +3

    Нашар киси Б.М. бирде еазакша, бирде орысша жазады, оте былапыт сойлейди, айелдерге коз карасы жаман. Оте дореки сойлейди екен. Айелдерден коп требовать етеди. Озиннин минезин айтманшы. Еркек кусап айелинин артынан соз айтып не керек. Не надо было на старости лет вести себя, как седина в бороду , а бес в ребро. Ози виноват, что на старости остался один. Неменеге катындарды менял как перчатки. Катын, катын деген созден баска соз жок. Баланын жеген тамагын андыганы неси еркек басымен. Тамак туралы, коже туралы соз козгаганы, катынбасшы болган гой. Мен осы кисини писатель деп санамаймын, батыр болса батыр шыгар, озге ьурмысы мулдем уят нарсе.

  • @user-gg8oc8mf8b
    @user-gg8oc8mf8b 3 месяца назад +1

    Неше әйелі болған?

  • @user-rg5om8bg4j
    @user-rg5om8bg4j 3 месяца назад +1

    Мұндай адап түлі жағдайда бола береді. Барлық аталған адамдар да қосымша қатындарды жақсы көрген.Осыларды еске алу ұзақ бармас. Қатынға үйір болғандар деп аталады патша болсада...

  • @user-ui5gb4oy6w
    @user-ui5gb4oy6w 10 месяцев назад +10

    Өтірік әнгіме сиякты.Бүлай әңгіме жазған жок .Каралау батырды .Ол кісі өте қатал болған.Біреулер өшін олып каралап жазған.Жаткан жері жайлы болсын батырдын.

    • @aidarturebayev
      @aidarturebayev  10 месяцев назад

      сайттан алынған, авторы соңында жазылып тур

  • @user-we6ox7kw6y
    @user-we6ox7kw6y 2 месяца назад

    Қазақтың бетке ұстарының бәрі бір кездері өзге ұлттан қатын ала берген осылары ұнамайды маған алаштықтардың көбі міне енді ары қарай қызық емес көңілі қалды

  • @abdurasultagaev9336
    @abdurasultagaev9336 10 месяцев назад +11

    Ухажор болған екен