«Наурыз Думан» атты мерекелік іс-шара

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 10 фев 2025
  • 🌸Білім мен ғылымның іргелі ордасының ажарын ашқан айшықты күн. Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде Наурыз мейрамына арналған «Наурыз Думан» атты мерекелік іс-шара өтті.
    🔰Колледж ұжымы мен студенттері жиналған көпшілік назарына оқу ордасының өнер ұжымдары мен жекелей орындаушылары дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды. Сондай-ақ қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерінен сыр шертетін музыкамен әрленген театрландырылған көрініс те мереке ажарын айшықтай түсті.
    🔰Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің директоры Алимбеков Серик Ахметович жұртшылықты ұлтымыздың ұлық мерекесімен құттықтап, бұл мейрам ұрпақтар сабақтастығының жəне халқымыздың тереңнен тамыр тартатын салт-дəстүрі мен мəдениетінің символына айналғанын айтты.
    «Мемлекет болашағының кілті - қазіргі жаңа технологияларды жете меңгерген, сонымен қатар түп-тамырынан ажырамаған, салты мен дәстүрін, тарихын білетін білімді де білікті азаматтардың қолында. Осы орайда Ұлыстың ұлы күні - нағыз салт-дәстүрімізді дәріптейтін, ұлттық нақышымызды насихаттайтын өрелі де, өнегесі мол мейрам. Жыл басы құтты болсын,» десті сөз алғандар.
    ⚜️Осылайша Наурыз мейрамы тағылым мен тәрбиенің қарашаңырағында сән-салтанатымен және ерекше тартымдылығымен көпшілікті тәнті етті.

Комментарии •