Бұл жолы терең өтті подкастыңыз, Сөзге сүйсініп келмей қалды қоштасқымыз. Дариядай ілімді Айнұр ханым, Көп ерлерден артық екен еңбегіңіз. Байсеміздің Жанары үкілі қыз Сіздің де алға бассын бұл ісіңіз. Бұйырса егер сол кітап бір оқылар, Осы болсын сізге жазған пікіріміз.
Тыңдай бергім келетін 2 адам бар: бірі Санжар Керімбай болса, екіншісі Айнұр Әбдірасылқызы. Рухани азық алатын, өміріңе өзгеріс енгізетін әңгімелер айтады… Екеуінен де сұқбат алдыңыз. Сізге үлкен алғыс Жанар!❤
Айнұо Әбдірасылқызын тыңдағанда кітап оқып отырғандай боламын. Білімді, ақылды, ұшқыр ойлы, білікті, сөз шебері, тілі бай, бойына көп жақсы қасиетті бірдей ұштастырған сұлу жан. Қазақтың осындай қызы ғалым қызы болғанына қуаныштымын!
Айнұр Әбдірасылқызы өте кремет ойлар салды. Көп рахмет тыңдай отырып біраз мағлұмат алдым. Бұрын естімен, ойламаған тұжырымдарымен бөлісті. Керемет. Бұл бір ерекше подкаст болды. Жанар Байсеміз еңбегіңіз жемісті болсын. Айтқандай сіздің арнаңыздағы сұхбаттарға салмақты ой, саралы пікірлерге құштар болуды нәсіп етсін күллі қазақ халқына.❤
АЙНУРГДЫ ЖАС КЕЗЫНЕН КОРЫП КЕЛЕМ ,КЕЙННЕН ЖОК БОЛЫП КЕТТЫ.ОСЫНДААЙ АДАМДАРДЫ ТЕЛЕВИЗОРДАН НЕГЕ БЫР КАНАЛ АШЫП ХАЛЫККА КАЗАКТЫН ДЫНЫН АЙТПАСКА. ЖЕР ,ЖЕРДЕ АРАБИЯ ДЫНДЕРЫН НАСИХАТТАЙТЫНДАР КОБЕЙЫП КЕТТЫ. РАХМЕТ ❤
@@НуржамалАлдрахимова Себебі, билікке "ойланатын" бағдарламаларды көріп оянған халықтан гөрі, ұйқыдағы, әрі бұт пен көттің айналасын талқылаудан әрі аспайтын тобырды басқарған жеңіл. Сондықтан оянамын, дамимын деушілерге, күнделікті БАҚ беттерінен түспейтін тақырыптар мен ақпараттарды айналып өтіп, өз беттерімен ізденуге тура келеді. Әрине қиын. Бірақ жанымыз рахаттанатын нәтижеге тек күреспен жетуге болады.
Жанар Байсеміз. Өте өте білікті жуналист. Қатты құрметтеймін. Жанар қарсыласын тыңдай біледі, сөзін бөлмейді, бәрін ұғынады. Қысқа нұсқа сұрақ қоиып көп тыңдайды. Тамаша білікті жан.
Айнур ханымды тындай бергин келеди,сойлеген сайын саркылмайтын Булак, Аккан сайын тап таза ишсен сусынын Канаттын,шомылсан бойына шипа болатын,мына омирден жол таппай жургендерге анык жол корсетуши,тындаган сайын кулак курышын Канатын тындаган сайын тындай бергин келетин Казактын мандайына биткен Кайсар кызы.Рухыныз аркашанда мыкты болсын .Сизди тындап рухтанып,аркаланып отырмын.Жасыныз100ге жетсин.Казак елине Али де тын дуниелер жасай бериниз.Бизге жол корсетет ин мыкты китаптар жаза бериниз.Маган сыйлыгыныз Буйырсыншы❤❤❤❤❤
Жанар ханым сізге алғыс, осындай көкірек көзі ашылған әр сөзінде мағана бар, білімін шыңдарған Айнур ханымен сұхбаттасып біздің санмызға пайдалы ой жүгірткен сізге Алла разы болсын!❤
Ала құла мұсылман сіз айтқандай болады, ал нағыз мұсылман жаттанды діншіл құлдық сана деңгейінде, біреудің сөз бостандығы ой еркіндігін шектеп керек болса жойып құқығынын таптаудан тайынбайды
Мен мұндай таза, хас білімді адамды бірінші рет тыңдауым, осындай бір сағатқа, қандай құнды білімдерді сыйдырып жіберді, қазақы нағыз еш жасандылық жоқ, нақты рахмет көп көп
Әрине : Құранда тұр ғой. Мүлк сүресі ,2- аят : " өлім мен өмірді ,әлемді -( уақытша жаратқан мвна программадағы әлемін)---- сендердің қайсыларыңның жақсы екендіктеріңді сынау үшін жараттым'- деген. Адам баласын - өзін өзі басқарып жүре алатын, көп нәрселерді жасай алатын - программадағ ми беріп жаратты, жебрейіл рух арқылы ( хим составы - Аллаға мәлім - ғылымы)- Мұхаммедтің бойындағы рухымен - қарым қатынас жасатып - Ескертуін жіберіп , мына өмірді адамдардың - өз қалау,таңдау еркіне қойып - сынау үшін жаратты ( қайсысы дұрыс жолмен жүреді екен,қайсысы - тәкәппарланып тыңдамай -,сенбей білгенін істеп - жүреді екен- деп, сынап көру үшін жаратты - мвна әлемді,әркімнің өз іс - әрекетіне қалдырып)
Тағдырымды өзгерту өз қолымда деп , куйеулерінің жаман қылықтарына (ойынқумар шегетін ішетін жургіш болып)көңілі толмай жүрген каншама әйел адамдары ажыраса алмай, еркектің дегенінен шыға алмай , қазақтың тарбиесінде байдан қайтып келген қыз жаман деп әке шеше атына кір келтіргісі келмей отқан, немесе ұл қызымызға басқа әке бола алмайды, немесе әкесіз тірі жетім қылам ба деп отырған, немесе еркекке бағыну керек дегенді миына қуйып койған айел азаматтарына не айтар едіңіз?
@@ГулденШонышева Әр әйел - өз ойына салып саралап көрмейма.күйеуінің адам бола ма,болмайтын адам ба. ертеңгі күні - ерсіз, отбасыны асырау ,ол балдардың - ертең қандай адам болып шығары бар,жалғыз өзі тәрбиелеп ---- ұлдарын - жаман жолға - жүрмейтін адам қылып шығара алама : әйелінің көзіне шөп салмайтын,ойын ойнамайтын.Қазіргі қоғамда : жақсы адам - ағысқа қарсы жүзетін адам болып тұр ғой. қайда барсаң жын ойнақ : кредиттер, жезөкшелік - қонақүйдің бәрі ( ақшаң болса болды )-- құмар ойынның түр - түрі - мемлекет соны қолдап отыр -штрафты - нан таба алмай жүргендерге салып : жын ойнақтарға емес.
Адамның 100 нұсқалы тағдырын жауып тастаған жалған ілімдерге жолама. Біз ҰЛЫ ТҰРАН өркениетінің ізбасарларымыз. 3000 жылдық тарихымызды 500 жылмен шектеп тастадық. Сонша ғасырдан келе жатқан мықты рухани ілімдеріміз бар. Тасқа тарихымызды қашаған елдің ұрпағымыз. Айнұр Әбдірәсілқызы.
Айнұр Әбдірәсілқызы қандай білікті маман, тыңдап, көп сұрақтарға нақты жауап алдым, керемет, ілімі, білімі арта берсін, халқымызға еңбегі сіңірсін, тұлғалары көп болсын
Ұят,түп сана, сана туралы керемет айтты.Бірінші рет мидің ішінде ми болмайды дегенді естідім.Әр сөзін естіген сайын құмарам қандай жаным ынтыға берді.Не деген керемет ❤Айнұрдай қазақ қыздары тым болғанда оны болса ғой шіркін!!!
Қабыл болатын жол озіндік жол емес, өзгелік жол. Өзің үшін жасаған 1000 құлшылығың қабыл болмауы мүмкін. Өзге үшін жасаған 1 құлшылығың қабыл болады. Өзгеге жақсылық жаса. Өзгенің қамын же. Айнұр Әбдірәсілқызы
Айнұр Ұстаз, бір тренингіне барғанда айтқан сөз бар еді, “Алла разы болсын” деген сөзбен Алланы әр жерге тықпалауды қойыңдар! Алла сендерге ойыншық па?! - деген еді. Өзіміздің қазақтың әдемі “Рақмет” деген сөзі бар, алғыс айтқың келіп бара жатса, ол сөздің артында үлкен мағына тұр, “ Сізге Алланың рақымы болсын!” - деген, деп қаттырақ айтқаны бар еді. Әлі есімде, расымен деп, ойланып қалған едім. Аямай теп-тегін таратып жатқан әрбір іліміңізге сізге де үлкен рақмет, Айнұр ұстаз.❤
Соңғы жағында көңілім босап, жылап қалдым. Анам есіме түсті, бес қызбыз, кешкісін жинап алып ән салғызатын. Әкемізге концерт қоятынбыз. Жаным әкем батырлар жырын оқытып өсірді. Жатқан жерлерің жайлы болсын, сендердің берген тәрбиелерің мені өрге сүйреуде❤.
Мен шынымды айтсам Айнұр Әбдірасыл қызын бірінші рет тыңдадым.телегей теңіз білім мен ілімнің нәріне кенелгендей болдым.Қазіргі кездегі каптап кеткен пайдасыз курстар мен тренингтер туралы керемет айтылды.Айнұр сияқты жан жақты терең білімді ұстаздың болғанына шүкір.Қолыма қағаз қалам алып ,керек жерлерін жазып алдым.Барлық сұхбаттарын тыңдап шығуға тырысам.Эфир үшін үлкен рахмет
Құрметті Айнұр ұстаз,Жанар ханым осы эфирді жолдасым, ержеткен балам үшеуміз тырп етпей отырып тыңдадық . Алла тағала разы болсын сіздерге. Әңгіме әлімсақтан басталып,дәл бүгінгі заманға дейінгі адамзат жаратылысының сан қилы ілім ,білім,,руханияты, өмін жолы, тағдыр жолын қамтыған терең мағыналы эфир болды.. Осы жерде айтылған ғалымның бір сөйлемі түсініп тереңіне бойласа бір -бір кітап..Осы ғасырда толық адам деген осы деген атқа лайықтымиллионнан бір адам ғой , осындай терең ілімді игеріп, жан -жағына нұрын төгіп отыр. Бұл кісіден сабақ алып, көзін көріп жүргендер шын бақыттысыздар. Мұғалім ретінде осындай білімге ашпыз ғой. Осы эфирді бөлімдер арқылы қайтадан әр түрлі тақырып ретінде алу керек деп ойладым. Мен солтүстікте жатқан қазақ ретінде ылғи ойлаймын ,шіркін осы ұстаздан ілім алсам ғой деген. Алла нәсіп етсе ол күнде болар. Қазағым адаспасын, алла қолдап, шынайы алланың көрсеткен жолында жүрсін. Сүйікті пайғамбарымыздың(оған алланың сәлемі мен игілігі болсын) бала кездегі көрген көрешегін мысал ретінде айтқанда (детский травмамен) күлгеніміз ай. Шындық қой енді. Ал, Жанаржан баяғыдан бері сіздің оқырман ретінде сіздің шынайы білімпаз екеніңізге ризамыз. Мұқаң жарықтықпен соңғы кездесіп, ғасырға бергісіз эфир жасадыңыз. Бұл эфирдің де бағасы жоғары. Келесі Айекеңмен кездескенше эфирде күтеміз. Әрекетінің білім бұлағынан сусындауға жазсын ұрпақ ұлысымды. Көп рахмет.
Дегенмен бақытты ел екенбіз осындай білімді, сауатты, санасы биік мықты тұлғаларымыз бар! Негізі қызық халықпыз өзімізде бәрі бар, бірақ соны көрмейміз алмаймыз жәйбір рахат жүрген бір елміз ғой 😃, анау мынаушылықпен бізді сілкіндіру оңай емес, жалпы өзі ештеңеге таңғалмайтын, анау мынауға ашуланбайтын бір өзімен өзі😀😁 жүрген ұлтпыз, әйтеуір не болса да Құдай өзі қорғап жүреді ,өйткені ниеті түзу ұлтпыз деп ойлаймын сол үшін де шығар. Бірақ бұлай жүре беруге де болмайды әрине ☺️
Ғажап сұхбат❤❤❤ Ағын судай тасып отыр. Құлақ құрышың қанады. Көптен бері тұнық сөздерді, дұрыс сөйлеу әдебін естімеп едім.Тамаша сұхбат болды.Өрлей беріңіз. Өте жақсы канал жүргізіп отырсыз Руханиятқа шөлдеген халыққа пайда. Ең өкініштісі жұрт тым жылтыр,тым жеңіл ,тым таяз , боқтан өзгені жем қылуға даяр ақпаратқа әуес болғандықтан мұндай терең сұхбатқа өрелері жетпейді. Сол үшін қаралым жағы аздау. Әйтпесе адамның өміріне керек азық қой.
Керемет әңгіме айтылды. Көп ақпаратпен нәрлендік. Рухани сауаттылық пен діни сауаттылықтың мән мағынасын түсіндік. 1 сағат 48 минуттық сұхбаттан рухани азық алдық. Жанар Байсемізге және Айнұр Әбрасілқызына үлкен рақмет.
Айнұр Әбдірәсілқызының алдында отырып сабақ алғанбыз. Бұл кісіні тыңдап, естіп,іске асыратын адамға өзін тануға және шынайы өмір сүруге мүмкіндіктер ашылады.Әр сөзі адамға қол тигізбей ақ сілкіп алады...( жақсы мағынада) Өте шынайы адам. Терең ілімнің иесі.Сағаттап тыңдауға болады
Құрметті Жанар ханым сізге көп рахмет,өз жолыңызды таптыңыз деп ойлаймын,бүгінгі қонақ Айнұр ханым өте білімді,жан-жақты,үлгі алатын,мақтан тұтатын қазақ қызы. Рухым тағы бір сусынданып қалды.Алла разы болсын сіздерге❤
Жанаржан сізге үлкен рақмет! Мен осы подкастты тыңдап отырып жылап алдым. Көптен бері іздегенім осы еді. Расында әр нәрсенің ұшын ұстап өз-өзімді, ішкі жан дүниемді, қазақи болмысымды, рухымды жоғалтып алғанымды сезіндім. Сол үшінде жаным жараланып, уақытымның босқа кеткенін сезіп, жылап алдым. Подкасттан құлағымның құрышы қанды. Бойыма керемет рух қонғандай болды. Рақмет сізге Жанаржан. Өзіңіз менімен аттас жан екенсіз. Керемет дүниелер жасап жатырсыз. Сіздің жасап жатқан әрбір ісіңіз өз халқыңыз үшін, әр адамзаттың рухани баюы үшін жасалынып жатқаны аян. Еңбегіңіз еселене берсін. Алла жар болсын сізге. Даусыңыздың өзі сыңғырлаған бұлақтай естіледі. Рақмет сізге!
Жанар ханым, сіздің қонақтарыңыздың арасынан, ойып тұрып орын алатын, қазақ елінің бағына біткен, нағыз тұлғалар Айнұр Әбдірәсілқызы мен Санжар Керімбай! Бұл кісілердің әр сұхбатын іздеп жүріп қарайтын адаммын! Алладан осы кісілермен бір жүздесіп, кеңес-пікірлерін естуімді нәсіп етсін деп тілеймін, соған әрекет етемін! Осы сұхбаттарыңыз үшін РАХМЕТ! Алла разы болсын!❤
Иманды адам - ұяты бар адам. Иманды адам - намаз оқитын адам емес. Ар-ұят алдыда тұру керек! Адамдарға зәбірі көп адамды баяғы қазақтар кәпір деген. Әй, ол намаз оқиды, демеген. Бірінші мәселе - рухани өлшемдер. Айнұр Әбдірәсілқызы
Айнұр қыз киелі Түркістан топырағында туып өсіп жетілген, ілімі жүрекке түскен Ясауитанушы, еңбекқор әрі табиғи талантты, қоғамды рухани жетілдіруші, терең білімді ағартушы--ғалым.
Маңғыстаудан сәлем! Халық көзін ашып жүрген Айнұр,Санжар сияқты жандарға бар жақсылықтарды тілеймін! Сұрақ.Басынан қиындықтар өтіп,сол тәжірибе арқылы,яғни адасып,қиналып барып,басқаларға жақсылық жасап жүрген жандарға не айтар едіңіз? Өте көп сұрақтарға жауап алдым.Ісіңізге берекет,ұзақ ғұмыр,темірдей денсаулық тілеймін! Рухымыз оянып,санамыз сергіген халық болуға Алла нәсіп еткей!
Мен тыңдайтын, мен мойындайтын қазіргі заманның БАТЫР ҚЫЗЫ - Айнұр Әбдірасылқызы. Тыңдаудан жалықпайды жандардың бірі. Әр тыңдаған сайын өзіме жаңа нәрсені ашып отырамын. Қазақтың қазақ болып тұруына, түсініктерінің уланып кетпеуіне үлесін қосып жүрген жандардың бірі.
Өте білімді жан екен. 1ши рет көруім. Сөз саптауы, дінмен байланыстырып айтуы санаға жеткізді. Осы подкаст арқылы өзіме қажетті инсайттар алдым. Дана адам екен, қызыға тыңдадым. 3рет тыңдадым. Жалықпай тыңдаған подкасттарымның бірі болды. Рахмет!
соңғы кездегі ол дегенім бірнеше жыл бойы тыңдаған рахаттанып дейінші сұхбат болды.Кезінде әкемнің көптеген біздерге әкелінген кітаптарының қадірін білмептік.Кейбірнуін оқыдым.Дәл әкемдей еш баласы кітап құмар болмаптық.Әкем іздеп сонау Росиияданда почта арқылы алдырып оқитын.Кейін біразын кітарханаларға өткізді.Енді менің балаларыма осы әкемнің қасиеті дарыса деймін.Білімді адам елдің қате сөзіне,пікіріне ілеспейді,адаспайды.Білімді ұрпағымыз болсын.Рахмет Жанар барлық подкастарыңды көріп жатырмын тамаша.Айнұр Әдірасыл қызының әр сүраққа дұрыс жауабы бар өте білімді адам екені көрініп тұр.Мен өзімнің туыстарыма бауырларыма осы кісінің айтқан әр тақырыпқа өте зерделеп айтып жеткізген әңгімесін көруін насихаттаймын.Білімді көзі ашық,көкірегі ояу ұрпақ тәрбиелейік
Керемет сұқбат болды. Сіздің подкасттарыңызды тыңдап, біздің түп тамырымыздан, өз діліміз бен рухани қазынамыздан, ғасырлар бойы жиналған даналығымыз бен білім көзімізден айырыла бастағанымызды, қате ұғымдарды пір санап кеткенімізді түсініп жатырмын. Тағы бір қайталап көріп, қорыту керек екен. Бұл сұқбат тұншығып жүргенімде, қайта дем берген оттегі болды.
Қабыл болатын әрекет өзің үшін емес,, өзге үшін, қоғам үшін жасалатын игі іс, өзгелік жол, - деп Айнұр ханым өзі айтқандай, осы жолда жүрген ғалым, үлкен тұлға. Ішкі жан дүниесі өте бай, ілімге толы жан. Ойынан ойы озып, білгенін асыға жеткізіп отыр. Жанар сізге көп рахмет! Керемет сұхбат жасадыңыз. Осындай жан азығы болатын хабарлар халыққа кеңінен тарай берсін! Еңбектеріңіз жемісті, дендеріңіз сау болсын!🤲🌹🌹🌹🇰🇿🌄
Мен сенемін күні Ертең,Нұрлы үмітпен оянар деп ұлы өлкем.Оттыға отсыз күлмес деп.Тек тұлпарлар алатын бас бәйге - есектердің мойынында жүрмес деп.Айнұр Әбдірасылқызының жан аямай жасаған еңбектері барша халыққа мәлім болса екен.Халық қадірін түсінсе екен
Айтарға сөзім жоқ, жан дүнием тойды, толықты. КЕРЕМЕТ. Айнұр сіңлімнің әр эфирін рахаттана тыңдаймын. Жаным тынышталады, мен үшін - РЕЛАКС. Жанар, жаным саған үлкееен рахмет. Осындай текті, тәрбие алатындай қонақтарың көп болсын. Қуана күтемін. 🎉🎉🎉🎉
Бұл жобадан аларымыз көп болып тур. Психология да, дін де, тәрбиеде , тарих та, басқа да адами құндылықтар да қозғалып улгерілді. Керемет, өз өмірімнің тура жолын тапкандай сезімдемін. Небір жобаларды тыңдаймын, бирақ ашқан қарыным тоймастан қала беретін едім, бүгін бір тойып, терлеп отырмын. Сіздерге рақмет, халықты сусындатып, жол көрсете білген. Барлық қазақ жастары тыңдар, ұғына білсе әр сөзін, қазіргі шулап жүрген, ел адастырушылары аяқтарын жинап, үндері өшер еді. Рухани отырыстар мен тыңдармандар көп болсын❤
Шайхым Ахмет Яссауиді оқып алғам бірден Айнұр Ә ханымнан.Және тағы да өзі силыққа берген еді.Айнұр ханымның артынан еріп жүремін.Айтарға сөз жоқ ,тарихи тұлға болатын адам ғой,Айнұр ханым !!🧿🧿🧿🧿😍😍😍😍😍
Басымды идім. Рахмет❤ . Осалда болма ойыңнан оңай адасқан, өжетте болма орынсыз сөзге таласқан, алдымен қызға керегі пәктік , нәзіктік, онан соң жаным ер мінез керек жарасқан. Қатты ұнағаны: мінезі көркем деген ол: әділдік, шындық, турашылдық және тсс деді. Ал біздер көбіне көркем мінез деп бос, салбырап бәріне көніп жүрген адамды айтамыз.
Сіздің паракшанызға кірсек, шығалмай қалатын болдық Әңгімелесуге білімді көргені көп айналасына үлгі боларлық жандарды шақыратыңыз керемет Адам адамнан үйренеді адамнын күні адаммен деген қазақ болғасын қоғамды тәрбиелеп жүрген саналы білімді жандардың төріңізден табылып жатқаны көніл тойдырады Бүгінгі әңгіме кәзіргі адасқан қоғамның санасын сілкіп аларлықтай әнгіме болған екен Айңұр Әбдірәсілқызының қазақ әйелдеріне берілген дәрісі десекте артық емес Осында айтылған әрбір сөз ұлтты тәрбиелеп отырған әрбір қазақ әйелінің қажетіне жарасын , тәрбиесіне тәжрибе болып қосылсын
Рухани ашығып қалыпты, қайта қайта тыңдап, Айнұр Әбдірасыл қызын іздеп баруға ой кетті. Керемет көзі ашық, көкірегі ояу , оқымысты, жүрегі Қазақ деп соққан жаны жайсаң көңілі көлдей Даналар көбейе берсін
Өте керемет подкас болды . Бұл сұқпаттан тіл тазалығын көрдім , ешқандай орыстың қыстырма сөздері қосылмады . Айнур Әбдірасылқызының сөз саптауына , шешендік қасиетіне риза болдым . Көптеген өзіме керекті жаңалықтарды түпсанама түйдім . Жанар ханым сіздің подкасыңызды әр сенбі сайын асыға күтемін . Еңбегіңіз жанып , соның жемісін көріңіз .
мәссаған мынандай көзі тірі нағыз ұлы тұлғаны қайдан тауып алдың Жанкабай,өз басым бір деммен тыңдадым шіркін ертерек осындай білімді адамды тыңдағандағой ақылымызға ақыл қосып быраз қателіктер жібермес едік,мына кітаптарына аузым суы құрып отыр қалай алсақ болады сұхбат үшін көп рахмет😘👍😍🌷
Өте керемет сұхбат болды, тыңдай бергің келеді. Келесі сұхбатты асыға күтеміз. Жанар Сіздің әрбір шығарылымыіызды асыға күтеміз. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз
Бұл жолы терең өтті подкастыңыз,
Сөзге сүйсініп келмей қалды қоштасқымыз.
Дариядай ілімді Айнұр ханым,
Көп ерлерден артық екен еңбегіңіз.
Байсеміздің Жанары үкілі қыз
Сіздің де алға бассын бұл ісіңіз.
Бұйырса егер сол кітап бір оқылар,
Осы болсын сізге жазған пікіріміз.
Ұйып тыңдап,керемет мағлұмат,рухани азық алдым, Халықтың ықыласына бөленіп, аман жүріңіз. Береке табыңыз.
Недеген білімді және оратор. Осы ханым сияқты көзі ашық,көкірегі ояу болсын барлық қазақтың.
Жылы лебізіңіз үшін көп рахмет❤
Екінші рет тыдамым.рақмет.17 жаста қызым Сіздер сияқты Білімді.Парасатты.Рухни байлығы мол.Елін жерін ойлайтын тәрбиелі болып өсуін қалаймын
Тыңдай бергім келетін 2 адам бар: бірі Санжар Керімбай болса, екіншісі Айнұр Әбдірасылқызы. Рухани азық алатын, өміріңе өзгеріс енгізетін әңгімелер айтады… Екеуінен де сұқбат алдыңыз. Сізге үлкен алғыс Жанар!❤
Иа рас айтасыз. Мен де соны айтқым келеді
Тағдыр туралы Санжар Керімбайдың пікірі сәл өзгешелеу сияқты
Айнұо Әбдірасылқызын тыңдағанда кітап оқып отырғандай боламын. Білімді, ақылды, ұшқыр ойлы, білікті, сөз шебері, тілі бай, бойына көп жақсы қасиетті бірдей ұштастырған сұлу жан. Қазақтың осындай қызы ғалым қызы болғанына қуаныштымын!
Айнұр Әбдірасылқызы өте кремет ойлар салды. Көп рахмет тыңдай отырып біраз мағлұмат алдым. Бұрын естімен, ойламаған тұжырымдарымен бөлісті. Керемет. Бұл бір ерекше подкаст болды. Жанар Байсеміз еңбегіңіз жемісті болсын. Айтқандай сіздің арнаңыздағы сұхбаттарға салмақты ой, саралы пікірлерге құштар болуды нәсіп етсін күллі қазақ халқына.❤
Тап қазір осы эфирден шынайы ләззат алып отырғандар лайк басайық❤.
Иә дұрыс айтасыз, бір ғанибет👍
Осы сұхбаттарды бүкіл мектептерде талқылау қажет , жастар біздің ертеңіміз, болашағымыз, сендер оқушыларға жеткізіңізші өтініш❤❤❤
Жылы лебізіңіз үшін көп рахмет❤
Бір дұғамен біраз мәселені шешіп аламын деген ҰЯТ!
Білім ізденбеу ҰЯТ!
Әрекет етпеу ҰЯТ!
Айнұр Әбдірәсілқызы
Керемет!Айнур ханым мың алғыс!🙏❤️
Ауыр кезеңдер мықты тұлғаларды тудырады. Мықты тұлғалар тамаша кезеңдерді жасайды. Тамаша кезеңдер әлсіз адамдарды тудырады.
Әлсіз адамдар қайтадан ауыр кезеңдерді тудырады. Шексіздік...
АЙНУРГДЫ ЖАС КЕЗЫНЕН КОРЫП КЕЛЕМ ,КЕЙННЕН ЖОК БОЛЫП КЕТТЫ.ОСЫНДААЙ АДАМДАРДЫ ТЕЛЕВИЗОРДАН НЕГЕ БЫР КАНАЛ АШЫП ХАЛЫККА КАЗАКТЫН ДЫНЫН АЙТПАСКА. ЖЕР ,ЖЕРДЕ АРАБИЯ ДЫНДЕРЫН НАСИХАТТАЙТЫНДАР КОБЕЙЫП КЕТТЫ. РАХМЕТ ❤
@@НуржамалАлдрахимова Себебі, билікке "ойланатын" бағдарламаларды көріп оянған халықтан гөрі, ұйқыдағы, әрі бұт пен көттің айналасын талқылаудан әрі аспайтын тобырды басқарған жеңіл. Сондықтан оянамын, дамимын деушілерге, күнделікті БАҚ беттерінен түспейтін тақырыптар мен ақпараттарды айналып өтіп, өз беттерімен ізденуге тура келеді. Әрине қиын. Бірақ жанымыз рахаттанатын нәтижеге тек күреспен жетуге болады.
Неге өздерің ізденбеске. Телевизор болмас күндерің күн емес екен))) а@@НуржамалАлдрахимова
Өте тамаша айтты
Тіл тазалығыңызғк риза боламын Айнұр Әбдірасылқызы. Білімді адам ғана осылай сөйлей алады!
Жанар Байсеміз. Өте өте білікті жуналист. Қатты құрметтеймін. Жанар қарсыласын тыңдай біледі, сөзін бөлмейді, бәрін ұғынады. Қысқа нұсқа сұрақ қоиып көп тыңдайды. Тамаша білікті жан.
Жылы лебізіңіз үшін көп рахмет❤
Бір разаттанып тыңдаған әңгімем болды.Осы кісімен Аллам жүздесіп мағанда әңгімелесуді нәсіп етсін 🤲🤲🤲
Жылы лебізіңізге көп рахмет❤
Мына сұхбатты, мына кісіні қазақтың адасып жүрген барлық азаматы тыңдау керек қой
Жылы лебізіңізге көп рахмет❤
Адаспай жүргендер де тыңдаса болады.
Өте керемет қазақ қоғамына осындай мықты тұлғаларды көбірек көрсету керек.
Уаау🎉мен бұл кісіні ЕНДІ көргеніме,танығаныма өкініп тұрмын.Керемет.Миды қолыма ұстатып тұрып құйды расында👏👏👏Жанар ханым алғыс❤
Жылы сөзіңізге мың алғыс!
Айнур ханымды тындай бергин келеди,сойлеген сайын саркылмайтын Булак,
Аккан сайын тап таза ишсен сусынын Канаттын,шомылсан бойына шипа болатын,мына омирден жол таппай жургендерге анык жол корсетуши,тындаган сайын кулак курышын Канатын тындаган сайын тындай бергин келетин Казактын мандайына биткен Кайсар кызы.Рухыныз аркашанда мыкты болсын .Сизди тындап рухтанып,аркаланып отырмын.Жасыныз100ге жетсин.Казак елине Али де тын дуниелер жасай бериниз.Бизге жол корсетет ин мыкты китаптар жаза бериниз.Маган сыйлыгыныз
Буйырсыншы❤❤❤❤❤
Жылы сөзіңізге мың алғыс!
Жанар ханым сізге алғыс, осындай көкірек көзі ашылған әр сөзінде мағана бар, білімін шыңдарған Айнур ханымен сұхбаттасып біздің санмызға пайдалы ой жүгірткен сізге Алла разы болсын!❤
Жылы сөзіңізге мың алғыс!
Мұсылман өсек айтпайды.
Мұсылман біреуге зәбір көрсетпейді.
Адамгершілік, ізгілік, жақсылық жасау - иманды адамның белгісі.
Айнұр Әбдірәсілқызы
бұл да дұрыс
Ала құла мұсылман сіз айтқандай болады, ал нағыз мұсылман жаттанды діншіл құлдық сана деңгейінде, біреудің сөз бостандығы ой еркіндігін шектеп керек болса жойып құқығынын таптаудан тайынбайды
Керемет әңгіме дүкен болды!
Айнұр ханымғада, Жанар ханымғада көп-көп рақмет❤
Жылы лебізіңізге көп рахмет❤
Мен мұндай таза, хас білімді адамды бірінші рет тыңдауым, осындай бір сағатқа, қандай құнды білімдерді сыйдырып жіберді, қазақы нағыз еш жасандылық жоқ, нақты рахмет көп көп
Өте керемет білімі терең, біздің елімізге осындай адамдар керек
Жылы лебізіңізге көп рахмет🙏
Өте тамаша сұхбат болды,алар білім көп болды, сұхбат аяқталмаса екен деп отырдым.Барашаңызға алғысым шексіз, осындай мағұлматтарды бізге тыңдатқан.
Жылы лебізіңізге көп рахмет❤
Бұл кісінің " мен " деп сөйлемейтініне тәнтімін. Дініне,діліне берік адам,әрдайым солай болсын ❤❤❤
Ма неткен ораторлық Машаллах❤ тек тамсанып отырм тіл көзім тасқа. Алла разы болсын екі апайға❤
Не деген керемет сұхбат. Көп нәрсеге көзім жетіп, көп тәжірибе алдым. Өзімді осы сұхбатты тыңдап таныдым десем де болады. Айнұр ханымға көп рахмет.
Жылы лебізіңізге көп рахмет❤
Өте пайдалы ақпарат.Рухани байлық денсаулық алуға болады.Аз айтылды.Тындай бергім келеді.Үлкен азаматшалар тындаса екен.Рақмет
Бәрімізге бай болуға, бақытты болуға мүмкіндік беріледі. Таңдау, әрекет ету өз қолымызда.
Айнұр Әбдірәсілқызы
Әрине : Құранда тұр ғой. Мүлк сүресі ,2- аят : " өлім мен өмірді ,әлемді -( уақытша жаратқан мвна программадағы әлемін)---- сендердің қайсыларыңның жақсы екендіктеріңді сынау үшін жараттым'- деген. Адам баласын - өзін өзі басқарып жүре алатын, көп нәрселерді жасай алатын - программадағ ми беріп жаратты, жебрейіл рух арқылы ( хим составы - Аллаға мәлім - ғылымы)- Мұхаммедтің бойындағы рухымен - қарым қатынас жасатып - Ескертуін жіберіп , мына өмірді адамдардың - өз қалау,таңдау еркіне қойып - сынау үшін жаратты ( қайсысы дұрыс жолмен жүреді екен,қайсысы - тәкәппарланып тыңдамай -,сенбей білгенін істеп - жүреді екен- деп, сынап көру үшін жаратты - мвна әлемді,әркімнің өз іс - әрекетіне қалдырып)
Тағдырымды өзгерту өз қолымда деп , куйеулерінің жаман қылықтарына (ойынқумар шегетін ішетін жургіш болып)көңілі толмай жүрген каншама әйел адамдары ажыраса алмай, еркектің дегенінен шыға алмай , қазақтың тарбиесінде байдан қайтып келген қыз жаман деп әке шеше атына кір келтіргісі келмей отқан, немесе ұл қызымызға басқа әке бола алмайды, немесе әкесіз тірі жетім қылам ба деп отырған, немесе еркекке бағыну керек дегенді миына қуйып койған айел азаматтарына не айтар едіңіз?
@@ГулденШонышева Әр әйел - өз ойына салып саралап көрмейма.күйеуінің адам бола ма,болмайтын адам ба. ертеңгі күні - ерсіз, отбасыны асырау ,ол балдардың - ертең қандай адам болып шығары бар,жалғыз өзі тәрбиелеп ---- ұлдарын - жаман жолға - жүрмейтін адам қылып шығара алама : әйелінің көзіне шөп салмайтын,ойын ойнамайтын.Қазіргі қоғамда : жақсы адам - ағысқа қарсы жүзетін адам болып тұр ғой. қайда барсаң жын ойнақ : кредиттер, жезөкшелік - қонақүйдің бәрі ( ақшаң болса болды )-- құмар ойынның түр - түрі - мемлекет соны қолдап отыр -штрафты - нан таба алмай жүргендерге салып : жын ойнақтарға емес.
Адамның 100 нұсқалы тағдырын жауып тастаған жалған ілімдерге жолама.
Біз ҰЛЫ ТҰРАН өркениетінің ізбасарларымыз. 3000 жылдық тарихымызды 500 жылмен шектеп тастадық.
Сонша ғасырдан келе жатқан мықты рухани ілімдеріміз бар.
Тасқа тарихымызды қашаған елдің ұрпағымыз.
Айнұр Әбдірәсілқызы.
Не деген білім,не деген сөз ,қалай шешен сөйлеп отыр және бәрін тастай етіп бүкіл дәлелі ,мысалымен жеткізді ,керемет әңгіме болған екен!!
Адамның миы бір кірген нәрсесін ешқашан ұмытпайды.
Миыңды қоқысқа толтырма.
Күндердің күнінде оның бәрі шығады.
Айнұр Әбдірәсілқызы
Айнұр ханымның тіл байлығы тұнып тұр екен. Жанар ханым көп рахмет Сізге! Творчестволық табыс тілеймін сізге!
Айнұр Әбдірәсілқызы қандай білікті маман, тыңдап, көп сұрақтарға нақты жауап алдым, керемет, ілімі, білімі арта берсін, халқымызға еңбегі сіңірсін, тұлғалары көп болсын
Біз рухани өзегімізге оралуымыз керек.
Айнұр Әбдірәсілқызы
Керемет сұқбат болды , рахмет көп-көп Айнұр ханым тұнып тұрған бұлақ сияқты
Құлаққа кіріп бойды алар... деген осы шығар, қыздарым жарайсыңдар! жүректен шыққан жүрекке жетті.
Керемет! ❤❤❤
Ұят,түп сана, сана туралы керемет айтты.Бірінші рет мидің ішінде ми болмайды дегенді естідім.Әр сөзін естіген сайын құмарам қандай жаным ынтыға берді.Не деген керемет ❤Айнұрдай қазақ қыздары тым болғанда оны болса ғой шіркін!!!
Қабыл болатын жол озіндік жол емес, өзгелік жол. Өзің үшін жасаған 1000 құлшылығың қабыл болмауы мүмкін. Өзге үшін жасаған 1 құлшылығың қабыл болады.
Өзгеге жақсылық жаса.
Өзгенің қамын же.
Айнұр Әбдірәсілқызы
Айнұр Ұстаз, бір тренингіне барғанда айтқан сөз бар еді, “Алла разы болсын” деген сөзбен Алланы әр жерге тықпалауды қойыңдар! Алла сендерге ойыншық па?! - деген еді. Өзіміздің қазақтың әдемі “Рақмет” деген сөзі бар, алғыс айтқың келіп бара жатса, ол сөздің артында үлкен мағына тұр, “ Сізге Алланың рақымы болсын!” - деген, деп қаттырақ айтқаны бар еді. Әлі есімде, расымен деп, ойланып қалған едім.
Аямай теп-тегін таратып жатқан әрбір іліміңізге сізге де үлкен рақмет, Айнұр ұстаз.❤
🔥🔥🔥
Соңғы жағында көңілім босап, жылап қалдым. Анам есіме түсті, бес қызбыз, кешкісін жинап алып ән салғызатын. Әкемізге концерт қоятынбыз. Жаным әкем батырлар жырын оқытып өсірді. Жатқан жерлерің жайлы болсын, сендердің берген тәрбиелерің мені өрге сүйреуде❤.
ДҰРЫС АЙТАДЫ. АЛЛА ТАҒАЛАМЫЗ ТАҒДЫРДЫ ЖАЗАДЫ. ТАҢДАУ БЕРЕДІ. ТАҢДАУЫҢА ҚАРАЙ ӨЗГЕРТЕДІ.
Мен шынымды айтсам Айнұр Әбдірасыл қызын бірінші рет тыңдадым.телегей теңіз білім мен ілімнің нәріне кенелгендей болдым.Қазіргі кездегі каптап кеткен пайдасыз курстар мен тренингтер туралы керемет айтылды.Айнұр сияқты жан жақты терең білімді ұстаздың болғанына шүкір.Қолыма қағаз қалам алып ,керек жерлерін жазып алдым.Барлық сұхбаттарын тыңдап шығуға тырысам.Эфир үшін үлкен рахмет
Көп рахмет❤
Құрметті Айнұр ұстаз,Жанар ханым осы эфирді жолдасым, ержеткен балам үшеуміз тырп етпей отырып тыңдадық . Алла тағала разы болсын сіздерге. Әңгіме әлімсақтан басталып,дәл бүгінгі заманға дейінгі адамзат жаратылысының сан қилы ілім ,білім,,руханияты, өмін жолы, тағдыр жолын қамтыған терең мағыналы эфир болды.. Осы жерде айтылған ғалымның бір сөйлемі түсініп тереңіне бойласа бір -бір кітап..Осы ғасырда толық адам деген осы деген атқа лайықтымиллионнан бір адам ғой , осындай терең ілімді игеріп, жан -жағына нұрын төгіп отыр. Бұл кісіден сабақ алып, көзін көріп жүргендер шын бақыттысыздар. Мұғалім ретінде осындай білімге ашпыз ғой. Осы эфирді бөлімдер арқылы қайтадан әр түрлі тақырып ретінде алу керек деп ойладым. Мен солтүстікте жатқан қазақ ретінде ылғи ойлаймын ,шіркін осы ұстаздан ілім алсам ғой деген. Алла нәсіп етсе ол күнде болар. Қазағым адаспасын, алла қолдап, шынайы алланың көрсеткен жолында жүрсін. Сүйікті пайғамбарымыздың(оған алланың сәлемі мен игілігі болсын) бала кездегі көрген көрешегін мысал ретінде айтқанда (детский травмамен) күлгеніміз ай. Шындық қой енді. Ал, Жанаржан баяғыдан бері сіздің оқырман ретінде сіздің шынайы білімпаз екеніңізге ризамыз. Мұқаң жарықтықпен соңғы кездесіп, ғасырға бергісіз эфир жасадыңыз. Бұл эфирдің де бағасы жоғары. Келесі Айекеңмен кездескенше эфирде күтеміз. Әрекетінің білім бұлағынан сусындауға жазсын ұрпақ ұлысымды. Көп рахмет.
Жылы лебізіңізге көп рахмет🙏
Дегенмен бақытты ел екенбіз осындай білімді, сауатты, санасы биік мықты тұлғаларымыз бар! Негізі қызық халықпыз өзімізде бәрі бар, бірақ соны көрмейміз алмаймыз жәйбір рахат жүрген бір елміз ғой 😃, анау мынаушылықпен бізді сілкіндіру оңай емес, жалпы өзі ештеңеге таңғалмайтын, анау мынауға ашуланбайтын бір өзімен өзі😀😁 жүрген ұлтпыз, әйтеуір не болса да Құдай өзі қорғап жүреді ,өйткені ниеті түзу ұлтпыз деп ойлаймын сол үшін де шығар. Бірақ бұлай жүре беруге де болмайды әрине ☺️
Нағыз зиялы қазақ әйелінің образы осы кісінің бойында екен. Киім-киісі, сөйлеген сөзі, дене бітімі, шаш үлгісі керемет.
❤❤❤
Ғажап сұхбат❤❤❤
Ағын судай тасып отыр.
Құлақ құрышың қанады.
Көптен бері тұнық сөздерді, дұрыс сөйлеу әдебін естімеп едім.Тамаша сұхбат болды.Өрлей беріңіз.
Өте жақсы канал жүргізіп отырсыз
Руханиятқа шөлдеген халыққа пайда.
Ең өкініштісі жұрт тым жылтыр,тым жеңіл ,тым таяз , боқтан өзгені жем қылуға даяр ақпаратқа әуес болғандықтан мұндай терең сұхбатқа өрелері жетпейді.
Сол үшін қаралым жағы аздау.
Әйтпесе адамның өміріне керек азық қой.
Таратыңыздар❤❤❤
Әлемді, адамдарды құлдыраудан құтқаратын осындай тұлғалар, біліміңе бас иеміз!
Керемет әңгіме айтылды. Көп ақпаратпен нәрлендік. Рухани сауаттылық пен діни сауаттылықтың мән мағынасын түсіндік. 1 сағат 48 минуттық сұхбаттан рухани азық алдық. Жанар Байсемізге және Айнұр Әбрасілқызына үлкен рақмет.
Жылы лебізіңізге көп рахмет🙏
Айнұр Әбдірәсілқызының алдында отырып сабақ алғанбыз. Бұл кісіні тыңдап, естіп,іске асыратын адамға өзін тануға және шынайы өмір сүруге мүмкіндіктер ашылады.Әр сөзі адамға қол тигізбей ақ сілкіп алады...( жақсы мағынада)
Өте шынайы адам.
Терең ілімнің иесі.Сағаттап тыңдауға болады
🔥🔥🔥
Керемет сұхбат жалғасын күтеміз ❤❤
Өте керемет мешіттерге барып уағыз аитукерекекен.өте білімді жан-жақты.намазхандар тыңдау керек. Бірақ олар әйелдің айтқанын моиындамаидығо.
Құрметті Жанар ханым сізге көп рахмет,өз жолыңызды таптыңыз деп ойлаймын,бүгінгі қонақ Айнұр ханым өте білімді,жан-жақты,үлгі алатын,мақтан тұтатын қазақ қызы. Рухым тағы бір сусынданып қалды.Алла разы болсын сіздерге❤
Жанар жолын баяғыда тапқан журналист
Біз өлілерді еске алу арқылы, олардың ерлігін еске алу арқылы тірілердің рухын көтереміз.
Айнұр Әбдірәсілқызы
Саламатсыз ба Сейілбек мырзамен сұқбат болса.
Жанаржан сізге үлкен рақмет! Мен осы подкастты тыңдап отырып жылап алдым. Көптен бері іздегенім осы еді. Расында әр нәрсенің ұшын ұстап өз-өзімді, ішкі жан дүниемді, қазақи болмысымды, рухымды жоғалтып алғанымды сезіндім. Сол үшінде жаным жараланып, уақытымның босқа кеткенін сезіп, жылап алдым. Подкасттан құлағымның құрышы қанды. Бойыма керемет рух қонғандай болды. Рақмет сізге Жанаржан. Өзіңіз менімен аттас жан екенсіз. Керемет дүниелер жасап жатырсыз. Сіздің жасап жатқан әрбір ісіңіз өз халқыңыз үшін, әр адамзаттың рухани баюы үшін жасалынып жатқаны аян. Еңбегіңіз еселене берсін. Алла жар болсын сізге. Даусыңыздың өзі сыңғырлаған бұлақтай естіледі. Рақмет сізге!
Жылы лебізіңіз үшін көп рахмет❤
Жанар ханым, сіздің қонақтарыңыздың арасынан, ойып тұрып орын алатын, қазақ елінің бағына біткен, нағыз тұлғалар Айнұр Әбдірәсілқызы мен Санжар Керімбай! Бұл кісілердің әр сұхбатын іздеп жүріп қарайтын адаммын! Алладан осы кісілермен бір жүздесіп, кеңес-пікірлерін естуімді нәсіп етсін деп тілеймін, соған әрекет етемін!
Осы сұхбаттарыңыз үшін РАХМЕТ! Алла разы болсын!❤
Иманды адам - ұяты бар адам.
Иманды адам - намаз оқитын адам емес.
Ар-ұят алдыда тұру керек!
Адамдарға зәбірі көп адамды баяғы қазақтар кәпір деген. Әй, ол намаз оқиды, демеген.
Бірінші мәселе - рухани өлшемдер.
Айнұр Әбдірәсілқызы
мұныңызға енді қосыламын
Ар ұятқа байланысты айтқан шығар.Намазға байланысты ол кісі ондай сөзді айтпайды.
Айнұр қыз киелі Түркістан топырағында туып өсіп жетілген, ілімі жүрекке түскен Ясауитанушы, еңбекқор әрі табиғи талантты, қоғамды рухани жетілдіруші, терең білімді ағартушы--ғалым.
Жылы лебізіңізге көп рахмет🙏
Маңғыстаудан сәлем!
Халық көзін ашып жүрген Айнұр,Санжар сияқты жандарға бар жақсылықтарды тілеймін!
Сұрақ.Басынан қиындықтар өтіп,сол тәжірибе арқылы,яғни адасып,қиналып барып,басқаларға жақсылық жасап жүрген жандарға не айтар едіңіз?
Өте көп сұрақтарға жауап алдым.Ісіңізге берекет,ұзақ ғұмыр,темірдей денсаулық тілеймін!
Рухымыз оянып,санамыз сергіген халық болуға Алла нәсіп еткей!
Мен тыңдайтын, мен мойындайтын қазіргі заманның БАТЫР ҚЫЗЫ - Айнұр Әбдірасылқызы. Тыңдаудан жалықпайды жандардың бірі. Әр тыңдаған сайын өзіме жаңа нәрсені ашып отырамын. Қазақтың қазақ болып тұруына, түсініктерінің уланып кетпеуіне үлесін қосып жүрген жандардың бірі.
БАТЫЛ БАТЫР ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ СІЗДЕРМЕН МАҚТАНАМЫН ,ЗЕЙІНДЕРІҢ МОЛАЯ БЕРСІН❤❤
Керемет кушти паткас екен Айнур ханым алғысым шексіз
Өте білімді жан екен. 1ши рет көруім. Сөз саптауы, дінмен байланыстырып айтуы санаға жеткізді. Осы подкаст арқылы өзіме қажетті инсайттар алдым. Дана адам екен, қызыға тыңдадым. 3рет тыңдадым. Жалықпай тыңдаған подкасттарымның бірі болды. Рахмет!
Жылы лебізіңізге көп рахмет❤
Айнұр кермет жақсы түсіндіреді Алла Тағала жар болсынІ 🤲 Тек сәттілік мықты ұстаз Рахмет айналайын Бақытты ғұмырлы болыңыздар
Жылы лебізіңіз үшін көп рахмет❤
Алла жар болсын Айнұр ханымға.
Айнұр ханым ислам туралы,дін туралы тұжырымды ой айтты. Білімді,ұстамды,сөзге мән береді екен! Дінтану туралы оқығым келді😊
Азғындай бастаған қанды да асылдандыруға болады. Қалай? Білім мен еңбек.
Айнұр Әбдірәсілқызы.
Керемет. Қыздар, бəрі дұрыс, əдемі айтылып жатыр. Қоғам түзелу керек. Сонда, əдемі өмір болады.
соңғы кездегі ол дегенім бірнеше жыл бойы тыңдаған рахаттанып дейінші сұхбат болды.Кезінде әкемнің көптеген біздерге әкелінген кітаптарының қадірін білмептік.Кейбірнуін оқыдым.Дәл әкемдей еш баласы кітап құмар болмаптық.Әкем іздеп сонау Росиияданда почта арқылы алдырып оқитын.Кейін біразын кітарханаларға өткізді.Енді менің балаларыма осы әкемнің қасиеті дарыса деймін.Білімді адам елдің қате сөзіне,пікіріне ілеспейді,адаспайды.Білімді ұрпағымыз болсын.Рахмет Жанар барлық подкастарыңды көріп жатырмын тамаша.Айнұр Әдірасыл қызының әр сүраққа дұрыс жауабы бар өте білімді адам екені көрініп тұр.Мен өзімнің туыстарыма бауырларыма осы кісінің айтқан әр тақырыпқа өте зерделеп айтып жеткізген әңгімесін көруін насихаттаймын.Білімді көзі ашық,көкірегі ояу ұрпақ тәрбиелейік
Айнур ұстаз рухани азық бергеніңізге мың алғыс Алла разы болсын
Айнұр Әбдірәсіл мен Санжар Керімбай Мұхтар Мағауиннің сұхбаттарын рахаттанып тыңдадым.рухани шөлдеп қалыппыз.
❤❤❤
Тамаша әңгіме болды,керемет!!!Айнұр ханымды өте сүйсініп тындаймын,сыйлаймын.Үлкен рақмет сізге.❤❤❤
Мидың мүмкіндіктерін пайдалан.
Айнұр Әбдірәсілқызы
Керемет сұқбат болды. Сіздің подкасттарыңызды тыңдап, біздің түп тамырымыздан, өз діліміз бен рухани қазынамыздан, ғасырлар бойы жиналған даналығымыз бен білім көзімізден айырыла бастағанымызды, қате ұғымдарды пір санап кеткенімізді түсініп жатырмын. Тағы бір қайталап көріп, қорыту керек екен. Бұл сұқбат тұншығып жүргенімде, қайта дем берген оттегі болды.
Жылы лебізіңіз үшін көп рахмет❤
Қабыл болатын әрекет өзің үшін емес,, өзге үшін, қоғам үшін жасалатын игі іс, өзгелік жол, - деп Айнұр ханым өзі айтқандай, осы жолда жүрген ғалым, үлкен тұлға. Ішкі жан дүниесі өте бай, ілімге толы жан. Ойынан ойы озып, білгенін асыға жеткізіп отыр. Жанар сізге көп рахмет! Керемет сұхбат жасадыңыз. Осындай жан азығы болатын хабарлар халыққа кеңінен тарай берсін! Еңбектеріңіз жемісті, дендеріңіз сау болсын!🤲🌹🌹🌹🇰🇿🌄
Таратуға көмектесіңіздер❤
Мен сенемін күні Ертең,Нұрлы үмітпен оянар деп ұлы өлкем.Оттыға отсыз күлмес деп.Тек тұлпарлар алатын бас бәйге - есектердің мойынында жүрмес деп.Айнұр Әбдірасылқызының жан аямай жасаған еңбектері барша халыққа мәлім болса екен.Халық қадірін түсінсе екен
Кім айтып жүр Бишарамыз деп біздің Ата Бабаларымыз мықтығой керемет халықпыз табылған қазба байлықтардан ақ көрініп тұрғой
Айтарға сөзім жоқ, жан дүнием тойды, толықты. КЕРЕМЕТ. Айнұр сіңлімнің әр эфирін рахаттана тыңдаймын. Жаным тынышталады, мен үшін - РЕЛАКС.
Жанар, жаным саған үлкееен рахмет. Осындай текті, тәрбие алатындай қонақтарың көп болсын. Қуана күтемін. 🎉🎉🎉🎉
❤❤❤
Керемет әйел екен!!!❤
Айнур Абдираскызы оте билимды нагыз ата дiн зерттеуши кози ашык адам. Мине осы кисини тындасам керемет
Жылы лебізіңізге көп рахмет🙏
Өткен шағыңызда не болса о болсын. Болашағың белгісіз. Өзіңе жауапкершілік ал да, өміріңді түзет.
Айнұр Әбдірәсілқызы.
Бұл жобадан аларымыз көп болып тур. Психология да, дін де, тәрбиеде , тарих та, басқа да адами құндылықтар да қозғалып улгерілді. Керемет, өз өмірімнің тура жолын тапкандай сезімдемін. Небір жобаларды тыңдаймын, бирақ ашқан қарыным тоймастан қала беретін едім, бүгін бір тойып, терлеп отырмын. Сіздерге рақмет, халықты сусындатып, жол көрсете білген. Барлық қазақ жастары тыңдар, ұғына білсе әр сөзін, қазіргі шулап жүрген, ел адастырушылары аяқтарын жинап, үндері өшер еді. Рухани отырыстар мен тыңдармандар көп болсын❤
Шайхым Ахмет Яссауиді оқып алғам бірден Айнұр Ә ханымнан.Және тағы да өзі силыққа берген еді.Айнұр ханымның артынан еріп жүремін.Айтарға сөз жоқ ,тарихи тұлға болатын адам ғой,Айнұр ханым !!🧿🧿🧿🧿😍😍😍😍😍
Сөйлеу мәнері өте жағымды, білімді адамдарды тыңдай бергің кедеді. Көп рахмет💐
Басымды идім. Рахмет❤ . Осалда болма ойыңнан оңай адасқан, өжетте болма орынсыз сөзге таласқан, алдымен қызға керегі пәктік , нәзіктік, онан соң жаным ер мінез керек жарасқан. Қатты ұнағаны: мінезі көркем деген ол: әділдік, шындық, турашылдық және тсс деді. Ал біздер көбіне көркем мінез деп бос, салбырап бәріне көніп жүрген адамды айтамыз.
Айнұр ,сауатты ,білімді, теолог .Керемет адам
Айнұр Әбдірәсілқызын тыңдап әрдайым көңілге түйер көп дүние аламыз ❤
Айнур Әбдірасылқызының сөз байлығы кандай шексіз.
👏👏👏 өте керемет 👍👍👍
Сіздің паракшанызға кірсек, шығалмай қалатын болдық Әңгімелесуге білімді көргені көп айналасына үлгі боларлық жандарды шақыратыңыз керемет Адам адамнан үйренеді адамнын күні адаммен деген қазақ болғасын қоғамды тәрбиелеп жүрген саналы білімді жандардың төріңізден табылып жатқаны көніл тойдырады Бүгінгі әңгіме кәзіргі адасқан қоғамның санасын сілкіп аларлықтай әнгіме болған екен Айңұр Әбдірәсілқызының қазақ әйелдеріне берілген дәрісі десекте артық емес Осында айтылған әрбір сөз ұлтты тәрбиелеп отырған әрбір қазақ әйелінің қажетіне жарасын , тәрбиесіне тәжрибе болып қосылсын
Жанар сізге рахмет! Өте білімді адамдарды шақырып жатқаныңызға
Жылы лебізіңізге көп рахмет❤
Рухани ашығып қалыпты, қайта қайта тыңдап, Айнұр Әбдірасыл қызын іздеп баруға ой кетті. Керемет көзі ашық, көкірегі ояу , оқымысты, жүрегі Қазақ деп соққан жаны жайсаң көңілі көлдей Даналар көбейе берсін
❤❤❤
Оте керемет сухбат болды, бираз дуниени тусиндик 👏👏👍👍💐
Жылы лебізіңіз үшін көп рахмет❤
Керемет ,біраз нәрсе түсіндім ,түсіндіру мәнері өте жоғары ,тіл баилық деген кереметт ,біздің қазақтың ақвлды ,сұлу әиелдері көп болсын❤
Казахстан АЛЛА-га штукIр осындай парасатты бIлIмдI кыздарымыз бар_ Рахмет бакытты болындар
Подкаст керемет болды.Айнұр қыздың тәні де жаны да өте сұлу жан екен, екі қызға да Алла разы болсын
Өте керемет подкас болды . Бұл сұқпаттан тіл тазалығын көрдім , ешқандай орыстың қыстырма сөздері қосылмады . Айнур Әбдірасылқызының сөз саптауына , шешендік қасиетіне риза болдым . Көптеген өзіме керекті жаңалықтарды түпсанама түйдім . Жанар ханым сіздің подкасыңызды әр сенбі сайын асыға күтемін . Еңбегіңіз жанып , соның жемісін көріңіз .
Көп рахмет! Келесі подкаст бейсенбіде шығады. Өз уақытында. Әр бейсенбі сайын Байсеміз LIVE
Жанар ханым сіздің әр подкастыңызды асыға күтіп отырамын! Керемет жансыз! Қонағыңыз Айнур ханымды тағы шақырамыз дегеніңізді естіп мәз болып қалдым. Тағатсыздана келесі сұөпатты күтемін! Бұл сұқпат білімге, ілімге, тәрбиеге толы, алары көп сұқпат болды! Бір деммен тыңдап шықтым! Айнур ханымды тоқтаусыз тыңдай бергің келеді! Нағыз көкейде жүрген сұрақтар қойылды! Керемет өмірлік білім болатын жауаптар айтылды! Керемет!!!❤❤❤❤
Лебізіңізге көп рахмет❤
Әр бір сұқбат үшін рақмет сізге Жанар өте ой салады
Жылы лебізіңіз үшін көп рахмет❤
мәссаған мынандай көзі тірі нағыз ұлы тұлғаны қайдан тауып алдың Жанкабай,өз басым бір деммен тыңдадым шіркін ертерек осындай білімді адамды тыңдағандағой ақылымызға ақыл қосып быраз қателіктер жібермес едік,мына кітаптарына аузым суы құрып отыр қалай алсақ болады сұхбат үшін көп рахмет😘👍😍🌷
+7 708 425 2829 Осы нөмірге хабарласыңыз
Өте керемет сұхбат болды, тыңдай бергің келеді. Келесі сұхбатты асыға күтеміз. Жанар Сіздің әрбір шығарылымыіызды асыға күтеміз. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз
Жылы лебізіңіз үшін көп рахмет❤
Тектіден текті туады тектілік тұқым қуады деген сөздің мағанасын ашқ тусндырдңз ау❤ осындай мықты тұлғалар көбейсін