Сталкинг-махаббат көрінісі ме? Коучинг неге сұранысқа ие? Роза коуч | Дана Нұржігіт

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 5 янв 2025

Комментарии • 685

  • @ДанаТапаева
    @ДанаТапаева 2 месяца назад +92

    Дана ханым, тоқтамаңыз! Керемет подкаст болды. Роза ханым екеуіңіз бір толқында, бір-біріңізді тыңдап, жалғастырып отырдыңыздар! Әр сөздеріңізбен келісіп отырдым. Көп инсайт алдым.
    Балаңыз екі тектінің ұрпағы ғой. Әлім солай дана болмағанда, кім болады?! Сіздің Әлімнің әкесі туралы айтқаныңыздан ол кісіні жай күйеу ретінде емес, серіктес ретінде, тұлға ретінде жақсы көргеніңіз байқалады. “Махаббат - екі пайымды, парасатты адамның сана биігінде жолығуы” деген Мұхтар ағамыздың сөздері сіздерге арналғандай.

    • @karakozadil2009
      @karakozadil2009 2 месяца назад +3

      @@ДанаТапаева шыныменде менде көп керекті нәрселер алдым астын сызып тұрып қуаныштымын Дана ханым үшін

    • @ФаридаЫдрышева
      @ФаридаЫдрышева Месяц назад +1

      Айналайындар мен сиздерге куанып отырмын. Еки казак кыздары таза казакшасойлеп отыргандарынвзна

    • @БалжанТоекина-ю5г
      @БалжанТоекина-ю5г Месяц назад +1

      Дұрыс айтасыз 👍

  • @MsYerkezhan
    @MsYerkezhan 2 месяца назад +90

    Бұдан 16 жыл бұрын сталкинг, абьюзер ден сөзді білмейтінбіз, қанша қыз-келіншектер құрбан болды, әлеуметтік желінің ең бір зор пайдасы осы мәселенің көтерілуі, адамдардың көзін ашуы. Қыздарымыз жыламасын!

  • @akmona_a
    @akmona_a 2 месяца назад +103

    Негізі Дана ханымның осылай интервью алып бастағанына қуанып отырм, тауық сойсада қасапшы сойсын деп атам қазақ бекер айтпаған. Сөйлеу мәдениеті өзгеше ғой. Көрсең көзің тояды😍😍😍

  • @bakhar.tair82
    @bakhar.tair82 2 месяца назад +74

    Орысшада, қазақшада құрышын қандырып, тұнық сөйлейтін Дана ханымға респект. Журналист деген сіздей болу керек- көп оқыған, тіл лайламайтын, өткір, ақылды и әрине әдемі. Сізге қарап көңілің толады, бақытты болыңыз🌹

    • @temirhan0748
      @temirhan0748 2 месяца назад +2

      Сізбенен толық келісемің,менің ойымды қайталап отырғандайсыз,шақырған қонағыда керемет.

    • @kanipanurmukhanbetkyzy-po6cp
      @kanipanurmukhanbetkyzy-po6cp Месяц назад +3

      Иә, хабардың жүргізушісіне де, қонаққа да, сіздің пікіріңізге де көңіл толады

  • @ЕркежанЕлеубаева-с5щ
    @ЕркежанЕлеубаева-с5щ Месяц назад +6

    Көзімізді ашып жатқан әйелдер жасасын! Қыздар, сауатты адамдарды тыңдаңыздар осындай!✊🏻

  • @БотагозБакирова-я1х
    @БотагозБакирова-я1х 2 месяца назад +144

    Қазақтың екі дана,білімді,қыз келіншектерге жаны ашитын қыздары жиналып, керемет тақырып төңірегінде әңгіме өрбітіпті, бір деммен тыңдап шықтым. Жарайсыздар❤❤❤❤

    • @dana_nurzhigit
      @dana_nurzhigit  2 месяца назад +8

      Жылы лебізіңізге рақмет!😊

    • @интересныефакты-ш1в
      @интересныефакты-ш1в 2 месяца назад +2

      екеуінде жақсы көрем!🥰 осындай үлгі тұтар тұлғаларымыз көп болсын!

    • @rab-rabb
      @rab-rabb 2 месяца назад +1

      Роза практично сөйлейді екен

    • @erkeqz7686
      @erkeqz7686 Месяц назад +2

      Керемет сұхбат болды ,мәні бар мағанасы бар неге тез бітіп қалды,деген ой болды🎉 тағы тыңдай бергім келді өте сауатты әңіме болды.Рахмет сіздерге.

  • @qayci
    @qayci 2 месяца назад +38

    Құдай-ай, кәдімгі журналистің әңгімесін тыңдамағалы да көп болыпты. Құлағымның ләззаты үшін рақмет

  • @БактыгулкызыАнара
    @БактыгулкызыАнара 2 месяца назад +68

    Өмірге әдемі келіп әдемі кетуіміз керек... өзіңді сыйламаған адаммен тұру ұят... Көп рахмет!❤

  • @ТуремуратМусагалиев
    @ТуремуратМусагалиев 2 месяца назад +33

    Жақсы сұхбат болды! 👍🏽👍🏽👍🏽 Жігіттерге айтарым, әйелдеріңді сыйлаңдар, бағалаңдар дөрекі сөйлеп ренжітпеңдер! Будьте как мужчины, раз женились берите ответственность за семью! И подайте хорошую пример для своих детей! ✊🏽Дана ханым Роза ханым аман жүріңіздер!🤲🏽✊🏽✊🏽✊🏽

    • @ainaaubakirova4393
      @ainaaubakirova4393 2 месяца назад +2

      Керемет пікір! Мәдениетті дамыту керек ерлерге!

    • @АйданаАхметова-я3ь
      @АйданаАхметова-я3ь 2 месяца назад +3

      Осылай колдау жасайтын мыкты ерлеримиз коп болсын ❤️❤️❤️❤️

  • @anaraabilakimova478
    @anaraabilakimova478 2 месяца назад +17

    Дана апайды “ ХХI ғасыр көсбасшысы ” бағдарламасынан білемін. 20 жылдай болып қалыпты. Әлі сол өткір сөз, әдемі келбет, асқан даналық. Рахмет сізге!

  • @МадинаДанабаева-ч3ш
    @МадинаДанабаева-ч3ш 2 месяца назад +43

    Шынымен жоғары деңгейде сөйлесе алатын екі мықты қыз👏👍😍

  • @ДинараЖумакулова-я6п
    @ДинараЖумакулова-я6п 2 месяца назад +21

    "Айналайын" деген кандай кушти естиледи🥰😍

  • @nazerkezhumabekova6938
    @nazerkezhumabekova6938 2 месяца назад +34

    Дана ханым сөйлегенде рахаттанып тыңдайсың ғой, шіркін. Сағыз туралы әңгіме айтса да тыңдауға бармын. Таза тұнық қазақ тілі. Өте әсерлі, пайдалы әңгіме болды.❤❤❤

    • @РозаИсекеева-е5в
      @РозаИсекеева-е5в 2 месяца назад

      Керемет Сұхбат,Дана ханым,екі тілде қандай керемет сөйлейді

  • @simbatkarimbek
    @simbatkarimbek 2 месяца назад +34

    Өте маңызды тақырып. Қыздар көбіне “сталкингті” махаббатпен шатастырамыз

    • @dana_nurzhigit
      @dana_nurzhigit  2 месяца назад +4

      Дұрыс айтасыз.Екеуінің арасы жер мен көктей

  • @СауНур
    @СауНур 2 месяца назад +19

    Дана ханым қандай білімді, ақылды, сабырлы, дана, көрікті жансыз. Біз сізбен мақтанамыз❤

  • @zhansauleqanatova7864
    @zhansauleqanatova7864 29 дней назад

    Сауатты сұхбатты көріп ұйқым ашылды. Талай адамның көзін ашар диалог болды, көкірегі ояу адамға. Бар екендеріңізге, проблемаға үн қосқандарыңызға 🙏

  • @amina-adim
    @amina-adim 2 месяца назад +65

    Роза коучтың тіл байлығын осы жерде байқадым. Әжептеуір өз ісінің маманы екені осы жерде көрінді, Мен өз басым, адамның білімін сөйлеу мәнеріне қарай анықтаймын. Қаншама боянған, сыланған адамдардың ауызын ашқанда, екі сөзді қоса алмай, орысша араластырып "патамұштаға" басқанда түк болмай қалады )
    Жақсы әңгіме болды.❤ Көп пайдалы мәселені көтерді. Онымен қоса, таза қазақша сөйлегенде жәнім кіреді ғой)
    Бірақ Дана ханым Роза коучты сөзін бөле бергені болмаса...😉
    Бірақ Дана ханымның айтары көп, іші толып қалғаны байқалады. Қатты түсінемін. Азаматтық мәселелерді, адам қүқығы мәселесін көтеруге кіріскеніне өте қуаныштымын.👏👍

    • @S.S.S__
      @S.S.S__ Месяц назад +1

      Келісемін, Дана ханым да, Роза ханым да көп оқыған, саналы түрде ой өрісін дамытқан, тіл байлығы мол жандар. Дана ханым Роза коучтің әңгімесінен инсайт алған сәтінде өзінің интервьюер екенін сәл есінен шығарып алып, орта жолда өз ойын қосып жатты. Бірақ, менің ойымша сөздің, сұхбаттың түпкі маңызы мен мазмұны бұзылмады. Ұзағырақ болып, сұхбат жалғасын тапса бұдан да тамаша, тың ойлар шығар ма еді деген әттеген-ай қалып қойды менде..

  • @АйнурАбешова-к1р
    @АйнурАбешова-к1р 2 месяца назад +34

    Ең басты ақпарат, қылмыстың алдын алу, қыздарымыз айтуға ұялып , ішінен тынып жүрген қаншама қыздарымыз жүр. Оянатын уақыт давно келген.и ллюзиядан шығуы керек қыздарымыз.Қазақтың өжет мінезді қыздарымыз аман болсын ! Істеріңізге сәттілік!

    • @dana_nurzhigit
      @dana_nurzhigit  2 месяца назад +5

      Дұрыс айтасыз
      Пікір бөліскеніңізге рақмет🫶

  • @ЭльмираСатынбекова-у8н
    @ЭльмираСатынбекова-у8н 2 месяца назад +21

    Дана апайдың сөз саптау мәнері керемет! Қазағымның бетке ұстар апкелеріміз көп болсын! Арнаңызға жазылып қоңырауды басып қойдым, Дана апай сіздің
    әр бастамаңызға толағай табыстар тілеймін! Өміріңіз гүлдей жайнасын🤲🏻 Жақсы тілекшілеріңіз, тұрақты оқырмандарыңыз көбейе берсін! Роза әпкемізге үлкен рахмет!🙏🏻

  • @MegaMiraBai
    @MegaMiraBai 2 месяца назад +34

    Сталкингті - "артынан қалмайды", өлердей ғашық , "романтикалық махаббат" деген жалған түсінікке балау қалыптасқан екен ғой (( Романтизация абьюзинга, сталкерства ... Рақмет, Дана, Роза.

  • @KarsakbayevaTangsholpan
    @KarsakbayevaTangsholpan 2 месяца назад +49

    Роза ханым огонь ғой 😍😍😍 айтқандары точь в точь дұрыс 👍

    • @dana_nurzhigit
      @dana_nurzhigit  2 месяца назад

      Пікір білдіргеніңізге рақмет!

  • @АКЕРКЕАКЕРКЕ-ч2ы
    @АКЕРКЕАКЕРКЕ-ч2ы 2 месяца назад +12

    Осындай қазақша білімді біздің қоғамда жасырып айтатын тақырыптардың ашылып жатқанына осы мемлекетте тұратыныма жүрекке қуанышпа үмітпа ұялайды екен. Еліміздің мүйізі қарағайдай екі өз маманының майталмандары осылай бастап жатқандарының жалғасы өрбіп, қазақ әйел қыздарының өмірде көрген қиыншылықтарынан арылатын күн туын тілеймін 🎉❤

  • @ГульнарСыздыкова-е4ь

    Оте жаксы субхат!Коп Рахмет сизге Дана !Сизди коптен кормей кеттим теледидардан!Дара жол оте жаксы болатын !Мен Алагузованын шакыруды калаймын! Роза оте билимди.айелдерге жаны ашитын адам екен! Саттилик сиздерге!❤❤❤

  • @Altyn0_01
    @Altyn0_01 Месяц назад

    Әдемі сұхбат болды❤ Алғыс сіздерге! Мәнді, мағыналы керемет....

  • @ГулдарихаАбильдаева
    @ГулдарихаАбильдаева 15 часов назад

    Роза кызым сойлегенинди унатам ,улдында,кыздында унин тусинетин Розасын ,исин алга басын кызым

  • @aksholpandauylbek7329
    @aksholpandauylbek7329 2 месяца назад +18

    Керемет сұхбат , өсек айтқанша осындай подкаст тыңдаған дұрыс👍

  • @ГулнурАмирова-с2и
    @ГулнурАмирова-с2и 2 месяца назад +11

    Сұхбат болсын, диалог болсын керемет болды. Ұят тақырыбы, еңбек ету, әр нәрсенің өз уақытын жоспарлау, кибербуллинг, сталкинг тақырыптары нақты ашылды. Сіздерді жақсы көремін, құрметтеймін

  • @DarigaKurmangali
    @DarigaKurmangali 2 месяца назад +38

    Екі сүйікті от әйел🤩
    қос өткір тұлға❤🎉

    • @dana_nurzhigit
      @dana_nurzhigit  2 месяца назад +2

      Қолдауыңызға рақмет😊

  • @AminaSalanchina
    @AminaSalanchina 2 месяца назад +9

    Өте тартымды сұхбат-диспут болды. Дана жүрген жерде бәрі жақсы болады, әр нәрсеге қортынды шығарып, анализ жасайды. Өте ұнады, рақмет, бізге де талай қызық, керек мәлімет алдық.Аман есен болыңдар, істеріңе Жаратушы жеңілдігін берсін!❤❤❤

  • @tokzhanmussabek
    @tokzhanmussabek 2 месяца назад +23

    Дана ханым, сізге бар жақсылықты тілеймін! Әрбір әйел, адам баласы бақытты болуға лайықты! Адам құқығы бірінші орында, және өзіңізді қорғап шыққаныңызға сіз үшін қуаныштымын❤❤❤❤

    • @dana_nurzhigit
      @dana_nurzhigit  2 месяца назад +3

      Жылы лебізіңізден айналдым.Қолдауыңызға рақмет!😊

  • @galiaraiymbekova650
    @galiaraiymbekova650 2 месяца назад +17

    Дана ханым, көп рақмет сізге істеп жатқан ісіңізге, Алла берекесін берсін. Әлі де әйел бақытын тілеймін. Әлімнің қызығын көріңіз

    • @dana_nurzhigit
      @dana_nurzhigit  2 месяца назад +2

      Әмин,айтқаныңыз келсін🤲
      Қолдауыңызға рақмет🫶

  • @БибижамалТаженова
    @БибижамалТаженова 2 месяца назад +13

    Қос дана қазақтың қыздарының диалогы терең ,мағыналы ,жас қыздарға ,келіншектерге сабақ болардай тұшымды болды 👍 Аман жүріңіздер ,көп рақмет 👍🥰

  • @Баян-н7э
    @Баян-н7э Месяц назад

    Маңызды теманы көтеріп жатқандарыңызға рахмет.Әлемде қанша әйел(көбінесе ) осы проблемадан зардап шегіп жүр,көздерін ашып , адамдық құқығын біліп жүруге ықпал еткен жолдарыңызды Құдайым қолдасын❤

  • @МейрамкулБекетау
    @МейрамкулБекетау 2 месяца назад +23

    Дана сіңлім әрқашан Алланың панасында бол!

    • @dana_nurzhigit
      @dana_nurzhigit  2 месяца назад +3

      Әмин,рақмет😊

    • @temirhan0748
      @temirhan0748 Месяц назад

      @@dana_nurzhigit Дана ханым біз сізді жақсы көреміз және қуанамыз қазақтын сіздей қыздары болғанына.Алла тағала жар болсын қайда жүрсенізде.

  • @ЖақсыгүлБатырбай
    @ЖақсыгүлБатырбай 2 месяца назад +19

    Дана жаңа жұмысың құтты болсын.Саған жарасып тұр ,мамандығына жақын жоба ғой.Осы Розаны. ұнатпайтын едім,жоқ Дана, бүгінгі сұқбаттан кейін ақылды келіншек екен ,любой ситуациядан шығуды ойлайды,ізденеді екен.

  • @YOHD353
    @YOHD353 Месяц назад +1

    Дана ханым улкен рахмет Осы маселе менын де басымнан откен Енды стздин подкастыныздан кейын озимди бекер кинәлапппын деп ой тудім. Сіздерге Алланын нуры жаусын ❤❤❤❤❤❤

  • @АйгульМахажанова
    @АйгульМахажанова 2 месяца назад +1

    Өте мағыналы сұхбат. Қазақ қоғамына заң тұрғысынан өте көп білім қажет. Біздің қоғамда бәріне шыдаған әйел ғана "керемет" . Ал көнбей ажырасса, нашар әйел саналады. Осы өте өкінішті.
    Тыңдарманның сауаттылығын арттыратын подкасттар көп болсын!

  • @pptx_maestro
    @pptx_maestro 2 месяца назад +6

    Дана ханым, үлкен алғыс. Ұят туралы пікірім күнделікті шектеуде болған екен. Ұят ұғымына көзқарасымды өзгерттіңіз. Ақиқатыңыз оятты, сабақ болды.

  • @Gulnarcouch1
    @Gulnarcouch1 2 месяца назад +4

    Коучинг мәселесін көтергеніңіз керемет болды. Мен де кәсіби коучинг мамандығын меңгерлім. Қазір білім саласына енгізудемін. Коучинг менің өміріме де өзгеріс енгізді. Сұрақтар арқылы адамның ішкі жан дүниесіндегі өзгерістерді жасайтын керемет жол. Мен де сіздің подкастыңызға келгім келеді, Дана ханым. Коучинг білім беруге өте қажет. Сол ойларыммен бөліскім келеді.

  • @Yertargyn-u1u
    @Yertargyn-u1u 2 месяца назад +6

    Алар жері мен пайдасы бар ұшан - теңіз әңгіме болды. Осындай білімді, қазақ әйеліне жаны ашыр ханымдар көбее берсін

  • @thewinner2626
    @thewinner2626 2 месяца назад +12

    Дананы жақсы көрем, жақсы сыйлаймын! Жаным сол. Әрқашан абыройлы бол ❤️✊🏻🫶🏻 мықты адамсыз. Туғанымдай жақсы көрем. Бар болмысын

    • @dana_nurzhigit
      @dana_nurzhigit  2 месяца назад +1

      @@thewinner2626 рақмет Сізге!

  • @bgggggtytgg
    @bgggggtytgg 2 месяца назад +9

    Керемет дана әйел. Осылай қазақтың қарапайым үйде отырған әйелдеріне жақсы мотивация бердіңіз

  • @ТолкынКалыбаева
    @ТолкынКалыбаева 2 месяца назад +6

    Қайырлы таң!
    Менің Анам 87 -і жаста қазір!
    Дана Нұржігіт!
    Туралы Журналдан оқып
    Керемет,өте сауатты,келбетті,мықты журналист деп тамсанып айтып
    автобиографиясында
    жақсы тәрбиелі отбасынан шыққан -деп мақтап айтып отырғаны есімде қалыпты
    Сталкинг туралы орыс тіліндегі видеоңызды көңіл бөліп тыңдадым,осы видеодада
    Дана Нұржігіттің!
    Ой өрісінің кеңдігі,өте сауаттылығы,ақылдылығы,дана ,мәдениетті адам екенді байқалып тұр!
    Басынан өткен жағдайды да шынайы жеткізе білді
    Дана Нұржігіт!
    Маған өте ұнады!
    МашАлла!
    ❤️👍👍👍🙏🙌

  • @ardaktolganbayeva7481
    @ardaktolganbayeva7481 2 месяца назад +10

    Жіктеп жілігін шағып сөздеріде сұрақтарыда сүбелі қандай керемет тіпті қасыңызда жүріп білім алғым келіп кетті.Қазақ әйелдеріне әсіресе жас қыз келіншектерге көбірек білім керек! Әсіресе көкбеттік пен бетбақтыққа берілгендерге өте керек.Жап жақсы кейбір ер азамат аға інілерімізде бар ақымақ әйелден опық деп қалған алданып арбанған олардыңда мәселелерін көтеріп қорғасаңыздар екен😅😊😊😊

  • @galiaraiymbekova650
    @galiaraiymbekova650 2 месяца назад +6

    Адвокаттарыңызға көп рақмет, Алла разы болсын ол кісілерге

  • @НагимаНиязбекова-й1о
    @НагимаНиязбекова-й1о 2 месяца назад +6

    Дана атына сай Дана айел, мыкты, Алим баланызбен бакытты болыныз ❤❤❤❤❤

  • @ZHAKENTI88
    @ZHAKENTI88 2 месяца назад +7

    Әдемі, тамаша! Екі “легенданың” кездесуі, екеуін де қатты сыйлаймын! 2 рет тыңдадым! Әлі де қайталап көремін деп ойлаймын! Дана, мықтысыз! Сізден білім алу мүмкіндігі бар екенін естіп, қуанып отырмын! Береріңіз көп, тәжірибесі толағай теңіз экспертсіз! Әр бастамаңызға сәттілік тілеймін! Рақмет!🫶🏻

  • @МайраТашкаева-я5н
    @МайраТашкаева-я5н Месяц назад +1

    Айналайын қазағым, алға қыздар , істеріне сәттілік болсын , Алла разы болсын жандарым 😊

  • @ХюрремХасеки-з1ы
    @ХюрремХасеки-з1ы 2 месяца назад +6

    Сізді бұрыннан да құрметтейтінмін, соңғы ақпараттарды естіген соң, Сізге тәнтті болдым. Жақсы көремін Сізді❤. Бақытты болыңызшы, Сіз бар бақыттқа лайықтысыз❤.

  • @БагдатКельдыбаева
    @БагдатКельдыбаева 2 месяца назад +10

    Жарайсың дар қыздар өте маңызды сұхбат ! Жетпістен асып енді біліп жатырмыз старлинг коуч дегендерді сендерден..рахмет бақытты болындар мақсаттарына жетің дер❤🇹🇷

  • @Kunnur_imanali
    @Kunnur_imanali 2 месяца назад +3

    Жаным 🫂 қазақ қыздары қандай батыл. Қаншама құнды нәрселер айтылды. Шынымен қазіргі қоғамда адам құқығы, әйел құқығын айту қорғау өте маңызды мәселе. Үлестеріңізді қосып, бұл жолда қызмет етііп, талап етіп жүргендеріңізге алғысым шексіз❤❤❤

  • @ГулайханБухарбаева
    @ГулайханБухарбаева 2 месяца назад +11

    Керемет сұхбат болды. Қыз келіншектерге пайдалы сұхбаттарыңыз жалғасын таба берсін

  • @LazzatMizambaeva
    @LazzatMizambaeva 2 месяца назад +4

    Жандарым сол осындай білімді ақыл айтар қыздарға ризамын
    Өте әдемі подкас болды
    Алла разы болсын сңздерге

  • @sabinakurmangaliyeva9901
    @sabinakurmangaliyeva9901 2 месяца назад +9

    Дана ханымның ютюб канал ашқаны керемет болды. Сізден үйренетін нәрсе көп. Келесі қонақты асыға күтеміз. ❤

  • @Sweetnovember7
    @Sweetnovember7 2 месяца назад +5

    Дана ханым өте жақсы сұхбат болды! Сіз өте мықты профессионал, аяулы ана, мықты әйелсіз!

  • @ШакураСабитова
    @ШакураСабитова 2 месяца назад +4

    Өмір бойы осы әдет,солай бәрі өмір сүреді деп жүрдік қой Сталкинг,абьюзер мен өмір өтіпті ғой деп менің құрбыларым айтады.Біз жиырмасыншы ғасырдың адамдары бұндай мәселелерді білмей,түсінбей қаншама тұн жылап,ертесі көзімізді сүртіп түк болмағандай жүрдік...әтең..енді немерелеріміз осыны бастарынан өткізбей,бақытты болса екен.деп үміттенемін.Дана,қызым,керемет көтерген мәселесі,енді заңға айналсын деп тілеймін,анаңды шын жүректен құана қарсалдым, сәттілік тілеймін!🎉❤

  • @КалбибиАнуарова-ъ7н

    Дана еңбегіңе көп рахмет.
    Қазақ тілді керемет сұхбатты тыңдап,біраз жаңа терминдерді түсіндім.Келешекте кімді шақырсаңда өтірік емес,шын таза ойын айтатындар болса екен. Әйтпесе ойы-басқа,сөзі-басқалар бар.
    Саған сәттілік тілеймін.

  • @ШынараТемиржановна
    @ШынараТемиржановна 2 месяца назад +4

    Дана Нұржігіт өте сауатты, мықты журналист. Орысша, қазақша өз ойын керемет жеткізеді. Тыңдап отырсаң, кітап оқығандай боласың. Рақмет сізге❤

  • @СолнышкоЯсное-с5я
    @СолнышкоЯсное-с5я 2 месяца назад +6

    КЕРЕМЕТ ....ШЫНАЙЫ ӨТЕ ЖОҒАРЫ ДЕНГЕЙДЕ ЖАСАЛҒАН БАҒДАРЛАМА👏👏👏.ДАНА---СІЗ ЕРЕКШЕ ЖАНСЫЗ.СІЗГЕ БАРЛЫҚ БИІК ШЫН БАҒЫНДЫРУ ҚОЛЫҢЫЗДАН КЕЛЕДІ❤❤❤.БАҚЫТТЫ БОЛЫҢЫЗ.

  • @ЭльмираАкаева-з7ь
    @ЭльмираАкаева-з7ь Месяц назад

    Керемет сұхбат, сауатты, тағылымды, тәрбиелік ойы бар әңгіме болды. Рақмет ❤

  • @Botagoz-c7j
    @Botagoz-c7j 2 месяца назад +6

    Рақмет Сіздерге...! Көөөппп қазақтың қыздарына бұл подкастта айтқандарыңыз ой салып, айтылған кеңестеріңіз көмектесетініне сенімдімін...
    Роза ханымның соңында жаны ашып, каналға қатысты айтқандары ұнады...Бір бірлеріңізді қолдап жүре беріңіздер

  • @АйгеримБакытжанова-п8ы
    @АйгеримБакытжанова-п8ы 2 месяца назад +3

    Өте жақсы бастама. Сіздерге көп рахмет қазақтың қыздарының көзін ашып, көмектесіп, нәзік жандылардың құқығын қорғауға заң шығвруға ат салысып жатқандарыңызға. Менде дәл осы этапта сталкингте жүрмін. Скоро түрмеден шығып қайтадан сол ісімен айналысайын деп тұр☹️. Сол уақытқа дейін осы заңда қарастырылса заңдастырылса екен

  • @АсельХамитова-о2д
    @АсельХамитова-о2д 2 месяца назад +6

    Өте керемет сұхбат болды,ұнады.үлкен буын жастармен осылай тәжірбие алмасып,білмегенді білмедім деп мойындауда үлкен ерлік.

  • @NaziraAkhmetova
    @NaziraAkhmetova 2 месяца назад +2

    Роза Ханымды коптен бери тындаймын оте акылды кыз казак кыздарынын оянуына комектесип жургенин Дана Ханымды билмейтмн адам аз шыгар Дана Ханымнын коуч болганына куаныштымыз Алла разы болсын Сиздерден❤❤❤

  • @Жаклин-и8в
    @Жаклин-и8в 2 месяца назад +34

    Тамаша әңгіме сұхбат болды. Дана сіздің екінші атыңыз - ПАРАСАТ. Парасат биігіңізден түспеңіз. Құрметтеймін!

    • @dana_nurzhigit
      @dana_nurzhigit  2 месяца назад +4

      @@Жаклин-и8в көп рақмет! Пайдам тисе, қуаныштымын💐🙏

    • @АйданаСарсенова-в1ю
      @АйданаСарсенова-в1ю 2 месяца назад +1

      Керемет шығарылым болды, менің де алғаш естуім болды бұл терминді

    • @dana_nurzhigit
      @dana_nurzhigit  2 месяца назад +1

      @ ✊

  • @aiyaomarova9283
    @aiyaomarova9283 2 месяца назад +6

    Қазағымның дана қызы, дара қызы - ДАНА ханым! Сұхбатыңызға көп-көп рахмет!❤❤❤ Керек мәселені көтеріп, нәзік жанды әйел адамдарға дер кезінде қол ұшын созып, көмек көрсетіп, құқығын қорғайтын шешімді Заңға енгізсеңіз нұр үстіне нұр болар еді! Әрбір ісіңізге сәттілік тілеймін!❤❤❤

  • @ГульмираНуркина
    @ГульмираНуркина 2 месяца назад +3

    ДАНА ханым, сіз кереметсіз.Қазақтың білімді, ақылды, дара қызысыз. Сізді құрметтеймін.😍🌹Розаға сөз жоқ қой.👍😍💐

  • @Жанар-й7щ
    @Жанар-й7щ 2 месяца назад +6

    Дана ханым бақытты болыңыз. Шынымен мықты әйелсіз!

  • @BahytgulDauletbakova
    @BahytgulDauletbakova 2 месяца назад +13

    Дана сіз тәжірибелі мықты адамсыз,аман болыңыз

  • @БотагозБакирова-я1х
    @БотагозБакирова-я1х 2 месяца назад +61

    Роза ханымның оқырманымын, дәрежесі тең емес деген коментарий көріп қалдым, дәрежесін салмақтайтын сіз бен біз емес, Роза ханым өте білімді, үнемі ақылын аямайтын жан❤

  • @ЛяйляУмбеталиева-я6э

    Восхищаюсь вами,какие вы молодцы ❤❤❤

  • @kundyztekebaeva1329
    @kundyztekebaeva1329 2 месяца назад +7

    Мен көрген ееең керемет ютубсұхбат болды. Дана сізді сыйлаймын, сүйемін гой❤😅. Біліміңіз, сабырлығыңыз, Дана десе Даналығыңыз енді бөлек әлем. Бакытты болыңыз❤

  • @nazigulmuhadieva1229
    @nazigulmuhadieva1229 Месяц назад +1

    Дана ханым, атыңызға затыңыз сай Дана жансыз, үлкен Рахмет!!!❤

  • @ЖибекНурсафина
    @ЖибекНурсафина 2 месяца назад +4

    Өте жақсы сұхбат болды. Дана әрқашанда сыпайы сүйкімді . Сол үшін халық оны асыға күтеді. Іске сәт. Алімің үлкен азамат болсын.

    • @dana_nurzhigit
      @dana_nurzhigit  2 месяца назад

      @@ЖибекНурсафина әумин! Рақмет!

  • @marzhan55_99
    @marzhan55_99 2 месяца назад +7

    Қайырлы күн! Дана Өмірбайқызы, жасөспірім кезімде Хабар арасындағы жаңалықтарды Сізді көру үшін көретін едім. Үйдегі түрлі-түсті емес теледидарымыз кейде істемей де қалатын, сонда жаңалықтарды көре алмайтынмын... Сізді қатты жақсы көремін. Расында, Сіз секілді адамдар коуч, эксперт болғаны жөн деп білемін❤. Ұзақ өмір сүріңіз💐😘🤗.

  • @SmartKcell
    @SmartKcell 2 месяца назад +4

    Дана ханым сізді көру,сіздің маңызды әңгімелеріңізді тыңдау бір ғанибет қой қазақ жұртыма.Сізге еңбегіңіздің жемісін берсін алла,мың жасаңыз!!!❤

  • @АрайлымКарпеева
    @АрайлымКарпеева 2 месяца назад +2

    Сізге Білікті, Заңды көмек бергеніме және пайдалы болғаныма қуаныштымын, Дана ханым❤

    • @dana_nurzhigit
      @dana_nurzhigit  2 месяца назад +2

      Алғысым шексіз,Арайлым Қамбарқызы! Балаларыңыздың қызығын көріңіз!

  • @Настя-я9м2р
    @Настя-я9м2р Месяц назад

    Өте керемет құнды ақпараттар,Дана ханым өте білімді экспертсіз,сізден коучинг алу бұйырсын.Роза ханым наша мотивация біз оның армиясымыз😊өзіме инсайт алдым бүгінгі подкасттан.қуаныштымын

  • @ГулжаханКобенова-д9в
    @ГулжаханКобенова-д9в 2 месяца назад +1

    Дана ханым, керемет бастамаңыз құтты болсын! Сіз қазақ қыздарына берер пайдасыз зор.Осыншама ауқымды мәселені көтеріп жатырсыз! Ұят деген сөзді көпшілікке мағынасын ашып бергеніңізге рахмет! Себебі осы ұят деген сөзбен қаншама қыздарды келіндерді манипуляция жасап жатыр!

  • @gaukhar_kozhamkulova
    @gaukhar_kozhamkulova 2 месяца назад +1

    Дана ханым, сіз нағыз экспертсіз ғой уже, не жазсаңыз да, не үйретсеңіз де, сіз журналистика, жаңалық, ақпарат таратудың шыңында тұрған экспертсіз ғой, бала кезімізден сіздердің образдарыңызбен өстік қой. Сіздің жаңа өміріңіз, жаңа биігіңіз үшін өте қуаныштымын❤ алдағы өміріңіз тек сәттіліктерге, жақсы, жағымды тәжірибелерге толы болсын❤ жолыңыз ашық болсын❤

  • @Әлем-к7н
    @Әлем-к7н 2 месяца назад +4

    Дана Ханым сізді құрметтеймін өте жақсы мәселені қолға алыпсыз Халыққа шарапатыныз тисін деп тілеймін

  • @ЖанагульЖанагуль-к5я
    @ЖанагульЖанагуль-к5я 2 месяца назад +3

    Сухбатты бир деммен карап шыктым.Адамга пайдасы мол жана инсайттар алдым❤ коп рахмет сиздерге❤

    • @dana_nurzhigit
      @dana_nurzhigit  2 месяца назад +2

      @@ЖанагульЖанагуль-к5я 🙏💐

  • @ДамелиКараманова-э2э

    Қарай бергим келди қарай бергим демекші тыңдай бергим келеди, тыңдай бергим, көп рахмет керемет сұхбат

  • @karlygatelman44
    @karlygatelman44 Месяц назад +1

    Екеуара әңгімелеріңіз қыз-келіншектерге ой салғаны анық. Рахмет!

  • @КунслуБальниязова-п5ю
    @КунслуБальниязова-п5ю 2 месяца назад +4

    Дана ханым, сіз бұл дүниеге келген миссияңызды орындап жүрсіз🤲🏻, қандай керемет жансыз, тіл көзден аман жүріңіз.

    • @dana_nurzhigit
      @dana_nurzhigit  2 месяца назад +1

      @@КунслуБальниязова-п5ю ✊

  • @ЭльзаБауыржанова-ж4б
    @ЭльзаБауыржанова-ж4б 2 месяца назад +5

    Екі мықты жан қосылды! Сіздерден керемет туындылар күтеміз! Мықтысыздар!!!

  • @Айкеріма
    @Айкеріма 2 месяца назад +5

    Қайырлы күн! Подкаст ұнады, көп тақырып көтердіңіздер. Шынымен әйел әйелге жау емес, бір-біріне жанашыр болуы керек. Сол жанашырлықты, қолдауды осы подкасттан байқадым. Роза ханым you tube пен instagram желісінде майын тамызып айтатын, өзінің бір орны бар коуч, Дана ханымға жол көрсетіп бір-бірін қолдауы қуантты.
    Сырт көз сыншы демекші, Дана ханым сөзді көп бөледі екен және өзінің боль дейді ғой қаншалықты қатты болғанын әр сөзінен білінеді, Дана ханым сіз мықтысыз, бастамаңызға тек сәттілік.
    Қазақ қыздарына жол көрсетер шырақ болып, әрдайым білімді адамның күні жарық екендігін айтудан талмайтын сіздей жандарға алғыс.

  • @mywebsoul
    @mywebsoul Месяц назад

    Керемет сухбат!Не деген инсайд ❤️👍Керемет 👏👏👏🎉😍

  • @Dos0515
    @Dos0515 2 месяца назад +6

    Ассалаумалейкум, баршаңызға.
    Жалпы сталкинг дегенді 1 рет естіп отырмын, басынан аяғына дейін жыладым, 10 жылым сол әлемде өтіпті, Аллаға шүкір оны түсінбесем де мен бұндай өмірге лайық емеспін деп өз күшім жетпеген сооң ағамды шақырып екі баламды алып кетіп қалдым... Кетсем де маза бермеді, психологқа бар, намаз оқы деп талап қойдым, қайын жұртым өте мықты, керемет адамдар, мен кеткен соң олар да одан бас тартты, сонымен жалғыз қалғанын түсініп, оқыды, психологқа барды, өзімен жұмыс жасап, бізге келді, Аллаға сансыз шүкірлер болсын, қазір керемет отбасымыз, әрқайсымыздың құқығымыз қорғалған, бұрын айта алмайтын, бүгіп қалатын тұстарымды айта аламын, экологично өзімдегі проблемаларымды шеше алатын жағдайға жеттім, әуелі Алла, сосын қолау көрсеткен достарыма рахмет...

  • @ГулфаридаАмирова
    @ГулфаридаАмирова 2 месяца назад +1

    Дана ханымның адамдармен араласуды тоқтатпау керек деген сөзі енді ұққандай болдым , мен керісінше ешкіммен араласпай өзімді ауру қылдым , Дана ханым жүрекпен айтқан сөзі жүрекке жетеді , рахмет сізге❤

    • @dana_nurzhigit
      @dana_nurzhigit  2 месяца назад

      @@ГулфаридаАмирова жоқ! Тоқтатпаңыз! Өзіңізге жаңа орта іздеңіз, сізге жаңа бағыт сілтейтін ортада болыңыз!

  • @Botakozzhanay
    @Botakozzhanay 2 месяца назад +7

    Дана ханым, сіз бізге нағыз дана Әйелдің үлгісі боласыз…. Сізден үлгі аламын….. Өмірім мен үшін маңызды құнды екенін ұқтым. Сізді жақсы көремін❤

  • @Maussym3693
    @Maussym3693 2 месяца назад +1

    👏👏👏👏👏👏👏 запало в душу. Просто восхитительная женщина! Я открыла для себя новую личность. “Онсыз да ақшасыз жүрген маған сол орта керек болды” деген. Прям в точку, мне нужен ее курс! ❤❤❤❤❤

  • @Tom-iv8gt
    @Tom-iv8gt 2 месяца назад +1

    Дана ханым нашар адамнан құтылғаныңыз жақсы болған екен, өкінішке орай бұндай жағдай өте көп қоғамда, ашық жариялағаныңыз өте орынды, басқаларға сабақ болар! Алдағы уақытта жаныңыз тыныш, бақытты күндеріңіз көп болсын, дұрыс заң қабылдануына сәттілік🌞

  • @МарияБалмуканова
    @МарияБалмуканова 2 месяца назад +12

    Қаражатсыз өмір сүру мүмкін еместігін әркім терең түсінген жөн! Қандай жағдай болсада қаражат үлкен орын алады. Бейберекет шашылу- тыр жалаңаш қалудың, бейшара қарттықтың алғашқы баспалдағы! Зейнеткерлік -Алланың, қоғамның берген үлкен сыйы! Әр зейнеткерде шамалы болсада қоры болуы керек. Екі алақанын жайып балаларына қарау дұрыс емес! Бала-бауыр етің, бірақ оларды айай берсеңдер, балалар саналы ойлаудан қалады.Саналы ойлау- алға жылжу, жан-жағына терең оймен қарау! Бала өз табысына ұмтылмаса ата-аналары қартайған шақта бейшара қалде қалады , ата-анасының зейнетақысына қол сұғып ой-санадан айырылады. Ұлттық дәстүрді құрметтеудің бір түрі - ата-анасының табысына қол сұқпау. Осыныда мектеп табалдырығында үйретсе қалай болар екен.
    Көп ата-аналар зейнетақысын балаларының қолына салып жалтақтап өмір сүруде. Дана ханым осы ойтүркімдіде таразылап көрсеңіз қалай болар екен!

  • @СалтанатОмарова-д7м
    @СалтанатОмарова-д7м Месяц назад +1

    Дана ханым, ! Керемет суқбат болды.

  • @АрайлымТортбаева-и3ю
    @АрайлымТортбаева-и3ю 2 месяца назад

    Әйел тақырыбындағы өзекті мәселелерді көтерген Дана ханымға рахмет. Өйткені сөз саптауы , мәдениеті , ұстанымы, нық сенімі бойындағы, қайсарлығы, еркіндігі , тақырыпты қопара жеткізе алуы құлақтың құрышын қандырып, көңілді толықтырды. Алла Тағала разы болсын , пайдалы сұхбат болды.

  • @user-ot3ef5ly3m
    @user-ot3ef5ly3m 2 месяца назад +3

    Өте керемет, Дана ханым, сізді ешкімнің тұншықтыруға хақысы жоқ, аман болыңыз!❤❤❤

  • @Ainagul-z6v
    @Ainagul-z6v 2 месяца назад +2

    Дана апай мықты. Орысшаңыз да қандай әдемі !Қазақ тілін айтпаяқ қояйын мықтысыз!!!

  • @Zhazira-u6i
    @Zhazira-u6i 2 месяца назад +4

    Қазақтың көзі ашық, көкірегі ояу қыздары👏❤️

  • @guldariyakamalova5158
    @guldariyakamalova5158 2 месяца назад +3

    Дананың сөйлеу шеберлігі қандай керемет. Дана сөз шеберханасында өзіңізден білім алу маған бұйырсыншы🤲🏻. Жаңа мақсат мен үшін❤

    • @gulshatimangaziyeva8005
      @gulshatimangaziyeva8005 2 месяца назад +1

      Өте пайдалы сұхбат болды.Қазақ Әйелдері ешқашан жыламасын,Біз біргеміз❤❤❤❤