Қанды Қаңтар: Бектанов неге Тоқаевты таңдамады? 42 күндік аштық. Адмиралдың көз жасы - Ж. Жанұзақов

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 3 окт 2024
  • Adal ADAM youtube арнасына ҚР Әскери-теңіз күштерінің вице-адмиралы Жандарбек Жанұзақов сұхбат берді.
    Естеріңізде болса, Жандарбек Жанұзақов ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болып тұрғанда 2020 жылы 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сот оны конкурс өткізбестен кемелерді байлау қызметтерін сатып алғаны үшін кінәлі деп тапты: бірінші сатыдағы үкімге сәйкес, вице-адмирал өз әрекеттерімен мемлекетке 30 млн теңгеге жуық шығын келтірген. Үкіммен келіспеген Жанұзақов 42 күн аштық жариялады. Ал 2023 жылы ақпанда Жоғарғы сот оған ақтау үкімін шығарды.
    Сұхбат барысында Қазақстан тарихындағы тұңғыш вице-адмирал Жандарбек Сәдуұлы осынау жылдары өзінің басынан кешкен жағдайларын әңгімеледі. Кімдер соттауға тапсырыс бергенін айтты. Сонымен қатар, Даниял Ахметов, Иманғали Тасмағамбетов, Серік Ахметов, Сәкен Жасұзақов, Нұрлан Ермекбаев, Мұрат Бектанов, Кәрім Мәсімов, Нұрлан Нығматулин, Самат Әбіштер туралы көзқарасын білдірді. Қанды Қаңтар және сол оқиғаның алдында қорғаныс саласының беделді генералдарын жаппай қаралау акциясы не үшін жасалғаны жөнінде ойларын айтты.
    Сондай-ақ ол ЛГБТ өкілдері әскери борышты өтей ала ма, жастарды армияға күштеп әкету дұрыс па, қатынқұмар шенеуніктерді қызметтен аластату керек пе деген сияқты сұрақтарға жауап берді.
    #ЖандарбекЖанзаков #СаматӘбіш #ИманғалиТасмағамбетов #Қорғанысминистрлігі #СерікАхметов

Комментарии • 254