Айгүл Иманбаева: келін атанып, мәһір сұрадым

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 4 дек 2024

Комментарии • 2 тыс.

  • @АсемСапарова-б6ж
    @АсемСапарова-б6ж 3 месяца назад +1465

    Менде де Айгүл ханым сияқты қызық оқиға болған. Балам бір жаста болғанда ажырастым. Содан кейін армандайтынмын, жолымда жақсы адам жолықса екен деп. Тіпті оған сенімді болғанмын, тұрмыс құратыныма сенімді болдым. Болашақ жарымды түгел сипаты қиялымда еді. Аты Арман болса екен(сол есім өзіме қатты ұнайтын), Алматы жақтан болса екен деп, өзім Оралдікімін, Оралда тұрам. Жолдасымның строительный фирмасы болса екен, сонда директор болса екен деп, ең бастысы көңілі ашық, жарқын, балажан, қолы ашық болса екен, менің баламды өзінің баласындай қабылдаса екен, ең жақсы әке болса екен деп ойлайтынмын. Балам жеті жасқа толғанда мама сен қашан киеуге шығасың? Маған бауыр керек, інім не қарындасым болса екен деп. Жарты жылдан кейін, кездейсоқ интернетте бір жігітпен таныстым, содан кездесіп, сөйлесіп көңіліміз, жарасып кетті. Балама да қатты ұнайтын, екеуі дос болып кетті. Дәл сол мен армандаған Арман есімді, Алматылық жігітке тұрмысқа шықтым, 3 строительный коипаниясы бар. Баламның туған әкесінен де артық жақсы көреді, бір бірін үнемі сағынады 1-2 сағат көріспесе. Ең жақсы жұбайым, балама ең жақсы әке жолықтырдым.

  • @ЛарисаМукашева-е9и
    @ЛарисаМукашева-е9и 3 месяца назад +83

    Айгүл ханымды жаңа жағынан таныдым. Мықты адам екен. Рухани бай. Шынымен курс сатып кететіндей шаққа келіпті. Ақылды. Тағы ұнағаны Айгүл ханым таза қазақша, шұбарламай сөйлеп шықты. Бұл да Айгүл ханымның білімі тереңде екендігін көрсетеді. Білімді адам - мейірімді болады. Аларымыз, үйренеріміз көп салиқалы подкаст болды. Рақмет. Жақсы жаңалықтар көп болсын. ❤❤❤❤

  • @astra567
    @astra567 3 месяца назад +180

    В последнее время хорошие новости)) публичные люди мотивируют нас обычных девушек/женщин, что жизнь в 40, 50 лет только начинается)) Баян Алагузова "родила" в 50, Алтынай Жорабаева вышла замуж с 4мя детьми, Айгуль Иманбаева вышла замуж в 47 и это не предел!! Девочки в любом возрасте любите и берегите себя!! Выбирайте себя и свой комфорт!! Давайте будем добрее, зла и так хватает!!!

  • @veneradarma8633
    @veneradarma8633 3 месяца назад +90

    Не деген сұхбат! Браво! 👏Кәдімгідей терапия болды. 40 жастан кейін өмірге көзқарас өзгереді, Айгүл ханым қай бағытта қозғалуға бағыт-бағдар бергендей болып отыр, ішітарлық, өкпеден, өсек-аяннан алшақтап, өзіңді дамытуға, ой-өрісіңді өзгертуге керемет мүмкіндік бар екенін көзімізді жеткізді. Айнұр бұл шынымен де, ең жоғары деңгейлі саналы сұхбат болды!👍 Рахмет сізге!

  • @МарияНетуллинп
    @МарияНетуллинп 3 месяца назад +60

    Молодец Айгул менде 47жаста турмыска шыгып ,49жасымда аягым ауыр
    Бакытты болуга ешкашан кеш емес ❤❤❤

  • @saika6694
    @saika6694 3 месяца назад +406

    Әртістердің ішінде ең сауатты сөйлеген осы Айгүл ғой деймін, қалғандары қазан-ошақтың төңірегіндегі әңгімелерді айтады ғой, Айгүлдің тіл байлығы, сөз саптауы кітапты көп оқығанының нәтижесі. Жарайсыз, Айгүл! Дами беріңіз. Жасай беріңіз.

    • @MBait-i6p
      @MBait-i6p 3 месяца назад +8

      Акыл айтатын ада емес

    • @СапарайымАлимбекова
      @СапарайымАлимбекова 3 месяца назад

      Й футбол й

    • @ДамегулКулбай
      @ДамегулКулбай 3 месяца назад +5

      Өресі биік,мақсаты айқын,салиқалы әйел Айгүл Иманбаева.Енді алдағы өмірінде ақ жаулықты әже болып,әулетінің шамшырағы болғанын Алла Тағаладан тілеймін.🤲🧕Өте керемет сұхбат.Елімізде жалғыз басты аналар көп,сол кісілерге өнеге болды деп ойлаймын.🧠🫀✊🐎✊😍💐🙏

    • @БакытжанНигметова
      @БакытжанНигметова 3 месяца назад +5

      @@ДамегулКулбай Қай жері өнеге! Мақтаншақтығымен бе!

    • @Gasurdek.Galumdek.98.Gimuranul
      @Gasurdek.Galumdek.98.Gimuranul 3 месяца назад

      @@saika6694 Найман.Десе.Неге.?.Мәз.Болды.Руын.Айтпаганы.Калай.?.Айгулде.!.Мынезы.!.🤰🤱👫🏠👪🎥👀📷!

  • @НуриУлтан
    @НуриУлтан 3 месяца назад +387

    Осы подскаст, подскастың көкесі бооды!Керемет!Айгүл ханым бақытты болыңыз❤
    Алып түйер нәрселер көп екен...
    Терең ойға шомылып, арасында бір күліп, бір жылап, бір қуанып, ләззат алып отырып көріп тыңдадық..
    До чего мудпая женщина!
    Айнұрға рахмет, талантливый журналист, умеет слушать, где то сострадать , где то радоваться за своих героев 👍👍👍

    • @aimanseilova7307
      @aimanseilova7307 3 месяца назад +7

      Өте керемет сұқпат болды. Көп әйелдерге мативация берді,деп ойлаймын. Маған ұнағаны ,,Айгүлдің келініне берген кеңесі ,дұрыс" Әйелболашықты тәрбиелеу үшін, білімді, талантты болуы керек. Жолдасымен пікірлері үйлесуі керек. Көп рахмет. Айгүл Айналайын бақытты бол. Қолыңда бақытты болсын! Әжесіне қартаймай шөбересінің қызық қуаныштарын көріңіздер! Айнұр қызым ісіңе сәттілік тілеймін. Астанадан үлкен апаң .❤❤❤

    • @ШахаеваКуляш
      @ШахаеваКуляш 3 месяца назад +7

      Айгүлдің деңгейі көрініп тұр, тамаша, Айгүлдің бір сұхбаты" Айнұрдың мың "сабағынан" артық!!!(Тұрсынбаева)

    • @ЖанарКалиева-н4ш
      @ЖанарКалиева-н4ш 3 месяца назад +5

      Қазақтан шыққан осындай талантты,әнші,актер Айгул Иманбаевадай қызды дүниеге әкелген алдымен ата-анасына көп рахмет,Алла бағын аясында,қосагымен қоса ағарсын,балалы-шагалы жапырақтары кеңінен жазылсын,өнері өрге жүзе берсін,Алла денсаулық берсін,біз Айгулдкй қызы бар қазак олғанымызға мақтанамыз,өзім Айгулды "уят болмасыннан"сүйіп қарасам,әліде карап отырам,жаксы жататын үлгі тұтам,мен сізді жаксы көреміз,убірлі-шүбірлі болыңыз Айгул ханым❤

    • @МаксатМаксут-и2у
      @МаксатМаксут-и2у 3 месяца назад +5

      Өте қатты ұнады . подкаст

    • @Есжаннуралиь
      @Есжаннуралиь 3 месяца назад

      ​@@aimanseilova7307😮❤

  • @ГаухарЖумагулова-ь2ч
    @ГаухарЖумагулова-ь2ч 3 месяца назад +57

    Спасибо за такую офигенную гостью! Красивая, молодая , энергичная, полная жизни, счастье переливается через края и "осчастливливает" даже через экран, любящая ,любимая, талантливая, умная, мудрая! Вы мой краш!
    Я стремлюсь к такому же результату, к гармони со всем миром, сонастроенности ❤❤❤спасибо огромное!

  • @ЖаннаАдилханова-ы6с
    @ЖаннаАдилханова-ы6с 3 месяца назад +61

    Соңғы кездегі мәнді де салиқалы әңгіме осы болды,рақмет сіздерге! Әнші,әртіс мамандарының мақтанбай,өзін талант иесі ретінде көрсетуге тырыспай,Адам ретіндегі қарапайым болмысымен өмірден алған үлкен сабағынан нәтижелі еңбек көрініп тұр. Жарайсыз! Бақытты қасықтап жинап,білімнен,еңбектен,өмірден,адамдардан керегін алып,Алладан тілеп,тірнектеп жеткен бақыттың шыңына шыққан Айгүлді көріп,риза болдым. Үлгі алатын ,сана биігінде ой тоғысатын,рухани ләззат сыйлаған сұхбат болды,тек Алладан амандық тілейміз, бақытты болыңдар қазақтың мықты қыздары!

  • @ЖанарТлеуова-и1я
    @ЖанарТлеуова-и1я 3 месяца назад +38

    Айгүл ханым жарайсыз. Өте керек қорек болды,мен үшін. Жылап жібердім еңкілдеп. Мен асыранды болып өскенін. Туған шешем тірі... Ендігі ойым,қадамым мүлдем басқа болмақ. Тіпті бала тәрбиесінен алғаным өте көп. Рақмет сізге🤗😘Айтарым,жазарым көөөөп. Алғысым шексіз 😘😘😘🫂🫂🫂

  • @ШОЛПАНМаралбаева-ъ8р
    @ШОЛПАНМаралбаева-ъ8р 3 месяца назад +117

    Сенің әңгімеңді тыңдап өзіме көп мотивация алдым.Коп рахмет.Кешірімді болайык.Мына аз ғумырда бір-бірімізді кешіріп өмір сурейік.❤❤❤

  • @ҰлмекенСарсенбек
    @ҰлмекенСарсенбек 3 месяца назад +165

    Мә күшті сұқбат болды Айгүл ханым орамалыныз құтты болсын.Мына сұқбаттан өзіме түйіп ,іліп алар көптеген инсайттар алдым.Расменде біз қазақтар ел не дейді жұрт не дейді деп өзімізден бұрын өзгелерді ойлап,өзімізді шектеп өмір сүреміз .Менің жасым 34-те мен өзімді көп жерде шектеп өмір сүріп жүргенімді анғардым.Осыдан 10-11жыл бұрын жасым 23-те болып өзім басқа саланы менгергім келіп салон красотаның рекламасын қуагып көріп мен бәрін үйренгім келеді мықты мастер болғым келеді дегенде.Админстратыры сіздің жасыныз үлкен 23 келмейді,бізге 16-17дегі қыздар керек деген .Неге десем олардың қаблеті жақсы тез қағып алады деп бетімді қайтарған болатын .Сол нәрсе құртады бізді.Әсіресе Оңтүстік халқы сондай Шымкент,Тараз,Қызылорда халқы көбі адамды қыз баланы жасымен шектеп сорлы қылып қояды.Бұл дұрыс емес дегендерден көп көп лаик күтемін

    • @ЕрасылБалам
      @ЕрасылБалам 3 месяца назад +2

      Сулу,акылды,енбеккор!!!!

    • @Gasurdek.Galumdek.98.Gimuranul
      @Gasurdek.Galumdek.98.Gimuranul 3 месяца назад

      Жумбак.Ангымелер.Коп.Сыяктыгой.Жалпак.Журтка.Жарйя.Болган.!.🎥🎤✍️🤰🤱🏠👫👪💔🏠📷👀✍️🔑📷😁😁😁😁🎼🇰🇿⏰💃!!!!!.

    • @Gasurdek.Galumdek.98.Gimuranul
      @Gasurdek.Galumdek.98.Gimuranul 3 месяца назад +1

      Макур.Сурап.?.Деген.Не.?.Сөз.!.Такырбы.Магнасы.Барма.?.🎥🎤✍️📷😁😁😁😁💃🏠👪👫🤱🤰🇰🇿✍️!!!!!

    • @ЗухраКунтуарова
      @ЗухраКунтуарова 3 месяца назад

      Маһыр ол арабтың салты,неке қиғанда жігіттен алынуға уәде алынады,жігіт үш рет талақ айтып әйелді тастап кеткен кезде,алғашында күн көріс үшін жігіттен алынатын салық.

    • @Gasurdek.Galumdek.98.Gimuranul
      @Gasurdek.Galumdek.98.Gimuranul 3 месяца назад

      @@ЗухраКунтуарова Арабйя.Салты.Быздын.Казакстанда.Барма.?.Кымдер.?.Кулданат.Бундай.Салтты.!.Сонда.Казак.Дастуры.Далада.Калганба.?.✍️😏🇰🇿🎥🎤🏠👪👫💔📚👬🤰📻🏃✋!!!!

  • @АсемханМалдыбалаева
    @АсемханМалдыбалаева 3 месяца назад +52

    Баласы қашан үиленген басқалар сияқты жарияға жар салмады ғои.,естіп таң қалдым,міне нағыз қаоапаиымдылық.Нағыз мықты әиел бақытты болсын!!!

  • @rauka-i5g
    @rauka-i5g 3 месяца назад +16

    Айгүл Иманбаеваны өз басым еңбекқорлығы үшін жақсы көрем. Өз еңбегімен, талантымен жеткен ғой жетістіктеріне. Бұрынғы сұхбаттарына қарағанда, бұл жолы шынында адамға ой салатын дүние көп айтты. Қатын қалаштың әңгімесі емес, өмірдің мәні неде деген философиялық мәселе де қозғалды. Өзім үш күн жүріп, тыңдап аяқтадым. Мықты әйел. Неге тұрмысқа шықпайды, лайық адам жоқ па не деп ойлаушы едім. Күйеуге шықты деген ақпаратты әр жерден оқып, осы подкаст алдымнан шығып, тыңдап шықтым. Күйеуге шыққанына қуанып отырмын шынымды айтсам. Әр адам қай жаста болса да бақытқа лайықты🙏

  • @ЕАГИЕАГИ-ж9ф
    @ЕАГИЕАГИ-ж9ф 3 месяца назад +27

    Айгүл ханыммен болған подкаст, ең мазмұнды, мағыналы, құлаққа жағымды. Тек осы сұхбаттан өзімен түртіп алатын жол болды.
    Айгүл ханым сияқты тұлғалар көп қонақта болса ғой 🙌🏻

    • @ЖұпарҚарасаева
      @ЖұпарҚарасаева 3 месяца назад +1

      Аигүлді көргеніме қуаныштымын. Немерең құтты болсын Өзіңде бақытты бол қарағым Аигүл қызым. Сен халықтың қызысың, ел тілегі қабыл болсын!

  • @danekerzhienbaeva3282
    @danekerzhienbaeva3282 3 месяца назад +166

    Бұл сұхбат өзгелерден ерекше! Басқасы босаңғаның, анау мынау жұқа әңгімелерін айтатын, Айгүл ханым өте сауатты, көзі ашық, санасы жоғары адам екеен, бақытты болыңыз

  • @Акнур-х4ж
    @Акнур-х4ж 3 месяца назад +165

    Қазақ әйелдеріне, жаңа ұрпаққа, жас қыз-келіншектерге нағыз бақытты, гармониядағы, махаббатқа толы өмір сүре алатынын көрсетіп, жаңашылдық әкеліп, бізде сол шет ел әйелдері сияқты өмір сүре алатынымызды, сондай дәрежеге жетуге болатынын көрсеткен керемет жан. Шын мәнінде жас деген жәй ғана цифра. Әр адам әр жасты өзінше өмір сүреді. Өмірге құштарлық сыйлайтын, мотифациялық керемет подкаст болды.

  • @АидаТантаева
    @АидаТантаева 3 месяца назад +33

    Тууууфффф не деген агниме десенші, жанға рахат сыйлаган, тапжылмай отырып кордим, Айгул ханым, бақытқа, махаббатқа шалқып аман-есен журе беріңіз. Керемет ой туйетін апкелік ақылдарынызга ракмет сізге. ❤

  • @РашидаОрмахаева
    @РашидаОрмахаева 3 месяца назад +8

    Өте керемет әңгіме болды. Үздіксіз бір деммен тыңдап, көріп шықтым. Айгүл ханымның сөз таптауы, құлақтың құрышын қандырып қана қоймай, әр бір сөзінен үлкен ой түйіп, өзіме үлкен өмірлік сабақ алдым. Және де қазақ әйелдеріне өмірдің басқа да жарқын жақтарын көрсете білдіңіз. Әсіресе жасқа байланысты шектеудің тек біздің миымызда екенін жақсы түсіндірдіңіз. Өте шынайы айтылған сұхбат болды. Бақытты болыңыз! Алла келесі жылы нәрестелі болғаныңызды естуді бізге нәсіп етсін!🤲

  • @Назым-ю8ш
    @Назым-ю8ш 3 месяца назад +12

    Бірінші рет, осы бағдарламаны аяғына дейін , қозғалмай көріп- тыңдай отырып, өзіме керекті көөөп мағлұмат алғандаймын.Айгүл ханым,сондай байсалды, ибалы, салихалы, білімді және өмірге сондай ғашық екеніңізді көрдім.Именно осы подкасты көріп, талай қыз- келіншек ,өз өмірлерін дұрыстайды, деп сенемін.Өте әсерлі әңгіме болды.Қандай қарапайым жан болсаңыз- өміріңіз соншалықты таза, тұнық болсын, - деген Төлеңгіттің бір қызынан- бір қызына т і л е к ❤

  • @zhufaded4320
    @zhufaded4320 3 месяца назад +124

    Осындай терең адамдарды шақырыңыз, қазақтың көзін ашатын, өресін кеңейтетін.. Әрбір әйел біздің елде осындай болса.. шіркін.. Жан дүниесі білімге, түсіністікке, иманға толы❤️ Әрбір сұхбатынан бір нәрсе іліп аламыз..

  • @НазеркеАдинова-ы1ь
    @НазеркеАдинова-ы1ь 3 месяца назад +50

    Мяяяя, керемет әсерде қалдым, бұл сұхбаттан!!! Қаншама пайдалы кеңестер, терең ой түйдім... Шынымен бүгінгі күні қатты ренжіп, көңіл күйім болмай тұрған, тыңдаған соң бәрін ұмытып кеттім!!! Бала тәрбиесі туралы да қаншама керекті ақпарат болды. Әйел бақытты болуға әрқашан лайықты деген сөзге, өмірлік дәлел. Айгуль ханымға бақыт пен денсаулық тілеймін. Рахмет сізге Айнұр ханым, әр қонағыңыз керемет. Әрбір қонағыңыздан өзіме бір нәрсе түюге тырысамын, бүгінгі Айгуль Иманбаевадан алған сабағымыз мен үшін бір бағасыз сұхбат болды, себебі күнделікті өмірде біреу ақылын айтса, мән бермей қаласың, ал осындай сұхбат ол өзіңе жеке айтқан ақыл болмаса да, кәдімгідей ойланып бір нәтиже шығаруға көмектеседі. Рахмет.

    • @saika6694
      @saika6694 3 месяца назад +1

      Бағасыз емес баға жетпес деңіз

  • @beyknow1148
    @beyknow1148 3 месяца назад +180

    Әкем жоқ қиын деп айтып жатқандарға айтарым, менің әкем болды, өте мейірімді, әлемдегі ең добрый адам. Бірақ арақ ішіп, мамамызды ұратын, күнде қайталанған осы жағдай, менің барлық өміріме орны толмас жара, травма, психикалық ақау әкелді. Көрпе астында жатып әке керек емес Алла алып кет деп жалынатынмын. 17жасымда жүректен қайтты. Қазір ойлайм мүмкін кішкентайымыздан анам шыдап жүре бермей бірден ажырасқанда, мұнша өкпе реніш болмай, нормальный болар ма едім деп. Бұл жағдай жар таңдауға, ақша табуға, барлығына әсер етіп келеді менің өмірімде😢 Әкесіз өскеннің де өз бақыты бар, жаның тыныш, мамаң тыныш.

    • @АйнурЖанат-с5е
      @АйнурЖанат-с5е 3 месяца назад +4

      Келісемін

    • @uldana-oe3nw
      @uldana-oe3nw 3 месяца назад

      Өте ауыр басымыздан өтіп жатыр

    • @Smm00911
      @Smm00911 3 месяца назад +1

      👍🏼👌😌

    • @АсельЕльтембаева
      @АсельЕльтембаева 3 месяца назад

      😢ия менде сол акемнин анамды кинагандары ишип алып, уйкы берми!

    • @МадинаКаратаева-ф1ы
      @МадинаКаратаева-ф1ы 3 месяца назад

      Менде соны көріп өстім, бірақ менің әкем ішсе есін білми маманы ұрып барін қирататын ешкім бағынбай,кейіннен 10 жыл аса мен ес білгенде бір жерге апарып тастатқызды, шүкір содан кейін тәуір болды ,бірақ балдарым деп еш ойламаған көше шығып қанғырып кете беретін карта ойнау,кыз қырқынбай машинамен азаннан кешке дейін қанғыру еді ,қазір машинада айдай алмай сол кездегі ұрған адамдарға күні қарап қалды.

  • @ГулсараКалназарова
    @ГулсараКалназарова 3 месяца назад +5

    Осы субхатты тындаганнан кейн колыма блокнот алып Айгул ханым сиякты кунделик жазуга бел будым Оте эсерли субхат болды Рахмет Айгул ханым Турмыска шыккаанынды балан уйленип немерли болганынды естип катты куандым

  • @ГалияНазарбекова-с3ю
    @ГалияНазарбекова-с3ю 3 месяца назад +7

    Самый лучший подкаст! Вот таких личностей надо звать. Настоящая женщина познавшая себя. такая какая есть. Счастья вам Айгуль❤

  • @КаншаимИманалиева
    @КаншаимИманалиева 3 месяца назад +27

    Айгүлден көп үйренуге болады. Өте дарынды тұлға. Айнұр да бұл әңгімені өте шеберлікпен, білімділікпен жүргізіп отыр. Аналар көру керек. Жасандылық мүлдем байқамадым. Нағыз алтын басты әйел! Алдағы өмірі жарқын болса екен! Анасына рақмет осындай алтын қызды тәрбиелеген. Әншілігін де құрметтеймін. Амандық тілеймін!

  • @НургулМауленова-г6д
    @НургулМауленова-г6д 3 месяца назад +116

    Бүгінгі түсірілім өте керемет. Айгулдің ішкі жан дүниесі толыққанды дамыған,өз өзіне кемеліне жеткен толыққанды әйел. Осы подкастты әдемі демалып тыңдадым😊

  • @НурсаулеКаргабайева
    @НурсаулеКаргабайева 3 месяца назад +164

    Аке туралы такырып мен ушин оте ауыр! Оз туган акемнин ким екенин билмеймин, огей акем, оте жаксы адам, бирак анаммен ажырасып кеткендерине 10жылдан асты, араласпаймыз! Айгул ханым, акемди сагындым дегенде козимнен жас бурк етти! Оз туган акемнин ким екенин билмесем де, омир бойы акеге деген сагыныш сезим ишимде жур! Ол сезимнин барин журегимнин терен жерине тыгып коямын! Ешкашан аке такырыбын ешкиммен котермеймин, себеби мен ушин ол оте ауыр!
    Психологка баруга да коркамын, котере алмайтын сияктымын!
    Айгул ханым сиз ушин оте куаныштымын, кози тирисинде акенизбен кездесип, батасын алып калыпсыз! Бакытты болыныз

    • @АйгульАманбаева-л4е
      @АйгульАманбаева-л4е 3 месяца назад +4

      Бакытты болыныз❤

    • @DinaraSabyrova
      @DinaraSabyrova 3 месяца назад +4

      Уақытыңыз келгенде, дайын болған кезінде барарсыз психологқа. Сіздің жағдайыңыз маған жақын, бірақ әкем қасымда, бұл да қиын. 😔

    • @felicita7608
      @felicita7608 3 месяца назад +6

      Психотерапевтке барганыныз дурыс болар,озиниз де женилдеп каласыз.

    • @ҰлмекенСарсенбек
      @ҰлмекенСарсенбек 3 месяца назад +3

      Әкеміздің аты жөнің ананыздан толық біліп оны іздеп тапқыгыз келмейма?Іздеп тауып ол кісіні көрінңз бәрін жіберіңіз.Қатты жеңілдеп қаласыз.

    • @Perizat11
      @Perizat11 3 месяца назад +9

      Менде де әке жоқ. Бала кезімде көз жұмып кеткен. Бірақ, ойлап қараңызшы. Сізде келесі өмір бар ма? Қосымша запаста тұрған жан бар ма? Біреу гарантия беріп қойды ма қартайғанша өмір сүресің немесе әлі уақытың бар деген? Осы бір үлкен жараның өзі қазіргі өміріңіздің біраз бөлігіне әсер етіп жатыр, ол сізге, бізге білінбейді. Менде де қанша реніш бар ішімде. Қанша терапия жасап жатсам да ақырындап қана азайып келе жатыр. Ол өте ұзақ процесс қой Қорқып, ішке бүгіп өмір сүргенше, неге соған қарсы жүзбеске? Өзіңізден басқа ешкімге де керек емес ол. Қазір арқаңызда үлкен қара тас тұрғандай, соны арқалап жүрсіз. Қысқа ғана өмірде жеңіл, ренішсіз өмір сүруге болады ғой. Таңдау беріп тұр ғой сізге ❤

  • @АкбаянЖанузак
    @АкбаянЖанузак 3 месяца назад +14

    Қайырлы күн Айнұр ханым! Мен үшін ең үздік эфир-Айгул Иманбаева ханыммен болған сұқпат болды. Өте әсерлі, мәнді болды! Айгул хпным-өте мәдениетті, білімді, саналы,иманды,көреген,- бала, әйел, ана, әже, жар, дос ретінде өзін көрсетті. Нағыз үлгі аларлық шынайы сұхбат болды деп ойлаймын, үлкен рақмет шабытыма шабыт қосты, өміріме үлкен мотивация силады. Үлкен рақмет!!!

  • @Khanayim0011
    @Khanayim0011 3 месяца назад +1

    Денемде бір мурашки және әр қуанышыңызға көзімнен жас шықты, өзімде түсінбеймін тек бір деммен сұхбатты қарап бойыма сіңірдім. Рахмет сіздерге))

  • @ЖанылсынКулкашева-х3ф
    @ЖанылсынКулкашева-х3ф 3 месяца назад +57

    Қайырлы күн Қазақ елі ! Айгул өте керемет өмірлік даналық ақылдылық мәні бар мағынасы бар әңгіме айтып отырсыз рахмет.Бұл сұхбаттан Айгулдің әңгімесінен жас қыздарға , жас келіндерге үлгі аларлықтай ақыл кеңес жетеді құйма құлақ болса.Біреудің өмірде жіберген қателіктерінен , басқа біреулер сабақ алады .Бағың ашылсын Айгул .

  • @АлтинкизИсмайлова
    @АлтинкизИсмайлова 3 месяца назад +27

    Өте дұрыс тектің текті жасап ары қарай ата ананың өмірін қайталамау үшін үлкен рухани білім керек! Ол білімді тек өзін өзі тани алатын адамның қолынан келеді! Жарайсың Айгул сенің біліміңнің тереңінен алғаның көрініп тұр. Бағың жансың! Әйел бақытын тілеймін бақ қонсын басыңа ажарлы қайсар қызсың! Бақытты бол! Мақсатың орындалсын❤❤❤❤

  • @mako86811
    @mako86811 3 месяца назад +25

    Прям кайфпен тындап кордим. Жумыстан шаршап келген едим, Айгул ханымнын ангимесин, даусын естип демалып калдым. Шаршаганым басылып калгандай. Кушти сухбат болды❤

  • @ainurkusshibekova229
    @ainurkusshibekova229 3 месяца назад +4

    Айгуль ханым бүгін маған жаңалық болып отыр, өте керемет подкаст болды. Әр айтқан сөзі, әр эмоциясы маған қатты әсер етті. Менің бүгінен бастап өзгеруіме себтігін тигіздің деп ойлаймын. Өзіме көп керек дүние ойыма түйдім. Алла тағала мені шексіз сүйеді екен, бұл эфирді Аллах маған көруімді бұйыртып тұр. Алла ұлық! Сансыз шүкірліетер болсын. Айгул ханым сізге шын жүректен әйел бақытын, жаңадан ана бақытын сезінуді тілеймін. Сізге үлкен рақмет, ағыңыздан жарылып айтқан жүрек жарды әңгімеңіз үшін. Бір адам болсада ой түйіп, көзі ашылып, ойын өзгертуге, өмірін жақсы жақа өзгертуге септігіңізді тигіздіңіз. Сізе Алла тағала разы болсын! Әмин

  • @zhanainam
    @zhanainam 2 месяца назад +2

    Рахмет сіздерге осы эфирден балаларыммен сөйлесуді және ел не дейді деп емес,өзім не істеймін,білімге деген құштарлығым оянды❤

  • @СаулеИксанова-ч4с
    @СаулеИксанова-ч4с 3 месяца назад +46

    "Жақсы болсам да өзімнен, жаман болсам да өзімнен, тағдырдан дегенді алып тастадым өзімнен" - өзіңмен тек өзіңмен жұмыс жасап, басыңды тазалап, кітапты көп оқып, ізденіп, мақсатқа ұмтылып өмір сүрудің үлгісін көрсеттің, Айгүл саған мың алғыс, сүйгеніңмен бақытты ұзақ ғұмыр тілейміз ❤

  • @tolkynbegadylova1406
    @tolkynbegadylova1406 3 месяца назад +48

    Айгүл ханыммен замандас екенбіз. Жасынан дана, болмысы таза, керемет жан екенсіз. Заманымызда басын құшақтап, күйеуінен ажырап қалған, енді кімге керекпін, деген қыз-келіншектерге жақсы мотивация беретін подкаст болды. Қателіктерді өзінен іздеп, тағдырына ешкімді кіналамау ол үлкен мықтылық. Айгүл ханым келгенде мықты сұхбаттың болатынына сенімді болған едім. Жарайсыздар! Ұлтымызға, ұрпағымызға, өскелең қыздарымызға жол көрсететін, қолдайтын керемет жоба. Әр жаңа қонақты асыға күтіп тыңдайтын подкасттарымның бірі болғанына қуанамын.❤

    • @КанатКанатов-ч8ш
      @КанатКанатов-ч8ш 3 месяца назад +2

      Айгуль ханымды уят болмасын багдарламасынан билемин оте жаксы айел жаксы Ана мен-62-демин Жамбыл обылыс жанатас каласынанмын Айгуль бакытты болындар кутты болсын баланда озинди же жаксы коремиз мен Толенгитпин туысым болдынба салеммен Аган Буркит женген Галия

    • @КанатКанатов-ч8ш
      @КанатКанатов-ч8ш 3 месяца назад +1

      Казир Алматыда турамыз

  • @akon_jus.777opo
    @akon_jus.777opo 3 месяца назад +27

    Айгул ханымның ішкі гармонясы сезіледи, ойы жинакы, сөздері нақты, терең ойлы, өзіне сенімді, қазіргі сәттің ләзатын сезініп кушти бір кезеңді өткізіп жатканы байқалып тур. Бакытыңыз ұзағынан болсын! ❤

  • @ШымкентСити-о9э
    @ШымкентСити-о9э 3 месяца назад +4

    Өте керемет сұхбат болды . Сіздерге көп рахмет, ойда түйілген шешілмеген проблемаларым осы Айгүл Ханымның әңгімесінен кейін өз шешімін тауып тұр. Әр бір Қазағымның қыздары Бақытты болсын Айгүлге бой түзеп. Айгүл Құдай қаласа бір Аллам қолдап егізінен бір ұл-бір қыз табыңыз. Мамский әңгіме жалғасын таба берсі

  • @nuri-sama
    @nuri-sama 3 месяца назад +2

    Күшті сұхпат болды. Айгүл ханым күшті сұхпат берді. Әр әйел бақытты болуға лайықты . Бақытты болыңыз. Маған 40 тан асқан әпке ақыл айтып отырғандай сезіндім.

  • @zhazirakenenbaeva4945
    @zhazirakenenbaeva4945 3 месяца назад +14

    Получила огромное удовольствие от подкаста, благодарю Вас!
    Всегда восхищалась Айгуль Иманбаевой, люблю её со времен "Ұят болмасын"

  • @АйгеримМухажанова-у8р
    @АйгеримМухажанова-у8р 3 месяца назад +15

    Адам тек өзін дамытып ,өзіңе ғана көңіл бөлу керек ,өзгеге емес .
    Сонда ғана бәрі жақсы болады .
    Улкен мотивация алдым , білім алуға . Рахмет Улкен бұд подкасқа .

  • @akerkeakerke1478
    @akerkeakerke1478 3 месяца назад +16

    Керемет сұқпат болды! Бірәз көкейімдегі сұраққа жауап тапқандаймын! Меніңде әкеме деген реніш жібермей жүр еді😢 Тұрмысқа шыққалы әкемді кешіргендеймін бірәқ қалай хабарласарымды білмей жүр едім( Әр бала өз түп тамыры кім, кімнен тарағанын білу қажет деп ойлаймын! Жолым ашылады ренішті жіберу керек дегеніде рас! Менде бұйыртса әкемді іздеп барып кешірім сұрағым келеді🥹

  • @ШолпанРысбек-н8ж
    @ШолпанРысбек-н8ж 2 месяца назад +1

    Керемет подкаст болды, өзіме көп сабақ алдым.... Рахмет сіздерге!!❤

  • @МакпалКожабекова
    @МакпалКожабекова 3 месяца назад +6

    Өресі өте жоғары жан екен. Өмірдегі көрген қиындықтарынан сабақ алып қана қоймай, дана әйелге айналыпсың. Бақытты бол! Сәбилі болуыңа тілектеспін!
    Жасым 50ден асып кетсе де өзіме осы подкасттан көп сабақ алдым. Бойжетіп отырған екі қызыма міндетті түрде тыңдатамын.
    Айнұр ханым, өсіп келе жатқан ұрпаққа берер тәлімі мол осындай жандарды көптеп шақырыңыз. Айгүл сіңлім болашақта Зейнеп апамыздың ізін жалғасырушы қазақтың әйелдерінің бірі болатына сенімдімін. Адамның рухани дамуының жоғары деңгейін көрсеттің.

  • @almatynskiy02
    @almatynskiy02 3 месяца назад +61

    Айгүл ханыммен керемет сұхбат болды. Құлазып отыр едім көңілім түсіп, әңгімеден кейін көзқарасым өзгеріп, іштей рахаттанып, ертеңгі күнге мативация алдым, рахмет. Ең күшті, ең керемет, ең тамаша подкаст болды💐💐💐

  • @АрдагульШаизанхан-й8у
    @АрдагульШаизанхан-й8у 3 месяца назад +8

    Ең салиқалы,ең сапалы,ең мәнді,мағыналы сұхбат болды. Түйері, түйсінері,түйіп алары өте көп әңгіме,ақыл айтылды. Көп рахмет.

  • @АйданаЖоранова
    @АйданаЖоранова 3 месяца назад +15

    Қандай керемет адам! Осындай кісілерді көп тыңдау керекпіз. Нақты сөйдейді! Нағыз ақылды, мықты айел мен үшін 👍

  • @anarafatima3565
    @anarafatima3565 3 месяца назад +1

    Саляматсыздарма окырмандар маган катты унап жатыр жан дуниемли козгап жаткан секилди ,озиме туер зат басынан аягнадин екен керемет, ягни подкасты керемет нарсе екен, казирги заманды адамдар ешким ешкимге конака бармайды, ешким бир биреу кореалмайды и болса береалмайды омирго, ал подкаста озине коооп нарсе аладкенсин . Керемет керемет подкастар болаверсин. ❤❤❤ Айгуль ханым мыкты рухани дамый берсин деген тилекпен аяктайн , бакытты болыныздар барша елим халкым❤❤❤

  • @Алия-с2ю
    @Алия-с2ю 2 месяца назад +1

    Әке асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ. Мақалында өзіңіздің балалық шағыңызбен, ұлыңыздың балалық кезеңі айқын жеткізілсе. Қазақ қызы, қазақ жары, қазақтың анасы қандай болу керек деген сұрақтың жауабына сізді айтар едім. Өте керемет сұхбат болды. Қанша қиындықтар, өкпе - реніш, бәрін жеңіп, жүрек тыныштығын тапқаныңыз қандай керемет! Жолдасыңызбен бақытты ғұмыр тілеймін! Алла тағала сәбилі болуды нәсіп етсін! 🎉🎉🎉

  • @gauharbazarbai437
    @gauharbazarbai437 3 месяца назад +75

    Оооооо👏👏👏 философияға, инсайтқа, ақыл-кеңеске толы подкаст болды✨✨👍 Алла біздің де өрісімізді кең, ақыл-санамызды толық қылсын🤲

  • @ГаухарАбдуллина-в8щ
    @ГаухарАбдуллина-в8щ 3 месяца назад +23

    Қазақтың бар қызы,әр қызы бақытты болуы,бір жанның қорғауында,бір жүректің арманы,аңсағаны,сағынары болуы болғанда,шын бақытты болады.Ал,Айгүлжан,келінжан,алтын басыңа,жарқыраған,аймаңдайыңа,бұйырған бағың басыңнан таймасын,орамалың құтты болсын,Алла дегеніңе жеткізе берсін,Алланың сүйікті құлынан,бауырымыздың өмірлік жары,өмірінің айы мен гүлі бол болуыңды тілеймін!!!

  • @МейрамгульБахытбаева
    @МейрамгульБахытбаева 3 месяца назад +15

    Қаншама әйел бақытсыз өмір сүруде керемет әңгіме болды мән мағыналы сөз саптау жалпы басынан аяғына дейін ұйып тыңдайтын 100% мамский әнгіме болды . Ұйықтап жатқан махаббат оянып жатса неге қуанбасқа кім қандай өмір сүрмесін тастамау керек жоғалтпау керек өзін . Әр әйел адам әбден лайық бақытты болуға үлкен рақмет мағыналы подкаст болды ❤ Өмірлі ғұмырлы болыңыз Айгул ханым әдемі қарттық тілеймін бақытыңыз еселене түссін ❤

  • @ЗульфияКурмантаева
    @ЗульфияКурмантаева 3 месяца назад +3

    Керемет сұхбат болды, құлақтың құрышын қандыратын.❤Тыңдай бергің келетін. Айгүл бағың ашылып, сәбилі болу тойыңды тойлай бер.Керемет анасың,керемет жар боласың.

  • @GulmiraZhandarova
    @GulmiraZhandarova 3 месяца назад +1

    Ең ең ең күшті эфир болды❤Өзіме керекті жерлерін түртіп алдым,Айгүл ханым бақытты болыңыз❤Бөпелеріңіз көп болсын!💐

  • @СамекеКажебаев
    @СамекеКажебаев 3 месяца назад +17

    Шынымен, осы бағдарламаны көрген сайын "маған керегі осы еді" деп ойлайтынмын 😊... Но после сегодняшнего эфира: надо же, не всё потеряно, раз... хватит себя закапывать, два... и вообще, жизнь прекрасна, если ты её не проживаешь, а живёшь - честно перед самой собой, по крайней мере... Человек в независимости от возраста имеет право быть счастливым... Хватит вгонять себя в непонятные рамки, ё-маё... Сказала я себе... сколько ж можно... Айнұр, рақмет сізге! Каждый выпуск несёт нужный в тот момент посыл... Айгүл Иманбаева - ❤! Я в вас увидела, услышала, поняла и почувствовала то, что мне нужно именно сейчас! Рақмет ❤!

  • @FeruzaNurmukhambetova
    @FeruzaNurmukhambetova 3 месяца назад +7

    Әр әйел бақытты болуға лайықты. Бақытты болыңыз. Тек Аллаға және өзіңе сеніп бірәз жетістіктерге жетуге болатынын дәлелдеп, осы жасқа келседе қорықпай жаңа білім алуға бел буған керемет жан. Көпке үлгі керемет сұхбат болды🎉

  • @moldiramangeldinova929
    @moldiramangeldinova929 3 месяца назад +11

    Өте жақсы нәрселер айтылды. Көп рахмет! Өмір - ол таңдау. Бәрі өз қолымызда. Тек өзімізге фокус қоя білсек болғаны. Үнемі даму үстінде болуға ұмтылайық❤️

  • @sauleyerezheva2906
    @sauleyerezheva2906 3 месяца назад +5

    Даналық неткен маңызды. Өлгенше өзіңмен әлек бол дегенге амал етіп жүрген Айгүл ханым қыздарға керемет үлгі болып отыр. Жарайсыз 🤍. Рақмет Айнұр 🌷

  • @Little_kasoo22
    @Little_kasoo22 3 месяца назад +8

    Күйеуім ставка қойып, барлық түскен зарплатаны сонда салып тастады. 2 ай болды, қарыздан қарыз, шыға алмай ямаға түсіп кеттік. А мен жертваның рөліне түсіп алып, жылап сықтап отырған екем. Осы подкаст біраз нәрсені орын орнына қойып, реттестіріп берді. Қараңғы түнектің соңында бір жарық көрінгендей болды. План, цель қоя алдым. Аллам күш қуат берсе, сабыр, шыдамдылық берсе барлығы реттелетін шығар. Алла өзі реттеп беретін шығар. Рахмет Айгүл ханым. Күпті көңіліме, үміт сыладыңыз.

  • @АйгеримБалабекова-с8ч
    @АйгеримБалабекова-с8ч 3 месяца назад +34

    Айгүл ханымның әр сөзі жүрекке жетті. Осындай саналы адам болуды Алла бізге нәсіп етсін 🤲🤲🤲

  • @ДаниялКожакметов-и9ф
    @ДаниялКожакметов-и9ф 3 месяца назад +122

    Жасым 23те көп нәрсені тыңдадым, керегін алдым, қоржыныма салдым. Бір қызығы - ер адаммын. Көп рақмет👌

    • @Сезім-ъ8п
      @Сезім-ъ8п 3 месяца назад +2

      Ер азамат екеніңіздің несі артықшылық?

    • @onedream7876
      @onedream7876 3 месяца назад

      @@Сезім-ъ8партықшылық деп тұрған жоқ, ер адам ретінде де керегімді алдым деген мағына болар.

    • @ГульназАманова-ц8г
      @ГульназАманова-ц8г 3 месяца назад

      @@Сезім-ъ8пАртықшылығы мамский әңгімені, яғни әйел адамдардың әңгімесін тыңдап кеткені емес па?!

    • @0nalar
      @0nalar 3 месяца назад

      @@Сезім-ъ8пбұл подкастар сериясын негізінен әйелдер тыңдайды. Ер адам болса да, тыңдады, құр тыңдамай, инсайт алды. (“Еркекпін - артықпын” деп тұрған жоқ)

    • @nuraynurmaganbetkyzy4585
      @nuraynurmaganbetkyzy4585 3 месяца назад

      Уаау жарайсыз😍✊️

  • @SauleKalbanova
    @SauleKalbanova 3 месяца назад +48

    Мамалардың, мамалардан айырмашылығы жоқ дегенде көзімнің жасы тұрмады. Жаным Айгүл жанұяңа өзіңе АЬЛА ЖАР БОЛСЫН.

  • @zhanarabdikerimova5319
    @zhanarabdikerimova5319 3 месяца назад +4

    Қандай әсерлі сұхбат, тамаша сезімде отырмын. Жасым 38ге келіп бірінші рет тұрмыс құрғалы жүрмін. Әйел ретінде де,ана ретінде де болашаққа қажетті сабақ алдым, көп ой түйдім. Ата-анаға қатысты мәселелер бойынша, бала ретінде де ой түйіп отырмын. Көз ашықтық, қарапайымдылық,тіл байлық үйлескен тамаша подкаст болды. Айнұр ханым, жобаңызға әңгімелері осындай мағыналы, қыз-келіншектерді қамшылайтын, тәрбие беретін азаматшаларды көбірек шақыруыңызды өтінемін. Ал, біз көрермен ұйып тыңдай берейік😊

  • @UlbosynTalipova
    @UlbosynTalipova 3 месяца назад +2

    Қандай керемет әңгіме болды . Айгүл Иманбаева нағыз талант , өз ісінің шебері , керемет ана екен. Орамалыңыз құтты болсын ! Алдағы өміріңіз тек қана шаттық пен бақытқа толы болсын! ❤

  • @dinaraomarova5730
    @dinaraomarova5730 3 месяца назад +14

    Айгүл һанымың әр сөзі дәл жүректің түбіне жетті. 40 жастамын ажырасқанмын барлығын тыңдап ойладым ааа әлі де кеқ емес тұрмыс құру бала туу және әр қашан даму үстінде болу екенін. Менде өте көп психолоұиямен айналысамын өзімді-өзім танып түйіндерді шешіп келе жатырмын. Өте керемет өте мен үшін үздік падкаст. Айгүл һанымды тыңдағың келе береді сөз байлығы керемет дана адам❤

  • @moldir.abdrahmanova
    @moldir.abdrahmanova 3 месяца назад +13

    Вот пример человека с современными взглядами, живущий полной жизнью но при этом адекватный для своего возраста, мудрый, состоявшийся и уважающий казахские традиции, делает Салем, уважает родителей мужа, хорошая мама но пои этом не отказывается от своей жизни во имя семьи.

  • @эльмирашауенова
    @эльмирашауенова 3 месяца назад +42

    Айгүл Иманбаева туралы барлық ойым түбегейлі өзгерді. Білім адамды өрге сүйрейтінінің зор дәлелі болды бұл сұхбат👍Алла бағыңызды тұрақты етсін🤲

  • @akmaral147
    @akmaral147 3 месяца назад +9

    Бұл сұхбат өте ерекше болды. Айгүл ханыммен 💯 % келісемін. Тағдырымыз да ұқсас екен. Өмір туралы айтылған барлық көзқарастарымыз ұқсас екен. Бақытты болыңыз! 🙏 Аллам сізге әйел, ана бақытын нәсіп етсін!🤲🤲🤲❤️

  • @ТухабаШымырбекова-з5ш
    @ТухабаШымырбекова-з5ш 3 месяца назад +2

    Өте ерекше, расында ең үздік подкаст болды.Айгул сіңлім өзіңе тәнті болдым. Айнұр журналиска сіңлімнің де сұрақтары өте орнықты, өте орынды болды. Тыңдап көріп шыққан нәзік жандылардың әрбірі өзіне керегін алды деп ойлаймын. Тәрбиелік мәні бар, мағынасы терең подкаст болды. Ризамын!❤

  • @ЖулдызайМаанбетова
    @ЖулдызайМаанбетова 3 месяца назад +41

    Мен көрген ең үздік сұхбат болды. Өзіме түйген көп ой болды.Әйел адамға керек азық боларлық біраз дүние айтты. На одном дыхание көрдім деген осы болар ))) қәзіргі уақытты адамдарға жетпейтін біраз азық болар дүние айтты. Айгул ханым бақытты болыңыз бақытқа лайық адамсыз.

  • @ZhannaUtepbergenova
    @ZhannaUtepbergenova 3 месяца назад +3

    Киноны қайталап көруші едік, бұл жолы интервьюді қайталап екінші рет көрдім😍👍

  • @arailymkyrgyzbayeva3308
    @arailymkyrgyzbayeva3308 3 месяца назад +12

    Қандай керемет әңгіме болды!!! Әкесіз өскен, ажырасқан әйелдің тағдыры өзінің қолымен 180*-қа өзгергенінің айқын дәлелі👍🏼👍🏼👍🏼 Мен де осыдан 4 жыл бұрын әкені кешіру техникасын жасап, өз бақытымды тауып, тұрмысқа шығып едім. Кейін бала-шаға деп өзіммен жұмыс жасауды қалдырып қойыппын...осы сұхбаттан соң қайта қолға алу керек екенін түсіндім! Айгүл әпке, Айнұр әпке, рақмет сіздерге😘

    • @ШолпанБайкен
      @ШолпанБайкен 3 месяца назад +1

      Тамаша сұқбат болды. Айгүл сен керемет әйелсің. Мықты анасың. Өзін басқара білетін, дамыта алған жігерлі адамсың. Бақытың баянды болсын. Мақсаттарыңа жете бер.

  • @НурисламДана-л1п
    @НурисламДана-л1п 3 месяца назад +2

    Журектин тазаланганы коз жанарыныздан коринип,берилип тур,журектен журекке жетти ангимениз❤Озгеден мін іздегенше, өзіңмен күрес өлгенше.Тамаша мамамский ангиме болды.Улыныздын биринши кадамына тусирилген киносына саттилик Серик болсын 🙏 Багындырар белестер коп болсын әумин🤲

  • @_aqsh_1
    @_aqsh_1 Месяц назад +1

    Айгул ханымды бұрын әнші ретінде танитынмын,бұл подкаст арқылы басқа Айгул ханымды білдім🥰 өмірге деген көзқарасым басқа қырынан өзгерді,көптеген инсайт қалды😍😘 Айнұр ханым сізгеде көп рахмет😘😘

  • @qazaqqyzy3142
    @qazaqqyzy3142 3 месяца назад +15

    Бәсе, Айгүл ханым өзгеріп кеткен, құлпырып, жайнап , қазіргі шаш үлгісі де өзіне керемет жарасып, жасарып кеткен,прям бір позитив, приятная энергетика чувствуется деп ойлап жүр едім, өмірінде оң , керемет өзгеріс, жаңалықтар боп жатқаны сезілген екен ғой , құтты болсын жаңа өмір, жақсы жаңалықтар көп болсын ! Көке фильмін асыға күтемін , Алла бұйырса көруге барамыз отбасымызбен ! 👏🏻👏🏻👏🏻🤗🤗🤗👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻

  • @Halbishka_2015
    @Halbishka_2015 3 месяца назад +16

    360 ° өзгерген Айгүл ханымды көру өте қуанышты! Бақыт тілейміз! Алла тілеуін беріп, ұлының қызығын көрсін! Қазақ қызына үлгі болатындай адам болыпты!

  • @aigerimsherniazova7218
    @aigerimsherniazova7218 3 месяца назад +6

    Барлық әйелдерге көруге кеңес беретін сұқбат дер едім. Өзіме керек нәрселерді алдым Рақмет 😘🫂 Арасында жылап көрдім😢 Менің журегіме әсер берген сұқбат👍🏻👏🏻

  • @AktotyOrynbassarova
    @AktotyOrynbassarova 2 месяца назад +1

    Шынымен де подкасттың көкемі болды, 1 жарым сағатым сондай мағыналы, ой түйетін жері көп, өте әсерлі, шынайы бір сұхбат болды. Айгүл ханымның шын бақытты болғанына қуаныштымын, ең бастысы өзімен бақытты болғанына.
    Жүректегі кірді жойғанда, түседі Хақтың сәулесі дегені қандай әсерлі. Жалпы үлгі алатын, мотивация беретін, әрі өнерлі тұлға, маған бұрыннан ұнайтын.
    Шынымен бар ғой, бір өөөте терең мағыналыы сұхбат болды. Айгүл ханыммен бір емес бірнеше тақырыпта жақсы әңгіме құрса болады екен. Әсіресе, жан-тән-Рух деп өзін зерттеп, танып білгені ұнады.
    Әрине келген қонағын осылай аша білген Айнұр ханымға алғыс❤

  • @Saliya-g3l
    @Saliya-g3l 3 месяца назад +2

    Вот это подкаст ! Кушты ! Раньше уважала Айгуль Иманбаеву , а теперь ещё лучше она стала ! Изменилась супер ! Я пенсионерка , а многому - многому надо изменить мне самой и учиться у Айгуль! И особенно по отношению к сыну , к себе и многое - многое ! Кандай парассаты Кыз ! Айналайын! Бахытты болыныздар, сабили болыныздар! Алла аркашан колдап журсын АК ниеттеринизди ! Ин шаа Алла ! ❤❤❤❤❤

  • @ХодячиеМертвецыТТ
    @ХодячиеМертвецыТТ 3 месяца назад +7

    Тырп етпей отырып көрген хабарым осы болды. Өте бояусыз, мақтанышсыз,, таза әңгімелкр. 🎉

  • @rozadossybayeva1282
    @rozadossybayeva1282 3 месяца назад +25

    Айгул айналайын бақытты бол! Өте әсерлі сұхбат болды.Анаң-баоаң -өзің бақытты болып ,өиірдегі бар жақсылықты көруіңді Аллам нәсіп етсін! Осындай әрбір адамға әсер ететін ,улгі алатын забарлар көп болса екен,іркін.Бұрынғы отбасын жамандап,балдары болсада енді көрместей болып кетеді.Өте ақылды қыз екенсің.Сол Анаңның, ата-енеңнің -әже-атаңның берген баталарымен,еңбекқорлығыңмен ,адамгершілігіңнің ,еңбекқорлылығыңның-білімділігіңнің арқасында жеткен жетістіктерің қүтты болсын! Сен ушін қуаныштымыз .Балалы да,бақытты болуыңа тілектеспіз.Бар жақсылықты тілейміз

  • @АсельНуралинова-в8ь
    @АсельНуралинова-в8ь 3 месяца назад +7

    Керемет подкаст! Айгүл ханымды адам ретінде, әйел ретінде, актриса ретінде, әнші ретінде қатты сыйлаймын! Бала кезімнен еліктеп, сұлулығына ғашық болып өскен жалғыз мен емес шығармын. Міндетті түрде тағы қарап, алатын дүние көп болған подкаст болды. Айнұр ханым, сізге рақмет! Өресі биік, тұшымды әңгіме айтатын қонақтарыңыз көп болса екен🙏🏻

  • @АлияСЕРАЛИНОВА-ж4с
    @АлияСЕРАЛИНОВА-ж4с 3 месяца назад +1

    Одно из самых потрясающих интервью! Айгуль ханым прекрасная, умнейшая, зрелая женщина! Столько для себя получила крутых инсайтов! Многое, что зацепило! Спасибо Вам огромное, Айнура за такой подкаст! 🌺 Успехов и процветания Вам!

  • @РахимаДощанова
    @РахимаДощанова 3 месяца назад +3

    Керемет 😍 ұйымдастырып, дәріптеуші Айнұр ханымға, өзінің өмір жолын тереңірек зерттеп, ұғынған, бойыңа сіңірген, көмекке дәру жандарға жеткізе білген Айгүл ханымға ерекше рахмет! Жүрекке жеткізіп, ми қыртыстарына ұшқын ұялатты деуге болады! Әр-бір сөзіңіз, сөз саптауыңыз және өз-өзіңізді ұстауыңыз, биік дәрежеге жеткізген жетістігіңізбен бөліскен жанды көрдім. Жастық шағыныздан ақылға тұнып тұрған тұлға болғаныңызға көзім жетті. Осындай жандардың, өмірімізге сабақ беретіндей, түйсігімізге ой салатындай , мағыналы, үлгі аларлықтай сұқбат болды десем қателеспеспін. Ұйып отыра тыңдап, ой-өрісі кең психолгтың дәрісінен өттім деуге болады 😍 рахмет сіздерге! Айтары мол, келешек ұрпақтың жан жарасына шипа боларлықтай жылы да, тәрбиелік мәні бар сұқпаттардың көбеюіне шын жүрегіммен тілектеспін!!! Көгілдір экранның алдында отырып, жаныма жағымды ляззат алғаныма қуаныштымын! Алланың разылығын, біз сияқты жандардан молынан ала берулеріңге тілеулеспін!

  • @SaltanatIsmagulova-qf3mp
    @SaltanatIsmagulova-qf3mp 3 месяца назад +27

    Айгул Иманбаева білімді , өресі кең, биік адам ❤мықты сұхбат болды , бақытты болыңыз 🌸🌸🌸!

  • @АрайЗейн
    @АрайЗейн 3 месяца назад +18

    Оте керемет сукбат, озимде улым бар : ар жазда европага улымды жибердим дединиз. Сол катты ойыма конып калды. Себеби ар жазда уйде телефонда отырганша, сиздин истегениниз дурыс деп ойлайм. Бакытты болыныз, ар аткан таныныз куанышка толы болсын ❤

    • @Raypember228
      @Raypember228 3 месяца назад +2

      Бұл ақшаға байланысты ғой

  • @togzhankairat9127
    @togzhankairat9127 3 месяца назад +24

    Керемет сұхбат болды👍🏻 Айгүл Иманбаева мықты актриса, адам, әнші, ана👍🏻 Құдай қаласа фильмге міндетті түрде барамыз

  • @МагинурБошенова
    @МагинурБошенова 3 месяца назад +4

    Айгүл ханым ақ орамалыңыз құтты болсын.
    Аитып отырсызғои баламен сырласу керек деп ер бала деп ұлыңызды яғни ер азаматтардың тұғырын биікке көтеретіндігіңіз, анаға деген махаббатыңыз осы қамиеттеріңіз қатты ұнады сізді мақтан тұтатын, қазағымыздың кейбір ( оибаи болмаиды ұят болады ) деген шегаралардан асып өткендігіңізге қатты қуанып отырмын.
    Бұл жерде ең бастысы Өз Өзіңізг деген сенім,өз өзіңізді жақсы көру Аллаға деген құштардығыңыз 100%баиқалады
    Сәттілік сізге келесі жылы Алла бұиырса
    Аигұл егіз босаныпты деген хабар күтеміз🤭🤭

  • @КаракозБайсадыкова
    @КаракозБайсадыкова 3 месяца назад +3

    Керемет рухани сұхбат болды👍🏻! Тусинген адам коп жаксы мағыналы сабақ ала білді деп ойлаймын. Айгүл ханымды отбасымызбен жаксы көреміз: шынайы актриса. Әйел бақыты тилеймин Сізге❤. Ерекше рахмет Айнұрға! Өрлеп өсе беріңіз❤

  • @Куромиь
    @Куромиь 3 месяца назад +6

    Айгүл өте ақылды қыз екен, біз актриса, әнші ретінде білгенбіз , осы жолғы программа өте адамға тәрбие бере алатындай сондай бір жақсы подказ болды Әкеңіздің иманы саламат болсын, жатқан жері жайлы, жаны жәннәттың төрінен болсын, Анаңызға ұзақ өмір тілеймін, балаңыздың алдыға қойған мақсаттарына жетсін , бақытты от басы болуларыңызға тілектеспін алдыңғы өмірлеріңізге ақ жол тіледім, менің Анашымда руы Төленгіт естігенде сондай бір жақындық көріп отырмын сіңілім бақытты бол! Аман бол , біз халық өзіңді жақсы көреміз❤

  • @камшатнугманова-ю3м
    @камшатнугманова-ю3м 3 месяца назад +7

    Эфирді соңына дейін көрдім. Әйел адамның жолы жіңішке десек те сол жіңішке жолдан құлап кетпей өз сәулесін , өз бағытын тауып кету қайсарлық, білімділік және даналық! Маңдайы қандай кең болса жүрегі де соншалықты кең жан екен. Менің тағдырым ұқсас екен өзіме қажетті көп ой түйдім.

  • @assemmuratova7750
    @assemmuratova7750 3 месяца назад +5

    Өте керемет сұхбат 👏🏻Айгүл ханым толық, қызықты, терең адам. Жаңа қырынан ашылып, жақсы жаққа дамуға, өзіңді танып білуге үлкен мотивация берді осы әдемі әңгімеде. Рахмет ❤

  • @almira_abdi4193
    @almira_abdi4193 3 месяца назад +1

    Осы подкасттан озиме туйгеним болды. Айгуль ханымга коп рахмет. Оте акылды айел. Бала тарбиеси, куйеуимен отношениясы унады. Омире коз карасы, алемге козкарасы❤❤❤.Оте керемет

  • @СалтанатМубаракова-ц7в

    Айгүл ханымның ізденіс жолында жүргені мақтауға лайықты. Әр -бір адам өзінің өмірінде болып жатқан қиқылжындарды біреуден көрмей , ізденіс жасап, өзіне үңілсе әлде қайда жақсы өзгерістер болады деп ойлаймын! Айгүл ханымның осы сұқбаты көпшілікке маңызды болдау.

  • @АрайДәлелханқызы
    @АрайДәлелханқызы 3 месяца назад +20

    Айгүл ханым, анаңыздың еңбегі зор және сізге деген ақ тілегі қабыл. Осы тізбекті сіз жалғап, балаңызға тілекші болып, оның армандарының орындалуына себепші болдыңыз. Әкесі жоқ қыздар (өзімде бармын) қашанда мықты. Өзін жақсы көру, сыйлау, түсіну, тану. Ешкімнің, ешқашан көңілін де, сөзін де, махаббатында қажетсінбейді. Түйгенім осы. Қосылсаңыз лайкты қойып кетіңіз.

  • @Nabat1983
    @Nabat1983 3 месяца назад +19

    Аларым көп болды. Құдаймен байланысуды, күнделік жазуды, тілеуді әдетке айналдырамын деп шештім. Кешірім сұрауды, кешіруді де үйреніп келе жатқаным жаныма жылулық, рахат сыйлайды. Адам болайық, аман болайық!!!

  • @АкботаКенесова
    @АкботаКенесова 3 месяца назад +7

    Бұл подкасттың адамға рухани байлық берері анық. Дін туралы да, психология туралы да, бәрі жетік айтылды… ең бастысы қабылдау деген дүние қазіргі адамдарға өте керек, қандай ситуация болмасын қабылдай білсең, өмірде жеңіске жетесің❤️

  • @Qyzputour
    @Qyzputour 3 месяца назад +2

    Айгүл Иманбаева әрқашан жарқырап жүретін Қазақстанның жұлдызы!🥹😍 Көрген сайын терең адам екенін байқап қалатын едім, бірақ бұлай ашылып айтқан әңгімесін алғаш тыңдауым. Жүрегі таза, өте терең, дана әйел екеніне ойлағанымдай көзім жетті. Барлық айтқан әңгімесі инсайт болып миыма да жүрегіме де жетті, подкасттан өте көп ой түйдім.
    Мамский әңгіме подкастына алғысым шексіз, тек керек дүниелер ғана айтылады. 100% жүрегімнен шыққан шығарылым болды, көп рахмет! 🫶🏻

  • @aknursaip3422
    @aknursaip3422 3 месяца назад +1

    Айгүл ханыммен әңгіме жүрекке сондай жағымды, жылы, көптеген ойларға жаңа көзқарас пен кеңестікке толы болды!!! шыныменде ұлға келгендегі тәрбие туралы бірааз нәрсе түйдім деп айта аламын, сол үшін рақмет!!! Кешірім айтып, кешірімді бола білудің маңыздылығын түсініп, мұсылмандықты, имандылықты сақтай білудің кереметін еске түсіргеніңіз үшін мың алғыс!!! Бір жерде тұрып қалмай, жас, әңгіме, өсек, елдің сөзіне қарамай өзіннің дамуына, сананның кеңеюіне, кругозорынның ашылуына мақсат қойып әрекет етіп, ешнәрседен қорықпай тәуекел етіп, Аллаға сеніп тек жақсылыққа ұмтылудың маңыздылығын түсіндіре алғаныңызға РАҚМЕТ❤❤❤
    Айнұр ханым керемет проектіңізге, еңбектеріңізге мың да бір алғыс❤❤❤ Мамский әңгіме жасай берсін🤲🤲🤲