эпизод соңында айтылған комментарийге сыйлық беретін конкурс 10 - Қазанға дейін жалғасады. ⚠ЕСКЕРТУ: Біз сізбен байланыса алуымыз үшін комментарийде Instagram аккаунтыңызды жазуды ұмытпаңыз. 🔥Сәттілік!
Қайша қызым, денің сау болып, қосағыңмен қоса ағар. Жас болсаңда, ақылыңмен бас болып өмір үшін күресуді, қазағыма ақша тауып әдемі өмір сүруді үйретіп шырылдаған жүрегіңнен айналайын. Ең бастысы ана тілінің қадірін көтеру үшін кез келген жерде қызметті (салон,ресторан, ателье)қазақ тілінде жүргізілуін талап етуіңнің өзі көпке улгі, өзіңдей ұлт жанды, еңбекқор жастар көп болса Қазақстанның жарқын болашағына сенемін
Айналайын Қаншатай саған бас іиемін нағыз қазақтын қаисар қызысын меның жасым 50 де сенің историсыңды узбеи көремін қанша жылдан бері сенен жастарымыз улгі алса екен сен сияқты қазақтың қаитпаитын қыздар көбеие берсын жаным саған әрдаиым ақ жол бата тілеимін сені тусінетің жігітіңе де рахмет ақылды бала қызыңды қандай етіп тәрбиелеп жатсын сенен барлық қазағым улгі алса екен деимін🎉❤
Өкіріп жылап отырмын себебі 25 жасымда туған інім жұмыртқасында рак болып мен медицинада оқимын 2курста шапқылап Шымкенттен Алматыға алдырып емін бастап жылап еңіреген кезім злокачественный рак болған 2 стадия екі операция ең ауыр 4химия ә болды соның бәрін мамама айтқызбай папам екеуміз е Алматыда емдетіп еңіреген кездерім есіме түсті қазір 11жыл өтті інім үйленді 3 баласы бар мен аллаға сансыз шүкір еттім рахмет алла ❤
Не деген подкаст, бір жыладық, бір күлдік, не деген қазақилық, тарыдай шашылған қазағым-ай дегенде өкіріп жыдадым, өмірге деген құштарлығыңыз сізді әлі ақ талай биікке жетелейтіні сөзсіз❤
Подкастардың ішіндегі ең төресі десемде болады .бір жыладым ,бір күлдім шынайы болды. Инстада жолдасыңыз дың машина алып бергенін көріп өйй мақтанушылық ойлағанмын , сол ойым үшін кешірім сұраймын .Қазаққа бекер туылмағансыз, батыр қазақтың Қайсар Қайша қызысыз.бүгіннен бастап сіздің оқырманыңызбын 😅сізден өте үлкен ой түйдім , Роза ханым сізге көп -көп рақмет ,
Қайшаның тіл байлығы,білімінің тереңдігі анау мынау менмін деп жүрген біраз жанды жолда қалдырады екен.не деген табандылық,қайсарлық,өжеттілік;өмірді қалай сүйеді қарап отырып аузым ашылып отыр.осымен екінші рет қайта көріп отырмын подкасты.
Сізге қарап үлкен мотивация алдым шынымды айтсам. Мен 28ге толамын келесі айда , менде де рак, омыраудан 2 стадия гормональный түрі, химия алып жүрмін емделіп өзімнің көңіл күйімді өзім көтеріп өзімді өзім көтеріп жүрмін, өзіңнен басқа ешкім саған көмектесе алмайды екен . Сіздің күйеуіңіздің сізге деген қолдауын естіп жылап отырмын 😭 менің күйеуім маған басында білгенде емі тегін ба деген , бір екі апта бұрын бұрыңғы қызымен сөйлескенін көрдім өте қатты қиын екен, осындай ауырып жүргенде ең бірінші жаныңдағы ең жақын адамнан іздейсің ғой қолдауды, күйеуіңнің қолдауына басқанікі жетпейтін сияқты, бірақта менің балаларым кішкентай болсада маған үлкен мотивация солар, әсіресе үлкен ұлым өзінің жасы 4те ғана ауырғанда маған ештене демей құр құшактап отырады мені түсінгендей, шаш жоқ болғанда жаман боласың соны түсінетіндей мама сен красоткасын деп қайта қайта айта береді, кішкентай қолдарымен жүрек көрсетіп😢сол үлкен қолдауды ю ұлым беретіндей. Ауырмай тұрып Құдайға ренжігем мен, неге мені әкем тастап кеткен неге анау неге мынау деп , болмайды екен олай, Құдайға сену керек, шүкіршілік айту керек. Құдайды жүректен шығармау керек, ұмытпау керек! Сіздің мықтылығынды көріп өзімнің бойыма ьір күш келгендей, мен бірақта өзім емделіп кететініме сенемін өзімнің болашағымның барына сенемін, балаларымның жанында қалуым керек! Мына подткастты көріп осыдан емделіп алған соң бір үлкен болашақ күтіп тұрғандай болдым🙌🏽
Біресе жылап, біресе мотивация алып подкастты көріп шықтым. Өмір деген үлкен мектептің үздігі болған Қайша Керейге тек алғыс пен ұзақ ғұмыр тілеймін! 5 жылдай болды тұрақты көрерменімін, кейде қиналып қалсам Қайшадан мотивация алып, рухымды көтеріп алам, әрдайым қазақтың рухы мықты қызы бола бер!
Қайша Керейді бұрын естімегенмін, осында бірінші рет көрдім, тындадым, таныстым, ғашық болдым ❤ Керемет білімді , тәрбиелі, энергетикасы, сөз саптауы, тіл байлығы бәрі бәрі керемет. Қайша Керейдің бойында 100 татырлық батырдын күші бар, кермет нәзік жан. Кинодағындай эмоция қалдырды, жылапта алдым, қуаныпта қалдым. Осындай мықты тұлғаларды тындыу керек , балаларға үлкен үлгі болатын жан 🙏🏻 Аман болыныз, ауырманыз. ❤ Үнемі осы подкасты көремін, Роза ханым осындай эмоция қалдыратын , шын өмірінен алынған жақсы тұлғаларды көбірек шақырсаныз ❤ @zhortar
Құрметті қайша ханым сіз мен ушын ең сүйікті бологер,ең мықты кәсіпкер, ең қазақтың батыр қайсар қызысыз, мен сізбен кездесіуді армандап жургем,хамер машинаны сыйлаган куни ертесі оқырмандармен кездесемін деп айттыңыз сразу жумыстан сурана салып автобусқа отыра салып ушып келдім,сізді көріп куанып аңгімелесіп мативатця алып қайттым,мен сізге қарап шабыттанам,сизден сауданы үйрендім,менде дәл сіз сияқты елден жалгыз бір өзім келгем,сіздің жолыңызбен журіп келем, мына Подкатс көріп қуанып аягына дейін уйқтамай көріп шықтым,буган дейін узіп узіп көретін едім,бир түйіп алар сөз магына жоқ басқаларда,сиздің әрбір сөзіңізде қанша білім,қанша магына бір таудай білім жатыргой,недеген сөз мәнеріңіз недеген тіл байлық тәрбие,недеген өмірі баян жатыр, қаншама еңбек,маңдай тер,адалдық жатыр,өте мықты батыр қазқтың қайсар қызысыз,ешқашан ауырмаңыз, қуаныш ага екеуіңіз бақытты болыңыз,арука сізді қуантып болашақ жұлдыз 🌟 бизнесмен сіз сияқты батыр қыз болсын!артынан ул ерсін қыз ерсін, отбасымызбен жақсы көреміз сізді,біз сізбен мақтанамыз,біріне жибердим көріңідерші деп,қатты қурметтейм,сйлаймын, шіркін сіз депутат болсаңыз екен,алладан соны сураймын,❤
Қайша жаным неткен керемет жансың. Мен көп телефонға қарай бермейтін жанмын. Сенің атыңды естігенім. Бірақ инстаграмға кіріп қарап, зерттеп көрмеппін. Түнде телефонға қарап бірдеме іздеп отырсам, стористан байқап, осы подкасты көріп шығайыншы деген оймен кіріп соңына дейін көрдім. Көргеннен бастап қызыға артына дейін көрейінші деген ой болды. Басында сенің қайсарлығыңа қатты қызықтым. Кейін ауырғаныңды естіп, жылап алдым. Қызым мама не болды дейді. Ештеңе деп қоям. Ойладым, осындай қайсар, көп қиындық көрген қазақ қызына Алла осындай сынақ берген ба. Бұл сынақты жеңген мен саған қайран қалып отырмын. Кіп -кішкентай бола тұра , неткен энергия, неткен қайсарлық, мен үлкен болсамда саған басымды ием. Алла сенің қолдап қасыңда болған күйеуіне рахмет айтамын. Әр бір Қазақтың ер азаматтары осы Қуаныштай болсын! Әйелдерін сыйласын! Әр қиындықтың артыңда бір жақсылық тұрады деген рас. Ешқашан ауырма. Алла Қуаныш екеуіңе балапанныңның қызығын көрсетуді нәсіп етсін. Мен бұл подкастты көріп, өзімде сенімділік пайда болды. Барша Қазақтың қызына үлгі бол. Алла саған жар болсын! Жортқанда жолың болсын! Мықты денсаулық, қажымас күш қуат тілеймін!
Жұмыста жылап отырып қарадым. Шынында да өте мықты қазақтың кіп кішкентай қаракөз қызысыз. Сондай қиыншылықты жеңдіңіз. Ендігі өміріңіз тек бақытты болатынына сенемін. АЛЛАҺТЫҢ қалауымен. Денсаулық басты байлық. Қазағымның дені сау, бай бақуатты болайық ❤❤❤❤❤
Мен де оралманмын. 10 жасымда Ташкенттен Астанаға көшіп келдік. Ата-анам “ұл-қызым қазақ болсын”-деп көшіріп әкелді. Ол кезде жасым 10да, бастауышты өзбекше, латын әріпімен оқығанмын. Орысшаның О-сын түсінбеймін, Қазақша ауызша өзбекше аралас білем, қазақ әріптерін оқи алмайм, қай кезде ы, қай кезде і, ұ, ү-нің айырмашылығын ұқпаймын. Жанталасып, орыс мектебінде орысша граматикасын жаттап, 2 жылдан соң қазақ мектепке ауысып, қазақша диктантты 5-ке жазатын болдым, түгел пәннен 5 алдым. Универді қызылға бітірдім. Жылап отырып көрдім мына подкастты. 👍Аллаға шүкір, дін аманмын. Жасым 30да қазір, Астанада баспанамыз бар, күйеуім бар, 2 ұлым бар. Дипломированный педагог-психологпын, Қазаққа ең алғаш қазақ тілінде көзге арналған комплексті жаттығуларды, психологиялық консультациялар жүргіземін. Осы подкаст мотивация болып, жігер беріп жатыр. Әсіресе “қазаққа берем деп барыңдар”-деп Қытайдағы қыздарға айтқаныңыз өтті. “Қойшы балам кішкентай, қойшы әйелмін ғой”- деп еркелеп жүр екенмін, блогты активно жүргізбей. Басқа салса адам 6 күн тамақ ішпей, тірідей денесін жаққандай қып химия жасаса да шыдайды екен ғой! Тағдырыңызға құрметпен қараймын! ❤ Қытаймен сауда деген менің темам емес деп, сізге жазылмаған болатынмын. Тұлға ретінде құрметпен қазір барып тіркелгелі отырмын. Аман болыңыз! Аллам күш-қуат берсін! Сұрағаныңыздың барлығын артығымен үйіп-төгіп берсін🤲✨ Ізгі тілекпен @kazyna_official 🌹
Тангы 04:48, жылап, тебиренип отырып кордим. Алла мыкты куш жигер берип койган екен. Мужиксыз дегим келеди бир созбен, Менин еки балам ерекше, аутизм диагнозы екеуинде, улымда эпилепсиясы бар ещё. Мыкты болуга тура келеди. Алладан Куш Жигер сураймын озиме, и бариде акшага байланысты болган сон, Жокшылыктан куткаршы депте тилеймин кейде, себеби Сол коп нарсе каржыга кеп тиреледи. Сиз сынакта сынбай, крик жигеринизди жинап,Бир Жаратканнын кушимен, колдауымен, Жолдасыныздын демеуимен барин женип отырсыз. Биздерге Улгисиз! ❤ Сизге тилерим, тагыда улды кызды егизди болыныздар. Бастысы кулан таза айыгып кетиниз, шипасын берсин. Енбегиниз жансын, Ананыз Аман болсын сизди жарык омирге акелген. ❤
Қайша апкемнің дені сау болсын өмір жасы ұзақ болсын сіздің айтқан сөздеріңіз мені жылатты. Жаным апкем еміңіз жаксы аяқталып иншаллах кудай қаласа ұл қыз перзенттеріңізді көруді нәсіп етсін🙏🏻🧿 Менің есімім Перизат жасым 29 да екі қыздың анасымын сізге қарап мен осы әпкемдей боламын мықты бизнестіде жақсы жүргізіп блогымды жаксы жүргізіп кететініме көзім жетеді иншаллах🙏🏻 Алла екі дүниенің бақытын берсін сізге🙌🏻 ауырып жатқан жандарға алла шипасын беріп тез сауығып кеткенін нәсіп етсін🙏🏻
😍😍🥹👍 мықты подкаст болды мен шыны керек орысша білмеймін сөйлеуге қысылам сәл түсінсемде екі қабатпын узиге барсам орысша айтады маған қазақша айтыңыз дедім тағы орысша сөйлеп кетті қазақша түсіндіріп айтсаңызшы мен түсінбеймін дедім сөйтіп біреуді әкеп түсіндірдіғой мама дедім жыным кеп біреу орысша сөйлесе қазақша айтыңыз деп ұялмай айтам өз елімде орысша сөйлеп түсіндіріп қиналып кетем ше кейде соған жыным келеді Қазақстанымда қазақша ғана сөйлеу керек қазақша айтыңыз деп жүрген жерімде сүйтем орысша білмегеніме ұялмайм себебі мен үйреніп көрдім но сөйлеп кете алмадым қайырлысы деп Сізден үлгі мотивация алам сіздей Қайсар болғым келеді аман болыңыз құдай қаласа тағы балалы шағалы болыңыз бұйырса ❤👏🏻👏🏻🌹🌹🌹🌹😘😘😘@aiman.zhumabaevna менде сіз секілді бизнесмен кәсіпкер болғым келеді жұғысты болсын деп инстада айтқаныңыз ақ тілегіңізбен сыйыңызды алу бұйырсын🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻❤️🫂😘😘🌹
Ешкандай Подкатс тан бундай асер алмаган едим🎉. Просто вау. Казактын кайсар кызы Кайша 100 жасаныз. Убирли шубирли болыныз. Балаларыз коп болсын. Бар болыныз бай болыныз. Аллам жолдасынызбен бакытты гумыр сыйласын.🤲
Бір деммен көріп шықтым. Арасында жылап та, батылдығына таң қалып та, айтқан әрбір сөзі көз алдымнан өтіп өзім сезініп шыққандай болдым. Алла шипасын берсін деп шын жүректен тілеймін. Розаға рахмет сөзін бөлмей жақсы сұхбат болды. Жолдарың ашық болсын.
Жасым 57 де Қайша қызымды көріп өкіріп жылап алдым. Өзім таң намазымды оқып болып, таңмен таласып жылап жатырмын. Қасымда жолдасым ұйықтап жатыр. Естіп қоимасын деп көрпемнің ішінде жылап отырып көрдім. Не деген батыл қызсын Қайша қызым. Өмір жасың ұзақ болсын. Қызыңның қызығын көр жаным аман бол. Падарка керек емес маған Алладан амандығыңды тіілимін.
Қайша Керейді шашы жоқ кезден білетін едім , одан соң Даулеттеннің историясы арқылы таныла бастады , рак ауруын жеңгенінен бастап Туркиядағы өмірі , Қытайдағы саудасы , барлығын көріп отыратынмын , өте еңбекқор ,Қайша десе Қайша нағыз мативация алатын адам және Инфобизнесте болған Шуда мен Қайшаға сендм ❤️
Жыламай қарау мүмкін емес.Қандай керемет біздің Қайша деген қазақтың өжет,батыр,білімді қызы деп бір марқайып қалады екенсің.Қуаныштай жарды бұйыртқан Аллаға сансыз шүкір.Бар болыңыз,бай болыңыз.Арттағы келе жатқан сіңілі,інілеріңізбен ұшан-теңіз біліміңізбен бөлісесіз деген ойдамын.Қайшадай қазақтың білімді қызынан білім алып,үйрену,даму жұғысты болсын🤲🤲🤲
Өмірде анау-мынаыу дейміз,өмір біз ойлағандай бола бермейді, мотвацияға толы сұхбатты көріп отырып Аллаға шүкір дедім .жол көлік оқиғасына ұшырап төсекке жатып қалып едім, Қайша әпке рахмет сізге,қазақ қоғамындағы мыңдаған жандарға үлгісіз. Алла шипа берсін! қалың елдің дұғасымен аман есен болыңыз, Аружаныңыздың артынан ерері көп болсын! Анаңызға Алла денсаулық берсін! "Мықты ана" басымды идім қайсалықтарыңызға! Істеріңзге Сәттілік! 💪💪
Құдай недеген шебер, қалай бір адамның бойына осынша даналықты, әдемілікті, қайсарлықты, жомарттықты, ақылды, сабырлықты үйіп-төгіп бере салған🤲 Құдай күш-қуат берсін, қазақ үшін Турция мен Қытайды қол жетімді жасадыңыз, алда Американы бағындырып, әр қазақты брендке батырасыз, ҚАЙШАдай қайсар қызы бар қазақтың бағы бес елі❤
Недерімді білмей отырмын, бір деммен көрдім, көзі ашық мінезді қыздардың кездесуі әрі Қайша апкенің тағдырын естідім, кейбір жерінде ойланып қалдым, ол кісінің орнында басқа біреу болса бұлай істей алмас еді. Бұрыннан көрем Қайша апкені, кейде сынап кетемін, бірақ бүгін сізбен шынайы толық танысқандай болдым, сізді ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚАЙШАСЫ деп бекер айтылмаған екенін білдім. Сізді тіпті сынауға хақымыз жоқ екенін аңғардым, жүзпайыз жақсы мықты адам бұл өмірде жоқ, әрі жүз пайыз адам болудың нақты бір рамкасыда бұл өмірде жоқ, деседе сізді жүзпайыз жақсы мықты адам ретінде бүгіннен бастап қабылдаймын! Басыңыздан өткеніңізбен мықтысыз, біліміңізбен мықтысыз, көз ашық адам және қатал бола білетін адам сонымен қатар өте ақкөңіл адам болғаныңыз үшін жақсысыз. Жақсылықты ұмытпайтыныңызбен жақсысыз. Жалпы айтарым ешкімнің көзқарасы маңызды емес, тіпті меніңде , тек осы қалпыңызда өзіңізге сеніп жүре берсеңіз болды ❤ және айтарым емді соңына дейін жалғастырыңыз, сезімталдықпен отпен ойнамаңыз(бұл жерде екінші бала алу жайлы), Алла берген Аружаныңыз бен жолдасыңыз, жақындарыңыздың жанында ұзақ ғұмырлы болыңыз, бақытты болыңыз. ❤❤❤❤❤❤
Қайсарлығыңызға бас иемін. Сіздің өміріңізді естіп өзімнің өмірімдегі ренжіп жүрген адамдарды кешіремін деп шештім. Шүкіршілігімді арттыру керек екенін түсіндім. Өмірге деген құштарлықты ояттыңыз, Алла разы болсын сіздерге, көрген түйгендеріңіз өмірлік сабақ болып жатыр қаншама жанға❤😢
Керемет сұхбат болды! Жарайсың, айналайын Қайша, өз өмірің туралы айтқан сұхбатыңа бір күліп, бір жылап отырып тыңдадым. Нағыз қазақтың қайсар, жүрек жұтқан қызысың! Қазақтың қыздарына үлгісің! Жолдасың Қуаныш та қандай қызды жар етуде адаспаған! Кішкентай Аружандарыңнын қызығын көріңдер! Иә, осыдан 100 жыл бұрын Мағжан Жұмабаев “ мен жастарға сенемін!”- деп бекер айтпаған, өзіңдей жастар барда Қазақ Елі әлі-ақ мықты мемлекетке айналатынына сенемін! Сұхбатты жүргізушіге Қайшаның сөзін бөлмей, толықтай тыңдауға мүмкіндік бергеніне көп рахмет! mira61omarova
Қазақтың рухы мықты қызы, Қайсар Қайшасы, қаншама ауыр сынақ келсе де, өмір сүруге деген құлшынысты жоғалтпаған, нағыз партриот, намысшыл, қазақ тілінде сайрап тұрған, қазақтарға үлгі болар өзіңдей азаматтар көп болсын. Қазақ елінің жүрегі болып жүре бер. Ең бірінші денсаулық. Ешкімнің айтқанын жүрегіңе кіргізбе, сенің жағдайыңды білмей айта беретін адам көп. Тек алға. Осындай мықты энергиямен әрқашан халыққа берері көп болып жүре бер. Тарихта ізің қалсын Қазақтың Қайсар Қайшасы❤
Мықты батыр қыз екен. Құдайдың сынағыда қатты екен. Өзінің мықтылығының, кең пейілділігінің , еңбекқорлығының ,ер мінезділігінің , бұрыннан Таңда 04:00 тұратындығының арқасында , сұлу және бизнес леди , ана, Сүйікті жар . Ғайша, сіңлім, құлан таза жазылып , Аружанның артынан ерген іні-сіңлілері болсын!
Қазақтың мықты Қайшасы!✊🏻✊🏻🪬🫶🏻😘Алла сіздің қорғаушыңыз!✊🏻🤲🏻Аллам тіл-көзден сақтасын! Ұзақ ғұмыр берсін! Отбасыңызға барлық жақсылықтарды тілейміз! Ер азаматыңыз Қуаныш жаныңыз аман болсын! 🤲🏻💞Махаббаттарыңыз мәңгілік шексіз болсын! Ордалы отбасы болыңыздар!🤲🏻 Мықты батыр қызсыз!✊🏻💐🧿Аруканың болашағы жарқын болсын!🪬💐❤️
Мәәә осы подкастты Роза үшін көріп едім. Енді Қайшаны да тыңдайтын болам. Қайшаның фанаты болдым. 28 жасында ғасыр өмір сүріп тастаған сияқты, көп өмір сүргеннен емес , көпті көргеннен сұра деп бекер айтылмапты.
Қайырлы күн! Адам, өмір, тағдыр. Шынымен, жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді екен. Қайсар Қайшаның өрлігі, өмірге деген құштарлығы, қандай жағдайда да мотивация іздеп, өмірге күліп қарасаң, өмір де күліп қарайтынын, Аллаға сансыз шүкіршілік айтуды үйретіп отыр. Подкасттан қатты әсер алдым
ҚАЙША ҚАЗАҚТЫҢ ЖҰДЫРЫҚТАЙ ҒАНА ЕРЕКШЕ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ. ІСІНЕ РАЗЫМЫН, РИЗАМЫН. ЕҢБЕГІ ҚАЗАҚ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРІНЕ ҮЛКЕН ҮЛГІ-ӨНЕГЕ👍 АЛЛА ДЕНІҢЕ САУЛЫҚ БЕРСІН, ЖАРЫҢМЕН БАҚЫТТЫ ҒҰМЫР КЕШ. ҰРПАҒЫҢА САНАЛЫЛЫҚ, АҚЫЛДЫЛЫҚ НӘСІП БОЛСЫН🤲
Керемет подкаст болды ешкімнің өмірі өткені жайлы мен көрмеуші едім Қайшаны екі рет қайталап көріп шықтым бірге жылап бірге күліп те алдым. Нағыз елін жерін сүйген патриот дер едім екінші тілге деген құрмет әрбір айтқан сөзі қандай үшінші бауырға досқа адал жарына баласына Анасына деген махаббаттың шексіздігі төртінші білімділігі соның арқасында жұмыс жасап әр қазағым білсін байысын деп үйретіуі бар адамдар өзіде білмей өзгені де жынды жасайтын.Айналайын Қайша кішкентай ғана жүрігіңнен айналдым.Аман бол Қуаныштай азаматтың мен Арукадай қызғалдағыңмен Алла ғұмырлы бақытты өмір берсін🥰🥰🥰
Өкіріп жыладым десем өтірік болар, бірақ жұмыста бастап отырып көріп, обедке үйге балаларыма барыа келем деп автобуста отырып қарап, мұрным шуылдап, су ағып, үйге жетіп жалғастырып көріп жаңа болдым. Әттең-ай осы подкаст 2 жарым жыл бұрын шыққанда менің анама жақсы мотивация болар еді деп отырмын 😢. Анашым сол рак ауруынан қайтқанына 1 жарым жылдан асты. Ал сен мықтысың Қайша, сені тыңдап отырып, менің проблемаларым жай ойыншық сияқты екен ғой деп ойладым. Алла ұзақ ғұмыр берсін! Қазақ деп соққан жүрегіңнен айналайын!
Қайша Керейді Даулеттенді 2012 жылдан бері танып қарайтынмын Даулет елімізге жұртымызға әділдік бар нағыз шындық адалдықты көрсеткен нағыз қазақтың жігіті бізге жеткен нағыз қайратты жігіт, әрине ондай адамның қасында Қайша Керейдей адал досы бар деп көрсеткеннен танимын қараймын, бірақ бұл подкастты қарағаннан кейін миымда үлкен трансформация болды, бұл американдық атақты байлардың жетістігі секілді бір кино қарап шыққандай болдым шыны керек өте әсерлі, бір деммен алаңдамай қалай қарап тыңдап шыққанымды білмеймін, біздің қазақтың қанындағы батылдық барлық құндылықтарды Қайшаның бойына бергендей! Шын отзыв, Қайша ханым сіз кино әлемін және кітап шығарсаңыз өз өмір баяныңыз жайлы бұл үлкен жетістік және мотивация болар еді қазақтың қыздарына! Керемет сөз жоқ, біздің өміріміз дым қызық емес екенғо деген ой қалыптасты) инстаграм: jazekaa.m
Не деген мықты, қайсар қыз болғансыз. Көріп отырып неше түрлі эмоцияда болдым.«Мен не істеп жүрмін»,-дедім. Арукадан кейін Аллам сіздерге торсықтай ұл берсін 🤲. Сіздей мінезді болсын қазақ қыздары. 🙏❤🌞
Қандай күшті сұхбат болды,таза қазақша,жүргізуші де сөздерін бөлмей соңына дейін тыңдады,бір кітап оқып шыққандай болдым.Аллам Қуаныш екеуіңізге бар нұр шапағатын төксін,10 балаға татырлық Аружандай текті қыз өсіріп отырсыз, жасаңыз қазақтың қайсар қызы
Қазақтың қайсар Қайшасы Көргенің болсын тек жақсы, Қиындықты жеңіп шыққан Сендей-ақ болсын баршасы. Жүрегі әппақ мақтадай, Жүзіңнен шуақ шашқандай Әр сөзіңнен мына әлем Құлпырып бара жатқандай! Қиналған сәтте өзіңді Инстадағы әрбір сөзіңді… Қараймын да нәр алам, Күлімдеп ашып көзімді. Өзіңдей пысық адал жан, Ешқашан құлап көрмесін Жар болсын өзі Жаратқан🤲🏻 Махаббатқа бөлесін! Қуаныштай жан жарың Мәңгілік болсын жаныңда, Аман болып анашың Бауырларың бүтін боп Жұлдыздайын жарқыра!!!
Қайша әпкенің подкастын көруді арнайы жоспарлап, көрудің сәті түсті. Подкаст боямасыз, таза шынайы, әрі тәрбилеік мәні бар, жастарды патриотизмге бағыттайтын мәнді болды❤️ Атамекенді аңсау, елге деген сағыныш, әр қазақ менің жалғызым, “Байыса қазақ байысын”,- деп жүрегі соққан Қайша әпкеге Алла разы болсын! Бұл кісінің экранның алдында айтып жатқан сөздері мен шынайылығы 100% сәйкес. Бұған дәлел, жақын уақытта Тары шәйханасында тікелей сол кісімен болған жағдай. Шәй ішіп, жұмыстарымды жасап отырғанда Қайша әпке кіріп келді. Мен бұл кісіні осыған дейін Қазақтың Қайсар Қайшасы деп таныған едім. Сонымен барып, сәлемдесіп фотоға түскім келді. Осы уақытқа дейін қайсар, елін ойлаған азаматша деп келсем, енді тек патриот ғана емес қарапайымдылығына тәнті болдым. Әпкемен таныстық. Не іспен айналысатынымды сұрады. Өзімнің балаларға мамандық таңдауға көмектесетінімді, жалпы білім саласының дамуына үлесімді қосқым келетінін, сіз қазақ байысын десеңіз, мен әр қазақ білімді болсын деген тілегімді жеткіздім. Осы сәтте әпке, өзінің инстаграм парақшасында мені тегін жарнамалап салып беретінін жеткізді. Бұл жерде тағы бұл кісіде қарапайымдылық ғана емес, боламын деген адамға қолдау білдіру, білімді жастардың көп болуын қалайтын көпшіл екеніне көзім жетті. Алғысым шексіз! Өмірге құлшыныс. Өмір күрес. Әрқайсымызда бір бітпейтін мәселе. Кейде сол мәселеге кіріп кеткеніміз сонша, өмір сүруді ұмытып кетеміз. Осы шешілсе, осы қарыздан құтылсам бақытты өмір кешеміз деп ойлаймыз. Бірақ біз елестеткен өмірде өзіміз болмай қалу қаупіміз бар. Сондықтан әр сәтте бақытты бола білсек❤️Уақыт өте береді. Ең бастысы деніміз сау болса, басқа барлық мәселе түбінде шешілетіні сөзсіз. Осы жерде қайғыға берілмеу, сынып қалмауды, түбінде барлығы уақытша екеніне сене білу керек екеніне подкасттан кейін тағы көзім жетті. “Аман болса басың, әлі өсер шашың”. Подкасттан ерекше алған әсерім осы мақалмен байланысты болды. Ауыр дертпен ауырып, шашын тықырлап алып отырған адам, ертең күннің шығатынына сеніп, “Аман болса басың, әлі өсер шашым”, - деп Алладан үмітін үзбей, жақсылыққа сенгенде, біздің кейбір мәселелерімізге де “Аман болса басым, әлі шешілер мәселем” деп қарамасқа… Роза ханымға респект. Тыңдай білу де - өнер🔥
Қайша өжет, қайсар мінезді қыз.Қазақ болсақ осындай болайық! Жақсы , маңызды ұрпаққа тәлім тәрбие беретін фильм жасауға болатын дүние.Осыны қолға алыңызшы.Шындыкты шырқыратып айттыңыз.Тамаш фильм түсіруге арналған сухбат болды.Рахмет.Зор әсер алдым.
Жарайсыздар! Өз өміріме тағы алғыс айтып, керемет ой түйдім. Әрбір күніме шексіз алғыс! Батыл, қайтпас-қайсар, өмір сүруге құштар, өмірмен күресе алған Қайшаны көрдім. Жарайсыз! Өмірдің ешбір қиындығына мойымай, алға ұмтылған жеңімпаз қазақтың Қайша қызы екен. Деніңіз сау болып, биік шыңдарды бағындырыңыз!
Қалыңыз қалай, сұхбатыңызды көріп қазіргі заманның батыр қызын көріп отырмын. Сондай қатты жақсы көріп қалдым қандай мықты адамсыз. Жүріп өткен жолыңызға іс-әрекетіңізге тәнті болдым. 😍
Батыл десе Қазақтың қызы дер ем! Қайсар десе Қазақта Қайша дер ем! Жаны нәзік, жанары от сұлу елік, Өр мінезің намысшыл-нағыз ерлік. Үлгі етер, жол көрсетер осындай нағыз батыр қыздар барына қатты қуанамын. Екі қыз - қәзіргі заманның екі алпауыт нағыз білім алар үлкеен мектебі. Респект👍👏🏻👏🏻👏🏻
Жақында 4ші баламды босандым. Кесір тілігімен. Өмірі ондайды көрмеген мен, өзімді аяп, жылап, жанымдағылардан қолдау күтіп, оны ала алмай ашуланып, елдің бәріне ренжіп жүр едім. Бүгін Қайша Керейдің әңгімесін тыңдап, өкіріп жылап алдым. Алладан күпірлігім үшін кешірім сұрадым. Түйгегім: не жағдай болса да, Алладан үміт үзбей, шүкіршілік ету керек. Өзіңді бағалап, өзіңе көңіл бөліп, өзіңе қарау керек. Өзің өзіңде біреусің. Қайшаға осы ашық әңгіме үшін рақмет. Батыр қыз! Көп балалы ана болуды Алла бұйыртсын. Алла ешкімнің басына салмасын. Сен мықтысың!
Қайшаны көріп жүргеніме біраз болды .қарап мақтан тұтам ,біраз қызға үлгі деп ойлаймын.Бізде де үлкен қызымнан кейін 16жылдан кейін көрген Сағыныш деген қызымыз бар.Сағынышым ерекше.сіз сияқты мықты,өжет,пысық қыз болса екен деп тілеймін!❤❤❤
Сұхбат маған 100% әсер етті! Қайша ханым - мен көрген мықтылардың мықтысысыз.❤️ Сұхбатты тыңдап отырып түсінгенім. Біз - болмашы сөздер мен болмашы адамдардың іс- әрекеттеріне, Алла берген жүрегімізге қаяу салуына жол бермеу керектігін! Алланың қалауымен осы жолды жүріп келдіік пе, демек, бекер емес. Бізге ешқашан біз көтере алмайтын жүк жүктелмеген, осыны әрдайым біліп жүрейік. Иә, аз сыналып жатқанымыз жоқ, алайда Аллаһым нәтижесін беріп жатыр емес пе? “Алла маған сынақ бермей кетті”,-деп уайымнан қатты жылаған күндерің есіңде ме? Ендеше, бүгінгі берілген сынақтарыңа шүкіршілік ет, жаным. Өмірде ештеңенің құрдан-құр болмайтынын жақсы білесің. Әр нәрсенің сыйы мен сыбағасы қатар. Сондықтан, бойыңдағы ерік- жігеріңді қайта жинастыр да, бастаған ісіңді аяқтауға өзіңе уәде ет! Көзге жас алып отырып тыңдайтын подкаст болды❤️ @bakiralievas
Өте әсерлі болды, Аллаға шүкірімді айттым ғой. Сіз өте мықты адам екенсіз! Мен де шет елде дүниеге кеп Қазақстанға, еліме оралып: ағылшын оқып үйреніп Ютуб канал ашып әр қазаққа пайдалы болсын деп үйретіп жүрген жайым бар! ❤Отанымды сүйем!
Қайша ханым сіздің қысқаша өміріңіз бен еңбегіңізді қозғалмай отырып көріп шықтым... Шыныменде бір күліп, бір құлазытып қалдық.. Бала Қайшадан, батыр, еңбекқор Қайшаға дейінгі аралық шынымен қағаз бетіне немесе кино болып шығу керек.. Өте мықты Қайшаға Қуаныш мырзамен бақытты болып, Аружан балапанның қызығын көруді Алла нәсіп етсін!! Алла өздеріңізге жар болсын!!!
Бір деммен отырып қарадым өмірге деген қөзқарас шамалы болсада өзгерді рахмет көзім ашылғандай миым да жарылыс боп жатыр 🥰🥰🥰,Қайша ханым сізге зор денсаулық тіледім 😘😘😘
Недеген Қайсар, қайратты , батыл қыз. Қайша Ханымды мұндай батыл, қайсар, қайратты қыз деп ойламппын. Өміріңізді өзі Новелла ғой. Көп ой түйдім, мотивация алдым. Қайша Ханым Алла шипасын беріп, толық жазылып жоспарларыңыз орындалсын. 100 жасаңыз❤
На одном дыхании дейма, сөйтип көрдим. Бул кисини танымайды екенмін да, естімеген екенмін да. Бірақ осы подкасты үзбей көрдім, бірнеше эмоция сезиндім. Өте унады. Тек денсаулық тилеймин. Ғұмырлы,бай-қуатты болсын.
Подкасттың 1 минутын да секундында жібермей көрдім. Жұмыс жасап жүріп көретін едім бұрын, осы жолы отырып тек Қайшаның аузына қараумен болдым. Екі сағаттың ішінде эмоцианалды качеля әбден тербетті.. Жылап отырып күлдім, күліп отырып жыладым. Қайша ханымның оқиғасын парақшасынан талай оқысам да өз аузынан есту мүлде басқаша. Бойындағы ұлтым деген патриоттығы қандай?!! Шынымды айтсам, туылғалы Қазақстанда тұратын мен қатты ұялдым... Бар қазақтың бойында болу керек қасиетті қаршадай қызға үйіп-төгіп бере салғандай. Еңбекқор, пысық, қайсар. Сонша қиындықтан өте тұра жұтылып кетпей әйелге тән нәзік қалпын сақтай алғанын айтсаңызшы. Ер азаматы туралы айтқанда да көзіме жас алдым, недеген сыйластық деп.. Подкасттың өзі үлкен сабақ болды, түсіне білген адамға. Қайша ханым қартайғанда нағыз қазыналы әже болатынын сеземін. Аман болыңыз! Сіздей тұлғалар бізге ауадай керек! Әркез өзіңіз үшін Дұғадамыз! Роза ханымға рақмет осындай подкаст үшін. Соңына дейін әдемі тыңдадыңыз. Қайша ханым өте қатты ашылды. Рақмет❤ @laubaevas
Осыдан бірнеше күн бұрын көріп тыңдап шыктым,Кайша ханым сториснздан тыңдап, сыйлық үшін емес,тек жылы тілегімді білдіргім келді, инстаграм га да, комментария га жаздым, Қазақшаны орып тастадыңыз прям,тіл байлығыңыз керемет,сізді тыңдаған қазақтар біразы өздеріне мотивация алды,өзім сізді ұйып тыңдадым, таза қазақ болсаң осылай қазақшаны ойып тұрып сөйле дегім келеді барлық адамдарға, недеген еңбекқор, білімді, сауатты, нәзік, көркем мінезді,онымен қоса қайсар мінезі мен жұмсақ жүрегі, тектілігі,жолдасына деген құрметі, енді айтып жеткізе алмаймын,сіздей қазақ,әпкем сіңілім,бауырым бар екеніне мақтанамын,әр қазақ жалғызым деп соққан жүрегіңіз, кең пейілді дархан көңіліңіз үшін Алла тағалам сіздің мәртебеңізді екі дүниеде де көтеріп қойсын 🤲🤲🤲🤲🤲🤲
Бұрын өзіме осындай сұхбат, басқа да нәрселерді мән беріп тындап, қарамайтын мың.Осы подкасты "От и До" көрдім.Осы Қайшаның өмірі жеке бір кино түсіруге болады.Аяғында деңсаулығы мықты,балалары көп, Қазақстанның экономикасының дамуына ойып тұрып орын алған бизнес -вуман , бақытты әйел, сүйікті жар болсын.Аллам осындай арманым, тілегім қабыл болсын 🤲!!!
Бөпемді емізіп отырып жазып отырмын. Өзімнің 7 жыл ажырасқандағы өмірім женски жақтан жаман диагноз қоиған кездері емханада жылап кіріп шығып жүрген сәттер есіме келді. Әр бір қиналысыңызды сезініп жылап жүріп тыңдадым. Өмір деген сынаққа толы болады екен расында үмітті үзбеу керек Алламен жалғыз қалып сырласар жылаитынмын.Әр қазақ жалғызым деп шырылдап, бар білген кәсіпті аитып үиретіп сүиреп жүрсіз ғои. Әр әйел бақытты болуға лайықты барша армандарыңыз орындалсын! Сізді сол Айнұр Тұрсынбаева таныстырғаннан көріп едім. Шынайылық пен жанашырлық сезіледі үнемі.болмаса қаншама сіздеи атақ баилыққа жеткендер өзім болсам толсам деп шет елде өмірін сүріп жүр емеспе. Мына қарапайым халықты оилап білгенін бөлісіп жүргендер көп емес. Расында біздің сана ои өрісті біршама таптап тастаған ау деп қалдым сіздің көрген білген аитылғанды ойлап саралап. Өзіңіздің өмір жолы сынағымен бөліскеніңізге ракмет. Жеке өзімді өткенге қараи саралап бір анализ жасадым. Қазақ деп соққан жүрегіңізден айналдым! mbserikovna.
Көріп отырып жылап алдым .Нағыз Қайсар ,өте білімді,пысық қызсыз.Осы подкастыңыздан ақ алғаным көп.Қазақ десе жаныңызды бересіз.Даулеттен арқылы танып инстаңызға жазылған едім.Анаңыздан дара туған қыз екенсіз.Ауырмаңыз.Бақытты болыңыз.Өте шынайы екенсіз.Мотиваторсыз.Жобаларыңыз дами берсін.
Ияяя уйықтамай көріп шықтым.өте әсерлі сұқбат болды Шынында тұнып тұрған қаншама энергиясы көөп, сауатты қайсарлы шыншыл қыз екен Басынан өте көп жағдай өткен екен .Алла сіздерге ұзақ өмір баянды бақыт берсін!
Енді көріп біттім соңына дейін, өте көп адамға мотивация беретін шынайы оқиғалар айтылды. Мен бір бизнес бастап минуска кіріп содан өзімді жоғалтып жүрген едім, мынадан кейін оны айтуға ұялып қалдым түк емес екен. 😢Аллах тағала бізге кез келген сынақты бостан бос бермейтіні рас екен, бәрін көру керек оқу и даму керек екенін умытып кетеміз көбіне. Ешқандай кедергілерге қарамай ештемеден қорықпай алға ұмытылу керек екен осы подкасттан ой түйгенім. Роза ханым сізге ракмет осындай ерекше қонақпен әңгіме айтып , оның ойын бөлмей соңына дейін әдемі тыңдап отырдыңыз, сізбен бірге тәнті болып эмоцияға ерік беріп тыңдап жүрдім. Қайша Керей ханым сізді мүлдем басқа жаңынан көрдім сізді тұлға ретінде таныдым. Айтарыңыз көп берер біліммен тәжрибеңізде өте зор екен. Қарапайым халықтың дамуына көзін ашылуына үлес қосып жүрсіз, Аллах сізге бүкіл әлемнің асылын және ең жақсысын нәсіп етсін! Қандай батыр әйелсіз бүкіл қиындықты жеңіп үнемі Аллаға сеніп әрекет етіп жемісін көріп жүрсіз үнемі сондай болсын! Қайша ханым және Роза ханы сіздердей қайтпас - қайсар қазақтың қыз-келіншектері, әйелдері көп болып қазақ халқынын абыройын арттыра берсін! Жәйлап осылай бүкіл қазақ қыздарының білімі артып Қазақыстанды әлемге таныта берейік❤️ Алла жар болсын баршамызға🙌 Шынайв ниетіммен @roza_usenqizy
Қайша ханым, мен көп комментарий жазбаймын, бірақ Роза ханыммен подкастыңызды көріп сізге ғашық болдым және сол ғашықтығымды мойындамасам жүрегім тыныштық таппас деп ойладым💔 Бір басыңыздан неше түрлі сынақ, қилы тағдыр өтіп жатыр екен. Алланың сүйікті құлдарының бірісіз деп үміттенемін. Ең алдымен, “оралман” сөзіне терең мағына бергеніңізді ерекше атап өткім келеді. Өзім оралманмын, бірақ сонда да оралман дегенде шетелде сыйыспай амалсыздан келген қаңғырған қазақ көз алдыма елестеп, оралман екенімді жасыруға тырысатынмын. Бірақ сізден дәл сол жергіліктілер менсінбей жүрген қандастарымыз нағыз ҚАЗАҚ екеніне және олар бізден емес, керісінше біздің сіздердей салт-дәстүрімізді, дінімізді, әдет-ғұрпымызды сақтап қалған нағыз ҚАЗАҚ БАБАМЫЗДЫҢ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ұрпақтарынан үйренеріміз көп екеніне көзім жетті. Осы орайда, сіздер елге қалай асыққан болсаңыздар, тарихын жартылай ұмыт еткен біз халық боп жабылып, сіздерді төбемізге көтеріп, бойларыңызға сіңірген қазақтың дәстүрін, тілін өзімізге алуымыз керек деген ой ғана келді. Тағы да оралса екен, көбейсе екен деген арман пайда болды❤️ Ал осы көрсеткен үлгіңізден бөлек, көрген қиындықтарыңыз, олармен өмірге күле қарап күресіп келе жатқаныңыз, мойымай, басыңызды тік, еңсеңізді биік ұстауыңыз ол мен үшін бөлек ҮЛГІ болды. Аяғанды жаман көретін асыл мінезіңіз мені ЕРЕКШЕ тәнті етті🫶🫶🫶 Сізге өмірден сынып, артқа қайтпағаныңыз үшін, қанша құласаңыз да тұрудан шаршамағаныңыз үшін, сөйте тұра қылықты жар, аяулы ана, анасының ерке қызы болып қалғаныңыз үшін, қайтсем әр қазағым бай болса деген ниетіңіз үшін, осы жолда сіңірген еңбегіңіз үшін әйел ретінде АЛҒЫС АЙТҚЫМ КЕЛЕДІ❤️ Сізден аларым, үйренерім көп екен, Қайша ханым💐 АЛ АНАҢЫЗҒА ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ❤️ Ыстық ықыласпен @orynaliqyzy_ainur
Америкада отырып құрт жеп жыладм дегенде іштегі мұңмен жүрегім жылап но ақылым күлді! Өмірімде мұндай эмоция бірінші рет алдм! Аман болыңыз! Ғұмыр жасыңыз ұзақ, отбасыңыз аман болсын! Еңбекте табысқа жете беріңіз!
Алла жар болсын сізге! Алла білуші, сізді осы кунге өзінің бар екенін, мейірімді екенін халыққа жеткізу ушін таңдады деп ойлаймын. Сенім, қайсарлық, еңбек! Бір кем дуние… дейді қазақта, сеніңіз! Алла ұлық❤
Мойындайықшы😭 біздің қазақтар малдан төмен ғо. Сырттан келген қазақты особенно Қытай, Өзбекстан жақтан келгендерді МЕНСІНБЕЙДІ😫 жаным ауырып тұр, бала 6-7 класс кішкентай қызды басынғанына. Мұрны өз ауылынан әрі шығып көрмеген, сөйтіп алып, әлемді аралап көргендей басынып шығады
Жаным Қайша қыз қазақтың ішінен шыққан батыр қыз десем болады.Өте ақылды ,мәдениетті,сүп-сүйкімді қызсың.Әңгімеңді тыңдап жүрегім қатты ауырды,жыладым жаныым қандай кезді өткіздің,Алланың сүйікті құлы екенсің.Саған Аллам екінші өмір берді.Сол өмірді бағалап алға ұмтылып,қандай пейнет жасап ,осындай дәрежеге жеттің.Аллам саған жар болсын жаным.Мен саған ұзаақ ғұмыр тілеймін.Кеудеңдегі жүрегің тоқтамасын.Елімізде осындай батыр қыздар көп болсын.
Мәәә😢😢😢Қайша қыз өте әсерлі сұқбат басталғаннан Қазақ деп соққан жүрегің,маған қатты әсер етті.Менде оралманмын.Менде ұялмаймын ашықпын.Бірақ осындай сынаққа төтеп беріп,Құдайдың қуаты саған тисін,өжет қыз жазылып кет құлан таза.❤❤❤
@@ЗухраКунтуарова хақым бар, себебі сол қалың қазақтың арасында өмір сүріп жүрмін. Лично өзім олай жасамасам да, Қайша ханымға осылай жасағандар үшін ұялып отырмын. Сөзім қатты өтсе, значит өзің де солай жасайсың..Жалпы қазақ үшін дегенде мойындасай 90% солай ойлвйды ғой
Подкаст көрмеуші едім,именно Қайша Керейдің өмір тарихы маған өте қызық болды,қазақтың кішкентай қызы қалай осы дәрежеге жеткені,өмірдің сынағына қалай төтеп бергені бәрі-бәрі 41 жасқа келген мен үшін үлкен мотивация болды. Тапжылмай бір деммен көріп шығып,өмірге деген көзқарасым басқаша өзгерді,мен де Қайша сияқты саудаға бейімім бар,неге қорқамын ,істеймін,небір биіктерді бағындырамын,оқимын,дамимын деген ой келді,әйтпесе бұрыннан бір қорқыныш билеп,бала-шаға анау-мынау деген сылтауым көп еді,жарайсыз Қайша ханым,сіздің әр сөзіңіз,ісіңіз,өмірге деген көзқарасыңыз әр қазаққа үлгі болып,сіздей болса қазақ елі басқаша болар еді,бұрыннан бетер жақсы көріп кеттім десем артық айтпаймын,құшақтадым!😘💐🤲 @aikerim_nesipbai❤️❤️
Жаанымм Қайша ханым. Стористардан салған өміріңізді оқитынмын. Жаным ашып қалатын. Бірақ сондай мықты екен деп таң қалыпта жатамын. Осы жолы айтқаныңызда, жұмыста отырып көзімнен жасым қалай аққанын білмей отырыппын. Жұмыста подкасттар тыңдап шаруамды бітіріп отырғанды жақсы көремін, құр ән тыңдағанша. Өзім бастықтың алдында отырамын , бастығымнан көз жасымды тығып тыңдап алдым сізді. Жолдасыңыздың еңкілдеп жылағанын естігенде, менде бірге жыладым. Сіздің Қайсар Қайша болуыңызға шынменде анаңыздың септігі мол екен. Осы жолы сіздің подкастты ауыз толтырып айтатын таныстарым болмады, қатты бөліскім келіп сөз қозғағым келді. Енді сізбен бөлісетін боламын. Сондай мықты жан екенсіз. Анаңыз мың жасасын.Сізді маған көп уақыт анам жіберіп отыратын. Өзі саудаға қызығатыны бар, Қайшаны көрдің ба , тыңдашы мынадай курсы бар екен, бүйтіп жатыр екен, сөйтіп жатыр екен деп. Аналар қаталеспейді екен . Анашыма да мың алғыс сізді маған сілтеген. Аман болыңыз. Жүз пайыз айығып, деніңіз сау болып, елде жарқырап жайнап, біз сияқты жастарға үлкен Мотивация болып жүре беруге тілектеспін. Осындай подкасттарда сізді жиі көргім келеді. Сіздің әңгімелеріңізді тыңдаған сайын жігерленіп қаламын. Сізге жазарым өөөте көп. Бұйырса сізден жақсы бір курс алып, өз кәсібімді дамытуды бұйыртсын Аллам!🤲🏻❤️
Өзі сұлу, сымбатты, өте ақылды, білімді қазағымның қызына сүйсіндім! Сөз саптауы, ойын жеткізуі, өмір жолы - жанымды тебірентті! Қайсарлығы мен тапқырлығы өз алдына! Ауыр дертті Алланың қалауымен жеңіп, өзін тамаша ұстап,сауданы жүргізіп отырған өжет ару! Алла тілеуіңізді беріп, жолдасыңыз екеуіңіз көп балалы болып, аман болыңыздар!
Елім-жерім деп келген қандастарымызға ешқашан оралман деп қарамаппын да, ойламаппын да. Қайта сол елден жырақ жүргендердің елге деген махаббаты ерекше болатынын білемін. Ол кісілер, өз тілін, әдет-ғұрпын, дінін ерекше сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келеді. Түбі елге келіп табан тіреп жатырғандарына бек қуаныштымын. Ел де, жерде барша қазақ қа, Қазақстандықтарға ортақ. Мен Астрахань қаласына емделуге барып, ауруханада қазақ келіншекпен таныстым. Кейін барғанымда, ол маған қонақ үйге барушы болма, сенің Астраханьда үйің бар, біздікіне келіп тұрасың дегенде қуанғаннан жылағым келді. Баратын жерім болмағаннан емес, оның қазақылығына тәнті болғаннан. Ой, қайран қазағым-ай дедім. Кейін ол маған да қонақ болып келіп кетті. Қайда жүрсек те бір-бірімізге жанашыр болайық 🙏 Saya_myrzakhmet 🫶
Енді ғана аяғына дейін қарап тыңдап болдым. Арасында жылап та алдым. Керемет сұхбат болды. Кино көргендей елестетіп тыңдадым. Нағыз қазақтың Қайсар Қайшасы екеніне тағы да көзім жетті. Бақытты болыңыз! ❤❤❤
Сіздей болу үшін алдымен сіздің аяқ киіміңізді киіп, сол жолмен жүріп өту керек,. Барлық қиындықты жеңіп, Қазақтың қайсар Қайша қызы болып отырсыз. Мына өмір жолынан көп тәлім тәрбие алуға болады.Ниетіңіз таза, жүрегіңіз елім, жерім деп соғып тұр.Жасай беріңіз, дами беріңіз!❤❤❤
Көріп біттім😄жыладым күлдім.ауырған кездерін айтқанда өзімнің де ұзақ уақыт жаман ауырған кездерім есіме түсіп бүкіл қиналған ем алған кездерім көз алдыма келді.жүрегіме қатты тиді.Аллаға шүкір бәрі артта қалды.аман сау екі қызғалдақтың анасымын.Қайша сияқты қатты жетістікке жетпесемде ең бастысы саумын бәрі жақсы.енді күшті подкаст ұйып отырып көрдім Роза ханым сізге рахмет !алған әсерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес👍👍👍
Қайша Керейді көріп нағыз қаны қазақ адамды көріп отырмын! Нағыз қазақ еңбекқор болады! Бізде орысбақай қазақтар оңай жолмен ақша тапқылары келеді. Қайша Керей жасай беріңіз! Сізді Қазақ елінің министерствосында көргім келеді, себебі сізде Қазақстанды өзгерте алатын күшіңіз бар! Алла әрқашан сізді жарқырап жайнап жүруге қолдап жүрсің! ❤❤❤❤ жасыңыз меннен кіші болсаңызда, сізге қарап уйренетін заттар көп! 🎉🎉🎉
Аман болса басым ,қайта шығар шашым. ... Менде осыдан өтім,қазір шашым өсіп қалды ,шүкір. Химиядан кейін ,шашымды сипасаң түскенде ,басың ауырғанда ,жолдасыма шашымды алып берші дедім .... Қызыма жылағанымды көрсетпедім,сол кезде қызыма осы сөзді айттым :басым аман болса ,шашым шығады деп. Алла жақсы көрген адамына сынақ береді деген сөз маған демеу болды . Намазға келдім . Бір мезетте соңғы бір жылғы өмірім қайта көз алдымнан өткендей болды ..Басынан өткен адам жақсы түсінеді. Қайша ,сізге Аллам сәби сүюді нәсіп етсін. Әсерлі ,керемет Подкас үшін рақмет.❤❤❤
Каиша Ханымды катты жаксы Корем . Менде Туркияда турам . Подкасты екинши рет карап отырм козиме жас алдым . Бундаи жагдаилар . Жане омир тарихларын карау оте кушти . Арине бундаи ауру болмаса екен деп тилеим . Бул омир баянан коп нарсе уйренуге болад .Еки сагаттык Бир сабак десем болады . Подкасты алатын сабак оте коп адамдардын омир баяны козге жас аларлыктаи окигалар курес омирге Деген кулшыныс бары Бари оте керемет . Алла шипасын берсин Каиша канымга
эпизод соңында айтылған комментарийге сыйлық беретін конкурс 10 - Қазанға дейін жалғасады.
⚠ЕСКЕРТУ:
Біз сізбен байланыса алуымыз үшін комментарийде Instagram аккаунтыңызды жазуды ұмытпаңыз.
🔥Сәттілік!
Қайша қызым, денің сау болып, қосағыңмен қоса ағар. Жас болсаңда, ақылыңмен бас болып өмір үшін күресуді, қазағыма ақша тауып әдемі өмір сүруді үйретіп шырылдаған жүрегіңнен айналайын. Ең бастысы ана тілінің қадірін көтеру үшін кез келген жерде қызметті (салон,ресторан, ателье)қазақ тілінде жүргізілуін талап етуіңнің өзі көпке улгі, өзіңдей ұлт жанды, еңбекқор жастар көп болса Қазақстанның жарқын болашағына сенемін
Қазақтың қайсар қызы Қайша Керей❤Керемет подсказ .Алла тек сізге күш,қуат берсін🤲Сізді тек биктен көре берейік,еңбегіңіз жанып елене берсін🤲
Саламатсыз ба,Қайша сіңілім.
Сізді мен Шалқарды күтіп жүрмін келер деген кезлен қызығып ,бір жағынан аяп қарай бастадым,жылап та алдым.Шалқардың келуін Алладан сұрадым.Келгендегі,Сіздің ол адамға айтқан әр сөзіңіздің аузыңыздан шыққанын аңдып отырдым."Ауыз көркі -сөз"деген бар ғой, сөз саптауыңызға,ақылыңызға тәнті болдым. Пайғамбардың сүннеті,Жаратқанның бұйрығын орындап,кешіре білдіңіз.Сізге Жаратқанның сыйы бар!!
Қуаныш жолдасыңызға да комментарий жазғанмын,әйеліңіз өте ақылды адам деп😊.
Ту сыртыңыздан пышақ ұрғандымкешіре білген,ізгіліктің кемесінде жүзе білген -Мықты әйел-патшайым екенсіз.Өзім сол кезден,дос болдым сізбен,сырттай!!!
"Бейнет қыл да,белді бу,байымасаң маған кел"дегендей,еңбегіңіздің зейнетін көре беріңіз,Аллам тарылтпасын,кеңейтсін!!
Жүрегіңіздегі жақұт азаймасын,жойылмайтын күш-қуат,рухың мықты болсын, Қайша!!!
Ешқашан ауырмаңыз!!!,,Құлан таза айығып,шауып кетіңіз!!!
Инст: gymi_1973
Керемет әңгіме болыпты
Айналайын Қаншатай саған бас іиемін нағыз қазақтын қаисар қызысын меның жасым 50 де сенің историсыңды узбеи көремін қанша жылдан бері сенен жастарымыз улгі алса екен сен сияқты қазақтың қаитпаитын қыздар көбеие берсын жаным саған әрдаиым ақ жол бата тілеимін сені тусінетің жігітіңе де рахмет ақылды бала қызыңды қандай етіп тәрбиелеп жатсын сенен барлық қазағым улгі алса екен деимін🎉❤
Өкіріп жылап отырмын себебі 25 жасымда туған інім жұмыртқасында рак болып мен медицинада оқимын 2курста шапқылап Шымкенттен Алматыға алдырып емін бастап жылап еңіреген кезім злокачественный рак болған 2 стадия екі операция ең ауыр 4химия ә болды соның бәрін мамама айтқызбай папам екеуміз е Алматыда емдетіп еңіреген кездерім есіме түсті қазір 11жыл өтті інім үйленді 3 баласы бар мен аллаға сансыз шүкір еттім рахмет алла ❤
альхамдулиллях🤲
Keremet zhilapta,kylipte, soperejivat etipte aldim. Bir baikanim erkindik bar..ojettik..bizder zhaltakpizgoi…jok dep aita almai…konilge karaimiz..keremet motivator ekensiz…Baqytty bolinizdar
Алла созин улкен арипен жазады
Ініңізге Алла ұзақ ғұмыр бергей❤
🙏🏻
Бір сөзбен айтқанда мынаны 18 миллион қазақ көруі керек🔥🔥🔥
Не деген подкаст, бір жыладық, бір күлдік, не деген қазақилық, тарыдай шашылған қазағым-ай дегенде өкіріп жыдадым, өмірге деген құштарлығыңыз сізді әлі ақ талай биікке жетелейтіні сөзсіз❤
Тіл байлығы, сөз саптауы өте мықты екен, таза қазақша сөйлейді молодец, өте өжет жарайсың!!!
Қытайдағы қазақтардың Қазақстанға деген сағыныштарын естіп қатты жыладым😭
Мен де 😢
Подкастардың ішіндегі ең төресі десемде болады .бір жыладым ,бір күлдім шынайы болды. Инстада жолдасыңыз дың машина алып бергенін көріп өйй мақтанушылық ойлағанмын , сол ойым үшін кешірім сұраймын .Қазаққа бекер туылмағансыз, батыр қазақтың Қайсар Қайша қызысыз.бүгіннен бастап сіздің оқырманыңызбын 😅сізден өте үлкен ой түйдім , Роза ханым сізге көп -көп рақмет ,
😂😂😂 осы өздеріңіздің ойларыңыз жоқпа, ертең отырасыздар 2 млн жібер деді деп
@@БакытжанДомбаев не қуып кеттіңіз менің ойымда не шаруаң бар
Өте өжет қыз екенсіз гой,машалла сұлусыз 🎉❤❤❤
Өмір айдын екен жүзе білсең самғататын.
Бір күліп, бір жылап, бірнеше рет көрдім. Алланың назарында бол, жаным! Қайда жүрсең де аман жүр! Жанұяң, жан жақ туыстарың аман болсын!!! ❤❤❤
Мықты келіншек. Өз еңбегімен бәріне жетіп, адал нанын тауып жеп жүрген қыз. Мінезі ер мінезді, қазақи келіншек.
Қайшаның тіл байлығы,білімінің тереңдігі анау мынау менмін деп жүрген біраз жанды жолда қалдырады екен.не деген табандылық,қайсарлық,өжеттілік;өмірді қалай сүйеді қарап отырып аузым ашылып отыр.осымен екінші рет қайта көріп отырмын подкасты.
Сізге қарап үлкен мотивация алдым шынымды айтсам.
Мен 28ге толамын келесі айда , менде де рак, омыраудан 2 стадия гормональный түрі, химия алып жүрмін емделіп өзімнің көңіл күйімді өзім көтеріп өзімді өзім көтеріп жүрмін, өзіңнен басқа ешкім саған көмектесе алмайды екен . Сіздің күйеуіңіздің сізге деген қолдауын естіп жылап отырмын 😭 менің күйеуім маған басында білгенде емі тегін ба деген , бір екі апта бұрын бұрыңғы қызымен сөйлескенін көрдім өте қатты қиын екен, осындай ауырып жүргенде ең бірінші жаныңдағы ең жақын адамнан іздейсің ғой қолдауды, күйеуіңнің қолдауына басқанікі жетпейтін сияқты, бірақта менің балаларым кішкентай болсада маған үлкен мотивация солар, әсіресе үлкен ұлым өзінің жасы 4те ғана ауырғанда маған ештене демей құр құшактап отырады мені түсінгендей, шаш жоқ болғанда жаман боласың соны түсінетіндей мама сен красоткасын деп қайта қайта айта береді, кішкентай қолдарымен жүрек көрсетіп😢сол үлкен қолдауды ю ұлым беретіндей.
Ауырмай тұрып Құдайға ренжігем мен, неге мені әкем тастап кеткен неге анау неге мынау деп , болмайды екен олай, Құдайға сену керек, шүкіршілік айту керек. Құдайды жүректен шығармау керек, ұмытпау керек!
Сіздің мықтылығынды көріп өзімнің бойыма ьір күш келгендей, мен бірақта өзім емделіп кететініме сенемін өзімнің болашағымның барына сенемін, балаларымның жанында қалуым керек! Мына подткастты көріп осыдан емделіп алған соң бір үлкен болашақ күтіп тұрғандай болдым🙌🏽
Тез сауыгып кетиниз! Балаларынызбен алемды аралап жаркын омир сурыныз❤❤❤
Аллам тілеуіңізді беріп, аурудың ізі қалмастай айығып, балаларыңыздың қызығын көріңіз,бақытты күн кешуіңізге тілектеспін.
Алла шипасын берсін😘 Тезірек жазылып, аман болыңыз❤️Бұйырса көрер жақсылықтарыңыз көп болсын, бала шағаңыздың қызығын көріңіз❤️
Алла шипа беріп,тез арада сауығып кетіңіз!Балаларыңыз үлкен азамат болып,немере,шөберелеріңіздің тойында билеңіз!💐
Жазылып кетиниз🙌🏻
Періштесі бар қыз екен,анасының ақ тілегі періште болып айналасында жүрген екен.Жапырағың жайқалсын,Қайша қыз🤲🏻
Жарайсың Қайша қыз
Біресе жылап, біресе мотивация алып подкастты көріп шықтым. Өмір деген үлкен мектептің үздігі болған Қайша Керейге тек алғыс пен ұзақ ғұмыр тілеймін! 5 жылдай болды тұрақты көрерменімін, кейде қиналып қалсам Қайшадан мотивация алып, рухымды көтеріп алам, әрдайым қазақтың рухы мықты қызы бола бер!
Мен бүгін танып тұрмын❤
Қайша Керейді бұрын естімегенмін, осында бірінші рет көрдім, тындадым, таныстым, ғашық болдым ❤
Керемет білімді , тәрбиелі, энергетикасы, сөз саптауы, тіл байлығы бәрі бәрі керемет.
Қайша Керейдің бойында 100 татырлық батырдын күші бар, кермет нәзік жан. Кинодағындай эмоция қалдырды, жылапта алдым, қуаныпта қалдым. Осындай мықты тұлғаларды тындыу керек , балаларға үлкен үлгі болатын жан 🙏🏻 Аман болыныз, ауырманыз. ❤ Үнемі осы подкасты көремін, Роза ханым осындай эмоция қалдыратын , шын өмірінен алынған жақсы тұлғаларды көбірек шақырсаныз ❤ @zhortar
Ғайша деген шоқ жұлдыз екен ,Қуаныштың мойнына дағы құндызы екен,Алланың өзі сүйген құлы екен ,өзіңе құдайым қорған болсын ❤
Әумин
Қандай керемет тәрбие, Қытайға қолыңды тигізбе, үйде қазақша сөйле деп талап қойып жырақта жүрсе де қазақилығын ұмытпау деген нағыз тектілік
Құрметті қайша ханым сіз мен ушын ең сүйікті бологер,ең мықты кәсіпкер, ең қазақтың батыр қайсар қызысыз, мен сізбен кездесіуді армандап жургем,хамер машинаны сыйлаган куни ертесі оқырмандармен кездесемін деп айттыңыз сразу жумыстан сурана салып автобусқа отыра салып ушып келдім,сізді көріп куанып аңгімелесіп мативатця алып қайттым,мен сізге қарап шабыттанам,сизден сауданы үйрендім,менде дәл сіз сияқты елден жалгыз бір өзім келгем,сіздің жолыңызбен журіп келем, мына Подкатс көріп қуанып аягына дейін уйқтамай көріп шықтым,буган дейін узіп узіп көретін едім,бир түйіп алар сөз магына жоқ басқаларда,сиздің әрбір сөзіңізде қанша білім,қанша магына бір таудай білім жатыргой,недеген сөз мәнеріңіз недеген тіл байлық тәрбие,недеген өмірі баян жатыр, қаншама еңбек,маңдай тер,адалдық жатыр,өте мықты батыр қазқтың қайсар қызысыз,ешқашан ауырмаңыз, қуаныш ага екеуіңіз бақытты болыңыз,арука сізді қуантып болашақ жұлдыз 🌟 бизнесмен сіз сияқты батыр қыз болсын!артынан ул ерсін қыз ерсін, отбасымызбен жақсы көреміз сізді,біз сізбен мақтанамыз,біріне жибердим көріңідерші деп,қатты қурметтейм,сйлаймын, шіркін сіз депутат болсаңыз екен,алладан соны сураймын,❤
Алла ұзақ ғұмыр берсін! Қайсар Қайша! Кім не десе ол десін мен сізді ҚОЛДАЙМЫН ❤ Қуаныш мырзаға Алла екі дүниенің бақытын берсін 🫶🤲
Қайша жаным неткен керемет жансың. Мен көп телефонға қарай бермейтін жанмын. Сенің атыңды естігенім. Бірақ инстаграмға кіріп қарап, зерттеп көрмеппін. Түнде телефонға қарап бірдеме іздеп отырсам, стористан байқап, осы подкасты көріп шығайыншы деген оймен кіріп соңына дейін көрдім. Көргеннен бастап қызыға артына дейін көрейінші деген ой болды. Басында сенің қайсарлығыңа қатты қызықтым. Кейін ауырғаныңды естіп, жылап алдым. Қызым мама не болды дейді. Ештеңе деп қоям. Ойладым, осындай қайсар, көп қиындық көрген қазақ қызына Алла осындай сынақ берген ба. Бұл сынақты жеңген мен саған қайран қалып отырмын. Кіп -кішкентай бола тұра , неткен энергия, неткен қайсарлық, мен үлкен болсамда саған басымды ием. Алла сенің қолдап қасыңда болған күйеуіне рахмет айтамын. Әр бір Қазақтың ер азаматтары осы Қуаныштай болсын! Әйелдерін сыйласын! Әр қиындықтың артыңда бір жақсылық тұрады деген рас. Ешқашан ауырма. Алла Қуаныш екеуіңе балапанныңның қызығын көрсетуді нәсіп етсін. Мен бұл подкастты көріп, өзімде сенімділік пайда болды. Барша Қазақтың қызына үлгі бол. Алла саған жар болсын! Жортқанда жолың болсын! Мықты денсаулық, қажымас күш қуат тілеймін!
Жұмыста жылап отырып қарадым. Шынында да өте мықты қазақтың кіп кішкентай қаракөз қызысыз. Сондай қиыншылықты жеңдіңіз. Ендігі өміріңіз тек бақытты болатынына сенемін. АЛЛАҺТЫҢ қалауымен. Денсаулық басты байлық. Қазағымның дені сау, бай бақуатты болайық ❤❤❤❤❤
Мен де оралманмын. 10 жасымда Ташкенттен Астанаға көшіп келдік. Ата-анам “ұл-қызым қазақ болсын”-деп көшіріп әкелді. Ол кезде жасым 10да, бастауышты өзбекше, латын әріпімен оқығанмын. Орысшаның О-сын түсінбеймін, Қазақша ауызша өзбекше аралас білем, қазақ әріптерін оқи алмайм, қай кезде ы, қай кезде і, ұ, ү-нің айырмашылығын ұқпаймын. Жанталасып, орыс мектебінде орысша граматикасын жаттап, 2 жылдан соң қазақ мектепке ауысып, қазақша диктантты 5-ке жазатын болдым, түгел пәннен 5 алдым. Универді қызылға бітірдім. Жылап отырып көрдім мына подкастты. 👍Аллаға шүкір, дін аманмын. Жасым 30да қазір, Астанада баспанамыз бар, күйеуім бар, 2 ұлым бар. Дипломированный педагог-психологпын, Қазаққа ең алғаш қазақ тілінде көзге арналған комплексті жаттығуларды, психологиялық консультациялар жүргіземін. Осы подкаст мотивация болып, жігер беріп жатыр. Әсіресе “қазаққа берем деп барыңдар”-деп Қытайдағы қыздарға айтқаныңыз өтті. “Қойшы балам кішкентай, қойшы әйелмін ғой”- деп еркелеп жүр екенмін, блогты активно жүргізбей. Басқа салса адам 6 күн тамақ ішпей, тірідей денесін жаққандай қып химия жасаса да шыдайды екен ғой! Тағдырыңызға құрметпен қараймын! ❤ Қытаймен сауда деген менің темам емес деп, сізге жазылмаған болатынмын. Тұлға ретінде құрметпен қазір барып тіркелгелі отырмын. Аман болыңыз! Аллам күш-қуат берсін! Сұрағаныңыздың барлығын артығымен үйіп-төгіп берсін🤲✨
Ізгі тілекпен @kazyna_official 🌹
💐💐💐💐💐
Тангы 04:48, жылап, тебиренип отырып кордим. Алла мыкты куш жигер берип койган екен. Мужиксыз дегим келеди бир созбен, Менин еки балам ерекше, аутизм диагнозы екеуинде, улымда эпилепсиясы бар ещё. Мыкты болуга тура келеди. Алладан Куш Жигер сураймын озиме, и бариде акшага байланысты болган сон, Жокшылыктан куткаршы депте тилеймин кейде, себеби Сол коп нарсе каржыга кеп тиреледи. Сиз сынакта сынбай, крик жигеринизди жинап,Бир Жаратканнын кушимен, колдауымен, Жолдасыныздын демеуимен барин женип отырсыз. Биздерге Улгисиз! ❤ Сизге тилерим, тагыда улды кызды егизди болыныздар. Бастысы кулан таза айыгып кетиниз, шипасын берсин. Енбегиниз жансын, Ананыз Аман болсын сизди жарык омирге акелген. ❤
Мықты қазақтың қайсар қызы, бірінші рет естіп отырмын Алтайдың ар жағыннан келген ару екенсің, мықты.
Қайша апкемнің дені сау болсын өмір жасы ұзақ болсын сіздің айтқан сөздеріңіз мені жылатты. Жаным апкем еміңіз жаксы аяқталып иншаллах кудай қаласа ұл қыз перзенттеріңізді көруді нәсіп етсін🙏🏻🧿 Менің есімім Перизат жасым 29 да екі қыздың анасымын сізге қарап мен осы әпкемдей боламын мықты бизнестіде жақсы жүргізіп блогымды жаксы жүргізіп кететініме көзім жетеді иншаллах🙏🏻 Алла екі дүниенің бақытын берсін сізге🙌🏻 ауырып жатқан жандарға алла шипасын беріп тез сауығып кеткенін нәсіп етсін🙏🏻
Қазақтың қайсар қызы аман жүргейсіз! Барша қазаққа үлгісіз!
Ақша жаман дейді, өтірік айтады кім болса да, ақша деген кайф қой 😂
Күшті айтты😂😂😂
😂😂😂күшті айтты иә. Шынымен кайф😂😂😂
Иә ақша деген кайф😊ақша мені сүйеді, менде ақшаны сүйемін😁
Акша энергия
Акша табу оп онай деп мига айта беру керек екен
😍😍🥹👍 мықты подкаст болды мен шыны керек орысша білмеймін сөйлеуге қысылам сәл түсінсемде екі қабатпын узиге барсам орысша айтады маған қазақша айтыңыз дедім тағы орысша сөйлеп кетті қазақша түсіндіріп айтсаңызшы мен түсінбеймін дедім сөйтіп біреуді әкеп түсіндірдіғой мама дедім жыным кеп біреу орысша сөйлесе қазақша айтыңыз деп ұялмай айтам өз елімде орысша сөйлеп түсіндіріп қиналып кетем ше кейде соған жыным келеді Қазақстанымда қазақша ғана сөйлеу керек қазақша айтыңыз деп жүрген жерімде сүйтем орысша білмегеніме ұялмайм себебі мен үйреніп көрдім но сөйлеп кете алмадым қайырлысы деп Сізден үлгі мотивация алам сіздей Қайсар болғым келеді аман болыңыз құдай қаласа тағы балалы шағалы болыңыз бұйырса ❤👏🏻👏🏻🌹🌹🌹🌹😘😘😘@aiman.zhumabaevna менде сіз секілді бизнесмен кәсіпкер болғым келеді жұғысты болсын деп инстада айтқаныңыз ақ тілегіңізбен сыйыңызды алу бұйырсын🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻❤️🫂😘😘🌹
Ешкандай Подкатс тан бундай асер алмаган едим🎉. Просто вау. Казактын кайсар кызы Кайша 100 жасаныз. Убирли шубирли болыныз. Балаларыз коп болсын. Бар болыныз бай болыныз. Аллам жолдасынызбен бакытты гумыр сыйласын.🤲
Кайша мықтысыз. Кино түсірсеңіз болады екен өміріңіз жайлы. Алла қалап емізіңіз шипалы болып, Аружанның артынан ерер іні , сіңілілері көп болсын.
Бір деммен көріп шықтым. Арасында жылап та, батылдығына таң қалып та, айтқан әрбір сөзі көз алдымнан өтіп өзім сезініп шыққандай болдым. Алла шипасын берсін деп шын жүректен тілеймін. Розаға рахмет сөзін бөлмей жақсы сұхбат болды. Жолдарың ашық болсын.
Казактын Кайсар Кайшасы 😍казак десе журеги дурсулдеген оте мыкты билимди рухты кыз.Коп окыган билимди казак кызы кыздарды уйретип коздерин ашып жогары суйреп дамытып ози ауырын женип рухты кыз💐аман жур кайда журсенде 💐🌹🌹🌹🌹🌹
Жасым 57 де Қайша қызымды көріп өкіріп жылап алдым. Өзім таң намазымды оқып болып, таңмен таласып жылап жатырмын. Қасымда жолдасым ұйықтап жатыр. Естіп қоимасын деп көрпемнің ішінде жылап отырып көрдім. Не деген батыл қызсын Қайша қызым. Өмір жасың ұзақ болсын. Қызыңның қызығын көр жаным аман бол. Падарка керек емес маған Алладан амандығыңды тіілимін.
Қайша Керейді шашы жоқ кезден білетін едім , одан соң Даулеттеннің историясы арқылы таныла бастады , рак ауруын жеңгенінен бастап Туркиядағы өмірі , Қытайдағы саудасы , барлығын көріп отыратынмын , өте еңбекқор ,Қайша десе Қайша нағыз мативация алатын адам және Инфобизнесте болған Шуда мен Қайшаға сендм ❤️
Иә шашы химиядан соң түсіп, енді өсіп келе жатқан кезінен көріп едім
Қайша Кереймен ұйымдастырылған подкаст ұнады. Сондай шынайы, қарапайым, нәзік жан. Көріп отырып, жылап та алдым. Деніңіз сау болсын, 100% жазылып кетіңіз, отбасыңыз аман болсын. Алланың қалауымен үбірлі-шүбірлі болыңыз. Көзқарас бағдарламасын үзбей көремін. Роза ханымға да рахмет! Еңбегіңіз жана берсін!
Жыламай қарау мүмкін емес.Қандай керемет біздің Қайша деген қазақтың өжет,батыр,білімді қызы деп бір марқайып қалады екенсің.Қуаныштай жарды бұйыртқан Аллаға сансыз шүкір.Бар болыңыз,бай болыңыз.Арттағы келе жатқан сіңілі,інілеріңізбен ұшан-теңіз біліміңізбен бөлісесіз деген ойдамын.Қайшадай қазақтың білімді қызынан білім алып,үйрену,даму жұғысты болсын🤲🤲🤲
Өмірде анау-мынаыу дейміз,өмір біз ойлағандай бола бермейді, мотвацияға толы сұхбатты көріп отырып Аллаға шүкір дедім .жол көлік оқиғасына ұшырап төсекке жатып қалып едім, Қайша әпке рахмет сізге,қазақ қоғамындағы мыңдаған жандарға үлгісіз. Алла шипа берсін! қалың елдің дұғасымен аман есен болыңыз, Аружаныңыздың артынан ерері көп болсын! Анаңызға Алла денсаулық берсін! "Мықты ана" басымды идім қайсалықтарыңызға! Істеріңзге Сәттілік! 💪💪
төсек тартып жатып қалдым дейсізбе Аллам шипа берсін сізге Тұрып жүріп шауып кетіңіз❤❤
Құдай недеген шебер, қалай бір адамның бойына осынша даналықты, әдемілікті, қайсарлықты, жомарттықты, ақылды, сабырлықты үйіп-төгіп бере салған🤲 Құдай күш-қуат берсін, қазақ үшін Турция мен Қытайды қол жетімді жасадыңыз, алда Американы бағындырып, әр қазақты брендке батырасыз, ҚАЙШАдай қайсар қызы бар қазақтың бағы бес елі❤
👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻
Жаныыыммм сол Қайша сіңлім бақытын баянды болсын, жолдасыңмен Арукашың аман болсын үміт сенімің ақталсын❤ әбден жылап алдым 😢😢
Недерімді білмей отырмын, бір деммен көрдім, көзі ашық мінезді қыздардың кездесуі әрі Қайша апкенің тағдырын естідім, кейбір жерінде ойланып қалдым, ол кісінің орнында басқа біреу болса бұлай істей алмас еді. Бұрыннан көрем Қайша апкені, кейде сынап кетемін, бірақ бүгін сізбен шынайы толық танысқандай болдым, сізді ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚАЙШАСЫ деп бекер айтылмаған екенін білдім. Сізді тіпті сынауға хақымыз жоқ екенін аңғардым, жүзпайыз жақсы мықты адам бұл өмірде жоқ, әрі жүз пайыз адам болудың нақты бір рамкасыда бұл өмірде жоқ, деседе сізді жүзпайыз жақсы мықты адам ретінде бүгіннен бастап қабылдаймын! Басыңыздан өткеніңізбен мықтысыз, біліміңізбен мықтысыз, көз ашық адам және қатал бола білетін адам сонымен қатар өте ақкөңіл адам болғаныңыз үшін жақсысыз. Жақсылықты ұмытпайтыныңызбен жақсысыз. Жалпы айтарым ешкімнің көзқарасы маңызды емес, тіпті меніңде , тек осы қалпыңызда өзіңізге сеніп жүре берсеңіз болды ❤ және айтарым емді соңына дейін жалғастырыңыз, сезімталдықпен отпен ойнамаңыз(бұл жерде екінші бала алу жайлы), Алла берген Аружаныңыз бен жолдасыңыз, жақындарыңыздың жанында ұзақ ғұмырлы болыңыз, бақытты болыңыз. ❤❤❤❤❤❤
Қайсарлығыңызға бас иемін. Сіздің өміріңізді естіп өзімнің өмірімдегі ренжіп жүрген адамдарды кешіремін деп шештім. Шүкіршілігімді арттыру керек екенін түсіндім. Өмірге деген құштарлықты ояттыңыз, Алла разы болсын сіздерге, көрген түйгендеріңіз өмірлік сабақ болып жатыр қаншама жанға❤😢
Керемет сұхбат болды!
Жарайсың, айналайын Қайша, өз өмірің туралы айтқан сұхбатыңа бір күліп, бір жылап отырып тыңдадым. Нағыз қазақтың қайсар, жүрек жұтқан қызысың! Қазақтың қыздарына үлгісің! Жолдасың Қуаныш та қандай қызды жар етуде адаспаған! Кішкентай Аружандарыңнын қызығын көріңдер! Иә, осыдан 100 жыл бұрын Мағжан Жұмабаев “ мен жастарға сенемін!”- деп бекер айтпаған, өзіңдей жастар барда Қазақ Елі әлі-ақ мықты мемлекетке айналатынына сенемін!
Сұхбатты жүргізушіге Қайшаның сөзін бөлмей, толықтай тыңдауға мүмкіндік бергеніне көп рахмет!
mira61omarova
Қазақтың рухы мықты қызы, Қайсар Қайшасы, қаншама ауыр сынақ келсе де, өмір сүруге деген құлшынысты жоғалтпаған, нағыз партриот, намысшыл, қазақ тілінде сайрап тұрған, қазақтарға үлгі болар өзіңдей азаматтар көп болсын. Қазақ елінің жүрегі болып жүре бер. Ең бірінші денсаулық. Ешкімнің айтқанын жүрегіңе кіргізбе, сенің жағдайыңды білмей айта беретін адам көп. Тек алға. Осындай мықты энергиямен әрқашан халыққа берері көп болып жүре бер. Тарихта ізің қалсын Қазақтың Қайсар Қайшасы❤
Мықты батыр қыз екен. Құдайдың сынағыда қатты екен. Өзінің мықтылығының, кең пейілділігінің , еңбекқорлығының ,ер мінезділігінің , бұрыннан Таңда 04:00 тұратындығының арқасында , сұлу және бизнес леди , ана, Сүйікті жар . Ғайша, сіңлім, құлан таза жазылып , Аружанның артынан ерген іні-сіңлілері болсын!
Қазақтың мықты Қайшасы!✊🏻✊🏻🪬🫶🏻😘Алла сіздің қорғаушыңыз!✊🏻🤲🏻Аллам тіл-көзден сақтасын! Ұзақ ғұмыр берсін! Отбасыңызға барлық жақсылықтарды тілейміз! Ер азаматыңыз Қуаныш жаныңыз аман болсын! 🤲🏻💞Махаббаттарыңыз мәңгілік шексіз болсын! Ордалы отбасы болыңыздар!🤲🏻
Мықты батыр қызсыз!✊🏻💐🧿Аруканың болашағы жарқын болсын!🪬💐❤️
Армандарын орындала берсін
Мәәә осы подкастты Роза үшін көріп едім. Енді Қайшаны да тыңдайтын болам. Қайшаның фанаты болдым. 28 жасында ғасыр өмір сүріп тастаған сияқты, көп өмір сүргеннен емес , көпті көргеннен сұра деп бекер айтылмапты.
Қайырлы күн! Адам, өмір, тағдыр. Шынымен, жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді екен. Қайсар Қайшаның өрлігі, өмірге деген құштарлығы, қандай жағдайда да мотивация іздеп, өмірге күліп қарасаң, өмір де күліп қарайтынын, Аллаға сансыз шүкіршілік айтуды үйретіп отыр. Подкасттан қатты әсер алдым
Қ-қымбатты
А-ақылды
Й-иманды
Ш-шыншыл
А-адал
Қайша қыздың тегін мотивациялық сұхбаты кез келген адамға ой салды❤
Жылап отырып, көрдім ғой 😢😢не деген қайсарлық
Қайша Керейден жатаханадан шынымен де киім алатынбыз😊
Сол кезден тынбайтын..
Қазір соның жемісін көріп Жатыр ! Мықты қыз❤
Бай адамға қызығамыз, бірақ мынандай сынақтарға шыдай алмас едік! Алла жар болсын!
ҚАЙША ҚАЗАҚТЫҢ ЖҰДЫРЫҚТАЙ ҒАНА ЕРЕКШЕ ҚАЙСАР ҚЫЗЫ. ІСІНЕ РАЗЫМЫН, РИЗАМЫН. ЕҢБЕГІ ҚАЗАҚ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРІНЕ ҮЛКЕН ҮЛГІ-ӨНЕГЕ👍
АЛЛА ДЕНІҢЕ САУЛЫҚ БЕРСІН, ЖАРЫҢМЕН БАҚЫТТЫ ҒҰМЫР КЕШ. ҰРПАҒЫҢА САНАЛЫЛЫҚ, АҚЫЛДЫЛЫҚ НӘСІП БОЛСЫН🤲
Керемет махаббат үлгісі ❤️❤️❤️ Қандай мықты күйеуіңіз! Әсіресе тоқалдар туралы айтқан әңгімесі рас: қазақтар тоқал алып, бір-бірін тығып, лағып кетті
Керемет подкаст болды ешкімнің өмірі өткені жайлы мен көрмеуші едім Қайшаны екі рет қайталап көріп шықтым бірге жылап бірге күліп те алдым. Нағыз елін жерін сүйген патриот дер едім екінші тілге деген құрмет әрбір айтқан сөзі қандай үшінші бауырға досқа адал жарына баласына Анасына деген махаббаттың шексіздігі төртінші білімділігі соның арқасында жұмыс жасап әр қазағым білсін байысын деп үйретіуі бар адамдар өзіде білмей өзгені де жынды жасайтын.Айналайын Қайша кішкентай ғана жүрігіңнен айналдым.Аман бол Қуаныштай азаматтың мен Арукадай қызғалдағыңмен Алла ғұмырлы бақытты өмір берсін🥰🥰🥰
Өкіріп жыладым десем өтірік болар, бірақ жұмыста бастап отырып көріп, обедке үйге балаларыма барыа келем деп автобуста отырып қарап, мұрным шуылдап, су ағып, үйге жетіп жалғастырып көріп жаңа болдым. Әттең-ай осы подкаст 2 жарым жыл бұрын шыққанда менің анама жақсы мотивация болар еді деп отырмын 😢. Анашым сол рак ауруынан қайтқанына 1 жарым жылдан асты. Ал сен мықтысың Қайша, сені тыңдап отырып, менің проблемаларым жай ойыншық сияқты екен ғой деп ойладым. Алла ұзақ ғұмыр берсін! Қазақ деп соққан жүрегіңнен айналайын!
Қайша Керейді Даулеттенді 2012 жылдан бері танып қарайтынмын Даулет елімізге жұртымызға әділдік бар нағыз шындық адалдықты көрсеткен нағыз қазақтың жігіті бізге жеткен нағыз қайратты жігіт, әрине ондай адамның қасында Қайша Керейдей адал досы бар деп көрсеткеннен танимын қараймын, бірақ бұл подкастты қарағаннан кейін миымда үлкен трансформация болды, бұл американдық атақты байлардың жетістігі секілді бір кино қарап шыққандай болдым шыны керек өте әсерлі, бір деммен алаңдамай қалай қарап тыңдап шыққанымды білмеймін, біздің қазақтың қанындағы батылдық барлық құндылықтарды Қайшаның бойына бергендей! Шын отзыв, Қайша ханым сіз кино әлемін және кітап шығарсаңыз өз өмір баяныңыз жайлы бұл үлкен жетістік және мотивация болар еді қазақтың қыздарына! Керемет сөз жоқ, біздің өміріміз дым қызық емес екенғо деген ой қалыптасты) инстаграм: jazekaa.m
Не деген мықты, қайсар қыз болғансыз. Көріп отырып неше түрлі эмоцияда болдым.«Мен не істеп жүрмін»,-дедім. Арукадан кейін Аллам сіздерге торсықтай ұл берсін 🤲. Сіздей мінезді болсын қазақ қыздары. 🙏❤🌞
Қандай күшті сұхбат болды,таза қазақша,жүргізуші де сөздерін бөлмей соңына дейін тыңдады,бір кітап оқып шыққандай болдым.Аллам Қуаныш екеуіңізге бар нұр шапағатын төксін,10 балаға татырлық Аружандай текті қыз өсіріп отырсыз, жасаңыз қазақтың қайсар қызы
Қазақтың қайсар Қайшасы
Көргенің болсын тек жақсы,
Қиындықты жеңіп шыққан
Сендей-ақ болсын баршасы.
Жүрегі әппақ мақтадай,
Жүзіңнен шуақ шашқандай
Әр сөзіңнен мына әлем
Құлпырып бара жатқандай!
Қиналған сәтте өзіңді
Инстадағы әрбір сөзіңді…
Қараймын да нәр алам,
Күлімдеп ашып көзімді.
Өзіңдей пысық адал жан,
Ешқашан құлап көрмесін
Жар болсын өзі Жаратқан🤲🏻
Махаббатқа бөлесін!
Қуаныштай жан жарың
Мәңгілік болсын жаныңда,
Аман болып анашың
Бауырларың бүтін боп
Жұлдыздайын жарқыра!!!
Қайша әпкенің подкастын көруді арнайы жоспарлап, көрудің сәті түсті. Подкаст боямасыз, таза шынайы, әрі тәрбилеік мәні бар, жастарды патриотизмге бағыттайтын мәнді болды❤️
Атамекенді аңсау, елге деген сағыныш, әр қазақ менің жалғызым, “Байыса қазақ байысын”,- деп жүрегі соққан Қайша әпкеге Алла разы болсын! Бұл кісінің экранның алдында айтып жатқан сөздері мен шынайылығы 100% сәйкес.
Бұған дәлел, жақын уақытта Тары шәйханасында тікелей сол кісімен болған жағдай. Шәй ішіп, жұмыстарымды жасап отырғанда Қайша әпке кіріп келді. Мен бұл кісіні осыған дейін Қазақтың Қайсар Қайшасы деп таныған едім. Сонымен барып, сәлемдесіп фотоға түскім келді. Осы уақытқа дейін қайсар, елін ойлаған азаматша деп келсем, енді тек патриот ғана емес қарапайымдылығына тәнті болдым.
Әпкемен таныстық. Не іспен айналысатынымды сұрады. Өзімнің балаларға мамандық таңдауға көмектесетінімді, жалпы білім саласының дамуына үлесімді қосқым келетінін, сіз қазақ байысын десеңіз, мен әр қазақ білімді болсын деген тілегімді жеткіздім. Осы сәтте әпке, өзінің инстаграм парақшасында мені тегін жарнамалап салып беретінін жеткізді. Бұл жерде тағы бұл кісіде қарапайымдылық ғана емес, боламын деген адамға қолдау білдіру, білімді жастардың көп болуын қалайтын көпшіл екеніне көзім жетті. Алғысым шексіз!
Өмірге құлшыныс.
Өмір күрес. Әрқайсымызда бір бітпейтін мәселе. Кейде сол мәселеге кіріп кеткеніміз сонша, өмір сүруді ұмытып кетеміз. Осы шешілсе, осы қарыздан құтылсам бақытты өмір кешеміз деп ойлаймыз. Бірақ біз елестеткен өмірде өзіміз болмай қалу қаупіміз бар. Сондықтан әр сәтте бақытты бола білсек❤️Уақыт өте береді. Ең бастысы деніміз сау болса, басқа барлық мәселе түбінде шешілетіні сөзсіз. Осы жерде қайғыға берілмеу, сынып қалмауды, түбінде барлығы уақытша екеніне сене білу керек екеніне подкасттан кейін тағы көзім жетті.
“Аман болса басың, әлі өсер шашың”. Подкасттан ерекше алған әсерім осы мақалмен байланысты болды. Ауыр дертпен ауырып, шашын тықырлап алып отырған адам, ертең күннің шығатынына сеніп, “Аман болса басың, әлі өсер шашым”, - деп Алладан үмітін үзбей, жақсылыққа сенгенде, біздің кейбір мәселелерімізге де “Аман болса басым, әлі шешілер мәселем” деп қарамасқа…
Роза ханымға респект. Тыңдай білу де - өнер🔥
Қайша өжет, қайсар мінезді қыз.Қазақ болсақ осындай болайық! Жақсы , маңызды ұрпаққа тәлім тәрбие беретін фильм жасауға болатын дүние.Осыны қолға алыңызшы.Шындыкты шырқыратып айттыңыз.Тамаш фильм түсіруге арналған сухбат болды.Рахмет.Зор әсер алдым.
Жарайсыздар!
Өз өміріме тағы алғыс айтып, керемет ой түйдім. Әрбір күніме шексіз алғыс! Батыл, қайтпас-қайсар, өмір сүруге құштар, өмірмен күресе алған Қайшаны көрдім. Жарайсыз! Өмірдің ешбір қиындығына мойымай, алға ұмтылған жеңімпаз қазақтың Қайша қызы екен. Деніңіз сау болып, биік шыңдарды бағындырыңыз!
Қалыңыз қалай, сұхбатыңызды көріп қазіргі заманның батыр қызын көріп отырмын. Сондай қатты жақсы көріп қалдым қандай мықты адамсыз. Жүріп өткен жолыңызға іс-әрекетіңізге тәнті болдым. 😍
Батыл десе Қазақтың қызы дер ем!
Қайсар десе Қазақта Қайша дер ем!
Жаны нәзік, жанары от сұлу елік,
Өр мінезің намысшыл-нағыз ерлік.
Үлгі етер, жол көрсетер осындай нағыз батыр қыздар барына қатты қуанамын. Екі қыз - қәзіргі заманның екі алпауыт нағыз білім алар үлкеен мектебі. Респект👍👏🏻👏🏻👏🏻
Жақында 4ші баламды босандым. Кесір тілігімен. Өмірі ондайды көрмеген мен, өзімді аяп, жылап, жанымдағылардан қолдау күтіп, оны ала алмай ашуланып, елдің бәріне ренжіп жүр едім. Бүгін Қайша Керейдің әңгімесін тыңдап, өкіріп жылап алдым. Алладан күпірлігім үшін кешірім сұрадым.
Түйгегім: не жағдай болса да, Алладан үміт үзбей, шүкіршілік ету керек. Өзіңді бағалап, өзіңе көңіл бөліп, өзіңе қарау керек. Өзің өзіңде біреусің.
Қайшаға осы ашық әңгіме үшін рақмет. Батыр қыз! Көп балалы ана болуды Алла бұйыртсын.
Алла ешкімнің басына салмасын. Сен мықтысың!
Қайшаны көріп жүргеніме біраз болды .қарап мақтан тұтам ,біраз қызға үлгі деп ойлаймын.Бізде де үлкен қызымнан кейін 16жылдан кейін көрген Сағыныш деген қызымыз бар.Сағынышым ерекше.сіз сияқты мықты,өжет,пысық қыз болса екен деп тілеймін!❤❤❤
Күшті подкаст болды. Өмірдің мәнін, құндылықтарын түсінгендеймін. Күйбең тірлікпен соны ұмытып кетеміз, өлместей өмір сүреміз. Рахмет қайсар қыз
Оте дурыс айтасыз
Мен мактанып отрм казак екениме мактанвшпен айта алам
Сұхбат маған 100% әсер етті!
Қайша ханым - мен көрген мықтылардың мықтысысыз.❤️ Сұхбатты тыңдап отырып түсінгенім. Біз - болмашы сөздер мен болмашы адамдардың іс- әрекеттеріне, Алла берген жүрегімізге қаяу салуына жол бермеу керектігін! Алланың қалауымен осы жолды жүріп келдіік пе, демек, бекер емес. Бізге ешқашан біз көтере алмайтын жүк жүктелмеген, осыны әрдайым біліп жүрейік. Иә, аз сыналып жатқанымыз жоқ, алайда Аллаһым нәтижесін беріп жатыр емес пе?
“Алла маған сынақ бермей кетті”,-деп уайымнан қатты жылаған күндерің есіңде ме? Ендеше, бүгінгі берілген сынақтарыңа шүкіршілік ет, жаным. Өмірде ештеңенің құрдан-құр болмайтынын жақсы білесің. Әр нәрсенің сыйы мен сыбағасы қатар. Сондықтан, бойыңдағы ерік- жігеріңді қайта жинастыр да, бастаған ісіңді аяқтауға өзіңе уәде ет! Көзге жас алып отырып тыңдайтын подкаст болды❤️ @bakiralievas
Өте әсерлі болды, Аллаға шүкірімді айттым ғой. Сіз өте мықты адам екенсіз!
Мен де шет елде дүниеге кеп Қазақстанға, еліме оралып: ағылшын оқып үйреніп Ютуб канал ашып әр қазаққа пайдалы болсын деп үйретіп жүрген жайым бар! ❤Отанымды сүйем!
Қазақтың құртақандай қызы,сондай мықтылығын көріп тәнті болдым.Жүрегімді езіп жібердің,аман бол қайда болсаңда.Бақытты бол Қуанышпен бірге.❤
Қайша әпке денсаулығыңыз мықты болсын, ұзақ ғұмырлы өмір тілеймін❤
Қайша ханым сіздің қысқаша өміріңіз бен еңбегіңізді қозғалмай отырып көріп шықтым... Шыныменде бір күліп, бір құлазытып қалдық.. Бала Қайшадан, батыр, еңбекқор Қайшаға дейінгі аралық шынымен қағаз бетіне немесе кино болып шығу керек.. Өте мықты Қайшаға Қуаныш мырзамен бақытты болып, Аружан балапанның қызығын көруді Алла нәсіп етсін!! Алла өздеріңізге жар болсын!!!
Бір деммен отырып қарадым өмірге деген қөзқарас шамалы болсада өзгерді рахмет көзім ашылғандай миым да жарылыс боп жатыр 🥰🥰🥰,Қайша ханым сізге зор денсаулық тіледім 😘😘😘
Не деген сөз саптау,қайсарлық,өжеттік,еңбекқорлық,бәрі бар бойында👍👍👍
Недеген Қайсар, қайратты , батыл қыз. Қайша Ханымды мұндай батыл, қайсар, қайратты қыз деп ойламппын. Өміріңізді өзі Новелла ғой. Көп ой түйдім, мотивация алдым. Қайша Ханым Алла шипасын беріп, толық жазылып жоспарларыңыз орындалсын. 100 жасаңыз❤
На одном дыхании дейма, сөйтип көрдим. Бул кисини танымайды екенмін да, естімеген екенмін да. Бірақ осы подкасты үзбей көрдім, бірнеше эмоция сезиндім. Өте унады. Тек денсаулық тилеймин. Ғұмырлы,бай-қуатты болсын.
Бiр деммен десенiзшi
Подкасттың 1 минутын да секундында жібермей көрдім. Жұмыс жасап жүріп көретін едім бұрын, осы жолы отырып тек Қайшаның аузына қараумен болдым. Екі сағаттың ішінде эмоцианалды качеля әбден тербетті.. Жылап отырып күлдім, күліп отырып жыладым. Қайша ханымның оқиғасын парақшасынан талай оқысам да өз аузынан есту мүлде басқаша. Бойындағы ұлтым деген патриоттығы қандай?!! Шынымды айтсам, туылғалы Қазақстанда тұратын мен қатты ұялдым... Бар қазақтың бойында болу керек қасиетті қаршадай қызға үйіп-төгіп бере салғандай. Еңбекқор, пысық, қайсар. Сонша қиындықтан өте тұра жұтылып кетпей әйелге тән нәзік қалпын сақтай алғанын айтсаңызшы. Ер азаматы туралы айтқанда да көзіме жас алдым, недеген сыйластық деп.. Подкасттың өзі үлкен сабақ болды, түсіне білген адамға. Қайша ханым қартайғанда нағыз қазыналы әже болатынын сеземін. Аман болыңыз! Сіздей тұлғалар бізге ауадай керек! Әркез өзіңіз үшін Дұғадамыз!
Роза ханымға рақмет осындай подкаст үшін. Соңына дейін әдемі тыңдадыңыз. Қайша ханым өте қатты ашылды. Рақмет❤ @laubaevas
❤❤❤❤❤
🥰🥰🥰🥰🥰
Мен де сондай болдым до сих пор жылап корып отырмын сагат тунгы 2:37😢
Осыдан бірнеше күн бұрын көріп тыңдап шыктым,Кайша ханым сториснздан тыңдап, сыйлық үшін емес,тек жылы тілегімді білдіргім келді, инстаграм га да, комментария га жаздым, Қазақшаны орып тастадыңыз прям,тіл байлығыңыз керемет,сізді тыңдаған қазақтар біразы өздеріне мотивация алды,өзім сізді ұйып тыңдадым, таза қазақ болсаң осылай қазақшаны ойып тұрып сөйле дегім келеді барлық адамдарға, недеген еңбекқор, білімді, сауатты, нәзік, көркем мінезді,онымен қоса қайсар мінезі мен жұмсақ жүрегі, тектілігі,жолдасына деген құрметі, енді айтып жеткізе алмаймын,сіздей қазақ,әпкем сіңілім,бауырым бар екеніне мақтанамын,әр қазақ жалғызым деп соққан жүрегіңіз, кең пейілді дархан көңіліңіз үшін Алла тағалам сіздің мәртебеңізді екі дүниеде де көтеріп қойсын 🤲🤲🤲🤲🤲🤲
Кітапта жазылатын қайсар қазақ қызының суреттемесі сияқты❤ тілінің тазалығын ай😍
Айналайын Кайша қызым , жас та болсан басыңнан талай өмір өтіпті , Алланың суйген құлысын , Қуаныш баламның маңдайындағы бағысын , жұлдызың жарқырай берсін , жолын туссе Киелі аулие Ата -Таразға кел , қанатың талмасын Қайша қызым🙋♀️🙏🏻🤲👍😘
Бұрын өзіме осындай сұхбат, басқа да нәрселерді мән беріп тындап, қарамайтын мың.Осы подкасты "От и До" көрдім.Осы Қайшаның өмірі жеке бір кино түсіруге болады.Аяғында деңсаулығы мықты,балалары көп, Қазақстанның экономикасының дамуына ойып тұрып орын алған бизнес -вуман , бақытты әйел, сүйікті жар болсын.Аллам осындай арманым, тілегім қабыл болсын 🤲!!!
Бөпемді емізіп отырып жазып отырмын. Өзімнің 7 жыл ажырасқандағы өмірім женски жақтан жаман диагноз қоиған кездері емханада жылап кіріп шығып жүрген сәттер есіме келді. Әр бір қиналысыңызды сезініп жылап жүріп тыңдадым. Өмір деген сынаққа толы болады екен расында үмітті үзбеу керек Алламен жалғыз қалып сырласар жылаитынмын.Әр қазақ жалғызым деп шырылдап, бар білген кәсіпті аитып үиретіп сүиреп жүрсіз ғои. Әр әйел бақытты болуға лайықты барша армандарыңыз орындалсын! Сізді сол Айнұр Тұрсынбаева таныстырғаннан көріп едім. Шынайылық пен жанашырлық сезіледі үнемі.болмаса қаншама сіздеи атақ баилыққа жеткендер өзім болсам толсам деп шет елде өмірін сүріп жүр емеспе. Мына қарапайым халықты оилап білгенін бөлісіп жүргендер көп емес. Расында біздің сана ои өрісті біршама таптап тастаған ау деп қалдым сіздің көрген білген аитылғанды ойлап саралап. Өзіңіздің өмір жолы сынағымен бөліскеніңізге ракмет. Жеке өзімді өткенге қараи саралап бір анализ жасадым. Қазақ деп соққан жүрегіңізден айналдым! mbserikovna.
Көріп отырып жылап алдым .Нағыз Қайсар ,өте білімді,пысық қызсыз.Осы подкастыңыздан ақ алғаным көп.Қазақ десе жаныңызды бересіз.Даулеттен арқылы танып инстаңызға жазылған едім.Анаңыздан дара туған қыз екенсіз.Ауырмаңыз.Бақытты болыңыз.Өте шынайы екенсіз.Мотиваторсыз.Жобаларыңыз дами берсін.
Аллаға шүкір осы подкаст үшін. Қайша ханым қандай тәуелсіз. Қалай қазақша әдемі сөйлейді.
Көбірек адамдар көрсе екен деймін❤
Ияяя уйықтамай көріп шықтым.өте әсерлі сұқбат болды
Шынында тұнып тұрған қаншама энергиясы көөп, сауатты қайсарлы шыншыл қыз екен
Басынан өте көп жағдай өткен екен .Алла сіздерге ұзақ өмір баянды бақыт берсін!
Қайсар қазақтың Қайшасы!Аман болыңыз,қазаққа жол көрсетіп жүре беріңіз.
Енді көріп біттім соңына дейін, өте көп адамға мотивация беретін шынайы оқиғалар айтылды. Мен бір бизнес бастап минуска кіріп содан өзімді жоғалтып жүрген едім, мынадан кейін оны айтуға ұялып қалдым түк емес екен. 😢Аллах тағала бізге кез келген сынақты бостан бос бермейтіні рас екен, бәрін көру керек оқу и даму керек екенін умытып кетеміз көбіне. Ешқандай кедергілерге қарамай ештемеден қорықпай алға ұмытылу керек екен осы подкасттан ой түйгенім. Роза ханым сізге ракмет осындай ерекше қонақпен әңгіме айтып , оның ойын бөлмей соңына дейін әдемі тыңдап отырдыңыз, сізбен бірге тәнті болып эмоцияға ерік беріп тыңдап жүрдім. Қайша Керей ханым сізді мүлдем басқа жаңынан көрдім сізді тұлға ретінде таныдым. Айтарыңыз көп берер біліммен тәжрибеңізде өте зор екен. Қарапайым халықтың дамуына көзін ашылуына үлес қосып жүрсіз, Аллах сізге бүкіл әлемнің асылын және ең жақсысын нәсіп етсін! Қандай батыр әйелсіз бүкіл қиындықты жеңіп үнемі Аллаға сеніп әрекет етіп жемісін көріп жүрсіз үнемі сондай болсын! Қайша ханым және Роза ханы сіздердей қайтпас - қайсар қазақтың қыз-келіншектері, әйелдері көп болып қазақ халқынын абыройын арттыра берсін! Жәйлап осылай бүкіл қазақ қыздарының білімі артып Қазақыстанды әлемге таныта берейік❤️ Алла жар болсын баршамызға🙌
Шынайв ниетіммен
@roza_usenqizy
Қайша ханым, мен көп комментарий жазбаймын, бірақ Роза ханыммен подкастыңызды көріп сізге ғашық болдым және сол ғашықтығымды мойындамасам жүрегім тыныштық таппас деп ойладым💔
Бір басыңыздан неше түрлі сынақ, қилы тағдыр өтіп жатыр екен. Алланың сүйікті құлдарының бірісіз деп үміттенемін.
Ең алдымен, “оралман” сөзіне терең мағына бергеніңізді ерекше атап өткім келеді. Өзім оралманмын, бірақ сонда да оралман дегенде шетелде сыйыспай амалсыздан келген қаңғырған қазақ көз алдыма елестеп, оралман екенімді жасыруға тырысатынмын. Бірақ сізден дәл сол жергіліктілер менсінбей жүрген қандастарымыз нағыз ҚАЗАҚ екеніне және олар бізден емес, керісінше біздің сіздердей салт-дәстүрімізді, дінімізді, әдет-ғұрпымызды сақтап қалған нағыз ҚАЗАҚ БАБАМЫЗДЫҢ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ұрпақтарынан үйренеріміз көп екеніне көзім жетті. Осы орайда, сіздер елге қалай асыққан болсаңыздар, тарихын жартылай ұмыт еткен біз халық боп жабылып, сіздерді төбемізге көтеріп, бойларыңызға сіңірген қазақтың дәстүрін, тілін өзімізге алуымыз керек деген ой ғана келді. Тағы да оралса екен, көбейсе екен деген арман пайда болды❤️
Ал осы көрсеткен үлгіңізден бөлек, көрген қиындықтарыңыз, олармен өмірге күле қарап күресіп келе жатқаныңыз, мойымай, басыңызды тік, еңсеңізді биік ұстауыңыз ол мен үшін бөлек ҮЛГІ болды. Аяғанды жаман көретін асыл мінезіңіз мені ЕРЕКШЕ тәнті етті🫶🫶🫶
Сізге өмірден сынып, артқа қайтпағаныңыз үшін, қанша құласаңыз да тұрудан шаршамағаныңыз үшін, сөйте тұра қылықты жар, аяулы ана, анасының ерке қызы болып қалғаныңыз үшін, қайтсем әр қазағым бай болса деген ниетіңіз үшін, осы жолда сіңірген еңбегіңіз үшін әйел ретінде АЛҒЫС АЙТҚЫМ КЕЛЕДІ❤️ Сізден аларым, үйренерім көп екен, Қайша ханым💐
АЛ АНАҢЫЗҒА ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ❤️
Ыстық ықыласпен @orynaliqyzy_ainur
Америкада отырып құрт жеп жыладм дегенде іштегі мұңмен жүрегім жылап но ақылым күлді! Өмірімде мұндай эмоция бірінші рет алдм! Аман болыңыз! Ғұмыр жасыңыз ұзақ, отбасыңыз аман болсын! Еңбекте табысқа жете беріңіз!
Алла жар болсын сізге! Алла білуші, сізді осы кунге өзінің бар екенін, мейірімді екенін халыққа жеткізу ушін таңдады деп ойлаймын. Сенім, қайсарлық, еңбек!
Бір кем дуние… дейді қазақта, сеніңіз! Алла ұлық❤
Мойындайықшы😭 біздің қазақтар малдан төмен ғо. Сырттан келген қазақты особенно Қытай, Өзбекстан жақтан келгендерді МЕНСІНБЕЙДІ😫 жаным ауырып тұр, бала 6-7 класс кішкентай қызды басынғанына. Мұрны өз ауылынан әрі шығып көрмеген, сөйтіп алып, әлемді аралап көргендей басынып шығады
Жаным Қайша қыз қазақтың ішінен шыққан батыр қыз десем болады.Өте ақылды ,мәдениетті,сүп-сүйкімді қызсың.Әңгімеңді тыңдап жүрегім қатты ауырды,жыладым жаныым қандай кезді өткіздің,Алланың сүйікті құлы екенсің.Саған Аллам екінші өмір берді.Сол өмірді бағалап алға ұмтылып,қандай пейнет жасап ,осындай дәрежеге жеттің.Аллам саған жар болсын жаным.Мен саған ұзаақ ғұмыр тілеймін.Кеудеңдегі жүрегің тоқтамасын.Елімізде осындай батыр қыздар көп болсын.
Малдан төмен деп бүкіл қазаққа тіл тигізуге қандай қақың бар?
Мәәә😢😢😢Қайша қыз өте әсерлі сұқбат басталғаннан Қазақ деп соққан жүрегің,маған қатты әсер етті.Менде оралманмын.Менде ұялмаймын ашықпын.Бірақ осындай сынаққа төтеп беріп,Құдайдың қуаты саған тисін,өжет қыз жазылып кет құлан таза.❤❤❤
@@ЗухраКунтуарова хақым бар, себебі сол қалың қазақтың арасында өмір сүріп жүрмін. Лично өзім олай жасамасам да, Қайша ханымға осылай жасағандар үшін ұялып отырмын. Сөзім қатты өтсе, значит өзің де солай жасайсың..Жалпы қазақ үшін дегенде мойындасай 90% солай ойлвйды ғой
@@aigerimzhunissova3225 қарағым мен 60қа жасым таяған мұғаліммін,мен ешкімге олай жасаған емеспін,артық сөйлеме!
Подкаст көрмеуші едім,именно Қайша Керейдің өмір тарихы маған өте қызық болды,қазақтың кішкентай қызы қалай осы дәрежеге жеткені,өмірдің сынағына қалай төтеп бергені бәрі-бәрі 41 жасқа келген мен үшін үлкен мотивация болды. Тапжылмай бір деммен көріп шығып,өмірге деген көзқарасым басқаша өзгерді,мен де Қайша сияқты саудаға бейімім бар,неге қорқамын ,істеймін,небір биіктерді бағындырамын,оқимын,дамимын деген ой келді,әйтпесе бұрыннан бір қорқыныш билеп,бала-шаға анау-мынау деген сылтауым көп еді,жарайсыз Қайша ханым,сіздің әр сөзіңіз,ісіңіз,өмірге деген көзқарасыңыз әр қазаққа үлгі болып,сіздей болса қазақ елі басқаша болар еді,бұрыннан бетер жақсы көріп кеттім десем артық айтпаймын,құшақтадым!😘💐🤲 @aikerim_nesipbai❤️❤️
Жылап отырып көрдім😢 Аллаһтың сүйікті құлы екенсіз. Сонша сынақтан өткен, сүрінсеңіз де берілмеген🥹 еңіреп отырып қарап шықтым
Бір сөзбен айтқанда Қайшамен кездескім келіп кетті. Тамаша өжет қыз екен
Жыламай көруге болмады😢Жаным ау кіп кішкентай қыз қаншама қиындықты жеңыпты. Алтыным сол ғумырлы болыңдар🎉
Қайшаның подкастқа келгені дұрыс болды❤ өзінің өмірін, білімін керемет айтып берді👏🏼 әр жасаған ісі қайсар екен😘
Жаанымм Қайша ханым. Стористардан салған өміріңізді оқитынмын. Жаным ашып қалатын. Бірақ сондай мықты екен деп таң қалыпта жатамын. Осы жолы айтқаныңызда, жұмыста отырып көзімнен жасым қалай аққанын білмей отырыппын. Жұмыста подкасттар тыңдап шаруамды бітіріп отырғанды жақсы көремін, құр ән тыңдағанша. Өзім бастықтың алдында отырамын , бастығымнан көз жасымды тығып тыңдап алдым сізді. Жолдасыңыздың еңкілдеп жылағанын естігенде, менде бірге жыладым. Сіздің Қайсар Қайша болуыңызға шынменде анаңыздың септігі мол екен. Осы жолы сіздің подкастты ауыз толтырып айтатын таныстарым болмады, қатты бөліскім келіп сөз қозғағым келді. Енді сізбен бөлісетін боламын. Сондай мықты жан екенсіз. Анаңыз мың жасасын.Сізді маған көп уақыт анам жіберіп отыратын. Өзі саудаға қызығатыны бар, Қайшаны көрдің ба , тыңдашы мынадай курсы бар екен, бүйтіп жатыр екен, сөйтіп жатыр екен деп. Аналар қаталеспейді екен . Анашыма да мың алғыс сізді маған сілтеген. Аман болыңыз. Жүз пайыз айығып, деніңіз сау болып, елде жарқырап жайнап, біз сияқты жастарға үлкен Мотивация болып жүре беруге тілектеспін. Осындай подкасттарда сізді жиі көргім келеді. Сіздің әңгімелеріңізді тыңдаған сайын жігерленіп қаламын. Сізге жазарым өөөте көп. Бұйырса сізден жақсы бір курс алып, өз кәсібімді дамытуды бұйыртсын Аллам!🤲🏻❤️
Өзі сұлу, сымбатты, өте ақылды, білімді қазағымның қызына сүйсіндім! Сөз саптауы, ойын жеткізуі, өмір жолы - жанымды тебірентті! Қайсарлығы мен тапқырлығы өз алдына! Ауыр дертті Алланың қалауымен жеңіп, өзін тамаша ұстап,сауданы жүргізіп отырған өжет ару!
Алла тілеуіңізді беріп, жолдасыңыз екеуіңіз көп балалы болып, аман болыңыздар!
Елім-жерім деп келген қандастарымызға ешқашан оралман деп қарамаппын да, ойламаппын да.
Қайта сол елден жырақ жүргендердің елге деген махаббаты ерекше болатынын білемін. Ол кісілер, өз тілін, әдет-ғұрпын, дінін ерекше сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келеді. Түбі елге келіп табан тіреп жатырғандарына бек қуаныштымын. Ел де, жерде барша қазақ қа, Қазақстандықтарға ортақ.
Мен Астрахань қаласына емделуге барып, ауруханада қазақ келіншекпен таныстым. Кейін барғанымда, ол маған қонақ үйге барушы болма, сенің Астраханьда үйің бар, біздікіне келіп тұрасың дегенде қуанғаннан жылағым келді. Баратын жерім болмағаннан емес, оның қазақылығына тәнті болғаннан. Ой, қайран қазағым-ай дедім. Кейін ол маған да қонақ болып келіп кетті. Қайда жүрсек те бір-бірімізге жанашыр болайық 🙏
Saya_myrzakhmet 🫶
Мықты қыз, бір деммен көрдім. Қазақтың қыздары жасасын!
Енді ғана аяғына дейін қарап тыңдап болдым. Арасында жылап та алдым. Керемет сұхбат болды. Кино көргендей елестетіп тыңдадым. Нағыз қазақтың Қайсар Қайшасы екеніне тағы да көзім жетті. Бақытты болыңыз! ❤❤❤
Сіздей болу үшін алдымен сіздің аяқ киіміңізді киіп, сол жолмен жүріп өту керек,. Барлық қиындықты жеңіп, Қазақтың қайсар Қайша қызы болып отырсыз. Мына өмір жолынан көп тәлім тәрбие алуға болады.Ниетіңіз таза, жүрегіңіз елім, жерім деп соғып тұр.Жасай беріңіз, дами беріңіз!❤❤❤
Мына подкастқа жүргізуші керек емес сияқты гой,басынан аяғына дейін өзі сөйледі😊
Иә😂менде соны жазайын деп отырған едім.
Айтары бар адамның сөзін бөлмеу үшін де сабыр керек!
Өте дұрыс болды.
Көріп біттім😄жыладым күлдім.ауырған кездерін айтқанда өзімнің де ұзақ уақыт жаман ауырған кездерім есіме түсіп бүкіл қиналған ем алған кездерім көз алдыма келді.жүрегіме қатты тиді.Аллаға шүкір бәрі артта қалды.аман сау екі қызғалдақтың анасымын.Қайша сияқты қатты жетістікке жетпесемде ең бастысы саумын бәрі жақсы.енді күшті подкаст ұйып отырып көрдім Роза ханым сізге рахмет !алған әсерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес👍👍👍
Өмірдің, денсаулықтың қадірін түсінбей жүр екенбіз ғой 🥲
Мына сұхбат бомбағой бомба тыңдаған сайын мотивация алып қайта қайта тыңдай бергің келеді😻
Қайша Керейді көріп нағыз қаны қазақ адамды көріп отырмын! Нағыз қазақ еңбекқор болады! Бізде орысбақай қазақтар оңай жолмен ақша тапқылары келеді. Қайша Керей жасай беріңіз! Сізді Қазақ елінің министерствосында көргім келеді, себебі сізде Қазақстанды өзгерте алатын күшіңіз бар! Алла әрқашан сізді жарқырап жайнап жүруге қолдап жүрсің! ❤❤❤❤ жасыңыз меннен кіші болсаңызда, сізге қарап уйренетін заттар көп! 🎉🎉🎉
Аман болса басым ,қайта шығар шашым. ...
Менде осыдан өтім,қазір шашым өсіп қалды ,шүкір. Химиядан кейін ,шашымды сипасаң түскенде ,басың ауырғанда ,жолдасыма шашымды алып берші дедім .... Қызыма жылағанымды көрсетпедім,сол кезде қызыма осы сөзді айттым :басым аман болса ,шашым шығады деп.
Алла жақсы көрген адамына сынақ береді деген сөз маған демеу болды . Намазға келдім .
Бір мезетте соңғы бір жылғы өмірім қайта көз алдымнан өткендей болды ..Басынан өткен адам жақсы түсінеді.
Қайша ,сізге Аллам сәби сүюді нәсіп етсін.
Әсерлі ,керемет Подкас үшін рақмет.❤❤❤
Қайша, мықты айел екен сіз,Алла тек сүйікті құлдарына сынақ береді❤❤❤❤❤
Каиша Ханымды катты жаксы Корем . Менде Туркияда турам . Подкасты екинши рет карап отырм козиме жас алдым . Бундаи жагдаилар . Жане омир тарихларын карау оте кушти . Арине бундаи ауру болмаса екен деп тилеим . Бул омир баянан коп нарсе уйренуге болад .Еки сагаттык Бир сабак десем болады . Подкасты алатын сабак оте коп адамдардын омир баяны козге жас аларлыктаи окигалар курес омирге Деген кулшыныс бары Бари оте керемет . Алла шипасын берсин Каиша канымга
Ризамын Қаишаға қаншама қиындықты жеңіп шыққанына жылап отырып көрдім Аллам мықты денсаулық берсин😢😢😢😢