Жарқынай Ханайым | Өнерге арнаған өмірі, Queen шоу | АЙТАРЫМ БАР

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 27 июн 2024
  • Кино әлемі арқылы танылған Жарқынай Ханайыммен болған сұхбатта бұған дейін айтылмаған тақырыптар қозғалды. Өнер иесінің өнерде бетпе-бет келген қиындықтары мен жеткен жетістіктері әңгілмеленді. Ел аузында күйеуімен қарым-қатынасы жайлы сөз болып жүрген қауесеттер бұл сұхбаттың басты сұрағы, негізгі фокусы емес.
    Таймкод:
    0:00 Интро
    0:42 Амандасу
    1:00 Неге подкасттың алғашқы қонағы Жарқынай Ханайым ?
    2:03 QUEEN шоуда Баян Мақсатқызының рөлін сомдау үлкен қорқыныш болды
    7:20 Шоуға 1 ай ғана дайындалдым
    10:33 Ұстаздарымның білімі мені өсірді
    12:20 Қазір Баян Мақсатқызымен қарым-қатынасы қалай?
    14:29 Өнерде тек қана әнші не актриса ретінде танылғым келмейді…
    17:09 “Өнерден кетемін” деп үлкен стрессте жаттым
    21:11 Академияда актерлік шеберлік пен вокалдан 2 деген баға алдым
    22:36 “Жанды дауыс” жобасына қабылдану кезеңі немесе әншілік бағымды жаққан БаянМақсатқызы
    30:50 Жетістіктің бәрі қиындықпен келді
    31:32 Қалай өз арманыңды сатпай, жүрек қалауыңа жетуге болады
    36:37 Елімді сағынып, Ташкенттен Қазақстанға қашып кеткенмін
    37:31 Бала кезімде қазақша әндерге сусындап өсе алмадым
    42:18 Бағың мен бабың қатар келмесе атың алысқа шаппайды
    43:36 Актриса ретінде қатты қызғанған рөлім…
    49:39 Көреалмаушылық пен қызғанышқа бетпе бет келу
    52:43 Энергияң төмен болса ешкім шақырмайды
    53:34 Ескі достарым әркез жанымда
    55:35 Анам адамдарды алыстан таниды
    57:56 Атақ бар ақша жоқ
    58:57 Еліміз тыныш болмаса өнер адамдары ешкім емес
    1:01:25 Қиын кездерден сынбай, жылдам шығу үшін…
    1:07:41 Декретте бизнеске келуімнің арқасы фильмдегі жаңа кейіпкерімді ашуға көмектесті
    1:09:48 Ата-анама қыз да ұл да бола білгенім ұнайды
    1:15:02 Әке-шешім ешқашан “күшік күйеу келсе екен” демеген
    1:16:36 Жер үй алу себебім…
    1:22:34 Айдармен бала үшін бәріне дайынбыз
    1:25:17 Жеке өмірім мен қаламаған түрде “базар” болып кетті
    1:29:46 Балаға “бақытты ана” мен “ бақытты әке” қажет
    1:31:49 Мен жайлы кітап жазылған
    1:39:05 Көрерменге СЫЙЛЫҚ
    Сәлем. Эфирде “Айтарым бар” подкасты. Бастапқыда бет күтіміне қатысты пайдалы ақпараттарды ұсынумен басталған бұл ютуб арна қазір өзге арнаға ойысып, айтары бар жандармен сұхбаттасу бағытына бет бұрды. Подкастың алғашқы шығарылымдарының қонағы танымал тұлғалар болғанымен, негізгі фокусымыз тек жұлдызды қонақтармен ғана сұхбат болады дегенді білдірмейді. Біз үшін қоғамға, айналасына, әлемге айтары бар, өз тәжірибесімен, білімімен бөлісетін, өмірден түйгені бар кез келген адам біздің подкастымыздың таңдаулы қонағы болмақ. Ендеше “менің де айтарым бар” десеңіз, мен Жанерке Сейфуллина сізді өз подкастымда күтемін.
    Жүргізуші - Жанерке Сейфуллина / zhanerke.seyfullina
    Қонақта - Жарқынай Ханайым / jarkynaijarkinai

Комментарии • 477

  • @user-rk5dr5jn5u
    @user-rk5dr5jn5u 27 дней назад +71

    Айдар Ашаны Арманға ренжітпе анау мынау деп керемет болып тапсырып алып. Ал өзі Жарқынайды сыйлаған жоқ, Жарқынайдың ағасы жоқ болғыны үшін бе... Жарқынай мықтысың, жарқыра, ты лучше всех 👍👏🌟❤🎉

  • @user-xh1nx1zg1n
    @user-xh1nx1zg1n 29 дней назад +269

    Тек Жарқынай үшін көргендер лайк басамыз!

  • @user-rk5dr5jn5u
    @user-rk5dr5jn5u 29 дней назад +118

    Айдар осындай керемет қыздан айырылып қалды. Енді Жарқынайға керемет жігіт кездессе екен, қатты жақсы көретін, сыйлайты, құрметтейтін, әрқашанда қолдап жүретін, тірек болатын🤲🤲🤲

    • @user-bo9iq7ig5u
      @user-bo9iq7ig5u 26 дней назад +10

      Мен де тап солай ойлаймын Жарқынайға жақсы жігіт кездесіп бақытты болса екен

    • @Komekshi4691
      @Komekshi4691 24 дня назад +2

      Аумин

    • @temirlanbeissenov7864
      @temirlanbeissenov7864 24 дня назад +1

      керемет болған Жанерке Сейфуллина ханым күшті сүрақтар қойған

    • @user-qy6uv6tv6n
      @user-qy6uv6tv6n 19 дней назад

      Айдардай жігіттен айырылып ақымақсың ғой, басындағы бақты бағалай білмедің

    • @Komekshi4691
      @Komekshi4691 19 дней назад

      @@user-qy6uv6tv6n неге олай ойлайсын мумкин керисинше шыгар...

  • @danadana777
    @danadana777 26 дней назад +42

    Стержені мықты қыз, өте пысық! Жақсы актриса, жақсы әнші! Екі рет берген сұхбатын көрдім. Тек сұхбат бергенде шашын көп ұстай береді.

  • @user-ey6gc2vz5x
    @user-ey6gc2vz5x 26 дней назад +27

    Жаркынай такая искренняя, настоящая , без всякой фальши! Молодец! Женского счастья и творческих успехов! Передача классная получилась.

  • @akmaralmukhamejanova2186
    @akmaralmukhamejanova2186 Месяц назад +137

    Осы қазақ тіліндегі ерекше сұхбатты дәл сол 1 сағат 40 минут 10 секунд, басынан соңына дейін аузымды ашып тұрып тыңдадым ғой. Негізі, осындай подкасттарды қараған кезде, уақытымды қимай, жылдамдығын екі есе қойып тыңдайтынмын. Бірақ, осы жолы Жарқынайдың инстаграмм парақшасынан үзіндіні көріп, сілтемеден бірден өттім, бір деммен қарап шықтым. Алған инстайттар көп. Әсіресе, бағың мен бабың қатар келмесе, атың алысқа шықпайды. Шынымен де солай ғой! Жарқынайдың шынайылығына, кәсібилігіне, адамгершілігіне, қарапайымдылығына ұзақ уақыт тәнтімін. Сөйлеу мәдениеті қандай! Жанерке де қазақ тіліндегі сапалы, атмосфералы, құлаққа жағымды подкастың жаңа лебін ашты! Барлығы жоғары деңгейде өтті! Өте әсерлі! Әлі де көптеген, сапалы, қызықты сұхбаттар шығады деп сенеміз!

    • @user-qo6fi2jr5t
      @user-qo6fi2jr5t 25 дней назад

      Ъ

    • @temirlanbeissenov7864
      @temirlanbeissenov7864 24 дня назад

      осы сенің бала щаған бар ма?

    • @user-hp7zm6li2e
      @user-hp7zm6li2e 14 дней назад

      Өө😂😂😂😂😅😂😅😊😅😊да қөһ😊

    • @user-hp7zm6li2e
      @user-hp7zm6li2e 14 дней назад

      ❤❤❤9г-3оқушы и я болмаса з9з009з90шщз890хз0

  • @user-nq7lp5ex8q
    @user-nq7lp5ex8q Месяц назад +51

    Жаркынай десе Жаркынайсын жаркырап журе Бер тек кана Алга жаным сен бакытты болуга лайыксын

  • @user-xr2oy9tr9s
    @user-xr2oy9tr9s 29 дней назад +13

    Жаркынай Озбекстаннан кошып келседе казакшаны оте адемы сойлейды катесыз жарайсын халкына, ултына деген курмет 🎉

  • @user-rc2jr6em7v
    @user-rc2jr6em7v 26 дней назад +16

    Жарқынай ең қазақ конкурсына келгенде ерекше дауысы мен Жарқынай деген атымен бір көргеннең осы мықты қыз деп есіме сақтағам. Ақ жол,Жарқынай. Сен тұнып тұрған талантсың-тұлғасың. Жарқынай-мықты әнші,актриса деген ойып тұрып жазылады өңер ортасында🎉. Көкесіз көтеріліп жүрген жұлдыз қызымыз

  • @user-ih1qj4df6m
    @user-ih1qj4df6m Месяц назад +30

    Осындай акылды да, сулу кыздарымыз коп болсын! Алла тагала ози колдасын.

  • @aselbekbaeva7849
    @aselbekbaeva7849 29 дней назад +25

    Сұхбат алушы да, сұхбат берушіде өте жоғарғы дейгейде болды. Жарқынайдың әрбір сұхбатын сүйіп, сүйсініп тыңдаймын☺️. Тыңдаймын да өзіме көп сабақ аламын. Еңбек бәрін жеңбек👏👏👏

  • @user-bo8js1ho1w
    @user-bo8js1ho1w Месяц назад +65

    Еліміздегі ерекше әнші,проффи своего дела,жұлдыз деп айтса айтқандай,сөз саптауы,мюзикл орындауы,ән орындауы-бәрііі ең жоғары деңгейде❤❤❤❤❤

  • @user-kh9dr6op1r
    @user-kh9dr6op1r Месяц назад +24

    Жүргізушінің тілі таза, сөздік қоры терең, даусы жағымды, тұнық екен. Подкастты бір деммен ұйып тыңдадым. Жарқынай атына заты сай Жарқырап тұрған қыз екен. Жарайсыздар!!!

  • @user-rc6yf8bu8l
    @user-rc6yf8bu8l Месяц назад +49

    Ерінбей, минутына деин карап, Жархынайдан озимнің ішімде журген сурактардың жауабын алдым. Але де кайталап коремин, и туртип алатын жерлерин жазып аламын деп шештім. Оте катты унады. Керемет сулу ,оз маманы дер едим екі кызды да❤❤❤

  • @kalamkas_kaldanova
    @kalamkas_kaldanova 28 дней назад +20

    Керемет әсерде отырмын. Алған инсайттарым басымды жарып барады.Жанерке ханымның сөз саптауы жоғары деңгейде❤.
    Жарқынай ханымнан ТАБАНДЫЛЫҚты үйренгім келеді, өз арман мақсатын сатпай қандай қиындық келсе де сынбай , әр істі соңына дейін жеткізіп.
    Балаға бақытты ана мен бақытты әке керек деп тура айтты. Қазақ отбасыларда көбіне осы нәрсе ескерілмей жатады.
    Өзің әрекет етпесең сені ешкім келіп құтқарып алмайды, өзіңді көтеретін де түсіретін де өзің. Таңдау сенде !
    Айтарым бар подкасты жалғаса берсін, сондай рухани сұхбат , іліп алар дүниелер өте көп түсіне білген жанға✨️

  • @user-ub8pv9ib8l
    @user-ub8pv9ib8l Месяц назад +56

    Жарайсың Жарқынай, атыңа затына сай, нағыз көркем, сыпайы қыз😊Алла өзіңді қолдап -қорғап жүреберсін❤

    • @user-yv2by7pt1f
      @user-yv2by7pt1f 29 дней назад +1

      Осындай сұхбаттарды тыңдап өзіме қажет көп ойлапды түйемін.Әркімнің көрген білгенінен сабақ аламын.Дами берсін арбір бастаған қандастарымыздың ісі.

    • @user-ss8jt6xf1o
      @user-ss8jt6xf1o 29 дней назад +2

      Иәә мықттыыы шыққан, прям мотивация❤😍

    • @user-ss8jt6xf1o
      @user-ss8jt6xf1o 29 дней назад

      Балаң бар ма

    • @user-zd1fg9qo3l
      @user-zd1fg9qo3l 29 дней назад +1

      Жарқынай әйел бақытын тілеймін!

  • @user-fl2qm1oy6y
    @user-fl2qm1oy6y Месяц назад +21

    Ерке нағыз журналист өз ісінің шебері 👍🏻👍🏻👍🏻Жарқынай жайнап жадырап жарқырап, үнемі жұлдызың жанып ,еңбегің еселене берсін🎉🙏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻

  • @galyasaparova69
    @galyasaparova69 24 дня назад +13

    Жүргізушінің сауаттылығы ұнады🌸🙌 кедергі келтірмей қонақты ұйып тыңдап бір толқында отырды сәттілік🥳

  • @aliyaakhmetcheeva1206
    @aliyaakhmetcheeva1206 25 дней назад +8

    И ведущая и гостья такие умнички . Ведущая умеет слушать , а гостья вообще нет слов . Желаю ей долгого творческого пути и счастья!

  • @user-lk5lx8zk5s
    @user-lk5lx8zk5s 26 дней назад +7

    Жаркынай оте керемет жан! Жаркынайга озин сыйлайтын,шексиз суйетин жаксы Азамат жигит жолыксын ИншаАЛЛАХ!

  • @user-zs1qw3us8t
    @user-zs1qw3us8t 27 дней назад +4

    КЕРЕМЕТ!!!!! Өте таза, ерекше және жасандылығы жоқ әдемі сұқпат болды. Өмірге деген көзқарасты дұрыс танытып, адал еңбекпен табыс табуға болатанын көрсетіп, көп тәрбиелік мәңді, жастарға ғана емес барлық жастағы адамдарға түсінік келетіндей сұқпат үшін рахмет! Әр сөзі құнды болды. Орынды сөйлеп, өзін орынды ұстап, ең бастысы қарапайымдылығы байқалады. Уақытым текке кетпеді, түйіп алғаным көп. 🫰👏❤️ Сұқпат алып отырған адамды бірінші рет көріп Жарқынайдын артында айтылған сөздеріне 100000% келісуге болады, жоғарғы деңгейде таза сөйлеп, тындайда білу керемет өнер! Әрқашан биіктерден көрейік сіздерді 🤲👏👏👏

  • @kazakhkyzy519
    @kazakhkyzy519 28 дней назад +11

    Өте ақылды қыз ғой. Бірақ қазір екеуіңде бойдақ білінбейді онша балаға. Кейін сіздің жолдасыңыз ол кісінің жары пайда болғанда солғой балаға ең үлкен соққы сол кездерде болады проблема бәрі.

  • @user-bd2hx2tv7s
    @user-bd2hx2tv7s Месяц назад +15

    Өте керемет подкаст болды. Жарқынай ханымның сұхбатын тыңдап отырып, көп инсайт алып, ерекше энергетиканы сезіндім. Әдемі сұрақтарыңыз үшін рақмеет Жанерке ханым❤

  • @nurbbeeee
    @nurbbeeee Месяц назад +22

    Қадамыңызға гүл бітсін, кейіпкерді ашу мақсатындағы сұрақтарыңыз, шынайы эмоцияға толы әңгіме барлығы керемет болды🥹❤️

  • @user-uq3jf1vg5d
    @user-uq3jf1vg5d 4 дня назад +1

    Бір-бірін кешіріп қайта қосылса екен!Әрбір жас отбасының шаңырағы биік болсыншы!

  • @user-zl4kx7ko6q
    @user-zl4kx7ko6q Месяц назад +19

    Өте керемет,тамаша актриса.Бағы жанып,бақытты болсын,лайықты жан.❤❤❤

  • @user-vo3yo6zc8u
    @user-vo3yo6zc8u 29 дней назад +11

    Баланың алдында әке мен шешенің рөлін ,карым-катынасын жаксы ұстауы катты ұнады.Екі жакты әдемі көрсетіп, баланың дамуына өсуіне көп көңіл бөлгендері❤

  • @aigulkapar7996
    @aigulkapar7996 26 дней назад +8

    Жаркынай осы шағында(жас бола тұра) жоғары деңгейде ойын анық жеткізіп,өзінің ішкі жан дүниесінің мәдениетінің өте бай,таза екенін көрсете білді.Көпке үлгі…Қазіргі жастардың,әсіресе өнер адамдарының ішәнде жүріп өз болмысын ұстап қалуы-ерік жігерінің мықтылығы деп ойлаймын!20жылдан кейін өзінің жеткен жетістігін Жаркын жүзбен күліп отырып,әдемі жеткізуді Алла нәсіп етсін!

  • @user-ch8lu2pm9o
    @user-ch8lu2pm9o Месяц назад +24

    Жарқынай вы супееееер❤❤❤❤❤❤

  • @user-oo2ow8pf8w
    @user-oo2ow8pf8w Месяц назад +11

    Өте тамаша сұхбат болды!❤ Шыныменде балаға "Бақытты ана мен бақытты әке керек!" Бәріміз бақытты болуға лайықтымыз! Сұхбатыныз жоғарғы деңгейде болды, қойған сұрақтарынызда тамаша , рахмет!❤

  • @zulmiraab7580
    @zulmiraab7580 29 дней назад +7

    Айлана бізді тәрбиелеп жатыр, Айналаның біздің таңдағаны үшін рақмет деген сөзі өте әдемі ❤

  • @user-vh6rq8hu2p
    @user-vh6rq8hu2p 29 дней назад +8

    Керемет мотивация алдым! Таза қазақша осындай пайдалы подкасттың ғұмыры ұзақ болсын! Жанерке ханым жарайсыз! Тың таза мағыналы сұрақпен супер сұхбат болды❤❤❤

  • @user-iq5js7gd4s
    @user-iq5js7gd4s 29 дней назад +5

    Жақсы сұхбат болды, Айтарым бар теле-арнасына сәттілік тілеймін! Сонымен қатар Жарқынай десе Жарқын-ай өте сезімтал, сыпайы, көрікті, ақылды, талантты актриса,ана, және Айдарға лайықты жар,сол әулетке лайықты келін, Алла тағала сендердің жолдарыңды ашсын!

  • @user-ry2fs3mq9z
    @user-ry2fs3mq9z Месяц назад +11

    Ақылды сүйкімді екен өзі. Жарқырай бер ❤ Жарқынай

  • @user-ie7ih5lc2u
    @user-ie7ih5lc2u 29 дней назад +15

    Подкаст жоғарғы деңгейде 😍алған инсайтым бір істі соңына шейін жеткізу керектігін, өз өміріміз өз қолымызда және таңдау өз еркімізде екенін, ата-анамызды бағалап және бақытты ету қажеттігін түсіндім. Жанерке шынайылығыңыз қатты ұнайды, дами беріңіз😘🥰❤️

  • @MarzhanZhidekhanova-zv9gy
    @MarzhanZhidekhanova-zv9gy Месяц назад +5

    Бәрі жарасымды, бәрі шынайы Жанерке керемет жүргізуші ,мәдениетті, сөздік қоры дамыған❤Жарқынай әрқашан жарқырап жүруіңе тілектеспін ❤

  • @syzgebarykerek7709
    @syzgebarykerek7709 25 дней назад +4

    Керемет сұхбат болды үзбей көрдім миым дем алды Жарқынай нағыз кермет қазақтың мықты қызы жүргізуші қыз өте байсалды байыпты кермет қыз екен 🎉

  • @guldenutemissova6914
    @guldenutemissova6914 29 дней назад +4

    Қазақтың қыздары осы қыздардай болсын!Жанерке өте тартымды, көрсе көз тойатындай!Подкаст өте керемет болды!❤

  • @user-mk1nc8vt4w
    @user-mk1nc8vt4w 29 дней назад +5

    Жарқынай жарайсыз! Талантты, қазақтың өнер жұлдызының бірі, бақытты болыңыз!👏🌷🔥👍

  • @Omir_Zholy8
    @Omir_Zholy8 Месяц назад +10

    Мен бүгін өзіме Жарқынай ханымнан бір инсайт алдым, баланы қүрметтеу керек деген, ерлі зайыптылар арасындағы жағымсыз карым қатынасты,ұрысты,дөрекілікті баланың көзінше көрсетпеу керек екенін, баланың жүрегін ауырып алатынымызды түсіндім. Рахмет сіздерге. Қатты ұнады маған эфир

  • @user-bf9nu7kg9l
    @user-bf9nu7kg9l 28 дней назад +4

    Ерекше сұхбат болды. Сондай ойы анық, санасы тұнық, сплмақты, сабырлы ақылына көркі сай екен Жарқынай ханым. Жұлдызыныз жана берсін.❤

  • @user-fe2tu3tm4p
    @user-fe2tu3tm4p Месяц назад +13

    Айдар сен колындагы бриллианты жогалтыпсын озинен барлык кина ,Али кеш емес ортада кыздарын бар так что косылындар екеуин еки жарты Бир бутин болындар ,керемет Жаркынай ,оте керемет айел , мыкты отбасы болындар.

  • @gulnurturumbetovva8914
    @gulnurturumbetovva8914 29 дней назад +5

    Мыкты Кыз екенсин! Алла колдап коргап журсин! Жулдызай сизге улкен белес жетистик тилеймин! Интервью оте жаксы отти жылапта кулипте отырдым! Оте мыкты Кыз екен!

  • @Talgatovna_psychologist
    @Talgatovna_psychologist Месяц назад +8

    Керемет! Дәл қазіргі естуім керек маңызды мағыналы дүниелерді ала алдым. Жарқынай, Жанерке Люблю вас, рахмет!

  • @user-xs8cg7of9n
    @user-xs8cg7of9n 29 дней назад +5

    Осындай сыр сұқпатты көріп, тыңдағаныма қуаныштымын👍 керемет недеген таза қазақ тілінде ,киімдері қандай жарасымды, әдемі көрініс ❤тамаша 🎉🎉🎉

  • @user-wn9lq4ej4z
    @user-wn9lq4ej4z 29 дней назад +3

    Жарқынай айналайын ақылыңа көркің сай, сені өсірген тәрбиелеген ата анаңа мың алғыс, әр уақытта абыройлы бол жолың ашық болсын тек қана биік шыңнан көріне бер айналайын әке шешең сенің жарқын жүзіңе сүйсініп бақытты ғұмыр кешсін, әр ісің қайырлы болсын!!!

  • @user-ou8gh2uw3k
    @user-ou8gh2uw3k Месяц назад +6

    Жанерке бүгінгі , Жарқынаймен болған сұхбатыныз жақсы өтті . Елдін көкейінде жүрген барлық сұрақтарды қамтыдыныз деп ойлаймын. Еңбегініз жаңа берсін 🌺🌺🌺🌺🌺

  • @moldirkenenbaeva6260
    @moldirkenenbaeva6260 29 дней назад +2

    Жанерке Сізді осындай керемет подкастпен құттықтаймын🎉
    Бірінші подкаст сәтті, жағымды өтті.
    Мықты журналист,жағымды даусыңызбен, орынды сұрақтарыңызбен,қазақ тілінің тазалығымен баурап алдыңыз.
    Негізі біздің подкастармен мен жаңалықтар мен телеарнадағы жүргізушілерді басынан соңына дейін тыңдау мүмкін емес шыны керек, құлаққа сөздері, дауыстары, орынсыз сұрақтары, келген қонақтарды аша алмайтыны қатты байқалады.
    Өте тәрбиелі, инабалы, оқыған, дамыған, алдыға тартатын қонақ-Жарқынай, аты өзіне сай.

  • @user-ue2wx6qf6r
    @user-ue2wx6qf6r 29 дней назад +3

    Өте мәдениетті,Керемееет Подкаст !!!👍🏻👍🏻👍🏻 көрермендеріңіз көбейе берсін!🤲🏻🤲🏻🤲🏻

  • @BotagozIssabaeva
    @BotagozIssabaeva Месяц назад +5

    Шынында Айтары бар Жарқынай ханым керемет сұхбат берді. Өмірге деген көз қарасың өзгеретіндей сыр ашты. Жобаңыз дами берсін❤

  • @user-yu9nv5bc2k
    @user-yu9nv5bc2k 25 дней назад +1

    Керемет подкаст. Тек Алга баса бериниздер!❤

  • @almushka11
    @almushka11 Месяц назад +5

    Оте керемет бастау болды 👍👍👍 осындай бағдарламалар көп бола берсін 🙏🙏🙏 келесі бкғдарламаны асыға күтемін 🙏 тек қана сәттілік 🙏🙏🙏 Жарқынай ханым айтқандай әр адамның өмірінен кино түсіруге болады дегендей , тағы да қызықты өнер жұлдыздарынын айтарын тосамын 🙏👍👌 өте қызықты сұхбат болды ☝️☝️☝️ орынды сұрақтар мен тура мағыналы жауаптар болды ☝️☝️☝️ басынан аяғына дейін үзбей толық қарап тыңдап шықтым ☝️☝️☝️ осы бағдарлама Жарқынай Ханайымнан басталғанына қуаныштымын ❤️❤️❤️

  • @user-lv3qd3zi2k
    @user-lv3qd3zi2k Месяц назад +8

    Жасанды мінез нағыз артист 😮

  • @user-hw9qq9qw7x
    @user-hw9qq9qw7x Месяц назад +13

    Бир жасандылык бар,биреуге кырсыгып кулетиндей.

  • @gulnartuleuova6079
    @gulnartuleuova6079 29 дней назад +3

    Жұлдызың жарқырай берсін, Жарқынай! Өмірің қуанышқа толы болсын!

  • @user-kc6ek1gv6d
    @user-kc6ek1gv6d 26 дней назад +3

    Аллаһтың алдында бәрі бірдей, бірақ құлшылығы бар адам қор болмайды .соңғы аялдама не жаннат не тозақ.
    Намаз жәннатың кілті. Сол кілт бәрімізге бұйырсын

  • @user-nw4lg9fj3n
    @user-nw4lg9fj3n Месяц назад +12

    ЖаркынАй десе ЖаркынАй ❤

  • @user-pw4qs5ii5w
    @user-pw4qs5ii5w 29 дней назад +4

    Бастамаңыз құтты болсын! Өте ұнады дами беріңіз!

  • @user-ir3cq9fy4g
    @user-ir3cq9fy4g Месяц назад +14

    Қонақты әдемі таңдапсыз🔥 көптің бірі емес💕💕

  • @user-zl2oh6ne1j
    @user-zl2oh6ne1j 28 дней назад +3

    Өте әсерлі сұхбат болыпты.Жарқынай неткен еті тірі жансыз,өмір сүруге деген құлшынысымды арттырып,ұйқыдан ояттыңызғой😄😍👍

  • @user-tp4hz4kq1f
    @user-tp4hz4kq1f 29 дней назад +2

    Рахмет қыздар ! Үзбей тыңдадым .Керемет сұхбат ! ❤❤❤

  • @user-nm7vk8ti3o
    @user-nm7vk8ti3o 25 дней назад +2

    Жакынай кандай адеми ,акылды кыз бахытты бол!🙏

  • @aselyatastanbek7403
    @aselyatastanbek7403 29 дней назад

    Керемет подкаст! Екеуi де сулу акылды! Тамаша ❤❤❤❤

  • @user-df5yc6dn8x
    @user-df5yc6dn8x 27 дней назад +2

    Керемет,қыздар! Өнерлерің өрлей берсін

  • @user-sd9hj6kl3q
    @user-sd9hj6kl3q 27 дней назад +5

    Өте ақкөңіл қыз. Көбі жазып жатыр ғой тым қатты сөйлейді, жасанды деп. Менің байқағаным у нее разрушительный эмоциональность. То есть, в плюсе и в минусе либо бәрін өз қолымен құртып алады (разрушительный) н/е эмоциясымен өзіне баурап алады. Көп адамға энергиясы келе бермейді деп ойлаймын. А так очень активная, лучезарная девушка. Чуть-чуть загадочность керек сияқты просто. Все) Удачи в жизни!❤

  • @user-rk5dr5jn5u
    @user-rk5dr5jn5u 29 дней назад +6

    Жұлдыздар көп жыбырлаған, ал Жарқынай жалғыз ғана ай🌙 жарқыраған

  • @nazguluzbekova8192
    @nazguluzbekova8192 29 дней назад +4

    Өте тамаша сұхбат болды. Жарқынай десе жарқын тұлға ғой🥰

  • @user-zg6sz4ur1l
    @user-zg6sz4ur1l 29 дней назад +5

    Очень приятное, душевное интервью. Посмотрела на одном дыхании.

  • @user-ou4ho4lk6s
    @user-ou4ho4lk6s 26 дней назад +2

    Жұлдыздай жарқыраған Жарқынай жарқырай бер!Жақсы көремін,әндеріңді сүйіп тыңдаймын.Бақытты бол !💯🌟💫

  • @DarinaAlimkul
    @DarinaAlimkul 28 дней назад +3

    Я восторге от этого подкаста🎉🎉🎉😂
    Ресей елінде тұрып жатсамда, 2 сағат уакытымды болип, барын ысырып қойып тыңдадым.Жарқынай алғашқы қонақ болғаны өте кушти шешім дер едім❤, рақмет✊🏻✊🏻✊🏻🍃🍃🍃🍃көп инсайт алдым

  • @user-zn6uy5du9j
    @user-zn6uy5du9j 22 дня назад

    Керемет МашАлла бір кино қарап отқандай ішім пыспай қарап қаншама инсаиттар алдым .Балаға деген жауапкершілікті жоғары қойып әкесімен дұрыс мәміледе болу олда көп әйелдің қолынан келмейді.Өз ұлтына деген махаббаттына ризамын Жарқынай өзбекстанан осында келіп оқып білім алып ,қорықпай батыл шешімдерге барғанына бас ием.Осындай әдемі хайырлы сұқбат жасап сені аша білген журналис қызға мың алғыс.Әрбір жаның тұлға болып қалыптасуына түрткі болатын керемет сыршыл қонақтарыныз көп болсынАлла қаласа

  • @user-yv8sq8rn9p
    @user-yv8sq8rn9p 29 дней назад +1

    Керемет, оте унады❤🎉

  • @user-yx5ee6pe2l
    @user-yx5ee6pe2l 29 дней назад +3

    Карапайымдылык мусылманнын басты белгиси, нагыз шынайы сухбат болды. Озинин де озгенин де омирин киындатпай омир суру кандай тамаша.

  • @user-fe3fq6yj7d
    @user-fe3fq6yj7d 25 дней назад +2

    Керемет жогары денгейдегi eрекше сукбат болды. Жаркынай ханыммен кездесу катты унады. Казакша таза сойлеуi, карапайымдылыгы мен соз саптауы кандай тамаша. Шынымды айтсам, бир демде субхаттын калай аякталганын сезбей калдым.

  • @Nazerke9898
    @Nazerke9898 28 дней назад +2

    Керемет подкаст!👍 әлі көптеген адамның айта алмай жүрген, айтқысы келетін дүниені жеңіл жеткізетін подкаст болады деп сенемін👏🏻

  • @foodblogerbota7404
    @foodblogerbota7404 29 дней назад +1

    Жарайсыздар қыздар! Тек алға қазақтың текті қыздар🌹🌹🌹

  • @Elmira_22
    @Elmira_22 29 дней назад +1

    Керемет сұқбат болды, жүргізушіге көп рақмет, сөзін бөлмей, Жарқынсйға ашылуға керемет еркіндік берді👏🏻👏🏻👏🏻

  • @user-ok9dd6kl2u
    @user-ok9dd6kl2u 29 дней назад +2

    Жаркынай сондай нәзік, әдемі, ұнайды маған. Дауысы қандай керемет. Таланттың шегі жоқ қой, шыңдала берсін, биіктерден көрінсін, алар асулары әліде алда. Жалғыз болмасын, қолдайтын, арқа сүйер азаматы табылса екен.

  • @user-rk5dr5jn5u
    @user-rk5dr5jn5u 29 дней назад +1

    Қазақ эстрадасының Хас сұлуы 🔥 Ерке қызы 🌟 Мықты, пысық, сұлу, тартымды, жан жақты, әдемі , сымбатты, көрікті, нәзік, просто идеальная💣🔥🌸

  • @user-lc8nh8nx3h
    @user-lc8nh8nx3h 12 дней назад

    ❤❤❤❤❤❤ осы Жарқынайды жақсы көрем ❤❤❤❤❤❤❤

  • @user-hl5zm5oh6d
    @user-hl5zm5oh6d 29 дней назад +1

    Жаным Жаркынай,жаркырай бер.Енбеккор,нагыз казыргы кездын суйкымды,суйыкты актрисасын.Багын ашылсын.Кызыннын кызыгын кор.Казагымнын багына аман есенжуруды аллам насып етсын.Алла сенын оз жубайына кайта косылып,бакытты болганынды калаймын шын журегыммен.Аналык акылым кышырейсен бакытты боласын.Кызын ата анамен бакытты болады.Тылектеспын,жаным.Корыкты,коркем,оз мамандыгыннын иесысын.Алла колдасын озынды.

  • @user-ml8mb5fy6p
    @user-ml8mb5fy6p 28 дней назад +4

    Өткен өмірін айтып Айдарды айта берудің керегі жоқ өйткені Анара Батырханға берген сұхбатында Айдар айтқан 100% айталам Жарқынаймен қайта қосылмаймыз деп.

  • @mereimm5664
    @mereimm5664 29 дней назад +1

    Керемет сұхбат болды❤бастан аяқ тыңдап ұйып көрдім🥰Жарқынай ханымның өнеріне,өзіне тәнтімін🙌🏻Алда тек сәттілік тілеймін

  • @user-rk5dr5jn5u
    @user-rk5dr5jn5u 29 дней назад +3

    Жарқынай өз қызына өте керемет үлгі 😍👍

  • @user-in5cm6di7o
    @user-in5cm6di7o Месяц назад +6

    Жаркынай, молодец! Ты самая лучшая ❤

  • @user-bx2mk5gv8e
    @user-bx2mk5gv8e Месяц назад +1

    Керемет тұлғасының алга. Айдармен тупттын түбінде косыласын.

  • @user-tu7zx8qr2b
    @user-tu7zx8qr2b 29 дней назад +1

    Күшті подкаст😍, Жанерке тек алға!, Жарқынай 👍

  • @user-zi1ej4mr1x
    @user-zi1ej4mr1x 27 дней назад +2

    Жанерке жарайсың , биктерден көріне бер.
    Қазақтың қыздары жасай берсін.

  • @aigerimbaizhankyzy
    @aigerimbaizhankyzy 29 дней назад +3

    Керемет сұхбат👍.Алғашқы алған сұхбатыңызбен құттықтаймын.Жанерке ханым сіз үшін қуанып тұрмын.Керемет🔥. Қазақ тілінде сөйлеу мәнеріңіз ұнайды.

  • @dinara.abatovna1997
    @dinara.abatovna1997 28 дней назад +2

    Керемет! 😍😍😍👍👍👍

  • @yermekmussin
    @yermekmussin 23 дня назад

    Жарқынайдың шынымен айтары бар, айтарын жүрекке жеткізіп, әдемі сөз орамдарымен жеткізетіні ерекше. Әр сөзін тыңдай бергің келеді, шіркін! Жарқынайдың ең ұнайтын тұсы - еңбекқорлығы мен жұмысына, өнеріне деген қарым-қатынасы! Мың пайыз беріліп жұмыс жасайтыны театрдың соңғы қатарында отырсаң да, сонадайдан көрініп, сезіліп тұрады! Айдармен жеке қарым-қатынасты бала мен әке қарым-қатынасына араластырмай жүргені - ҮЛКЕН ДАНАЛЫҚ! Экологиялық қарым-қатынастың осындай болатынын үлгі ретінде көрсекеніңіз үшін Рақмет!

  • @akbotaaronova6880
    @akbotaaronova6880 19 дней назад +1

    Керемет сұқбат. Жарқынай ашық жарқын күшті қыз. Жүргізушіні алғаш рет көріп тұрмын. Керемет жүргізуші екен🔥🔥🔥

  • @user-ss8jt6xf1o
    @user-ss8jt6xf1o 29 дней назад +3

    Жарқынай жанды даусы қатты ұнайды❤❤❤ тыңдай берем ғой🤪😍

  • @user-js9od6ec2t
    @user-js9od6ec2t 29 дней назад +1

    Балаға бакытты ана, бакытты әке керек деген сөздері жүрекке жетті, рахмет сулу кыздар,орыс тілін коспай ак казактын мыкты әсем сөздерін колданайык

  • @user-xn6wu3lq4n
    @user-xn6wu3lq4n Месяц назад +3

    Жанерке жарайсың! Оқыған журналист екенин коринип тур 🔥

  • @XafizaSerikbay
    @XafizaSerikbay 26 дней назад +1

    Баска журналисттер тек жеке омирин сурайтын, мына журналист оте керемет алып шыкты🎉🎉🎉🎉🎉

  • @saponiasamponia7429
    @saponiasamponia7429 28 дней назад +3

    Жаным Жаркынай сен ушын тилеулеспын. Жаркырай бер💐😘

  • @user-tm8tu4ct6q
    @user-tm8tu4ct6q 28 дней назад +2

    Өте дұрыс мына заманда мінезді қыз тәрбиелеу керек тем более ол Алладан берілген қасиет оны ешкім өшіре алмайды демек оның да бір хайыры бар мен де мінездімін одан еш қысылмаймын

  • @user-fk6ic7hk2y
    @user-fk6ic7hk2y 27 дней назад +1

    Жұлдызың жарқырасын, Жарқынай, бақытты бол!
    Айланаң аман-есен өсе берсін, тілектеспіз!

  • @user-ws5mp3ul6l
    @user-ws5mp3ul6l 24 дня назад +1

    Атына заты сай Жарқынай,жарқырап жұлдызың жана берсін🙏Осындай намысы жоғары біздің Қазақ қыздарымыз көп болсын🙏🥰Өмір мен өнердің майталманы бол💕