Кентау Назарбек "Қазағым жаса мәңгілік!"

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 15 янв 2023
  • Кентау Назарбектің "Қазағым жаса мәңгілік!" толғауы. Оқыған Болат Әбділманов.
  • ВидеоклипыВидеоклипы

Комментарии • 3

  • @aida2946
    @aida2946 Год назад +2

    Әумин!!! Жасасын ҚАЗАҒЫМ🇰🇿🇰🇿🙏🙏🎊🎉💜❤💛🧡🌞🌹🌹🌟🎉🎊

  • @user-rm8tv5tg2r
    @user-rm8tv5tg2r Год назад +1

    Бәрекелді Рыскен, жүз жаса.

  • @user-rk9be3iu9w
    @user-rk9be3iu9w  Год назад +1

    ҚАЗАҒЫМ, ЖАСА МƏҢГІЛІК!
    Сөзі мен әнін жазған:
    Кентау Назарбек
    Оқыған: Болат Әбділманов
    Қазағым жаса мәңгілік,
    Ерліктің отын жандырып.
    Бабадан қалған байтақ ел,
    Шырқайын сені əн қылып.
    Ұлы елім!
    Жалғасы Ғұн, Сақтардың,
    Хан көтерген ұлығын.
    Бабамның байтақ мұрасы,
    Тереңде жатыр тұнығым.
    Асан қайғы желдірткен,
    Желмаясын, күлігін.
    Сыпыра мен Қазтуған,
    Доспамбеттің жырымын.
    Ұштасқан ғылым-білімім,
    Даламдай дархан ірімін.
    Намысын қолдан бермеген,
    Мен қазақтың ұлымын.
    Ер қазақпын!
    Ұлы елім!
    Әз Жәнібектің туымын,
    Керейхан менің тұғырым.
    Еңселі байрақ көтеріп,
    Арнаған елге ғұмырын.
    Төбе биім - Төле би,
    Әйтеке, Қазбек - төре би.
    Ұлы Абайдан нәр алған,
    Әнді сүйсең менше сүй.
    Қазақпын мен Тұранмын,
    Алаш рухты ұранмын.
    Отырар деп шайқасқан,
    Қайырхандай қыранмын.
    Ер қазақпын!
    Ұлы елім!
    Абылаймын тақтамын,
    Жерімді байтақ сақтадым.
    Қабанбай мен Бөгенбай,
    Наурызбайым мақтаным.
    Есетпенен, Бөкенбай,
    Бердіқожа, атпалым.
    Кенесарымын кимеген,
    Отаршыл салған ноқтаны.
    Бұқар жыраудың үнімен,
    Қазақтың жоғын жоқтадым.
    Махамбетпін марғасқа,
    Садаққа шындық оқтадым.
    Ер қазақпын!
    Ұлы елім!
    Сүйінбаймын, сүлеймін,
    Киелі өнер дарыған.
    Бауыржандай батырмын,
    Төрткіл дүние таныған.
    Мұқағалимын ақиық,
    Сезімнің шоғы қарыған.
    Əл Фарабимын ілімнің,
    Тарихы боп жазылған.
    Мұстафамен жақынмын,
    Түркіні түгел қолдаған.
    Ташеневтей асылмын,
    Елімнің шебін қорғаған.
    Ер қазақпын!
    Ұлы елім!
    Нұрғиса мен Шәмшінің,
    Тербеген сазды сарыны.
    Қайратымның жігерін,
    Желтоқсан келіп жаныды.
    Ерліктің туын көтеріп,
    Жалын атқан Бекзатпын.
    Бағындырған Ғарышты,
    Тоқтар, Айдын, Талғатпын.
    Есім, Қасым, Әз Тәуке,
    Өсиет еткен мәнді ғып.
    Ұлы далам өркендеп,
    Қазағым жаса мәңгілік!