Біржан Ахмер "Квант"

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 20 дек 2023
  • Біржан Ахмердің "Тамыз таңы" жинағында жарық көрген "Квант" атты өлеңіне бейнесуреттеме.
    Музыкалық фон ретінде Нұрәлі Бейсеқожаның "Өмір жолы" атты композициясы қолданылды. Nurali Beisekozha - Path of Life - box.hitplayer.ru/?s=nurali%20...
    @nuralibeisekozha4554

Комментарии • 1

  • @user-rk9be3iu9w
    @user-rk9be3iu9w  6 месяцев назад +3

    Біржан Ахмер
    КВАНТ
    Мына Жер - бір ғана тамшысы ғарыштың,
    Мына Күн - бір ғана жарығы «ағыстың».
    Шексіздік торында уақыт-құс қамалып,
    Жатыр ма тіршілік түрленіп,
    Жаралып?..
    Бір сызық ұшқаны -
    Жұлдыздың түскені.
    Күн сайын құбылар аспанның түстері.
    Кеңістік құшағын тануым мүмкін бе,
    Миллиард сөз туса,
    «Жан» туса -
    Бір түнде?..
    Менің де миымда бір ғарыш бар білем,
    Һәм соның ішінде беймәлім әлгі «мен».
    Сөйлесем - жұлдыздар ағып бір түсердей,
    О, қалқам,
    Мен миды
    алмадым кісендей!.
    Ішкі жан толқиды ғарышты көргенде,
    Білемін, Аспан да - мен сынды шерменде.
    Көңілдің дауысы,
    Өмірдің заңдары,
    Бәрі де бар онда,
    Түсінсең болғаны…
    Бір түске ұқсайды осы таң шырайлы,
    Бір түске ұқсайды осы кеш шұрайлы.
    Бояуы мың түрлі ғаламым, кеш мені,
    Мен сенің - бір түсің,
    Ғарыштық көштегі.
    Содан соң,
    Шертіліп ғаламның сазы ұлық,
    Жүрекке тамады бір тамшы Сөз-үміт.
    Өзіме қараймын,
    Өмірге бағынар.
    Уақытқа қараймын,
    Оның да
    «жаны» бар…