Қызылордада шенеуніктердің елде жоқ жаңалығына ата-аналар жаппай қарсылық білдіруде

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 21 окт 2024
  • БІЗДІҢ RUclips АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Қызылордада шенеуніктердің арт спорт бағдарламасына енгізген елде жоқ жаңалығына ата-аналар жаппай қарсылық білдіруде. Яғни әкімдік өнер орталықтарына келуші балаларды күнделікті фейс бақылаудан өтуге міндеттеп жатыр. Ал шағымданушылардың айтуынша, жеткіншектердің бет-жүзін сканерлейтін бағдарламаның кем-кетігі өте көп. Оның үстіне рұқсатсыз балалардың биометриялық мәліметін алу барып тұрған заңсыздық дейді ата-аналар.
    Арнайы бағдарламаға жүктелген жеткіншектердің жеке дерегі қаскөйлердің қолына түсе ме деп алаңдайды ата-аналар. Айтуларынша мұндай қауіптің болмасына ешкім кепілдік бермеген. Тіпті шенеуніктер өнер үйірмесіне баратын баламыздың биометриялық мәліметін алуға бізден рұқсат та сұрамады деп ашынады. Сондықтан көпшілік жаңа жобаның енгізілгеніне бір ауыздан қарсы. Бағдарламаның одан бөлек те шикі тұсы көп дейді жиналғандар.
    АҚМАРАЛ МАХАМБЕТОВА, ата-ана:
    - Мен ерекше баланың ата-анасымын. Үндемейтін, сөйлемейтін де балам бар. Сол сурет үйірмесіне келіп ашылып, жан-жаққа барып, елге барып жатыр. Менің балам бір күн келеді, екі күн ауырады. Өйткені ол ерекше бала. Енді ол үш суретке түспегеннен кейін оны автоматты түрде шығарып тастайды екен. Мен оған қарсымын түбегейлі.
    Әр баланы күнделікті фейс бақылаудан өткізу өнер орталығындағы тәлімгерлердің де жұмысын қиындатқан. Оның үстіне мұндай қызмет келісім-шартта көрсетілмеген. Сөйте тұра әкімдіктегілер бізді мәжбүрлеп отыр дейді кәсіпкерлер.
    БЕРІК ҚОБЫЛАНҰЛЫ, өнер орталығының жетекшісі:
    - Ондай келісім болған емес. Бүкіл орталықта қағаз бар ғой. Ондай заң жоқ. Бұл 60-ақ минуттық сабақта балаларды суретке түсіре ме маманымыз, жоқ әлде сабағын өте ме? Оның үстіне басқа облыстардың ішінде осы Қызылорда ғана осы фейс айди ұранын ұстап отырған. Басқа облыстарда жоқ. Неге именно Қызылордада?
    Ал жауаптылар мемлекеттің қаражатын иемдену үшін түрлі айлаға баратын орталықтар көбейді дейді. Яғни, кей кәсіпкерлер үйірмеге қатыспайтын балаларды да тізімге қосып, тапсырыс аясында бюджеттен ақша алып отырған екен. Бұл бағдарлама осы секілді заңбұзушылықтың алдын алатынына сенімді атқамінерлер.
    СЕРІК ЖҰМАТ, Қызылорда облысы мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары:
    - Былтырлары құқық қорғау органдары тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілді. Сол кезде бізде көптеген заңбұзушылықтар анықталды. Оның ішінде жалған балаларды тіркеу фактілері көптеп кездесті. Бұл жобаның енгізілу мақсаты бұл жерде бюджет қаражатын тиімді пайдалану. Және мақсатты пайдалану.
    Сондай-ақ бағдарламаның кемшін тұстарын әлі де жетілдіреміз деп сендіреді шенеуніктер. Ал балаларының бет-жүзін сканерлеу арқылы бақылу жүргізгеніне қарсы ата-аналар жоғары жаққа шағымданамыз деп отыр.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/c...
    TikTok - www.tiktok.com...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии • 15

  • @НурсейтБайдалиев
    @НурсейтБайдалиев 2 месяца назад +3

    Балық басынан шірейді деген осы.

  • @Ордабасы-ы4л
    @Ордабасы-ы4л 2 месяца назад +5

    Надо срочно,срочно,срочно.Закрыть и Списать все мошеннические,потребительские онлаин кредиты и заимы в банке.За правду и справедливость.Алга Казахстан.

  • @Сарал-р6м
    @Сарал-р6м 2 месяца назад +4

    Халықтың басын қатыру

  • @Сарал-р6м
    @Сарал-р6м 2 месяца назад +5

    Еріккен

  • @МойнакМойнаков-и3э
    @МойнакМойнаков-и3э 2 месяца назад +2

    Өздерінің ұрлығы білінбейді, басқа біреулердің ұрлығын іздейді. Қазынаның әр бір тиынын қадағалау керек. Бірақ сендерді қадағалайтын жан барма?

  • @БакытШерниязов-ы6с
    @БакытШерниязов-ы6с 2 месяца назад +2

    Келмеген балага акша алып отыргандардын уйымдастырып отырганы гой алаяктар

  • @nurali6844
    @nurali6844 2 месяца назад +3

    Дұрыс қой ақша үшін неше түрлі балаларды алады.

  • @АлтынКошретова
    @АлтынКошретова 2 месяца назад

    Садиктин бари сондай гой, кунде суретке тусиреди

  • @КалтайБайқарақызы
    @КалтайБайқарақызы 2 месяца назад

    Былтыр қанша баланы тізіп қойды.Уйірме ашылады деп.Қарық қылып жұмыс жасап жатқан жоқ.Көзбояушвлық.

  • @Жанагуль-й2я
    @Жанагуль-й2я 2 месяца назад

    Баленнің бари кызылордадан шығады

  • @РустамКурмангазин
    @РустамКурмангазин 2 месяца назад +3

    Дұрыс өтірік ақша алып отыр тексерсін оқушының ата анасына айтпай тіркеп ақша алып отыр үкіметтен мектеп директорыларында тексерсін солармен келісіп істеп отырады бәрін тексерсін тек үкіметтен ақша алса болды

  • @СветаУразбаева-з9э
    @СветаУразбаева-з9э 2 месяца назад

    Балага кауыпты болса,бармау керек.Бюджеттин акшасын онсызда тугiмен жутып жатыр булар.Бул сылтау,максаттары коркынышты екен😮

  • @спартак-д5п
    @спартак-д5п 2 месяца назад

    Бул не Байконырда садиктерде бул жагдай 1 жылдан бери

  • @Кайрат-ю1о
    @Кайрат-ю1о 2 месяца назад +1

    Инвалит болса. Катыстырма ерекше баланды ол талап.

  • @mieramkarzhau3707
    @mieramkarzhau3707 2 месяца назад +1

    Садиктерге орнатыңдар былық сонда