Құмар ойыннан құтқаратын заң қабылданды | Jibek Joly news

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 13 окт 2024
  • Елімізде лудоманияның тамырына балта шабылатын болды деп қуанып жатырмыз. Мемлекет басшысы ойын бизнесі мен лотерея қызметіне қатысты Заңға қол қойды. Бұл норма қоғамда және Парламентте өте ұзақ талқыланды. Себебі, құмар ойынның салдарынан елімізде жыл сайын әр үшінші отбасының шаңырағы шайқалады. Кесел түбінде жеңем деп желіккендердің түбіне жетіп жатыр. Алайда, ойын бизнесінің өкілдері де өз мүдделерін қорғады. Сонымен, дәуір дертіне айналған проблема енді Заңмен қалай реттеледі?
    Ойынға құмарту - оңай, емделу - қиын. Кеселдің кесірінен көп отандасымыз ойланбай опық жеп, болашағына балта шапты. Шырғалаңнан шығар жол таппай, шаңырағын шайқады. Дертке шалдыққандардың 40 пайызы өз-өзіне қол жұмсайды екен. Ойнап көрем деп от басқан жандардың бірі - 21 жастағы өзін Талғат деп таныстырған кейіпкеріміз. Басында букмекерлік компанияларда аз-маз бәс тігіп, кейін құмарлықтың құрығына ілініп, шырғалаңға шырмалған. Өйткені, 16 жасында бірден олжалы болған. Алда-жалда қанжығасы майланғанда, ары қарай құныға түскен.
    «Jibek Joly» телеарнасы ұсынады! Теледидардан 7-ші кнопканы қосуды ұмытпа!
    Бізді RUclips, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!
    Jibek Joly TV: Смотрите нас на ТВ, в RUclips и социальных сетях. Оставляйте комментарии под этим видео!
    Watch us on satellite TV, RUclips and social networks. Leave your comments under this video!
    #JIBEKJOLYNEWS #ҚазақстанЖаңалықтары #НовостиКазахстана

Комментарии • 1